АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Как я стал профессионалом 8 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Қазақстандағы шоғырландырылған базарлардың болмау себептерінің ішінде Қазақстандағы халық санының және тығыздығының төмендігін атап өтеміз, ол Ресейде байқалатын бизнес үшін ауқымды емес. Бұл батыс және Ресей сауда желілері әзірге қазақстандық нарыққа шығу мүмкіндігінің өте мұқият қарастыратынының басты себебі болып табылады.

Осылайша, үлесіне тауар айналымының 51% және сауда алаңдарының 67% келетін базарлардың басымдығы Қазақстанның сауда секторында сауданы өркениетті дамытуға жәрдемдеспейді.

Базарларда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиісті деңгейі жоқ, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды және салықтардың жиналуын қамтамасыз ету қиын. Бұдан басқа, тиісінше базарларда тауар ағынының көлемдерін, құрылымын, серпінін талдау мүмкін емес.

Саудасы дамыған елдерде базарлар бөлшек сауданың ескі нысанына жатады және іс жүзінде пайдаланылмайды немесе мамандандырылған бағыттар бойынша (мысалы, халық қолөнері бойынша) жұмыс істейді.

Бұрын атап өткеніміздей, республикадағы «уақыты өткен пішімдер» деп аталатын, яғни, «B», «C» және «Дүңгіршектер» санатындағы дүкендердің басымдығы көрініс береді, оларға дүкендердің барлық алаңдарының 67% тиесілі. Бұл санаттар алаңдардың шектелген көлемдерімен, төмен өткізу қабілетімен, жоғары үлестік шығындармен сипатталады, яғни, сауда қызметін шоғырландыру үшін негіз бола алмайды.

Дүкендердің, сондай-ақ, базарлардың әртүрлі санаттарының артықшылықтары мен кемшіліктері кестеде егжей-тегжейлі келтірілген.

Көтерме сауда. Көтерме сауда – бұл жеке, отбасылық, үй және өзге де осындай пайдаланумен байланысты емес кейіннен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арнаған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Көтерме сауда бөлшек сауданы жүзеге асыру орнын алыс, оқшауланған жерлердің болуы кезінде мамандандырылған немесе аралас дүкендерде, сауда үйлерінде және базарларда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда көтерме тауар айналымы (ағымдағы бағада) 127,5%-ға ұлғайып, 6 872,3 млрд. теңгені құраған. 2009 жылы көтерме тауар айналымында азық-түлік тауарларының үлесі 16,9%, азық-түлік емес тауарларының үлесі – 83,1% құрады.

Соңғы бес жылда елдің көтерме тауар айналымындағы елеулі үлесті Алматы алады – 3 075,3 млрд. теңге немесе көтерме сауданың жалпы көлемінен 45%. Екінші көрсеткіш Астана қ. бойынша 1 002,5 млрд. теңге (немесе 15%) мөлшерінде, үшінші орында – Қарағанды облысы (495,1 млрд. теңге немесе 7%).

Соңғы бес жыл үшін көтерме сауда көлемдерінің жыл сайынғы өсуінің неғұрлым көп пайызы Астанада (64%), ең төмені – Солтүстік Қазақстан облысында (19%) байқалды.

2008 жылы республиканың көтерме сауда құрылымында ең көп үлесті мұнай өңдеу өнімдері – дизель отыны мен автомобиль бензині, сондай-ақ, қара металдар мен астық, яғни, халық тұтыну емес тауарлары мен азық-түліктік емес тауарлар алды.

Алматы бойынша базар үлесінің және көтерме сауданың өсуінің жоғары көрсеткіштері бұл қаланың айрықша рөлімен түсіндіріледі. Алматы аса ірі автопаркі бар қала (ЖЖМ елеулі тұтыну және автомобилдерді көп сату), сондай-ақ тамақ өнімдерін елеулі бөлігін орналастыру орны (сыра, шарап, ас суын, шырындарды және сүт және кондитер өнімдерін өндіру) болып табылады.

Көлемдерді тең бөлінбеуі себептерінің бірі өзара байланыстардың бұзылуы және көтерме сауда кәсіпорындарында меншікті айналым қаражатының жеткілікті көлемінің болмауы болып табылады, бұл көбінесе ірі өткізу базарларының маңында, яғни өнімді тұтынудың неғұрлым көп деңгейі бар өңірлерде тауарлардың үлкен көлемінің шоғырлануына алып келеді.

Осылайша, Қазақстандағы көтерме сауда бүгінгі күні ең алдымен, ЖЖМ, астық, қара металдар, құрылыс материалдары сияқты тұтынушылық емес тауарлардағы қажеттілікті қамтамасыз ете отырып, сауданың жеке буыны болып табылады. Көтерме сауда бөлшек саудамен байланыстырушы буын рөлін атқармайды, тауар ағындарын реттегіш функциясын орындамайды, бұл ондағы айналыстағы тауарлардың құрылымынан көрінеді, мұнда бөлшек саудада өткізілетін тауарлардың түрлері айтарлықтай емес.

Биржалық сауда. Биржалық сауда – бұл сауда-саттықтарды, оның ішінде, электрондық сауда-саттықтарды, мәмілелерді тіркеуді және ресімдеуді жүргізу жолымен тауар биржасында жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Республикада 2010 жылғы 1 мамырда лицензия алған 33 брокерлік-дилерлік ұйым және 4 тауарлық биржа қызметін жүзеге асырады: «Еуразия Сауда Жүйесі» тауар биржасы» (ЕСЖ), «Қазақстан» халықаралық тауар биржасы», «Жамбыл облысының» тауарлық биржасы», «Астана» әмбебап тауар биржасы». ҚРСА деректеріне сәйкес 2009 жылы осы биржалардағы мәмілелердің саны 2005 жылмен салыстырғанда 3,7 есе төмендеген. Дегенмен, бұл ретте, сауда-саттыққа шығарылатын тауарлардың көлемі 29%-ға өсті. Жасалған мәмілелердің төмендеу серпінін атап өту қажет. Мәселен, егер 2005 жылы сауда-саттыққа шығарылатын биржалық тауарлардың жалпы көлемінен мәмілелер тауарлардың 84% бойынша жасалған болса, 2009 жылы – 58% бойынша жасалды.

Тауар биржаларындағы жасалған мәмілелердің негізгі үлесі мал және өсімдік өнімдеріне, майларына жатады, олардың үлесі бес жылдық кезең үшін жасалған мәмілелердің жалпы көлемінен 61%-ды және 2009 жылы жасалған мәмілелердің 97%-ын құрады. Жасалған мәмілелердегі екінші орынды минералдық өнімдер иеленеді (кендер, отын, мұнай және мұнай өнімдері), олардың үлесі 2005 жылы 75%-дан 2009 жылы 3%-ға дейін төмендеді.

Осылайша, биржалық сауда ел экономикасына елеулі әсер етпейді, атап айтқанда, 2009 жылы көтерме тауар айналымының жалпы көлеміндегі оның үлесі 1% аспайды. 2005 жылдан басталған кезеңде тауар биржаларының саны 3 бірлікке азайды, ол бұл нарықтың құрылымдалмағандығын, жаңа ойыншылардың мүмкін кездейсоқ пайда болуын, бұл бизнестің әлсіз тартымдылығын білдіреді. Сатудың бұл арнасы тұтынушылардың бірде бір тобында (өнеркәсіптік кәсіпорындар, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, дистрибуциялық компаниялар, азық-түлік тауарларын сату жөніндегі трейдерлер, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компаниялар) жоғары сұранысқа ие емес. Тауар биржалары арқылы өткізілуі мүмкін ресурстар (тауарлар) иелерінің тарапынан ұсыныстар сатудың осы арнасы үлесін ұлғайтуға мүдделі емес.

Баға конъюктурасына тауар биржаларының іс жүзінде әсер ете алмауы мұнда кемшілік болып табылады. Белгілі Лондон тауар биржалары халықаралық сату арнасы функциясын орындаудан басқа, сондай-ақ, әлемді тауарлық нарықтарға елеулі әсер ете отырып, қандай да бір тауарлардың бағасын белгілеуді қалыптастырады, мәселен тауар биржалары арқылы тиісті биржалық тауарлармен 5-тен 20%-ға дейін әлемдік сауда жүреді. Бұл жағдайларда республикада биржалық сауданы дамытуға биржалық тауарлардың тізбесін және олардың қалыптасу кезеңінде қолданылатын тауар биржалары арқылы тауарларды өткізу көлемдерін заңнамалық тұрғыдан айқындауда көрініс беретін ұсынысты белсенді мемлекеттік ынталандыру әсер ете алады.

Электрондық сауда. Электрондық сауда байланыстың электрондық құралдарын пайдалана отырып, тауарларды сатуға-сатып алуға арналған электрондық саудаға қатысушылардың келісімінің (шартының) негізінде сауда мәмілелерін жасау жолымен жүзеге асырылады.

Әлемдік бөлшек саудада Интернет арқылы сатудың рөлі артады, бірақ, электрондық сауданың ену деңгейі әлі өте үлкен емес және елдер арасында елеулі айырмашылықтары бар. Аумағы шағын алаңдармен және халықтың жоғары тығыздығымен сипатталатын неғұрлым технологиялық дамыған елдерде электрондық сауданың үлесі 5% жетеді және одан да жоғары. Қазақстанда электрондық сауданың перспективасы алыс қашықтықтармен, халықтың тығыз емес қоныстануымен, логистикалық жүйелердің әлсіз дамуымен, Интернеттің сауда функцияларын пайдаланбаумен (және оны салыстырмалы түрде жоғары емес пайдаланумен), көптеген нарықтардың аздаған көлемдерімен және ауқымның тиімділігін төмендететін тұтыну тауарларының сегменттерімен күрделенеді.

Қазақстанда 2009 жылдың соңында Интернетті пайдаланушылардың саны 3,15 млн. адамды немесе 100 адамға 19,8 пайдаланушыны құрады. Бірақ, бұл цифрлар Интернетті тауарлар мен қызметтерді пайдаланушылар ретінде пайдаланатындардың санына қарағанда, электрондық поштаны, желілік қоғамдастықтар мен жаңалық ресурстарын пайдаланушылардың санын білдіреді.

Ұсыныс тұрғысынан соңғы жылдары Қазақстанда электрондық сауда шеңберінде бизнес тарапынан қызығушылық пайда болды, ол әртүрлі бейіндегі жиырмадан астам интернет-дүкендердің, ұялы байланысты төлеу жөніндегі карточкаларды, мультимедиялық өнімді, кітаптарды, сондай-ақ азық-түлікті сату жөніндегі алаңдардың пайда болуымен сипатталады.

Алайда, қазақстандық Интернет пайдаланушылар санының салыстырмалы түрдегі аздығына қарамастан, сарапшылар KZ домендік аймағындағы Интернет сатулардың әлі де елеулі қалып қоюын атап өтуде, бұл осы нарықтың аздаған сыйымдылығымен, сатып алушылардың көпшілігінің сенімсіздікпен қарауымен байланысты болып отыр.

Қазақстанда сауданың бұл түрінің дамуын тежейтін мынадай бірқатар факторлар бар:

- Интернетті пайдаланушылардың салыстырмалы түрдегі санының аздығы;

- Интернеттің қазақстандық бөлігі контентінің дамымауы, ол KZ домендік аймағындағы Интернетті пайдаланушылар санының аздағы проблемасын қиындатады, өйткені, пайдаланушылардың көпшілігі неғұрлым мазмұнды және әртүрлі Ресей сайттарын пайдалануға артықшылық береді;

- қазақстандық компаниялардағы қызметті оңтайландырудың ішкі резервтері, оның ішінде мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету есебінен;

- Интернет пайдаланушылар мен қазақстандық бизнестің құпия қаржылық ақпаратты беру кезінде байланыс құралдарының сенімділігіне сенімсіздігі;

- Қазақстан, әсіресе өңірлер халқының көп бөлігінің сатып алу қабілетінің төмендігі;

- бөлшек сауданың дәстүрлі арналарының жетілмеуі. Бұл арналар жақсы дамыған жерлерде ғана Интернет оларға жаңа сапа алып келеді;

- электрондық төлем жүйелерінің салыстырмалы түрде дамымауы;

- қазақстандық электрондық бизнес нарығының дамуының әркелкілігі;

- оларды пайдаланатын қазақстандық компаниялар үшін электрондық төлем жүйелерінің жоғары құны да маңызды болып табылады (банктердің комиссиялары 3% дейін жетеді).

Дегенмен, дамыған электрондық сауда – бұл технологиялық қажеттіліктің ұлғаюы және өмір бейнесі бойынша күшейе түсетін халықаралық тренд. Алайда, электрондық сауданы бөлшек сауда және сауданың басқа да түрлерінен, қор нарығының және қаржылық қызметтердің дамуынан айырып қарауға болмайды. Бұл аспектіде кәдімгі сауда немесе банктік қызмет үшін технологиялық шешім ретіндегі электрондық сауданың рөлі электрондық сауданың абстрактілік жеке дамуына қарағанда неғұрлым назар аударатын болып көрінеді.

Осылайша, электрондық сауданы дамыту үшін негізгі мағынаға коммуникациялық технологиялар саласындағы инфрақұрылым ие, өйткені ол негізінен оның даму деңгейі мен пайдалану кендігіне байланысты.

Қоғамдық тамақтандыру қызметтері. Қоғамдық тамақтануға тағам өнімдерін өндірумен, қайта өңдеумен, сатумен және ұйымдастырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет жатады.

ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес қоғамдық тамақтану объектілерінің саны 2005 – 2009 жылдар кезеңінде 1,6 есе дерлік артты және 22,7 мың мекемені құрады.

Өңірлер бойынша қоғамдық тамақтану қызметтерінің көлемі бойынша жетекші позиция Алматыға тиесілі (28,3 млрд. теңге). Екінші орынды Атырау облысы (14,2 млрд. теңге), үшінші орынды – Астана (9,9 млрд. теңге) алады.

Сонымен бірге қоғамдық тамақтану қызметі нарығының негізгі ерекшеліктері мен үрдістері мыналар болып табылады:

- Алматы мен Астанада мейрамхана бизнесінің шоғырлануы;

- нарықтың құрылымсыздығы, ірі ойыншылардың болмауы;

- объектілердің пішімі бойынша көпшілік қабылдаған стандарттардың жоқтығы, маңдайшадағы жазулар мен мазмұнының жиі сәйкес келмеуі;

- шетелдік брендттер санының онша көп еместігі (негізінен түріктердікі);

- қоғамдық тамақтану жүйесіндегі франчайзингтің нашар дамуы;

- орташа мейрамхана немесе дәмхана қызметінің аз уақытты мерзімі, осы бизнестің жоғары қауіптілігі және шығындылығы;

- стихиялық, көбінесе кенеттен болатын, сұраныс, сынып/санат сияқты тұрақты клиенттердің жоқтығы;

- әдеттегідей тек қана дисконтты карталармен шектелетін клубтық жүйенің бір жақты дамуы;

- персоналды даярлаудың орталықтандырылған жүйесінің болмауы.

Сонымен қатар қоғамдық тамақтану саласы негізінен шағын бизнеспен айналысатынын атап өту керек. Ресейден айырмашылығы Қазақстанда табысты бизнесмен-рестораторлар, оның ішінде өзінің саны онша көп еместігі себепті танымал емес.

Осылайша, аталған сала көп жағдайда оның тұтынуға деген сұранысының өзгеруіне байланысты болады. Оның одан әрі дамуы көбінесе қызметі қызмет көрсету стандарттарын, клиенттер үшін жағдайлардың сапасына бағытталған қоғамдық бірлестіктерді, ұйымдарды дамыту жолымен өзіндік реттеумен байланысты.

2-тапсырма. Мәтінді мағыналық бөлшектерге бөліп, оларға лайықты ат қойыңыз.

3-тапсырма. Мәтінмен оқып танысыңыз. Жоспар құрыңыз. Құрған жоспарыңыз бойынша мәтіннің мазмұнын баяндап беріңіз.

СЫРТҚЫ САУДА

Сыртқы сауда – елдер арасындағы сауда. Тауарлар мен көрсетілген қызметтер әкетілімі (экспорты) мен әкелімінен (импортынан) тұрады. Келісімшартпен ресімделетін коммерциялық мәмілелер арқылы жүзеге асырылады.

Дүниежүзілік экономиканы құрайтын ұлттық шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық экономикалық байланыстар (ХЭБ) жүйесімен тығыз байланысқан. Бұл байланыстар халықаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде дамиды.

Алғашқы мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың ең байырғы түрі — сыртқы сауда қатынастары орнай бастады. Дамыған елдер жаппай өнім өндіре бастаған индустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңызы күрт артты. Қазіргі заманда кез келген ел экономикасының ажырамас бөлігіне айналған сыртқы экономикалық байланыстардың құрылымы күрделеніп, аясы кеңейе түсті. Соған қарамастан, сыртқы сауда халыкаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрі болып табылады. Халықаралық экономикалық байланыс жүйесі сыртқы саудадан басқа несие-қаржылық қатынастар, жұмыс күшімен алмасу, халықаралық туризм, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қамтиды.

Сыртқы тауар саудасы. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін елдер. Елдер арасындағы экономикалық, қарым-қатынастардың сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы тауар саудасынан көрінеді. Ұлы географиялық ашылулар кезеңіне дейін халықаралық тауар саудасына санаулы елдер ғана қатысты, тіпті қазіргі кезде дүниежүзіндегі басты сауда орталықтарының біріне айналған Еуропа елдерінің де сауда жасау аумағы шектеулі сипат алды. Бұған елдер мен дүние бөліктері арасындағы көлік қатынасының нашарлығы, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, басқа елдер жөнінде нақты ақпардың жетіспеуі себепші болды. Көбінесе басқа елдерден өте қымбат және сирек кездесетін тауар түрлері әкелініп, саудаға салынатын. Құрлықтағы негізгі халықаралық сауда жолдары қатарына Азия мен Еуропаны жалғастырған Ұлы Жібек жолы мен Еуропаның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырған сауда жолы жатады. Орта ғасырларда арабтар Сахара арқылы өтетін сауда маршрутын жасады; бұл жол Арабияны Солтүстік Африкамен, одан әрі Оңтүстік Еуропамен жалғастырды.

Көлік құралдарының жетілуі, Еуропада өнеркәсіптің өркендеуі, жаңа жерлердің ашылуы дүниежүзілік сауда қатынастарының ауқымын кеңейтті. Көп жүк көтеретін ірі кемелер легі Жаңа Дүниеден Еуропаға шикізат пен алтын тасымалдады. Соның нәтижесінде XVIII ғасырда сауда көлемі бес есе артты. XX ғасырдың басына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда айналымындағы Еуропа елдерінің үлесі 50%-ға жетсе, Солтүстік Америка елдерінің үлесі 20%-ды құрады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда көлемі ғасыр басындағымен салыстырғанда 14 еседей өсті.

Қазіргі кезде ұлттық шаруашылықтардың халыкаралық сауда жүйесіне неғұрлым жедел тартылуына қарамастан, дүниежүзілік тауар айналымының шоғырлану дәрежесі жоғары. Мұны дүниежүзілік экспорт пен импорттың географиялық құрылымынан айқын көруге болады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72%-ы Батыс Еуропа мен Азия елдеріне, ал Солтүстік Америка үлесіне 17%-ы тиесілі болды. Өтпелі экономика тән бұрынғы социалистік елдердің үлесі бар болғаны 4%-ды құрады. Дүниежүзілік тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерінің үлесі артып келеді, оларға әлемдік экспорттың 10%-ға жуығы тиесілі. Корея Республикасының әлемдік экспорттағы үлесі 2008 жылы 2,9% болса, импорты — 2,6%; Сингапурдың үлесі тиісінше 2,3 және 2,2%-ға тең.

XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы саудада дамыған 25 ел жетекші орын алды. Оларға әлемдік экспорттың 84%-ы, импорттың 82%-ы тиесілі болды. Дамыған елдер өзара тауар айналымы, жөнінен де жетекші орынға ие; АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзілік керсеткіштің 3,2%-ын құрады. Сыртқы сауданың тауарлық құрылымы халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, өндірістік және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына тікелей байланысты. Тауар айналымының құрылымы FTP әсерінен үлкен өзгеріске түсті. Ел экономикасына ықпал ететін маңызды көрсеткіштің бірі — сыртқы сауда сальдосы, оны экспорт пен импорт көлемінің айырмасы құрайды. Қытайдың сыртқы саудасына тұрақты оң сальдо (экспорт көлемі импорттан артық) тән болса, АҚШ-тың сыртқы сауда айналымы теріс мәнге ие.

Сыртқы сауданы халықаралық дәрежеде реттеу бағытында 1947 жылы Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім деп аталатын халықаралық ұйым пайда болды. Бұл құрылым негізінде 1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымы, құрылды. Қазіргі кезде құрамында 132 ел бар бұл ұйым халықаралық сауда қатынастарын реттеумен қатар қызмет көрсету, инвестиция және ақыл-ой меншігін қорғау саласында белсенді әрекет ететін үйлестіруші құрылым болып табылады. Бұл ұйым құрамына кіруге Қазақстанда ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. БҰҰ жанындағы сауда мен даму жөніндегі Комиссия да (UNCTAD) өз жұмысын елімізде белсенді жалғастыруда.

Қазақстанның сыртқы саудасы. 2008 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 109,1 млрд АҚШ долларын құрады. Оның 65%-ы экспортқа тиесілі болды. Еліміздің сыртқы саудасының географиялық құрылымы соңғы онжылдықта едәуір өзгеріске түсті. Кейінгі жылдары Қазақстан импортында ТМД елдерінің үлесі артты, экспортта Еуропа елдері жетекші орын алады. Экспорттың географиялық құрылымында салықтық жеңілдіктерге ие оффшорлық зоналардың үлесі артуда. Өйткені Қазақстаннан мұнай мен түсті металдар сатып алатын ірі компаниялардың кейбіреулері осындай аумақтарда тіркелген. Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлық құрылымы соңғы жылдары экспорт пен импорттағы жеке тауарлар үлесінің артуына немесе кемуіне байланысты едәуір өзгеріске түсті. Басты экспорттық өнім — мұнай және газ конденсаты 1995 жылы 793 млн АҚШ доллар көлемінде сыртқа сатылса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 11417 млн АҚШ долларына жетті. Керісінше осы уақыт аралығында көмірді сыртқа сату көлемі екі еседей қысқарды. Соңғы бес жылда машиналар мен жабдықтар, көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған қаржы екі есе артты; табиғи газ бен электр энергиясын сатып алу көлемі бірнеше есеге қысқарды. Сонымен, дүниежүзілік сыртқы сауда — халықаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде ұлттық шаруашылықтарды өзара байланыстыратын маңызды сала; Қазақстанның сыртқы саудасы осы күрделі жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады.

4-тапсырма. Мәтінмен оқып танысыңыз. Жоспар құрыңыз. Құрған жоспарыңыз бойынша мәтіннің мазмұнын баяндап беріңіз.

ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМ

Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіші қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құнының сомасын құрайды, сондай-ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс факторларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өнімнен (ЖҰӨ) ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) жалпы ішкі өнімнен (ЖІӨ) осы елдегі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегіден (пайыз, дивиденд, жалақы және т.б.) артық болады.

ЖІӨ=ЖҰӨ – сыртқы экономика операция бойынша сальдо.

ЖІӨ өзіне тікелей сол елде өндірген өнім мен қызмет көрсетуді және бұл елдегі өндіріс факторын қолданғанда ғана енгізеді. Егер жапондықтарға жататын өндіріс факторын АҚШ-та қолданса, онда олардың құны ЖІӨ — ге енгізілмейді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)