АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 22 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Жауап алу кезінде тергеуші «ауызша суреттеу» әдістемесін қылмыскердің сыртқы бейне белгілерін түпкілікті әрі нақты сипаттауы үшін қолданады, оның мақсаты жауап алынушы адамның ойында қалған бейнені детальды түрде жеке-жеке ойына түсіру. Жауап алу барысында жетектеуші сұрақтар қоюға болмайды. Адамның қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықты ескеру қажет. Мұндай жағдайда «ауызша суреттеу» - терминологиясын пайдаланған тиімді. Бірақ кейбір жағдайларда жауап алынатын адам терминологиялық сөздерді түсінбеуі мүмкін, бұл кезде суреттеу барысында арнайы терминдерді қолданудың қажеті жоқ. Себебі бейнелеп отырған тұлға қате сипаттама беруі мүмкін. «Ауызша суреттеу» әдістемесі, сондай-ақ куәландыру процесінде – дене жарақатын сипаттау кезінде де қолданылады.

«Ауызша суреттеу» әдістемесі фотопортретті идентификациялық сипаттама жасау барысында да кеңінен қолданылады.

 

§5. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау

Адамды сырқы бейне белгілері бойынша идентификациялау үшін анатомиялық және функционалдық белгілерді қолданудың мүмкіндігі белгілердің тұрақтылығына байланысты. Анатомиялық белгілердің тұрақтылығы адам дене сүйегі-шеміршегінің өзгермейтіндігімен анықталады. Жасының өсуіне және ауруға ұшырауына байланысты анатомиялық белгілердің өзгеруі, тәжірибеде айтарлықтай мәні болмайды. Себебі, біріншіден, жас мөлшеріне байланысты өзгерістер баяу жүреді және де идентификациялық кезеңде сапалы өзгерістер болмайды; екіншіден, ауру (травмалық) салдарынан адамның кейбір бөлшегінің белгілері ғана өзгеріске ұшырайды, сондықтан, адамның сыртқы бейне белгілер жиынтығы жалпы өзгеріссіз қалады. Пластикалық операциялар жасап қасақана анатомиялық белгілерді өзгерту анықтаусыз қалмайды, оны куәландыру арқылы анықтауға болады.

Функционалдық белгілер тез өзгеріске ұшырайтындығына байланысты анатомиялық белгілерге қарағанда тәжірибеде сапасы төменірек. Мысалы: адам өзі қажет деп тапса өзіне-өзі бақылау жүргізуіне байланысты жүрісін өзгертуіне және белгілі бір уақытқа дейін қолын сермеп сөйлеуіне тән барлық функционалдық белгілерін түпкілікті өзгертуі мүмкін емес. Сондықтан да әрбір адамның функционалдық белгілер жиынтығы барынша тұрақты әрі қайталанбайтын болып табылады.

Функционалдық белгілердің тұрақтылығы, белгілі бір қозғалыстың (жүрген кездегі, сөйлеу кезіндегі және т.б.) адам миында жүйелі түрде, яғни динамикалық стереотиптің (шартты рефлекс жүйесінің тұрақты) қалыптасуына байланысты.

Қозғалыс жүйесі неғұрлым күрделірек болса, ол адамда ұзақ уақыт қабылданып, белгілі бір стереотип қалыптасады.

Қалыптасқан стереотип тұрақты болады және ол адамның еркіне байланысты оңайлықпен өзгере бермейді. Осы психофизиологиялық позицияға сүйене отырып адамның сырт бейнесіндегі белгілерінің тұрақтылығын бағалауға болады.

Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау кезінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолданудың бірнеше түрі бар:

1.Тануға көрсету арқылы адамды идентификациялау. Идентификацияның бұл түрі тергеу мен сот тәжірибесінде өте жиі кездеседі. Тануға тірі адам, мәйіт немесе олардың фотобейнелері көрсетілуі мүмкін. Идентификациялау танушының есінде сақталып қалған ой-бейнесі арқылы жүргізіледі.

2.Жауап алуға шақырылған куә, жәбірленуші, сезікті немесе айыпкердің жеке басын тексеру кезінде олардың бейнесін тікелей фотосурет немесе изосурет арқылы салыстыру жолымен адамды идентификациялау. Бұл жерде тексеріліп отырған адамның бейнесі оның жеке басын куәландыратын құжаттағы фотосуретпен теңдестіріле отырып иденификацияланады. Идентификацияның бұл түрі жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жиі қолданылады. Яғни, жедел-іздестіру қызметкерлері іздеуде жүрген адамның сыртқы бейнесін қолда бар (іздеуде жүрген адамның бейнесіне ұқсайтын) фотокарточкадағы немесе құрастырмалы фотосуреттегі бейнемен салыстыру арқылы адамды идентификациялайды.

3.Адамның сыртқы бейне белгілерін салыстырған кезде міндетті түрде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдана отырып, белгілерді бір-бірімен (детальды) жеке-жеке және өз жүйесімен салыстыру қажет. Мұнда сыртқы бейнелердің жалпы ұқсастығына ғана көңіл бөліп қоймай, сыртқы бейнелердің жеке белгілерінің сәйкес келуіне де аса назар аудару керек.

4.Іздестіру шараларын жүргізу кезінде адамды фотосуретпен идентификациялау көбінде «ауызша суреттеу» жолымен жүргізіледі. Яғни мұндай жағдайда іздестіріліп отырған адамға байланысты бұрын құрастырылған «ауызша суреті» тексеріліп отырған адамның құрастырмалы немесе фотосуретімен салыстырылады.

5.Егер іздестіру шараларын жүргізу барысында іздестіріп отырған адамның фотокарточкасын алуға мүмкіндік болмаған жағдайда, идентификация екі ауызша суреттеуді салыстыру жолымен жүргізілуі мүмкін. Салыстыру арқылы алынған нәтиженің ақиқаттылығы екі ауызша суреттеуде сыртқы бейне белгілерін толық әрі нақтылы сипатталып суреттелінуіне байланысты.

6.Жедел-іздестіру тәжірибелерінде кейбір жағдайларда адамдардың бас-сүйегін қалпына келтіру қажеттілігі туындайды («портретті мүсіндік қалпына келтіру» - деп аталады). Бұл әдісті профессор М.И. Герасимов (өңдеген) ойлап тапқан.

7.Портретті идентификация. Фотосурет арқылы адамның бет-әлпеті бойынша идентификациялауға болады. Мысалы, жеке басы анықталмаған мәйітті идентификациялау үшін оның тірі кезіндегі түсірілген фотосуреттері мен мәйітті тануға түсірілген фотосуреттері қолданылады. Осы суреттер бірдей жағдайда орындалуы тиіс. Мұндай әдіспен жасалған мүсіндік портрет хабар-ошарсыз кеткен адамның тірі кезінде түскен фотосуретіндегі сыртқы бейне белгілерімен немесе «ауызша суреттелген» бейне белгілерімен салыстырылады. Бірақ, құрастырылған мүсіндік портрет сараптама объектісі бола алмайды. Себебі, оны құрастыру барысында адамның бас-сүйегі негізінде адам бетіндегі топографты-анатомиялық (антропометриялық) деп аталатын нүктелерді нақты қалпына келтіру мүмкін емес.

ТАРАУ

КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТІРКЕУ

§ 1. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері

 

Қылмыстылықпен күрес жүргізу мақсатында бұдан бұрын да біздің дәуірімізге дейінгі ұзақ жылдар бойы тіркеу әдістері қолданылған. Ол үшін әдетте мынандай екі түрлі әдіс қолданылды: таңбалау және мертіктіру – ол тану мен жазалау функцияларын қатарынан бір уақытта жүзеге асыру (б.д.д. II-ші ғасырдағы ежелгі үнді «Ману заңы» және ежелгі Вавилонның Хаммурапи заңы) әдісі. Қылмыскердің жасаған қылмысы бойынша жазалау, олардың денесіндегі мертіккен жерлерін ғана сипаттап қоймай, сонымен қатар қанша қылмыс жасағандығын да айқын әшкерлеп көрсететіндей етіп таңбаланды. Таңбалау кезінде шартты белгілерді, әріптерді немесе толық бір сөзді адамның бетіне, болмаса денесінің басқа да бір мүше бөлшегіне күйдіре отырып басып түсірді. Таңбалау қылмыскерлерді ұстауға біршама көмегін тигізді, бірақ оның қайда, қашан және не үшін жазаланғандығын, сондай-ақ таңбасы арқылы оның жеке басын анықтауға мүмкіндіктер болмады. Англия мен Францияда «Идентификациялық салтанаттар» - деген атпен қамаудағы қылмыскерлердің ішінен полициялар бұрын көрген қылмыскерлерді тануға байланысты қараулар жүргізді.

Криминалистикалық тіркеудің ғылыми негізін ең алғашқы рет XIX ғ. аяғында 1882 ж. А. Бертильон қылмыскерлерді тіркеудің антропометриялық, ал В. Гершель, Г. Фулдс, Ф. Гальтон 1887-1891жж. дактилоскопиялық тіркеу әдісін енгізу арқылы қалыптастырған. Қазіргі уақытта да криминалистік оқулықтарда кездесетін тіркеудің алғашқы жүйесі «қылмыстық тіркеу» - деп кездейсоқ аталмаған. Бүгінгі таңда криминалистикалық тіркеу жүйесі шеңберінде тіркеудің сан-алуан түрлері қолданылады. Мысалы: алфавиттік, дактилоскопиялық және т.б. тіркеу түрлері.

Криминалистикалық тіркеу түрінен оның формасын ажырату қажет, яғни тіркелетін ақпараттарды жинау тәсілдері. Криминалистикалық ақпараттарды бекіту әдістері де әртүрлі: сипаттайтын, бейнелейтін, графикалық, коллекциялық болып келеді. Тәжірибеде тіркеу әдісінің мынандай аралас түрлері де жиі қолданылады: ұсыныстар-альбомдармен, карточкалармен; ал ақпаратты бекітудің суреттеу тәсілі-фототүсірілім, дактилоскопиялық карта және т.б. жасау арқылы үйлестіріледі.

Криминалистикалық тіркеуді оқып білудің негізі – бізді қоршаған әлемді, материалдық танымды, диалектикалық заңдар мен таным теориясын танып білуге неізделеді. Криминалистикалық тіркеудің дамуы – криминалистикалық идентификация теориясымен, іздердің пайда болу механизімі жөніндегі ілімдермен, және қылмысты жасау тәсілдерімен, дәлелдемелі ақпараттарды бекітумен табиғи байланыста болып табылады.

Криминалистикалық тіркеулер қылмыстық процесуалдық заңдарда тікелей қарастырылмаған. Бірақ та криминалистикалық тіркеуді жүргізу тәртіптері Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінің талаптары негізінде анықталады. Олар Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінің баптарында бекіту тәртібіне қатысты заттай дәлелдемелерді сақтау және алу; салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алу; маманды қатыстыру; сот сараптамасын тағайындау және жүргізу көрсетілген. Сонымен қатар, полиция мен жедел-іздестіру қызметі туралы нормативтік актілері де криминалистикалық тіркеудің құқықтық негізі болып табылады.

Тіркеудің материалдарын жинау процедуралары Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Бөлімінің заң актілерімен, Бас прокуратураның жеке бұйрықтары және инструкцияларымен белгіленеді.

Жеке тұлғаларды тіркеудің негізіне төмендегілер жатады:

· қамауға алу сияқты шараларды қолдану туралы, сондай-ақ айыпкер ретінде қылмыстық іске тартуға байланысты прокурордың, тергеушінің немесе анықтама жүргізушінің шығарған қаулылары;

· соттың үкімі немесе шешімі;

· тұлғаларды іздестіруді жариялауға байланысты шығарылған қаулылар;

· сезіктіні ұстау хаттамасы.

Тергеу әрекетінің хаттамалары қылмыстық оқиғамен байланысты басқа да объектілерді тіркеудің заңды негізінің біріне жатады.

 

§ 2.Криминалистикалық тіркеудің түрлері

 

Алынып отырған объектілердің ерекшелігі мен оларды тіркеу кезінде сипаттайтын белгілеріне байланысты – тіркеу: «жедел-анықтамалық, жедел-іздестірудегі» - деп бөлінеді. Осы түрлердің барлығын криминалистикалық деп атауға болады.

Жедел-анықтамалық тіркеу негізіне – адамдардың, заттар мен бұйымдардың белгілерін көру арқылы қабылдап бекітуді жатқызамыз. Мысалы, бейне және дыбыс жазба аппаратуралары, шығарылған уақыты, орны, қай заводта дайындалғандығы көрсетілген нөмірі мен белгісі бар сағаттар және сол сияқты басқа да бұйымдар. Мұндай тіркеу объектілерінің белгілеріне тергеушілер мен жедел орган қызметкерлері сипаттама береді (объектілердің ақпараттық белгілерін арнайы зерттеу немесе сараптама жүргізу жолымен анықталған кездегі криминалистикалық тіркеуді қоспағанда).

Жедел-іздестірудегі кейбір тіркеу объектілері әртүрлі категориядағы заттар мен тұлғаларды іздестіру мәселесін арнайы қамтамасыз ету мақсатындағы криминалистикалық тіркеуге де қатысты болып табылуы мүмкін. Осы объектілер қылмысты тергеу мен ашуға ерекше қызмет көрсетеді. Бұл жерде тергеуден және соттан бой тасалап жүрген тұлғалар мен хабар-ошарсыз кеткен адамдар, танылмаған мәйіттер; нөмірленген заттар және т.б. осы сияқты объектілер жөнінде сөз болып отыр. Жоғарыда көрсетілген әртүрлі белгілеріне байланысты бұл объектілердің бір бөлігін криминалистикалық, ал бір бөлігін жедел-анықтамалық тіркеуге жатқызамыз.

Анықтамалық-көмекші тіркеуге: қылмыстық оқиға мен тергеуге себепті байланысы жоқ объектілер жатады; ал тіркемелік белгілері көріп қабылдау арқылы, болмаса арнайы зерттеулер жүргізу көмегімен анықталады. Бұл тіркеудің түрі сараптамалық мекемелерде жүргізіледі.

Орталықтандыру деңгейіне байланысты тіркеу жергілікті, аймақтық және орталық (центральный) болып бөлінеді.

Жергілікті тіркеуді – Ішкі істер министрлігінің аудандық бөлімдерінің криминалистикалық бөлімдері жүргізеді.

Аймақтық тіркеуді – қалалық және облыстық ішкі істер бөлімдерінің криминалистикалық бөлімдері және құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитеті жүзеге асырады.

Орталық тіркеуді – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитеті жүзеге асырады. Бұлардың көпшілігі жергілікті орталықтандырылған болып табылады және де көрсетілген барлық деңгейді қамтамасыз етеді.

 

§ 3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары

 

Криминалистикалық тіркеуге келесідей объектілер алынады: белгісіз қылмыскерлер – жазадан бас тартып тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрген; қамауға алынған айыпкерлер; қайыр тілеу мен босқындап жүруіне байланысты ұсталған тұлғалар; қылмыс жасаған, бірақ қоғамдық ықпал немесе жағдайдың өзгеруі бойынша шаралар қолдануға байланысты қылмыстық жазадан босатылған тұлғалар; сотталған адамдар; хабар-ошарсыз кеткен тұлғалар; өзі жөнінде мәліметтер беруге жағдайы жоқ, балалар және қарттар үйіндегі, емдеу мекемелеріндегі науқас адамдар; танылмаған мәйіттер, қылмыс салдарынан және аяқ асты қайтыс болған тұлғалар; ұрланған, жоғалған, алынған және өз еркімен өткізілген атыс қарулары; ашылмаған қылмыстық істер бойынша оқиға болған жерден табылған қару-жарақтар, патрондар, оқтар, бытыралар, гильзалар; ұрланған және іздестірілмеген, сондай-ақ ұсталған тұлғалардан алынған заттар; қылмыспен байланысты нөмірленген заттар (фотоаппараттар, бейнекамералар, сағаттар, ұялы телефондар және т.б.); анықталмаған автомотокөлік құралдары; жалған ақшалар; баспаханалық әдіспен, компьютерлік және басқа да көбейткіш құралдарымен жасалған жалған құжаттар (диплом және т.б.); есірткі немесе күшті әсер ететін емдеу дәрілерін алу үшін жасалған жалған рецептер; жасырынудағы қылмыскерлерге тиесілі күші жойылған, ұрланған құжаттар; оқиға болған жерден алынған иіс іздері; ұрланған және іздестірудегі, болмаса қылмыскерлерден алынған, сондай-ақ қаңғып жүрген малдар (пригульный скот); ашылмаған қылмыстар бойынша оқиға болған жерден табылған қол іздері; осындай істер бойынша табылған бұзу құралдары мен қарулардың іздері; теміржол көліктеріндегі жүктер мен заттарды ұрлау фактілері; ашылмай қалған қылмыстарды жасау әдістері және басқалары.

Криминалистикалық тіркеу жүргізу кезіндегі бекітудің негізгі әдістеріне – ауызша суреттеу, фотосуретке түсіру және дактилокөшірілімдерді жасау жатады. Соңғысы тіркелетін тұлғалардың қол саусақтарының бедер іздерін алу арқылы жүзеге асырылады. Тіркеу ақпараттарын сақтау үшін қолданылатын әдісіне байланысты - картотекалар, фотоальбомдар, іздердің коллекциялары пайдаланылады.

Қазіргі кезде тәжірибеде қылмыстық тіркеуге электронды-анықтауыш техникалары да қолданылады. Оны пайдалану кезінде тіркемелік мәліметтер белгілі бір кодпен жазылады және олар компьютерге енгізіледі.

Тіркеу бойынша тексеру кезінде негізінен мынандай мән-жайлар анықталады. Криминалистикалық тіркеудің міндеттеріне келесілер жатады:

а) көрсетіліп отырған тұлға тіркеуде тұрған жоқ па, егер тұрса, оның жеке басын (тұрғылықты мекен-жайы, бұрын сотталғандығын, қылмыс жасау түрі мен әдісін, жазасын өтеу мерзімі мен орнын, ісі қысқартылғандығын, іздестіруде жүргендігін, қайыр тілеу мен босқындап жүргендігі үшін ұсталғандығын, сыртқы белгілерін, шұғылданған кәсібін, басқа да бейімділігін, мысалы: есірткіге немесе ішімдікке) сипаттайтын мәліметтер;

ә) қандай да бір тәсілмен жасалған, ашылмаған қылмыс ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; сезікті туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;

б) атыс қаруы кімнің атынан тіркелген; ол ұрланған емес пе; қылмысты жасау кезінде пайдаланылған жоқ па;

в) бұл қарудан атылған оқ және табылған гильза немесе патрондар тіркеуде тұрған жоқ па; олар қашан, қайдан және кімнен алынды;

г) осы адаммен қалдырылған және ұсынылып отырған қол саусақтарының іздері тіркеуде тұрған жоқ па; бұл адам туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;

д) танылмаған мәйіт тіркеуде тұрған жоқ па, хабар-ошарсыз кеткен тұлғамен кімнің және қандай адамның сыртқы бейнесі ұқсас;

е) осындай әдіспен жасалған және ұсынылып отырған жалған ақша белгілері тіркеуде тұрған жоқ па; оларды жасаушылар туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;

ж) автомотокөлік құралының нақты иесі кім; ол қандай да бір жол-көлік оқиғасына қатысы жоқ қожайынсыз, иесіз емес пе;

з) көлік құралының техникалық құжаты ұрланды деп тіркеуде тұрған жоқ па, егер тұрса ол кімнің атынан тіркеуде тұр, ұрлыққа қатысты қандай мән-жайлар бар;

и) қандай да бір жүргізуші жол-көлік оқиғасына қатысты емес пе, әкімшілік жауаптылыққа тартылған жоқ па;

к) белгілі бір куәлік ұрланған куәлік ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; бұл куәліктің иесі іздестірілген жоқ па;

л) мұндай баспаханалық құжат немесе осы әдіс бойынша есірткі заттарын алу үшін жасалған рецепт тіркеуде тұрған жоқ па; осындай құжаттарды жасайтын нақты тұлғалар туралы мәліметтер бар ма;

м) белгілі бір нөмірленген зат немесе оның бөлшегі (бейнекамера, фотоаппарат, ұялы телефон, автокөлік двигателі және т.б.) тіркеуде тұрған жоқ па; оның иесі жайлы қандайда бір мәліметтер бар ма;

н) қандайда бір сыртқы белгілері бойынша жеке басы анықталмаған адам науқас ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; қандайда бір белгілері бойынша жеке басы анықталмаған науқас тұлға хабар –ошарсыз кеткендер қатарында тіркеуде тұрған жоқ па; бұл жеке басы анықталмаған тұлға кім (оның қол саусақтарының іздері дактилоскопиялық картотекаларда бар ма);

о) теміржол транспортымен тасымалданған жүктер ұрланған заттар қатарында тіркеуде тұрған жоқ па, егер тұрса, олардың: ұрланған уақыты, табылған жері, ұрлау тәсілі, оның (буып-түйілуін қосқанда) нақты сипаттамасы, қылмыстық істің нөмірі, істі қозғаған орган, заттардың қайдан табылғандығы және кімнен алынғандығы туралы мәліметтер бар ма.

Тексеруге байланысты жіберілетін сұраулар тиісті ақпараттық –іздестіру картасының тіркеу бланкілеріне тексерілетін объект жөніндегі мәліметтері толық көрсетіле отырып жазылады.

Кейбір жағдайларда заттарды тексеру үшін міндетті түрде тексерілетін объектінің өзін жібереді. Мысыалы: ақшалай белгілерді, қару, патрон, оқ, гильзалар, саусақ іздері және т.б.

Сұрауларды құрастыру қала аудандық ішкі істер органдардағы тіркеуді жүргізетін, сонадай-ақ қылмыстық–іздестіру бөлімшелерінде жұмыс істейтін тиісті полиция қызметкерлеріне тапсырылады. Орталықтандырылған тіркеу орталығы дұрыс нәтиже бере алмаса, сұраулар жергілікті тіркеу бойынша тексеруге жіберіледі.

 

§4. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу

 

Ұсталған, айыпталған және сотталған тұлғалар алфавиттік (фамилиясы бойынша) және дактилоскопиялық тіркеуге алынады. Ал қылмыс жасаған жерден қашып кеткен белгісіз қылмыскерлер – қылмысты жасау тәсілдеріне байланысты арнайы тіркеуге алынады.

Белгісіз қылмыскерлер және ауыр және аса ауыр қылмыстар категориясы бойынша сотталғандар сыртқы бейне белгілері бойынша тіркеуге алынады.

Алфавиттік тіркеу. Тіркеудің бұл түрі алфавиттік карточка көмегімен жүзеге асырылады. Компьютерге енгізілген мұндай карточкаларда келесідей тіркеме жасалған мәліметтер бекітіледі: фамилиясы, аты –жөні, туған жылы мен жері, ұлты, тұрақты тұрғылықты мекен –жайы, соттылығының болуы; үкім шығарған сот; Қылмыстық кодекске байланысты бабы, сотталу уақыты, жазаның түрі; бұрынғы қылмыстық әрекеті (қашан, қандай органмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қандай бабы бойынша жауапершілікке тартылған), рақымшылық немесе кешірім жасауға байланысты үкімнің өзгеруі, жазаланған мерзімі мен орыны, сотталушының қайтыс болған күні, айы, жылы; іздестіруде жүрген тұлғаны жазадан босату негізі, қайыр тілеу менбосқындап жүруіне байланысты ұсталған тұлғалар; тіркеуге алудың заңдық негізі жөніндегі мәліметтер. Карточкада тіркелетін тұлғаның дактилоскопиялық формуласы көрсетіледі, оң қол сұқ саусағының таңбасы басылып алынады, олар алфавиттік және дактилоскопиялық карточканың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мүмкіндік болса тануға көрсету үшін карточкаға тіркелетін (тізімге алынатын) тұлғаның фотосуреті қоса тіркеледі.

Карточкалар – тіркелетін тұлғалардың фамилиясы ескеріле отырып алфавиттік рет бойынша картотекаларға енгізіледі.

Нақты карточка арқылы тұлғаның жеке басын: оның қандайда бір сезік тудыратындай немесе ол жөнінде мәлімет беретіндей, сондай-ақ айыпталушының, сотталушының бұрын соттылығының болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді анықтау мақсатында тексерулер жүргізіледі.

Тексерілетін тұлғалар туралы алфавиттік карточкаларда бекітілген мәліметтердің дұрыстығына күмән келтіретін жағдайларда, карточка бойынша тексеру дактилоскопиялық тіркеу арқылы тексерулер жүргізумен толықтырылады.

Дактилоскопиялық тіркеу – қамауға алынған, бас бостандығынан айыру немесе жер аудару жазасына жазаланған, сонымен қатар қайыр тілеп жүргендігі және босқындығы үшін ұсталған тұлғаларды тіркеуге алудың бір түрі болып табылады. Ол дактилоскопиялық карталар арқылы жүзеге асырылады. Арнайы бояулар көмегімен тіркелетін тұлға қолының әрбір саусағының папиллярлы өрнектері боялып, бланкінің тиісті клеткаларына оның таңбалары түсіріледі. Дактилоскопиялау кезінде келесідей әрекеттерді орындау ұсынылады: егер дактилоскопия жасалатын тұлғаның қолы кір болса, оның қолын сабындап жууын талап ету керек; шыны немесе тегіс металл пластинкасына арнайы бояуды салып оны резеңке білікпен тегістеп жағу қажет; оның үстінен саусақты бір жақтан екінші жаққа қарай айналдыра отырып бедерін бояуға бояп, оны картотеканың тиісті жерінде көшірмесі қалатындай етіп түсіру керек. Барлық саусақтардың (бас бармақтан бастап) іздерін тексеру үшін екі қолдың да саусақ бедерінің іздерін бір уақытта жай ғана басып алу арқылы алынуы тиіс; алынған барлық саусақ таңбалары толық және анық болуы керек.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)