|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 21 страницаҚасы. Ұзындығы, ені, қалыңдығы, орналасуы (сыртқа немесе ішке қарай иілуі, көлденең), пішіні және өзара орналасуы бойынша бейнеленеді. Көзі. Өлшемі, формасы, көз қиығының орналасуы, көз алмасының шығыңқылық деңгейі және түсі сипатталады. Көз түстерінің әртүрлілігі, қылыйлығы, ақ дақтардың болуы, көз протезінің және басқа да ауытқулықтар көрсетіледі. Мұрны. Биіктігі мен ені, мұрын үстінің ұзындығы, кеңсірігінің тереңдігі, мұрынның шығыңқылығы, қырынан қарағандағы мұрын үстінің пішіні, алдыңғы жағынан мұрын үстінің ені мен формасы, қырынан мұрынның орналасу негізі, мұрын ұшы мен танауының орналасуы мен формасы сипатталады. Еріні. Оның қалыңдығы, сондай-ақ үстіңгі еріннің биіктігі мен шығыңқылығы бойынша сипатталады. Алдыңғы тістер болмаған жағдайларда еріннің тартылып тұруы байқалуы мүмкін. Ал тістері болған кезде үстіңгі еріннің көтеріңкі болуы немесе төмеңгі еріннің салбырап тұруы көрсетіледі. Ауызы. Алдынан қарағанда ауызының көлемі мен бұрыштарының орналасуы (көлденең, көтеріңкі, түсіңкі) бейнеленеді. Тістері. Көлемі, формасы, орналасу ерекшелігі мен түсі бойынша көрсетіледі. Тістерінің болмауы, зақымданғаны, пломбылар мен протездердің болуы, олардың жасалған материалдарының түстері көрсетіліп бекітіледі. Иегі. Төменгі еріннің жиектерінен иектің ұшына дейінгі арақашықтықтың биіктігі бойынша (жанынан қарағанда), ені бойынша (алдынан қарағанда), иектің жоғары, төмен орналасуы бойынша сипатталады. Құлақ. Жанынан қарағанда оның көлемі, формасы (сопақ, домалақ, тікбұрыш, үшбұрыш). Оның орналасуы (тік, жатыңқы), сондай-ақ сырғалықтың құлақ түйіншігі және де құлақ қалқанының басқа да бөлшектерінің ерекшеліктері көрсетіледі. Құлақтың анатомиялық ерекшелігінің әр түрлі болуы және тұрақтылығы оның үлкен ақпараттық және идентификациялық мәнін білдіреді. Әжімдер. Егер әжімдер қалыпты морфологиялық варияцияларда (жасқа сәйкес) көрсетілсе, оның идентификациялық рөлі жоғары болмайды. Ал егер бұл әжімдер жас адамның бетінде көп кездессе немесе керісінше қарт адамның бетінде болмаса онда мұндай белгілер үлкен идентификациялық мәнге ие болады. Әжімдер өздерінің орналасуы бойынша маңдайдағы, қасы арасындағы, самайдағы, құлақтың түйініндегі, ауыздағы, беттегі ерін мен мұрын арасындағы және мойындағы болып бөлінеді. Сипаттау кезінде олардың орналасуы, саны, көрініс деңгейі, формасы, бағыты көрсетіледі. Мойын. Биіктігі және жуандығы бойынша сипатталады; жұтқыншағы болса, оның көріну сипаты көрсетіледі. Иық. Ені бойынша және орналасуы бойынша сипатталады (төмеңгі түсіңкі, тік, көлденең, көтеріңкі, кейде бір иық екіншісінен төмен болуы мүмкін). Кеуде. Ені бойынша, шығыңқылығы бойынша (төменге қарай түсіңкі, шығыңқы) және кеуде бұлшық-еттерінің көріну деңгейі бойынша (кеуденің толықтығы) сипатталады. Арқа. Арқа тік болуы мүмкін (жалпақ). Мойын, кеуде және бел жақтағы кішігірім бүктесінің болуымен және мойын омыртқасы аумағында қисаюдың болуымен (бүкір) сипатталады. Сонымен қатар, омыртқаның патологиялық қисаюы да ескеріледі. Аяқ-қолы. Ұзындығы мен жуандығы бойынша сипатталады. Қолдың басын сипаттау кезінде олардың ұзындығы мен ені, алақанының үстінгі бетінде түктердің болуы, саусақтардың ұзындығы мен жуандығы, жекелеген саусақтың немесе ондағы буындардың болмауы, саусақтың қисық болуы және (контрактурасы) бүгілмеуі, буындардың жуандығы, тырнақтардың формасы мен көлемі, кәсібіне байланысты қолдың ойылуы мен тыртық іздерінің болуы көрсетіледі. В. Функционалдық (динамикалық) белгілер. Дене бітімі. Ол әр түрлі болуы мүмкін (дененің, бастың және қолдың қалыпты жағдайы). Дененің орналасуы бойынша дене бітімі еркін, ширақ және бос болады. Дене бітімін қолдың қалыпты жағдайы да сипаттайды: біреулер қолын қалтасында ұстауды әдет қылады, кейбіреулер бүйірін таянып жүреді, қолын бос ұстайды, қолын артына және алдына ұстап жүреді, сондай-ақ, киімнің төменгі жақ ұшын ұстап жүретіндер де кездеседі және т.б. Жүріс-тұрысы. Жүріс-тұрыс адамның жүру кезіндегі әдеттегі қимылының ерекшелігін білдіреді, және жай, тез, жеңіл, ауыр, нық, қисалаңдап және теңселіп жүретін, секіріп жүретін, адымның ені мен ұзындығы бойынша үлкен және кіші, өкше бұрылысының үлкен және кіші болуы, қолды сілтіп немесе сілтімей жүруі мүмкін. Ақсау кезінде қай аяғына қарай және қаншалықты қатты ақсаңдайтындығы көрсетіледі. Оның таяқты, балдақты, имек таяқты пайдалану немесе пайдаланбауы көрсетіледі. Жұлқынып сөйлеу. Сөйлеумен бірге жүретін іс-қималдар жиынтығын білдіреді. Ол негізінен сөзді мәнерлеуді күшейту мақсатында жасайтын қолдың қимылдары мен, сөйлесу кезінде адамның басының немесе барлық денесінің әдеттегі қалыптасқан іс-қимылымен сипатталады. Ым. Бет бұлшық-етінің әдеттегі қимылы. Өте дамыған және керісінше дамымаған болуы мүмкін. «Ауызша суреттеудегі» ымдау ерекшелігі нақты көрсетіледі: мысалы, қабағын түю, маңдайын тыжырайту, ернін тістеуі, ауызын қисайту, көзін жұму, қабағының астымен қарау және т.б.. Дауыс. Ырғағы (құбылысы) бойынша, күші, ашықтығы, жоғарғылығы бойынша ерекшеленеді. Сөйлеу мәнері. Сипаттау кезінде оның келесідей ерекшелігі көрсетіледі: жәй, жылдам, қалыпты, қозып, бөліп-бөліп сөйлеу, нақты, анық немесе анық емес, сөйлеу ақаулығы (кекештеніп, сақауланып және т.б.) белгілі бір акцентпен, белгілі бір жергілікті диалектімен, (мысалы, күрсіну), интонация, фразеологиялық және лексикалық ерекшеліктері. Белгілі бір әрекеттерді орындау әдісі. Функционалдық белгілердің тобына белгілі бір әрекеттерді орындаудың көптеген стереотиптік ерекшеліктері де жатқызылады. Мысалы, темекі тарту әдеті, оны ұстап -өшірудің әдеті, амандасудың, шаш түзеудің, күлудің, бас киімді киюінің және т.б. әдеттер. Адамның сыртқы бейнесінің функционалдық белгілері де идентификациялық мәнге ие және қылмысты ашу кезінде оларды ескеру керек. Белгілі бір адамдар қалыптасқан әдеттегі іс-қимылдың стереотиптері адамдарды теңдестіру міндетін қатесіз шешуге мүмкіндік беретін тұрақты идентификациялық жиынтық болып табылады. Бірақ анатомиялық белгілерге қарағанда сыртқы бейненің функционалдық белгілері оларды қабылдау кезінде (мысалы, оқиға болған жерден кетіп бара жатқанда қылмыскер ақсақ адамның жүрісін келтіреді, дауысын өзгертуі мүмкін және т.б.). Сондай-ақ, тұлғаны таныту үшін ұсыну кезінде де оңай өзгеруі мүмкін. Г. «Ерекше белгілер» және көзге бірден түсетін белгілер. Бұл бірден есте қалатын, көзге айқын көрінетін белгілер. «Ерекше белгілерге» аз кездесетін және тұрақтылығымен ерекшеленетін әртүрлі анатомиялық және функционалдық ауытқулар жатады. Анатомиялық ерекше белгілерге – дене бітімдерінің, оның мөлшерінің сәйкес келмеуі, түсіндегі ауытқулар, тыртықтар және басқа да бірден көзге түсетін дене құрылысындағы анатомиялық кемістіктер, аяқ-қолының қысқа болуы, омыртқаның қисаюы, бүкірдің болуы, қалдың, меннің болуы, ісіктер мен күстің болуы, терінің ерекше болуы, сондай-ақ олардың жекелеген түрлерінің боялуы, тері ауруларының болуы, татуировка жатады. Функционалды «ерекше белгілерге» – адамның денесінің жекелеген бөліктерінің қалыпты жағдайы мен қимылының ауытқулары жатады: ақсаңдау, жүру кезінде тек қана бір қолын сілтеп жүру, бет бұлшық еттерінің жыбырлауы, сөйлеу кезінде әртүрлі дефектінің болуы, мысалы, кекештену және т.б. белгілер. «Көзге бірден түсетін белгілер» – де анатомиялық және функционалдық сипатта болуы мүмкін. Оларға функционалдық белгілер (мысалы, жүру кезінде қолды сілтеудің ерекше тәсілдерінің болуы) және көзге тез түсетін дененің ашық бөліктерінде орналасқан анатомиялық белгілер (өте үлкен мұрын, еріннің қосарлануы және т.б.). Ерекше белгілер мен көзге тез түсетін белгілер оның табылған жері бойынша, көрініс табу деңгейі бойынша, мөлшері, формасы, ал кейбіреулері түсі мен түрі бойынша жеке-детальді түрде сипатталады. Татуировканы сипаттау кезінде бейненің көрінісі, жазбалар, инициалдар және т.б. ерекшелерді көрсету қажет. Киім, аяқ-киім, сақина, білезік, алқа, сырға, қолға және қалтаға салатын сағат, түтік және т.б. тұрақсыз оңай ауыстырылатын зат болып табылатындықтан олардың идентификациялық мәні тануға ұсыну кезіңде өзгеріссіз жағдайда адамда сақталғанына байланысты болады. Жеке заттардың маңызды мәні болуы мүмкін егер мүлтіксіз бақылау жағдайында олар тез қабылданып және есте тез сақталатын болса. Анатомиялық белгілерге қарағанда киім және басқа да жеке заттар мүмкіндігінше детальді түрде сипатталуы қажет (әсіресе танылмаған мәйітті қарау кезінде).
§3. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері. Криминалистикада «ауызша суреттеу» немесе «сөзді портрет» арқылы адамды іздестіру және теңдестіру мақсатында арнайы терминологияны қолдана отырып, оның сыртқы белгілерін сипаттаудың ғылыми негізінің жүйесі ретінде анықталады. Мұнда анатомиялық белгілеріне, әсіресе бет-әлпетін сипаттауға ерекше көңіл бөлінеді. «Ауызша суреттеу» - адамды белгілері бойынша тануға мүмкіндік береді, сыртқы бейнесін есте сақтауды жеңілдетеді, қысқа мерзім аралығында адам белгілерінің дұрыс сипатын құруға, сондай-ақ оның белгілерін фотокарточка арқылы сипаттауға, іздестіріп отырған тұлғалардың бейнелерін компьютердің көмегімен құрастыруға мүмкіндік береді. Бейнелеу кезінде арнайы терминдерді қолдану сипаттау белгілерін барлық адамдардың бірдей қабылдауын қамтамасыз етеді. Жедел-іздестіру қызметкерлері мен тергеушілердің адамның сыртқы бейнесін сипаттау кезінде тұрмыстық сөздерді қолдануларына жол берілмейді, себебі ол әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Тергеуден бой тасалап жүрген адамды іздестіру көп жағдайда қылмысты көзімен көрген адамдардан жауап алу процесі кезінде, туысқандарынан, таныстарынан жауап алу кезінде анықталған белгілер бойынша, сонымен қатар, фотографиялық суреттерін немесе тіркеу құжаттарын зерттеу нәтижесінде алынған сыртқы белгілері бойынша ғана анықталуы мүмкін. Көзімен көруші тұлға іздестіріліп отырған адамды сипаттау кезінде нақты емес, әрі түсініксіз жалпы тұрмыстық терминдерді қолданады. Әртүрлі жағдайларға байланысты жауап алушылар белгілерді толық қабылдамауы мүмкін, мысалы: байқау уақытының аздығынан, жарықтың дұрыс болмауы салдарынан және т.б.. Адамды идентификациялау үшін маңызды белгілердің көбісі аса мән берілмегендіктен ескерілмеуі ықтимал. Жедел-іздестіру қызметкерлерінің немесе тергеушілердің міндеттері іздестірудегі тұлғалардың сыртқы бейне белгілерін толық анықтау. Ол үшін сипаттау «Ауызша суреттеу» ережелері бойынша жүргізілуі керек және барлық ұсақ-түйектер толығымен ескерілуі тиіс. Белгілері бойынша іздестірудің нәтижелі аяқталуы сыртқы бейненің және киімнің белгілерін дұрыс және жылдам уақыт аралығында қолдануға байланысты (мысалы: беттегі пластырь, қолдағы таңылулар, көптен бері қырынбаған бет және т.б.). Осы белгілер жылдам жойылып кететіндігін ескере отырып іздестіру жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыру қажет. Қылмыскердің сыртқы киімінің кейбір белгілері жайында белгілі бір қорытындыға келуге болады, кейбір жағдайларда оқиға болған жерді мұқият қараудың тигізетін көмегі мол. Табылған аяқ іздері мен қадам алысына байланысты оның бойы, физикалық кемістігі, мысалы: аяғын ақсап, сылтып басуы анықталады. Ең алғаш рет габитоскопия жүйесі Федеративті Герман республикасында жасалған. Адамның сыртқы бейнесінің элементтерін арнайы журнал түрінде қағаздарға жапсырып жасаған. Бұл қағаздарды көзімен көрушілерге ұсынған. Сыртқы бейненің қажетті элементтерін қиып алып жабысқақ пленкілерге жабыстырған. Осыдан алынған бейнеге өңдеулер жасап, түзетулер енгізген. Одан кейін фотография қайта суретке түсіріліп, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қолданылған. Субъективті портрет құру үшін барлық жүйе тұрақты түрде үнемі жетілдіріліп отырады. Қазіргі кезде жеке компьютерлер қолданылады. Компьтер базасындағы адамның сыртқы бейнесі элементтерінің көптеген түрлері ішінен жәбірленушілерге, өз көзімен көрген куәларға таныс бейнені таңдап алуды ұсынады. Таңдап алынған элементтерден бір бейне құрастырылып, іздеудегі тұлғаның жалпы портреті жасалады. Субъективті портрет қылмыскерлерді ғана емес, сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздестіру үшін де қолданылады. Егер мәйіт табылып ол танылмаған кезде, оған алдымен әрлеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттарға «ауызша суреттеу» ережелері бойынша бейнесі сипатталып жазылады және танытуға көрсету үшін суретке түсіріледі. Бірақ кейде мәйіт қатты өзгеріске ұшыраған (шіріп кеткен немесе әрлеп қалпына келтіруге мүлде болмайтындай) жағдайлар кездеседі. Мұндай жағдайда адамның бейнесі профессор М.М. Герасимовтың әдістерін қолдана отырып, оның бас-сүйегі бойынша қалпына келтірілуі мүмкін. Бас сүйегі бойынша адамның жынысы, жасы, бойы (бастың биіктігі адамның бойына қарағанда 8 есе қысқа болады), қай нәсілге жататындығы және басқа да белгілері, мысалы: егер сифилиспен, остеомилитпен ауырса оның белгілері анықталады. Адамды ұстамас бұрын ол іздестіріліп отырған нақты сол тұлға ма соны анықтап алу қажет. Ол үшін оның сыртқы бейнесінің элементтерін «ауызша суреттеу» әдісі бойынша қылмыстық іс материалдарындағы мәліметтермен салыстырып, қылмыстық іс жүргізу заң талаптарына сәйкес таныту әрекеті жүргізіледі. Адамның сыртқы бейне белгілері жөніндегі мәліметтердің қайнар көзіне куә мен жәбірленушілердің көрсетулері, оқиға болған жерді қарау нәтижелері, фотобейнелер, субъективті портреттер мен мәйіт қана емес, сонымен қатар кейбір эндокриндік және т.б. аурулар да жатуы мүмкін. Темекі шегушілердің жақтарының төменгі бөлігінің өзгеріске ұшырауынан, олардың темекіні ауыр мүштік қолданып шеккендіктері байқалады. Шыны үрлеуші мен кернейшілер тістерінің ерекше зақымданғандығын байқауға болады. Бас сүйек бойынша, сондай-ақ суреті салынған портрет жасалуы мүмкін. Егер мәйіттің өмір сүрген кездегі суреті болса, сол суретпен бас сүйекті салыстыра отырып, «бас-сүйек» - суретке түсірілген адамға қатыстылығы жөнінде нақты қорытындыға келуге болады. Ауызша суреттеуді тәжірибеде дұрыс әрі нәтижелі қолдану үшін міндетті түрде: 1. Адамның басының, бетінің және денесінің жеке бөлшектерінің, сондай-ақ киімінің, аяқ киімінің, күнделікті өзімен бірге алып жүретін заттарының дұрыс атауын білу; 2. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша ауызша суреттеу жүйесіне сәйкес сипаттау тәртібі мен кезектілігін сақтау; 3. Нақты іздеген тұлғаны басқа адамдар арасынан ажыратуға мүмкіндік беретін сыртқы белгілердің барынша ерекшеленген белгілерін іріктей білу қажет. Адамды сыртқы бейне белгісі бойынша идентификациялау әртүрлі формада жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл термин тану процесінде қолданылады. Ол қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес жүргізіліп, оның қорытындысы қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде қолданылуы мүмкін. Теңдестірудің екінші формасы – адамды сыртқы бейнесі бойынша сараптық идентификациялау. Үшінші формасы – адамды жедел-іздестіру мақсатында танытуға көрсету.
§4. Тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдану Ауызша суреттеу әдістемесі тергеу, жедел-іздестіру және сараптама жүргізу тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Оны негізінен тергеушілер мен жедел-іздестіру қызметкерлері идентификациялық және қылмыстық тіркеу мақсатында қолданып, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге, танылмаған мәйітті тануға көрсетуге, сонымен қатар сезікті, айыпкер, куә мен жәбірленушінің және соттан бой тасалап жүрген қылмыскердің жеке басын анықтау кезінде «ауызша суреттеу» әдістемесін басшылыққа алады. «Ауызша суреттеу» әдістемесі қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру барысында, іздестіру талаптарына сәйкес, олардың сыртқы бейне белгілерін атап айтқанда: «ерекше белгілері» мен «көзге бірден түсетін белгілерін» нақты сипаттау және адам бейнесін еске түсіру, есте жақсы сақтап қалу үшін қолданылады. Іздестіруге қажетті белгілердің (сақал, мұрт, киім және т.б.) аз уақыт ішінде (жылдам арада) өзгеріп кету мүмкіндігіне байланысты «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдана отырып, жедел-іздестіру шараларын жүргізу қажет. Іздеуде жүрген адамның сыртқы бейне белгілері жайындағы мәліметтердің қайнар көзі – қылмыстық тіркеу мен архив материалдарынан, жеке құжаттардан, оларды жеке бақылау, оқиға болған жерді қарау арқылы, сондай-ақ жауап алу кезінде алынған деректер мен фотосуреттерден алынуы мүмкін. Жеке басы анықталмаған қылмыстық жазадан бой тасалап жүрген қылмыскерлерді «ауызша суреттеу» - қалыптасқан тәртіп бойынша жәбірленушілер мен көзімен көрген – куәлардың берген көрсетпелеріне байланысты, сондай-ақ қылмыстың жасалу жағдайын талдау нәтижесінде алынған деректер арқылы құрылады. Оқиға болған жерден табылған іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді зерттеу арқылы қылмыскердің сыртқы бейнесі және оның физикалық ерекшеліктері жөнінде қажетті мәліметтер алуға болады. Бұл жерде табылған аяқтың ізі, яғни «іздің жолы», қолдың, тістің, бұзу құралдарының іздері және басқа да іздер мен заттардың іздері маңыздырақ болады. Осы іздер арқылы шамамен қылмыскердің бойын, жасын, дене бітімін, физикалық кемшіліктерін анықтауға болады. Идентификациялық мақсатта пайдаланатын тіркеу карталарына танылмаған мәйіттер мен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды тіркеу барысында олардың сыртқы бейне белгілері барынша нақты суреттеліп жазылуы қажет. Қамауда отырған адамдарды тіркеу кезінде адамның сыртқы бейне белгілері «ауызша суреттеу» тәртібі бойынша суреттеледі. Бұл суреттеу әдісі таныту үшін қолданатын фотобейнемен қатар, қылмыс жасаған адамдарды аты-жөні (алфавит) бойынша тіркеуге аса маңызды қосымша болып табылады. «Ауызша суреттеу» әдісі белгілі деңгейде сигналитикалық фотосурет ережелерімен анықталады. Онда қойылатын талаптар: адамды бетпе-бет (фас) және қырынан (профиль) суретке түсірген кезде: ол басын тік ұстап, маңдайы ашық, құлақ қалқаны толығымен көрініп тұратындай фотосурет анық түсірілуі шарт. Бұл алдынан және қырынан (фас, профиль) түсірілген фототүсірімдері адамды фотосурет бойынша танытуға көрсету кезінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдануға бағытталып, суреттегі белгілер мен «ауызша суреттеу» арқылы алынған белгілерді теңдестіруге қосымша мүмкіндік береді. Құрамалы «фоторобот», «изоробот» әдісін өңдеу және қолдану кезінде де «ауызша суреттеу» әдісі қолданылады. Тәжірибеде жауап алынушыдан адамның сыртқы бейнесін дұрыс сипаттауды жеңілдету мақсатында, бет-әлпеті белгілерінің бірнеше ұқсас варианттары фотосурет немесе сурет түрінде көрсетіледі. Бұл психологиялық заңдылық пен «ауызша суреттеу» әдістемесі бірлесіп құрастырылған суреттеу әдісінің негізі болып табылады. Жауап алынушыға көрген адамының портретін құру үшін басы, маңдайы, көзі, мұрыны, еріні, иегі, құлақ қалқаны, мойыны, иығы және т.б. дене құрылысының бөлшектерін жеке-жеке бейнелейтін фотосуреттердің әртүрлі варианттары ұсынылады. Сонымен қатар, қосымша белгілері: бас киімі, көзілдірігі, галстугы және т.б. заттарының ерекшелігі осы тәсіл арқылы анықталынады. Таңдап алу нәтижесінде құрастырылған портрет соңғы рет жауап алынушыға көрсетіліп, бой тасалап жүрген қылмыскерлерді табу үшін сәйкес іздестіру жүргізетін органдарға жіберіледі. Жауап алушы тұлға іздестіріліп отырған адамның сыртқы бейнесіне неғұрлым сәйкес келетін вариантын таңдап алады. Ал оның бас киіміне, киімдері, көзілдірік, жейдесі және тағы басқа да сол сияқты заттарына қатысты мәселелер осындай жолмен жүзеге асырылады. Мұндай заттардың фотосуреттері немесе суреттері жауап алунушыға бірнеше вариантта көрсетіледі. Заттардың немесе тұлғалардың фотосуреттерінің немесе суреттерінің әртүрлі бөлшектері ғана болған жағдайларда, олардың кешенді портретін алу мақсатында фотосурет құрастырылады. Құрастырылып болғаннан кейін портрет жауап алынатын тұлғаға көрсетіледі. Қажет болған жағдайда жауап алынатын тұлғанын ескертулері бойынша портретке тиісті түзетулер жасалады. Түпкілікті жасалып болған портрет іздестіруде жүрген қылмыскерлерді табу үшін пайдалануға тиісті органдарға жіберіледі. Жауап алу кезінде «ауызша суреттеу» - әдістемесін қолдану арқылы іздестіріліп отырған тұлғаның сыртқы бейнесінің белгілерін барынша толығырақ әрі дұрыс ала аламыз. Әдетте жауап алынатын адам қылмыскерлерді бірнеше рет көрген жағдайдың өзінде де, оның сыртқы бейнесін жалпылама сипаттайды. Көбінде қылмыскердің бойы, жалпы дене бітімі, шашының түсі, киімінің белгілері және басқа да «ерекше белгілері» ғана айтылады. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.) |