АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 17 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Қағаздың беткі қабатымен бірге, оның қорғаушы торы, ассюре, баспаханалық сызықтар мен бастапқы орындалған мәтіннің штрихтары жойылады немесе зақымданып бүлінеді. Бұл белгілер құжаттарды үлкейткіш әйнектер (лупа) немесе микроскоп арқылы қарағанда анықталады. Сонымен қатар, қорғаныш торы мен ассюренің зақымдалған сызықтарының үстінен қайта басып жазу іздері, қырып тазаланған жерлерде қайта орындалған жазбалардың микроқұрылымдарының өзгешелік белгілері, бастапқы мәтіннен қалған штрихтар байқалады, әсіресе, сапасы төмен қағаздарда сұйық бояғыштарды пайдалану арқылы жазбаларды орындау кезінде айрықша көзге көрінеді.

Қырып тазартылған жазуларды оқу үшін физика-химиялық әдістер жиынтығы қолданылады. Бұл әдістер нашар көрінетін штрихтарды, бастапқы мәтіннің люминесценциясын қалпына келтіреді. Штрихтарын қырып тазартқан жағдайда бастапқы жазылған мәтін өткінші жарықта қарау және фотосуретке түсіру арқылы анықталуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда құжаттың бастапқы мәтінін бастырып жазудан қалған қағаздың кері жағындағы бедері бойынша немесе бастапқы мәтінді орындау кезінде астындағы параққа басылып түскен іздері арқылы оқуға болады. Бастырып жазу іздері қиғаш түсетін жарықта қарау арқылы анықталады.

Өңдеу - бұл бастапқы жазбаларды (немесе оның бөліктерін) химиялық жолдармен өшіру, яғни штрихтарды түссіздендіру арқылы жою.

Химиялық реактивтер қолдану арқылы өңдеу фактісі қағаздың механикалық қасиетінің өзгеру белгілері бойынша анықталады. Химиялық заттармен өңделген қағаз жұқарып, жыртылғыш, әрі кедір-бұдырлы болып келеді. Қағаздың беткі қабатында майда жарықшалар (мелкие трещины) пайда болуы мүмкін. Қағаз бетінің оптикалық қасиеті: түсі, түрі, люминесценция сипаты өзгереді. Барлық жағдайда күмән туғызатын құжаттарды көрінбейтін ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерде қарап, зерттеу қажет. Ультракүлгін сәулелері әсерінен көптеген химиялық өңдеу құралдары мен заттары люминесценцияланады. Қағаз бетінің әртүрлі люминесценциялану сипаты (қарқыны мен түсі) бойынша өңдеу әрекеті жүргізілгендігін көре аламыз. Кейбір жағдайларда ультракулгін сәулелерінің әсерінен бастапқы мәтіндегі штрихтардың люминесценциялануы байқалады. Егер зерттелетін құжатқа спектрдің көк-жасыл бөліктерімен әсер етсе, көрінбейтін инфрақызыл сәулелердің де аумағында люминесценция пайда болуы мүмкін.

Бастапқы жазылған мәтіннің нашар көрінетін штрихтарын жарық фильтрлерді іріктеу, контрасты және түс айыру әдістерін қолдану жолымен қалпына келтіріледі.

Өңдеу фактісі мен өңделген мәтіннің мазмұнын химиялық

әдістермен де зерттеп: қүжаттың беткі қабатының сипатын

(қышқылды және сілтілі ортасын), өңдеу үшін қолданылған заттың

шығу тегін анықтауға, сонымен қатар, түссіздендірілген

жазбаларды қалпына келтіруге болады.

Бастапқы жазылған мәтінді өшіру мақсатында штрихтарды

сумен, спиртпен және басқа да ерітінділермен жуу әдісі де

қолданылады. Бұл кезде құжаттың беткі қабатында жиегі түрлі-түсті

дақ тәріздес бұлдырланған іздер қалады. Жуылған жазбаларды

қалпына келтіру әдістері жоғарыда көрсетілгендей, өңдеу фактісін

анықтау кезіндегі қолданылатын әдістер сияқты.

Қосып жазу – құжаттың мәтініне жаңа жазбаларды немесе жекеленген белгілерді, кейде жекеленген штрихтарды енгізу арқылы мәтіннің бастапқы мазмұны мен мағынасын өзгерту әдісі. Қосып жазу көбінесе құжаттың мәтіні жоқ бос жерлерде жазу материалдарының түсіне ұқсастырылып арнайы іріктеп алынып орындалады.

Қосып жазуды анықтаудың екі түрлі белгілері бар: жазудың белгілері және материал штрихтарының физика-химиялық қасиеттерінің белгілері. Жазу белгілеріне – қосып жазылған жеке сөздер мен сөйлемдер жатады. Қосып жазылған үзінділер жазба белгілері бойынша құжаттың негізгі мәтінінен ерекшеленеді. Қосып жазу үзінділері бастапқы мәтінді жазған тұлғамен орындалған жағдайдың өзінде де қолжазудың көлемінде, бағытында, екпінділігінде, жол сызықтары формалары мен бағыттарында, сөз арасындағы интервалдар өлшемдерінде, үзіндінің негізгі мәтінге қатысты ерекше орналасуында да айырмашылықтары болады.

Жазу материалдарының физика-химиялық қасиеттерінің

әртүрлілігіне негізделген қосымша жазудың белгілері: штрихтардың

бастыру дәрежесінің өзгешелігі, бұл қиғаш түсірілген жарықта,

жоғарғы топ жиілігінде анықталады; өлшеуіш лупалардың,

микроскоптардың, көмегімен штрихтардың жалпақтығының (енінің) өзгешелігі; штрихтардың микроқұрылымдарының ерекшелігі жазба материалдарының әртүрлігінен, жазба құралдарының ерекшеліктерінен көрініс табады; жазба материалдар құрамын бейнелейтін белгілердің ерекшеліктері: а) жазба материалдарының түсі мен түрі түс бөлгіш, жарықфильтрлердің көмегімен түс ажырату, спектрофометрлер, лазерлік спектроскопия, әдістерімен анықталады; б) инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерін шағылыстыру және сіңіру қабілеттілігі; в) органикалық ерітінділер мен өңделген полимерлі пленкідегі штрихтардың және олардың баспасының люминесценциясы (адсорбционды-люминесценттік әдіс); г) штрихтардың көшірмелік қабілеттілігі анықталады. Олар жазу материалдарының құрамына немесе штрихтарды жазу уақытына негізделеді (кейінірек жазылған штрихтар жақсы көшіріледі, көшіру арнайы ерітінділермен өңделген әртүрлі материалдарына жүргізіледі); құрам бөлшектері мен қоспалары бойынша ерекшеліктері, олар: электрофорез, хроматография, талдау, лазерлі спектроскопия, микроспектрофотометрия, ультракүлгін және инфрақызыл аумағында, спектрофотометрияда қолданылатын кешенді әдістермен анықталады.

Егер салыстырылатын жазуларда штрихтардың қиылысу нүктесі болса, қосып жазуды анықтау мүмкіндігі артады. Бұл үшін микроскопияны, инфрақызыл люминесценциясының суретін, көшіру әдістерін қолданатын арнайы әдістеме құрылған. Сонымен қатар, жазбаларды орындаудың ескіру мерзіміне байланысты арнайы әдістемелер бар.

Фотокарточкаларды ауыстыру арқылы қайта жабсыру негізінен түлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарда орындалады. Бұл құжаттар баспаханалық мәтіні, қорғау торлары, типографиялық клише сызықтары бар арнайы бланктерде жасалынады. Қылмыскерлер жалған құжат жасау кезінде басқа құжаттағы фотосуретті немесе жаңа суретті, мөр таңбасы бар фотокарточканың үстіне бұрышы қиылған басқа фотосуретті жабсырады. Барлық жағдайда фотосуретті жабсыру белгілері қалады: қайтадан жабыстырған фотосуреттегі мөрдің таңбасын салу; басқа құжаттан алынған фотосуретті жабыстырғанда фотосуреттегі мөр баспасының құжаттағы бөлігіне сәйкес келмеуі; бастапқы жабыстырылған фотокарточканы құжаттан алып тастағанда сызықтардың, қорғаушы тордың бүлінуі, фотосуреттің артқы жағында басқа құжат қағазының бөліктері мен талшықтарының, клейдің іздерінің болуы.

Құжаттың бөліктерін ауыстыру бірнеше бөліктерден тұратын құжаттарда (паспорт, еңбек кітапшасы, қауіпсіздік техникасының инструкциясында, журналдарда, мәміле шарттарда) жүзеге асады. Беттерін ауыстыру белгілері: парақтардың нөмірленуін, серия және нөмірлерінің, былғану дәрежелігінің әртүрлілігі, парақтардың көлемінің, олардың түстерінің сәйкес келмеуі, скрепкадан қалған артық тесу іздерінің болуы, парақтардың нөмірлерін қолдан салу, жабыстыру арқылы және басқа да өзгерту.

Әртүрлі құжаттардың бөліктерін құрастыру жолымен де жалған құжаттар жасалады. Ол әсіресе ескі, көне құжаттарды қолдан жасағанда қолданылады. Бұл айырмашылықтар қағаздарды, мәтін штрихтарын, құжаттың барлық бөліктерінде орындалған мәтіндегі қолжазбаны зерттегенде анықталады. Бастапқы мәтіні бар қағаздың беткі қабатын қиып оның орнына қажетті мәтіні бар жаңа қағаз қабатын жабыстыру жолымен кейбір құжаттарда (кассалық чектер, лотерея билеттері т.б.) белгілеулер ауыстырылады. Бұл кезде клейдің іздері, қағаз бөліктерінің шекарасы, қорғаушы тор сызықтары сәйкес келмейді.

§3. Құжаттардың бастапқы мәтінін қалпына келтіру

Көрінбейтін және нашар көрінетін мәтіндерді анықтау. Құжаттағы мәтін қасақана жою нәтижесінде (өңдеу, жуу, қырып өшіру), сондай-ақ табиғи себептерге (қолайсыз жағдайларда құжаттарды сақтау нәтижесінде мәтін штрихтарының өңінің кетуі, уақыттың өтуіне байланысты штрихтардың өшіп жойылуы т.б.) байланысты көрінбеуі мүмкін. Осындай құжаттарды зерттегенде құжат қағазы мен штрихтар арасында түсі бойынша айырмашылық (контраст) болса түс бөлу және ажырату әдістері, қарама-қайшылықты күшейту тәсілі қолданылады.

Көрінбейтін мәтінді инфрақызыл және көрінетін люминесценцияны қоздырту жолымен, сондай-ақ штрихтардың көрінбейтін оптикалық қасиеттері арқылы инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерінде суретке түсіруде көрініс табу жолымен анықталады.

Сызылған, бояу төгілген және бояу жағылған жазуларды анықтау. Мұндай құжаттарды зерттеу әдістемесі штрих заттарының физика-химиялық қасиеттерінің әртүрлілігін және штрих бедерін анықтауға негізделген.

Айқындалып отырған мәтін штрихтарының түсі мен кедергінің түсі әртүрлі болса, құжатты зерттегенде дақ түсіне сәйкес келетін түсті жарықфильтр қолданылады. Сонымен қатар, түсажыратқыш және контрасты күшейту әдістерімен фотоға түсіріледі, диффузды-көшірме әдісі де қолданылады.

Кедергі заты инфрақызыл сәулелерін сіңірмеген жағдайда, ал анықталатын жазу оларды сіңіретін затпен орындалса, онда құжаттағы көрінбейтін жазуларды анықтау үшін электронды оптикалық құралдар немесе инфрақызыл сәулелерде фотоға түсіру әдісін қолдануға болады.

Штрих заттарының және кедергінің көшірілу мүмкіндігі (қабілеттілігі) әртүрлі болса, көрінбейтін мәтін бірнеше ылғалдандырып көшіру әдісі немесе басқа да лабораториялық әдістерді қолдану арқылы анықталады.

Жанған құжаттардағы мәтіндерді қалпына келтіру. Жанған құжаттардың мәтінін қалпына келтіру мүмкіндігі жоғары температураның әсеріне ұшыраған қағаз бен штрихтардың жағдайымен анықталады. Егер қағаз бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлінсе мәтінді қалпына келтіру мүмкін емес, ал егер оттегі аз мөлшерде болғанда жанса парақтың тек сыртқы, шеткі жағына жақын жерлері бүлінеді. Қағаздың қалған бөлігі кеуіп, күйіп көмірлене бастайды. Күйген құжатқа ұқыптылықпен қараған жағдайда ғана, ондағы жазылған мәтінді анықтауға мүмкін болады. Бұл кезде суретке түсірудің арнайы әдістері қолданылады, атап айтқанда шағылысқан ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерінде түсіру, люминесценция көрінісін зерттеу, сонымен қатар, химиялық әдістер қолданылады.

Жыртылған құжаттардағы мәтіндерді қалпына келтіру осы құжаттардың барлық немесе бірнеше бөліктері болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Құжат бөліктері жақсылап толық қаралып, қағаздың түсіне, штрихтарға, қағаз шетінің сипатына, ондағы бүктеулердің бар-жоқтығына және басқа да ерекшеліктердің болуына байланысты топтарға бөлініп іріктелінеді. Бөліктерден бір бүтін қағаз құрау үшін қағаз бөліктері шыныға орналастырылады. Алдымен сырттары (шеттері) тегіс рамкалары жиналады, содан кейін қағаз бөліктерінде жалпы бөліп тұратын сызықтар болған жағдайда кағаздың ішкі бөліктері жиналады.

 

§4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу

 

Құжатқа заңдық күш беретін қажетті реквизиттің бірі – қолтаңба болып табылады.

Жалған қолтаңба жасау кезінде орындаушы ең алдымен жалған қойылып отырған қол мен түпнұсқаның сыртқы белгілерін ұқсатып жасауға тырысады. Бұл әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда қолды қойған тұлғаның қолжазбасына және қойылған қолына ұқсату жолымен, ал кейде арнайы техникалық әдістер қолдану арқылы қолтаңбаның түпнұсқасына дәлме-дәл келтіріп, сол түлғаның атынан орындалады. Осы екінші әдіс техникалық жалған қол қою деп аталады. Мұндай жалған қол қоюдың келесідей түрлері бар: алдын-ала қарындашпен салып алып, оны кейін үстінен бастыру арқылы; қолтаңбаны үстінен бастыру немесе терезеге қою жолымен көшіру қағазын қолданып бір қағаздан екінші қағазға түсіру арқылы; жоғарғы көшірмелік қасиеттегі бояғыш заттарды қолтаңба түпнұсқасынан жалған құжатқа көшіру арқылы; компьютерлік әдістерді қолдану арқылы жалған қолтаңбалар жасалынады. Жалған қол қоюдың басқа да әдістері кездеседі.

Көшіру қағазы арқылы жалған қол қоюдың техникалық белгілері: әріп элементтерінің тік немесе доғал болып қисық түсуі, штрихтардың басталуы мен аяқталу элементтерінің қисық түсуі және жазу құралдары іздеріндегі себепсіз үзілістердің болуы; біріккен екі штрихтың болуы, алдын-ала дайындалған штрихтар, екіншісі – бастырып сызу нәтижесінде пайда болған штрихтар. Қолтаңбаны көшірме қағазын қолданып бастыру нәтижесінде, алғашқы штрихтар құжат бетіне көшірме қағазының бояуымен боялып түседі, ал қойылған қолды көшірме қағазын қолданбай-ақ үстінен бастырып жазу кезінде жалған құжатта түссіз бастырылған штрихтар пайда болады.

Алдын-ала дайындалып бастырылып жазылған іздер және көшірме қағазының бояу штрихтарынан қалған іздер микроскопиялық зерттеу арқылы анықталады.

Терезеге қою арқылы бастырып көшірілген жалған қолтаңбаны, орындаушының жүргізген бояу қозғалыс белгілері арқылы, ал қаламсаппен бастырылып көшірілген жалған қолтаңба штрих бояуларының тегіс түспеу нәтижесінде пайда болған белгілері арқылы анықталады.

Барлық жағдайларда көшірме қағазын пайдалану жолымен көшірілген жалған қолтаңбаның жазу белгілері, құжаттағы түпнұсқа белгілеріне сәйкес келмейді. Себебі бастыру кезінде қозғалыс іздерін дәлме-дәл, тура түсіру мүмкін емес.

Қазіргі көшірмелі-көбейтпелі комьютерлік құралдардың көмегімен түпнұсқа қолға толық сәйкес келетін қолтаңбаларды алуға мүмкіндік береді. Мұндай қолтаңбаларды зерттеу штрихтардың құрамын (бөліктерін), олардың микроқұрылымын және оларды қағазға түсіру әдістерін анықтаумен ерекшеленеді.

 

§6. Мөр және мөртаңбаларын зерттеу

 

Жалған мөр және мөртаңбаларын жасау әдіс-тәсілдері мен оларды анықтау әдістері. Бұл жалғандық әртүрлі әдістер қолдану арқылы жасалады. Соның ішінде қолданатын ең қарапайым әдіс – жалған құжатқа таңбаның бейнесін (суретін) тікелей салу. Ол келесідей бірнеше белгілер арқылы анықталады: алдын-ала дайындық белгілері (қарындаш штрихтары, таңба бейнесінің жекеленген детальдарын салу), белгілі бір жазу немесе сызу құралдарын қолдану (қарындаштың, циркульдің басу іздері) салынған шрифт (бірдей әріптердің конфигурациясының әртүрлілігі (сәйкес келмеуі), белгілер көлемінің, олардың өзара қашықтығының бірдей болмауы штрихтарда (қолданылған жазу немесе сызу құралдарына байланысты) бояудың жайылуы.

Сондай-ақ, жалған таңбалар суреті қағазға салынған клише

қолдану жолымен орындалады.

Мұндай клишеден жасалған жалған таңбалар құжаттың қажетті жеріне штрихтарды ылғалдандырып көшіру нәтижесінде жүзеге асырылады. Клишеден түскен таңба бейнесі – біркелкі емес, нашар көрінетін штрихтармен және құжаттың жекелеген жерлерінде бояудың жайылып түсуінен көрініс табады. Сонымен қатар, құжаттағы таңба түскен қағаз бөлігі басқа участкілерден ерекшеленіп тұрады, әсіресе ультракүлгін сәулелерімен зерттеу кезінде люминесценция сипатымен ерекшеленеді. Тәжірибесі жоқ орындаушылар таңбаны бір құжаттан екінші құжатқа тікелей көшіреді, мұндай жағдайда таңба бейнесі теріс көрініс береді. Ал тәжірибелі адамдар ылғалдандырып көшіру әдісімен таңбаны алдымен "тегіс клишеге" түсіріп алып, содан соң құжатқа көшіреді.

Аралық (жалпақ жазық) клише ретінде әдетте ылғалданған фотоқағаздар, пленкілер немесе жақсы көшіру қабілеттілігі бар басқа да материалдар (піскен жүмыртқаның белогы және т.б.) қолданылады.

Мұндай әдіспен жасалған жалған таңбалар келесідей белгілері:

штрихтағы бояулардың біркелкі түспеуі, бояу түсінің нашар түсуі, бояудың жайылып түсу белгілерінің болуы, штрихтарды қолымен салу немесе бастырып түсіру белгілерінің болуы арқылы анықталады. Түсу белгілерінің болуы, штрихтарды қолымен салу немесе бастырып түсіру белгілерінің болуы арқылы анықталады.

Ультракүлгін сәулелерімен зерттеп қарау барысында "тегіс клишемен" қатынаста болған қағаз бөлігінде люминесценцияның күшейтілген түрі байқалады. Мөртаңбаны жалған құжатқа көшіру кезінде көшірме қағазының көмегімен түсіру, үстінен бастырып жазу, терезе жарығына қойып түсіру әдістері қолданылады.

Клишенің өзін қолдан жасаудың да бірнеше әдістері бар. Бедерлі клише – ағашты, линолеумді, теріні және басқа да (майысқақ) иілгіш, созылғыш материалды ойып немесе баспаханалық әріптерді жинақтау арқылы жасалады. Бұл таңба мәтіндерінен теріс түскен әріптер мен грамматикалық қателер де кездеседі.

Қолдан қиып жасалған клише ойықтары келесідей белгілермен сипатталады: нақты геометриялық формалардың қатаң түрде болмауы, белгілердің ара қашықтығының біркелкі болмауы, сөздердің, жолдардың, дөңгеленген элемент белгілердің дұрыс емес формада болуы, дөңгеленіп қиылған штрихтердің іздерімен және әртүрлі көлемдегі штрихтермен сипатталады. Мәтінде бұл ойықтардың жеке белгілері кездеседі. Нақты айтқанда сәулеленген бейнедегі геометриялық қателіктер кездеседі. Ойықты қарау кезінде клишенің жалғандығы баспаханалық шрифтың жиынтығы арқылы анықталады. Яғни, баспаханалық әріпті теру ережелерінің бұзылуын табу арқылы анықталады (әртүрлі шрифтердің қолданылуы, жол сызықтарының тегіс болмауы, грамматикалық және т.б. қателіктер). Сонымен қатар, штрихтердегі бояулардың біркелкі бөлінбеуі.

Мөрлерді идентификациялау. Құжаттағы мөртаңбаларды зерттеу кезінде ол осы мекеменің мөрімен басылды ма, әлде сезіктіден алынған немесе қандай да бір басқа мөрмен басылған ба, соны анықтау қажеттігі туындайды.

Мұндай зерттеу жүргізу үшін тексеріліп отырған мөртаңбаны зерттеліп отырған құжаттағы мөртаңбамен салыстырып қарау керек. Салыстырмалы зерттеуде қолданылатын мөртаңба үлгілері болуы қажет. Үлгілер зерттеліп отырған құжаттың қағазындай қағазға және қатты ақ қағазға мөртаңбаларды 10-12 рет әртүрлі дәрежеде басу жолымен алынады.

Мөр және мөртаңбаны идентификациялау салыстырмалы зерттеу жолымен олардың жалпы және жеке белгілерінің сәйкестігі мен ерекшелігін анықтай отырып жүргізіледі.

Мөрдің жалпы белгілеріне: оның формасы, көлемі, мөрдегі мәтіннің орналасуы мен мазмұны, елтаңбаның, эмблеманың, шрифтің көлемі мен суреті жатады. Мөрді жасау мен қолдануға байланысты кейбір: ұсақ деталь формалары, бір-біріне қатысты жеке элементтердің орналасуы, штрихтарды қосу бұрышының көлемі, ерекшеліктерін, жеке әріптер мен белгілердің және т.б. қисаюы мен өзгеру ерекшеліктерін жеке белгілерге жатқызамыз.

§6. Баспа әдіспен жазылған құжаттарды зерттеу

 

Машинкамен басып жазылған құжаттардың тәжірибеде кездесетінін ескере отырып, бұл объектілердің өзіне тән қасиеттерін білу кажет.

Машинкамен жазылған мәтіндер техника-криминалистикалық жағынан зерттеледі және келесідей жағдайлар анықталады:

1. құжат немесе ондағы жеке бір жазбалар қандай типтегі (класс,

марка, модельдегі) машинада немесе қандай маркілі шрифтпен жазылғандығы (жазба машинкасының қай топқа жататындығын анықтау);

2. машинкамен басылған мәтін осы машинкамен басылып

жазылды ма (нақты жазу машинкасын идентификациялау);

3. құжаттағы мәтін бір жазу машинкасымен жазылған ба, әлде

әртүрлі машинкамен бе;

4. мәтіннің жазылу мерзімі қандай;

Сонымен қатар, криминалистикалық зерттеу процесінде басқа да мәселелер шешіледі. Мысалы: құжат неше данада жасалғандығы туралы, кейбір жағдайда құжаттағы мәтінді орындаушы туралы мәселелер шешілуі мүмкін.

Іздестірудегі жазу машинкасының маркасын, моделін және оның шрифтінің маркісін анықтау жеке мәселелердің біріне жатуы мүмкін немесе идентификациялық зерттеудің алғашқы кезеңі болып табылады.

Машинкамен жазылған мәтін бойынша машинканың маркасы мен моделін анықтау үшін жалпы белгілер қолданылады. Жалпы белгілеріне жазу машинкасының және оның шрифт механизмінің жұмысын сипаттайтын белгілер:


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)