|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Объект ТГП 9 страница1) заң үстемдігі–барлық нормативтік және жеке құқықтық актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді; 2) заңдылықтың тұтастығы–нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді; 3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі– құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсатқа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді; 4) заңдылықтың шынайылығы–құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді және оларды кез-келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.
2. Заңдылықтың кепілденуі–бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын, азаматтардың құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлар. Заңдылықтың кепілденуінің келесі түрлерін бөліп қарастырады: 1) әлеуметтік-экономикалық–бұл қоғамның экономикалық дамуының дәрежесі, оның жағдайының деңгейі, меншік нысандарының алуан түрлілігі, экономикалық бостандық және т.б.; 2) саяси–бұл конституциялық құрылымның қоғамның саяси жүйесінің демократиялылығының дәрежесі, саяси плюрализм, көппартиялық, биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.; 3) ұйымдастырушылық–бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын бақылайтын арнайы органдардың (прокуратура, сот, полиция және т.б.) қызметі; 4) қоғамдық–бұл заңнаманы бұзумен күресу мақсатында қолданылатын алдын алу және басқа да шараларының мемлекетте қалыптасқан кешені; 5) идеологиялық–бұл құқықтық сананың дамуының, азаматтар арасында заң білімдерінің таралуының, заң талаптарын орындаудың дәрежесі, қоғамдағы адамгершілік тәрбиелеудің деңгейі; 6) арнайы-заңды–бұл құқықтық талаптарды бұзудың алдын алу, болдырмау және қудалау мақсатында қолданыстағы заңнамада бекітілген тәсілдер мен құралдар.
3. Құқықтық тәртіптің түсінігі. Құқықтық тәртіп–бұл субъектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі. Құқықтық тәртіптің ерекшеліктері: а) ол құқық нормаларында жоспарланған; ә) осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды; б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі; в) қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды; г) заңдылықтың нәтижесі болып табылады.
4. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы мыналардан көрінеді. 1) құқықтық тәртіп құқықтық тәртіптің мақсаты болып табылады; құқықтық тәртіпке жету үшін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер қабылданады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға байланысты шаралар қолданылады; 2) құқықтық реттеуді жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдермен құқықтық тәртіпке жету мүмкін емес; 3) заңдылықты нығайту құқықтық тәртіпті нығайтуға алып келеді; 4) құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты болады.
31 тақырып. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Құқықтық жүйе–бұл құқықтың құқықтық идеологиямен және сот тәжірибесімен біртұтастықта қарастырылуы. Осы үш элемент: заңдар мен басқа да мемлекетпен танылған қайнар көздерден көрініс тапқан жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретіндегі құқық, құқықтық сананың белсенді жағы–құқықтық идеология және сот тәжірибесі құқықтық жүйені құрайды. «Құқықтық жүйең түсінігінің белгілі бір мемлекеттегі құқыққа сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл жағдайда ұлттық құқықтық жүйе жөнінде сөз болып отыр. Құқықтық жүйенің құқықпен қатар қай элементінің–не сот тәжірибесінің, не құқықтық идеологияның–ерекше рөлге ие болуына сол мемлекеттегі барлық құқықтық құбылыстар тәуелді болып келеді. Осы белгі бойынша құқықтық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінің ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) бөліп қарастырады: 1. Континенталдық Еуропаның нормативтік-заңнамалық жүйелер отбасы–бұл романдық-германдық құқық. Бұл құқықтық жүйелерде бірінші орынға заң қойылған (Италия, Франция, Германия, Португалия және т.б.). 2. Нормативтік-соттық, ағылшын-саксондық құқықтық жүйелер жанұясы–бұл Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Канаданың, Австралияның және т.б. елдердің прецеденттік құқығы. Бұл құқықтық жүйелерде басты орынды сот тәжірибесі, заңды прецедент иеленген. 3. Діни-дәстүрлі, идеологиялық құқықтық жүйелер жанұясы–бұл мұсылман құқығы (Иран, Ирак, Пәкістан, Судан және т.б.) және кеңестік құқық. Бұл құқықтық жүйелерде ерекше рөлді дін мен партиялық идеология иеленеді.

Объект ТГП
Теория Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.) |