|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 3 страницаЛ.Н. Мороздың пікірінше: криминалистикалық идентификация мынандай жағдайларда орын алады: «а) идентификация тәсілдері арнайы криминалистермен өңделіп жетілдірілген жағдайларда; ә) бұл тәсілдердің көмегімен объектінің жекелеген сәйкестігі (индивидуальная принадлежность) анықталған жағдайларда (бұл жерде ол объектілердің топтық қатыстылығын анықтауды қарастырған); б) криминалистикалық идентификацияның объектісі тек криминалистикалық идентификация объектілерінің шеңберіндегі нақты бір жекелеген объектілер ғана бола алады; в) криминалистикалық және соттық идентификация арасында айырмашылықтар бар және идентификацияның тергеу тәжірибесі мен оның процесуалдық тәртібінде ерекшеліктер болған жағдайда,» – деп көрсеткен. Ал В.С. Митричевтің көзқарасы бойынша: «дәлелдеу аясында жүзеге асырылатын идентификация соттық деп аталуы қажет. Соттық идентификацияның логикалық идентификациядан ажырататын ерекшелігі – субъектілер мен объектілерге байланысты. Криминалистикалық идентификацияны соттық идентификация шеңберінде қарастыру керек. Соттық идентификацияға – сот-медицина, психиатрия, биология, токсикология саласындағы салыстырмалы зерттеулер жатады. Криминалистикалық идентификацияға тек криминалистік-сараптама шеңберінде жүргізілетін зерттеулерді жатқызу қажет. Идентификацияның ерекшелігін – қылмыстың механизмі мен жағдайы және оның жасалу мән-жайлары жөніндегі мәліметтерді, объектілерді, үлгілерді жинау ерекшелігімен түсіндіруге болады» - деп тұжырымдайды.. Г.И. Кучеревпен берілген тергеу тәжірибесіндегі идентификацияның дәлелдемелік мәнін қарастыратын болсақ, ол «идентификацияны криминалистикалық» деп атай отырып, оның ерекшелігін төмендегідей бөліп көрсетеді. Бірінші ерекшелігі, объектілермен байланысты. Объектілер – бұл материалдық дүниедегі кез-келген үйлескен заттар, әртүрлі процестер. Оларға қойылатын шарт: барлық объектілер олардың субстанциясына қарамастан соттық іспен байланысты болуы керек, сондай-ақ заттай дәлелдемелік сапасы болуы қажет. Бірақ олар – тұтынушылық, этикалық, техникалық және көптеген басқа да қасиеттерін жоғалтуы мүмкін, мұндай кезде жоспарға объектінің қылмыс жағдайы жөніндегі ақпарат жеткізуші жақтары бірінші кезекке қою керек. Сонымен, криминалистикалық идентификацияның бірінші ерекшелігі – заттай дәлелдемелік фактілер жөніндегі ақпараттарды қамтитын объектілердің арасындағы тепе-теңдік қатынасын анықтаудан тұрады. Екінші ерекшелігі, сараптаманың қорытындыларындағы жеке тепе-теңдікті көрсететін нәтижелер іс үшін мәнді болып табылатындығы мен дәлелдеме ретінде жеке тепе-теңдікті көрсететін нәтижелердің маңыздылығында. Басқа ғылым салаларында объектіні – түрі, тегі бойынша идентификациялау жеткілікті, ал дәлелдеу барысында объектіні: түрі, тегі бойынша ғана анықтау жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан да криминалистикада, сот-сараптамаларында жекелеген тепе-теңдікті (сәйкестікті) анықтау үшін теориялық және сараптамалық зерттеулер үздіксіз жүргізіліп отырады. Г.И. Кучеровтың пікірі бойынша криминалистикалық идентификацияның екінші ерекшелігі «қылмысқа қатысты жекелеген сәйкестікті немесе объектілер шеңберін барынша қысқартуды анықтау тенденциясынан тұрады» - деп санайды. Криминалистикалық идентификацияның үшінші ерекшелігі, - процесуалды тәртіппен, процесуалдық түрде бекітілетіндігінде. Сонымен қатар, барлық идентификациялық танымдық қызметтің белгілі бір тәртібі мен шегі бар. Олар: сараптаманың шегі мен құралдарына, сондай-ақ заттай дәлелдемелер және олармен жұмыс жасау тәсілдеріне, оларды сақтауға және зерттеуге байланысты құжаттарды тіркеу мерзіміне қатысты әдістер мен басқа да тәсілдерді таңдауға қатысты болып отыр. Сонымен, криминалистикалық идентификацияның үшінші ерекшелігі оның процесуалдықформасында. Дегенмен де, криминалистикалық идентификация – ғылымның барлық басқа салаларындағы логикалық теңдестіруді сипаттайтын мазмұндар мен қағидалардай объективтік шындықтың белгілі бір бөлігінің танымдық процесі болып табылады. М.Я. Сегай, Н.В. Терзиевтер тергеу тәжірибесіндегі идентификацияны “соттық идентификация” деп атаған дұрыс деп санай келе, келесідей мән-жайларды көрсетеді: - идентификация қорытындылары қылмыстық және азаматтық істерде соттық дәлелдеме қызметін атқарады, осыған байланысты оларды бекіту мен зерттеу әдістемесіне арнайы талаптар қойылады; - басқа ғылымдарға қарағанда криминалистикада сәйкестікті ғана емес, сонымен қатар айырмашылықтарды да анықтаудың маңызы зор; - криминалистикада жекелеген тепе-теңдікті анықтау – идентификацияның басты мәселесі болып табылады; - химия, биология және т.б. ғылым салаларында топтық қатыстықты анықтау жеткілікті. Аталған ерекшеліктер ұсынылатын зерттеу әдістемесіндегідей, теңдестіру нәтижелерін рәсімдеудің арнайы талаптарын анықтайды. Бұл ерекшеліктер сот-медицина шеңберінен де орын алады, жоғарыда аталған авторлар идентификацияны не үшін соттық деп атау негізді деп санайды. В.Я. Колдин өз еңбектерінде: «криминалистикалық идентификацияның ерекшелігі: -нақты жекеленген объектінің тепе-теңдігін анықтау; -қылмыстық және азаматтық істердің фактілік жағдайын анықтаудың құралы болып табылады» - деп көрсетеді. Ол соттық идентификацияның басқа да ғылым салаларындағы идетификациядан айырмашылығы жоқ, оны әдеттегі классификациялық зерттеулер ретінде қарастырып, соттық идентификацияны бөліп көрсетпеген. Ал, М.В. Салтевский криминалистикалық идентификацияның ерекшелігін: «объектілерді жинау тәсілдерінің процесуалдық формасы ретінде ғана емес, сонымен қатар, дәлелдеу процесінде теңдестірудің нәтижесін қолдану мен нақты бір жеке объектілердің сәйкестігін анықтауда» деп қарастырады. Жалпы айтылған пікірлерді қорыта келе мынандай тұжырымдар жасауға болады: - криминалистикалық идентификацияның мақсаты – сот өндірісі аясындағы материалды объектілердің тепе-теңдігін, сәйкестігінің бар немесе жоқтығын анықтап дәлелдемелер алу болып табылады және оларға байланысты арнайы әдістемелік талаптар қойылған; - криминалистикалық идентификацияның маңызы – барынша қысқартылып жинақталған объектілер шеңберінен жекеленген сәйкестікті (тепе -теңдікті) анықтауда; - криминалистикалық идентификация процесінің негізінде – идентификациялық белгілер жиынтығын салыстыру және бұл белгілердің сәйкестігі мен айырмашылықтарын бағалау жатыр; - қорытындылар процесуалдық актілер (сарапшының қорытынды актілері, хаттама) түрінде беріледі; - химия, биологиялардан айырмашылығы идентификация қандай да бір мәселелерді шешу процесіне ие болады, яғни дәлелдеу тәсілінің біріне жатады; - криминалистикалық идентификация тек заңда көрсетілген субъектілермен ғана жүзеге асырылады. Сонымен,жоғарыда көрсетілген анықтамаларды жалпылама қорыта келе, біз Л.Н Мороздың берген анықтамасына жүгенеміз:«криминалистикалық идентификация – соттық дәлелдемелерді алу мақсатында заңда бекітілген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, объектінің сәйкестігі мен айырмашылық қасиетін көрсететін белгілерге салыстырмалы зеттеулер жүргізу процесі түрінде жүзеге асырылады». Криминалистикалық идентификацияның маңызын бағалау өте күрделі процесс болып табылады. Идентификация – дәлелдеу тәсілінің өте кең тараған түрі. Идентификацияның көмегімен: қылмысқа дайындалу әрекетінің орнын, қылмыс жасалған, қылмыстың ізін жасырған жерлерді; қылмыскердің қылмысты жасауға қолданылған қару құралдарын; қылмыскерді, жәбірленушіні, қылмыстық қол сұғылған заттарды идентификациялауға және т.б. анықтауға болады. Көріп отырғанымыздай, дәлелдеу кезінде көптеген жағдайлар идентификациялауға жатады. Бірақ-та олардың әрқайсысы әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мысалы: қылмыскердің жеке басын оның қолжазбасы, дауысы, бейне келбеті, аяқ, қол іздері, шашы және т.б. бойынша идентификациялауға болады. Бүгінгі таңда криминалистикалық идентификация теориясы криминалистикадағы жеке ілімдердің ең жетілдірілген түрлеріне жататындығы осы жағдайлармен түсіндіріледі. Барлық танымал кеңестік криминалистер криминалистикалық идентификация мәселелерімен тікелей немесе жанама түрде айналысты. Криминалистикалық идентификация теориясы – тарихи жағынан жеке криминалистикалық теориялар арасынан ең алғаш пайда болып, білімді жүйелендіру құралы ретінде қалыптасқан ілім болып табылды. Криминалистикалық идентификация теориясының қалыптасуы мен даму тарихын төмендегідей 3 – кезеңге бөліп көрсетуге болады: 1-кезең – теориялық негізі мен оның негізгі жағдайлары және қағидаларының пайда бола бастауынан XX-ғасырдың 50-ші жылдарына дейінгі кезеңдерді хронологиялық түрде қамтиды; 2-кезең – бұл 80-жылдарға дейінгі әртүрлі идентификациялық зерттеу әдістемелерінің қалыптасу кезеңі; 3-кезең – криминалистикалық идентификация жағдайлары және т.б. қайтадан қарастырылып нақтыланатын кезеңдер жатады, ол бүгінгі таңда орын алуда. Криминалистикалық идентификация теориясы – қылмыстық оқиға туралы дәлелдемелік ақпараттарды, сондай-ақ объектінің тепе-теңдігін анықтауға байланысты әдістемелік ұсыныстар мен тәртіп-ережелерінен тұратын ғылыми ілімдердің жиынтығы. Криминалистикалық идентификация процесуалдық және процесуалдық емес формасында қарастырылады. Идентификацияның процесуалдық емес формасы қолданбалы және жедел болып екі түрге бөлінеді. Идентификацияның қолданбалы түрі –мұражай, ғылыми-зерттеу институттарының, азаматтардың талаптары бойынша жүзеге асырылады. Ал идентификацияның жедел түрі қылмыстық іс қозғалғанға дейін орындалады. Идентификацияның нәтижелері жедел-іздестіру қызметінде қолданылады. Идентификацияның процесуалды формасы: 1) сот сараптамасы; 2) тану үшін көрсету; 3) объектілерді қарау шеңберінде жүзеге асырылады. Тану үшін көрсету және қарау тергеу әрекеттері шеңберіндегі идентификация тергеушімен жүргізіледі. Сот сараптамасы шеңберінде қолданылатын идентификация процесуалдық түрде өте кең таралған. Идентификациялық зерттеулер бірнеше түрлерге бөлінеді. Криминалистикалық идентификацияның классификациясы идентификация объектілерімен ғана емес, сонымен қатар олардың табиғи қасиеттері мен басқа да параметрлерімен байланысты. Идентификация деңгейіне байланысты мынадай идентификация түрлері ажыратылады: · объектінің бір текке жататындығы; · топтық қатынастылығы; · жекеленген сәйкестігі анықталады. Идентификацияланатын объектінің табиғатына байланысты: · нақты бір жеке объект бойынша; · бүтінді бөлшек арқылы анықтау бойынша; · шығу (пайда болу) қайнар көздері бойынша. Идентификацияланатын объектіге байланысты идентификацияның келесідей түрлері бар: · ойдағы бейне бойынша идентификациялау; · жеке объектілерді материалды бекітілген бейнесі бойынша идентификациялау; · шығу қайнар көздері бойынша идентификациялау; · бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау. Мысалы, табылған қолдың ізі арқылы сезіктіні идентификациялау жеке объектіні бейненің материалдық бекітілуі бойынша идентификациялауға жатады; оқиға болған жерде табылған сым-темір бөлшектерін сезіктінің автокөлігінің багажынан табылған сым-темір бөлшектерімен идентификациялау – бүтінді бөлшек арқылы идентификациялауға жатады; бір сезіктіден табылған пакеттегі есірткіні екінші сезіктіден табылған пакеттегі есірткімен идентификациялау – шығу қайнар көзі бойынша идентификациялау түріне жатады. Сонымен қатар, идентификацияны жүргізу субъектісіне байланысты тергеу және сараптамалық идентификация деп бөлеміз. Объектісі бойынша: адам, жануар, атыс қаруы, көлік құралдары және т.б. идентификация түрлерін бөліп қарастыруға болады. Криминалистикалық техниканың салалары бойынша – портретті (ауызша суреттеу), трасологиялық, баллистикалық, қолжазбатану және т.б. түрлері бар.
§2. Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі) Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы)
Объект ұғымы – криминалистикалық идентификация теориясының басты мәселесі болып табылады. Объектілерді анықтау – идентификацияның зерттеу мазмұнына, яғни ғылыми зерттеулер қалай жүргізіледі және олар сот-тергеу тәжірибесінде қалай жинақталады деген мәселелерді шешуге маңызды әсер етеді. Криминалистикалық идентификация объектісінің түсінігі қылмысты тергеудегі криминалистикалық-техниканың, тактиканың, әдістемелердің даму деңгейімен байланысты. XX-ғасырдың 1-жартысындағы идентификациялық объект шеңбері мен XX-ғасыр аяғындағы идентификациялық объект шеңберінің арасында елеулі айырмашылықтар бар. Криминалистикалық идентификация объектілерінің түсінігіне байланысты пікір-таластық талдаулар екі кезеңнен өтті. Бірінші рет пікір-таластық 1940 жылдары профессор С.М. Потаповтың мақаласының шығуына байланысты болды. С.М. Потапов криминалистикалық идентификация объектісіне – заттарды, адамдарды, олардың ойлау қабілетін, әрекеттерін, құбылыс пен уақытты және басқаларды жатқызды. Профессор С.М. Потаповтың көзқарасы бойынша криминалистикалық идентификация объектісінің түсінігі материалдық заттар, құбылыс және ойлармен қамтылуы тиіс. Нақты айтқанда, объект ұғымына түсінік кең мағынада беріледі. С.М. Потаповтың мақаласына байланысты көптеген сыни еңбектер жазылды. Жазылған сыни көзқарас жайындағы пікір-таластықтар 60-жылдары тоқтады. Криминалистикалық идентификация объектілеріне «қандай материалды дүниедегі объектілерді жатқызуға болады» - деген сұрақтарға байланысты 70-жылдары жаңа пікір-таластар туындай бастады. Бір көзқарастар бойынша (бұл дәстүрлі идентификацияның өкілдері) криминалистикалық идентификация объектілеріне сыртқы құрылысы бар, толық тұрақты формадағы заттарды жатқызылды. Ал бұл қатты денелер болып табылады. Басқа көзқарастар бойынша, криминалистикалық идентификация объектілеріне кез-келген субстанциядағы материалды денелердің қалыптасуынан тұратын заттар, яғни, қатты, сұйық, газ тәріздес заттар жатқызылды. Ганс Гросстың пікіріне байланысты кез-келген материалды субстанциядағы объектілерді жекелей идентификациялау мүмкіндігі танылған. XX-ғасырдың екінші жартысынан бастап жоғарыдағы пікірлер бойынша көптеген материалды объектілерді теңдестіру жұмыстары сараптама тәжірибесінде ғылыми-техникалық құралдар мен аналитикалық әдіс-тәсілдерді кеңінен ендіре отырып жүзеге асырыла бастады. Бұл мәселеге байланысты зерттеу әдістемесін өңдеп жетілдіру мен айналысқан криминалистердің арасынан В.С. Митричевтің еңбегі орын алды деуге болады. В.С. Митричевтің бастамасымен объектілер шеңбері кеңінен қарастырылды, объектілерге қатты денелер ғана емес, сонымен қатар, сұйық, газ тәріздес, сусымалы заттар кеңінен енгізіліп дәлелдеу мүмкіндіктерін арттырды. Криминалистикалық идентификацияның объектісі – жалпы қайталанбайтын идентификациялық белгілер жүйесі мен салыстырмалы тұрақты түрде болатын материалдық заттар болып табылады. Идентификацияның объектісіне тек қатты заттар ғана жатпай, сонымен қатар сұйық, сусымалы, газ тәріздес объектілер де жатады. Объектілерді жекелеу келесі ғылыми ережелерден құралады: Біріншіден, материалдық дүниедегі объектілердің сапалылық және сандық жағынан анықталуы. Екіншіден, материалдық дүниедегі объектілердің салыстырмалы тұрақты болуы. Осы негізгі қағидалар таным әдістерінің қандай да болмасын қолдану аясына байланыссыз тұрақты болып қалады. Материалдық дүние объектілерін сапасы жағынан анықтау олардың жекелілігін көрсетеді, яғни объектілердің бір-бірінен ажыратылып, дүниенің шексіз әртүрлі екендігін көрсетеді: екі тамшы судың, талдың екі жапырағы, бір станокта жасалған детальдардың және т.б. объектілердің өзара ажыратылуы. Сапа – объектінің жеке қасиеттерінен көрінеді, ол затпен бүтіндей байланыстырылып, толығымен қамтылады, одан бөлініп қарастырылмайды. Әрбір объектінің өзіндік табиғи сапасы болады. Материалдық дүниедегі объектілер сапа жағынан анықталуымен қатар, сандық жағынан да қарастырылады. Бір-біріне ұқсамайтын объектілердің өзара ерекшелігі сапасы жағынан көрінеді, ал бір-біріне ұқсайтын объектілер сандық жағынан сипатталынады. Сапаға қарағанда сандық жағынан сипаттау объектінің мәнімен байланыспайды. Сандық өзгерістер объектінің бірден жойылуына әкелмейді. Сандық жағынан өзгерістердің өз шегіне жетуі басқа сапаға әкелуі мүмкін. Идентификация үшін сандық өзгерістердің шегі туралы елестету өте маңызды. Әлемде барлық объектілер қозғалыста болады – бұл материяның қасиеті, оның тіршілік ету әдісі болып табылады. Біз бүкіл табиғаттың қозғалыста болып өзгеріске ұшырайтынын білеміз. Бірақ бұл процесте кез келген материалдық денелердің салыстырмалы тыныштықта, яғни бір қалыпта болатын кезеңдері де кездеседі. Заттардың осы объективті қасиеті арқылы объектілердің белгілі бір уақыт арасында өзінің бейнесін сақтай отырып, оларды шексіз материалдық объектілердің арасынан бөліп анықтауға мүмкіндік береді. Яғни олар сәйкестендіру арқылы анықталады. Салыстырмалы тұрақтылық – бұл материяның қасиеті, ол болмаса объектінің сапалық жағынан анықталуы мүмкін болмас еді. Қозғалыстың үзіліссіз процесіне қарамастан сапа әр уақытта сақталынады. Диалектика заңы бойынша сандық өзгерістің шегі шарқына жеткенде, заттар бір сападан екінші сапаға өтеді. Идентификация үшін заттың салыстырмалы тұрақтылығы маңызды болып келеді, бірақ бір сападан екіншіге өту кезінде басты роль атқарады. Салыстырмалы тұрақтылық дәрежесі объектілердің әр категориясы үшін жекеленген. Мысалы: адамның қол саусағының папиллярлы өрнектері өмір бойы өзгеріссіз бір қалыпта болады, олардың тек көлемі ғана өседі. Олар тек қана белгілі бір апатқа түсуден және т.б. жарақатталған, зақымданған не болмаса қандай да бір (ауруға байланысты) жара шығудан ғана өзгеріске ұшырап, қосымша жеке белгілері пайда болады. Адам өлгеннен кейін оның терісі шіріп жойылмайынша, папиллярлы өрнектер сол қалпында сақталады. Идентификацияланатын объектілер жіктелінеді. Жіктеліну негіздері әртүрлі: 1. дәлелдеу мақсатына байланысты объектілер ізделінетін және тексерілетін болып бөлінеді. Ізделінетін объектілер дегеніміз – дәлелдеу үшін маңызды қылмыс және оның жағдайлары туралы мәліметтері бар объектілер. Тексерілетін объектінің белгісіне – табылған объектінің ізделініп отырған объекті екендігіне байланысты тергеушінің жорамалы жатады. Олар бірнеше болуы мүмкін және де идентификация арқылы олардан қажетті мәліметті ала аламыз. 2. идентификациялық процесте атқаратын рөліне байланысты идентификацияланатын және идентификациялаушы болып бөлінеді. Идентификацияланатын объект – бұл тепе-теңдігі анықталынатын объект. Идентификациялаушы объект – бұл объектінің көмегімен тепе-теңдік анықталынатын объект. Объектілерді идентификацияланатын және идентификациялаушы деп бөлудің әдістемелік маңызы бар. Тергеушіге ең алдымен объектінің идентификацияға жататын не жатпайтындығын анықтап алу керек. Мысалы: сыртқы құрылымы бейнеленген іздер табылғанда идентификацияға із қалдырушы объект жатады; бөлшектер табылған кезде бүтін зат бөлініп қалған бөлшек арқылы идентификацияланады; жаппай өндіріс өнімі табылған кезде өнімнің пайда болу көзі идентификациялауға жатады және т.б. 3. материалдық ұйымдастырылу әдісі бойынша объектілер жеке және көптік (множественный) болып бөлінеді. Жеке объектілер фазалық күйлеріне қарай қатты, сұйық, сусымалы, газ тәріздес болып бөлінеді. Көптік объектілер – морфологиясы бар және морфологиясы жоқ объектілерге бөлінеді. Мысалы: морфологиясы бар объектілерге – заттардың жинағы, механизмдер (сіріңке қорабы, сағат, қару-жарақ...), морфологиясы жоқ объектілерге – үйме дән, топырақ, құм, есірткі массасы жатады. 4. идентификациялық зерттеу объектілері, сонымен қатар, зерттелетін және салыстырма үлгілер болып бөлінеді. Зерттелетін объектілер қылмыстық оқиғаға қатысты болуы мүмкін, мысалы, жәбірленуші немесе сезіктінің қолы қойылған құжат, оқиға болған жерден алынған қан дақтары және т.б. Үлгілер – бұл зерттелінетін объектілердің қылмыс оқиғасына қатыстылығын көрсететін объектілер. Жәбірленушінің немесе сезіктінің қолы қойылған құжатқа қатысты сараптамаға олардың еркін және эксперименталды үлгілері қоса берілуі тиіс. Қан дақтарын идентификациялау үшін жәбірленуші мен сезіктінің қан үлгілері алынуы керек. Белгі туралы түсініктің теориялық және тәжірибелік мағынасына тоқтала кетейік. Белгі ұғымының теориялық мағынасы объектілерді зерттеу әдістемесін өңдеп жетілдіруге және жеке сәйкестендірілетін объектілер шеңберін кеңейтуге мүмкіндік беретін теориялық мәнінен көрініс табады. Тәжірибелік маңызы барлық идентификациялауға жататын сараптамалық объектілердің көлемін идентификацияланатын сараптама шеңберінен, яғни ықтималды сараптамалық қорытынды түрлерінің мүмкін емес формаларын қысқартудан тұрады. Идентификациялық белгі дегеніміз не? Кез келген материалды объектінің өзіндік қасиеттері бар. Объектінің қасиеті оның сапасын көрсетеді. Объектілердің мәндік рөлін қасиеттер атқарады. Ал белгі объект қасиеттерінің сыртқы көрініс табу рөлін атқарады. Объектіні белгілері арқылы танып білеміз. Белгі түсінігімен таным қызметін байланыстырады. Белгі – қасиеттің көрініс табуы. Кез келген материалды объект көптеген қасиеттерге ие болады. Ал әр қасиет көптеген белгілер арқылы сипатталады. Белгі қасиеттерден бөлініп қарастырылмайды. Объектінің мәнін анықтау үшін оның белгілер жиынтығы айқындалуы керек. Белгілер жиынтығын белгілердің механикалық бірлестігі ғана емес, белгілі белгілер жүйесі ретінде түсіну керек. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.) |