|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 24 страницаТергеп жатқан қылмысты ашуға керекті, былайша айтқанда, криминалистикалық, дәлелдемелі ақпараттарды алуға бағытталған және осы үшін қолданылатын әдіс-айлаларды танымдық тактикалық әдістер дейміз. Тергеу әрекетін жүргізу барысын дұрыс басқарып отыруға, оның нәтижелілігін арттыру үшін тиімді әдістерді қолдануға бағытталған тәсілдерді басқарушы тактикалық әдістер дейді. Мысалы, беттестіріп жауап алғанда, беттестіріп отырған адамдар айтысып, сөз жарыстырып, тергеу әрекетін жанжалға айналдырып жібермеу үшін, беттестіріп отырған адамдарды белгілі бір кезекпен сөйлетіп, жауап алу тактикасы қолданылады. Атап айтқанда, бірінші кезекте іске керекті фактіні қолдап, дәлелдеп отырған адамнан жауап алынса, екінші кезекте осы айтып отырған фактының, оқиғаның болуын, керісінше, жоққа шығарып, айтылғанды қолдамай отырған адамнан жауап алынады. Кейбір тактикалық әдістер тергеудің ұтымды түрде жүргізіліп, тергеудің нәтижелі болуына мейлінше қолайлы жағдай туғызуға бағытталады. Тергеудің бастапқы, кей жағдайда соңғы кезеңдерінде туындаған ситуациялық жағдайларға байланысты тергеу және жедел-іздестіру әрекеттерін белгілі бір ретті кезекпен жүргізу тактикалық жағынан алып қарағанда тиімді. Сондықтан тергеу жоспары жасалғанда тергеудің ұтымдылығын қамтамасыз ететін осындай тактикалық әдістер негізге алынады. Қылмыстық істерді тергегенде тергеу әрекеттерімен қатар жедел-іздестіру шаралары және басқа да дайындық, ұйымдастыру жүмыстары жүргізіледі. Тергеудің нәтижелі табысқа жетуі, қылмыстың дер кезінде ашылуы, іске керекті дәлелдемелерді толық жинап алу тергеу барысында жүргізілетін тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру жұмыстарын кешіктірмей белгілі бір дұрыс кезекпен жүргізуге тікелей байланысты. Мұнымен қатар тергеу әрекеттерін жүргізгенде, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде алынған мәліметтерді орынды және белгілі бір әдіспен пайдалану да тергеудің нәтижелілігін арттырады. Осыған байланысты айтылған жұмыстардың бәрін бірі мен бірі жалғасып жатқан бір бүтін процесс деп есептеп, осы жұмыстардың жиынтығын тұжырымдап, оны бір ұғыммен тактикалық комбинация (операция) деп атаймыз. Кейбір оқулықтарда бұл ұғымды тактикалық комбинация деп атайды да, ал басқа біреулерінде оны тактикалық операция дейді. Бірінші айтылған оқулықтың авторлары тактикалық комбинация деген ұғымды жабайы және күрделі деген екі топқа бөледі. Жабайы тактикалық комбинация деп бір тергеу әрекетінің шеңберінде бірнеше тактикалық әдістердің қолданылуын айтады да, ал күрделі тактикалық комбинация деп тергеу үстінде белгілі бір кезекпен жүргізілетін барлық жұмыстардың кешенін атайды. Ал кейінгі айтылғанды кейбір авторлар тактикалық не криминалистикалық операция дейді. Былайша қарағанда, осы екі ұғымда да қолданылатын сөздер бірі мен бірі тепе-тең де емес, біріне-бірі қайшы да келмейді. Комбинация дегеніміз қиыстыру, қисындастыру, былайша айтқанда, қиыстырудың айласы. Операция дегеніміз ол бір күрделі әрекет. Біздің айтқан тергеу үстінде жүргізілетін жұмыстарға келетін болсақ, оларды белгілі бір айламен қиыстырып жүргізу керек. Сондықтан бұл жұмыстардың бәрін тұжырымдап, оған толық сипат беретін болсақ, оны тактикалық комбинациялық операция деп атағанымыз дұрыс болар еді. Сонымен тактикалық комбинациялық операция дегеніміз ол тергеу үстінде тергеу ситуациясына байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау үшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығы және оларды белгілі бір кезекпен, тактикалық айламен қисындастырып жүргізу әдісі. Тактикалық комбинациялық операцияның түсінігін анықтап, айқындайтын болсақ, ол негізінен екі түрлі жұмыстардың жүргізілуімен сипатталады – тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары. Сондықтан тергеу үстінде жүргізілетін мұндай операцияның табысты және нәтижелі өткізілуі осы операцияны жүзеге асырушы мен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың іскерлігіне тікелей байланысты. (Примечание 2) [2] Қылмысты істер жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін өткізу арқылы әр қозғалған іс бойынша қылмыстың мән-жайын аныктап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірақ тергеуші тек заңда көрсетілген әрекеттерді жүргізу арқылы, өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеушінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың қызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдардың қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда көрсетіліп, бекітілген. Тек жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде анықталған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкіншіліктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақтарды толық жинап алуға болады. Қандай қылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет – ол қылмысты алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану. Осындай ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы ұйымдық тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады. Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасының түсінігі – қылмысты істі тергегенде бір-біріне әкімшілік тұрғыдан тәуелсіз тер г еу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмысты алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жұмыстары. Бірақ мақсаттары мен міндеттері бірдей, ортақ болғанмен аталған органдардың қызметтерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Бұдан бұрынғы жедел-іздестіру жұмыстары жөнінде заңда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтылған болатын. Қазір арнайы жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі заң қабылданғандықтан бұл органның өкілеттігі заң жүзінде толық бекітіліп көрсетілген. Осы заңға байланысты жедел-іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері бар. Оның ішінде негізгісі – қылмыстың белгілерін, іздерін тауып, оған қатысқан қылмыскерлерді анықтап, оларды дер кезінде ұстау. Бұл өзінің алдына заң жүзінде қойылған міндеттерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкілеттігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, қандай жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы шешетіндігіне араласып кіріспейді. Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым-қатынас калыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрып тергейді. Қарым-қатынас қылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметтер тергеушінің қылмысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ құрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс-әрекеттерді нақтылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдайда тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда да көрсетілген іс-әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Анықтама жүргізуші органдар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметтерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы керек. Бір-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады. Мұны осы екі орган да өз-өзімен жеке жұмыс жасайды деген мағынада түсінбеу керек. Бір тергеу әрекетін бірігіп өткізетін де жағдай болады. Айталық, оқиға болған жерді қарау үстінде тергеуші оқиға болған жерді қарап жатқанда, анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері қылмыскердің кім екенін анықтап, оны ұстауға, осы болған қылмысты көрген адамдарды табуға және басқа да қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәліметтерді біліп, анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел топқа кіретін жедел-іздестіру органының қызметкерлеріне тергеуші кейбір жеңіл тергеу әрекетін өзі жеке өткізуді де жүктеуі мүмкін. Сонымен, тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының тергеу үстіндегі тұрақты қарым-қатынасы жедел топты, сондай-ақ, жалпы тергеу жоспарын құрумен және кейбір тергеу әрекеттерін бірігіп өткізумен сипатталады. Тергеу үстінде осындай тұрақты қатынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, бір жолғы қарым-қатынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән-жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Айталық, қылмысқа сезікті адамның тұрмыс жағдайын, кіммен қарым-қатынаста екендігін, кімнің үйіне және қай жерлерге жиі баратындығын, тағы да басқа мәліметтерді жинап беру жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне тапсырылады. Осымен қатар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел-іздестіруші органның қызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді. Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі бұл тергеу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады. П-ТАРАУ. ҚАРАУ ТАКТИКАСЫ
§1. Тергеу қарауы, түсінігі, мәні, түрлері
Тергеу қарауы – қылмысты тергеуге және ашуға маңызы бар немесе маңызды болуы мүмкін заттарды, құжаттарды және өзге де іздерді табу, бекіту, алу және қылмыстық істің мән-жайларын зерттеу мақсатында тергеушінің кез-келген объектілерді тікелей қабылдауы мен зерттеуінен тұратын тергеу әрекеті. Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша қарау – қылмыс ізін, өзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды анқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру әрекеті. Криминалистикалық әдебиетте тергеу қарауының келесідей мақсаттары көрсетілген: - тергеушінің жеке объектіні, объектілердің жиынтығы немесе кешенін тікелей зерттеуі; - оқиға, қылмыстың механизмі, жері, қылмыскердің және жәбірленушінің жеке басы және де қылмыстық іс бойынша анықтауға жататын өзге де мән-жайлар туралы типтік, жалпы және жеке болжауларды ұсыну үшін бастапқы ақпаратты алу; - қылмыстың суымаған ізі бойынша қылмыскерді іздестіруді және қажетті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру үшін мәліметтерді алу; - тергеу барысында кейінгі әрекеттерді (кезектегі шараларды) жоспарлау үшін мәліметтерді алу; - тергелетін қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайларды анықтау; Тергеу қарауының түрлерін әртүрлі негізер бойынша жіктеуге болады: қарау объектісі бойынша, жүргізу кезектілігі бойынша, көлемі бойынша. Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша тергеу қарауының келесі түрлері көрсетілген: - оқиға болған жерді; - заттай дәлелдемелер; - мәйіт; - сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесін. Криминалистикада тактикалық мағынасы жағынан қарау объектілеріне: - үй-жайдағы оқиға болған жер; - ашық жердегі оқиға болған жер; - мәйіт; - қылмыстың қаруы және құралы; - құжаттар, фото-, бейне-жазбалар, киноқұжаттар сонымен қатар, пошта-телеграфты хат-хабар; - жануарлар; - көлік құралдары; - компьютерлер; - сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесі. Кезектілігі бойынша тергеу қарауының екі түрін ажыратамыз: - алғашқы; - қайталама. Қайталама қарауын жүргізу жағдайлары әртүрлі болуы мүмкін: алғашқы қарауды сапасыз жүргізу (қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, түнгі уақыт және т.б.), қажетті техникалық құрал-жабдықтарды қолданбау, тергеу барысында қайталама қарауын жүргізу қажет екендігін көрсететін мәліметтердің алынуы, алғашқы қарауын толық, егжей-тегжейлі, дұрыс жүргізілгендігінде күмән туындаса, сонымен қатар, прокурор мен тергеу бөлімі бастығының тікелей нұсқауымен жүргізіледі. Көлемі бойынша тергеу қарауы негізгі және қосымша деп бөлінеді. Алғашқы қарау көп жағдайда негізгі қарау болып табылады. Сондықтан тергеуші қараудың жан-жақты, толық жүргізілуіне тырысып, қосымша қарау жүргізу қажеттілігін болдыртпауы қажет. Бірақ кей жағдайларда қосымша қарау жүргізу ситуациялары да кездеседі: негізгі қарау кезінде жекеленген участіктерге, объект элементтеріне қарау жүргізілмеген жағдайларда. Мысалы, бухгалтерлік құжаттарға қарау жүргізу кезінде журнал-ордерлер, ведомстер зерттелінді, бірақ №10 ведомстің болмауы себебінен қарау жүргізу мүмкін болмады. Кешірек бухгалтердің ұсынуымен №10 ведомстке қарау жүргізіліп, қосымша өарау хаттамасында бекітілді. Барлық объектілерге қарау жүргізуде жалпы процессуалдық және тактикалық талаптар қойылады. Тергеу қарауы екі куәгердің міндетті қатысуымен жүргізіледі, ал оқиға болған жерді қарау кезінде өзге жағдайлар да болуы мүмкін. Куәгер болып әрекет қабілеттілігі бар, іске мүдделі емес, заң талаптарын мүлтіксіз орындайтын азаматтардың болуы қажет. Олардың міндетіне тергеушінің барлық әрекеттерін, сонымен қатар, хаттаманың толтырылуын объективті бағалауы мен куәландыруы жатады. Куәгерлер мақсатты түрде тергеушінің, криминалист-маманның барлық әрекеттеріне бақылау жүргізуі керек. Тергеуші қарау әрекетіне жәбірленушіні, сезіктіні, куәні, айыпталушыны олардың келісімімен қатыстырта алады. Қарауға сонымен қатар, тергеуші мамандарды шақыра алады. Қаралатын объектінің түріне байланысты криминалсит-маман, дәрігер (медицина қызметкері), экономист, инженер, химик және т.б. Тергеу ситуациясына, қаралатын объектіге байланысты участковый, патруль, жол полиция қызметкерлері қарауға қатысады. Тергеу тәжірибесі қарауының бірнеше тактикалық нұсқауларын ұсынады: 1. қараудың кейінге қалдырылмай, дер кезінде жүргізілуі; 2. мақсатты түрде жүргізілуі, қараудың барысы мен нәтижесіне талдау жасау; 3. криминалистикалық техника талаптары мен ережелерінің сақталуы; 4. қараудың бір бастамамен жүргізілуі; 5. тергеу қарауының барлық нәтижелерін толық және объективті бекіту.
§2. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері
Қылмысты істерді тергегенде әр түрлі объектілерді қарауға тура келеді. Жеке заттарды, мәйітті және басқа да объектілерді қарау бірде дербес тергеу қарауының түрі болып саналады да, кей жағдайларда олар оқиға болған жерді қараумен қамтылады. Егер айтылған объектілер оқиға болған жерден тыс жерде қаралса, бұл қарау жеке тергеу әрекеті есебінде саналады. Мысалы, ауыр жарақат алып, халсіз жатқан жәбірленуші емханаға алып барғаннан кейін қайтыс болса, оның мәйітін қарау жеке тергеу әрекеті болып саналады да, оқиға болған жерді қараумен қамтылмайды. Мұндай жағдайлар, әрине сирек кездеседі, көбінесе жоғарыда айтылған объектілер оқиға болған жерде қаралады. Оқиға болған жерді қарау, тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмысты іс қозғалмай тұрғанда-ақ жүргізіледі. Көп қылмыстардың тергеуі оқиға болған жерді қараудан басталады. Бұл тергеу әрекетін кешіктірмей, дер кезінде жүргізген жағдайда қылмысты ашуға керекті, өте құнды дәлелдемелер жинап алуға болады. Қылмысты оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет-қимылдарынан тұратындықтан ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады. Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқ киімнің ізі, т. б.). Ал, жалпы кең мағынада қылмыс іздері деген ұғымға оқиға болған жерде қалған заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Осы өзгерістердің бәрін негізге ала отырып, окиға болған жерді қарау үстінде тергеуші оқиғаның қалай болғанын, айталық, оның механизмі жөнінде белгілі бір болжаулар жасай алады. Оқиға болған жерді қараудың маңызы, әрине мұнымен шектелмейді. Себебі, қарау үстінде тергеуші осы қылмысқа байланысты іздерді, айғақ заттарды, өте құнды деректерді тауып алып, оларды дәлелдеме есебінде пайдаланады. Оқиға болған жерді қараудың тергеу әрекеті есебіндегі маңызын дұрыс ұғу үшін алдымен оның түсінігіне тоқталайық. Біріншіден, оқиға болған жер дегенге не жатады, оның ұғымын талдайық. Оқиға болған жер деген түсінікке оқиға болған жер және осы қылмыстың іздері табылған жер жатады. Сондықтан бұл ұғымға тек қана қылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мұнымен қатар бұл ұғымға қылмыс жасауға дайындық жұмыстарын жүргізген жер, қылмыс жасауға қолданған қару және басқа да айғақ заттарды тапқан жер де жатады. Ол – жеке үй, пәтер, ашық алаң, су айдыны, вагон, тағы басқа да объектілер болуы мүмкін. Осыған байланысты бір қылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін. Айталық, адамды өлтіріп, оны басқа жерге апарып бөлшектеп, ол бөлшектерді әр жерге көмсе, кісіні өлтірген жер де, өлікті бөлшектеген жер де, ол бөлшектерді көмген жер де оқиға болған жер деп саналады. Сонымен бір жасалған қьілмыс бойынша бірнеше оқиға болған жерді қарауға тура келеді. Осыған байланысты айта кететін бір жай, оқиға болған жер деген түсінік пен қылмыстың болған жері деген түсінікті ажырата білу керек. Соңғы түсінікке осы тергеліп отырған қылмыстың нақтылы болған жері жатады. Ол – оқиға болған жер деген түсініктің құрамдас бір элементі. Айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, оқиға болған жер дегеніміз қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер. Енді тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау деген түсінігіне талдау жасайық. Криминалистикалық оқулықтарда бұл тергеу әрекетінің мағынасына әр түрлі түсінік, ұғым беріледі. Авторлардың берген түсініктеріне талдау жасасақ, бұларда негізінен тек редакциялық айырмашылықтары бар екендігі байқалады. Негізінен берілген түсініктерде бұл тергеу әрекетінің мағынасы, оның міндеттері және маңызы, сонымен қатар тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын әдістер сипатталады. Кейбір авторлар бұл тергеу әрекетін қылмысты кім және қандай мақсатпен жасағандығын анықтау міндеттері ретінде түсіндіреді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізгенде бұл мәселелерді анықтау керек екендігі, әрине түсінікті. Бірақ бұл тергеу әрекетіне мұндай күрделі мәселелерді шешуді міндеттеу орынсыз. Бұл мәселелер жалпы тергеудің алдында түрған міндет, олар бірнеше тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы шешіледі. Сондықтан бұл мәселелерді шешуді бір тергеу әрекетіне, яғни оқиға болған жерді қарауға жүктеуге, әрине болмайды. Кейбір авторлар оқиға болған жерді қарауға қатысты түсініктерінде оның міндетіне, атап айтқанда, жүргізілетін жұмыстар қатарына жедел-іздестіру жұмыстарын да жатқызады. Жедел-іздестіру жұмыстары процесуалды әрекеттер қатарына жатпайды, оны анықтаушы органдар жүргізеді. Мұндай жұмыстар тергеудің бастапқы кезеңінен тергеу біткенше жалғасады. Сондықтан мұны тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау ұғымына кіргізу орынсыз. Әрине, оқиға болған жерді қарау үстінде жедел-іздестіру жұмыстары да жүргізіледі, бірақ бұл іздестіру жұмыстары оқиға болған жерді қараумен шектелмейді, ол тергеу біткенше, кейін де жүргізіле береді. Айтылғандарды тұжырымдай келіп, бұл тергеу әрекетіне төмендегідей түсінік беруге болады: оқиға болған жерді қарау дегеніміз іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән-жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей жүргізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.) |