|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 15 страница2. Сүйек бұлшық ет қызметі мен жүйке жүйесінің бұзылуы (қол жарақаты, көз ауруы, жүйке және т.б. аурулар); 3. Орындаушының әдеттен тыс психикалық және физиологиялық жағдайы (жүйке қозуы, мас болуы және т.б.); 4. Мақсатты түрде қолжазуды қасақана өзгерту (өзінің қолжазуын әдейі өзгертіп жазуы, басқа біреудің жазуына ұқсатып жазу). Қолжазбаны әдеттен тыс жағдайларда орындау кезінде қолжазу қозғалысында төмен координация белгілері пайда болады: қолжазбаның иреленуі және тіке штрихтардың бөлінуі, әріптің иіліп келетін жерлерінің бұрыштануы, әріп өлшемінің қисаюының және орналасуының біркелкі еместігі. Қолжазбаны орындаушының қозғалыс координациясының бұзылуы идентификациялауға кедергі келтірмейді, себебі идентификацияға қажетті белгілер сақталынады. Дегенімен кей жағдайларда (адамның жарақат алуы, психикалық-жүйке ауруына шалдығуы және т.б.) қолжазбаның түпкілікті өзгеріске ұшырауы салдарынан идентификация жасауға мүмкіндік бермейді. Әріп белгілерінің жүйелі түрде өзгеріп отыруы қолжазбаның әртүрлі вариантта орындалуын көрсетеді. Мысалы: ресми құжат толтырудағы қолжазу, күнделікті лекция жазғандағы немесе басқа да жазулар. Жазу варианттылығын ескеру салыстырмалы зерттеуді дұрыс жүргізуде ерекше орын алады. Салыстырмалы тұрақтылық белгісімен қатар қолжазбаны идентификациялау үшін өте маңызды белгілерінің біріне оның жекелігі жатады. Қолжазу дағдысының қалыптасуына әртүрлі факторлар өз әсерін тигізеді. Бұл оның психикасы, анатомиялық құрылысы, физиологиясы, мектепте және үйде жазуды үйрету шарттары мен әдістемесінің әртүрлі болуы, кейінгі жағдайлар, әсіресе мамандығы, кәсібі. Қолжазудың кейіннен жекеленіп дағдылануына келесідей факторлар әсер етеді: қолжазу кезінде жұмыс істеу мен оқу барысындағы қалыпты жағдайдың болуы, орындалатын құжаттардың сипатына және тағы басқа жағдайларға байланысты. Сонымен, ғалым-қолжазбатанушылар өз зерттеулерінде қолжазбаға тән заңдылықтарды анықтады: 1. әрбір адамның қолжазбасы жекеленген; 2. ол салыстырмалы тұрақты; 3. әрбір қолжазбаның вариациялығы болады. Бұл әр адамның қолжазуының қалыптасуындағы өзіндік, қайталанбайтын ерекше жеке белгілер жиынтығынан тұрады.
§3. Қолжазба белгілерінің түсінігі
Әрбір адамның жазба тіл дағдысын сипаттайтын белгілер жиынтығын екі топқа бөлеміз: 1. жазба тілінің белгілері; 2. жазба белгілері. Жазба тіл белгілері жазудың мағыналық жағын сипаттайтын тілдің бір түрі. Ал, жазба белгілері жазба тілінің қозғалып сызылу жағынан қарастырады. Жазба тілі – грамматикалық, лексикалық және стильдік жағынан сипаттайды. Егер де мәтін компьютер, жазу машинкасымен емес қолмен орындалған болса, бұл белгілер қолжазба белгілерін толықтырады. Мәтін компьютер, жазу машинкасымен орындалса, оның авторы немесе орындаушысы анықталады. Грамматикалық белгілерге: сөздердің әріптік құрылым ерекшелігі, сөйлем құрастыру мен сөйлем белгілерін қою жатады. Лексикалық белгілер адамның тіл байлығындағы сөз қорына байланысты зерттеледі. Стильдік жағынан зерттеген кезде сөйлемнің жүйелі, кезекті немесе орынсыз қолдануы, жергілікті немесе таңдамалы сондай-ақ, жай немес күрделі, анықтаушы, салыстырмалы және пысықтаушы сөздерді қолдану және т.б. жағдайлары анықталады. Жазба тілінің мағыналық және қозғалыс жақтары бірге қарастырылады. Сауаттылықтың белгілері бір дәрежесіне қозғалыс координациясының белгілі бір дәрежесі сәйкес келеді және қолжазбаның мазмұны мен оны қолдану мақсаты қолжазба белгілеріне әсерін тигізеді. Осыған байланысты жазба тілді зерттеу идентификацияға маңызы бар жазба белгілерін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Қолтаңбалық зерттеуде қолжазу белгілері басты рөл атқарады. Қолжазбаны сипаттайтын қолжазу белгілері жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы белгілеріне қолжазбадан көрініс тапқан жазба қозғалыс дағдысының жалпы қасиеттері туралы мәліметтер жатады. Бұл мәліметтер жалпы жазу қозғалыс жүйесінен көрінеді. Жеке белгілер – жазба қозғалыс дағдысының жекеленген жақтарын, ерекшеліктерін сипаттап, жеке әріптерді немесе олардың тіркестерін орындау кезінде көрініс табады. Қолжазбаны қозғалыс жүйесі ретінде жалпы белгілер сипаттайды. Оларға төмендегідей белгілер жатады: 1. Қолжазбаның маңызды белгісіне қалыптасу дәрежесі жатады. Яғни, жазба техникасын меңгеру деңгейін анықтау. Осыған сәйкес қолжазудың қалыптасу деңгейін төмен, орташа және жоғары деп бөлеміз. Қолжазбаның қалыптасуы орындаушының мәтінді жылдам, үйлесімді және тұрақты қозғалыспен орындау қабілетінен тұрады. Қолжазбаның қалыптасу деңгейі тек қана мәтінді орындаушы арқылы ғана төмендеуі мүмкін. Қолжазбаның жоғары деңгейде қалыптасуы үшін орындаушы ұзақ уақыт жаттығулар жасауы қажет. Осыған байланысты зерттеліп отырған құжаттағы қолжазу дәрежесі тексеріліп отырған адамның әдеттегі қалыптасқан жазуынан жоғары деңгейде болса, күдіктеніп отырған орындаушы бұл мәтінді орындамады деген шешімге келуге болады. Қалыптасу деңгейі бірдей қолжазбаларды құрылысына байланысты ажыратамыз. Қолжазбаның жазба белгілері ресми жазбаға сәйкес болған жазу қарапайым болып саналады. Егер ресми жазуда ауытқулықтар болса, ал жазудың ауытқу сипатына сәйкес – күрделенген немесе қысқартылған болады. 2. Жазудың қисаюы – жазба белгісінің бойлық осі мен жол сызығының арақатынасы арқылы анықталады. Жазулар тік, оң және сол жаққа қарай қисайған болып бөлінеді. Жазудың қисаюы тұрақты белгілер қатарына жатпайды, сондықтан да жазбаны бүркемелеу мақсатында жиі өзгертіледі.
3. Қолжазудың åêïiíäiëiãi әріптерді орындау кезіндегі тік және көлденең жасалған қозғалыстың өзара қатынасын көрсетеді. Төмен åêïiíäi жазылған қолжазбадағы әріптердің ені, оның биіктігі тең немесе биіктігінің жартысына тең. Жоғары åêïiíäå орындалған қолжазба әріптерінің ені биіктігінен жоғары түрде орындалады. Ал, өтпелі көрсеткіштерге ие қолжазбалар орташа åêïiíäå орындалу болып табылады.
4. Қолжазбаның көлемі - әріптердің орташа биіктігіне қарай анықталады. Ірі көлемде әріптердің орташа биіктігі – 4мм-ден жоғары, орташа – 4мм-ãå äåéií аралығында, ұсақ көлемде әріп биіктігі – 2мм-ге дейін.
5. Жазбаның жылдам шапшаңдықпен орындалғандығы жазу құралын қағаз бетінен алмастан, әріптерді, олардың тіркестерін және сөздерді үзбей жазуды көрсетеді (жазбаның жоғары байланыстылығы), әріпті конструкцияда жеңілдетіп жазу, штрихтардың басталуы мен аяқталу жақтарының үшкірленуінен көрініс табады. Баяу жылдамдықта жазылған қолжазбадан жазу құралының қағаз бетінен жиі үзіліс алуын, сондай-ақ әріп конструкцияларының күрделілігін, штрихтардың басталуы мен аяқталу жақтарының доғалдануын байқаймыз. Жазба құралын қағаз бетінен үзбей орындалған әріптердің саны бойынша қолжазу төмен, орташа, жоғары байланыстағы деп бөлінеді. Біріншісінде 3 әріпке дейін, екіншісінде 3-6 әріпке дейін, ал соңғысында 6 әріптен жоғары орындалады. Бұл белгі тұрақты болып табылады, себебі жазба байланыстылық деңгейін ұзақ жаттығуларсыз көтеру мүмкін емес. 6. Әріптердің қағаз бетіне батып жазылуы – жазба құралдарына салынған салмақ арқылы сипатталады. Қолжазбаның қатты, орташа және әлсіз басып жазу түрлері бар. Әріп штрихтарының ені тек басып жазумен ғана емес, сонымен қатар қағаздың сапасына, жазу құралының ерекшелігіне байланысты сипатталады. 7. Әріптердің, олардың тіркестерінің, сөздердің дұрыс орындалуынан көрініс табатын қозғалыстың кеңістікте тура орындалуы үйлесімділік болып табылады. Төмен үйлесімділікті келесілер көрсетеді: тік штрихтардың бөліну салдарынан әріптердің ирелеңдеп түсуі, әріптің иілген жерінің бұрыштануы, жекеленген элементтердің бір-біріне сәйкес келмеуі, әріптің басталуы мен аяқталуы кезіндегі штрихтардың (дәлме-дәл) тура келмеуі. 8. Қолжазбаны орындау қозғалысының құрылысы, формасы, бағыты, созылуы, саны, кезектілігі, үзілмеулігі және үдетілуі жағынан қарастырылады. Қолжазбада жиі кездесетін қозғалыс формасы – тіксызықты-бұрышты, дөңгеленген, доғал тәріздес, ілмек тәріздес болып келеді. Жазбалар қозғалыс бағытына қарай оң жақты және сол жақты болып бөлінеді. Әдетте сағат тіліне қарсы бағытталған сол жақты қозғалыстар жиі кездеседі. Керісінше оң жаққа қарай бағытталған қозғалыстағы қолжазбалар сирек кездеседі. Әріптердің бойлық осінің орналасуы тік және оңға бағытталған, тұрақты емес қолжазба түрін көрсетеді. Қолжазба тұрақтылығының көрсеткішіне, жазба белгілері формасының, өлшемдерінің, қисаюының қайталануы және әртүрлі жағдайда жазуды орындау барысында қағаз бетінде мәтіннің орналасу ерекшеліктері жатады. Сонымен, барлық ғалым-криминалистердің еңбектерінде қолжазбаның мынандай жалпы белгілері көрсетілген: қалыптасуы (жазудың жылдамдығы), қолжазбаның өлшемі, шапшаңдығы, тігінен тұрған элементтердің қисаюы, байланыстылығы, жазбадағы қозғалыстың жалпы бағыты, жазбадағы жалпы қозғалыс формасы. Кейбір криминалистер жалпы белгілер қатарына басып жазу белгісін де жатқызады. Жеке белгілерге жеке жазу белгілерін орындау барысындағы ерекшеліктер және олардың мектептегі жазу үлгілері нормалары мен қолжазбаның жалпы сипаттамасынан ауытқуы жатады. Мұндай ауытқулар әріптің кез-келген штрихтарынан көрініс табады: бастапқы және аяқтаушы, негізгі және байланыстыратын, сопақша және жартылай сопақталған, жол үсті және жол асты, сол және оң жаққа қарай бағытталған қозғалыстар; ілмектеліп және бұрышталып өзара байланысқан элементтер. Жеке белгілерді 4 топқа бөліп жіктеуге болады: 1. жазу белгілері мен олардың элементтерін орындау кезіндегі қозғалыс бағыттарының ерекшеліктері; Суреттерде “д” әрпінің жазу сызығы жолынан шығып тұрған элементін орындау кезіндегі қозғалыс бағыты көрсетілген. 30-суретте “д” әріпінің солға қарай, 30-1-суретте оң жаққа қарай дөңгеленіп жазылғаны көрсетілген. 2. жазу белгілері мен олардың элементтерінің байланысу ерекшеліктері; суреттерде әріптер мен әріп элементтерінің байланысу ерекшеліктері көрсетілген. 31-суретте “ф” әрпі элементтерінің үздіксіз орындалуы, 31-1-суретте “ж” және “т” әріптері элементтерінің арақашықтығы, 31-2-суретте “б, е, р” және “р, о, в” әріптерінің үздіксіз жазылуы көрсетілген. 3. жазу белгілері мен олардың элементтерінің өлшемі, қисаюы және жылдамдығы бойынша өзара қатыстылығының ерекшелігі; суреттерде әріп элементтерінің өлшемі, қисаюы, екпінділігі бойынша өзара байланыс ерекшелігі көрсетілген. 32-суретте “ж” әрпінің сол жақ элементінің шығыңқы орналасуы, ал 32-1-суретте “а” әрпінің соңғы элементінің жазу жолының ортаңғы бөлігінде орналасуы көрсетілген. 4. жазу белгілері штрихтарының басталуы мен аяқталу нүктелерінің орналасуы және оларды орындау әдістері. Суреттерде “р” әрпінің әртүрлі жазылу түрлері көрсетілген. 33-суретте вертикалды элементтің басқа элементтен жоғарырақ орналасуы, 33-1-суретте вертикалды элементтің бір деңгейде, 33-2-суретте вертикалды элементтің басқа элементтен төмен орналасуы көрсетілген, ал 33-3-суретте вертикалды элемент сол жақтан оң жаққа қарай бағытталған. Жеке белгілердің идентификациялық маңыздылығы мен мәнділігі, олардың басқа адамдар орындаған қолжазбаларында кездесу жиілігіне байланысты. Жеке белгілердің кездесу жиілігі төмендеген сайын, орындаушыны анықтау кезіндегі қолданылатын белгінің маңыздылығы соғұрлым жоғарылайды. Қолжазбаны зерттеу орындаушының әлеуметтік-демографиялық сипатына байланысты жорамалдау мақсатында (жынысы, жасы, кәсібі), сонымен қатар олардың психикалық жай-күйін анықтау (ауруға жалдығуы мен көңіл-күйінің бұзылуы) және идентификациялау мақсатында жүргізіледі.
§4. Қолжазба үлгілерінің түсінігі
Сот сараптамасын жүргізуге қажетті материалдарды дайындау келесі операциалардан тұрады: 1. Сараптамалық зерттеуге жататын істің жағдайларын, заттай дәлелдемелерді және басқа да объектілерді бөліп сараптаманың түрін және мақсатын анықтау. 2. Қажетті материалдарды жинау (салыстырма үлгілерін), оларды тиісті тәртіппен буып-түю және дайындау. 3. Сараптамалық мекемені немесе сарапшыны таңдау. 4. Сараптаманы тағайындаудың процесуалдық жағынан дайындау. 5. Сараптама тағайындау туралы қаулыны және материалдарды сараптамалық мекемеге жіберу немесе оларды сарапшының өзіне беру. Тергеуші сараптаманы тағайындау қажет деп тапқаннан кейін белгілі бір дайындық шараларын жүргізеді. Бұл дайындық сатысының дұрыс әрі толық болуы сараптаманың жүргізілуіне, сондай-ақ іс бойынша дәлелдемелер қатарына жататын сарапшының қорытындысының объективті, сенімді болуына үлкен әсерін тигізеді. Яғни, іс бойынша қандай жағдайлар, объектілер зерттеуге жататынына толық көз жеткізу. Сараптаманың міндеттерін дәл әрі нақты анықтау керек. Бұл мәселені шешу кезінде қиындықтар туындаса, тергеуші маманды шақыру арқылы шеше алады. Қолжазбатану материалдары болып сарапшының дұрыс және негізделінген қорытынды беру үшін қажет болатын фактілі мән-жайларды алып анықтайтын және сараптамалық зерттеуге жіберілетін, зерттелінетін, салыстырылатын объектілер мен қылмыстық істің материалдары жатады. Сарапшыға зерттелінетін оқиғамен, объектімен себепті байланыста болатын фактілі мән-жайлар көрсетілген материалдар жіберілуі тиіс. Қолжазбаны зерттеу үшін үлгілерді алу ҚІЖК-не тергеу әрекеті болып және жеке тарау ретінде кіргізілініп отыр. Қолжазбатанудың объектілері болып - арнайы білім қолдану нәтижесінде дәлелдемелерді алудың қайнар көзі болып табылатын, тергеуші және сотпен жиналып сарапшыға ұсынылатын дәлелдемелік ақпараты бар материалдық заттар табылады. Қолжазбатану сараптамасының заты тергеуші мен соттың қойған сұрақтарымен анықталады. Оған белгілі ғылыми-техника саласының арнайы білімінің көмегімен анықтайтын мән-жайлар жатады. Сараптаманы тағайындап отырған адам сараптамаға сапалы және нақты материалдардың жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті. Сарапшы ұсынған материалдар шеңберінде толық, жан-жақты және объективті зерттеу жүргізу үшін тағайындалады. Зерттеудің толық және объективті болуына сарапшы жауапты болса, қолжазбатану материалдарының сапалылығына, шынайылылығына және толықтылығына сараптама тағайындаушы адам жауапты. Сараптама тағайындаған адам қолжазбатану зерттеуіне жіберілетін мәліметтердің жеткіліктілігі жөнінде, қылмыстық істің қандай материалдары қажет екенін анықтауы үшін сарапшыдан кеңес алуға, сонымен қатар, қолжазбатану объектісін қарауға, алуға, салыстырмалы үлгілер алуға сараптамалық кеңес үшін маманды шақыруға құқығы бар. Сарапшының сараптаманы дайындау мен жүргізуде осындай белсенді роліне карамастан ол өз бетімен басқа мекемелерден сараптамалық қорытынды беру үшін материалдарды талап етуге құқығы жоқ. Қолжазбатанудың барлық материалдары сарапшыға тек қана сараптама тағайындаған адам атынан берілуі керек. Қажет материалдары жеткіліксіз болған жағдайда сарапшы тергеушіден (соттан) талап етуге құқығы бар, ал өз бетімен іріктеуге құқығы жоқ. Криминалистика ғылымында салыстырмалы үлгілерге — белгілі бір түрдің, топтың объектілерінің қасиеттеріне ие болатын немесе жекеленген заттармен қарым-қатынасқа түсудің салдарынан олардың белгілерін өзінде бейнелейтін әртүрлі материалдық заттарды жатқызады. Сондықтан, олар бейнесін қалдырған заттарды анықтаудың делдалы болып пайдалануы мүмкін. Идентификациялық белгілердің пайда болуына байланысты салыстырмалы үлгілер екі түрге бөлінеді. 1. Белгілі бір топтар, құрамдар, құрылыстар объектілерінің тікелей өкілі ретінде. 2. Қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде жекелеген объектілердің материалды белгілерін өзінде қалдыруы. Бірінші топтағы салыстырмалы үлгілердің ерекшеліктері бұл – зерттелетін объектілер сияқты олардың да сондай қасиеті, құрамы және құрылысы бар. Сондықтан, олар пайда болуы немесе бір классификацияланған топқа жатуына байланысты ортақтығын анықтау үшін қолданылуы мүмкін. Сараптамалық зерттеулерде мұндай салыстырмалы үлгілерді қолданудың басты шарты болып, зерттелінетін объектілермен химиялық құрамы, физикалық қасиеттері, биологиялық шығу тегі, технологиялық белгілерінің сәйкестігі. Екінші топтағы үлгілер зерттеу процесінде идентификациялау объектілері ретінде қолданылады. Бұл үлгілердің ерекшелігі – шығу тегінің белгілі болуында. Олар арнайы тергеушілермен салыстырмалы зерттеу үшін алынады. Екінші топтағы үлгілерді сараптамалық зерттеуде пайдаланудың мүмкіндігін көрсететін басты шарт – тексерілетін объектілердің үлгілерде күмәнсіз бейнеленуі. Салыстырмалы үлгілер пайда болуына байланысты еркін және эксперименталды болып бөлінеді. Қолжазбатану сараптамасы бойынша салыстырмалы үлгілердің үш түрі бар: еркін, эксперименталды, шартты-еркін. Қолжазбатану сараптамасына байланысты салыстырмалы үлгілерді қарастырайық. Мәтін, қол таңбаның орындаушысын анықтау тек қана салыстырмалы материалдарды дұрыс жинау кезінде мүмкін болады. Сондықтан да салыстырмалы зерттеу үшін үлгілерді дайындау мәселесі өте маңызды. Сарапшының жоғарғы біліктілігі, көп жылдық тәжірибесі, зерттеу кезінде жоғарғы дәрежелі әдістерді қолдануы, сараптама үшін қажетті, керекті салыстырмалы үлгілері болмаса, оған ешқандай да көмегін тигізбейді. Үлгілерді жинау кезінде жіберілген кемшіліктер сараптамалық қателіктерге әкелуі мүмкін, ал бұл өз кезегінде тергеу мен сотты жалған жолға бұруы ықтимал. Ұсынылатын үлгілерге қойылатын басты талаптар: олардың анықтылығы, яғни қолжазбаның күмәнсіз орындаушымен жазылуы, үлгілердің сапалылығы мен қажетті сандық көлемі. Тиісті сапалылығы - зерттелінетін құжат пен үлгінің жасалу уақытысына, жазу шапшаңдығына (темп), тілі, орындалу амалы, мәліметтері, құжаттың мазмұны мен орындалу жағынан салыстыруға келуімен байланысты. Үлгілердің қажетті көлемділігіне зерттелінетін мәтіндегі белгілердің барлығына толық, жан-жақты салыстырма жасауға мүмкіндік беретін үлгі көлемі жатады. Енді үлгілердің түрлеріне тоқталайық. Еркін салыстырмалы үлгілер арнайы сараптама үшін орындалмайды. Олар мүлдем тергелінетін қылмысқа қатысты болмауы да мүмкін. Қылмыстық істің жағдайына, зерттелінетін объектінің сипатына, сарапшының алдына қойылған мәселелеріне байланысты еркін үлгілер – құжат мәтіндері, қол жазбалар, автобиографиялар, арыз, анкета, жеке хаттар, конспектілер т.б. түрінде айыпкердің (сезіктінің) орындалуымен жүзеге асырылады. Олар қылмыстық іс қозғалғанға дейін пайда болады және қылмыстық іске ешқандай қатысы жоқ. Еркін үлгілерді тергеуші тергеу әрекеттерін жүргізу барысында (тінту, алу) немесе мекемелер мен жеке адамдардан алады. Бұл үлгілер әдеттегі жазумен орындалады және қасақана бұрмаланбайды. Қолжазбаның эксперименталды үлгілерінің еркін үлгілерден айырмашылығы – олар сараптама жүргізу үшін арнайы алынады. Эксперименталды үлгілердің алынуының қажеттілігі әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Мысалы: тергеуші зерттеуге қажетті көлемде еркін үлгілерді жинай алмауы. Кей жағдайларда қажетті еркін үлгілер саны жағынан жеткілікті, бірақ олар зерттелінетін объектіден өзгеше (зерттелінетін құжат мәтіні қарындашпен, ал ерікті үлгілер сиямен жазылған). Эксперименталды үлгілерді алудың ерекшелігі – олар арнайы дайындалған жағдайларда алынады және жасандылық элементтерін жою үшін, кездейсоқ жағдайлардың әсерін жою үшін үлгі алуда сан жағынан шек қойылмайды. Эксперименталды үлгілерді тергеушінің жеке өзі немесе маманның қатысуымен алады. Тергеуші қолжазбатану зерттеулері үшін үлгілер алу туралы қаулы мен қолхат ала отырып, сезіктіні, айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні таныстырады, тергеу әрекетіне қатысушы өзге адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Қолжазбаның эксперименталдық үлгілерін жасау процесі кезінде зерттелінетін құжатты үлгі алынып отырған адамға көрсетуге не көшіруге беруге болмайды. Бұл зерттелінетін құжатқа ұқсастырып немесе керісінше, зерттелінетін кұжаттың орындаушысының жазуын өзгертуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл өз алдына қолжазбатану зерттеулерін қиындатады. Эксперименталды үлгілер мәжбүрлеу арқылы алынуы мүмкін. ҚІЖК-де сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алудың хаттамасын дайындауы туралы көрсетілген. Үлгілерді орындаушысына көрсетіп, оның өз қолымен жазғанын растайтын қолы қойылады. Сараптамаға жіберілетін зерттеу объектілері мен үлгілері тиісінше буып-түйіп, мөрмен бекітіліп, хаттамаға қоса тіркеледі. Шартты-еркін үлгілер – қылмыстық іс қозғалып, оның пайда болғаннан кейінгі жазылған қол жазбалар. Көбінесе олар іспен байланысты (түсініктемелері, арыз, шағым т.б.), бірақ арнайы сараптама үшін орындалмаған. Бұл үлгілер ерекше түрдегі үлгілер болып есептелінеді. Өйткені оларды не ерікті, не эксперименталды үлгілер қатарына жатқыза алмаймыз. Енді қолжазбаның еркін үлгілеріне қойылатын талаптар туралы айтып кетейік. Ерікті үлгілер ретінде алынатын мәтіндер мен қолжазбалардың белгілі сапалы қасиеттер болуы керек. Салыстырмалы материалдардың сапасы жөнінде айтқанда, терең және жан-жақты зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін қасиеттері қарастырылады. Бұл үлгілердің зерттелетін құжатпен салыстыруға болатын жағдайда ғана мүмкін. Үлгілер зерттелетін құжатқа сәйкес келуі тиіс: Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.) |