АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 2 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Криминалистикалық маңызы бар объектілерді зерттегенде жай өлшеу құралдарын қолдану арқылы өзімізге керекті өлшем қортындысын алуға болады. Мысалы, сызғышты алып пышақтың жүзінің ұзындық өлшемін білеміз, сонымен қатар күрделі өлшеу техникасын да қолдануға тура келеді. Мысалы: автокөлікті авария алдында қандай жылдамдықпен келе жатқанын есептеп шығару үшін, тікелей өлшеу арқылы тежелу жолының ұзындығын өлшеп оның қортындысын формулаға енгізіп, өзімізге керекті қорытынды өлшемін табамыз. Бұл мұндай жағдайларда тікелей өлшеуді тергеуші жүргізсе, күрделі өлшеуді сарапшы жүргізіп өлшеу қортындысын тауып шығарады.

Бейнелеу тәсілі криминалистикада деректі затты, не белгілі бір оқиғаны суреттеп жазу үшін пайдаланылады. Бейнелеп отырған объектінің өзіне тән белгілерін, қасиеттерін сипаттау арқылы жалпы объект жөнінде ұғым беріледі. Объектінің белгілерін тауып оны бейнелеу жоғарыда көрсетілген бақылау, өлшеу тәсілдерін қолдану арқылы сипатталып баяндалады. Бейнелеу ауызша, не жазбаша түрде қолданылып жүрген криминалистикалық классификациялық жүйе бойынша суреттеледі. Бейнелеуді бекітіп қабылдау үшін техникалық құралдар, атап айтқанда: диктофон аппараты қолданылады. Криминалистикада бейнелеу арқылы жеке іздер, қол жазбалар, оқ дәрі және адамдардың түр нұсқасы суреттеліп жазылады. Бейнелеудің қай түрі қолданылса да олар қылмыстық істер жүргізу заңына сәйкес болуы тиіс.

Объектілерге тән қасиеттер мен белгілерді зерттеуде оптикалық аппараттар және басқа да ғылыми-техникалық құралдар – микроскоптар, спектрофотометрлер, газохроматрограф кең түрде пайдаланылады.

Криминалистикада бейнелеп сипаттаудың екі түрі қолданылады. Бір жағдайда объектілер мен құбылыстар тікелей қарап сипатталса, екінші жағдайда олар басқа деректерден алған мәліметтер арқылы ғана бейнеленіп жазылады. Мысалы: тергеуші заттай дәлелдемелерге тән қасиеттерді өзі тікелей қарап, қабылдау арқылы хаттамаға жазады. Кей жағдайларда тергеуші өзі көрмеген объектілерді де бейнелеп хаттамаға жазуына тура келеді. Атап айтқанда, қылмысты жасасуға сезікті адамның бет-бейнесін және басқа белгілерді хаттамаға тергеуші осы адамды көрген куәнің айтуы бойынша суреттеп жазады. Объектілер (не құбылыстар) кейде толық бейнеленіп, ал кей жағдайларда үзінді (фрагменттік) түрінде де сипатталып жазылады. Кейде қалыптасқан жағдайға байланысты объектіні (не құбылысты) толық бейнелеп жазуға мүмкіншілік болмай қалады. Мұндай жағдайда тергеуші объектінің тек елеулі белгілерін алдын ала көрсетіп, толық сипаттамасын кейін бейнелеп хаттамаға бекітеді.

Әрине уақыт өткен сайын объектілерге (не құбылыстарға) тән белгілер (қасиеттер) ескіреді, не жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан қарауда қабылданған белгілер дер кезінде толық сипатталып жазылуы керек. Қылмысты дәлелдеуге пайдаланылатындықтан хаттамада қаралған объектілер жөніндегі мәліметтер бұрмаланбай, өзгертілмей жазылуы керек.

Криминалистикада ең жиі қолданылатын тәсілдердің бірі, ол салыстыру тәсілі. Салыстыру дегеніміз екі, не болмаса бірнеше объектілердің өзіне тән белгілерін теңеп, салыстырып көру. Салыстыру өте күрделі логикалық талдауды қажет ететін ойлау процесі. Бірнеше объектілерді салыстырғанда, алдымен әр объекті жеке алынып зерттеледі. Бұл салыстырудың бірнеше сатысында зерттеліп отырған объектілерге тән қасиеттер мен белгілер іріктеліп алынады.

Қасиеттер мен белгілерді іріктегенде аса көңіл аударатын нәрсе – ол салыстыру негізіне алынатын қасиеттер мен белгілер осы объектіге тән және тұрақты, басқа объектілерде жиі кездеспейтін қасиеттер (белгілер) болуы керек.

Осы жоғарыда қолданылып отырған "қасиет" және "белгі" деген сөздердің мағынасына түсінік бере кету қажет. Бұл екі сөз бірімен-бірі тығыз байланысты болғанымен тең мағыналы ұғым емес. Объектідегі белгі зерттеп отырған объектінің ерекшелігіне байланысты: кейбір объектінің қасиетін бірден аңғарып қабылдауға болады да, ал кей объектінің тек белгілерін қабылдап, сол арқылы қасиетін білуге болады. Мысалы; аяқтың ізінде қалған белгілер арқылы ізді қалдырған адамның аяқ алысы ерекшелігін ажыратуға болады (жеңіл жүріс, кербез жүріс, адымы үлкен, аяғын ақсап басады т.б).

Әрине бірнеше объектіде бірдей, не ұқсас қасиет пен белгі болуы мүмкін. Сондықтан тек бір, не екі белгіні негізге ала отырып, салыстырып отырған объектілердің тепе-теңдігін шешуге болмайды. Сондықтан әр объектіні жеке зерттегенде бірнеше қасиеттер мен белгілерді іріктеп алып, олардың осы күйінде басқа, осыған ұқсас объектіде болмайтынын анықтау қажет. Салыстырайын деп отырған объектілерден осындай жинақ қасиет тапқаннан кейін, зерттеуші салыстырудың екінші кезеңіне (сатысына) көшеді. Бұл зерттеу кезеңінде салыстырып отырған екі объектіден (я бірнеше объектілерден) іріктеліп алынған белгілер бір-бірімен салыстырылып олардың бірдейлігі, не өзгешелігі анықталады. Салыстырудың үшінші кезеңінде (сатысында) белгілерді бір-бірімен теңестіріп, салыстыра тұжырымдай отырып, зерттеуші бір белгілі қортынды шығарады. Салыстыру үстінде бір белгілі қортындыға келу үшін зерттеуші логикада қолданылатын талдау, синтез, абстракция, болжау және т.б. тәсілдерді пайдаланады.

Криминалистикалық зерттеуде эксперименталдық тәсілдер де қолданылады. Эксперимент дегеніміз – объективтік нақтылы тануға қолданылатын ғылыми тәжірибе. Криминалистикада заттарды зерттегенде, қылмысты тергегенде пайда болған болжаулар әртүрлі тәжірибелер арқылы эксперименталдық әдістермен тексеріледі. Эксперименттің негізгі міндеті - әртүрлі құбылыстардың, я заттардың маңызын, мен-жайын, негізгі қасиетін, табиғаты мен жаратылысын анықтау. Эксперименттік тәжірибелер жүргізгенде жоғарыда көрсетілген бақылау, өлшеу, сипаттау әдістері де қолданылады.

Криминалистикада жүргізіліп жатқан тәжірибенің міндетіне байланысты эксперимент және тергеу эксперименті болып екіге бөлінеді.

Сараптамалық эксперимент сараптама жүргізуге керекті үлгілер алуға, кейбір құбылыстардың өту барысын бақылауға (мысалы іздің пайда болу механизмін тексеруге) және сараптамада пайдаланатын (химиялық, физикалық т.б.) әртүрлі тәсілдердің тиімділігін, нәтижелігін тексеруде пайдаланылады.

Тергеу эксперименті іс бойынша, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы табылған деректерде көрсетілген оқиғаның шындығын тексеру үшін, болған оқиғаны қайтадан бұрынғы қалпына келтіріп, оған ұқсас жағдайларда тәжірибелер жүргізу арқылы орындалады.

Тергеу эксперименті мына мәселелерді анықтау үшін жүргізіледі:

а) белгілі бір іс-әрекетті деректерде көрсетілгендей жағдайда істеуге (жасауға) бола ма, жоқ па? Мысалы, қорғандағы тесік арқылы белгілі бір затты алып шығуға бола ма? Белгілі бір қашықтықтағы жерге бір сағаттың ішінде автокөлікпен, істе көрсетілген жолмен барып, келуге бола ма т.б.

б) іс бойынша тексеріліп отырған оқиғаны белгілі бір қашықтықта және жарықтықта көріп қабылдауға бола ма? Белгілі бір дыбысты, я кісінің даусын істе көрсетілген жағдайда естіп, айтылған сөздің мағынасын түсінуге бола ма т.б.

в) іздің пайда болу механизмін зерттеп анықтау. Бұл мәселені жоғарыда көрсетілген сараптамалық эксперимент жүргізгенде анықтайды. Бірақ кейбір жағдай, із пайда болу механизмін зерттеп, анықтауға арнаулы білімнің қажеті жоқ болса, тергеушінің өзі эксперимент жүргізу арқылы бұл мәселені анықтап шеше алады.

Экспериментте қолданылатын тәжірибелер тергеу әрекетіне қатынасқан адамдардың денсаулығына, өміріне қатер туғызбайтын жағдайда өткізіліп, процесуалдық заңға қайшы келмейтіндей болуы керек.

Криминалистикада осы жоғарыда көрсетілген жалпы әдістермен қатар арнайы әдістер де қолданылады.

Арнайы криминалистикалық әдістер, көбінесе басқа ғылымдарда пайда болған әдістерді криминалистикалық объектілерді зерттеуге бейімдеу арқылы пайда болған да, кейбір арнайы әдістер криминалистиканың өзінде пайда болып, кейінірек басқа ғылымдар да қолданылатын болған. Сонымен қатар арнайы әдістердің ішінде тек криминалистика ғылымында ғана қолданылатын әдістер бар, олар кейде криминалистикалық оқулықтарда криминалистиканың өзіне меншікті әдістер деп те аталады.

Бұл әдістердің ішінде айрықша орын алатын әдістердің бірі – зерттеу тәсілдері, атап айтқанда: криминалистикалық фотографияның әдістері, трасология мен криминалистикалық баллистиканың, қолжазбатану, автортану, құжаттарды техникалық зерттеулердің, габитологияның, қылмыстық тіркеудің және криминалистикалық тактиканың әдіс-тәсілдері.

Арнайы әдістердің екінші бір тобы басқа ғылымдардан алынып, криминалистикалық объектілерді зерттеуге бейімделген әдістер.

Бұл топқа жататын әдістер: микроскопиялық зерттеу тәсілі, спектордың көзге көрінбейтін инфрақызыл, ультракүлгін сәулелерінде зерттеу, рентген сәулесінде зерттеу, спекторлық талдау т.б.

Осы көрсетілген криминалистика зерттеулерінде жиі қолданылатын тәсілдер мен әдістердің мағынасын талдап өтейік:

Криминалистиканың өзіне тән әдістері криминалистикалық – техниканың басқа да бөлімдерінде қолданылады. Атап айтқанда мына төменде көрсетілген әдістер криминалистиканың өзіне меншікті, дәстүрлі әдістері деп саналады. Саусақтың папиллярлық өрнектерін және белгілерін классификациялау әдісі, жеке іздердің түсу механизміне байланысты классификациялау (статикалық іздер – тұрақты қалыпта түсетін іздер; динамикалық іздер – екі объектінің бір-біріне қарсы қозғалуынан түсетін іздер); оқ пен гильзадағы іздер бойынша мылтықты идентификациялау, қолжазбаның идентификациялық белгілерін идентификациялау т.б.

Арнайы криминалистикалық әдістерге басқа ғылымдарда пайда болған, бірақ оларды заттай дәлелдемелерді, іздерді және басқа да деректерді зерттеуге бейімдеп, модификациялап өзгерткен түрлері жатады.

Мысалы, заттай дәлелдемелерді спектордың көзге көрінбейтін (инфрақызыл, ультракүлгін, альфа, бетта, гамма, рентген) сәулелерінде зерттеу әдістері.

Ешқандай құралсыз, жай көзбен біз оптикалық спектордың тек 400 мм - 750 мм толқын ұзындығының аралығындағы сәулелерін қабылдап көреміз. Бірақ кейбір заттардың қасиеттері, ондағы керекті белгілер жоғарыда айтылған сәулелерде анық көрініп ажыратылады. Сондықтан криминалистика осы сәулелердің қасиетін пайдалана отырып, заттай дәлелдемелерді зерттеуге керекті арнайы әдістер, фототехникалық тәсілдер мен аппараттар пайдаланылады. Инфрақызыл сәулесінде заттай дәлелдемелерді зерттеп қарау үшін электронды оптикалық өзгерткіш аппарат жасалған. Осы аппарат арқылы, инфрақызыл сәуленің қасиеттерін пайдалана отырып, құжаттарда химиялық реактивтермен өшірілген жазбаларды, үстіне сия құйып, не басқа бір тәсілдермен көрсетпей тастаған жазуларды оқуға болады. Инфрақызыл сәулелер арқылы қара материалда қалған көзге көрінбейтін оқтан қалған күйені, кейбір жанғыш майлардың материалдарда қалған дақтарын ажыратуға болады.

Ультракүлгін сәулелер (400-ден – 200-ге дейінгі мма) криминалистикада көзге көрінбейтін көріністерді салқын сәулемен әсер етіп қозғау (люминесценциялау) арқылы көріп анықтау үшін пайдаланылады.

Люминесценттік талдау арқылы әртүрлі құрамнан тұратын заттарды дифференциациялауға (бөліп жазуға), көзге көрінбейтін жазбаларды оқуға, кейбір заттардағы өте ұсақ дақтарды көруге болады. Криминалистикалық лабораторияларда осындай заттай дәлелдемелерді ультракүлгін сәуледе зерттеу үшін әртүрлі кварцтық шамдар (УО-1, ОИ-8, Люм-1) пайдаланылады. Ультракүлгін сәулелер арқылы зерттеу нәтижесін арнаулы құралдарды (электронды оптикалық өзгерткіш, не флуориметр пайдаланып) көзбен көріп, оны бекіту үшін фотосуретке түсіріп алуға болады.

Электромагнит спекторында сәулелерінен төмен рентген сәулелері орналасқан. Рентген сәулелерінің өтімділік қасиетін пайдаланып, көзге көрінбейтін, мөлдір емес объектілердің ішкі құрылысын зерттеп оны фотопластинкаға, немесе пленкаға түсіріп алуға болады. Рентген аппараттары криминалистикада мылтықты, оқ дәріні тағы басқа жеңіл металдан, ағаштан жасалған объектілерді зерттеуге пайдаланылады. Оқиға болған жерге, тінту жүргізгенде кішігірім рентген аппараттары көрінбей жатқан, немесе құпия қор сақтағыш орынға тығып қойылған заттарды тауып алуға кең түрде қолданылады.

Криминалистикалық зерттеуде радиоактивті изотоптар, атап айтқанда, бета және гамма сәулелері де пайдаланылады. Мысалы, бета сәулелері шыныдан, пластмассадан, фольгадан, алюминиден және басқа да жұмсақ металдардан, ал гамма сәулесі тығыз металдан жасалған объектілерді зерттеуге пайдаланылады.

Заттай дәлелдемелерді зерттеуде спекторлық талдау әдістемесі де жиі пайдаланылады. Бұл тәсіл элементтердің әр атомынан шығатын сәулелердің толқын ұзындығының ерекшеліктеріне негізделген. Бір элементтен шығатын сәуле жинағы осы элементтің спектры деп саналады. Осы спектр жинағын алу арқылы тексеріліп отырған объектінің химиялық құрамын біліп, осының негізінде оның не зат екенін анықтауға болады.

Спекторлық талдау сапалы және сандық талдау болып екіге бөлінеді. Сапалы талдау арқылы зерттеліп отырған заттың химиялық құрамы анықталады да, ал сандық талдауда осы заттардың құрамындағы химиялық элементтердің сандық сипаттамасы алынады. Спекторлық талдау арқылы сияның, қарындаштың басқа да бояғыш заттардың түрін айыруға болады. Бұл тәсілмен металдан, пластмассадан жасалған бұйымдар тексеріледі. Криминалистикада спекторлық талдау көбінесе оқ, бытыра, пломбаларды зерттеуге қолданылады.

Химиялық тәсілдермен заттай дәлелдемелерді тексеруде, тағы бір жиі пайдаланылатын тәсіл, ол газхромотографиялық тәсіл. Бұл тәсілді пайдалана отырып, тексеріліп отырған затта бензин, керосин, не басқа жанғыш майдың ізін айыруға болады.

Өте ұсақ, не көзге көрінбейтін объектілерді анықтау үшін микроқалдықтар, ескіруіне байланысты түсін жоғалтқан жазулар, шала көрінетін құжаттар т.б. анықтау үшін микроскопиялық зерттеу әдісі де қолданылады.

Кейінгі кезде криминалистикалық зерттеуде математикалық, кибернетикалық, голографиялық тәсілдерді қолдану жөнінде де көп ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Химиялық реактивтермен өшірілген жазуды, көзге көрінбейтін майлы тер арқылы пайда болған бармақ таңбаларын зерттеуге лазерлі сәулелерді пайдалану кең өріс алып келеді.

Қандай тәсіл болмасын оны қолдану үшін белгілі бір шарттар қойылады.

Біріншіден, пайдаланылатын тәсілдер мен әдістер оларды қолданатын адамның өміріне қауіп-қатер туғызбайтын, денсаулығына зиян келтірмейтін болуы тиіс.

Екіншіден, пайдаланылатын тәсіл этикалық нормаларға, процесуалдық заңға қайшы келмеуі керек.

Үшіншіден, қолданылатын тәсіл тексерілген ғылыми қағидаларға сүйенетін, ғылыми түрде толық сипатталған, оның нәтижелігі ғылыми жолмен дәлелденген болуы қажет.

Жоғарыда криминалистикада қолданылатын жалпы және арнайы тәсілдер мен әдістердің жалпы сипаттамасы берілді. Олардың қолдану ерекшеліктері мен техникалық әдістері егжей-тегжейлі криминалистиканың әр бөлімінде қаралады.

 

 

 

 

ТАРАУ

КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКА

§ 1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі

«Идентификация» термині – бұллатын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсақ «теңдестіру жасау», яғни «тепе-теңдікті анықтау» немесе «тепе-тең ету, сәйкестендіру» деген мағынаны білдіреді.

«Идентификация» термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады:

· идентификация – адамның ойлау қабілетінің заңдылығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде;

· идентификация – танымның әдіс-тәсілі мен құралы ретінде;

· идентификация – теңдестіру арқылы тану процесінің белгісі ретінде қарастырылады.

«Идентификация» термині – көзделген мақсаты мен шешетін мәселелеріне байланысты пайдаланылады және белгілі бір ойларды жинақтайды.

Идентификация ұғымы логика, таным теориясы (философияға), психология және басқа да негізгі ғылымдарға сүйенеді.

Таным теориясының (философия) көмегі арқылы адамның танымдық қызметіне ғылыми негізде талдаулар жасалады. Әлемдегі барлық материалды объектілер өзіне-өзі ғана тең. Әрбір объект өзіндік қасиетіне байланысты, өзі тектес басқа да объектілерден ерекшеленеді. Объектілердің көптеген сәйкес келу белгі санына қарамастан материалды дүниедегі әрбір объект жекеленген болып табылады. Бұл жекеліктер адамдарға объектіні тануға, оны өзінің арасындағы басқа да өзі тектес заттардан ажыратып тану немесе сәйкестендіру процесін жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді.

Танылатын объектінің өзіндік қасиеті мен мақсат, міндеттеріне байланысты материалдық дүние объектілерін тану процесіндегі теңестіру әртүрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Теңдестіру актілері қарапайым, яғни күнделікті тұрмыс-тіршілікте, сондай-ақ ғылыми зерттеулер шеңберінде шешілетіндей күрделі болуы мүмкін. Мысалы: теңдестірудің тұрмыстық актілерінде кішкентай бала өзінің ата-анасын, киімдерін, ойыншықтарын таниды; суретші өзінің салған суретін оңай ажыратады; ұста өзі жасаған детальдарды тез табады және т.б. Ал күрделі актілерде: химик-аналитик – химиялық заттарды, оның табиғатын, сондай-ақ геолог – минералдың, физик – физикалық процестердің табиғатын анықтайды.

Адамның ойлау қызметі заңдылықтарын зерттейтін логика ғылымы, идентификация көмегімен теңдестіру заңдылығы және адамды тану қызметіндегі теңестірудің логикалық қағидалары негізінде қалыптасқан.

Теңдестіру заңдылығына сәйкес – адамның ойлау процесіндегі қандай да бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тең болуы тиіс.

Адамның санасында көрініс тапқан объект бейнесі нақты бір жекеленген болуы қажет. Талқылау кезінде міндетті түрде нақты бір объектіні ғана ойлау керек, оны басқа объектілермен алмастыруға болмайды. Әртүрлі объектілерді теңдестіру мүмкін емес, логикаға жатпайды. Бір объектіні адамның қайта еске түсіру кезіндегі ойлау мазмұны алғашқы ойлаудың мазмұнына сәйкес (бір) болуы қажет. Бір объект жайлы талқылау кезінде пікірталастықтар пайда болған жағдайларда, әрбір адамның ойы әртүрлі болып олар өзара келісімге (бір шешімге) келе алмайды, бұл өз алдына теңдестіру заңдылығының бұзылуына әкеп соқтырады.

Идентификацияның психофизиологиялық механизмі келесідей болып келеді: субъектінің санасында көрсетіліп отырған объектінің белгілері туралы көрініс, сол көріністі ойлау арқылы, ол ұсынылып отырған объектіні өзінің ойындағы объект белгілері бойынша салыстырады, содан кейін ғана ол объектілердің сәйкестігі жайында немесе ерекшеліктері бойынша қорытынды жасайды.

Адамның барлық танымдық (тұрмыстық, я ғылыми) қызметі аясындағы кез-келген логикалық теңдестіру механизмі біреу-ақ болып келеді. Операция бірнеше рет орындалатындықтан тұрмыстық теңдестіру процедурасы қарапайым болып табылады. Сондықтан да ол стеоретиптік сипатқа ие, динамикалық стеоретип арқылы біз өз затымызды, ата-анамызды, туыстарымызды және т.б. ажыратамыз.

Қарапайым теңдестірулер негізінен көріністі, бейнені – көру, есту мүшелері арқылы қабылдауға байланысты жасалады.

Идентификация таным әдісі ретінде барлық ғылыми, атап айтқанда: ботаника, зоология, геология, химия, өнертану және т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Мысалы, археологиялық зерттеулер жүргізу барысында табылған (қазып алынған) объектілер міндетті түрде белгілі бір кезең мәдениетімен сәйкестендіріледі.

Палеонтология бойынша табылған объектілер бұрын тіршілікте өмір сүрген жануарлардың өлігі, қазіргі кезде жойылып кеткен жануарлардың түрлерімен идентификацияланады. Табылған жануарлар, өсімдіктер ботаникада, зоологияда, олардың белгілі бір класы, түрі, тобы бойынша идентификацияланады.

Аналитикалық, органикалық және басқа да химияның салалары арқылы алынатын барлық заттар міндетті түрде бұрын анықталған заттар класы бойынша идентификацияландырылады (сәйкестендіріледі).

Геология, минералогияға байланысты табылған заттар белгілі бір минералдар және т.б. түрлері бойынша идентификацияланады.

Барлық идентификациялық жағдай мәселелеріне байланысты әртүрлі ойлар (пікірлер, көзқарастар, тұжырымдар) кейбір ғылым – археология, тарих, өнертану салаларында жекелеген идентификациялық мәселелердің сәйкестігін шешу үшін криминалистика ғылымын, яғни криминалистика тәсілдерін пайдалануға тура келеді.

Л.Н. Мороз идентификация ұғымына келесідей түсінік берген: Идентификация дегеніміз – бір объектіні басқа бір объектіден ажырату немесе тануға мүмкіндік беретін объектінің өзіндік қасиетіндегі материалдық белгілерін салыстырмалы түрде зерттеу мен бағалау болып табылады.

Криминалистикалық идентификацияның ерекшелігі неде, олардың басқа да қызмет саласындағы идентификациядан айырмашылығы қандай деген мәселелерге тоқталатын болсақ, бұл мәселелерді көптеген: С.М. Потапов, В.Я. Колдин, В.С. Митричев, Л.Н. Мороз, М.Я. Сегай, Н.В. Терзиев және т.б. ғалымдар талқылаған.

Барлық криминалист ғалымдар тергеу тәжірибесінде идентификация жүргізу қажеттілігін бір ауыздан құптайды, бірақ криминалистикалық идентификацияның түрі мен объектілеріне қатысты әртүрлі көзқарастағы өз ой-пікірлерін ұсынады. Осыған байланысты бірқатар криминалист ғалымдардың пікірлерін, ұғымдарын қарастырып өтейік.

Біздің қазақстандық криминалист Л.Н. Мороз идентификацияны соттық және криминалистикалық деп екіге бөліп көрсетеді. Ол соттық идентификация түсінігі криминалистикалық идентификация ұғымына қарағанда кеңірек деп таныған. Соттық идентификация тергеу тәжірибесінде идентификация жүргізудің барлық түрін қамтиды, ол: химия, биология, ботаника, геология және т.б. ғылымдарының материалдық мәліметтерін пайдаланады деп нақтылайды. Мысалы, оқиға болған жерден және сезіктінің аяқ киімінен алынған өсімдіктер бөлігіне салыстырмалы зерттеулер жүргізу кезінде сарапшы криминалистикалық емес, биологиялық тәсілдерді қолданады. Сондықтан да Л.Н. Мороз: соттық идентификация мен криминалистикалық идентификацияны өзара салыстырып қарастыруға болмайды деп санайды.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)