АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 18 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

1. Әріптердің, белгілердің бір-бірінен нақты бір қашықтықта орналасуын қамтамасыз ететін жазу машинкасының басты механизмінің жазу жолы бойынша басқан қадамы. Жазу жолдарының қадамы – клавишаның біреуін басқан кездегі каретканың орналасу арақашықтығымен анықталады. Басты механизм қадамы – салыстырмалы тұрақты белгі, ол тек машинкаға жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін ғана өзгеріске ұшырайды.

2. Èнтервал жолының аралық көлемі, яғни келесі төменгі

жолға көшу үшін жазу машинкасының валигін автоматты түрде бұру

кезінде пайда болған жолдардың арақашықтығы. Интервалды

механизм арқылы – 1,2,3-интервал жолдарының арақашықтығын

анықтауға болады. Әртүрлі маркілі және модельді машинка

жолдарының аралық интервалдары бір-біріне сәйкес келуі немесе

әртүрлі болуы мүмкін, бірақ-та олар нақты маркі мен модель үшін

тұрақты болып табылады.

3. Әріптік калыптағы (колодкадағы) шрифт белгісінің белгілі бір

саны және клавиатурадағы клавиштердің саны бойынша анықталатын

клавиатура типі.

4. Қағаз бекітетін (орайтын) валиктің (белдіктің) ұзындығы мен

каретаның көлеміне байланысты жазу жолының максимальды

ұзындығы. Бұл белгі зерттеліп отырған мәтіндегі жолдың ұзындығы

тексерілетін машинкадағы жолдың ұзындығынан асып кеткен

жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

5. Шрифт маркасы белгі суреті мен оның өлшемінің

ерекшеліктерімен анықталады. Шрифт маркілері мемлекеттік

стандарт бойынша реттеледі.

Мәтін бойынша жазу машинкасының маркасы мен моделін анықтау кезінде жоғарыда аталған барлық белгілердің жиынтығы зерттеледі.

Жазба машинкасының жекеленген детальдары мен механизмін бірыңғайлау және стандарттау қазіргі уақытта жазба машинкасының нақты маркасын анықтауды қиындатады.

Қай топқа жататындықты анықтайтын криминалистикада қалыптасқан әдістеме бойынша жазба машинкаларды келесідей топтарға жіктеуге болады: механикалық және электромеханикалық; рычаксыз монолитті литертасушы; жазу автоматтары; кеңселік; теретін-жазба машинкалары мен автоматтары; көлемі кіші – портативті және жол машинкалары.

Жазу машинкасының әрбір типінің нақты маркасы болады, ал әрбір марка бір немесе бірнеше модельге бөлінеді (мысалы: “Оптима”, “Ятрань ”).

Қазіргі кезде жазу машинкасының маркасы мен моделін анықòау жұмыстарын ақпараттық-іздестіру жүйесі жеңілдетеді. Онда барлық отандық жазу машинкаларының маркасы мен модельдері, оларға арналған шрифт маркасы, сондай-ақ шетелдік жазба машинкалары мен шрифттары туралы мәліметтер жинақталған.

Жазу машинкаларын идентификациялау. Әрбір жазба машинкалары жоғарыда көрсетілген жалпы белгілерімен қатар жазба мәтінінен көрініс табатын жеке белгілермен де сипатталады. Жазба машинкасын ұзақ уақыт қолдану салдарынан, оның механизмдерінің немесе шрифтарының өзгеріске ұшырауы нәтижесінде пайда болған белгілер жатады: а) белгінің бойлық осінің вертикальдан ауытқуы; б) белгінің вертикаль немесе горизанталь бойынша жылжуы; в) белгі таңбаларының қосарланып немесе жағылып түсуі; г) белгінің біркелкі емес боялуы, ол жұмыр біліктің сыртқы қабатының тегіс болмауына және клавиштердің айқасып қалуына байланысты; д) қағаз шығару механизмінің дұрыс істемеуі нәтижесінде жолдардың паралельді болмауы. Осы өзгерістер жөндеу жүргізу нәтижесінде жөнделуі мүмкін.

Мәтін бойынша нақòы жазу машинкасын идентификациялау жалпы және жеке белгілерді салыстыру және зерттеу жолымен жүзеге асады. Бұл белгілер зерттеліп отырған мәтіннен және тексерілетін жазба машинкасының еркін және экспериментальды үлгілерінен көрініс табады.

Жаңа машинкаларды идентификациялау кезінде зерттелетін мәтіндегі таңбалардан көрініс табатын литер микрорельефінің белгілері қолданылады. Бұл белгілер жоғары жиілікті электð алаңында фотоға түсіру әдістермен анықталады (фотографирование в поле токов высокой частоты ТВЧ).

Жеке белгілердің сәйкес келуі мен айырмашылығын қамтамасыз ететін ең тиімді, әрі көмекші әдістердің бірі – проективтік геометрияда математикалық аппаратты пайдалануға негізделген графикалық идентификациялық алгоритм болып табылады.

Машинкада жазылған мәтіннің орындалу мерзімі белгілі бір уақыт аралығында еркін үлгіде машинкада жазылған мәтіннің жеткілікті мөлшерде болуына байланысты анықталуы мүмкін.

 

§7. Баспаханалық өнімдерін зерттеу

 

Баспа құралдарының көмегімен жасалған құжаттарды зерттеу.

Кейінгі кезде баспа құралдары лазерлік, матрицалық, жылжымалы принтерлер, әртүрлі кассалық аппараттар және т.б. арқылы орындалған құжаттар саны бірден өсіп кетті.

Осындай құжаттарды зерттеу кезінде әртүрлі идентификациялық және идентификациялық емес сипаттағы сұрақтар туындауы мүмкін. Идентификациялық емес сұрақтарға – классификациялық, диагностикалық және ситуациялық сұрақтар жатады. Мысалы: нақты құжатты дайындау үшін қандай таңба басатын құралдың түрі қолданылған, осы құжатты дайындау үшін бір немесе бірнеше таңба басатын құралдардың сай келуі мүмкін бе, таңба басатын құралдың қандай ерекшеліктері (ескірген немесе жаңа жабдықтар және т.б.) бар. Тергеуші зерттелетін құжаттардан басқа материалдарды, яғни таңба басатын құралдардың таңба үлгілерін, жөндеулер, бөліктерін ауыстыру туралы және өзге де мәліметтерді жинауы қажет.

Құжаттың жалғандығы туралы күдік туған жағдайда, құжат бланкілері техника-криминалистикалық зерттеуге жатады. Тергеу және сот тәжірибесінде ақша, акциздік маркілер, қызмет куәлігі және т.б. құжаттардың бланктерін қолдан (жалған) жасау әрекеттері кездеседі. Қылмыскерлер экономикалық реформа жүргізу кезінде қатаң есептегі бланктік құжаттарды қолдан жасай бастады. Сонымен қатар, күнделікті өмірде этикеткалар, ойын-сауық билеттері, жол жүру билеттері мен басқа да баспа өнімдерін қолдан жасау кездеседі.

Бланктерді қолдан жасау – ксерокс, компьютер, принтер арқылы баспаханалық шрифт құралдарымен басу; қолдан жасалған жоғарғы баспа формасымен басу; фотомеханикалық жолмен жасалған жоғарғы баспамен басу (фотоцинкография); фотохимиялық өңдеу нәтижесінде алынған жазық баспа формасымен басу; суретін салу арқылы орындалады. Баспаханалық өндірісте мөрлердің келесі түрлері қолданады: биік, жазық, терең және трафаретті. Биік мөрде басу элементтері баспайтын элементтерден жоғарырақ орналасқан, жазық формасында олар бір жазықтықта орналасады. Терең формада басушы элементтер әртүрлі тереңдікте болады және бояумен толтырылады, ал баспайтын элементтер жоғарырақ бір жазықтыққа орналысады.

Биік мөр формасымен басылған таңбалар баспаханалық бояудың шрихтарында біркелкі орналасуымен және шығыңқы элементтерінің бедерлерімен сипатталады.

Жазық мөртаңбаларындағы штрихтардың барлық беткі қабатында баспаханалық бояу біркелкі жағылады, бастыру іздері болмайды, басушы элементтердің бейнесі нақты болады.

Терең мөрлердің формасынан алынған таңбалар бояуының біркелкі жағылмауымен ерекшеленеді.

Қылмыскерлер кейде биік мөр әдісімен жалған бланкілерді жасау кезінде жарамсыз деп танылған, комплектісіз баспаханалық шрифтерді қолданады.

Құжат жасаушының біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты жасалынған жалған бланктердің белгілеріне келесілер жатады: биік мөр белгілерінің болуы, таңбаның түпнұсқа бланкке қолданылу шрифтіне сәйкес келмеуі, баспаханалық басу ерешелерінің сақталынбауы (әріптер, сөздер, жолдардың арақашықтығының біркелкі еместігі, жолдардың қисаюы); таңбаның біркелкі боялмауы, орфографиялық қателіктердің, төңкерілген әріптердің болуы.

Фотоцинкографтық қалып (клише) арқылы басылған жалған бланк белгілеріне: фотоға түсіру кезінде масштабты сақтамау салдарынан таңбаның жалпы өлшемдерінің түпнұсқа бланктің өлшеміне сәйкес келмеуі; штрих көлемінің әртүрлілігі; түпнұсқаны суретке түсіру кезінде майда штрихтардың анық түспеуі; штрих шеттерінің біркелкі болмауы, штрихтарда үзілістердің болуы және т.б. жатады.

Жазық мөр формаларында басылған жалған блактерде келесідей белгілер: масштабтың сақталынбауы, ұсақ детальдардың бейнеленбеуі, түпнұсқа бланк штрихтарынан бұл штрихтардың жуанырақ болуы кездеседі.

Бланктерді қолдан жасау көбейткіш-техника құралдарының көмегімен де жасалуы мүмкін (репрография). Бұл үшін электрографикалық аппаратар, кәсіби көшірме машинкалары (ксерокс және т.б.) баспаның трафаретті формалары, ЭЕМ-ң принтірлері қолданылады.

Электрография көмегімен алынған таңбаларда келесідей белгілер болады: штрих шеттерінің дәл болмауы; штрих жиегінде нүктелер мен шығыңқы жерлердің кездесуі; ашық учаскелерде ұсақ нүктелердің, дақтардың немесе штрихтардың болуы; штрихтардың кейбір белгілерінің болмауы және олардың біркелкі емес боялуы.

Сараптамаға материалдарды жібергенде түпнұсқа бланктердің үлгілерін беру қажет. Үлгі бланктері зерттелетін бланк басылған баспаханада басылып, сондай формада және сол нөмірмен орындалуы тиіс.

 

§8. Құжат материалдарын зерттеу

 

Құжат материалдары (қағаз, картон, сия, тушь, қарындаш, баспаханалық бояу т.б.) көп құрамды қосындылардан тұрады. Олар құжаттарға сот-техникалық сараптама жүргізу барысының барлық кезеңдерінде зерттелінеді. Құжаттың бастапқы мазмұнының өзгеруін анықтау, көрінбейтін және нашар көрінетін жазуларды анықтау, сонымен қатар, штрих заттары мен жалған құжаттар жасағанда құжат қағазының бояуын идентификациялау мақсатында да зерттеледі.

Құжат материалдарын криминалистикалық зерттеу күрделі әрі көп сатылы процесс. Құжаттардың материалдары идентификациялық белгілерді көрсететін талдау әдістерінің көмегімен зерттеледі. Ол рецептура ерекшелігіне және нақты материалдар мен құжаттарды өндіру, сақтау және пайдалану шарттарымен байланысты. Әдісті таңдау зерттелетін материалдардың ерекшелігіне, көлеміне, қасиетіне байланысты. Құжаттарды сот-техникалық сараптау кезінде материалдарды, жеке заттарды талдау үшін технологияның, материалды зерттеудің, химияның сәйкес салаларында қолданылатын әдіс-тәсілдердің арнайы модификациясы қолданылады.

Құжат материалдарын зерттеу сараптамасының жалпы мәселелеріне төменгілерді:

- материалдардың немесе одан жасалған өнімдердің түрлерін;

- материалды немесе өнімді тұтыну мақсатын;

- материалды немесе өнімдерді өндіру, сақтау және пайдалануына байланысты шығу тегін;

- материалдың жекеленіп бөлінген көлемін идентификациялауды;

- материалдың жасау уақытын анықтау жатады.

Қағаз – құжаттың негізгі зерттеу материалы болып табылады. Зерттеу барысында жыртылған қағаз қиындыларының бір бүтінге жататындығын, белгілі бір құжат немесе бланкілерді дайындау кезінде қолданылған қағаздың тобын (класын), түрін; әртүрлі сезіктіден алынған өнімдердің бір жерден шығарылғандығын; қағазды жасау уақытын анықтау мәселелері шешіледі.

Қағазды зерттегенде, оның физика-химиялық қасиеті (оның қалыңдығы, салмағы, түсі, ішкі және сыртқы бет қабатының құрылымы), жапсыру түрі мен дәрежесі, қағаздан жасалатын өнімді сипаттайтын белгілер анықталады. Әртүрлі қайнар көзден шыққан бір түрге жататын қағазды бөлшектейтін (дифференцациялайтын)жеке әдістеме түрлері бар.

Құжатты жасау кезінде қолданылатын жазу құралдары да әртүрлі болады, сондай-ақ ол күрделі құрамнан тұрады. Соңғы жылдары жалған құжат дайындау барысында бұрын қолданылмаған келесідей бояулар пайда болды: полимерлі қарындаштар, түрлі-түсті борлар, әртүрлі тонерлер.

Жазу материалдарының құрамын зерттеу кезінде химиялық және физикалық әдістердің арнайы модификациялары пайдалынады. Олар сәйкес материалтану және химия салаларында криминалистикалық зерттеудің ерекшеліктерін ескере отырып қолданылады. Мамандар өңдеп шығарған әдістеме көмегімен қарастырып отырған материал топтарының санын азайтуға, ал кейбір жағдайда осы заттардың жеке бір көлемін көрсетуге болады.

Бұл жоғары сезімтал әдістері: микроспектрофотометрлік, лазерлік талдау, хроматографиялық, көрінетін және ультракүлгін, ультрақызыл, спектрофометрия арқылы жүзеге асырылады.

Әсіресе жазу материалдарының микроқұрылымының дифференциация әдістерін жетілдіруде сот-техникалық сараптамасының жетістігі мол. Кеңінен тараған жазба материалдарын және (паста, сия, көшірме қағазына, жазу машинкасының лентасына арналған бояу және штемпельдік бояу) олардың штрих бояуларын зерттейтін арнайы әдістемелер бар.

Осы материалдар жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығында жиі қолдану нәтижесінде құжат материалдарын техника-криминалистикалық зерттеу мүмкіндіктері артуда.

 

 

7-ТАРАУ

ЗАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАРДЫ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

 

§1. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зертеудің түсінігі және оның міндеттері

 

Заттар мен материалдар – қылмысты жасау және оның ізін жасыру тәсілдері, сондай-ақ қылмыскерлер мен қылмыстық оқиғаның жағдайы туралы ақпарат көздері ретінде өте ертеден қолданып келеді. Орта ғасырдың өзінде-ақ алтын тиындардың немесе әшекей бұйымдардың сандық құрамын зерттеу арқылы олардың жалған екендігі анықталған. Асыл тастарды морфологиялық талдау арқылы тастардың жалғандығын анықтауға немесе ұрланған заттың құнын білуге мүмкіндіктер болған. Бірақ В.С. Митричевтың теориялық еңбектерінің арқасында «Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу» тарауы криминалистикалық техниканың жеке бір тарауы ретінде соңғы жиырма жылда қалыптаса бастады.

Әлемде бізді барлық заттар мен материалдар қоршап тұрады. Қылмыс жасаған кезде субъектілер заттай көрсеткіш іздер немесе айғақ іздер болуы мүмкін объектілердің құрылысын, құрамын және құрылымын еріксізден немесе әдейі қасақана өзгертеді. Бұл салада жаратылыстану және техникалық ғылымдардың жетістіктерін қолдану жолымен макро- және микро көлемінде алынған заттар мен материалдарды зерттеуге және іздестіруге қажетті дәлелдемелік маңызы бар ақпараттарды алуға болады. Бірақ бұл жерде «бұл криминалистикалық зерттеуге жата ма» - деген сұрақтар жиі туындайды, басқаша айтқанда заттар мен материалдарды сот өндірісі процесінде зерттеу мен бұл объектілерді ғылымда, техникада, өндірісте зерттеудің ара қатынасы қандай екндігі туралы криминалистердің арасында әлі күнге дейін өзара пікірталастықтар туындауда. Жоғарыда криминалистикалық техника бөлімінің жүйесіне жаңа тарауды кіргізу қажеттілігін негіздейтін критерийлерді көрсетіп өттік. Оларға мыналар жатады:

- заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу объектілерін табу, бекіту және алу ерекшеліктері;

- оларды зерттеу әдістемесін өңдеп жетілдіру;

- объектілерді табу, бекіту, алу және зерттеу қорытындыларын процесуалдық рәсімдеу.

Бұл тарау барлық осы аталған критерийлерге сәйкес келеді. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу объектісі ретінде қарастырудың ерекшелігі «ғылым орталығында» жеткілікті көлемде алынған нақты заттай дәлелдемелерді зертейтін және оларды зерттеуге қажетті әдістеменің қалыптаспағанында.

Олар негізгі ғылымдардың бірі ретінде криминалистикаға сүйенбей өңделіп жетілдірілуі (жасалуы) мүмкін емес. Сонымен қатар ұсынылған немесе табылған объектілердің қаншалықты көлемде алынғандығына қатысты және оның барлық белгілері мен қасиеттерінің көрінісімен байланысты тек криминалистика ғылымы арқылы шешілетін мәселелер туындайды. Сондықтан да өнеркәсіптік немесе ғылыми зерттеулерде қолданылатын бірыңғай стандарттық әдістемелерді қолдануға болмайды.

Бұларға келесідей мысал келтіруге болады, жәбірленушінің денесіндегі жарақаттан алынған металл бөлігі мен сезіктіні тінту кезінде алынған пышақты зерттеу объектісі ретінде алайық. Егер пышақ немесе металл бөлшегінің тек құрамы мен түрін ғана анықтау керек болса, бұл мәселелерді криминалистика ғылымын қолданбай-ақ өнеркәсіптік бірыңғай стандартты зерттеу әдістемесін қолдану арқылы шешуге болады. Бірақ мұндай әдістерді қолдану нәтижесінде алынған криминалистикалық маңызды ақпараттардың дәлелдемелік маңызы төмен болады және бұл зерттеу нәтижелері пышақ пен металл бөлшегінің тек өте үлкен топқа жататындығын ғана анықтауға мүмкіндіктер береді. Сынған бөлік бойынша объектінің бір бүтінге жататындығын, оның өзіндік қасиеті мен жағдайын, заттың тарихын немесе биографиясын, оны жасау технологиясын немесе сыну және т.б. себептерін анықтау керек болған жағдайларда криминалистика ғылымын қолдану қажеттілігі туындайды.

Мұндай мәселелерді шешу үшін арнайы әдістеме қалыптасуы қажет, сонда ғана алынған ақпараттардың дәлелдемелік маңызы алғашқы жағдайға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Қолайлы жағдайларда пышақтың сынған бөлігі бойынша да жекелей идентификация жасалынуы мүмкін. Заттар мен материал шеңберінің кеңдігіне қарамастан, оларды зерттеу кезінде шешетін кейбір ортақ мәселелерді қалыптастыруға болады.

Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу процесінде шешілетін диагностикалық мәселелер келесідей топқа бөлінеді:

- қарапайым (тікелей) – олар заттар мен материалдардың құрамын, табиғатын, қолдану аясын, қасиетін анықтаумен байланысты мәселелер. Мысалы, мөлдір тасты сары металдан жасалған жүзік 583-ші сынамалы алтыннан, ал тас 0,4 карат салмағындағы фианитпен, сондай-ақ пышақтың жүзі №…маркілі болаттан жасалынғандығын, тінту барысында алынған ақ түсті ұнтақ-героин, ал бөтелкедегі сұйықтық – этил спирті екендігін анықтау мәселелері.

- күрделі (құрамалы) мәселелер, оларға заттар мен материалдардың бастапқы жағдайының өзгеру себептерін, оның құрылымы мен құрамына әсер ететін фактілерді және өндіріс технологиясын; сондай-ақ бұйымның қарастырып отырған материалдардан жасалғандығын анықтау мәселелері жатады. Мұндай мәселелер көбінде тергеуден болған себептерге әкелетін жолды бақылап анықтауға мүмкіндіктер береді.

Диагностикалық зерттеу тәртібіне сәйкес күрделі мәселелермен жұмыс жасаудың бастапқы кезеңінде алдымен өнімге әсер ететін қарапайым мәселелер шешіледі, яғни заттар мен материалдардың құрамы мен құрылымы анықталады. Осы мәліметтер негізінде оқиғаның механизмін немесе оның кейбір элементтерін қалпына келтіру жұмыстары жасалуы мүмкін. Мысалы, өрттің шыққан жерінен жасыл түсті өрт ұшқынының қалдығы табылды. Талдау жүргізу арқылы оның құрамы мен құрылымына тұз бен марганец тотығы кіретіндігі анықталды. Жану жағдайын талдау – нақты температурада тотықтандыру болған жағдайда мұндай қосылыстар калий перманганатының бөлінуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін және бұл қосылыс кезінде үлкен көлемде жылу бөлініп, соңында өртке әкеліп жануға бастама болатындығын көрсетті.

Идентификациялық мәселелер – диагностика процесінде анықталған белгілерді жиынтығы бойынша салыстырмалы зерттеу арқылы шешіледі. Объектінің нақты жекеленген ұқсастығы өте сирек анықталатындығын айтып кеткеніміз жөн (әдетте құрама зерттеу кезінде бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау мақсатында сыртқы құрылысы тұрақты объектілер). Мәселен, адам өлтіру ісі бойынша мәйіттің денесін ашу кезінде жарақаттан металл бөлшегі алынды. Ол қылмыс құралы – пышақтың сынығы болуы мүмкін. Сезіктіні тінту кезінде пышақ алынды, оны зерттеу нәтижесі пышақтың жақында қайралғандығын көрсетті. Сондықтан да бұл пышақтың бөлшегі болғанымен де, оның жүзінде бөлінген сызықтар болмаған. Бірақта пышақтың жүзінің беткі қабат бөлігі мен орталық бөлігін морфологиялық салыстырмалы зерттеу жолымен олардың екеуінде де бірдей микрожолдардың бар екендігі анықталды. Пышақ пен бөлшектің сандық элементтік құрамы сәйкес келді, бұл екеуі де бір болаттың бір маркасынан жасалғандығын куәландырады. Олардың құрылымын зерттеу нәтижелері болаттың және микробөлшектердің термаөңдеу жағдайларының бірдей екендігін көрсетті. Белгілердің жиынтығы бойынша мынандай қорытынды шығарылды: бұл пышақтың жүзі бұрын микробөлшекпен бір бүтін болған.

Өкінішке орай заттар мен материалдарды әсіресе, сыртқы құрылысы тұрақсыз-сұйық және сусымалы заттарды жекелей идентификациялау негізді және мүмкін болғанымен де, олар көбінде кешенді зерттеу барысында анықталады. Әдетте объектіні белгілі бір топқа жатқызу шешімі мүмкіндігінше оның шекарасын қысқартады. Мысалы, ұсынылып отырған қағаз целлюлоза – қағаз фабрикасында жасалған және белгілі бір партияға жатады; жол-көлік оқиғасы болған жерден табылған лак-бояу қабатының бөлшегі мен ВАЗ автокөлігінің лак-бояу қабатының жалпы топтық қатыстылығы бір.

Заттар мен материалдарды диагностикалық және идентификациялық зерттеу – объектілердің өзара байланысу фактілерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Мысалы, зорлау ісі бойынша сезіктінің киімінің ткані мен жәбірленушінің киіміндегі талшықтардың қатыстылығын анықтау. Өзара байланыс фактілері, әдетте бірқатар заттар мен материалдарды кешенді сараптау барысында анықталады. Мысалы, жол-көлік оқиғасына байланысты іс бойынша жәбірленуші мен автокөлік жүргізушісінің арасындағы байланыс лак-бояу қабаттарының бөлшегін, шыны, талшық, жанармай материалдарын зерттеу кезінде анықталады.

 

 

§ 2. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.)