|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 27 страницаӘр түрлі тергеу экспериментін өткізудің өзінше тактикалық ерекшеліктері бар. Сонымен қатар осылардың бәріне тән жалпы тактикалық нұсқау, ұсыныстар да бар. Олар: 1. тәжірибе өткізуге тым көп адам қатыстырмау керек, себебі артық адамдар бір-біріне бөгет жасап, эксперименттің нәтижелі өтуіне кедергі келтіреді; тергеу эксперименті сол тексерілетін оқиға болған жағдайға ұқсас жағдайда өткізілуі тиіс. Ол үшін: а) эксперимент тексерілетін оқиға болған уақытта, сондай көріну, естілу жағдайында өткізілуі қажет; ә) эксперимент егер мүмкікшілік болса сол оқиға болған жерде өткізілуі тиіс. Егер бұл жердің көрінісі және басқа жағдайлары өзгеріп кеткен болса, оны бұрынғы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі керек; 2. тәжірибе бірнеше рет қайталанып жүргізілуі қажет. Егер тергеу эксперименті үстінде әр тәжірибе бірнеше рет қайталандырылып жүргізілсе, оның барысын, қорытындысын дұрыс анықтап, түсінуге болады. Осы қайталау кезінде тәжірибе күрделі және қарапайым түрде өзгертіліп отырылады. Қайталап өткізу дегеніміз тек бір тәжірибені бірнеше рет қайталау деп түсінуіміз керек. Егер бір тергеу экспериментін өткізгенде екі, үш, не одан да көп тәжірибе өткізілуі көзделсе, онда әр тәжірибе бірнеше рет қайталануы керек. Тәжірибені қайталап өткізу деген түсінікті – экспериментті қайта өткізу деген түсініктен ажырата білу керек. Егер эксперимент дұрыс жүргізілмеген немесе іс жүргізу заңдылығына қайшы жағдайда ол қайта жүргізіледі. Мұны да тергеу әрекетінің қайта өткізілуі деп түсіну керек. Ал, тәжірибенің қайталануы ол бір тергеу әрекетінің шеңберінде оның кейбір элементінің қайталануы. Тәжірибелер бірнеше кезеңге бөлініп өткізілуі тиіс және бірнеше бөлімге бөлініп, әр бөлім жеке-жеке талданып, қабылдануы керек. Бұл тәжірибені толық көруге мүмкіншілік береді. §4. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау
Тергеу экспериментінің барысы мен қорытындысы, ең алдымен, хаттамалар арқылы көрсетіледі. Хаттаманың баяндау бөлігінде тәжірибені кімнің қашан, қандай мақсатта қалай жүргізгені, тәжірибені өткізу жағдайы, оған қандай заңдардың пайдаланылғаны, кімнің қатысып, жаңағы заттарды қалай пайдаланғаны басынан аяғына дейін, яғни еш нәрсе назардан тыс қалдырылмай толық жазылуы тиіс. Тәжірибе фотосуреттермен немесе бейнежазбалармен нақтылануы мүмкін. Суретке эксперименттің жалпы барысы және оның әр кезеңі жеке-жеке түсіріледі. Бейнежазбасына түсіргенде де осы тәсіл қолданылады. Мұндай жағдайда мынандай шарттар мұқият сақталуы тиіс: а) жалпы жағдайды, қалпына келтіру процесі мен оның нәтижесін тәжірибе жасағанға дейін назарға тоқып алу керек; ә) жалпы әрекеттен оның әр бөлшегіне көшуге дейінгі іс үшін мәні бар әр тәжірибені есте ұстау қажет; б) бейнежазбаны шығарғаннан кейін оны тергеу эксперименті хаттамасының мазмұнына сәйкес құрастырған жөн. Бейнежазбалар, әрине экспериментті хаттауды алмастыра алмайды, тек оны толықтыра түсуге ғана қызмет етеді. Қажеттілігіне байланысты тергеуші эксперимент өткізілетін жердің схемалық жоспарын жасайды, онда жекелеген заттардың, экспериментке қатысушылардың орналасу жағдайын, олардың қозғалу бағытын, басқа да сәттерді көрсетеді. Міне, осындай жұмыстар жүргізілгеннен кейін тергеу экспериментінің қорытындысын, осы бойынша алынған дәлелдемелер бағаланады. Тергеу экспериментінің нәтижесін бағалағанда, біріншіден, ең маңызды да шебер жүргізілген әрекеттерге, ол әрекеттердің анықтығына; екіншіден, тексерілетін фактілерге қатысты жүргізілген эксперимент, басқа да заттай дәлелдемелер негізінде жасалған тұжырымдарға, тергеушінің болжауына айрықша назар аудару керек. Эксперименттің жағдайы мен оның қалпына келтірілуі ақиқатқа сәйкес, тәжірибе бірнеше рет қайталанғанда оның нәтижелері бірдей болған, әрекет кезінде ешқандай кездейсоқтыққа жол берілмегеніне көз жеткізілген жағдайда ғана шебер әрекет ақиқат оқиға ретінде бағаланады. Бірнеше рет қайталағанда нәтижесі бір-біріне сәйкес келмесе, ондай тәжірибені ақиқат оқиға ретінде бағалауға болмайды. Егер тәжірибе қылмыстың қалай жасалғанына көз жеткізетіндей нәтиже көрсетсе, оны бұлтартпайтын ақиқат ретінде емес, тек тексерілген фактінің шындығын анықтауға ықпал ететін, ақиқаттығы мүмкін болжау ретінде ғана қабылдау керек. Айталық, қылмыскердің терезеден түсуін айғақтайтын фактілер әлі де бұлтартпайтын ақиқат факт емес, өйткені басқа да ақиқат фактілер болуы әбден мүмкін. Егер қылмысты ашу эксперимент жүргізу жолымен расталса, ондай тұжырым бұлтартпайтын ақиқат ретінде қабылданады. Ал, керісінше, қалдырылған ізді анықтау жолы эксперимент кезінде сезік тудырса, тергеуші қылмыстың ізін анықтаудың басқа жолын іздестіреді. Сезік тудырмайтын нәтижелер ғана бұлтартпайтын ақиқат ретінде қабылданады. ІV-ТАРАУ. ТІНТУ ТАКТИКАСЫ §1.Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері
Қандай қылмыс жасалса да қылмыскер осы қылмыстың ашылуына, оның ізін жасыруға әр түрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, заттай дәлелдемелерді тығып, жоқ етуге тырысады. Сондықтан тергеу қызметкерлерінің міндеті – қалай болғанда да кылмысты ашуға керекті дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алу. Осындай заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алып, қылмысты ашуға көмектесетін тергеу әрекетгерінің бірі – тінту. Қылмыстық іс жүргізу заңында тергеудің бұл әрекетіне түсінік берілмеген. Заңда егер істің мән-жайына байланысты заттай дәлелдемелерді қылмыскер не басқа адамдар өз еркімен бермесе, олар тінту жүргізу арқылы алынады деп қана көрсетілген. Тінтуді уақыт өткізбей, дер кезінде жүргізу керек. Сонда ғана іске керекті деректерді тауып алуға болады. Тінту дегеніміз үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде қарау арқылы іске қатысы бар заттай дәлелдемедерді, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, заңда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті. Кейбір авторлар қандай объектілерді іздеп табу керек екенін тізбектеп айтып көрсетеді. Мысалы, қылмыс жасауда қолданылған қару, жалған құжаттар, қылмыскердің киген киімі, т.б. Бұлардың бәрін іске керекті заттай дәлелдемелер деп тұжырымдап көрсетсе де болады. Оқиға болған жерді қарау мен тінтудің ұқсастығы – осы екі тергеу әрекеті кезінде де белгілі бір нысан, не пәтер қаралып, заттай дәлелдемелер ізделеді. Бірақ оқиға болған жерді қарау мен тінтудің арасында көп айырмашылық бар. Ол біріншіден, осы тергеу әрекеттерінің міндеттерінен, екіншіден, олардың жүргізілу әдісінен көрінеді. Оқиға болған жерді қарау оқиғаның қалай болғанын, қылмыстың жасалу тетігін зерттеуге, оның кімнің жасағанын анықтауға бағытталады. Тінтудің мақсаты – әдейі тығып қойған немесе тығулы тұрған заттай дәлелдемелерді арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу. Кейбір авторлар тінту әрекетін жедел-іздестіру әрекеті ретінде қарастырады. Тінтуді жедел-іздестіру әрекеті деп санауға болмайды. Жедел-іздестіру әрекеті, әрине тінту үстінде, тіпті тінту басталғанға дейін де жүргізіледі. Оның мақсаты – тергеушіге тінтуді сапалы жүргізуге керекті деректер тауып беру, атап айтқанда қандай зат қай жерде болуы жөнінде, тінтілетін адамда қару бар ма, жоқ па, тінтуді жүргізуге керекті мәліметтер жинап, тауып беру. Сондықтан жедел-іздестіру жұмыстарын тінтумен тұтас күйде қарауға болмайды. Тінтудің басқа тергеу әрекеттерінен айырмашылығы – оның еріксіздігі. Тінтудің бірнеше түрлері болады. Ол – жеке адамды тінту (личный обыск), тұрғын үйді, жеке бөлмені тінту, ауланы немесе басқа ғимараттар мен нысандарды тінту. Әрине, ол іс бойынша керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып алу үшін жүргізіледі. Ал, заттай дәлелдемелерге қандай нысандар жатады. Ол – қылмыс жасалғанда қолданылған қару-құралдар (мылтық, пышақ, бұзуға пайдаланған құралдар), жалған құжаттар, тергеуден қашып, тығылып жүрген қылмыскерлер, не қылмыскерді әдейі тығып қойған адамдар, мәйіт оның бөлшектері, ұрланған қымбат бұйымдар, заттар. Іске қатысы болмаса да тінту кезінде табылған, жеке азаматтардың ұстауына болмайтын, заң бойынша тыйым салынатын объектілер – есірткі заттар, порнографиялық суреттер, қопарғыш заттар. §2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
Тінту алдында тергеуші арнайы дайындық жұмыстарын жүргізеді. Біріншіден, ол тінту жүргізілетін объект және үйі тінтілетін адам жөнінде керекті бағдарлық мәліметтерді жинап алу керек. Тінтілетін адам және пәтер болса, оның толық мекен-жайы, неше бөлмеден тұратыны, қылмыс ғимараттың қай қабатында жасалғаны,онда телефон бар ма, жоқ па, қанша адам тұрады, жеке үй болса ауласында не бар, қай мезгілде үйде кісілер болады, міне осының бәрі алдын ала анықталады. Тінтілетін адам жөнінде – оның мінез-құлқы, қаруы болу мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқа да мәліметтерді жинап алу керек. Екіншіден, жедел-тергеу тобын құрған кезде алдын ала тінтуге қандай лауазымды адамдардың немесе мамандардың қатысуы керек екендігін анықтап алып, оларды қай жерге орналастыру қажеттігін келісу керек. Үшіншіден, тінтуге керекті арнайы техника құралдарын дайындау керек, айталық, темірден, не асыл металдан жасалған заттарды іздейтін құралдарды дайындау қажет. Дайындық жұмыстары толық аяқталысымен тергеуші, жедел топқа кіретін адамдар тінтілетін үйге келеді. Осы тінтілетін жерге тосыннан, күтпеген мезгілде келу үшін де белгілі бір тактикалық әдістер қолданылады. Тінтілетін үйге жақындағанда жедел топтағы адамдар бөлініп, осы нысанға жан-жақтан жеке-жеке келуі тиіс. Үйге жақындар алдында үйдің маңайында бөтен адамдар бар ма, жоқ па, соны абайлап қарау қажет. Тінтілетін пәтер көп қабатты болса, бір қабат жоғары өтіп кетіп, тосу керек. Есік жабық болса, қағып, не қоңырау беріп, егер жөн сұраса бір басқа себеппен келгенін айту керек, коммуналды мекемеден келген лауазымды адам болып, не басқа бір себеп келтірген жөн. Өйткені тінтілетін адам кімнің келіп түрғанын алдын ала білмеуі шарт.
§3. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту
Тінтудің тактикалық әдістері тергеу әрекетінің кенеттен, тосыннан жүргізілуіне негізделеді. Сондықтан тінтуге керекті деректер жиналысымен және дайындық жұмыстары бітісімен, кешіктірілмей дер кезінде жүргізілуі тиіс. Тосыннан, күтпеген жерден жүргізілген тінту арқылы ғана іс бойынша пайдалы және маңызды деректер, дәлелдемелер тауып алуға болады. Сондықтан тергеуші, әр түрлі тактикалык әдістер қолдану арқылы, тінтетін үйге күтпеген жағдайда, кенеттен кіру тәсілін ойластыруы керек. Үйге кіргеннен кейін тінтілетін адамды тінту жөніндегі қаулымен таныстырып, іске байланысы бар объектілерді тергеу орнына өз еркімен беру тінтілетін адамның міндеті екені айтылады. Тергеушінің бұл талабы бойынша олар кейбір заттарды өз еркімен беруі де мүмкін. Бірақ тергеушінің жұмысы осы берген заттармен ғана шектелмейді. Өйткені дерек заттар үй астына ма, шатырға ма, әйтеуір қарауға ыңғайсыз бір жерлерге тығылып қойылуы мүмкін. Бұдан кейін жүргізілетін жұмыс – тінту нысанын жалпы шолып қарау, ауланы, бөлмелерді бақылап, дайындық үстінде алған бағдарлық мәліметтерге сәйкес пе, жоқ па, соны тексеру. Егер бұдан бұрын алынған мәліметтерге қазіргі жағдай едәуір сәйкес келмесе, тінту жоспарына, нақты жаңа жағдайларға байланысты, қосымша өзгерістер енгізіледі. Егер тінтілетін адам аса қауіпті қылмыскер болып, оның қару қолдануы мүмкін болса, алдымен оның өзінің жеке басын тінту керек. Жеке басты тінтудің өзі екі кезеңге бөлінеді. Әуелі, жалпылай тінтіп, бойында қару бар ма, жоқ па соны қарап, содан кейін басынан төмен қарай киімін, денесін ұқыпты, мұқият тексеріп шығу қажет. Қалтасынан табылған құжаттар, заттар арнайы алдын ала дайындалған жерге қойылып, кейін хаттамаға енгізіледі. Тінтуді, әрине сол тінтілетін адаммен бір жынысты адам жүргізуі тиіс. Тінтілетін адамның денесінде бинттелген, байланған жер болса оны шешіп көру үшін медицина мамандары қатыстырылып, бинтті шешу соларға жүктеледі. Жалпылай шолудан кейін жеке объектілерді қарау кезеңі басталады. Тінтудің ойдағыдай табысты аяқталуы, оның белгілі бір тәртіппен, бағытпен жүргізілуіне, объектілерді қарау кезегін сақтауға, тағы басқа да тактикалық әдістердің толық және дұрыс қолданылуына байланысты. Тінтуге кірісер алдында тергеуші нені іздеу керектігіне, қайдан іздеу керектігіне және қалай іздеу керектігіне айрықша назар аударады. Не іздеу керек екенін тергеуші тінтуге келер алдында анықтап, шешіп алады. Ал, қайдан іздеу керектігі тінтілетін нысанды (үйді, бөлмені) жалпы шолып қарағанда анықталады. Не іздеу керектігін анықтаудың маңызы зор. Айталық, ізделетін нәрсе үлкен зат па, құжат па, ақша ма? Айғақ ізделетін жердің көлемі үлкен, іздеу жұмысы көпке созылатын болса, тінтуді сол ізделетін зат табылады-ау деген жерден бастау керек. Мысалы, тінтуге келген объект бір жеке тұрған көп бөлмелі, ауласы, қорасы, жанында участкесі бар үй болса тінту жұмысын, іздейтін заттың неғұрлым болуы мүмкін жерінен бастаған дұрыс. Айталық, жасырын көміп қойылды деген өлікті іздеуді қорадан, үй жанындағы участкеден бастаған жөн, ал құжат, ақша, қымбат бұйымдарды іздеуді тұрғын бөлмелерден бастау керек. Әрине, соңғыларын гаражға, басқа да жерлерге тығып қоюы мүмкін. Сондықтан олар да қаралады. Бірақ мұндай заттар көбінесе үйде тығылатындықтан іздеу жұмыстарын тұрғын бөлмелерден бастаған дұрыс. Тінтуге келгенде үйде қанша адам болса, бәрі де тінту біткенше орнында болуы тиіс, кетуге рұқсат етілмейді. Тек жұмыс бабымен келген адамдарға, айталық, укол салуға келген медбикеге, хат тасушыға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге келген шеберге, өзінің кәсіби қызметіне байланысты келген тағы басқа адамдарға, олардың құжаттарын, куәліктерін тексергеннен кейін үйден кетуге рұқсат беріледі. Отбасы мүшелеріне, үй-іші, бала-шағаларға бір белгілі жер бөлініп (мысалы, жеке бөлме) тінту біткенше сол орында отыруды талап ету керек. Бірнеше бөлме болса, қай бөлмеден тінту бастау керек екені бірден шешіліп, анықталуы тиіс. Кей жағдайда тергеуші өзі бір бөлмені тінтсе, екінші бөлмені тінту өзімен бірге келген полиция қызметкеріне тапсырылады. Тінтетін нысан тек бір бөлме болса іздеу есіктен басталып, қабырға бойымен бір бағытта оңнан солға, не керісінше жүргізіліп, одан кейін бөлменің ортасында тұрған объектілер қаралады. Табылған заттар алдын ала арнайы белгіленген, айталық, арнайы жеке үстелге кезек-кезегімен қойылады. Тінту үстінде тінтілетін адамның көңіл-күйін, іс-әрекетін, психологиялық құбылысын бақылап, осының бәріне сын көзбен қарау керек, себебі мұндай жағдайда тінтілетін адам асып-сасып, заттың тығылған жерін өзі білдіріп қоюы мүмкін. Мысалы, бір іс бойынша тінту жүргізілгенде үйде жалғыз тұратын, бір сатушы әйел басында ашуы келіп, асып-сасып абдырай берген еді. Тінту ортасында бөлменің бір бөлігі тексерілгеннен кейін оның көңіл-күйі көтеріліп, тінтіп жатқан адамдармен қалжыңдаса бастады. Тергеуші тінтілуші әйелдің көңіл-күйінің өзгеруін байқап қалып, дер кезінде оған мән береді, тексерілген нысандарды тағы бір мұқият қарап шығуды жөн көреді, әсіресе, осы әйелдің тапжылмай тұрып алған төсек-орын тұсы сезік келтіреді. Айтқандай, қайта тексергенде төсектің алмалы арқалығының қуысынан толған ақша, тергеуге қажет жалған құжаттар табылады. Міне, сөйтіп тергеуші тінтіліп жатқан адамның психологиялық көңіл күйіне дер кезінде дұрыс мән беруінің нәтижесінде іске керекті нысандарды тауып, тінтуді табысты аяқтайды. Сондай-ақ тінтуде бір нәтиже беретін тактикалық, психологиялық әдіс – "ауызша барлау". Бұл тактикалық әдістің мәні тергеуші өзінің көмекшілеріне нұсқау берген болып немесе ақылдасқан болып, ауызша тінтілушіге естіртіп, қай жерлерді, қай нәрсені, нендей нысанды мұқият қарау керек екендігін айтады. Сонымен бір мезгілде тінтілетін адамның психологиялық көңіл-күйін бақылайды. Затты тыққан жері аталғанда, өзін қанша ұстамды ұстаса да, тінтілетін адам көбіне қобалжыған көңіл-күйін білдіріп қояды, құты қашып асып-сасып қалады. Керекті затты қай жерден іздеу керек екенін табу үшін тергеуші бірден өзін тінтілетін адамның орнына қойып, мен өзім қайда тығар едім деп өзіне-өзі сұрақ қойып, ойлап, болжап көруі керек. Жиіркеніп, толық қарамас деп, ізделетін затты қылмыскер қоқсықтың арасына, сыпырынды жәшікке, тағы басқа бір лас жерге тығуы да мүмкін. Мұны да тергеуші есінен шығармауы керек. Егер кұпия, жасырын жер еденде болса, оны да зер салып, мұқият тексеру арқылы табуға болады. Мысалы, еденге жаңадан қағылған немесе жаңадан сырланған тақтай не шеге, еден тақтайларының арасындағы саңылаулар шындықты ашуға көмектеседі. Сондықтан осындай сезік келтіретін белгілер болса осы жерді үстірт қарамай, неғұрлым зер салып, қолдағы бар техникалық құрал-саймандарды пайдалана отырып қарау керек. Жасырын, құпия жерді іздегенде тінтілетін адамның мамандығын, оның кәсіби қабілетін де ескерген жөн. Сонымен қатар, тығылатын затты қоятын құпия жер, ол заттың қандай зат екеніне және оның көлеміне де байланысты. Егер ізделіп жатқан заттай дәлелдеме, айталық, жалған құжат, хат болса оны кітаптың арасына тығуға болады. Тұрғын үйді тінтіп болғаннан кейін ауланы, қораны қарау керек. Бұл жерге кезек келгенше оны қарап тұруға полиция қызметкерін күзетке қою керек. Қорада, сарайда ағаш, көмір болса олардың бәрін аударып, ағаштарды екінші жерге қойып, арасын, астын мұқият қарау қажет. Төсек тартып жатқан ауру адамның, не ұйықтап жатқан баланың төсегін де тексеруге тура келеді. Әрине, мұндайда сырқаттың да, баланың да жағдайына нұқсан келтірілмеуі тиіс. Кейде қылмыскерлер заттарды тығатын арнайы құпия орындар жасауы да мүмкін. Осындай құпия орындар, қабырғада, терезенің ернеуіндегі табанша тақтайдың астында, жылу құбырыныың араларында, т.б. қалтарысты жерлерде болуы мүмкін. Қабырғадағы қуыс балғамен қаққан кезде күңгірт дыбыс береді, ол құлаққа естіледі. Жаңадан сырланған, жаңадан түсқағаз жабыстырылған жер болса осы жерді аса ұқыптылықпен қарау керек, қабырғадағы суреттер де алынып қаралады. Металдан жасалған асыл бұйымдарды іздеуге арнаулы құрал-жабдықтар пайдаланылады. Өйткені бұл іске қатысты өте маңызды, не аса қымбатты заттарды сақтап қалу, сөйтіп болмашы, арзан заттармен алдарқатып құтылып кету үшін қылмыскерлер әр түрлі айлалар қолдануы мүмкін. Сондықтан мұны естен шығаруға болмайды. Ұйымдастыру тәсіліне орай тінту екі түрге – қайтара тінтужәне топтасып тінтутүріне бөлінеді. Алғашкы тінту қолайсыз жағдайда жүргізіліп ойдағыдай нәтижебермеген, тінтуші жұмысқа жедел тартылып, оның қолында қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті болмай, тінтуге көмектесетін арнаулы мамандар немесе басқа да қатысушылар жетіспейтінтудің сапасына нұқсан келтірілген алғашқы тінту кезінде кейбір жерлердің назардан тыс қалып немесе асығыс тінтіліп,тергеу ісіне нұқсан келтірген, сондай-ақ алғашқы тінту кезінде окиғаға қатысты заттай дәлелдемелер болмаған, оны жаңадан іздестіру қажеттігі туған немесе қылмыскер алғашқы жасырып қалған заттарын кейін бұрынғы орнына қойған жағдайларда тінту қайтара жүргізіледі. Кейде бір іс бойынша бірнеше жерде бір мезгілде тінту жүргізугетура келеді. Өйткені бір қылмыскердің бірнеше пәтері, саяжайы, қызмет бөлмелері болуы мүмкін, бір іс бойынша бір адамның емес бірнеше адамның қатар қылмысқа қатысушы ретінде сезік келтіруі, сондай-ақ қылмыскер немесе сезік келтірушінің бірнеше туысқандары, дос-жарандары болып, заттай дәлелдемелерді солардың тұрған жерлеріне жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда топтасып тінту жүргізбейінше, заттай дәлелдемелерді, деректерді дер кезінде қолға түсіру қиын. Топ болып тінту кезінде операцияны бір мезгілде, үйлесімді жүргізудің маңызы айрықша. Бұл қылмыскерлердің бір-бірімен байланыс орнатып, әр түрлі айла-әрекеттер қолданып, жазадан құтылып кетудің жолын кеседі. Тінтуді топтасып жүргізген кезде де оған дайындық және оны өткізу жеке-жеке жүргізіледі. Алайда, олардың бәрі бір жоспарға бағындырылып, бір жетекшінің басшылығымен ұйымдастырылады. Операцияның жетекшісі оның барлық қатысушыларына нұсқау беріп, тінтудің басталар мезгілін белгілеуге, аяқ астынан туған шараларға, айталық, тінтуді қайтара жүргізу қажет болған кезде, қосымша күш бөлуге міндетті. Заттай дәлелдемелер тиісті зандылыққа сәйкес алынуы тиіс. Ол көп жағдайда мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың көлігіндегі заттарды алғанда қолданылады. Заттар, құжаттар оның нақты иесінің немесе ол жұмыс істейтін мекеме, ұйым, кәсіпорын өкілінің қатысуымен алынады. Ал, арнаулы орындарда сақталған құнды заттар осы заттарға тікелей жауапты адамдардың қатысуымен ғана тіркеледі. Мұндай жұмыстарды жүргізу үшін тергеуші іске қатысты нысанмен, құжаттармен, заттармен, алдын ала танысады. Айталық, тергеушінің тиісті мекеменің деректерін, есеп-қисап құжаттарын зерттеуі, іске қажеттісін іріктеуі үшін дайын бұйымдармен, заттармен танысуы жиі кездеседі. Кейде осы мақсатта арнаулы мамандар (есепшілер, технологтар, т.б.) тартылады. Міне, осылардан кейін мәселе анықталған соң ғана тергеуші нені алу жөнінде өз қаулысын шығарады. Егер азамат іске қажетті заттай дәлелдемелерді бергісі келмесе ол күшпен алынады. Ал, ол заттар саналы түрде жасырылса, оны дереу іздеп, тінту үшін қаулы шығарылады. Заттар, құжаттар табылған жерлерінде тексеріліп, алынады. Егер анықтау ісі күрделі болып, бұған көп уақыт талап етілсе, тінтушілердің бір тобы бұған арнайы бөлінеді. Жеке тергеу ісі жүргізіледі. Тергеу әрекеті хатталады. Онда қандай заттың қай жерден табылғаны, заттың ерікті не еріксіз түрде алынғаны, ол заттардың қалай сақталғаны көрсетіледі. Заттарды бейнелегенде оның сезік тудыратын белгілерін қағазға түсірудің қажеті жоқ. Алынған заттар тінтуге қатысушылардың көз алдында қолдары қойылып, мөрленеді. Хаттамада қай заттың кімнің жауапкершілігімен сақтауға қойылғаны, қатысушылардың арыз-өтініштері де көрсетіледі. Оған тінту барысында түсірілген фотосуреттер қоса тіркеледі. Хаттаманың көшірмесі тінтілген адамға беріледі.
V-ТАРАУ. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.) |