|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 25 страницаОсы түсінікте оқиға болған жерді қараудың міндеттері де көрсетілген. Атап айтқанда, оқиға болған жерді қарау үстінде іздер, заттай дәлелдемелер белгілі бір криминалистикалық әдістер мен тәсілдер, арнайы құрал-саймандарды пайдалану арқылы ізделіп, зерттелуі, бекітілуі керек. Сонымен қатар қарау үстінде объектілердің орналасуы және жалпы жағдайы бойынша қылмыстың мән-жайы жөнінде деректі мәліметтер алу қажет, оқиға болған жерді қарауда бұл мәліметтердің маңызы зор. Оқиға болған жерді қарау тергеудің ең бастапқы кезеңінде, қылмыс болғаннан кейін іле-шала жүргізілетіндіктен, бұл тергеу әрекетін жүргізу арқылы өте құңды деректер, дәлелдемелер жинап алуға болады. Қарау мезгілінде табылған заттай дәлелдемелер, іздер арқылы қылмыстың механизмін, қылмыс жасау әдісін анықтауға, қылмысты жасауға қатынасқан адамдар жөнінде және істің басқа да мән-жайлары жөнінде өте керекті мәліметтер жиналады. Бұған тек қана оқиға болған жерді кідіртпей, тез арада қараған жағдайда ғана мол мүмкіндік туады. Егер оқиға болған жерді қарау кешіктіріліп жүргізілсе, көп іздер, заттай дәлелдемелер ауа райы және басқа да жағдайларға байланысты өзгеріп, бүлініп қалуы мүмкін, тіпті олардың жойылып кетуі де ықтимал. Міне, осыған байланысты тергеуші хабар алысымен, тез арада қылмыстың болған жеріне баруға, оны кешіктірмей қарауға әрекет жасауы керек. Оқиға болған жер түнде де қаралады. Егер мұндай кезде жарық нашар болып, оқиға болған жерді егжей-тегжейлі ұқыпты қарап шығуға мүмкіндік болмаса, бұл жер жарық түскеннен кейін қаралуы керек. Жасалған қылмыстың түрлеріне орай оқиға болған жерді қараудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер жеке қылмыстарды тергеу әдістемесінде қарастырылады. §3. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
Оқиға болған жердің толық, пәрменді және дұрыс қаралуы тергеушінің осы тергеу әрекетіне ұқыпты дайындалуына тікелей байланысты. Тергеушінің дайындық жұмысы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең – тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып, оқиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындық жұмыстары. Бұл бірінші кезеңде тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын атқарады: 1. өзі келгенше оқиға болған жерді өзгеріссіз сақтап қалу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтқанда, полиция қызметкерлеріне нұсқау береді; 2. оқиға болған жерді қарауға өзімен бірге қатынасатын лауазымды адамдарды (жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізетін), мамандарды нақтылап белгілеп, олардың оқиға болған жерге кешікпей келуіне керекті шара қолданады; 3. оқиға болған жерді қарағанда қолданатын криминалистикалық құрал-саймандарды және басқа да керекті жабдықтарды дайындайды. Тергеуші оқиға болған жерге өзі келгенше оны өзгеріссіз сақтап қалу жөнінде нұсқау берумен қатар полиция қызметкерлеріне қылмыстың басында болып, оны көрген адамдарды анықтау және басқа да жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арнайы тапсырма береді. Оқиға болған жерді қарайтын тергеу тобын құрғанда тергеуші қарауға қандай мамандар қатынасуы керек екендігін алдын ала анықтайды. Егер оқиға болған жерде мәйіт бар болса, онда қарауға міндетті түрде сот-медициналық эксперті не арнайы медициналық білімі бар адам қатыстырылуы керек. Іздерді және басқа да заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін қарауға маман-криминалист қатыстырылады. Қаралатын объектілердің ерекшеліктеріне байланысты басқа да мамандардың қатысуы мүмкін. Қарауға пайдаланылатын құрал-саймандарды дайындау үстінде тергеуші тергеу чемоданының ішіндегі жабдықтардың толық болуын, жарамдылығын тексереді. Осындай дайындық жұмыстарын бітіргеннен кейін тергеуші жедел оқиға болған жерге шығуы керек. Оқиға болған жерге келісімен тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын жүргізеді: · жәбірленушінің хал-жағдайы анықталып, керек болса оған жедел медициналық жәрдем көрсетіледі; · оқиға болған жердің шекарасын анықтайды; · полиция қызметкерлерінің және басқа да лауазымды адамдардың баяндауынан оқиға болған жерде қандай өзгерістер болғанын біліп, егер оқиға болған жерде өзгерістер болса, олардың қандай себептен болғанын анықтайды; · қылмысты көзімен көрген куә адамдарды сұрау арқылы, оқиға жөнінде деректі мәліметтер алады; · керекті жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде полицияға және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне нұсқау береді; · қарауға қатынасатын куәгерлерді анықтап, оларды заңда көрсетілген құқықтары және міндеттерімен таныстырады, арнайы нұсқау береді; · тергеу әрекетін қарауға қатысы жоқ бөтен адамдардың бұл жерден кетуін талап етеді; · жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне арнайы дайындығы бар, үйретілген итті пайдалану арқылы қылмыскердің ізіне түсіп, оны ұстауға нұсқау береді. Жоғарыда көрсетілген және де оқиғаның ерекшелігінен туындайтын басқа да дайындық жұмыстарын бітіріп, тергеуші оқиға болған жерді қарауға кіріседі. §4. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері
Оқиға болған жерді қарау екі кезеңге бөлінеді және осыған байланысты арнайы әдіс-тәсіл қолданылады. Тергеу әрекеті оқиға болған жерді жалпы шолып қараудан басталады да, бұл қараудың бірінші кезеңі деп саналады. Кей авторлар бұл кезеңді оқиға болған жерді бағдарлау сатысы деп те атайды. Негізінен, бұл кезеңде тергеуші оқиға болған жерді толығымен, жалпы шолып қарау арқылы осы жерді бағдарлайды. Сондықтан жалпы шолуды бағдарлау үшін пайдаланатын әдістің бір түрі деп те санауға болады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті – оқиға болған жерді нақтылап анықтау, ондағы орналасқан жеке объектілерді, олардың ара қашықтығын, орналасуын, жағдайын белгілеу. Оқиға болған жерді жалпы аралап, қаралатын жердің негізгі, түйінді, қарауға күрделі жерлерін алдын ала белгілеу керек. Оқиғаның түйінді жері дегенге іздердің, заттай дәлелдемелердің неғұрлым көбірек шоғырланған жерлері жатады. Бағдарлау үстінде сонымен қатар шешілетін сұрақтар: қылмыскер бұл жерге (айталық, пәтерге) қалай келуі (кіруі) мүмкін, оқиғаны қай жерден көруге болады, қылмыс әрекеттерінің ерекшелігіне байланысты қылмыстың ізі қай жерде қалуы мүмкін. Жалпы шолып қарау арқылы объектілердің орналасуын, олардың ара қашықтығын және басқа да жағдайларды есептей келіп, тергеуші оқиғаның болу механизмін болжап, көз алдына елестетіп, болған оқиғаның көрінісін ойша жасап көруі керек. Міне, осы тұрғыдан алғанда оқиға болған жерді қараудың бұл сатысы тергеушінің шығармашылық талдауын қажет етеді. Осындай талдаудың сапасы қараудың және тергеудің дұрыс бағытта болуына тікелей ықпал етеді. Қараудың бұл сатысында тергеуші объектілерді қарау кезегін, ретін шешіп алады. Криминалистикада қарау, ситуациялық жағдайларға байланысты, оқиға болған жердің ортасынан не шетінен басталады. Сонымен қатар оқиға болған жерді сүзе толық алға қарай, бір бағытта қарау әдісі де қолданылады. Оқиға болған жердің шетінен бастап, спиральдық әдіспен оның ортасына қарай жүргізілетін қарауды орталыққа шоғырлану концентрлік әдісі дейміз. Айталық, бөлменің ортасында мәйіт жатса, кіре берістен, мысалы есіктен басталып, бөлменің қабырғасын жапсарлай тұрған объектілер спираль тәрізді оңнан солға, не керісінше, солдан оңға қаралып, бірте-бірте бөлменің ортасына, мәйіт жатқан жерге келіп, мәйітті қараумен тергеу әрекеті аяқталады. Қараудың мұндай түрі оқиға болған жердің шегі (шекарасы) нақты белгілі болған жағдайда қолданылады. Егер де оқиғаның шегі қай жермен шектелетіні белгісіз жағдайда, айталық мәйіт ашық алаңда жатыр, қарау ортадан басталып, спираль тәрізді бағытпен жүріп, оқиға болған жердің, тек аймақтарын қараумен аяқталады. Мұндай кезекпен қарауды оқиға болған жерді эксцентрлік әдісі бойынша қарау дейді. Кейде оқиға болған жердің түйінді тұсы белгісіз, тек бір оқиға болған кеңістікті (алаңды) толық қарауға тура келеді. Егер осындай ситуациялық жағдай туындаса, қаралатын кеңістіктің басынан бастап, бір шетінен екінші шетіне дейін көлденең және алға бір бағытта жүріп, кеңістік толық сыпырыла сүзіліп қаралады. Айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, оқиға болған жердегі объектілерді қарау кезегінің үш түрі бар: концентрлік – оқиға болған жердің шетінен ортасына қарай шоғырланып қарау; эксцентрлік – ортасынан шетіне қарай қарау, фронтальды – толық сүзіп қарау. Осы айтылған қарау кезегінің қай түрін қолдану керек екендігі қараудың алғашқы кезеңінде шешіледі. Бұл кезеңде тергеуші және қарауға қатынасып жүрген басқа да лауазымды адамдар еш объектіні орнынан қозғамайды, оларды сол тұрған күйінде қарап, тексеру керек. Оқиға болған жер бағдарлау және жалпы шолу әдістерімен фотосуретке түсіріледі. Оқиға болған жерді қараудың бірінші кезеңінде, атап айтқанда, қарайтын жерді жалпы шолып бағдарлау үстінде статикалық тәсіл қолданылады, былайша айтқанда, объектілер қозғалмай өз орнында қаралады. Жалпы шолып қарау үстінде оқиға болған жерде пайда болуы ешқандай негізсіз жат, бөгде іздер және қылмыстың болу механизміне қайшы келетін жағдайларды байқап аңғаруға болады, Мұны криминалистикада негативті жағдайлар деп атайды. Айталық, қылмыстың белгілі бір жағдайда, я белгілі бір әдіспен жасалғанда міндетті түрде пайда болатын іздердің (заттардың) болмауы, не керісінше жалпы жағдайға жат, осы жерге бөгде іздердің (заттардың) оқиға болған жерде болуы. Мысалы, оқиға болған жерде жатқан мәйіттің денесінде пышақ жарасы бар, бірақ мәйіттің астында (оның жанында) қан өте аз. Асылып тұрған мәйіттің қолы таза, ал асылуға пайдаланылған жіп қара майға былғанған. Егер жәбірленуші өзі асылған болса, асылуға пайдаланылған жіп қара майға былғанғандықтан асылған адамның қолы да лас, қара май болар еді. Осындай келеңсіз жағдайларды тергеудің кейінгі кезеңдерінде тексеріп зерттеу арқылы нақтылы қандай қылмыстың жасалғандығын анықтауға болады. Жоғарыда келтірілген мысалды жалғастыратын болсақ, жәбірленуші асылмаған, оны біреу тұншықтырып өлтіріп, содан кейін қылмыстың ізін жасыру үшін осы жерде жатқан қара майға былғанған жіптен ілгек жасап мәйітті асып қойған. Осындай әрекеттермен, әдеттегідей, көбінесе қылмыскерлер қылмыстың ізін жасырып, тергеуді теріс жолға бағыттау үшін басқа бір қылмыстың жасалғандығын бүркемелеп көрсетеді. Осындай, көбінесе асығыс жағдайда қылмыскер қателіктер жіберіп, ол жалпы жағдайға қайшы келіп, теріс көрініс, яғни негативті жағдай ретінде тергеушінің көзіне түседі. Оларды тексеру арқылы нақтылы жасалған қылмысты ашуға болады. Оған дәлелдеме есебінде қарау үстінде анықталып табылған негативті жағдайлар дәлел болады. Оқиға болған жерді қараудың екінші кезеңінде жердегі әр объект бөлшек-бөлшегімен жеке-жеке қаралып, зерттеледі. Мұндай жағдайда, әр объект орнынан қозғалып, басқа жерге қойылады. Осындай қозғалмалық әдістер қолданғандықтан бұл қарау кезеңінде қолданылатын әдістерді серпінді (динамикалық) әдістер дейді. Әр объектіні қараудың өзіндік ерекшеліктері бар. Пәтерді қарағанда бөлмеге кірген есіктен солдан оңға қарай (не керісінше оңнан солға қарай) қабырғада ілініп тұрған жабдықтар қаралады. Қарау үстінде олардың орналасуына, жалпы жағдайына көңіл аудару керек. Қабырға бойындағы нәрселерді қарап біткен соң бірте-бірте спираль тәрізді бағытпен бөлменің ортасында тұрған үй жабдықтары қаралады. Мәйітті қарау үстінде белгілі бір кезекпен мына төменгі мәселелер анықталады: · мәйіттің дене тұрысы және жалпы кейпінің белгілері. Мұндайда мәйіттің мүшелерінің күйі және олардың орналасу қалпы жалпы айтқанда мәйіттің тұрқы анықталып, белгіленеді; · мәйіттің жатқан орны осы жерден тұрақты және көрнекті объект арқылы белгіленеді. Айталық, мәйіт бөлменің ортасында жатқан болса, мәйіттің басы, аяғы бөлменің қабырғаларынан қандай қашықтықта екендігі белгіленеді; · мәйіттің үстіндегі киім, оның қандай қалыпта екендігі. Мұндай жағдайда мәйіт киімінің жыртылған, былғанған жерлері бар ма, қалталарында не бар, тағы да басқа көрінеу белгілері бар ма, міне осылар анықталады; · мәйіт денесінде қандай жарақаттар бар, олардың түрі, өлшемі және орналасқан орны; · мәйіт белгілері, атап айтқанда, мәйітдағы бар ма, жоқ па? Егер бар болса, дененің қай жерінде екендігі. Мәйіт дағының және мәйіттің дене мүшесінің тырысуының криминалистикалық маңызы зор. Себебі бұл белгілер арқылы адамның қашан өлгенін білуге болады. Егер мәйітті қозғаса, бастапқыда ол қалай, қай қалыпта жатқандығы анықталады. Егер мәйіттің қасында қару (ату қаруы, пышақ) жатса, оның мәйіттен қандай қашықтықта жатқандығы өлшеніп белгіленеді. Болған қылмыстың механизмін ойша болжау арқылы қылмыскердің белгілі бір объектілерді ұстау мүмкіндігін анықтап, осы объектіде қолдың саусақтарынан шыққан, майлы терден пайда болған іздерді табуға әрекет жасау керек. Мұндай іздер көбінесе көзге көрінбейтін не өте нашар көрінетін болғандықтан, оларды көрінетін жағдайға келтіру үшін осындай іздерді табуға арнайы ұнтақтар пайдаланылады. Криминалистикада көзге көрінбейтін іздерді шығаруға қара және ақ түсті ұнтақтар қолданылады (қара түсті ұнтақтар – жез тотығы, қорғасын тотығы, графит, күйе; ақ түсті – мырыш тотығы, алюминий ұнтағы). Осындай іздер болуы мүмкін деген объектілерге иодтың буын бағыттау арқылы майлы терден пайда болған іздерді шығарып, көрінетін жағдайға келтіруге болады. Ұнтақты қолданып шығарған, іздердің үлгісі дактилоскопиялық пленкіге көшіріледі де, иодтың буымен шығарылған іздердің үлгісі силиконды паста қолдану арқылы алынады. Кей жағдайда іздерді шығаруға арнайы химиялық реактивтер де колданылады. Осындай әдістермен ізді шығару және алу ірі, рабайсыз үлкен объектілердегі іздерді тауып алуға пайдаланылады (есікте, шифонерде, столдың үстінде). Егер із оқиға болған жерден алуға ыңғайлы кішігірім объектіде болса (мысалы, стаканда, бөтелкеде т. б.) ол объектінің өзін алып, ондағы іздерді лабораториялық жағдайда көрсетілген әдістермен шығарып алу керек. Оқиға болған жерді қарау үстінде табылған бұзу құралдарындағы іздердің үлгісін алуға да силиконды пасталар (паста "К", СКТН, КЛСЕ —305) қолданылады. Мұндай пасталар аяқ киімнің, көлемді іздердің (аяқтың, батпақта қалған етіктің ізі) үлгісін алуға пайдаланылады. Бірақ тергеу тәжірибесінде осындай іздердің үлгісін алуға көбінесе гипстің қоспасы колданылады. Егер механизмі өте күрделі құлыптар бұзылған болса (мысалы, сейфтің құлпы) оны бұзып-ашу әдісіне мән беру керек, себебі мұндай құлыптың механизмін біліп, ашу белгілі кәсіби дағдысы бар адамның ғана қолынан келеді. Мұндай жағдайда құлыпқа басқадай әрекет жасамай (келеді-ау деген кілттермен ашып көрмей) оның белгілі бір әдіспен ашылуын анықтау үшін ол трасологиялық сараптамаға жіберіледі. Көліктің іздерін қарау үстінде зер салып анықтауға жататын мәселелер: доңғалақтың протекторының түрі; екі доңғалақтың (артқы және алдыңғы) ара қашықтығы, доңғалақтың тежеу ізі және оның өлшемі; көліктің сынып түсіп қалған бөлшектері (сыдырылып түсіп қалған бояуы, әйнек, шыны т.б.). Осы іздер бойынша оқиғаға қатысы бар көліктің (автомашинаның) маркасын (моделін) білуге, оның қай бағытта кеткенін анықтап, бұл мәліметтерді осы машинаны іздеп табуға пайдалануға болады. Айтылған іздердің маңызы, әрине осындай мәлімет алумен ғана шектелмейді. Келтірілген іздер және олардың өлшемі бойынша жол-көлік оқиғасының болу механизмін анықтауға болады. Мысалы, доңғалақтың тежеу ізінің өлшемі бойынша жолдың жағдайын, қалпын, машинаның маркасын және басқа да жағдайларды ескере келіп, автотехникалық - сараптама оқиғаға қатынасы бар машинаның, осы оқиға болар алдында қандай жылдамдықпен келе жатқанын анықтап бере алады. Із қалдырған доңғалақ трасологиялық-сараптама арқылы идентификацияланады. Қылмыс жасауға ату құралы қолданылған болса, оқиға болған жерде оқтың іздерін зерттеуге тура келеді. Қарау үстінде оқтың кірген және шыққан жерін анықтау керек. Оқтың іздерін қарау және зерттеу арқылы атылған оқтың бағытын, қашықтығын және қанша оқ атылғандығын анықтап білуге болады. Көзге көрінбейтін микроұнтақтар болатын объектілерді ептеп абайлап қарау керек, Микроұнтақтың бар, я жоқ екендігі микроскопиялық зерттеу арқылы анықталады. Қарау үстінде негізгі қасиеттері, табиғаты белгісіз заттар киімде не басқа объектідегі дақ, сұйық заттар табылса оның түсін, өлшемін және неге ұқсас екенін көрсету қажет (айталық, қоңыр түсті, қанға ұқсас дақ деп атап жазу керек). Оқиға болған жерде қылмыскердің иісі де қалады (адамның иісін зерттейтін ілімді криминалистикада одорология дейді). Адамның иісін оқиға болған жерден алып, сол бойынша адамды идентификациялау әдістемесі әзірге толық зерттелмеген. Сондықтан мұндай идентификациялық зерттеулер әлі күнге дейін жүргізілмейді. Бірақ адамның иісін осы иіс қалдырушы қылмыскер адамды ұстауға пайдалануға болады. Ол үшін арнайы осындай жұмысқа дағдыланып үйренген иттерді ізге түсіру арқылы қылмыскерді "ізін суытпай" соңына түсіп ұстауға болады. Осы тәрізді қылмыскерді ұстауға, жалпы қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстары қарау үстінде және қарау біткеннен кейін де жүргізіледі. Егер тергеу қарауы түнде, қараңғыда жүргізілсе, осы жер жарық түскеннен кейін қайта қаралуы тиіс. Мұндай жағдайда оқиға болған жер бірінші қарауда толық қаралмай, оның тек түйінді, маңызды жерлері ғана қаралады. Оқиға болған жерді қараудың соңғы кезеңінде табылған іздерді, айғақ заттарды олардың жағдайын, орналасуын, бәрін есептей келе, оларды талдау жасау арқылы бұл жерде не болды, ол қалай болды, оған қанша адам және кімдер қатынасуы мүмкін, болған оқиғаның зардабы қандай деген сұрақтарға жауап алуға тырысу керек. Осындай шығармашылық талдау үстінде тергеуші қарауға қатысқан мамандардың пікірін, олардан алынған ауызша мәліметтерді де еске алып логикалық талдау және синтездеу, дедукциялық және индукциялық әдістерді білгір қолдану арқылы қылмысты ашуға керекті сұрақтардың бәріне жауап алуға тырысуы тиіс. Оқиға болған жерді қарау үстінде анықталған мәселелердің, табылған айғақтардың дәлелдеме есебінде іске тіркелуі оның қорытындысының заң жүзінде дұрыс және толық бекітілуімен тығыз байланысты. Оқиға болған жерді қараудың барысын және нәтижесін бекіту тәсілдері жалпы және жеке болып екіге бөлінеді. Бекітудің жалпы тәсілі дегеніміз – оқиға болған жердің жалпы көрінісін толық көлемде бекіту болса, жеке тәсілі – қарау үстінде табылған іздердің үлгісін алу және заттай дәлелдемелерді бекіту. Бұл кейінгі айтқан жеке бекіту амалдары жалпы бекітумен қамтылатын болғандықтан, бұл жұмыста оқиға болған жерді бекітудің жалпы түрлері қаралады. Оқиға болған жерді бекітудің ең негізгі және заңда нақтылап көрсетілген түрі – хаттама жазу. Хаттаманы толтыру үстінде анықталған барлық жағдайлар, табылған және алынған іздер, айғақ заттар толық, объективті түрде белгілі бір кезекпен жазылуы тиіс. Хаттама үш бөлімнен тұрады. Бірінші, кіріспе бөлімінде оқиға болған жердің қай күні және қай уақытта, кімдердің қатысуымен қаралғандығы, оқиға болған жердің мекен-жайы, (не орналасқан жері), қаралған объектілері, оқиға болған жер қандай жағдайда қаралғандығы туралы мәліметтер жазылады. Екінші, сипаттап жазу бөлімінде қаралатын жердің ерекшелігі, үй (пәтер) болса неше бөлмеден тұратыны, бөлмелердің орналасуы, есігінің қай жақта екендігі, терезелерінің қай қабырғаға қондырылғаны, т.б. ерекшеліктері толық жазылуы тиіс. Қаралған объект сол қаралу ретімен хаттамаға тіркеледі, қаралған заттардың орналасқан орны осы жердегі тұрақты бір объектіге байланыстырылып, яғни осы объектіден қанша жерде тұрғандығы көрсетіледі. Мысалы, ²мәйіт жатқан диван оң жақтағы қабырғаның бойында, шығыс қабырғадан 2 м. жерде тұр² деп көрсетілуі керек. Мәйіт бөлменің ортасында, еденде жатса оның жатқан орны төрт нүкте бойынша белгіленеді. Айталық: мәйіттің басы батыс жақтағы қабырғадан 1,5 м., шығыс жақтағы қабырғадан 2 м., ал созылып жатқан оң аяғы (екі аяғы да созылып жатса екі аяғы деп көрсетіледі) солтүстік жақтағы қабырғадан 3 м. де, батыс қабырғадан 1,3 м., деп көрсетілуі тиіс. Қарау үстінде табылған іздер, заттай дәлелдемелердің табылған жері, осы объектілердің нысаны, өлшемі, жағдайы хаттамаға толық сипатталып жазылуы қажет. Егер көзге көрінбейтін іздерді іздеп табуға арнайы әдіс, құрал-саймандар қолданылған болса, олар да хаттамаға міндетті түрде енгізіледі. Жоғарыда айтылғандай, қар үстіңдегі іздерді бекітуге, айталық, олардың үлгісін алу үшін жеке бекіту әдістері қолданылса, олар да хаттамада толық көрсетілуі керек. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.) |