АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 10 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Ілмектің ашық бөлігі шынашаққа қарай бағытталса ульнарлы, ал бас бармаққа қарай бағытталса радиалды деп аталады. Аталған өрнектер, дактилоскопиялық формула жүргізу кезінде және із қалдырған қолдар мен саусақтарды ажыратып анықтау үшін пайдаланылады. Ілмек тәріздес өрнектер өте кең тараған, олар жалпы саны 65%-ға жуық өрнектерді құрайды. Ілмек тәріздес өрнекте бір дельта болады.

Шеңберлі өрнекте - өрнектің орталық оң және сол жақ бөлігінде дельта болады (кейде үш, ал кейде төрт дельта (өте сирек кездеседі). Дельталардың арасында: концентірлік шеңбер, сопақша, спираль, дөңгеленіп келген (егіз-қос сызықтар) ілмек түріндегі суреттер орналасады. Шеңбер тәріздес өрнектер, сондай-ақ жай және күрделі болып бөлінеді.

 

 

Папиллярлы өрнектердің жіктелуі

Доға тәріздес өрнектер (Сурет 12-1)

 

Ілмек тәріздес өрнектердің түрлері (Сурет 12-2)

 

Шеңберлі өрнектердің түрлері (Сурет 12-3)

 

Әртүрлі күрделі өрнектер (сурет 12-4)

 

Осы аталған өрнек түрлерінің негізгі үш типі мен әртүрлілігі қол саусақтары іздерінің жалпы белгілері мен бірыңғайлылығын ажыратуға мүмкіндік береді.

Сараптамаға іздерді жіберу үшін бұл түр белгілерін тергеушілер мен жедел-қызметкерлері ажырата білулері қажет.

Папиллярлы өрнек бойынша сараптамалық идентификация жүргізу кезінде өрнектердің жалпы белгілері (өрнек түрлері, сызық ағымдарының бағыты) бойынша ұқсас келуімен қатар жеке белгілерінің де сызықтардың басталуы мен аяқталуы, олардың қосылуы мен айырылуы, сызықтардың үзілуі; «байланыстыратын», «көпірше» нүкте сызықтарының және иілетін, үзілетін, жіңішке сызықтарының ұқсас келуі ескерілуі тиіс.

Осы немесе басқа да белгілердің болуына (болмауына) және олардың өзара орналасуына байланысты жекеленген жинақтар қалыптасады. Вариациялы – статистикалық анықтаулардың нақтылауы бойынша саусақ іздерінің кемінде 12 – жеке белгілері бір-біріне сәйкес келсе, ол ұқсастыққа жатады, яғни дәл өзі деп танылады. Ал тәжірибе жүзінде аса маңызды және өте сирек кездесетін ұқсас 7-8 ғана белгі бойынша да идентификация жүргізіле береді.

Табылған із қылмыскердің қалдырған ізі ме, жоқ па деген сұрақтарды анықтау үшін міндетті түрде басқа да тұлғалардың да (жәбірленушілердің, дүкен қызметкерлерінің және т.б.) қол таңбаларын зерттеу қажет.

Қол іздерін табу мақсатында оқиға болған жердегі қандай объектілерді қылмыскер ұстауы мүмкін деген заттардың беткі қабаты мұқият қаралады. Бұл заттар: есік және сейф тұтқалары, тұрмыстық заттар, электр сөндіргіштер, автокөлік рульдері және т.б. болып табылады. Сонымен қатар, папиллярлы сызықтары қатты заттардың (әйнек, кафель, жылтыратылған жиһаздардың) беткі қабатында жақсы бейнеленіп түсетіндігін ескеру керек. Қолдың папиллярлы іздерін беті тегіс емес және майлы беткі қабаттардан іздеудің қажеті жоқ. Оларды, сонымен қатар, адамның денесінен (жәбірленушінің немесе сезіктінің), киімінен табу мүмкін емес. Бірақ кейбір жағдайларда, егер киімнің беткі қабаты жоғары дәрежедегі тегістігімен сипатталатын материалдан (теріден немесе синтетикалық материалдан) тігілсе, папиллярлы өрнектерді анықтауға болады.

Қылмыскер қылмыс үстінде былғары қолғап (теріден, матадан жасалған) қолданған жағдайларда да табылған іздер идентификацияға пайдаланылады. Іздер кейбір жағдайларда адамдардың топтық белгілерін (қолғапқа сіңіп қалған терді зерттеу және т.б.) анықтау үшін де пайдалануы мүмкін.

Былғары қолғаптарда – оны кию процесінде пайда болған: бүктелу, бырысып қалу, қатпарлары, дефектілері және басқа да өрнек іздері бейнеленеді. Ал матадан жасалған қолғаптарда – матаның белгілері, дефектілері, матаның тоқылған түрі, тігу және т.б. іздері бейнеленеді. Мұнда идентификациялауға ерекше маңызды участік тігіс аумағы болып табылады.

Іздерді табудың әдістері мен тәсілдері олардың бейнелену жағдайларына байланысты анықталады. Дегенімен де қандай жағдай болмасын алғашқыда әдістер мен тәсілдерді сыртқы түрлері өзгеріске ұшырамаған іздерге қолданылады, содан соң барып олардың өзгеріске ұшырауына көңіл бөлінеді.

Заттарды қарау үшін резеңкелі қолғап пайдаланылады. Егер де мұндай қолғап болмай қалған жағдайларда идентификацияға жарамды іздерді бүлдіріп алмас үшін, мысалы: бөтелке болса оның түбі мен ауызғы бөлігінен ұстау арқылы іздерді қарау қажет.

Қол іздерін табу үшін ең алдымен заттарды жарық көзіне қарай бұра немесе заттың әртүрлі бұрыштарынан жарықтандырулар жібере отырып қарау жүргізіледі. Табылған іздер қондырғы сақиналарды пайдалану арқылы бірден детальды фотосуретке түсіріледі.

Егер де іздерді жарық жіберу арқылы табу мүмкін емес болған жағдайларда физиқалық және химиялық әдістер қолданылады. Әртүрлі ұнтақтар мен йод буын жіберу жолымен іздерді шығару – физикалық тәсілдерге жатады. Зерттелініп отырған беткі қабат қара түсті болса, оған ақшыл түсті ұнтақтар (алюминий, қола, цинк қышқылы және басқа да) пайдаланылады; ал беткі қабат ашық түсті болса, онда керісінше қара түсті ұнтақтар (темір, графит, ыс ұнтақтары, қола қосындылары және т.б.) қолданылады. (См. Таб. 1)

Ұнтақ кәдімгі шаштан жасалған жұмсақ кисть арқылы беткі қабатқа тегістеле отырып жағылады. Артық ұнтақтарды ақырын алып тастау керек. Темір ұнтақтары магниттік кисть арқылы жағылады (магнит пластмасты қорапта сақталады). Табылып айқындалған ізді міндетті түрде масштабты детальды фотосуретке түсіру қажет. Фотосуреттерде іздердің орналасқан жері мен жалпы көрінісі бейнеленеді. Одан кейін хаттамаға сипатталып жазылады. Хаттамада қандай із табылды, қандай заттың үстінен табылды, орналасуы, олардың саны, іздің түрі (көлемді, беткі қабатты), формасы, папиллярлы өрнектің түрі, ізді анықтау, бекіту және буып-түйю әдістері көрсетіледі. Осыдан кейін барып дактилоскопиялық пленкіге түсіреміз. Ұнтақтарды тегістеп беткі қабатқа жағу нәтижесінде көрініп пайда болған іздерді дактилоскопиялық пленкілерге (қара немесе ақ түсті) көшіріп аламыз. Ол үшін пленкінің түссіз қорғаныш қабатын ажыратып, келесі жабысқақ қалыңырақ бетін іздің үстіне қойып оны тегістеп ауасын сыртқа шығару керек. Содан кейін пленкіні жаңағы ажыратқан бөлігімен қайта біріктіріп жапсырып шетін айналдыра тігіп тастау қажет. Сонымен қатар пленкінің шетіне іздің қай жерден, кіммен табылып алынғандығы көрсетілген бирка тігіледі.

Қағаз бетіндегі көзге көрінбейтін іздер арнайы түтікшелер арқылы йод буын жібере отырып алынады. Йод буын жіберу арқылы пайда болған іздер дереу фотосуретке түсіріледі. Йод арқылы алынған іздерді йодты-крахмалды немесе йодекстендірілген пленкілерге, сондай-ақ алдын-ала тазартылған суда 0,02%-да өңделген ортотиллин ерітінділері арқылы қағаз бетіне көшіріп түсіріп алуға болады. Көп жағдайларда су қосындысы (2,5-10%-дық) күміс азот қышқылымен немесе ацетондық нингидринді (0,2-0,8%-дық) қолданады. Нингидриннің орнына аллоксанды (1-1,5%-дық ацетон ерітіндісіндегі) пайдалануға болады. Қосындылармен өңделген (қағаздың, фанердің, картонның) учаскелері қыздырылады (күннің сәулесімен, болмаса электрошамдармен). Күміс азот қышқылымен өңделген іздер – қоңыр немесе қара түске айналады; нингидринмен – қызғылт-күлгін; ал аллоксанмен – сарғылт түске.

Реакцияны тоқтату және фонның қарайып кетпеуі үшін: нингидринмен немесе аллоксандармен шығарылған іздер міндетті түрде 15%-дық мыс нитриті мен ацетонда бейтараптандырылады (нейтрализацияланады).

Адам терісіндегі папиллярлы өрнек іздері 20-30 минут шамасында көрініп айқындалады. Ал мәйіттің терісінде (денесінде) қалдырылған қол іздері, егер олар мәйіттік өзгерістерден кейін қалдырылған жағдайда ғана айқындалып шығады. Мұндай іздерді айқындап табу (шығару) ұнтақтарды немесе цианакрилаттарды пайдалану көмегімен жүзеге асырылады.

Қол іздерімен қатар (олардың фототүсірілімдерін немесе дактилопленкілік көшірілімдерін) сараптамаға салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер де жіберіледі. Оларға дактилоскопиялық карталар және тергеушімен алынған қол таңбаларын жатқызамыз.

Саусақтың ізін алу үшін баспаханалық қара түсті бояу қолданылады, ол әйнек бетіне резеңке білікпен тегіс етіліп жағылады. Содан соң тексеріліп отырған тұлғаның саусағын (тырнақ бөлігінің астыңғы беті папиллярлы өрнегі бар учаскені) әйнек бетіне қойғызып бір шетінен екіншісіне қарай дөңгелете жылжыта отырып оның саусағына әйнектегі бояу түсіріледі. Сөйтіп дактилоскопиялық тіркеу (карточкасының) кестесінің тиісті клеткаларына жаңағы әрекеттерді қайталау арқылы ақ қағаздың бетіне саусақтың таңбасы түсіріледі.

 

Егер алақанның беткі қабатының және барлық саусақтың таңбалары тұтастай қажет болған жағдайларда, онда олар алақанды білікпен бояу жолымен алынады. Бояу жағылған алақан тікелей ақ парақтың бетіне түсіріледі. Дактилоскопиялық көшірілімдерді баспаханалық бояуларды қолданбай-ақ алудың басқа да тәсілдері бар, бірақ олар тәжірибе жүзінде әлі кеңінен тарала қойған жоқ.

Әртүрлі қылмыстарды тергеу барысында оқиға болған жерде аяқ іздері табылуы мүмкін. Аяқ іздерін қарау мен сараптамалық зерттеу, қылмыскерді іздестіру мен әшкерелеу кезінде бірқатар маңызды жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Аяқ іздері бойынша ізді қалдырған адам туралы мәліметтерді алуға болады: бойы, жүріс-тұрысының жекелеген белгілері туралы, аяқ киім белгілері; іс-әрекет жағдайлары (қозғалыс бағыты мен шапшандығы), іздерді адамды немесе аяқ киімді идентификациялау үшін қолдануға болады.

Аяқ іздері – жалаң аяқ іздері, аяқ киім іздері және шұлық (нәски) іздері деп бөлінеді. Жалаң аяқ немесе шұлық іздері бойынша адамды, ал аяқ киім іздері бойынша аяқ киімді идентификациялайды. Идентификациялау кезінде статикалық іздер қолданылады, кей кездерде, нақты адамның аяқ киімді кию фактісі (мән-жайы) анықталуы мүмкін. Аяқ киім ұлтарағындағы ұзақ кию нәтижесінде жалаң аяқтан (шұлық немесе нәски киілген) қалған статикалық із зерттелінеді.

Аяқ киімнің динамикалық іздері трасологиялық зерттеудің объектісі ретінде сирек кездеседі. Олар негізінде бөгетті (адам денесін) аяқ киіммен тебу, еден бетінде адамның аяғынан сүйреуі кезінде кездеседі. Олардың ерекшелігі қаралатын территориялардан тыс жерлерден кездесу мүмкіндігінде.

Аяқ киім іздері көлемді және беткі қабатты болады. Оқиға болған жерді қарау кезінде іздер көзге тез түседі. Кей жағдайларда іздерді қарау шекарасынан тыс жерлерден де кездестіруге болады.

Беткі қабатты іздер ластанған немесе боялған табанмен қалдырылса көрінеді. Беткі қабатты іздерді еден және оның жапқыштары үстіне ғана емес (кілем, жан-жаққа лақтырылған қағаздар, заттар), үстіне қылмыскер шығып тұра алатын заттардан да (орындық, үстел, диван, жәшіктерден) қарап іздеу керек. Іздерді анықтап табу кезінде аяқ киіммен қатпарланып түсіп қалған жер, топырақ бөлшектері ізделінеді.

Беткі қабатты жалаң аяқ іздері қол іздерін табу, бекіту әдістері сияқты анықталады.

Жалаң аяқ іздерінде табан өлшемдері (табанның жалпы ұзындығы, табан сүйектерінің, өкшесінің, аралық бөлігінің); әр аяқ саусағының ұзындығы мен ені; табанның жалпы пішіні (іздің пішіні аяқ табаны алқымына байланысты ол биік, орташа, жалпақ болады); папиллярлы өрнектердің жалпы құрылымы; флексорлы (бүгілген) сызықтардың болуы көрінеді.

Жалаң аяқ іздерінің жеке белгілеріне: саусақ өлшемдерінің ара қатынасы, пішіні, табанның алдыңғы жиектерінің орналасуы, жеке саусақтарының жоғары қарай бүгілуі, әртүрлі зақымдар мен өзгерістердің (деформациялардың) болуы, пішіні және орналасуы (тыртықшалар мен қажалу іздері); папиллярлы өрнектердің жеке белгілері.

Шұлық киілген аяқ ізі табылған жағдайда оның жалпы белгілеріне: аяқтың белгілерімен қатар, шұлықтың өлшемі, жіптерінің тоқылу түрі мен схемасы, өкше мен сүйір жеріндегі фабрикалық тігістері жатады.

Тергеу тәжірибесінде аяқ киім іздері көбірек кездеседі.

Табанның аяқ киімдегідей жалпы белгілері хаттамада көрсетіліп бекітілуі тиіс:

 табан ізінің құрылысы (өкшесіз, тегіс, жайпақ табан, бөлек өкшесі бар табан, өкшесі бөлек және ұлтанды табан);

 табан және оның бөлшектерінің өлшемдері (табанның жалпы ұзындығы, ұлтан ұзындығы, өкше ұзындығы, ұлтанның ең жалпақ жерінің ені; аралық жерінің ені, өкшенің ені);

 табан және оның бөлшектерінің пішіні (тұмсық бөлігінің, табанның сыртқы және ішкі жиектерінің, ұлтанның артқы жиектерінің, өкшенің алдыңғы және артқы жиектерінің);

 табан және оның бөліктерінің беткі қабатының жалпы сипаттамасы (жалпы, дөңес, тегіс, бедерлі оюлармен, ою түрі, пішіні, өлшемі);

 табан және оның бөлшектерінің бекітілу тәсілдері (бұрандалы, ағашты-түйреуішті, шегелі, тігілген, желіммен жабыстырылған);

 түйреуіш, шеге, бұранда қатарларының саны;

 табанда тағаның сырғымау үшін қағылатын бүдірлердің, фабрика желімдері мен белгілердің болуы.

Жеке табылған аяқ киім іздері мен сол іздерді қалдырған объектіні идентификациялаумен қатар, диагностикалық сипаттағы өзге де мәселелер шешілуі мүмкін. Іздің пішіні мен өкше, тұмсық және аралық бөліктерінің көрінуі дәрежесімен адамның тұрғанын немесе жүргенін анықтауға болады. Сонымен қатар, жүру жылдамдығы – асықпай, шапшаң және жүгіруі анықталады.

Аяқ іздері бойынша адамның шамамен бойын және аяқ киім өлшемін анықтауға болады.

Антрополиметриялық зерттеулер нәтижесінде – табан өлшемі ер адам бойының 15,8 %-на, ал әйел адам бойының 15,5 %-на тең. Егер оқиға болған

жерден жалаң аяқ ізі табылса, оның ұзындығын 100 санына көбейтіп, 15,8 немесе 15,5 санына бөлеміз. Егер аяқ киім ізі табылса, ең алдымен іздің жалпы ұзындағынан 1-1,5 см-ді алып тастау керек. Осы өлшемдерді есепке ала отырып, жай табанды және ұзартылған табанды деп бөлеміз. Осы табандарға байланысты екі түрлі есеп келесі формула бойынша жүргізіледі: Р=(Д-д)х100/1,55 (1,58), мұнда: Р – адам бойы, Д – іздің ұзындығы, д – табан ұзындығы мен ұлтарақ ұзындығының арасындағы айырмашылық.

Аяқ киім өлшемін анықтау кезінде жалаң аяқ өлшемі мен табан ізінің өлшемі де қолданылады.

Аяқ киім өлшемін анықтау абсолюттік мөлшерде және штихтарда жүргізіледі. Бірінші жағдайда өлшем ретінде табанның (ұлтарақтың) сантиметрде көрсетілген ұзындығы алынады. Шектес өлшемдер 0,5 см ажыратылады: 26,0-26,5; 27,0-27,5 және т.б.

Егер аяқ киім өлшемін штих түрінде көрсету қажет болса, онда келесідей есеп жүргізіледі. Штих 2/3 см-ге тең, сондықтан аяқ киім нөмерін есептеу үшін келесідей формула қолданылады: И=(Д-д)/Ш, мұнда: И – аяқ киім нөмірі, Д – табан ізінің ұзындығы, д – табан ұзындығы мен ұлтарақ ұзындығының арасындағы айырмашылық, Ш – штих. Мысалы, іздегі табан ұзындығы – 29 см. болса, онда И=(29-1)х3/2=42 өлшем болады.

Идентификациялық және диагностикалық мәселелерді шешу кезінде жекеленген іздермен қатар, аяқ ізі «жолдары» зерттелінеді. Аяқ із «жолдары» деп оң және сол аяқдың кезекпен қалдырылған іздерінің жиынтығы айтылады. Аяқ із «жолдары» арқылы ізді ер адам немесе әйел адамның қалдырғаны анықталады. Ер адамның орташа қадам ұзындығы шамамен 75-78 см., ал әйел адамның қадам ұзындығы 10 см-ге қысқарақ (шартты түрде алынған ережеден тыс жағдайлар болуы мүмкін).

Аяқ із «жолдары» бойынша адамның ақсаңдауын, балдақ пен таяқтарды қолдануын, қараңғыда жүру фактісін және т.б. жағдайларын анықтауға болады.

Оқиға болған жерден табылған аяқ киім іздерін масштабты суретке түсіру ережесін қолданып фототүсірілім жүргізіледі. Содан кейін жоғарыда көрсетілген сызба бойынша із өлшемдері алынады.

Аяқ із «жолдарының» өлшемдерін екі аяқтың бірдей нүктесінен жүргізіледі, мысалы: өкшенің артқы жиегінің ортаңғы нүктесінен. Аяқ із «жолдары» панорамалық тәсілмен фотосуретке түсіріледі.

Алынған мәліметтер хаттамада көрініс табады. Хаттамада ізді келесі түрдегі кезектілікпен сипаттаймыз: іздердің табылған жері, түрі (беткі қабатты, көлемді), іздердің жалпы және жеке белгілері, бекіту және алу тәсілдері. Жеке іздердің және аяқ із «жолдарының» схема суретін салу керек. Схемеда алынған өлшемдердің нәтижесі көрсетіледі. Іздердің түріне байланысты іздерді (олардың көшірмесін) бекіту мен алудың әртүрлі тәсілдері бар.

Қағазға, фанераға түскен жалаң аяқ іздерін қол саусақтарының іздері сияқты айқындап табады. Кафельденген еденде, линолеумде табылған беткі қабатты аяқтың (аяқ киімнің) іздерін үлкен форматты жабысқақ үлбірлерге (дактилоскопиялық, резиналық, перхлорвинилдік немесе сәйкес өлшемді ылғалданған фотоқағазға) көшіріледі.

Көлемді іздердің көшірмесін дайындау үшін әртүрлі материалдар қолданылады. Кең тараған түрлеріне: гипс, «К» пастасы жатады. Егер із сусымалы материалдарда (құм, цемент, ұн) қалдырылса, оны алдын ала қандай да бір ерітіндімен өңдеп қатырып алады. Ондай ерітінділерге: қант ерітіндісі, керосин, ацетондағы целлулоидты немесе перхлорвинил ерітіндісі, арнайы лактар немесе аэрозоль түріндегі шашқа арналған лактар жатады. Ерітіндіні пульверизатор немесе аэрозолды тоңазытқышпен ізге параллельді белгілі бір арақашықтықты сақтай отырып, шашырату қажет. Содан соң гипстік құйманы дайындайды. Қардың бетіне түскен іздің қалпын, көшірмесін алу кезінде ыдыстағы суды оған салынған қар ерігенге дейін алдын ала нөлдік температураға дейін тоңазыту керек.

Гипсті із табылған топырақтың ылғалдылығына байланысты суға 1:1 немесе 1,25:1 қатынаста ерітеді. Із пайда болғаннан кейін түскен бөгде заттардан (бұтақтар, темекі тұқылы және басқалар) алдын ала тазалайды. Іздің айналасына жаңқадан, қатты қағаздан немесе металдық лентадан тосқауыл жасайды. Алдын ала тірек үшін сым кесінділерін (жаңқа, шырпы), шпагат бөліктерін және қатты қағаздан бирканы дайындап алу керек. Майда құрғақ гипсті біртіндеп аз мөлшерде суға араластырып қосады. Сұйықтау болған гипс ерітіндісінің жартысы ізге құйылады. Содан соң тез арада ізге тіректі (каркас), соның ішінде шпагат бөліктерін ұштары сыртқа шығып тұратындай орналастырамыз, қалған гипс ерітіндісін қоюлатынқырап үстіне құйылады. Қоршаған ортаның температурасына байланысты шамамен 20-25 минуттан кейін іздің қалпы сумен ақырындап жуылады. Шпагаттың ұштарына келесідей жазулары бар, яғни қайда, қашан, кіммен, қандай іс бойынша алынған құйма екені туралы бирка байланады.

Іздің алынған қалыпы трасологиялық сараптамаға жіберіледі. Сараптамаға жалаң аяқ ізінің көшірмесі мен сезіктіден алдын ала алынған экспериментальды үлгілер жіберіледі. Егер оқиға болған жерде аяқ киім іздері табылса, онда сезікті адамның аяқ киімі қоса жіберіледі. Қылмыс жасалғаннан кейін біраз уақыт өтсе, тергеуші сарапшыға аяқ киімнің жөнделгені, қандай жөндеу жұмыстары жүргізілгендігі, аяқ киім киілгендігі туралы мәліметтерді міндетті түрде хабарлау керек.

Тістің іздері – көбінде азық-түліктер (ірімшік, шоколад, жеміс-жидектерде және т.б.) мен басқа да заттарда (бөтелке қақпақтарында, қорғасыннан жасалған пломбаларда, резеңке мен т.б.) тұлғалардың тістерінің іздері қалады. Тістің іздері адамдардың (қылмыскерлер мен жәбірленушілердің) денелерінен табылуы мүмкін. Тіс іздері бойынша олар қандай жағдайда қалдырғанын (пайда болғанын) анықтауға және адамдарды идентификациалауға болады.

Қалыптасу механизіміне байланысты іздер тістеу және тістеп жұлып алу іздері болып бөлінеді. Тістеу кезінде – тістер толық түйісіп жабылмайды, соның нәтижесінде объектінің беткі қабатында жоғарғы және төменгі тістің шайнау бейнесінің іздері мен жақ тістерінің беткі қабатының кейбір бөліктерінің іздері қалады.

Тістеп жұлып алу кезінде – тістер толық жабылып бір – бірімен түйіседі және бүтін заттың тістеген бөлігі одан ажыратылады, нәтижесінде тістеп алынған объектіде тістің сыртқы іздері пайда болады. Тістеп алу іздері идентификациалау үшін маңызды, олар іс бойынша ақпаратты болып табылады.

Тістеп алу іздері бойынша (көлемді) тіс аппараттарының келесідей жалпы және жеке белгілерін: тіс қатарларының формасы мен размерін, тістің оң және сол жақ тал (бұтақтарының) асимметриясын, тіс қатарының қисықтығын, тіс арасындағы қашықтықты, қатардағы тістің санын, оның формасын, протездің (коронка, пломбы т.б.) болуын және т.б. анықтауға болады. Осы аталған жалпы және жеке белгілер жиынтығы – ізді қалдырған тұлғалармен функционалды белгілерді теңдестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ізде бейнеленген тіс аппараттарының белгілері іздестіру мақсатына қолданылуы мүмкін. Мұндай белгілерге: коронканың, протездің, жеке тістердің кемістіктері – тістердің өзінің мөлшерінен тым кіші немесе өте үлкен (ірі) болуы және т.б. жатады.

Табылған тіс іздері масштабты детальды фототүсірілім тәртібі бойынша іздің әртүрлі белгілерін (тістің формасын, шайнау қабаттарының бедерлерін) анық көрсету үшін әртүрлі жарықтықта фотосуретке түсіріледі. Суретке түсіріп біткеннен кейін: із қалдырылған объект жөніндегі мәліметтер: із қай жерде, нақты қандай объектіден табылды, іздің түрі мен саны, басқа да жалпы және жеке белгілер жөніндегі мәліметтер хаттамаға баяндалып жазылады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)