|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 1 страницаТАРАУ КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ПӘНДІК СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ §1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы Соңғы жылдарда елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың жасалу саны одан әрі өсуде. Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу органдарының жұмысын одан әрі жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда, тергеудің нәтижелі және тиімді тәсілдерді жан-жақты пайдаланылуын талап етеді. Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелілігін арттырады, қылмыс жасаудан кейбір адамдарды сақтандырады. Криминалистика тергеу және басқа құқық қорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені криминалистика тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне дайындап береді. Қылмысты оқиға бір адамның, немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет қимылдарынан тұрады. Сондықтан қылмыс қандай жедел жасалса да ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады. Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқтың ізі т.с.с.). Ал жалпы криминалистикалық мағынада қылмыстың ізі деген ұғымға оқиға болған жерде қалған жеке заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Мысалы: жол-көлік оқиға болған жерде көліктің, әлде басқа бір көліктің аварияға ұшырауына (соқтығысу, аударылу) байланысты көліктің жеке бөлшектері, авариядан сынып, опырылып қалған детальдар оқиға болған жерде қалса, олардың бәрін жалпы криминалистикалық мағынада іздер деп атаймыз. Осы іздерді, оқиға болған жерден табылған заттай дәлелдемелерді салыстырып талдау, тексеру арқылы қылмыстың қалай жасалғанын анықтап оның механизмін болжап білуге болады. Әрине қай тергеуші болса да, жасалған қылмысты өз көзімен көруі мүмкін емес. Бірақ болған оқиғаны жан-жақты және объективті түрде анықтау үшін тергеуші өткен оқиғаны дұрыс болжап, жасалған қылмыс әрекетінің механизмін онымен модельдеуі тиіс. Ал жасалған қылмыстың үлгісі тергеушінің ойында дұрыс қалыптасуына қажет заттай дәлелдемелердің толық табылуы оларды терең талдауға үлкен әсер етеді. Бірақ заттай дәлелдемелерді, іздерді (әсіресе көзге көрінбейтін) іздеп табу өте қиын, әрі күрделі жұмыс. Оларды іздеп тауып, дұрыс бекіту үшін арнаулы әдістер мен құралдарды пайдалану қажет. Осы іздерді, заттай дәлелдемелерді іздеу, бекіту, алу мен зерттеу әдістерінің және ол үшін керекті техникалық құралдардың қолдану тәсілдерін криминалистика пәні оқытады. Осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, криминалистика адамдардың іс-әрекетін зерттейді. Ол қылмыс жасаған адамның криминалдық қылмысты іс-әрекетін және тергеушінің қылмысты ашуға байланысты жүргізетін криминалистикалық тәсілдер мен әдістерді қолдануға байланысты жұмысы. Заң әдебиеттерінде криминалистикаға әртүрлі пәндік сипаттама беріледі. Көп жылдар бойы бұл мәселеге үлкен назар аударылып, көп пікір таластар болды. Олай болуы орынды да, әр пәннің мағынасын терең түсіну арқылы ғана оның маңызын біліп, негізгі қағидаларын дұрыс және орынды пайдалануға болады. Авторлардың криминалистикаға берген пәндік сипаттамаларын қорыта келгенде, оларда негізінен тек редакциялық өзгерістердің бар екені аңғарылады. Қай автор болса да, криминалистиканың қылмысты ашуға және тергеуге керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін пайдаланатын әдістер мен тәсілдер, оған қажет техникалық құралдарды оқитын ғылым екенін баяндайды. Сонымен қатар, криминалистикада пайдаланатын техникалық құралдар, әдістер мен тәсілдер тек қылмыстық-процесуалдық заңға сәйкес болуы атап айтылады. Кейбір авторлар криминалистикалық әдістер мен тәсілдер тек қылмысты ашуда ғана емес, қылмысты болдыртпауға бағытталғанын да айта кетеді. Авторлардың бір тобы криминалистикалық әдістер мен тәсілдер, тек алдын ала тергеуде ғана емес, сот мәжілісінде, кейбір сот әрекетін жүргізгенде пайдалануға болатынын баяндайды. Осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келіп, криминалистикаға мына төмендегідей пәндік сипаттама беруге болады. Криминалистика – қылмысты ашуға және тергеуге керекті заттай дәлелдемелерді процесуалдық заңға сүйене отырып, іздеп табу, алу, бекіту, зерттеу үшін пайдаланатын техникалық құралдар, тактикалық тәсілдер мен тергеу әдістемелері жөніндегі ғылым. Қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігі және табысы тергеуші мен тергеу мекемесінде (бөлімінде) жедел-іздестіру органдарының өзара қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуына да көп байланысты. Бұл көрсетілген екі органның өзара қарым-қатынасы Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінің тиісті баптарына негізделеді. Атап айтқанда, жүргізіліп жатқан іс бойынша тергеуші анықтама жүргізетін органдарға, (былайша айтқанда жедел-іздестіру органдары) іздестіру және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге, кейбір тергеу әрекеттерін жүргізген кезде анықтама жүргізетін органдардан қолқабыс талап етуге құқылы. Тергеушінің мұндай тапсырмалары мен нұсқаулары анықтама жүргізетін органдарға міндетті болып табылады. Осы келтірген заңның мазмұнына қарағанда, тергеуші мен анықтама жүргізуші органның арасында қарым-қатынас тергеу жүру үстінде қалыптасады. Бірақ тергеу тәжірибесіне қарасақ, кейде бұл екі органның арасындағы қарым-қатынас іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады, себебі істі қозғауға керекті деректер мен кейбір жағдайларды жедел жолмен табуға болады. Қозғалған іс бойынша анықтама жүргізуші орган тергеушіге мына төмендегідей жағдайларды анықтауға жәрдемдеседі: іс бойынша керекті куәлерді тауып алуға, ұрланған заттардың тығылған жерін анықтап және ол заттарды дер кезінде алуға, қылмыс жасаған адамды іздеуге және оны ұстауға, тінту жүргізілетін объект жөнінде алдын-ала мәлімет жинауға т.б.. Сонымен қатар анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері тергеушіге аса ауыр және күрделі тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Криминалистика басқа да өзі тектес заң ғылымдарымен тығыз байланысты, өйткені криминалистиканың көп тәсілдері мен әдістері осы ғылымдардың қағидаларына негізделеді. Криминалистика ең алдымен Қылмыстық Іс Жүргізу заңымен тығыз байланысты. Себебі криминалистиканың зерттеп дайындаған тәсілдері мен әдістері қылмысты ашуға, тергеу әрекеттерін тиімді жүргізуге негізделсе, Қылмыстық Іс Жүргізу заңы осы тергеу әрекеттерінің жүргізілу тәртібін заңды түрде реттейді. Атап айтқанда екі пәннің де зерттейтіні бір объект – тергеу әрекеті. Бірақ олардың осы процесуалдық әрекеттерді оқып, тексеру аспектісінің мазмұны әр түрлі. Криминалистикалық тәсілдер мен әдістер тергеу әрекеттерінің тиімді және нәтижелі жүруіне бағытталған. Олар қылмыстық процесуалдық заңда көрсетілмеген, заң қалпының мазмұнымен қамтылмаған. Бірақ криминалистика ұсынған қандай әдіс, тәсіл, не құрал болса да ол Қылмыстық Іс Жүргізу заңының шеңберінен шықпауға тиісті және заңға қайшы болмауы керек. Криминалистиканың қылмыстық құқық ғылымымен де тығыз байланысы бар. Қылмыстық құқық ғылымында қоғамға қауіпті қандай әрекеттердің қылмыс қатарына жататынын көрсетіп, әр қылмыстың құрамындағы белгісін талдап баяндайды. Бұл қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін негізге ала отырып, криминалистикалық талдау жүргізіп, қылмысты ашуға керекті белгілерді нақтылап, қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайларды, шешетін сұрақтарды белгілеп және қылмыстарды тергеу тәсілдерін ұсынады. Криминалистикаға тектес ғылымдардың бірі – криминология. Бұл ғылым қылмыстың болу себептерін, оның әлеуметтік негіздерін және белгілі жерде тарауын, оған қарсы сақтандыру шараларының қолдану тәсілдерін зерттейді. Криминологияның осы қағидаларын негізге ала отырып, криминалистика тергеушінің жеке істерді жүргізгенде қылмыстың болуына ықпал еткен жағдайларды толық тауып, бұл себептер мен жағдайларды жою жөнінде қандай әрекеттер жүргізу керектігін айтады. Криминалистиканың келтірілген ғылымдар мен пәндерден басқа да криминалдық ұғымға кіретін сот-медицинасы, сот-психиатриясы, сот-психологиясы пәндерімен де көп байланысы бар, өйткені қылмысты ашу, оны тергеуге арналған криминалистикалық тәсілдер, тергеу әрекетін жүргізу әдістері осы жоғарыда айтылып отырған пәндердің қағидаларын пайдаланады. Криминалистика тек заң ғылымдары ғана емес, басқа ғылымдармен де, атап айтқанда: физика, химия, математика, педагогика, психология ғылымдарымен де байланысы бар, себебі криминалистика қылмысты тез арада ашу үшін, өз тәсілдерінің нәтижелігін арттыру үшін, жоғарыда айтылған ғылымдарда қолданылатын тәсілдер мен әдістер, техникалық құралдарды өз қажетіне бейімдеп пайдаланады. Криминалистикада қолданылатын тәсілдер мен әдістер, заттай дәлелдемелерді іздеп табу, оларды бекіту, алу, зерттеуге бағытталады. Сондықтан криминалистикада жиі қолданылатын іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу деген ұғымдардың мазмұнын талдап оларға түсінік беру қажет. Заттай дәлелдемелерді іздеп табу дегеніміз – ол тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Заттай дәлелдемелерді іздеуге арнаулы әдістер мен тәсілдер жеке криминалистикалық құралдар қолданылады, себебі кейбір іске қажет дәлелдер, атап айтқанда: іздер, өте кішкентай заттарды жай көзбен қарап тауып алуға болмайды (мысалы, майлы тер шығу арқылы пайда болатын қол іздерінің үлгісі). Бекіту және алу дегеніміз – криминалистикалық аспектіде іздеп тауып алынған заттай дәлелдемелерді, іздерді сол күйінде сақтап қалу үшін, оларды арнайы криминалистикалық тәсілдермен белгілеу және алу. Тауып алынған заттай дәлелдемелер, іздер іс жүргізу құжатында толық сипатталып жазылады, суретке түсіріледі, арнаулы жабыстыру пасталарын дактопленкаларын, гипс қолдану арқылы үлгісі алынады т.б., іс бойынша жиналып, заңды түрде бекітілген заттай дәлелдемелер жан-жақты зерттеледі. Криминалистикалық зерттеу үстінде заттай дәлелдемелерді қалайша пайда болғанын, оның тергеліп отырған қылмыстық оқиғаға қандай қатысы бар екендігі анықталады. Сонымен қатар жеке іздерді, кейбір заттай дәлелдемелерді тексеруге арнаулы білім қажет болған кезде, олар күрделі криминалистикалық техниканы қолдану арқылы сараптамалық зерттеуден өткізіледі. Сараптамалық зерттеуде дәстүрі басқа да күрделі физикалық, химиялық әдістер (спекторлық талдау, газды хромотографиялық зерттеу), оған сәйкес техникалық құралдар пайдаланылады. Әр ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымның міндеттерімен тығыз байланысты. Жоғарыда талданған криминалистиканың пәндік сипаттамасы оның арнаулы міндеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен криминалистиканың мына төменде көрсетілгендей негізгі міндеттері бар: 1. криминалистиканың ғылым ретінде дамуы; 2. заттай дәлелдемелерді, іздерді тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін керекті жаңа криминалистикалық әдістер мен тәсілдерді одан әрі өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты техникалық құралдар жасау; 3. алдын ала тергеудің ұйымдық, тактикалық негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекетінің тактикалық әдістерін өңдеу арқылы оның нәтижелігін арттыру; 4. жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемелерін өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу; 5. қылмысты болдыртпау үшін криминалистикалық сақтық шараларды құқыққорғау органдарына ұсыну.
§ 2. Криминалистиканың жүйесі
Криминалистика ерекше, дербес ғылым бола тұра, өзі жеке бөлімдерден құралады: криминалистиканың теориялық және әдістемелік негіздері, криминалистикалық техника, тергеу тактикасы, жекеленген қылмыстарды тергеу әдістемесі. Сонымен қатар, криминалистер кейінгі жылдары криминалистика жүйесінде қылмысты ашу мен тергеуді ұйымдастыруға арналған тағы бір бөлімді бөліп көрсетеді. Олардың пікірлері бойынша бұл бөлімнің ұғымына криминалистикалық болжаулар, сондай-ақ, тергеу процесіндегі тергеушінің әртүрлі қызметпен өзара байланысын жоспарлау жөніндегі ілімдер кіруі қажет. Бірінші бөлімде криминалистиканың пәндік сипаттамасы беріледі, оның жеке бөлімдерінің қысқаша мазмұны мен бөлімге жіктеу. Осы бөлімде криминалистикада пайдаланылатын жалпы ғылымдық және арнаулы әдістер көрсетіле отырып, идентификация мен диагностика ілімдері теориялық жағынан қарастырылады. Екінші бөлімде заттай дәлелдемелерді және іске керек деректерді іздеп табуға, бекітуге, алуға зерттеуге керекті тәсілдер мен әдістер, осыған байланысты қолданылатын техникалық құралдар жөнінде айтылады. Бұл бөлімнің жеке тарауларында криминалистика техникасында қолданылатын тәсілдер мен құралдар көрсетіледі. Атап айтқанда: микроскопиялық зерттеу тәсілі, өлшеу техникасы, спектордың көзге көрінбейтін сәулелерінде (инфрақызыл, ультракүлгін) зерттеу люминесценттік талдау тағы басқа да криминалистикалық зерттеу тәсілдері мен әдістері баяндалады. Криминалистикалық техниканың күрделі де, негізгі тарауларының бірі – сот фотографиясы. Бұл бөлімде жедел-соттық және сот-зерттеу фотографиясының заттай дәлелдемелерді бекіту, зерттеу үшін пайдаланылатын тәсілдері мен әдістері айтылады. Бөлімнің жеке тарауларында іздерді, мылтық пен оқ дәрілерді т.б. объектілерді зерттеудің тәсілдері көрсетіледі. Үшінші бөлімде криминалистикалық тактика тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолданылатын тиімді, нәтижелі әдістері, оларды қолдану қағидалары баяндалады. Тергеу тәжірибесінде әр тергеу әрекетін жүргізуге бейімделген арнайы тактикалық әдістер көрсетіледі. Тактикалық әдіс – ол тергеу әрекеттерін жүргізудің неғұрлым ұтымды және нәтижелі жолдары. Әр тергеу әрекетінің ерекшелігіне байланысты осы тергеу әрекетіне оңтайлы, тиімді, пайдалы тактикалық әдістер ұсынылады. Мысалы: оқиға болған жерді қарауға ұсынылатын тактикалық әдіс, ол заттай дәлелдемелерді, іздерді, оқиға болған ортаны рет-ретімен, жүйелі түрде дәйекті қарау, тінтуге ұсынылатын тактикалық әдіс – ол тінту жүріп жатқанда тергеуші үй иесінің мінез-құлқына, қисынға келмейтін әрекет-қимылына назар аудару, логикаға сәйкес алып қарағанда, іздеп жатқан заттың қай жерге тығылғанын болжау; жауап алу тактикалық әдісі – ол тергеушінің жауап беруші адаммен (куә, жәбірленуші, айыпкер) психологиялық жағынан дұрыс қатынас жасап, істегі деректерді жауап алу үстінде орынды, ретті пайдалану, т.б. Бұл көрсетілген тактикалық әдістер мен басқа да тергеу әрекеттерінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер процесуалдық жағынан заңға қайшы келмей, тек тергеу әрекетінің нәтижелі және тиімді өтуіне бағытталады. Тергеу тактикасы криминалистикалық техникамен тығыз байланысты. Егер криминалистикалық техника техникалық тәсілдер мен құралдарды пайдалану жөніндегі жалпы ұғым берсе, тергеу тәжірибесі бұлардың тергеу әрекетінің ерекшелігіне байланысты қолдануға болатынын айтады. Мысалы: оқиға болған жерді қарау тактикасында айтылғандай, бұл тергеу әрекетін жүргізгенде қандай техникалық тәсілдер, құрал-саймандар қолданылатыны, олардың пайдалану әдісі баяндалады. Бір пәннің жеке бөлімдері болғандықтан криминалистикалық техникамен, тактика бірімен-бірі ұштаса отырып, олар криминалистиканың келесі, төртінші бөлімі жекеленген қылмыстарды тергеу әдістемесімен де тығыз байланысты. Бұл бөлімде жекеленген қылмыстар бойынша жүргізілетін тергеудің әдістемелік тәртібі көрсетіледі және криминалистикалық тергеу болжауларының теориялық негіздері, анықтама органдары, тергеушінің қылмыстық іс жүргізгендегі қарым-қатынас қағидалары сипатталады. Әр қылмысты тергеудің өзінше ерекшеліктері бар. Осыған байланысты жеке бір істі тергегенде қолданылатын техникалық және тактикалық тәсілдер мен әдістер тергеліп жатқан қылмыстың ерекшеліктеріне бейімделеді. Сондықтан техникалық тәсілдер, әр тергеу әрекеттерінің техникалық әдістері осы ерекшелікке байланысты қолданылады және осы қылмысты ашуға, іс бойынша дәлелденетін барлық мәселелерді шешуге бағытталады. Қай қылмысты болса да тез арада ашып, оны толық тергеу үшін оны криминалистикалық тұрғыдан талдап, оған криминалистикалық сипаттама беру керек. Мұндай талдауда осы тергеп отырған қылмыс әдеттегідей қандай әдістермен жасалады, қылмыскерлер қылмыстың ізін жасыру үшін қандай әрекеттер қолданып және осыған байланысты айналада қандай іздер қалуға тиісті екені көрсетіліп белгіленеді. Криминалистикалық сипаттамада қылмыскердің мінез-құлқы және басқа типологиялық қасиеттері баяндалады, жәбірленушінің қарсылық әрекеттері және осыған байланысты қылмыс жасалған жерде қалатын іздер белгіленіп көрсетіледі.
§ 3. Криминалистиканың әдістері
Криминалистика өзінің алдына қойған міндеттерін ғылыми жолмен зерттеген тәсілдерді қолдану арқылы шешеді. Криминалистикада жалпы ғылыми және жеке тәсілдермен қатар арнайы тәсілдер де қолданылады. Әр қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы, онда көрсетілген жеке қылмыстарға тән белгілер осы қылмыстарды тергеуге қажетті әдістемелік ұсыныстар жасауға пайдаланылады. Криминалистика өзінің міндеттерін объективті тұрғыда зерттейді, сондықтан басқа ғылымдардағыдай диалектикалық тәсілді криминалистиканың жалпы тәсілі деп санауға болады. Мұнымен қатар криминалистикалық объектілерді зерттеуде, басқа ғылым салаларында да жиі қолданатын жалпы ғылыми тәсілдер пайдаланылады. Мысалы: бақылау, бейнелеп суреттеу, салыстыру, өлшеу, эксперимент т.б. Бұл көрсетілген жалпы ғылыми тәсілдер криминалистикалық зерттеулерде, тергеу әрекеттерін жүргізгенде де қолданылады. Әр тәсілдің өзіне тән міндеті және ерекшелігі болғанымен олар өзара бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады. Енді айтылған жалпы ғылыми тәсілдердің әрқайсысын сипаттай келіп, олардың криминалистикалық зерттеуде қолданылу ерекшеліктеріне тоқталайық. Бұл жоғарыда аталған жалпы ғылыми тәсілдердің қолданылу ерекшеліктері тексерілетін объектілердің түріне және зерттеуде қолданылатын техникалық құралдарға байланысты. Бақылау тәсілі дегеніміз – бір нәрсені (не затты) арнайы қадағалап қарап, оны зерттеп, қабылдап түсіну. Мақсатты және ұйымды түрде жеке заттарды тексере отырып, зерттеуші-криминалист осы заттың ерекшеліктерін, белгілерін қабылдап, олардың өзара байланысын табады. Мұндай бақылау нақты заттың, не болмаса басқа деректер мен мәліметтерді тексеру арқылы қабылданады. Криминалистикада, көбінесе, бұрын өтіп кеткен қылмыс жайы тексеріледі. Сондықтан тексеруші (тергеуші) қылмыс жайын өзі бақылап қабылдамайды. Ол қылмыстың мән-жайын істегі деректер, қылмыстың болғанын көрген куәлердің жауабы арқылы танысып біледі. Кейде іздерді, деректі заттарды тікелей бақылау әдісі де қолданылады. Криминалистикада объектілерді бақылау мына төмендегі түрлерге бөлінеді. 1. заттай дәлелдемелерді, яғни қылмыс жасауға байланысты пайда болған іздер, жеке заттар, құжаттар, олардың үлгілерін, осы заттай дәлелдемелердің белгілерін, қасиеттерін; 2. жеке адамдарды, олардың түр сипатының белгілерін, мінез-құлқын, темпераментін; 3. адамдардың іс-әрекеттерін, оның ішінде қылмыскердің қылмыс жасау тәсілдері мен қылмыстың ізін жасыруға байланысты жасаған әрекеттерін; 4. жеке бір оқиғалар, құбылыстар және солардың себебінен із пайда болу процестерінің ерекшеліктерін бақылау. Бақылау криминалистикада жеке затты, не болған оқиға мен құбылысты зерттеп тауып, оларды қабылдап түсіну үшін жүргізіледі. Кейбір объектілерді жай қарап, бақылау арқылы қабылдауға болады және олардың түпнұсқасын сипаттайтын белгілерді бақылап қабылдау үшін қосымша техникалық құралдарды пайдалануға тура келеді. Осыған байланысты бақылау жай және күрделі бақылау деп екі түрге бөлінеді. Жай бақылауға зерттеуші объектіні ешқандай техникалық құралдар пайдаланбай бақылап зерттеп, өзіне тән ерекше белгілерін қабылдайды. Бірақ адамның көзі объектінің бар белгісін, оған тән қасиетін көре алмайды. Оларды көру үшін ерекше бір әдіс, техникалық құралдар керек. Көздің көру шегін кеңейту арқылы, жай көзге ілінбейтін, көрінбейтін заттардың белгісін қарап қабылдау, күрделі бақылау деп аталады. Криминалистикалық зерттеуде мезгілді, кеңістік өлшемдерді пайдалануға тура келеді. Осыған байланысты криминалистикалық объектілерді зерттегенде өлшеу тәсілі жиі қолданылады. Атап айтқанда: объектілердің салмағы, көлемі, екі не болмаса бірнеше объектілердің өзара арақашықтығы есептеліп шығарылады және өлшеу тәсілі арқылы кейбір заттардың оларға тән қасиеттері сандық сипаттамасы саналады. Құбылыстың, не кейбір оқиғалардың болған уақытын да өлшеу тәсілімен шешуге болады. Бұл тәсілді қолданғанда әртүрлі өлшеу құралдары пайдаланылады. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.) |