АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 6 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Техникалық жағынан дамудың әсерінен арнайы автокөліктің ішінде орналасқан универсалды жылжымалы құралдардың жиынтығы ойластырылды: кез-келген оқиға болған жерді қарауға, қылмыстың кейбір түрі бойынша оқиға болған жерді қарауға және оқиға болған жерде криминалистикалық немесе сараптаманың өзге де түрлерін жүргізетін автокөліктер және т.б.

Дәлелдемелерді жинау процесіне оларды бекіту, алу және анықтау кіреді. Іздер мен басқа да объектілерді анықтау үшін қолданылатын криминалистикалық техниканың әдістері мен тәсілдері әртүрлі болады.

Тергеуші мен маман-криминалистің қолданатын техникалық құралдарын келесідей топтарға бөлуге болады: 1.жарықтанғыш; 2.өлшегіш; 3.іздейтін; 4.бекіту және алу; 5.буып-түю құралдары.

Жарық түсіру тәсілдері бұл моно және полихроматикалық жарықты түсіруге бағытталған жалпы жағдай туғызатын әртүрлі құралдар. Жарықтың қайнар көзі ретінде қосымша сурет жарықтары, тұрмыстық фонарлар, фотовспышкалар және басқа да жарық түсіретін аппараттар қолданылады. Арнайы қайнар көздеріне нашар немесе мүлдем көрінбейтін адам денесінен бөлінетін қан, сперма, сілекей немесе кейбір химиялық заттарды (мұнай, кілей және т.б.) анықтайтын ультракүлгін жарықтар кіреді. Ультракүлгін сәулесі әсерінен кейбір объектілер анық көрінеді. Инфрақызыл сәуленің қайнар көзі болып электронды-оптикалық анықтағыш табылады (ЭОП). Бұл арқылы сырдың бояуларын, металдың, атылған оқтың үгінділері анықталады.

Өлшеу құралдарына: масштабты өлшегіштер, рулеткалар, транспортир, өлшегіш-циркуль, штангенциркуль, компасты планшет және зерттелетін объектінің ерекшелігіне байланысты өзге де өлшеу құралдары қолданылуы мүмкін, мысалы: Гейгер-есептегіші, вольтметр.

Іздейтін құралдарға: қуыс бұрғылардың түрлері (щуп) және қондырғылары, әртүрлі үлкейткіш шынылар, дактилоскопиялық ұнтақтардың жиынтығы, дактилоскопиялық және магнитті кистілер. Металдық объектілерді іздеген кезде әскери бейнедегі индукциондық металл іздегіштер және криминалистік мақсатқа арнайы дайындалған магниттік металл көтергіштер қолданылады. Олардың кемшілігі қара және түрлі-түсті металдарды ажырата алмауында.

Биологиялық табиғи объектілерді анықтау үшін (қан, сперма, сілекей және т.б.) жарық түсіргіш құралдар, ультракүлгін сәулелі қосымша көздер және химиялық реактивтер қолданылады.

Криминалистикалық бекітудің мақсаты – мүмкіндігінше нақты объектіні бекіту, фактіні, оқиғаны, қылмыстың материалдық ізін және басқа да қылмыстық іс бойынша қажетті ақиқатты анықтау үшін бекіту.

Бекітудің әртүрлі тәсілдері қолданылады:

 вербальдық – хаттамаланған, дыбыс жазбалары;

 графикалық – графикалық бейне (схемалық және масштабтық жоспар, схемалар, соның ішінде суретті салу);

 пәндік – сол пәннен алынған, материалдық модельден жасалған (қайта құрастырылғандар, соның ішінде макеттелген, көшірілген қалыптар);

 қаралатын-бейнелік – суреттер; фототүсірулер, бейнежазбалары.

Бекіту объектіні, сондай-ақ оның белгілі бір қасиеттерін, белгілерін, құрамын сақтау үшін бағытталуы мүмкін. Арнайы ортада құрылған заттай объектіні сақтау – бекіту арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, құжат екі шынының арасына қойып сақталады, ал аяқ киімнің ізі – арнайы ұнтақпен өңделіп, арнайы ортаға мұздатқыш камераны жатқызамыз. Саусақтың іздері ұнтақтың көмегі арқылы алынып, арнайы дактилоскопиялық пленкаға түсіріледі.

Алу мен бекітудің уақыттары бірдей келуі мүмкін. Ұнтақтың көмегімен дактилоскопиялық пленкаға алынған саусақтың ізі, бір уақытта пленкаға бекітіледі.

Микрообъектілер басқа да объектілер сияқты қасындағы заттармен қоса міндетті түрде хаттамаға тіркеледі. Микрообъектіні алу үшін химиялық жабысқышы бар пленка қолданылады. Бөлек микрообъектілер (шаштың талшығы және т.б.) пинцет, электрленген және шыны таяқшаның көмегімен алынады.

Барлық алынған объектілер сәйкестеліп қапталып арнайы зерттелетін немесе сақталалынатын жерге жеткізілуі тиіс.

 

§3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары

 

Сараптамалық тәжірибеде әртүрлі әдістер қолданылады. Әдістердің қандай қасиеттерді зерттеуіне байланысты оларды бірнеше топқа бөлеміз: 1.объектінің морфологиясын зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 2.объектінің физика-химиялық қасиетін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 3.объектінің жекелеген қасиеттерін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 4.ақпаратты өңдейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар.

Бірінші топтағы әдістерге, негізінен, жарықтық және электронды микроскопия, сонымен қатар, интроскопия және профилография әдістері кіреді.

Сараптамалық тәжірибеде кең түрде тараған әдістерге жарықтық микроскопия әдісі жатады. Барлық сараптамалық мекемелерде бинокулярлы стереоскопиялық микроскоп МБС-2, әртүрлі модификациялы биологиялық микроскоптар, салыстырмалы микроскоптар және металографиялық микроскоптар бар. Заттай дәлелдемелердің көптеген түрлерінің морфологиясын зерттеуде стереоскопиялық микроскоп универсалды құралға жатады. Ал, биологиялық микроскоптың көмегімен, негізінен, талшықтардың, топырақ жердің, өсімдік объектілерінің, есірткі және психотропты заттардың бөлшектері зерттелінді. Салыстырмалы микроскопта көбінесе сот баллистикасының (оқтар, гильзалар), кейде трасологияның объектілері зерттеледі. Металдар мен қорытпалардың (сплав) беткі қабатының құрылымын зерттеуде металлографиялық микроскоптар қолданылады. XX-ғасырдың аяғында сараптамалық мекемелерде электронды микроскопияның әдістері қолданыла бастады. Электронды микроскопияның көмегімен көзге көрінбейтін объектілердің – талшықтар, қан, шаш, металл, қорытпалар және басқа да заттардың морфологиясын зерттеу мүмкін болды.

Осы микроскоптың көмегімен микро,-ультрамикро деңгейдегі морфологиялық белгілер анықталды. Бұл белгілер объектінің табиғатымен,

оны дайындау технологиясымен, қолдану шарттары және қылмыстың жағдайымен байланысты болып табылады. Яғни, дәлелдеудің диагностикалық және идентификациялық мәселелерін шешу мүмкіндігі туындады.

Интроскопияның әдістері, негізінен, кедендік бақылауда қолданылады, оны сараптамалық тәжірибеде де пайдалануға болады.

Профилография әдістері арқылы – щуптық және оптикалық профилографтың көмегімен объектінің беткі қабат бедерінің сандық сипаттамасын алуға болады.

Сараптамалық тәжірибеде қолданылатын екінші топтағы әдістер көп және әртүрлі болып келеді. Бұл әдістер арқылы заттардың элементтік құрамын, оларда химиялық қосындылардың бар-жоғын, объектінің фракциондық құрамын және физика-химиялық қасиеттерін анықтай аламыз. Бұл эмиссионды спектралдық, микроспектралдық рентгеноспектрлік, нейтронды-активациялық талдаудың, ядерлі-магниттік (ЯМР) және парамагниттік резонанстың (ПМР), инфрақызыл спектрометрияның, абсорбциялы спектроскопияның, жұқа қабатты хроматографияның, газды пиролитикалық хроматографияның, газдысұйық хроматографияның және т.б. әдістері.

 

Үшінші топтағы әдістер де алуан түрлі болып келеді, олар объектінің қандай қасиеттерінің зерттелетіне байланысты болады. Сараптамалық тәжірибеде олардың көмегімен құжаттардың шынайы немесе жалғандығы анықталады. Көрінбейтін сәуле (инфракызыл, ультракүлгін, рентген сәулелерінде) спектірінде бояу және инфра люминесценция зерттелінеді. Зерттеу барысында фотоқұрылғылар, оптикалық квантты генераторлар (лазерлер), қаттылықты өлшегіш (твердомеры), диффузиялық-көшірме әдістері (диффузно-копировальный), түсажыратқыш (цветоделение) әдістері қолданылады.

Төртінші топтағы әдістер, негізінен, алынған нәтижелерді түсіндіру үшін күрделі құралдар мен жабдықтарға қосымша тіркеледі.

Дәлелдеу құралы болып табылатын сараптаманың қолданылу тиімділігі, шешілетін мәселелердің деңгейі сараптамалық мекеменің техникалық жағынан жабдықталу дәрежесімен тікелей байланысты.

 

2-ТАРАУ.

КРИМИНАЛИСТІК ФОТОГРАФИЯ, БЕЙНЕ - ЖӘНЕ ДЫБЫС ЖАЗБАЛАРЫ

 

§1. Криминалистік-фотография, бейне - және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі

 

 

Тергеу әрекеті мен жедел-іздестіру шараларының барысын, оның жеке кезеңдері мен нәтижелерін және криминалистикалық-сараптамалық зерттеулерді бейнелеп бекіту арқылы дәлелдемелік, жедел-іздестіру және сараптамалық ақпараттарды дәлме-дәл алуға болады. Бекітудің мұндай кең тараған әдістері мен құрал-жабдықтарына криминалистикалық фотосурет, бейне- және дыбысжазбалары жатады. Осыған сәйкес аталған құрал-жабдықтар мен әдістердің жиынтығы, яғни фотография, бейне- және дыбысжазбалары криминалистикалық техниканың бір топтық тарауларын құрады. Аталған тараулардың ішінде криминалистикалық фотография бөлімі бұрынырақ пайда болып қалыптасқан. Ал бейнежазбалары кейіннен пайда болып қолдана бастады. Тергеу барысында дыбысжазбаны қолданудың криминалистикалық аспектілері әлі жеке бөлім ретінде қалыптаспаған. Ол бейнежазбамен бірге қарастырылады.

Криминалистикалық фотография – фототүсірілімдердің жалпы және арнайы түрлерін қолданудың құрал-жабдықтары мен әдістеріне, оларды криминалстиклық мақсатта қолданудың ғылыми негізделген мәліметтеріне, сондай-ақ криминалистикалық зерттеулердің сәйкес нәтижелеріне негізделеді. Криминалистикалық техниканың бөлімі ретінде, ол қылмысты ашу мен тергеуге байланысты әртүрлі криминалистикалық қызмет барысында қолданылатын фототүсірілім құралдары мен әдістерінің жетілдірілген ғылыми жүйесін құрайды.

Осыған сәйкес фотографиялық құрал-жабдықтарға: криминалистер ойлап тапқан барлық жаңа түсірілімдік және проекциялық аппаратураларды, фото-жабдықтар мен фототүсірілімдердің арнайы құрылғыларын, фотоматериалдарды және оларды өңдеу үшін қолданылатын химиялық реактивтерді жатқызамыз. Аталған құрал-жабдықтардың ішінде кейбір фотоқұрылғылар тек қана криминалистикалық мақсатта қолдануға арналған. Мысалы: оқтың үстіңгі цилиндрлік қабатын фотоға түсіру үшін, фотографияға түсірудің осы берілген құрал-жабдықтарын криминалистикалық қызмет барысында қолдануға байланысты өңдеп жетілдірілген ережелер мен ұсыныстардың жиынтығы фотографиялық әдіс болып табылады.

Криминалистикалық фототүсірілім жекеленген тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру шараларын, кей жағдайларда сараптамалық зерттеулерді жүргізу барысы мен нәтижелерін көрнекі түрде бекітудің тиімді әдіс-құралы. Ол іс үшін маңызы бар қылмыстың іздерін, жеке заттарды және басқа да материалдық объектілер мен заттай дәлелдемелерді көрнекі түрде бейнелеудің сенімді әдіс-құралы болып табылады. Осыған сәйкес көрсетілген фототүсірілім тергеуші, жедел-іздестіру қызметкерлері, маман және сарапшылармен орындалуы мүмкін.

 

Криминалистикалық мәселелер мен криминалистикалық қызмет түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, сот фотографиясын екі түрге бөліп көрсетуге болады:

1) сот-жеделдік фотография;

2) сот-зерттеу фотографиясы.

Сот-жеделдік фототүсірілімдер оптикалық құралдарды қолданбай-ақ көзге көрінетін әртүрлі іздер мен объектілерді бекіту мақсатында қолданылатын әдіс, ал зерттейтін фототүсірілімдер көзге көрінбейтін іздер мен объектілердің бөлшектерін, түс айырмашылықтарын анықтап бекітуге негізделген әдіс болып табылады. Криминалистикалық бейнежазба, бейнежазбаның құралдары мен әдіс-тәсілдері тергеу барысындағы мәселелерді криминалистикалық мақсатта ғылыми талдап қорытындылау мен криминалистикалық-ғылыми жетістіктерге сәйкес пайдалану негізінде қалыптасады. Аталған түсірілім және бейнежазба түрлері криминалистикалық техниканың бір тарауы ретінде криминалистикалық әрекет жүргізу барысында дәлелдемелерді жинау мен бекіту үшін қолданылатын бейнежазба құралдарының ғылыми әдістемелік өңделіп жетілдірілген жүйесінен тұрады.

Фото- және бейнежазба құралдарына қарағанда дыбысжазба техникасының ерекшелігі – ол жеке тергеу әрекеттерін жүргізу барысын дыбыстай көрнекі түрде бекіту құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар тергеушінің қылмыстық оқиғаға байланысты алғашқы жедел ақпараттарын бекіту жұмыстарын жеңілдететін техникалық құрал болып табылады. Мысалы: құжаттарды толтыру кезінде (кейбір тергеу әрекеттерін жүргізгенге дейінгі бағдарламалық ақпаратты алу құралы ретінде, оқиға болған жерді қарау кезінде хаттамаға бекітетін ақпаратты басып алу құралы ретінде, жауап алу барысын жазып алу құралы ретінде) қолданылады.

Дыбысжазба жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында да кеңінен қолданылады. Әсіресе ол тыңдалатын телефондағы және басқа да сөйлесулерді жазып алу кезінде пайдаланылады. Осыған сәйкес жаңадан қалыптасып келе жатқан криминалистикалық техниканың бір бөлімі ретінде дыбысжазбалары тергеулік және жедел-іздестірушілік деп шартты түрде екіге бөлінеді.

 

 

§2.Сот-жеделдік фотографиялық әдістер

 

Сот-жеделдік түсіру әдісі әртүрлі сипаттағы объектілерді суретке, атап айтқанда: жергілікті жер, ғимарат, тұрғын-жай, су және әуе кеңістіктерін, адам, мәйіт, заттар мен құжаттарды және олардың бөлшектерін; объектілердің сыртқы бейнесі мен ерекшеліктерін бекіту мақсатында материалдық іздерді, сондай-ақ қандай да бір іс-әрекет немесе олардың үзіндісін дәлелдейтін жағдайларды толық немесе бөлшектеп түсіруді қамтиды. Криминалистикалық фототүсірілімнің объектілері мен түсіру мақсатының ерекшелігін ескере отырып бейнелейтін фотографияның келесі әдістері қолданылады:

1. қарапайым;

2. панорамалық;

3. сигналитикалық немесе тануға көрсету үшін;

4. өлшеп түсіру;

5. репродукциялық;

6. ірі масштабта (макротүсіру);

7. стереоскопиялық түсіру әдістері.

Бірақ стереоскопиялық түсіру әдісі тәжірибеде өте сирек қолданылады.

1. Қарапайым түсіру әдісі – бір кадрге ғана фототүсірілім жасау арқылы жүзеге асырылады.

2. Панорамалық түсіру – сот фотографиялық түсіру әдістерінің бірі, яғни үлкен кеңістіктегі не үлкен көлемді объектіні, сондай-ақ ғимараттың ішіндегі немесе тар жердегі мәйітті бөлшектеп түсіріп, кейін ол бөлшектерден бір панорамалық фотосурет шығару. Мысалы: кейбір ұзыннан-ұзақ созылып жатқан немесе биік объектіні түсіру қажет болған жағдайда (бір кадрға симайтын) объектіні бөлшектеп түсіріп, кейін ол бөлшектерден бір панорамалық фотосурет шығаруға болады. Панорамалық түсіру сызықты және шеңберлі болып екі түрге бөлінеді.

1-сурет. Панорамалық түсіру әдісінің схемасы: а) сызықты; ә) шеңберлі.

а) Сызықты панорамалық түсіру кезінде объект бөлшектеп түсіріледі, бірақ мұнда фотоаппаратты тізу сызықтың бойымен кезектілікті сақтай отырып, қарама-қарсы орналасқан объектілер бірнеше нүктелерден түсіріледі. Панорама тігінен немесе көлденең сызықты әдіспен түсірілуі мүмкін. Мысалы: тігінен сызықты түсіру әдісі асылып тұрған мәйітті түсіру кезінде қолданылуы мүмкін.

Ал көлденең түсіру әдісіне мысалы ретінде: автокөлік жол оқиғасы болған жерді түсіруді айтуға болады. Панорамалық түсіру кезінде ұстау (выдержка) мен диафрагма сақталынатын ереже бойынша өзгеріссіз бір қалыпты болуы тиіс. Дегенмен де объектілердің кейбір бөліктерін, учаскелерін әртүрлі жарықтандыруда түсіру қажеттілігі туындайды, мұндай жағдайларда керегінше тиісті түзетулер жасалады.

ә) Шеңберлі панорамалық түсіру барысында алдыңғы кадрдың соңғы жағын келесісі 10-15% көлемінде жауып тұратындай етіп, фотоаппаратты бұрып айналдыра жылжыта отырып объектілер бір нүктеден түсіріледі. Түсіретін объектіні толық бейнелеп бекіту үшін қанша кадр керек болса, сонша рет түсіріледі.

3. Тануға түсіру әдісі – іздеуде жүрген және қылмыстық тіркеуде тұрған қылмыскерлерді тануға көрсету үшін, сондай-ақ тергеу кезінде адамдардың, мәйіттің жеке басын анықтау және оларды қылмыстық тіркеуге алу мақсатында қолданылады. Тануға түсіру әдетте екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады: 1. қарсы алдынан (фас), бетпе-бет; 2. оң жақ қырынан (профиль). Суретке түсіру барысында келесідей шарт талаптары міндетті түрде сақталуы қажет. Танылушы адам бас киім, сырт киім, көзілдіріксіз, шашы маңдайын, құлағын жауып тұрмайтындай ашық болып, тік отырып немесе түрегеліп тұруы тиіс. Сонымен қатар, танылатын адам басын белгілі бір қалыпта тік ұстап отыруы және суретке түсіру кезінде объектив оның көзінің сыртқы бұрышы мен құлақ қалқанының үстіңгі бөлігін тігінен қиып өтуі қажет. Суретке түсірілетін адамның көз жанары (көзі) тіке, алдыға объективке қарап (ол көзін ашық, қозғалтпай жыпылықтатпай, күліп-жымыйып, ауызын ашып қалмай) отыруы керек. Ерекше белгілері болған жағдайда, сол жақ (профиль) қырынан суретке түсіріледі. Егер фотосуретті куәлерге көрсету арқылы тану үшін түсіретін жағдайда, танылатын адам қарсы алдынан (фас), оң жақ қырынан (профиль), жартылай қырынан отырғызылған, беліне дейін 3х4, не түрегеліп тұрған күйінде барлық бойын алып 1:7 қатынастағы масштабымен түсірілуі тиіс. Мұндай жағдайларда танушы адам қылмыс жасаған кезде қандай киімде болса, сол киіммен түсіріледі. Егер оны куә бас киім, сырт киім немесе көзілдірігімен көрген жағдайда, сол киімдер мен заттарды шешпей суретке түсіреді. Тануға 1:7 – қатынастағы масштабымен түсіру кезінде тануға түсірілетін тұлғаның сыртқы бейнесін сипаттайтын барлық белгілері анық көрініп тұруы шарт. Ол үшін жарықтандыру жағдайын міндетті түрде жақсарту қажет. Танушы тұлғаның сыртқы бейнесі нақты және объективті түрде түсірілуі тиіс. Сондықтан да тану үшін суретке түсіру барысында суреттегі бейнені жақсартуға бағытталған (мысалы: танушының бетіндегі, үстіндегі жара, жарақат, тыртық және сол сияқты т.б. да кемістіктерді жасыру үшін «ретуш» - химиялық жолмен өңдеу, әртүрлі жарықтандыру) әдістерді қолдануға болмайды.

Мәйітті тануға түсіру, тірі адамды тануға түсіру әдіс-тәртібі бойынша жүзеге асыралады. Мәйіттің беті адам көріксіз жағдайда болса, оның бет-бейнесін (әлпетін) жақсарту үшін сот-медицина саласының маман-сарапшысы тергеушінің басшылығымен мәйітке арнайы әрлеу жұмыстарын жүргізеді. Мәйіт табылған кезде оның үстінде қандай киім болса, суретке сол киімімен түсіріледі. Егер мәйіттің үстінде ешқандай киім болмаған жағдайда тануға көрсету үшін оны киіндіріп суретке түсірудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда мәйіттің денесін матамен жауып түсіреді. Мәйітті суретке отырғызып түсіру мүмкіндігі болмаса, оны жатқан күйінде түсіреді. Мәйітті үстелдің үстіне бетін жоғары қаратып, тігінен жатқызып, фас, профиль (оң жақ, сол жақ қырынан) және басының 3/4 бұрылымында түсіріледі. Фотосуреттегі мәйіттің бейнесі отырған адамға ұқсатылып түсірілуі қажет. Бұл талап-тәртіптерді сақтап суретке түсіру әдісі мәйітті фотосуреті бойынша дұрыс тануға көмегін тигізеді.

4. Өлшеп түсіру әдісі тергеу әрекеттерін жүргізу барысында кейбір объектілердің ұзындығын, көлемін немесе олардың арақашықтығын анықтап білу қажеттілігі туындауына байланысты қолданылатын криминалистикалық техника бөліміндегі сот-жеделдік түсіру әдістерінің бірі. Өлшеп түсіру әдісі масштабты және метрлік болып екі түрге бөлінеді:

а) Масштабты түсіру әдісі – бұл идентификациялауға қажетті (іздердің, белгілердің, жеке заттардың және т.б.) объектілердің көлемін анықтап бекіту үшін қолданылатын әдіс. Суретке түсірілетін объектінің жанына масштабты сызғыш (сантиметрлік немесе миллиметрлік сызықтарға «шкалаға» бөлінген сызғыш) қойып түсіріледі.

Масштабты түсіру әдісіне қойылатын талаптар: біріншіден, суретке түсіру барысында түсірілетін объектінің жазықтығы мен фотоаппарат объективі арасындағы жазықтық толығымен параллель болуы қажет; екіншіден, түсірілетін объекті мен өлшеу шкаласы бір жазықтықта жатуы керек; үшіншіден, қолданылатын масштабты сызғыштың сантиметрге, миллиметрге бөлінген сызықтары міндетті түрде болуы тиіс.

Масштабты түсіру әдетте тегіс беттегі іздер мен көлемі үлкен емес басқа да объектілерді (аяқ киім іздерін, бұзу құралдарынан қалған есіктегі іздерді және т.б.) детальды түсіру әдісі ретінде қолданылады.

Ірі көлемді затты суретке түсіру барысында, көп бейнедегі әрбір іздің жанына масштабты сызғыш қойып жеке-жеке түсіріледі. Бұл кезде масштабты сызғыштың астына бір нәрсе қойып ірі көлемді заттың жазықтығымен теңестіріледі.

ә) Метрлік түсіру – объектілердің тереңдігін, орналасуы және өзара қашықтығын анықтап білу мақсатында қолданылатын әдіс.

Оқиға болған жерді қарау кезінде тергеуші көбінде іс бойынша объективті шындықты анықтау үшін бір объекті мен екінші объектінің арақашықтығын өлшеп суретке түсіреді. Оқиға болған жерді қарап болғаннан кейінгі жүргізілетін тергеу процесінде кейбір объектілердің ұзындығы мен олардың қоршаған ортаға қатысты орналасу жағдайы, ара қашықтығы жөнінде қосымша мәліметтер хаттамада тіркелмей қалған жағдайларда метрлік әдіс тәртібімен түсірілген фотосуреттерді қолдану тергеушінің жіберген кемшіліктерінің орнын толтырады. Мұндай әдіс көмегімен бейнеленген объектінің нақты ұзындығын, орналасу жағдайын, бір объекті мен екінші объектінің арақашықтығын еш қиындықсыз анықтауға болады. Суретке түсірілген жердің немесе ғимараттың жоспарын құру үшін оқиға болған жерді қайта қарау әрекеті мен өлшеу жұмыстарын жүргізбестен, қажет болған жағдайда, осы әдіспен түсірілген фотосурет қолданылады. Метрлік түсіру әдісі объектілерді шолып және түйінді түсіру барысында кеңінен қолданылады. Көбінесе бұл әдіс адам өлтіру, жол-көлік оқиғасын және сол сияқты басқа да қылмыстарды тергеу кезінде қолданылады. Метрлік түсіру әдісінің бірнеше түрі бар.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.)