АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Как я стал профессионалом 6 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік.

Лауазым иелері еңбек тәртібін бұзғаны үшін бағыныштылық тәртібімен жауап береді. Лауазым иелерінің кейбір топтары олардың атқарып отырған қызметінің айрықша сипатына байланысты бағыныштылық тәртіппен еңбек тәртібін бұзғаны үшін ғана емес, оның қадір-қасиетімен сыйыспайтын теріс қылықтары үшін де заңда көзделген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

Тәртіптік теріс қылықтардың өзіне тән негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

- нақты кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібін коғамдық қауіпті емес сипатта бұзу

- осы кәсіпорынмен (ұйыммен) еңбектік құқықтық қатынастарда тұратын қызметкерлер жасайтын тәртіп бұзушылықтар

- қызметкерлердің өздерінің еңбек міндеттерін құқыққа қарсы және кінәні орындамауларынан көрінетін тәртіп бұзушылықтар

- кінәлілікпен құқыққа қарсы іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің арасындағы себепті байланыстар.

Жұмыс беруші еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкердің өзіне тапсырылған еңбек міндеттерін орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны үшін тәртіптік жазалардың мынадай түрлерін қолдануға қүқықты:

- ескерту

- сөгіс

- жеке еңбек шартын бұзу.

Тәртіптік жазалардың бұл көрсетілген тізімі толық болып табылады. "Еңбек туралы" Заңның 94-бабының 2-тармағында осы заңда көзделмеген тәртіптік жазалау шараларын қолдануға жол берілмейді деп нақты айтылған.

Жұмыстан шығару еңбек тәртібін қасақана бұзатын және тәртіптік шаралар ықпалына көнбейтін қызметкерлерге қолданылатын ең ақырғы шара болып табылады. Жұмыстан шығару туралы еңбек кітапшасына жазылады. Жазалаудың өзге шаралары еңбек кітапшасына жазылмайды. Жұмыс берушіге тәртіптік жазалау қолдануға құқық берілген. Жұмыс беруші тәртіптік жазалауды қолданған кезде жасалған теріс қылыктың ауырлық дәрежесін, оның қандай жағдайда жасалғанын, қызметкердің бұдан бұрынғы мінез- құлқын, еңбекке көзқарасын, сондай-ақ тәртіптік жазаның жасалған теріс қылыққа сәйкестігін ескеруі керек.

Жұмыс беруші тәртіптік жазаны теріс қылық ашылғаннан кейін қолдануы тиіс. Жаза қолданбас бұрын тәртіп бұзушыдан жазбаша түсініктеме талап етілуі керек. Жаза теріс қылық ашылған күннен бастап бір айдан қалдырылмай қолданылуы қажет және оны алты айдан кейін қолдануға болмайды. Әрбір еңбек тәртібін бұзғаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылатындығы белгіленген. Жаза бұйрықпен жария етіледі және қызметкердің қолын қойдыру арқылы оған ескертіледі.

Қызметкерге осы көрсетілген талаптардың тым болмағанда біреуін бұзу арқылы берілген төртіптік жазалар жарамсыз деп танылады.

Қызметкерге одан жазбаша түрде түсініктеме алмай, мерзімін бұзу арқылы (ашылған күннен бастап бір ай ішінде және тәртіп бұзушылық жасалған күннен бастап алты ай ішінде) немесе қызметкерге оның қолын қойдырмай жарияланған тәртіптік жазалаулардың заңдық күші жоқ. Қызметкер өзінің еңбек міндеттерін дәлелсіз себептермен екінші рет бұзған жағдайда, егер ол бұрын да тәртіптік жаза алған болса, онымен жеке еңбек шартын бұзу туралы мәселені шешерде есепке алынбайды.

Мұндай тәртіптік жазалауларды алып тастау жөнінде жеке еңбек дауларын қарау үшін белгіленген жалпы тәртіп бойынша шағымдануға болады (еңбек дауларын қарайтын келісім комиссиясына, сотқа). Бағыныштылық тәртібімен берілген жазалауларды алу үшін мемлекеттік қызмет жоғары тұрған органға (лауазым иесіне) не сотқа шағымдана алады.

Тәртіптік жазалаулардың олар қолданылған күннен бастап алты ай ішінде күші бар. Егер қызметкерлерге осы мерзім ішінде жаңадан тәртіптік жаза қолданылмаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі. 6 ай мерзім өткеннен кейін бұл туралы бұйрықтың шығарылғаны не шығарылмағанына қарамастан тәртіптік жаза өзінен-өзі күшін жояды.

Қызметкерлер жұмыста болған кезінде кәсіпорынға немесе мекемеге зиян келтіретін болса, материалдық жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда қызметкер жалақысынан төлеу арқылы келтірілген зиянның орнын толықтай өтейді. Сондықтан да қызметкерді жұмыска алғанда кәсіпорынның не мекеменің мүліктеріне ұқыпты болу талап етіледі. Кәсіпорынның немесе мекеменің мүлкін ұрлағаны үшін қызметкер қылмыстық жауапқа тартылады.

Сонымен, қызметкер өзіне жүктелген еңбек міндеттерін ойдағыдай орындайды. Жұмыс беруші материалдық және моральдық көтермелеу шараларын, егер қажет болған жағдайда тәртіптік ықпал ету шараларын пайдалана алады.

Жұмыс берушіге өндірістік жарақаттың алдын алатын техника қауіпсіздігінің осы заманғы құралдарын өндіріске енгізу, қызметкерлердің кәсіби және өзге де науқастарға шалдығуына жол бермейтін санитарлық-гигиеналық шараларды қамтамасыз ету міндеттері жүктеледі. Жұмыс беруші, сонымен бірге қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы, өртке қарсы сақтану жөніндегі барлық талаптарды сақтауын бақылап отырады.

11-тапсырма. Кестені толтырыңыз (мәтіннің мазмұнына сәйкес).

Нені білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?
     
     
     
     
     

АПТА

Сабақтың тақырыбы: Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары.

Лексикалық тақырып: 1. Қарулы күштер.

2. Құқық қорғау органдары.

Грамматикалық тақырып: Тыйым мәнді сөйлем.

 

1-тапсырма. Сұраққа байланысты ойыңызды ортаға салыңыз.

Мемлекеттің қауіпсіздігі дегенді қалай түсінесіз?

Ұлттық қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады?

2-тапсырма. Мәтінді оқып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін сөздікпен анықтаңыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ

Мемлекет дамуының алғы шарты – оның Ұлттық Қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Демек, тәуелсіздік пен бостандық алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғау қажет. Елдің қауіпсіздігін қорғау шараларын ҚР-дың Қарулы Күштері, Ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер органдары мен сыртқы барлау органдары, әскери және салық полициялары, ҚР-дың Президентін қорғау қызметі, салық және кеден қызметі, төтенше жағдайлар салдарын жою қызметі атқарады. Осы органдардың құрылымы мен қызметін реттей отырып, құқықтық базаны жетілдіріп, оын нығайту аса маңызды. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді.

Қандай да бір мемлекеттің Ұлттық Қауіпсіздігі оның ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қатерлерден қорғалуымен сипатталады. Ұлттық мүдде деген мемлекеттің тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы, оның шекарасына қол сұғылмауы және Конституцияның мызғымастығы. Ол 3 деңгейге бөлінеді: бірінші, мемлекеттік мүдде (мемлекет басқарудың тиімді жүйесі, аумақтық тұтастық, саяси тұрақтылық, елдің қорғаныс қабідеті және халықаралық ынтымақтастық мәселесі). Екінші, қоғам мүддесі (салтты сақтау, дәстүрді дәріптеу, рухани мәдениет, қоғамдық келісім, заң мен тәртіпті сақтау). Үшінші, жеке адам мүддесі (нақты бір адамның әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және т.б. мәселелері).

1998 жылы 26 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы» Заңға сәйкес ҚР-дың Ұлттық мүдделері деп мыналар танылады:

- адамның, азаматтың құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ету;

- елде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау;

- халықтың игілігі үшін экономиканы дамыту;

- отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу және ҚР халқының бірлігін нығайту;

- ҚР материалдық және рухани байлығын сақтап, молайта беру;

- президенттік ел басқару формасының мызғымастығы;

- мемлекеттік институттардың қызметін нығайтып, тиімділігін арттыру;

- Қарулы Күштердің, ҚР-дағы әскерлер мен әскери құрылымдардың жарақталуын және олардың ұрыс қабілетін қамтамасыз ету;

- заңды мүлтіксіз орындау және тәртіп сақтау;

- халықаралық ынтымақтастықты нығайтып отыру. «Жас Алаш» газетінен

3-тапсырма. Сөз тіркестерін аударып, оларды көп нүктенің орнына қойып жазыңыз.

Керек сөздер: қол сұғылмауы, аумақтық тұтастығы, нақты және ықтимал қатерден, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

1. Мемлекет дамуының алғы шарты –.... 2. Қандай да бір мемлекеттің... қорғалуы – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. 3. Мемлекеттің тәуелсіздігі,... оның шекарасына... және конститутциясының мызғымастығы оның ұлттық мүддесі болып табылады.

4-тапсырма. Елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдардың қазақша атауын есте сақтаңыз. Олармен сөйлем құрастырыңыз.

ҚР-дың Қарулы Күштері

Ұлттық қауіпсіздік органдары

Ішкі істер және сыртқы барлау органдары

Әскери және салық полициялары

ҚР-дың Президентін қорғау қызметі

Салық және кеден қызметі

Төтенше жағдайлар салдарын жою қызметі

5-тапсырма. Мәтінді пайдаланып кестені толтырыңыз.

Ұлттық мүдденің 3 деңгейі:

Мемлекеттік мүдде Қоғамдық мүдде Жеке адам мүддесі

1................................................................................................................

2.................................................................................................................

3................................................................................................................

4................................................................................................................

5...............................................................................................................

6-тапсырма. Үлгі бойынша 2 бағанадағы сөз тіркестерін өзара байланыстырыңыз.

Үлгі: Заң – Заң-ды нығайту

1. Адамның, азаматтың құқығы мен еркіндігі -... қамтамасыз ету

2. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық -... экономиканы дамыту

3. Халықтың игілігі -... мүлтіксіз орындау

4. Отансүйгіштік сезім -... нығайтып отыру

5. Халықтар бірлігі -... тәрбиелеу

6. ҚР материалдық және рухани байлығы -... тиімділігін арттыру

7. Тәртіп -... сақтап молайта беру

8. Әскери халықаралық ынтымақтастық -... сақтау

9. Қарулы Күштердің жарақталуы -... нығайту

10. Құрылымдардың ұрыс қабілеттілігі -...

7-тапсырма. Жоспар құрып, мәтін мазмұнын айтып беріңіз.

8-тапсырма. Конституция баптарына қазақша түсініктеме беріңіз.

Статья 79, 4. Должность судьи несовместима с депутатским мандатом, с занятием иной оплачиваемой должности, кроме преподавательской, научной или иной творческой деятельности, осуществлением предпринимательской деятельности, вхождением в состав руководящего органа или наблюдательного совета коммерческой организации.

Статья 80. Финансирование судов, обеспечение судей жильем производится за счет средств республиканского бюджета и должно обеспечивать возможность полного и независимого осуществления правосудия.

9-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді баяндап беріңіз.

Жергілікті жерлердегі басқару ісін жергілікті өкілді және атқару органдары жүзеге асырады. Жергілікті өкілді орган мәслихат деп аталады. Олар облыс, астана, аудан және қала аумақтарында құрылады. Мәслихат депутаттарын азаматтар жалпыға бірдей тең, төте сайлау құқығымен жасырын дауыс беру негізінде төрт жыл мерзімге сайлайды. Мәслихат жылына кемінде төрт рет сессияға жиналады. Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) әкімнен, оның орынбасарларынан, әкімнің аппаратынан, басқармалары мен бөлімдерінен тұрады.

10-тапсырма. Берілген үлгіні пайдаланып, сөйлем құраңыз.

билігі

үкімі өкілеттігі

Сот шешімі Судьяның қызметі

жүйесі міндеті

төрелігі құқығы

11-тапсырма. Мәтінмен мұқият оқып танысыңыз.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ

ҚР Конституциясы мемлекетімізді құқықтық, демократиялық, зайырлы мемлекет екендігін белгілейді, оның басты құндылықтары болып адам, оның құқықтары мен бостандықтары екендігін анықтайды. ҚР Конституциясында адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына арнайы бөлім берілген. Қазақстан өзінің тәуелсіздігінін бірінші күндерінен бастап 1948 жылғы адам құқықтары Жалпы Декларациясынын нормаларында көзделген талаптарға ие болды. Және де республикамыз халықаралық конвенцияларды қабылдады, соладын ішінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт; Экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт (1966ж.).

Құқықтық мемлекеттін манызды элементі болып адам мен азаматтын құқықтары мен бостандықтары, оларды қорғау механизмі болып табылатындығы бәрімізге белгілі. Сондықтан, тұлғанын құқықтары мен бостандықтарын қабылдау, орындау, қорғау мемлекеттін конституциялық міндеті болып табылады. Билік тармақтарының органдары, және осы үш тармақтан тыс органдар мемлекетте заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын, құқықты бұзушылықтардан қорғауға көмектесу керек, яғни барлық мемлекеттік органдар белгілі бір дәрежеде құқыққорғау қызметке қатысады. Осыған орай, құқықты бұзушылықтардан күнделікті қорғау үшін, құқықбұзушылықтарды анықтау, кесу, болдырмау үшін, құқықбұзушыларға әртүрлі санкцияларды қолдау үшін мемлекет арнайы органдарды құрайды, олардын басты функциясы құқыққорғау қызмет болады.

Құқық қорғау қызмет мемлекеттік қызметтін бір түрі бола отырып, өзінін басты функциясы ретінде құқықтың өзін қорғау, демократиялық қоғамда заңдылық режимін қамтамасыз ету болып табылады.
Заңдылық – мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, азаматтармен барлық құқықтық ұйғарымдарды, заңдарда көзделген заңдылық нормаларды тұра орындау болып табылады.

Заңдылық режим әсерінін нәтижесі болып құқықтық тәртіп саналады, ол заңдылықтын талаптарын орындау дәрежесін білдіреді.

Құқықтық тәртіп – заңдылықтын идеяларымен қағидаларын жүзеге асыру барысында туындайтын, құқықтын өзінде негізделген қоғамдық тәртіп. Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін құрал ретінде құқыққорғау қызмет заңдарды орындау бойынша бақылау және қадағалау, бұзылған құқықты қайта қалпына келтіру, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі қызмет болып табылады.

Құқық қорғау қызметі дегеніміз – қоғам мен азаматтын құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекетте заңдылық пен құқыққтық тәртіпті қаматамасыз етуге бағытталған арнайы өкілетті органдардың қызметі.

Құқық қорғау қызметтің белгілері:

1. Осы қызметті заңмен белгіленген құқық қорғау органы? Оның қызметкерлері атқарады.

2. Құқық қорғау қызмет заңмен белгіленген ережелер мен процедураларды сақтай отырып жүзеге асырылады, оларды бұзған лауазымды тұлғалар үшін заңдылық жауаптылық көзделеді

3. Құқық қорғау органдар өз қызметін атқару барысында заңдылық әсер ету шараларын қолдану арқылы билікті өкілеттіліктерін жүзеге асырады

4. Құқық қорғау органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының өз құзыреті шегінде шығарылған заңды және негізделген шешімдері мен іс әрекеттері орындауға міндетті болады, және оны орындамаған үшін заңдылық жауаптылық көзделеді.

Құқық қорғау органдарының қызметіндегі негізгі бағыттар:

1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау

2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

3. Құқық бұзушылықты болдырмау жөніндегі профилактикалық қызмет

4. Құқық бұзу фактілерін анықтау, және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында, заңмен белгіленген тәртіпте оларды тергеу

5. Құқық бұзушылықты жасаған тұлғаларға мемлекеттік мәжбүр ету шараларын қолдану

6. Қабылданған шешімдерді орындауды қамтамасыз ету

7. Сапалы заңдылық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.

Құқық қорғау органдарынының негізгі бағыттары дегеніміз – ол олардын нақты нәтижеге жетүге бақытталған қызметі, яғни, Конституция мен заңдарды бұзуын анықтау және болдырмау, қылмыстарды тергеу және оларды жасаған тұлғаларды жауапкершілікке тарту, азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді әділді қарастыру және шешу, жазаны орындау мен өтеу тәртібі мен шарттарын реттеу, сотталған тұлғаларға әлеуметтік адаптациядағы көмек көрсету.

Құқық қорғау органдарының функциялары деп олардын негізгі бағыттарын да айтуға болады. Құқық қорғау органдардын функциялары олардын ұйымдастырылуын, құрылымын және құзыретін анықтайды. Кейбір органдар бір ғана, кейбіреулері – бірнеше функцияны жүзеге асырады.

Құқық қорғау органдарына келесі органдар жатады:

1. Сот органдары

2. прокуратура

3. ішкі істер органдары

4. ұлттық қауіпсіздік органдары

5. әділет органдары

6. қаржы полиция органдары

7. кеден бақылау органдары

8. Конституциялық Кенес

9. Нотариат органдары

10. адвокатура

11-тапсырма. Мәтінді сөздіктің көмегімен аударыңыз.

12-тапсырма. Мәтін мазмұнын ашатындай сұрақтар құрастырыңыз.

13-тапсырма. Төменде берілген мәтінді өз біліміңізбен толықтырыңыз.

Сот билігі – бірлікті мемлекеттік биліктін дербес, тәуелсіз тармағы, Қазақстан Республикасынын атынан жүзеге асырылады. Онын міндеті – азаматтар мен ұйымдардын құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, Конституциянын, заңдардын, басқа нормативтік-құқықтық актілердін, Республиканын халықаралық шарттарынын орындалуын қамтамасыз ету. Сот билігі мемлекеттін арнайы органдарына – ҚР сот жүйесіне кіретін соттарға ғана берілген. Соттар құқықорғау және құқыққолдану қызметтін субъектілері болып табылады. Соттар, заңмен берілген құзыреті шегінде, құқықтық даулар мен істерді қарастырады және шешеді. Басқа да жүктелген міндеттерді процессуалдық нысандарды сақтай отырып орындайды.

Сот билігі – мемлекет пен ұйымдардын құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында құқықтық даулар мен істерді шешу және оларға жүктелген басқа да міндеттерді орындау бойынша заңмен берілген өкілеттікпен Конституцияда көзделген тәртіппен құрылатын, ерекше іс жүргізу нысандарында жұмыс істейтін және мемлекеттің барлық аумағында міндетті сипаттағы шешімдерді шығару құқығы бар, оны мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз ететін арнайы мемлекеттік орган ретінде мемлекеттің атынан іске асыратын, Конституцияда белгіленген біртұтас мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармағы ретінде айқындалады.

14-тапсырма. Мақұлдаңыз немесе теріске шығарыңыз («Шын», «Жалған»).

Сот билігінің негізгі белгілері:

1. Бұл билік конституциялық бекітілген біртұтас мемлекеттік биліктің тармағы болып табылады. Осыған байланысты оны мемлекеттік қызметтің түрі деп толық айқындауға болмайды, не көптеген мемлекеттік органдар билік тармағының (мысалы, Конституциялық Кеңес, прокуратура) табиғатына келе бермейтін кызметтерді орындайды. «Шын» - «Жалған»

2. Сот билігінің тек арнайы мемлекеттік органдарға – Конституцияда белгіленген тәртіппен құрылған соттарға тиесілі. Сот билігін, кәсіптік негізінде қызмет ететін судьялардан басқа, 2007 жылдын 1 қаңтарынан бастап заңмен белгіленген тәртіпте, қылмыстық сот процеске жиналатын алқа билер де жүзеге асырады. «Шын» - «Жалған»


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.)