|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 5 страницаТергеушінің қызметіндегі субъективтік диагностика барынша кең тараған әдіс болып табылады. Криминалистикадағы мазмұны мен оның әрі қарай дамуы тергеушінің диагностиканы объективтендіруіне бағытталды.
ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА КРИМИНАЛИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ
Атақты австриялық заңгер Ганс Гросс 1893 жылы «сот тергеушілеріне арналған нұсқау криминалистиканың жүйесі ретінде» атты еңбегін жарыққа шығарды, онда: қылмысты тергеудің техникасы туралы жаңа бөлек ғылымының пайда болғаны және оны «криминалистика» деп атағанын жария етті. Криминалистиканы құқықтық пән деп жариялай келе, Гросс оны нақ осы ғылым негізінде табиғи-техникалық ғылымды дәлелдеу процесінде көптеген қолдаулар табады деді. Көптеген жылдар өтті, осы ғылымның міндеттері кеңейе түсті, қылмысты дер кезінде тергеу мен ашуға бағытталған, тергеудің тактикалық және әдістемелік проблемаларын құрастыратын жаңа тараулар пайда болды. Криминалистикалық ғылымның басқа салалары (қылмыстық құқық, криминология, қылмыстық іс жүргізу құқығы) сияқты криминалистиканың жалпы міндеті қылмыспен күресу болып табылады. Сондықтан да Криминалистика пәні басқа да қылмыстық құқықтық пәндер сияқты негізгі пән болып, барлық заң саласындағы оқу мекемелерінде оқытылады. Қазақстанда криминалистиканы оқыту 1935 жылы Алматы мемлекеттік заң институтының ашылуымен тығыз байланысты. Ол кездері криминалистика пәні қылмыстық құқық кафедрасының оқу пәніне кірген. Кафедраны меңгеруші болып М.Т. Шаламов басқарды, кейін ол Бүкіл одақтық сырттай заң институтыныда (қазіргі Ресейде) профессор болып қызмет етті. 1947 жылы осы кафедрадан “Қылмыстық іс жүргізу мен криминалистика” кафедрасы бөлініп шықты, оны республика мен баяғы кеңестер одағында атақты криминалист ғалым заң ғылымдарының кандидаты, доцент В.А. Хван басқарды, ол Қазақстандағы сараптама криминалистикалық мекемелерінің құрылуы мен жұмыс істеуіне үлкен ықпал етті. Осы кафедрада криминалистика пәнімен қатар қылмыстық іс жүргізу, сот медицинасы, сот ісін жүргізу, сот психиатриясы, бухгалтерлік есеп пен сараптама пәндері оқытылды. 1939 жылы оқу базасы ретінде сабақ жүргізуге қолдану үшін кафедра жанынан криминалистикалық лаборатория ашылды. Криминалистикалық лаборатория сабақ жүргізумен қатар, тергеу және сот органдарының нұсқауы бойынша әртүрлі криминалистикалық сараптамаларды жүргізді. Осындай сараптамалық зерттеулерді құқық қорғау органдары үшін Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей, Алтай өңірлерінде алғаш рет жүргізген институттың оқытушылары – заң ғылымдарының кандидаттары В.А. Хван мен Д.Я. Мирский (кейін Ресей федерациясының Москва жоғары мектебінде профессор болып, Бүкілодақтық ҒЗИ сот сараптамасында қызмет атқарды) жұмыс істеді. Сараптама мекемесінің функциясын криминалистикалық лаборатория республика Әділет министрлігі жанындағы жеке ғылыми-зерттеу сот сараптама лабораториясын ашқанға дейін, яғни 1951 жылдың сәуіріне дейін орындады. Осы жылдары оқыту жұмысы мен криминалистикалық сараптама жұмыстарын біріктіріп жасаған кафедра доценттері А.М. Агушевич, В.А. Хван, Д.Я. Мирский, А.Д. Жоров, Ш.М. Жоров, Ш.М. Мажитов, Н.А. Жангельдин болды. Сот сараптамасы ғылымын ары қарай дамыту қажеттігі үшін және Республика құқық қорғау органдарына көмек көрсету: сараптама жүргізу, кеңестер беру, тергеу әрекеттеріне маман ретінде қатысу, сондай-ақ тергеушілермен әдістемелік жұмыс жүргізу үшін Алматыдағы сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институты құрылды, онда да сараптамашы ретінде қылмыстық процесс пен криминалистика кафедрасының оқытушылары жұмыс істеді. Институттың директоры болып доцент Хван В.А. тағайындалды, ол криминалистика мен қылмыстық процесс кафедрасын меңгеруді жалғастыра берді. Доцент В.А. Хван сот сараптама институтына директор болып ауысқаннан соң, он жылдай кафедраға заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.М. Мажитов басшылық етті. Кафедрада жақсы материалдық-техникалық база болуына көп көңіл бөлінді, криминалистика мен сот сараптамасынан сабақ беру үшін фототехника, микроскоптар, қажетті ғылыми-техникалық құралдар, арнайы мақсаттағы приборлар алынды. Оқытушылық жұмысқа атақты ғалымдар мен өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер шақырылды. Сот медицинасы курсынан Қазақстанда осы ғылымның негізін қалаған проф. С.М. Сидоров, сот психиатриясы курсын – атақты профессор А.П. Штесс, сотта сөз сөйлеу өнерінің курсын Ф. Малевич, сот сараптама курсын профессор А.Ф. Аубакиров оқыды. Кафедра өндіріспен үнемі тығыз байланыста болды, яғни криминалистика, сот медицинасы мен психиатриялық пәндері сараптама мекемелері мен сот-тергеу органдарының қызметтерінің базасымен және олардың талаптарын ескере отырып жүргізілді. Осылармен бірге алғаш рет соғыстан кейін және одан кейінгі жылдары ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға көп көңіл бөлінді және ғылыми деңгейге сай кафедра оқытушыларын толықтырды. 1953 – 1956 жылдары криминалистика ғылымы бойынша кандидаттық диссертацияларын А.М. Агушевич, Н.А. Джангельдин, Ш.М. Мажитов өте жақсы қорғап шықты. Республикадан тыс мамандар шақырылды В.И. Попов (1958 ж.), И.А. Сапожников (1959) және Н.М. Карацев (1961 ж.) Оқытушылық жұмысқа әртүрлі жылдары сот сараптама институтынан з.ғ.к. Б.М. Мұқашев, Е.Ғ. Жәкішев, Г.А. Мозговых, А.А. Исаев, Р.Б. Тапалова, Р.Д. Гомозовалар ауысып келді, олар тергеу және сараптама жұмыстарында үлкен тәжірибелері бар оқытушылар. Лабораториялық және тәжірибелік сабақтарды жүргізгенде техникалық оқыту құралдарын кеңінен қолданады. Криминалистикалық лаборатория – тергеу портфелі мен басқа да криминалистикалық құрал-жабдықтармен, аппаратурлармен, криминалистік-техникалық зерттеу приборлармен қамтамасыз етілген. 1966 жылы қылмысты алдын алу мен оның себептерін зерттеудегі одақтық институтта тергеушінің іздестіру қызметінің проблемалары туралы докторлық диссертацияны, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті В.И. Попов қорғады. Бір жылдан кейін оған профессорлық атақ берілді. Осы 1967 жылы кафедрада «сот психологиясы» деген жаңа курс енгізілді. Алғашқы жылы осы курсты проф. В.И. Попов оқыды, ал 1968 жылдан кафедраның аға оқытушысы Г.Г. Досполов оқыды, ол осы пәннен “Жауап алу психологиясы” туралы кандидаттық диссертациясын қорғады. Жоғары деңгейлі ғылыми-оқытушылық кадрлар артып криминалистикадан студенттердің дайындық деңгейін жоғарылатты, осы салада ғылыми проблемаларды жоспарлауды тереңдетіп, өрісін кеңейтті. Криминалистика курсының оқу пәні ретінде дамуы, оның криминалистикалық проблемалары мен әдістерін және болашақ мамандарды оқыту негізінде жедел-тергеу жұмыстарын оқыту үшін 1971 жылы қылмыстық процесс кафедрасынан криминалистика жеке кафедра болып бөлініп шықты. Кафедраға заң ғылымдарының докторы, профессор В.И. Попов меңгеруші болды. Осы жылдары кафедрада 7 заң ғылымдарының кандидаты, доценттер жұмыс істеді: А.М. Агушевич, Н.А. Жангелдин, Е.Ғ. Жәкішев, Г.Г. Досполов, М.Ш. Мажитов, Г.А. Мозговых, В.Е. Розенцвайг. Кафедра аспиранттар дайындауды да дұрыс жолға қойды Г.М. Мұқашев, А.В. Попов кандидаттық диссертацияларын қорғап шықты. Кафедра ғалымдары әртүрлі ғылыми диссертацияларды талқылауға, жалпы Одақтық конференциялардың теориясы, тергеу жағдайлары туралы мәселелерді талқылауға белсенді түрде қатысты. Кафедрада «Жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін дамытудың проблемалары» деген тақырыпта Одақтық конференция өткізілді. Польша, Болгария, Германияның криминалист ғалымдарымен бірге кафедра оқытушысы Еркін Ғазизұлы Жәкішев «Экономикалық-криминалистік құралдарымен тонауды зерттеу» М, 1980 ж., «Экономикалық анализ арқылы жасырын тонауды ашу» атты еңбектерін 1981 жылы жазды (Москва). Барлық тергеу әрекеттерінің тактикалық негізін құрастыра отырып, кафедра ғалымдары мынадай: «Тергеу әрекеттерінің тактикалық негізі»; «Оқиға болған жерді қарау» (авторы В.И. Попов); «Криминалистикадан арнайы практикум жүргізу» (авторы В.А. Хван) 1964ж.; «Қылмысты тергеуді жоспарлау» 1957ж.; «Жауап алудың психологиясы» (авторы Г.Г. Досполов) 1976ж.; «Алдын-ала тергеудің мәселелері» (В.И. Попов, Е.Ғ. Жәкішев) 1984ж.; «Криминалистиканың тонау қылмыстарымен күресудегі ролі» 1991ж; «Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және методологиялық негіздері» 1977 ж. т.б. оқу құралдарын шығарды. Соңғы жылдары көптеген әдістемелік оқу құралдары жарық көрді. Профессор В.И. Попов құрметті демалысқа шыққан соң 1984 жылдан 1987 жылға дейін кафедра меңгерушісі қызметін доцент Е.Ғ.Жәкішев атқарды, ал қазіргі уақытта 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап профессор А.А. Исаев меңгеріп келеді.
II - БӨЛІМ. ÊÐÈÌÈÍÀËÈÑÒИКАЛЫҚ ÒÅÕÍÈÊÀ 1-ТАРАУ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
§ 1.Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі
Криминалистикалық техника криминалистиканың бір бөлімі ретінде қылмыстық іздерді табу, бекіту, алу, жинауға қолданылатын және тергеліп отырған оқиға мәліметтерін қалпына келтіріп қайта өңдеуге бейімделген ғылыми-техникалық құралдар мен әдістерді теориялық ережелер және қағидалар тұрғысынан өңдеп жетілдіру, сондай-ақ қылмыстарды алдын алу әдістері мен техникалық құралдардың жүйесі болып табылады. Криминалистикалық техника – криминалистикадағы алғашқы пайда болған түсінік, оның құрылу кезіндегі негізгі ғылым. Криминалистикалық техника термині, біріншіден – криминалистика ғылымының бір бөлімін, ал екіншіден – техникалық құралдардың жиынтығын білдіреді, яғни құрылғылар, аппараттар, құралдар, сот өндірісіндегі дәлелдемелерді зерттеу мен жинауға қажетті басқа да құралдар. Криминалистикалық техниканың негізгі міндетіне – қылмыскерлердің жеке басы туралы, оның қолданған қаруы, оларды қолдану және жасалған қылмыстың өзге де жағдайлары жөнінде мәліметтерді алу мақсатымен қылмыстың материалдық іздерін табу, бекіту, алу және зерттеу жатады. Криминалистикалық техниканың қарастыратын мәселелерінің көптігіне байланысты оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады. Криминалистикалық техника теориялық жағынан криминалистиканың бір бөлімі ретінде келесі мәселелерді øåøåäi: - жалпы жасалған қылмыстық іске қатысты қандай нысандар, қандай іздер қалдырылады және олардың қандай қасиеттері, сипаттары бар; - криминалистикалық техниканы дамыту. Сонымен қатар, тәжірибелік маңызына қарай арнайы мәселелері қарастырылады: - қылмыстың ізін қалай және қандай техникалық құралдардың көмегімен табуға болатындығы; - олар дәлел болуы үшін, оларды қалай және қандай техникалық құралдармен тауып, бекітуге болатындығы; - бұл дәлелдерді, қалай және қандай техникалық құралдардың көмегімен алуға болатындығы. Мысалы, қылмыс ісіндегі саусақтың қалдырған ізін криминалистер XX-ғасырда ұнтақтың көмегімен табуға болатынын, оны дактопленкаға бекітіп, бирка жасап, сол пленканы алуға болатынын анықтаған; - бұл дәлелдемелер қалай және қандай тәсілмен зерттелетіндігін қарастырады, бірақ көбінесе бұл мәселені экспертология шешеді; - қылмыс ісі жайлы, қолданылған қару жайлы, қылмыскерлер жайлы, қалдырылған іздері жайлы және т.б. мәселелер жайлы мәліметтерді қалай және қандай тәсілдер арқылы жинауға болатындығы; - қандай техникалық құралдар қылмыс жасауға кедергі жасай алатындығы. Аталған мәселелер арнайы болып табылады, ал осылардың әрқайсысында нақты мәселелер бар және әлі де бола береді. Яғни бұл нақты мәселелер нысанның түрлеріне, қылмыс іздеріне байланысты болады – атылатын немесе суық қару, қолдың немесе автокөліктің іздері және т.с.с. Табылған іздер бойынша объектілердің ішінен қажетті жекеленген іздерді немесе оларға қатысты объектілердің түрін, тегін анықтау мәселелері туындайды. Іздерді қалдырған деп табылған объектілерді анықтау мәселелері идентификацияның көмегімен шешіледі. Криминалистикалық техника идентификациямен тығыз байланысатын басқа да идентификациялық емес (диагностикалық, классификациялық, ситуациялық) мәселелерді шешеді. Олардың қатарына іздердің пайда болу механизмін анықтау жатады. Бұзу іздері арқылы іздердің пайда болу механизмі, құралдардың қозғалыс бағыты, бөгет пен қарым-қатынасқа түсу бұрышы, басу күші және т.б. анықталады. Кей жағдайларда іздің пайда болу механизмі туралы мәселе тергеу барысында өзіндік мағынаға ие болады. Әсіресе, іздің пайда болу жағдайлары: із қалдырушы объектінің әсер ету бағыты, күші, ара-қашықтығы, жылдамдығы, іздердің пайда болу уақыты мен кезектілігі (мысалы: ату ара қашықтығы мен бағыты, жәбірленушіге жарақат салудың кезектілігі, көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы мен бағыты). Сонымен қатар, із қалдырушыларды зерттеу механизмі кейде іздің қалыптасуына әсер ететін тікелей себепті әрекетті анықтау мәселелерін де қарастырады, мысалы: әйнектегі ойық тас лақтырудан ба, әлде оқтан пайда болды ма; киімдегі зақым жыртылудан, әлде кесуден пайда болды ма; аңшы қару оқпанының жарылуы себебі неде және т.б. Жоғарыда көрсетілген криминалистикалық техниканың қарастыратын негізгі мәселелерін келесідей бөліп көрсетуге болады: 1. Идентификациялық: а) жеке тепе-теңдігін анықтау (идентификация); ә) объектілердің қай топқа жататындығын анықтау. 2. Идентификациялық емес: а) қылмыстың материалдық іздерін анықтау, бекіту және алу; ә) іздердің пайда болуына әкеп соққан әрекеттердің жағдайын, механизмін, себептерін анықтау және т.б. Қарастырылған мәселелерді шешу мақсатында криминалистикалық техниканың әдістерін тергеуші, маман, сарапшы қолдана алады. Бұл криминалистикалық техниканың тұтастығын көрсетеді. Сондықтан тергеу және сараптамалық криминалистикалық техниканы жеке ғылыми пән ретінде қарастырып өңдеуді талап ететін немесе криминалистикалық сараптаманы криминалистикадан бөліп қарастырғысы келетін авторлармен келісе алмаймыз. Бірақ та, бір жағынан, тергеуші мен маманның криминалистикалық техниканы қолдану, екінші жағынан сарапшының криминалистикалық техниканы қолдану ерекшелігін ескерген жөн. Сонымен, криминалистика ғылымындағы криминалистикалық техника бөлімі өте маңызды бөлім. Криминалистикалық техника қылмысты тергеу мақсатында нақты жаратылыс және техникалық ғылымдарды пайдалану негізінде қалыптасып пайда болған. Олар, қылмыстық сот өндірісі мәселелерін шешу мен заттай дәлелдемелерді зерттеуге бейімделген – физика, биология, химия, математика және басқа да ғылымдарының әдістерін қолданудан тұрады. Сонымен қатар, криминалистиканың өзінің жеке қолданылатын арнайы әдіс-тәсілдері мен техникалық құралдары бар. Криминалистика ілімі шеңберінде қылмысты алдын алу мен тергеуге арнайы бейімделіп жасалған нақты (жаратылыс) және техникалық ғылым әдістерінің жиынтығы қалыптасқан. Заттай дәлелдемелермен жұмыс жасау және оларды зерттеудің жеке типтік мәселелерін шешуге бағытталған әдістемелік жүйенің күрделілік деңгейіне байланысты әртүрлі техникалық әдістер қолданылады. Мысалы: құжаттарды қарау кезінде жарықты қиғашынан түсіру арқылы жарықтандыру әдісін қолдануға болады. Тергеу әрекетінің жүйесіндегі техникалық тәсілдер тактикалық әдістермен тығыз байланысты. Олар тергеу әрекеті құрамындағы қылмысты тергеу мен оны ашу мақсатында қолданылады. Ұрлық болған жерден қолдың көрінбейтін іздерін табу мәселесін шешу үшін, ұрлық болған жердегі қылмыскердің әрекетінің мазмұны мен оны жасау кезектілігін алдын ала анықтап, объектіні бұзу механизмін модельдеу қажет. Бұларды анықтамай із жеткізушілерді (тасымалдаушыларды) табу мүмкін емес. Тергеу және сараптама қызметіндегі қолданылатын техникалық тәсілдер сонымен бірге криминалистикалық әдістемеден де көрініс табады. Олар нақты сараптамалық немесе тергеу мәселелерін шешуге арналған. Криминалистикалық техниканың ерекшелік сипаты – оның заңға сәйкес қолдануы болып табылады. Криминалистикалық техника заңда көрсетілген тергеу әрекеттерінде қолданылады. Олар Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қарастырылған – қарау, тінту және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу (фотосуретке түсіру, өлшеу, үлгі алу, қалып жасау және т.б.) кезінде қолданылады. Тергеу әрекеті барысында қолданылған криминалистикалық техника ол міндетті түрде хаттамаларында бекітілуі қажет. Қарау хаттамасында қандай объект фотосуретке түсірілгендігі, ол қандай нүктеден және қандай әдіспен түсірілгендігі нақты көрсетілуі тиіс.
Егер криминалистикалық техниканы тергеу әрекеттерін жүргізу барысында заңмен белгіленген тәртіп ережелерін сақтамай қолданылған жағдайларда, оның нәтижелері дәлелдемелік күшін жоғалтады. Криминалистикалық техниканың әдістері қылмыстық процесс шегінен тыс, басқа да, атап айтқанда – анықтама органының жедел-іздестіру қызметі кезінде, сондай-ақ, қылмысты алдын алу шараларын жүргізуде де қолданылады. Криминалистикада ғылым мен техниканың жетістіктері кеңінен қолданылуы криминалистикалық техниканың дамуына әкеліп, қазіргі кезде келесідей негізгі салалары қалыптасқан: криминалистикалық техниканың жалпы ережелері; криминалистикалық фотография, дыбыс және бейнежазба; трасология (іздер жөніндегі ілім); криминалистикалық баллистика; криминалистикалық қолжазбатану және автортану; құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу; суық қаруды криминалистикалық зерттеу; криминалистикалық жарылыстану; заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу; одорология; фоноскопия; адамдарды сыртқы бейне белгілері бойынша теңдестіру; криминалистикалық тіркеу және есепке алу. Криминалистикалық техника әдістерімен зерттелетін: іздер, атыс қарулары, құжаттар және басқа да заттай дәлелдемелер – жоғарыда аталған сала тізімдері криминалистикалық техниканың жүйесі негізінде қағидалардан тұрады. Криминалистикалық техниканы әдіс бойынша жүйелендіру мен мамандандыру, оны кеңінен өңдеп жетілдіруді қажет етеді. Криминалистикалық техниканы тағайындау әдістерін келесідей топтарға бөліп көрсетуге болады: 1. Заттай дәлелдемелерді табу, бекіту және алудың әдістері мен тәсілдері. Бұл әдістемелердің тобы дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуде үлкен мағынаға ие болады, мысалы: қылмыс болған жерден қолдың, аяқтың, көлік құралының, атыс құралының іздерін, өзге де объектілер мен жерлерден микроіздер және бөлшектерді табу мен алу тәсілдері. 2. Заттай дәлелдемелерді зерттеу әдістері мен тәсілдері. Бұл әдістер тобын тергеуші мен маман тергеу әрекетін жүргізу барысында қолданулары мүмкін, бірақ негізінен криминалистикклық сараптама жүргізу кезінде заттай дәлелдемелерді лабораториялық зерттеу үшін арналған. Олардың қатарына адамдарды, жануарларды, бұзу құралдарын, ату қаруын, заттардың шығу тегін және т.б. идентификациялау әдісі жатады. Криминалистикалық техниканың әдістері, олардың табиғи негізінде жатқан құбылыстар мен қай ғылыми топқа жататындығы бойынша жүйеленеді. Атап айтқанда: а) физикалық; ә) химиялық; б) физика-химиялық; в) ботаникалық; г) физиологиялық; д) математикалық; е) логикалық; ж) биологиялық. Криминалистикалық техника жалпы ғылым, сондай-ақ арнайы әдіс ретінде қолданылады. Ғылым бөлімі ретінде криминалистикалық техника жеке техникалық құралдар мен криминалистикалық техника әдісі мен тәсілдерін қамтиды. Табиғи және техникалық ғылымның криминалистикалық жағдайдың интеграциясы, нақты техникалық құралдардың күрделігі, сондай-ақ күрделі технологиялық операцияларды қолдану әдістерінің өрлеуі мен дамуы тек қана криминалистикалық техниканы айтып қана қоймайды, сонымен қатар технологияны да атап өту керек, әсіресе бұл әртүрлі қылмысты зерттеу кезіндегі әдіс тактикамен, техникамен байланысты сұрақтарды шешкенде көрінеді. Криминалистикалық техниканың құралы, әдісі мен тәсілінің қайнар көзі мен қылмыстық сот өндірісіне қажеттілік қабілетінің дәрежесіне байланысты үш топқа бөлінеді: бірінші, басқа ғылым мен техникаға байланысты және бейнеленбеген түрде қолданылатын құралдар, әдіс пен тәсілдер құрайды. Бұларға мысалы, фотоаппараттар, жалпы тұрғыдағы бейне және дыбыс жазу аппараттары, микроскоптар, спектрометрлер, хроматографтар және басқа да іздестіру және зерттеу құралдары. Екінші топқа – басқа білім түріне байланысты бейнелейтін құрал-жабдықтар мен әдіс-тәсілдер кіреді. Олар қылмысты ашу және тексеру мақсатына арналған құралдар. Оларға мысалы, суретке түсіру немесе сурет қондырғыларының арнайы әдістері. Ал үшінші топқа, қылмысты ашу және зерттеу мақсатында арнайы криминалистикамен өңдеп жасалған құрал, әдіс пен тәсілдер құрайды. Оларға мысалы, салыстырмалы микроскоптар, дактилоскопиялық тіркеуді немесе суреттердің жинағын құрайтын жұмыс орнын компьютерлендіру және т.б. жатады.
§2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
Қылмысты ашу мен қылмыскерді әшкерелеуде тергеушінің криминалистикалық техника құралдарын шебер қолдануы үлкен рөл атқарады. Оқиға болған жерді қарау және өзге де тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде әртүрлі құрал-саймандарды, жабдықтарды, құрылғыларды, материалдарды жинақы түрде қолдану олардың тиімділігін көрсетеді. Сондықтан да осы құралдардың жиынтығы тергеу және жедел чемодандары, сөмке және портфельдер түрінде қалыптасып пайда болды. Оларға қойылған ең алғаш талаптың біріне – салмағы жағынан жеңіл және көлемі жағынан шағын болуы еді. Ішіне тек қана тергеу әрекетін жүргізуге қажетті құрал-саймандар кірді: іздермен жұмыс жасауда қолданылатын құралдар, фотосуретке түсіру жабдықтары, жоспар мен схемаларды сызуда қолданылатын құрал-саймандар және т.б. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.) |