|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 12 страницаҚатынасқа түсетін объектілердің өзіндік қасиетіне байланысты іздер – қозғалатын бөлшектердің іздері беткі қабатты және көлемді іздер болып бөлінеді. Беткі қабатты іздер – қабатталу (автокөлік дөңгелегі судан, шалшықтан өтіп құрғақ асфальт беттерінде қалдырған) іздері және қабатсыздану (балшықта қалған) іздері болып бөлінеді. Қабатталу іздері позитивті (боялған сыртқа шығып тұрған бөлшектерінен қалған) іздер және негативті (дөңгелек протекторларының арасында қалған батпақ) іздері деп екі түрге бөлінеді. Дөңгелекпен қатынасқа түсу нәтижесінде өзгеріске ұшыраған (құм, лай, топырақты жерлер) іздер көлемді болып табылады. Қозғалатын бөлшектерден қалған іздер арқылы көліктің қозғалыс бағытын, жағдайын (тежеу, тоқтату); көлік құралының түрін, моделін анықтауға, ал кейбір жағдайларда оларды идентификациялауға болады. Артқы қосарланған дөңгелектердің болуы, болмауы арқылы, сондай-ақ автокөлік базасының көлемімен, сорап іздердің ені арқылы жүк таситын және жеңіл көлік құралдарын дифференциациялауға болады. Сорап ізінің ені – дөңгелектің артқы оң және сол жақтарындағы іздерінің ортасындағы сызықтарының арақашықтығы. Түзу бағытта қозғалған автокөлік іздерін зерттеген кезде алдыңғы дөңгелек іздерін артқы дөңгелек іздері толық немесе жартылай басатынын ескеру қажет. Алдыңғы дөңгелек іздері көлік бұрылған жағдайларда зерттелінеді. Автокөлік базасы – бұл алдыңғы және артқы дөңгелек остерінің арасындағы арақашықтығы. Базаны көлік құралдары дөңгелектерінің бұрылыс кезіндегі іздері және статикалық іздері бойынша анықтауға болады. База, сорап іздері арқылы – автокөліктің түрі анықталады, ал моделі протектордың жүргізу бөлігінің ені, протектор өрнегінің суреті, дөңгелектің сыртқы диаметрі арқылы анықталады. Протектордың жүргізу бөлігінің ені– суреті айқын бейнеленіп түскен учаскілердің бір шетінен екінші шетіне дейінгі арақашықтықты өлшеу арқылы анықталады. Ізде қалған протектор өрнегінің бейнесі суретке түсіріліп, оның барлық элементтері өлшеніп, хаттамаға бекітіледі. Содан кейін мамандардың көмегімен көлік құралы қандай модельге жататындығы анықталады. Барлық белгілерді бағалау арқылы алынған мәліметтер көлік құралдарын іздестіру кезінде қолданылады. Протектордың ақау белгілері арқылы да көлік құралдарын идентификациялауға болады. Оқиға болған жерден көлік құралдарының табан шынжырының (гусениц) қозғалыс іздері табылған жағдайларда, сорап іздердің (табан шынжыры мен сорап іздерінің арақашықтық) ені өлшенеді және бекітіледі. Көлік құралының қозғалатын бөлігінің іздері адам аяғының іздерін алу сияқты әдіспен бекітіледі. Іздер сызықты панорамалық тәсілді қолдана отырып фотосуретке түсіріледі. Протектор суреттерінің барынша анық көрінетін учаскелерін жеке-жеке фотосуретке түсіру қажет. Барлық фототүсірілімдер масштабты сызғышты қолдану арқылы жүзеге асырылады. Протектордың жекеленген белгілерін анығырақ бейнелейтін учаскелерден гипсты қалып жасалынады. Егер көлік құралының қозғалатын бөлігінің іздері жәбірленушінің киімінен табылған жағдайда, онда ол бірнеше рет фотосуретке түсіріледі. Іздердің орналасқан жерін айқын көрсету үшін фотосуретке алдымен киімді толығымен түсіру керек. Содан соң киімді қыртыстануынан жазып, іздің жанына қатарластырып масштабты сызғыш қойып іздің өзін фотоға түсіреді. Оқиға болған жерден алынған көлік құралының қозғалатын бөлшегі іздерінің қалыптары мен фототүсірілімдері сараптамалық зерттеулерге жіберіледі. Трасология арқылы келесідей сұрақтар шешіледі: із қандай модельді дөңгелектен қалған? оқиға болған жерде қалған көлік құралы іздерінің типі (маркасы, моделі) қандай? көлік құралынан қалған іздер қай бағытқа қарай бағытталған? бұл іздер ұсынылып отырған дөңгелектің ізі ма, жоқ па? жәбірленушінің киімінде қалдырылған іздер қандай дөңгелекпен (алдыңғы, артқы, оң жақ, сол жақ) қалдырылған? Егер көлік сараптамасының мәселесі нақты бір (белгілі) көлік құралының қозғалатын бөлшегінің іздері бойынша теңдестіру жасалған жағдайларда, олардың дөңгелектеріне немесе қалыптарына (іздердің үлгілеріне) салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін қажетті материалдарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Зерттеуге дөңгелекті барлық жабдықтарымен жинап толық ұсынған жөн. Бірақ кейбір дөңгелектің көлемінің үлкендігі мен салмағының ауырлығына байланысты, оны зерттеуге толық құрамда жіберуге барлық уақытта мүмкіндіктер бола бермейді. Көлік құралдарын жүргізген кезде олардың дөңгелектеріндегі идентификациялық жеке белгілер жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан да сараптамаға көлік құралдарының өзі емес, оның дөңгелектері немесе олардың үлгілері жіберіледі. Зерттеуге жататын үлгілер: көлемді және беткі қабатты іздердің сипатына байланысты алынады. Көлемді іздер алу үшін көлік құралдарының дөңгелегінің жалпы және жеке белгілерін бейнелену мүмкіндігінше (мысалы: ылғал құмда) оның дөңгелегін құмда шапшаңдық жылдамдығын азайта отырып айналдырып жүргізеді. Сөйтіп дөңгелектің 2-3 бұрылым ұзындықтағы іздері алынады. Бұдан кейін алынған іздер мұқият қаралып оқиға болған жерді қарау кезінде алынған қалыптағы белгілерге ұқсас белгілері бар екі учаскісі іріктеліп алынады. Экспериментальды іздердің осы учаскілерінің гипстік қалыптары жасалынады. Егер зерттелінетін іздер беткі қабатты болса, экспериментальды үлгілер де беткі қабатты болуы тиіс. Ол үшін оқиға болған жерде бекітілген белгілерге ұқсас белгілері бар дөңгелек учаскісіне бояғыш заттарды жағып көшірмесін алады. Арнайы бояуды резеңкелі білік арқылы дөңгелек учаскісіне жағады. Қарау кезінде сәйкес учаскілері анықталмаған жағдайларда барлық дөңгелектердің іздері алынады. Дөңгелектің екі-үш айналған кездегі іздерін алған жөн (дұрыс). Оқиға болған жерден табылған детальдар мен бөлшектер көлік құралын іздестіру және оны идентификациялау, сондай-ақ нақты оқиға болған (соғысқан, басып кеткен) учаскені анықтау үшін пайдалы. Оқиға болған жерде қалған объектілер келесідей бейнеде сипатталып топтастырылуы мүмкін: көлік құралы әйнегінің, фар әйнегінің сынықтарының және басқа да әйнектерінің құрама бөліктері; лак, бояу қабаттарының бөлшектері; көлік құралы бөлшектерінің бөлігі; жеке тораптарының құрама бөліктері немесе тіреуіш детальдары. Фар және басқа да сынықтарды зерттеу арқылы көлік құралының моделін, типін, маркісін анықтауға болады. Көлік құралдарынан бөлініп қалған лак және бояу қабаттарының бөлшектері оның түсін анықтауға және бұл мәліметтерді іздестіру жұмыстарына пайдалануға, сонымен қатар, көлік құралы табылғаннан кейін трасологиялық және материалтанушылық сараптама жүргізуге мүмкіндік береді. Көлік құралы бөлшегінің сынықтары ретінде көбінде оқиға болған жерден табылған автокөліктің сыртына орнатылған (сыртқы жағындағы айналарының, антеннасы, қырындағы қосымша фарының, тұтқаларының, бампері және т.б.) детальдары бейнеленеді. Бөлініп қалған детальдар арқылы көлік құралдарының моделін анықтауға болады. Көлік құралының түрі анықталғаннан кейін одан бөлініп қалған бөлшектер бойынша теңдестірулер жүргізіледі.
§6. Бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау
Оқиға болған жерде қалған заттардың іздерінің әртүрлі болуына байланысты бүтінді оның бөлшегі бойынша зерттеу механоскопиялық идентификациялау арқылы анықталады. Бүтін объект ретінде жеке заттар қарастырылады. Мысалы: куртка матасының бөлігі одан ажыратыла отырып жыртылған. Заттарды ортақ пайдаланудан қалған іздері бар заттардың жиынтығы да бүтінді бөлшек бойынша анықтаудың объектісіне жатады; сондай-ақ бір агрегаттың жартысы (бөлігі де) да объект болып табылуы (мысалы: құралының деталі одан бөлініп оқиға болған жерде қалып қойуы) мүмкін. Бұл объектілерді қарау және сараптық зерттеулер арқылы келесідей жағдайларда: өзара байланысатын бөлшектің бір бүтінге жататындығы туралы мән-жайларды; олардың бөлшекке бөлінуінің себебін (тәсілін); заттардың топтық тиістілігін анықтауға болады. Мұндай зерттеу нәтижелері – қылмысты ашу мен тергеуге маңызды өзара байланысатын мән-жайларды анықтауға мүмкіндік береді. Тергеуші оқиға болған жерден табылған және алынған заттардың бөлшектеріне аса көңіл бөле отырып, олар (бөліктері, детальдары, сынықтары) қандай заттың бөлшектері болуы мүмкін екендігі жөнінде болжамдар жасаулары тиіс. Бұл мәселелерді шешу үшін тергеуші оқиғаның механизмін толық, әрі жан-жақты талдауы қажет. Соның нәтижесінде тергеуші әртүрлі заттардың өзіндік топтық қасиеттерін анықтап алып, ары қарай іздестіру жұмыстарын жүргізу керек. Іздестіру процесінде бөлшектерді, сынықтарды, ұсақ үгінділерді табу мен алу үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтар қолдануы тиіс. Бұзу құралдарынан бөлініп қалған металл үгінділерін табу мен алу үшін магнит қолданған жөн. Ал арнайы прототипті шаңсорғышты пайдалана отырып, әртүрлі тор-фильтрлері арқылы көлік құралдарынан бөлініп қалған бояу бөліктерін, үгінділерін жинап алуға болады. Табылған заттардың топтық қасиеттерін анықтау негізінде олардың жалпы белгілерін зерттеу – табылған бөлшектерді қараудың негізгі мәселесі болып табылады. Мысалы: жол-көлік оқиғасы болған жерден табылған деталь қандай көлік деталіне жатады. Мұндай жағдайларды анықтау кезінде іздестіру жұмыстарын жеңілдету үшін қарастыратын топ құрамын мүмкіндігінше азайтқан жөн. Қараудың бұл кезеңінде мамандармен (товароведтер, инженер-технолог, көлік инженерлері мен т.б.) кеңесу қажет. Оқиға болған жерден табылған бүтіннің бөлшектері (оның формасы, өлшемі, заттардың сыртқы белгілері мен олардың жасалған материалдары т.б.) масштабты фототүсірілім тәртібі қолданыла отырып фотосуретке түсіріледі. Әсіресе заттардың ұсақ бөлшектері (фардың сынықтары, автокөлік бояуының бөлшектері) өте көп мөлшерде табылған және оны оқиға болған жерде сипаттап суреттеуге немесе бейнелеуге мүмкіндік болмаған жағдайларда, оны міндетті түрде фотосуретке түсіру керек. Табылған бөлшектердің шеткі жақтары (жиектері) сынып қалмас үшін оған ерекше көңіл бөле отырып, аса сақтықпен буып-түйіледі. Бұл кейіннен табылған бөлшектердің жиектері арқылы салыстырып сәйкестендіру үшін өте қажет. Сараптамаға әртүрлі жерлерден табылған заттардың бөлшектері немесе заттар және олардан бөлініп қалған бөлшектер жіберіледі. Трасологиямен төмендегідей сұрақтар шешіледі: екі (немесе бірнеше) объект бір бүтін затты құрайды ма? ұсынылып отырған объект (деталь, бөлшек) нақты бір механизмге (агрегатқа және т.б.) жатады ма? ұсынылып отырған заттар белгілі бір комплектіні құрайды ма? бұл заттар бір жерде (бір қорапта) бірге сақталды ма, жоқ па? Бүтінді бөлшек бойынша анықтау кезінде жүргізілетін трасологиялық зерттеулер материалтанушылық: объект жасалған заттардың, лакпен боялған қабаттардың құрамын зерттеумен; объектінің физикалық қасиетін: бейнелеу, электроөткізгіштік қасиеттерін, беріктілігін, құрылысын зерттеумен және т.б. зертеулерімен толықтырылады.
4-ТАРАУ КÐÈÌÈÍÀËÈÑÒИКАЛЫҚ (ÑÎÒ) ÁÀËËÈÑÒÈÊÀ
§1. Сот-баллистикасының түсінігі мен мақсаты
Сот баллистикасы криминалистикалық техника бөлімінің біріне жатады. Баллистика (гр. сөз. «balle» – «лақтырамын») – оқ және бытыраның қозғалысы мен жылдамдығын зерттейтін ғылым. Баллистика сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Ішкі баллистика қару оқпанындағы оқтың қозғалысы. Сыртқы баллистика кеңістіктегі оқтың қозғалысы. Сот баллистикасының теориялық және әдістемелік мәселелері В.Х. Черваков, С.Д. Кустанович, Ю.М. Кубицков, Б.Н. Ермоленко, А.П. Вакуловский, В.С. Аханов, Ю.Г. Корухов, Б.И. Шевченко, Л.Н. Мороз, Г.А. Мозговых, А.А. Исаев және т.б. ғалымдардың бірқатар еңбектерінде қарастырылған. Көптеген авторлар сот баллистикасын зерттеу объектісі бойынша қарастырған. В.Ф. Черваков сот баллистикасын қылмыстық-техниканың көлемді бөлімі ретінде қарастыра отырып, атыс қару-жарақтарын, оқ-дәріні, гильзаларды, оқты және оқ-дәрі жабдықтарын материалдық құрамы жағынан, сондай-ақ, әртүрлі заттар мен киімдерден табылған порохтар мен өзге де іздерді, атыс қаруларын криминалистика және сот-медицина тарапынан зерттеу қажеттілігін көрсетті. А.П. Вакуловский сот баллистикасын криминалистикалық техниканың бір саласына жатқызып, қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданылатын атыс қаруларын, оқ-дәрі жабдықтары мен олардың іздерін табу, бекіту, алу және зертеу әдіс-тәсілдерін оқытатын ілім деп көрсеткен. Б.И. Шевченко сот баллистикасы анықтамасын сот баллистикалық зерттеу арқылы шешілетін мәселелермен толықтырады. Ол, сот баллистикасын криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде қарастыра отырып, атыс қаруларын, ату кезінде пайда болған құбылыстарды, қылмыскерлер қолданған қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің қай топқа жататындығын анықтау және идентификациялау мақсатында ату іздерін зерттеу қажеттілігін, сондай-ақ атылған және оқ-дәрі жабдықтары арқылы зақым келтірудің техникалық жағдайын анықтау қажеттілігін көрсеткен. Ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибелік материалдарға байланысты сот баллистикасының теориялық мәселелерін зерттеу қажеттілігі туындады. Атап айтқанда: оқтың атылу заңдылықтары, қылмыс жасау мақсатында қолданылған қару-жарақтар мен оны қолдану нәтижесінде пайда болған соттық дәлелдемелер. Осы заңдылықтарды түбегейлі танып (зерттеп) білу, атыс қаруларын пайдалану арқылы заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу мәселелерін барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді. Сот баллистикасы өзінің жеке теориялық негіздерінің қалыптасуына байланысты криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде қарастырылады. Оның мазмұнына ату заңдылықтары мен қару-жарақтың тигізетін әсерін зерттеу және осылардың негізінде атыс қаруларының, оқ-дәрі жабдықтарының ату кезінде пайда болған іздері мен құбылыстарын табу, бекіту, алу және зерттеу кезінде қолданылатын ғылыми-техникалық әдіс-тәсілдер мен құрал-жабдықтарды өңдеп шығару жатады. Сот баллистикасының ғылыми негізін диалектикалық материализмнің жалпы әдістемесі мен ғылыми-техникалық білім салаларының ғылыми ережелері құрайды. Атап айтқанда, оларға: атыс қарулары мен оның оқ-дәрінің құрылысын, оқтың бөгетке тигізетін әсерін; қару оқпанындағы ату кезіндегі пайда болған құбылыстарды және оқтың оқпаннан шыққаннан кейінгі қозғалысын зерттейтін әскери-техникалық ғылым салалары жатады. Б.И. Ермоленко өз тарапынан сот баллистикасына қатысты келесідей: «оқ және гильзамен байланысқа түсетін қару-жарақ бөлшектерінің өзіндік бедері, қару-жарақ бөлшектері бедерлерінің тұрақтылығы (идентификациялық кезең); оқ-дәрі мен гильзада пайда болған іздердің механизмі; оқ және гильзадағы іздерде қару-жарақ бөліктері белгілерін бейнеленуіне әртүрлі факторлардың әсер етуі; сот баллистикасы объектілеріндегі іздерді бекіту жөнінде ғылыми мәліметтер; сарапшы қорытындысын шығару кезінде объектілердің әртүрлі қасиеттері мен белгілерін бағалаудың тәртіптері туралы» ілімдерді көрсетті. Ғылыми зерттеудің әдістемесін дәстүрлі зерттеу әдістері құрайды: бақылау, өлшеу, эксперимент, салыстыру, бейнелеу және т.б.. Сонымен қатар, сот баллистикалық зерттеудің арнайы әдістемесі – оқтар мен гильзалардағы іздерді микро- және макрофотографиялық әдістермен бекіту, экспериментальды оқтар мен гильзаларды алу әдісі, шашыраған бытыра бойынша ату арақашықтығы экспериментальды түрде анықтау әдістемесі; ату қару-жарағының жағдайын анықтаудың әдістемесі және т.б. Сот баллистикалық зерттеулер екі түрлі процесуалдық нысанда жүргізіледі: 1. тергеуші (кейбір жағдайларда маманның қатыстырылуымен) жүргізілетін тергеу әрекеті ретінде – оқиға болған жерді қарау, атыс қару-жарағын, оқ-дәрі жабдықтарын, ату іздерін қарау, атыс қару-жарағы немесе оқ-дәрі жабдықтарымен тергеу экспериментін жүргізу; 2. зерттеуді сот баллистикалық сараптама нысанында жүргізу. Тергеу әрекеттері мен баллистикалық сараптама шеңберінде жүргізілетін баллистикалық зерттеулер қылмыстың объективтік және субъективтік жағынан тұратын жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Осы жағдайларды екі топқа бөліп қарастыруға болады: идентификациялық; идентификациялық емес. Идентификациялық мәселелерге: оқиға болған жерден табылған немесе мәйіттен алынған оқтар сезіктіден алынған қару-жарақтан атылған ба? Оқиға болған жерден табылған оқ (гильза) пен ашылмаған қылмыстар бойынша алынған оқ (гильза) бір қару-жарақтан атылған ба? Оқиға болған жерден және мәйіттен алынған бытыра (картечь) мен сезіктіден алынған бытыра (картечь) бір металдан жасалынған ба немесе бір қоспаны құрай ма? Оқиға болған жерден табылған тығын мен сезіктіден алынған тығын бір материалдан жасалынған ба? Қолдан жасалынған қару-жарақ сезіктіден алынған құрал-жабдықтар мен материалдардан жасалынған ба? Идентификациялық емес мәселелерге (классификациялық, диагностикалық, ситуациялық): қылмыстың жасалу уақыты мен орны, қылмыс жасау кезінде қандай ату құралы қолданылған, атудың арақашықтығы мен бағыты, атқан адамның және жәбірленуші мен басқа да оқиғаға қатысушылардың орналасу жағдайы, қылмыскердің ниеті, оқтың ұшу бағыты, атылған оқтың саны мен кезектілігі, қарудың жарамдылығы, өздігінен атылып кету мүмкіндігі туралы мәселелерді, сондай-ақ қаруды, оқ-дәрі жабдықтарын жасау әдісін, қандай материалдар қолданғандығы, қарумен атылған-атылмағандығы, калибр жүйесінің қандай да бір бөлшегі ауыстырылған ба, жоқ па, ауыстырылса қандай түрімен ауыстырылды, сезікті жейдесінің қалтасында металл іздерінің бар-жоқтығын және т.б. анықтау жатады. Сот баллистикалық зерттеу объектісі болып негізінен ату және атылу мүмкіндігімен байланысты заттай дәлелдемелер табылады. Зерттеу объектілері келесідей топтарға бөлінеді: 1. атыс қарулары; 2. оқ-дәрі жабдықтары (патрондар), шикі заттары (сырье), материалдары, қару-жарақ пен оқ-дәріні дайындау кезінде қолданылған құралдар; 3. ату құралдарын қолдану іздері.
§2. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы I. Атылатын қару-жарақ құралы төмендегідей әртүрлі негіздер бойынша топтастырылады: 1.Атыс-қарулары қолдануына байланысты: Жауынгерлік – нақты күшпен соғыс техникасын жою үшін пайдаланатын қару жарақ; Оқулық – қару-жарақтың құрылысын білу үшін және ешқандай ату әрекеттерін жүргізбестен, қалай ату қажеттігін оқып үйренуге арналған; Спорттық – арнайы жарыс спорттарында қолданылатын ату құралы; Аңшылық – аң-құс аулау үшін қолданылатын кәсіптік және әуестік қару-жарақ құралдары. 2.Ату кезінде қаруды ұстау мен басқару әдісі бойынша: -тапанша; -револьвер; -винтовка; -карабин; -автомат; -тапанша-пулемет; -мылтық. 3.Автоматтану дәрежесі бойынша: -автоматтандырылмаған; -жартылай автоматтандырылған; -автоматтандырылған. 4.Оқты ату сипаты бойынша: -бірақ рет атылатын қару құралы; -аралас – АКМ (Калашниковтың модерленілген автоматы), ППС (Стечкиннің тапанша-пулеметі), АВС (Симоновтың автоматты винтовкасы) қару-жарағы; -үзіліссіз – РПД (Дягтеревтің қол пулеметі) атылатын қару-жарақ; -оқтың үзіліссіз атылуын автоматты түрде шектейтін (автоматты үзіліспен атылатын) қару-жарақ. 5.Оқпан саны бойынша және ұзындығына байланысты: -жалғыз оқпанды; -қос оқпанды; -көп оқпанды; -ұзын оқпанды (мылтық, карабин, винтовка); -орташа (автоматтар); -қысқа оқпанды (тапанша, револьверлер); 6.Калибрі бойынша: -иір оқпанды: кіші калибрі (6,5мм-ге дейін); орта калибрі (6,5мм-ден 9мм-ге дейін); ірі калибрі (9мм-ден жоғары); -тегіс оқпанды-12, 16, 20, 24, 28, 32 аңшы мылтығы. 7.Оқпанның шкі құрылысының құрастырылу ерекшелігі бойынша: -иір оқпанды винтовкада иірілудің болуы; -тегіс оқпанды. 8.Дайындау тәсіліне байланысты: -өндірістік (зауыттық, фирмалық және т.б.); -қолдан жасалған: толығымен жасалған; зауыттан шыққан қарулардың бөлшегін қолдана отырып құрастырылып жасалған; зауыттан шыққан қаруды өзгертіп жасаған немесе арнайы құралдар мен жабдықтарды өзгерте отырып жасалынған (құрылыс-монтажды тапаншалар, газ тапаншалары); -атиптік (қалыптан тыс). Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.) |