|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 4 страницаОсы белгілер жүйесі арқылы объектіні өзіне ұқсас көпшілік ортадан бөліп қарастыруға мүмкіндік береді, ал көпшіліктен жеке объектіні бөліп ала аламыз. Белгі түсінігі идентификациялық белгі түсінігінен кеңірек. Идентификациялық белгілерге объектінің мәнді белгілері жатқызылады. Белгілер келесі талаптарға сай болуы керек: · олар өз бетінше және тәуелсіз болуы тиіс; · белгінің идентификациялық мәні және кездесу жиілігі болуы қажет; · жоғары дәрежелі тұрақтылықтың болуы тиіс. Идентификациялық белгілердің бірнеше жіктелу негіздері бар: Дәстүрлі классификациялау: Идентификациялық белгілер жалпы және жеке болады. Жалпы белгілер дегеніміз – біртектес объектілерге тән жалпы белгілер мен қасиеттерді көрсететін объектінің параметрлері. Жеке белгілер – сирек кездесетін өзіне ұқсас объектілер арасынан бөліп алуға мүмкіндік беретін белгілер, олар пайда болу, тіршілік ету ерекшеліктерін көрсетеді. Келесі классификация – бұл топтық, бір тектік және жекелеуші белгілерге бөлу. Бір тектік – биология, химия, ботаника, зоология, материалтануда қолданылатын классификациялық белгілер. Топтық белгілер – ішкі тектік қатыстылықты дифференцияциялауға мүмкіндік береді, мұнда тексерілетін объектілер шеңбері қысқарады, топтық объектілер олардың табиғатына, технологияға, пайдалануына, қылмыстық оқиғаға байланысты болуы мүмкін. Жекеленуші белгілер – өте сирек кездеседі. Олар шығу тегімен, өндіру технологиясымен, қолдану шарттарымен, қылмыс жағдайларымен байланысты. Объектінің жеке сәйкестігін анықтау үшін, міндетті түрде жалпы және жеке белгілерін немесе топтық, бір тектік және жекелеуші белгілерін анықтау қажет.
§3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы Криминалистикалық идентификация процесуалды түрде тергеушімен (анықтаушымен), сарапшымен және сотпен жүзеге асырылады. Криминалистикалық идентификацияның негізгі процесуалдық түрі бұл тану үшін көрсету, сот сараптамасын жүргізу болып табылады. Бірақ, теңдестірудің қарапайым актілерін жүргізу кезінде құжаттар мен заттарды қарау, куәландыру т.б. сол сияқты тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін. Мысалы, тергеу барысында тергеуші құжаттардың жыртылған парақ кесінділерін немесе жүзі, ұшы зақымдалып бөлініп қалған қанжар т.б. табады. Мұндай жағдайларда тергеуші екі куәгердің қатысуымен аталған объектілерге бүтінді бөлшек бойынша құрастырып қарау әрекетін жүргізе алады. Куәландыру әрекеті кей жағдайларда сезіктінің жеке басын идентификациялау үшін де жүргізіледі. Тергеуші куәландыру процесі негізінде татуировка, туа біткен (мең, қал) дақтарды және басқа да жеке идентификациялық белгілерін анықтайды. Бұл анықталған сыртқы белгілердің жиынтығы тергеушіге сезіктінің жеке басын анықтауға мүмкіндіктер береді. Идентификация қорытындыларын дәлелдеме ретінде нәтижелі пайдалану, жүргізілген процесуалдық әрекеттің сапасына ғана емес, сонымен қатар іс бойынша процесуалдық шешім қабылдайтын субъектілердің дұрыс бағалануымен де байланысты. Идентификация нәтижелері басқа да дәлелдемелермен қатар істің жағдайына байланысты, оларды жинақтап, толық, жан-жақты және объективті түрде қарау арқылы ішкі сенім негізінде бағаланады. Идентификация қорытындыларын дәлелдеме ретінде бағалау төмендегідей екі кезеңнен тұрады: · бірінші кезең, сарапшының қорытындысы негізінде процесуалдық және ғылыми бағалау; · екінші кезең, сараптама шеңберіндегі идентификация көмегімен анықталған дәлелдемелік маңызы бар жағдайларды бағалау. Бағалаудың бірінші кезеңінде – сарапшының берген қорытындысының мазмұнына; мамандандырылу деңгейіне; зерттелетін объектіге сәйкес тәжірибесіне; алған үлгілері мен басқа да зерттеуге қолданылған қаулыда немесе анықтамада көрсетілген материалдарына талдау жасалады. Сарапшының қолданылған тәсілдері, олардың саны мен кезектілігі, сондай-ақ пайдалану жағдайлары мен сарапшымен бағаланған қорытындылары, оның қорытындысының логикалық дұрыстығы талданады. Идентификациялық зерттеулер жүргізу кезіндегі сарапшының қорытындысы бірнеше нұсқада болуы мүмкін: 1. іздестірілетін объектінің тепе-теңдігін анықтау мүмкіндігінің болмауы: мысалы, идентификациялау үшін алынған іздердің жарамсыздығына байланысты, есіктің тұтқасындағы қол іздері кіммен: Н. немесе Н-мен қалдырылғанын анықтау мүмкін емес. Идентификациялауға мүмкіндік бермейтін себептер мен негіздер міндетті түрде көрсетілуі тиіс; 2. ықтимал (болуы мүмкін): мысалы, оқиға болған жерден табылған гильза сезіктіден алынған нөмірі жоқ тапаншадан алынуы ықтимал; -оқиға болған жердегі шегелер мен сезіктінің күртешесінің қалтасынан табылған шегелер бір шеге жасау мәшенкесімен дайындалып шығарылуы мүмкін; -жәбірленушінің денесіндегі жарақат сезіктіден алынған пышақтан түсуі мүмкін және т.б. Мұндай нұсқаға келесідей қорытынды түрлерін жатқызуға болады: -жәбірленушінің көйлегінен табылған талшықтар мен сезіктінің шалбары материалының жалпы топтық қатыстылығының болуын; -жәбірленушінің аяқ киімі табанындағы қатпарланған топырақ пен Н. үйінің учаскесіндегі топырақ жалпы топтық қатыстылығының болуы мен олардың бір топырақ түріне жататындығын; -суық қару жүзі мен Н-ның үйінен табылған металл бөлшектерінің бір топқа жатуын; Ықтималды қорытындылар бойынша сарапшы тек объектілердің жалпы белгілермен қатар жеке белгілерін де анықтайды, бірақ анықталған жеке белгілер саны аз болғандықтан олардың идентификациялық деңгей маңыздылығы төмен болып табылады; 3. мақұлданбаған тұжырым (қорытынды): мысалы, кепілдеме қағазындағы мөртаңба - ''Каспий'' банкісінің мөрімен басылмаған; -мәйіттен алынған оқ, тінту барысында алынған ''Наган'' револьверімен атылмаған; -жәбірленушінің қолы байланған темір мен Н-нің үйінен табылған темір бұрын бір бүтінді құрастырмаған; -К-дан алынған мариуахуанасы бар пакет пен ұшақ салонынан алынған мариуахуанасы бар пакеттің шығу қайнар көздері бір жерден емес және т.б. Сарапшының мақұлданбаған тұжырым қорытындысы әртүрлі жалпы белгілердің негізінде немесе жалпы белгілер сәйкес келгенімен де жеке белгілер бойынша анықталады; 4. мақұлданған тұжырым: мысалы, -бас бухгалтердің атынан берілген кепілдеме қағазындағы қойылған қол Н-нің өзімен орындалған; -жәбірленуші мәйіттен және сезіктіден алынған бытыра бұрын бір бүтінді құраған; -жәбірленуші мен сезіктінің киімдеріндегі қатпарланған лак-бояу бөлшектерінің шығу қайнар көздері бір; -''фомиктен'' табылған лак-бояу қабаттарының үгінділері Өтепов көшесіндегі 8-ші үйдің кіре беріс есігінің бояу қабатына жатады. Дұрыс шешімді қорытындылар беру үшін сарапшы жалпы белгілердің сәйкес келуіне ғана емес, сонымен қатар қайталанбайтын жүйені құрайтын жеке тұрақты белгілердің де сәйкестігіне көңіл аударуы қажет. Сарапшының құзыретіндегі процесуалдық ереже талаптарын дұрыс орындауына және сараптамалық зерттеудің әдістемелік талаптарымен сәйкес жіберілген материалдардың толықтығына тергеуші (прокурор, сот) көз жеткізе отырып, бағалаудың келесідей кезеңдеріне өтеді. Сарапшының қорытындысын бағалаудың екінші кезеңі дәлелдемелік маңызы бар идентификацияларды анықтаудан тұрады. Жоғарыда көрсетілген қорытынды нұсқа түрлерінен шыға отырып, дәлелдемелік маңыз – ол тек мақұлданған тұжырым түрде берілген, яғни, дұрыс немесе дұрыс емес деген сияқты қорытындыларды көрсетеді. Дегенімен де басқа да, нақты айтқанда: қорытындының ықтималды түрі жанама дәлелдеме ретінде бағаланады деген пікірлер де бар. Ықтималды қорытындылардың дәлелдемелік маңызы болмағанымен де, олардың қандай да бір дәрежеде пайдасы бар. Олар тергеушінің ұстанған бағытының дұрыстығын бекітетін белгілі бір дәрежеде болжаулар жасауға мүмкіндік береді. Ықтималды қорытындылар көмегі арқылы ақиқатқа жету жолы ашылуы мүмкін. Тәжірибеде кеңінен тараған кемшіліктердің біріне сарапшының тектік және топтық қатыстылық бойынша берген қорытындысын тергеушілердің (сот, прокурордың) іздестірілетін объектінің тепе-тең деп пайымдауы саналады. Мысалы, сарапшының пышақ жүзінен табылған талшық пен жәбірленушінің көйлек матасының жалпы топтық қатыстылығы бір және олар мақта мата түріне жатады деп берген қорытындыларын тергеушілер бағалауда, олар пышақ жүзіндегі талшықтар жәбірленушінің көйлегінікі деп санайды. Сарапшының бұл тұжырымдары бір жағынан объекттің оқиғаға қатыстылығын жоққа шығармайды, екінші жағынан алып қарастыратын болсақ қылмысқа қатысты басқа да объектілер болуы мүмкін. Шын мәнінде бұл қорытындылар ықтималдық сипатқа ие, олар кемшіліктерді болғызбай қоймайды және де ақиқатқа жетудің кепілдігі бола алмайды. Идентификациялық тұжырымдарды мақұлданған және мақұлданбаған түрде бағалау – дәлелдеменің барлық процесін сипаттайтын келесідей қағидаларды сақтауы керек: біріншіден, маңызды, мәнді дәлелдемелер (соның ішінді сарапшының тұжырымының мәні мен маңызы) басқа дәлелдемелермен байланысты болуы тиіс; екіншіден, барлық дәлелдемелер (соның ішінде сарапшының қорытындысы) бір жүйені құруы қажет; үшіншіден, бір жүйедегі дәлелдемелер бір-бірімен өзара үйлесімді болуы, сондай-ақ олар басты дәлелдемемен сәйкес келуі тиіс; төртіншіден, әр дәлелдеме негізді болуы және жоққа шығарылмауы керек; бесіншіден, қарастырылып отырған болжауға негізделген барлық дәлелдемелер жиынтығы басқа да әртүрлі болжауларды болғызбауы тиіс. Басқа процесуалдық формада яғни, тану жолымен жүргізілетін идентификация қорытындыларын бағалаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Идентификацияның барлық кезеңдерін толығымен, яғни ойдағы бейне бойынша идентификациялауды түгелдей тергеушінің өзі жүзеге асырады. Атап айтқанда: танылатын идентификацияланатын тұлғадан жауап алуды; дублерларды, куәгерлерді іріктеп алу мен басқа да дайындық әрекеттерін және тануды (идентификацияны) жүргізуді, сондай-ақ тану қорытындыларын бағалауды, сол сияқты идентификациялық процестердің барлығын тергеушінің өзі орындайды. Негізінде бағалау қызметі танылушы тұлғалардан жауап алу кезінен басталады және тану әрекетін жүргізу қажет пе, әлде қажет емес пе деген мәселеге байланысты бір шешімге келуге ықпалын тигізеді. Тану жүргізу бойынша дұрыс шешімге келу кезінде оның қорытындыларын бағалау теңдестіру фактісін анықтау қажеттілігін тудырады. Тану әрекетін жүргізуге байланысты қабылданған шешімдер теңдестіруді мүлдем жоққа шығармайды.
§4. Диагностика криминалистиканың ілімi ретінде Криминалистикалық диагностика жеке ілім ретінде кейінірек пайда болды. Ілім ретінде диагностиканың пайда болу тарихы криминалистикалық идентификация теориясының тарихына ұқсас. Бұл бағыттың криминалистика ғылымында қалыптасуы идентификация теориясындай тәжірибелік (эмпирикалық) материалдардың ұзақ жылдар бойы жиналуынан тұрады. Бүгінгі таңда диагностикаға қатысты криминалистикалық техника, тактика, әдістеме, сот сараптамасы, сот-медицинасы, психиатрия, психология және т.б. әртүрлі салаларға байланысты өте көптеген материалдар жиналған. Бұл материалдар жалпы талдап қорытуды, жүйелеуді талап етеді. Егер криминалистикалық идентификация теориясы мазмұны жағынан сәйкестендіру туралы үйлесімді, логика жағынан өз кезектілігімен жүйеленген білім жүйесінен тұрса, диагностика ілім ретінде әлі күнге дейін пайда болу, қалыптасу кезеңінде екенін көре аламыз. Идентификацияны жүзеге асырудың негізгі формасы сараптама болып табылады. Ол, әсіресе дәстүрлі сараптама түрлерінде қолданылады. Ал диагностика болса сараптаманың барлық түрлерінде жүзеге асырылып, сонымен қатар, жедел-іздестіру, тергеу, сот әрекеттерінде қолданылады. Диагностиканы сарапшылар, тергеушілер, жедел қызметкерлері, мамандар мен соттар жүргізеді. Оның субъектілер шеңберінің кең көлемді екенін байқаймыз. Идентификация, негізінен, дәлелдеу әдісі ретінде қарастырылса, диагностика дәлелдеумен қатар, іздестіру, жедел-іздестіру мәніне ие бола алады. Бірақ та идентификация мен диагностиканың мақсаты бір – тергелетін іс бойынша фактілі мән-жайларды анықтау. Диагностика тұрғысынан шешілетін мәселелер (жалпы және жеке) шеңбері кеңірек. Диагностика қарастыратын жалпы мәселелерді: дәлелдемелік, іздестірушілік және жедел-іздестірушілік деп үш бағытта қарастыруға болады. Бұл мәселелер өзара тығыз байланысады, сондықтан дәлелдемелік диагностиканы кей уақытта жедел-іздестіру диагностикасынсыз қарастыру мүмкін емес. Идентификация мен диагностика мәселелері бір-біріне қарсы қойылмайды. Оларды алмастыру арқылы, яғни идентификациялық мәселелерге дейін диагностикалық мәселелерді немесе керісінше, диагностикалық мәселелерге дейін идентификациялық мәселелерді шешуге болады. Мысалы: табылған мәйіттің киімінен бөгде іздердің анықталуы мүмкін. Осы іздерді табу, олардың шығу тегін, пайда болу механизмін анықтау – диагностиканың іздестіру сипатындағы шешетін мәселелері болып табылады. Диагностиканың көмегімен сезіктіні ұстауға, жәбірленушіні өлтіру құралын анықтауға байланысты міндетті түрде киімде пайда болған бөгде ізге идентификациялық зерттеу жүргізіледі. Диагностиканың жеке мәселелері өте көп. Оларды жіктеу негізі ретінде қылмыс оқиғасын құрайтын материалдық дүние объектілерін, қылмыстың өзін және өзге де қылмысты құрайтын материалдық объектілерді қарастырған жөн. Идентификация объектісі ретінде тек қана материалдық заттар қарастырылса, диагностикада объект ұғымына материалдық заттармен қатар, объектілердің жеке қасиеттері, объектілердің, құбылыстардың күй-жағдайлары, объектідегі процестер, оқиғалар, ситуациялар, оқиға механизмдері де кіреді. Яғни, объектілердің кең ауқымды шеңбері зерттелінеді. Егер объект ретінде материалдық заттар қарастырылса, оларды күй-жағдайына байланысты (қатты, сұйық, сусымалы, газ тәріздес), табиғатына (шығу тегіне) байланысты (тірі, өлі, органикалық, органикалық емес, табиғи, жасанды), сапасы жағынан, қолдану мақсатына байланысты (аспаптар, құрал-жабдықтар, заттар, әшекейлер, ақша және т.б.), құрылымы жағынан (жеке, жиынтық ретінде) жіктелінеді. Егер объект ретінде құбылыстар, процестер зерттеу пәніне жатса, олар техникалық, физиологиялық, психологиялық, биологиялық, био-химиялық, физикалық, сонымен қатар, механикалық, химиялық, радиациялық және т.б. негіздер бойынша жіктеуге жатады. Диагностика объектісі ретінде – оқиғалар, ситуациялар қарастырылса, оларды жол-көлік оқиғасына (соқтығыс, жолаушыны басып кету, аударылып қалу және т.б.), кісі өлтіруге (пышақпен, атыс қаруымен), ұрлыққа (бұзып кіру), тонауға, қарақшылыққа, контрабанда, жарылыс оқиғаларына және т.б. жіктейміз. Құбылыстар, процестер, оқиғалар, ситуациялар қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Күрделіде – құбылыстардың, процестердің, оқиғалардың, ситуациялардың механизмдері объект болып табылады. Объектілердің, қасиеттердің, құбылыстардың, ситуациялардың әртүрлілігі оларды теориялық жағынан талдау мен жүйелеуді қиындатады. Диагностикалық мәселелер шешетін субъектілерге қатысты жедел қызметкермен, тергеушімен және сарапшымен шешілетін диагностикалық мәселелер болып жіктелінеді. Қазіргі кезде диагностикалық мәселелерді жүйелеу өз көрінісін сараптамалық зерттеу шеңберінен тауып отыр. Сот сараптамасының көптеген түрлері негізінен диагностикалық мәселелерді шешеді. Бұл сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-бухгалтерлік, сот-қаржылық, экономикалық, товароведтік, технологиялық, автотехникалық, өрт-техникалық, инженерлік, медицина-әлеуметтік және өзге де сараптамалар. Сот сараптамасымен шешілетін диагностикалық мәселелер классификациялық, диагностикалық және ситуациялық деп жіктелінеді. Мысалы, сот-медицина сараптамасында негізінен диагностикалық сипаттағы мәселелер қарастырылады: өлімнің себебі, уақыты, құралы, тірі кездегі алған жарақаттары, жарақаттың дәрежесі, қан тобы және т.б. Кейде идентификация қажет ететін жағдайлар да туындайды, мәселен: жәбірленушінің жеке басын, өлтіру құралын, шашын, қанын және т.б. идентификациялау. Дәстүрлі сараптамалардың барлық түрлерінде – трасологиялық, баллистикалық, қолжазбалық, ТЭД, авторлық, заттар және материалдар сараптамасында диагностика мен идентификацияның атқаратын рөлдері бірдей, бірақ трасологиялық сараптамада идентификациялық мәселелердің диагностикаға қарағанда басымдырақ екенін атап кеткен жөн. Бүгінгі таңда сараптаманың барлық түрлері бойынша диагностикалық мәселелерді шешу, әдістемелік жағынан алып қарағанда жеткілікті өңделіп жетілдірілген деуге болады. Диагностика жүргізудің көптеген әдіс-тәсілдері мен әдістемелері бар. Сарапшылар идентификациялық зерттеулер жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді диагностикада да қолданылады. Диагностика жүргізу кезінде қандай объектілер зертттелетіндігіне байланысты әдістер әртүрлі классификацияланады (жіктеледі). Сарапшылармен өңделген әдістемелерде идентификациялық мәселелер бойынша туындаған сұрақтарды шешу үшін тергеушілер мен мамандарға диагностикалық объектілерді табу, бекіту және алуға байланысты ұсыныстар берілген. Мысалы, сот-баллистикалық сараптамаларында идентификациялық және идентификациялық емес мәселелер бірдей шамада қарастырылып шешіледі. Тәжірибеде сезіктіден алынған қару құралы, мәйіттен алынған оқ немесе оқиға болған жерден табылған гильзалар бойынша идентификация өте жиі жасалады. Бірақ кейбір жағдайларда келесідей диагностикалық: қару өздігінен атылып кетуі мүмкін бе еді; қару қандай қашықтықтан атылған; оқ-дәрілер мен қаруды дайындау тәсілдері қандай; қару құралы атуға жарамды ма; қарудың моделі, жүйесі қандай деген сұрақтарды және басқа да диагностикалық сипаттағы жағдайларды анықтау қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ, идентификациялауға қажетті материалдарды дайындау кезінде қойылатын талаптар диагностикада да қойылады. Мысалы, ату арақашықтығының фактісі тек жәбірленушінің ату іздері бар киімдері мен сезіктіден алынған қару, оқ-дәрі жабдықтары сараптамаға жіберілгенде ғана анықталуы мүмкін. Қарудың өздігінен атылып кету фактісін анықтау үшін тергеуші осы фактіге қатысты қарудың өзін және факті жайындағы ақпараттарды сарапшыға жіберуі қажет. Сараптама шеңберінде жүргізілетін диагностикалық зарттеулердің қолданылатын өзіндік әдістемелері бар. Сарапшы идентификациялық зерттеулеріндегідей белгілерді анықтай отырып, оларды бағалайды. Яғни қорытындыларды қалыптастыру негізінде баға береді, оның дәлдігі жөніндегі қорытындылар категориялық және ықтималды болып келуі мүмкін. Әдістеме болмаған жағдайларда: сараптамаға жіберілген зерттеу объектілерінің саны жеткіліксіз болған, сондай-ақ объектілерді дұрыс емес бекіткен, алған жағдайларда және басқа да себептерге байланысты сарапшы тергеушінің қойған барлық сұрақтарына жауап бермеуіне болады. Сараптамалық диагностика кезінде тек категориялық (дұрыс немесе теріс, дұрыс емес) қорытындылар ғана дәлелдемелік маңызға ие бола алады. Диагностика қорытындыларын бағалаудың ерекшелігі, категориялық қорытындылар барлық уақытта жеке фактілік маңызға ие бола бермейтіндігінде және де диагностикалық ситуациялар мен идентификацияны шешетіндігінде. Мысалы, сарапшы оқиға болған жерден алынған оқ, гильза Макаров тапанша-пулеметі жүйесімен атылған деп қорытынды береді. Бұл қорытынды сезіктінің тұрғын-жайына тінту жүргізу мақсатында қолданылады. Егер дұрыс нәтижелер алынған жағдайларда, табылған тапанша оқ, гильзаларымен бірге сараптамаға идентификациялауға жіберіледі. Диагностика тергеуші мен мамандардың қызметінде өзіндік ерекшеліктерге ие. Нақты айтқанда дигностика тергеушінің болжау құру мен оны тексеру кезінде пайда болады. Ал, мамандар тергеушімен жүргізілген тергеу әрекеті шеңберінде диагностика жүргізу арқылы тергеушіге болжаулар құруға көмегін тигізеді. Тергеуші мен маман диагностикасы көптеген жеке сұрақтарды шешеді және жеке болжауларды құруға мүмкіндіктер береді. Мысалы, оқиға болған жерді қарау кезінде диагностикалау келесідей: не жағдай болды; қылмыс қалай жасалды; қылмыскер кім; ол не істеді; іздер қайда болуы мүмкін деген сұрақтарды шешуден басталады. Егер іздер табылған жағдайларда, мысалы: аяқ киімнің ізі бойынша қылмыскердің жынысын, жасын, жағдайын, бойы мен басқа да іздердің сыртқы белгілерін диагностикалауға (ажыратуға) болады. Тергеуші жауап алу барысында жауап алынушы тұлғаның жағдайын диагностикалауға тырысуы қажет. Тергеуші дұрыс диагностика жасау арқылы іс бойынша алынған мәліметтердің, ақпараттардың дұрыстығына, дәлдігіне, анықтылығына немесе оның жалғандығына, болмаса оның жартылай, ішінара жалғандығына көз жеткізеді. Тергеушінің диагностикасы өзіндік мәні бойынша сараптамалық диагностикадан ерекшеленеді. Тергеушінің диагностикасы – бақылау, модельдеу, эксперимент, салыстыру, өлшеу, сипаттау дегендей жалпы ғылыми әдістемелерге негізделеді, сонымен қатар криминалистика, психология әдістерін пайдаланады. Ал сараптамалық диагностикада диагностикалық зерттеу әдістемелері негізінде өңделіп жетілдірілген құрал-жабдықтық (инструменталдық) әдістер қолданылады. Мысалы, жәбірленушінің киіміндегі қатпарлану фактісі мен оның табиғатын анықтау үшін сарапшы жарықтандыруды әртүрлі жағдайларда жіберу, сондай-ақ химиялық, спектрлік және т.б. талдаулар жасау арқылы визуалды-микроскоптық әдісті (МБС-2) қолданады. Әдістерді қолдану негізінде сарапшы қорытындыны классификациялық сипатта береді. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.) |