|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Кесте 3.2
3.2 кестесіне сәйкес U т ном графасына сай берілген рельс тізбегінің ұзындығына байланысты оқшаулаудың нормативті кедергісіне сәйкес келетін қоректендіруші трансформаторда кернеу орнатылады. Мұнда жолдық реледегі кернеу Up графасында көрсетілген шамаға сәйкес келуі керек. Егер эксплуатациялау процессінде рельс жолының оқшаулау кедергісі нормадан төмендемегенде, онда көрсетілген тәсілмен реттелген рельс тізбегі қайталап реттеуді қажет етпес еді. Осымен көп рельс тізбектерінің реттелуін аяқтайды, себебі көп жағдайларда оқшаулау кедергісі нормаға сәйкес келеді. Рельс тізбегін реттеу процессінде шектеуші резисторлардың кедергілерін рұқсат етілген шамалардан төмендетуге болмайды, сонымен бірге оқшаулағыш трансформаторлар мен дроссель-трансформаторлардың трансформациялау коэффициенттерін өзгертуге болмайды, олардың оптимальді мәні тізбек жұмысының барлық негізгі режимдерін қамтамасыз етумен ескерілген. Бақылау сұрақтары: 1. Реттеу кестелері не үшін жасалады? 2. Тұрақты тоқтағы РТ реле кернеуіне балласт жағдайы қалай әсер етеді? 3. Реледегі кернеуді қалай реттеуге болады, егер ол рұқсат етілген шамадан төмен болса?
3.3 Электрлік тартымдағы рельс тізбектері 3.3.1 Электрлік тартымдағы рельс тізбектеріне қойылатын талаптар Электрлік тартымды учаскілердегі тармақталмаған рельс тізбектері. Электр тартымды учаскілердегі теміржол рельс жолдары тартым тоғын қайтымды өткізетін құрылғы болып табылады. Сондықтан РТ жұмысын қамтамасыз ету үшін рельстер оқшаулағыш түйіспелермен бөлінсе де, осындай учаскідегі РТ тартым тоғының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету керек. Осы мақсат үшін екіжіпті және біржіпті РТ қолданылады. Екіжіпті РТ кең таралған және аралықтар мен бекеттерде қолданылады. Мұндай рельс тізбектерінде тартым тоғы жолдың екі рельс қылдары арқылы, оқшаулағыш түйіспелердің екі жағынан орнатылатын дроссель – трансформаторлардың көмегімен үздіксіз өткізіледі. РТ сенімді және қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін электр тартымды учаскілерде сигналдық тоқтың түрі мен жиілігі тартым тоғының түрі мен жиілігінен ерекше болуы керек. Сондықтан тұрақты тоқтағы электр тартымды учаскілердегі РТ 50 Гц өндірістік жиіліктегі айнымалы тоқпен қоректендіріледі, ал 50 Гц айнымалы тоқтағы электр тартымды учаскілерде - жиілігі 25 Гц айнымалы тоқпен. Тартым тоқтары 1/0.5/.! (сурет 3.13) ДТ екі жарты орамдары арқылы ағады, мұнымен РТ жұмысына тартым тоғының әсер етуі жоққа шығарылады. Іс жүзінде екі рельс қылдарында тартым тоқтары тең емес, себебі рельс қылдарының кедергілері бірдей емес. Сондықтан дроссель-трансформатор өзегі магниттелуге, ал РТ аппаратурасы тартым тоғы гармоникаларының әсеріне ұшырайды. Тартым тоғы гармоникаларының әсерін болдырмау үшін ИМВШ немесе ИВГ релелерін электрленген учаскілерде кодалық қоректендірумен қылып жасайды, ал әсер етуден реленің өзін қорғау үшін сигналдық тоқ жиілігіне бапталған және тартым тоғы гармоникаларын ұстайтын фильтрлер орнатылады.
Сурет 3.10 50 Гц кодалық рельс тізбегінің сұлбасы
Тұрақты тоқтағы электр тартымды аралықтарда жиілігі 50 Гц айнымалы тоқтағы кодалық РТ орнатылады. Ол өтпе бағдаршамдары көрсеткіштерінің арасындағы сымсыз байланыс пен локомотивке АЛС кодаларын жіберуді қамтамасыз етіп, блок-учаскілердің жағдайын бақылауға арналған (сурет 3.13). Мұндай РТ негізгі элементтеріне келесілер жатады: ПОБС-ЗА типті жолдық трансформатор ПТ; РОБС типті шектеуші Z 0; ДТ-0,6 типті дроссель – трансформаторлар (қоректендіруші соңда) және ДТ-0,2 (релелік соңда); трансмиттерлік реле Т, КПТ трансмиттері (суретте көрсетілмеген); жолдық трансформатордан тұтынылатын қуатты төмендетуге және тоқтың реактивті құрамдасын компенсациялауға қызмет ететін С конденсаторлары; И жолдық релесін тартым тоғы гармоникаларынан қорғау үшін және оқшаулағыш түйіспелердің қысқа тұйықталуы кезінде керрнеулерді шектеуге ЗБФ-1 типті фильтр; рельстік жолдан кодалық сигналдарды қабылдайтын ИМВШ-110 немесе ИВГ типті импульсті жолдық реле. Рельс тізбегін 50 Гц айнымалы тоқпен қоректендіру ПТ жолдық трансформаторынан жүзеге асырылады. ПТ екіншілік орамынан КЖ, Ж немесе З кодының режимінде жұмыс жасайтын Т трансмиттерлік реле контакті арқылы сигналдық тоқ рельстік жолға ДТ-0,6 дроссель-трансформаторы арқылы беріледі. Релелік соңда кодалық сигналдар рельстік жолдан ДТ-0,2 дроссель-трансформаторы арқылы және жиілігі 50 Гц сигналдық тоқ өткізетін ЗБФ-1 фильтрі арқылы өткізіледі. Тартым тоғының гармоникалары іркіледі, РТ бос жағдайында кодалық режимде рельстік жолдан кодалық импульстарға тактіде жұмыс жасайтын И импульстік жолдық релесімен қабылданады. РТ пойыз түскен кезде пойыздың дөңгелеуінің кіші кедергісімен И жолдық реле орамының шунтталуы орындалады, реле орамындағы кернеу реле якорін тартпау кернеуіне дейін төмендетеді де, импульстік жұмысын доғарады. Осы арқылы РТ бос емес жағдайы тіркеледі. 50 Гц кодалық РТ сенімді жұмысы оның ұзындығы 2600 м болғанда және балласт кернеуі 1Ом – км жоғары болғанда қамтамасыз етіледі. 25 Гц айнымалы тоқтағы кодалық РТ 50 Гц айнымалы тоқтағы электр тартымды аралықтарда қолданылады (сурет 3.14). РТ 25 Гц айнымалы тоқпен қоректендіру қуаты 100 Вт ПЧ-50/25 статикалық түрлендіргіштер іске асырылады. Түрлендіргіштің шығысынан жиілігі 25 Гц сигналдық тоқ кодалық режимде жұмыс жасайтын Т трансмиттерлік реле контакті, Ro шектеуіші, ПРТ-А типті жолдық трансформатор және ДТ1-150 дроссель-трансформатор арқылы рельстік жолға түседі. Релелік соңда ДТ1-150 дроссель-трансформаторы және жиілігі 25 Гц сигналдық тоқ өткізетін ФП-25 фильтр арқылы кодалық импульстар өтеді, ал айнымалы тоқ гармоникалары іркіледі, блок-учаскінің бос жағдайында импульстік режимде жұмыс жасайтын И импульстік жолдық релесімен қабылданады. 25 Гц кодалық РТ 2500 м шектік ұзындыққа ие. Электр тартымды бекеттерде 50 Гц және 25 Гц үздіксіз қоректендіруі бар айнымалы тоқтағы РТ және ДСШ типті реле қолданылады. Тұрақты тоқтағы электртартымда екіэлементті секторлы реле ДСШ тартым тоғынан қорғаудың қосымша шараларын қажет етпейді, себебі бұл реленің жолдық орамына тұрақты тоқтың түсуі оның жіберілуіне әкеледі. Мұндай бекеттерде ДСШ релемен жиілігі 50 және 25 Гц фазасезімтал екіжіпті РТ негізгі түрі болып табылады. ДСШ релемен жиілігі 25 Гц фазасезімтал екіжіпті РТ рельс тізбектерінің негізгі түрі болып табылады (сурет 3.15). Мұндай РТ қоректендіруші және релелік соңдарында ДТ дроссель – трансформаторлары және ПТ мен ИТ сәйкестендіруші трансформаторлары орнатылады. ДСШ жолдық релесінің жолдық және жергілікті орамдарын қоректендіру бөлінген және фазалаушы құрылғылардың көмегімен жеке түрлендіргіштер арқылы іске асырылады. Релелік соңда 50 Гц тартым тоғының әсерінен қорғау үшін, П релесінің жолдық элементіне параллель ЗБ қорғау фильтрі қосылған. Кедергінің бар болуы кезінде ДСШ реле секторының дірілдеуі мүмкін, бұл реле жұмысының шарттарын төмендетеді. Сондықтан 50 Гц тартым тоғының жиілігіне бапталған ЗБ фильтрі орнатылған. Ол арқылы тоқ тұйықталады. Бұл оның реле орамына түсуін болдырмайды. Тұрақты тоқтағы электр тартымда фильтр орнатылмайды. 25 Гц жиіліктегі фазасезімтал айнымалы тоқтағы РТ сұлбасы қоректендіруші және релелік соңдардан кодалаудың салынуын жққа шығармайды. Мұндай РТ сенімді жұмысы қамтамасыз етілетін шектік ұзындығы 1200 м құрайды.
Сурет 3.11 25 Гц фазасезімтал рельс тізбегінің сұлбасы
Электр тартымдағы бекеттерде жиілігі 50 және 25 Гц айнымалы тоқтағы біржіпті рельс тізбектері қолданылуы мүмкін. Оларда қайтымды тартым тоғын өткізу үшін бір рельстік қылы қолданылады. Шектес рельс тізбегіне тартым рельс қылдарын байланыстарын рельстік қосқыш арқылы тартым тоқ өткізіледі. Мұндай РТ аппаратурасы алдыңғысымен бірдей, бірақ дроссель-трансформаторлар орнатылмайды. Мұндай рельс тізбектерінің жұмыс сенімділігі күшті тартым тоғының әсерінен жоғары емес, сондықтан олардың ұзындығы 500 м аспайды және олар жауапты емес жолдарда және орташа мен ірі бекеттердің бұрмалық учаскілерінде қолданылады. Тоналдықрельс тізбектері. Қызметтегі РТ жұмысының сенімділігі көп дәрежеде оқшаулағыш түйіспелер мен балласттың жағдайынан тәуелді болады. Оқшаулағыш түйіспелердің қалыпты жұмысының бұзылуынан РТ жұмысының көптеген істен шығулары орындалады. Бұдан басқа, темір жолдардың белгілі бір учаскілерінде балласт кедергісінің 0,2...0,3 Ом – км шамасына дейін төмендеуінен, жоғарыда қарастырылған РТ қалыпты жұмысы бұзылады (балласт минимальді кедергісінің нормасы 1 Ом-км). Қазіргі уақытта тональдық рельс тізбектері жасалып, енгізілуде. Мұндай РТ пойыздар тартымының кез келген түрінде оқшаулағыш түйіспелерсіз балласттың төмен кедергісінде жұмыс жасайды. Тональдық рельс тізбектерінің (ТРТ) аппаратурасы манипуляциялау (модульдеу) жиілігі 8 және 12 Гц, тасушы жиіліктері 420...780 Гц диапазонында болатын амплитудалы-модульденген сигналдарды қалыптастыру мен қабылдауды қамтамасыз етеді. ТРТ құрылғысының ерекшелігі болып екі рельс тізбегіне бір қоректендіру көзінің орнатылуы, аралыққа тиісті бекеттерде жіберуші және қабылдаушы аппаратураның орналасуы болып табылады. Сурет 3.12 Тональдық рельс тізбектерінің сұлбасы
Тұрақты тоқтағы электр тартымда аралықтың бір жолында орналасқан тасушы және модульденген жиіліктері 480/8 және 580/12 (әр қайсысы екі қабылдағыштармен) шектес РТ сұлбаларын қарастырайық (сурет 3.16). Әр РТ сұлбасы жіберуші және қабылдаушы аппаратураға, АЛС жіберуші құрылғыларының сәйкестендіруші элементеріне ие. ТРТ жіберуші аппаратурасы ГП генераторынан және ФПМ жолдық фильтрінен тұрады. Генератор тональдық жиіліктегі амплитудалы-модульденген сигналдардың талап етілетін деңгейде қалыптастырылуын қамтамасыз етеді. Жолдық фильтр келесідей қызметтерді атқарады: генератор шығыс тізбектерін АЛС тоқтарынан, тартым тоғынан, атмосфералық аса кернеуленуден қорғау; РТ жұмысының шарттары бойынша қоректендіруші соңның қайтымды кіріс кедергісін қалыптастыру; генератор шығыс тізбегін гальваникалық бөлу және талап етілетін кернеулерді алу. Жолдық фильтр шығысымен тізбектей АЛС жіберуші құрылғыларының сәйкестендіруші элементі болып табылатын С конденсатор қосылған. Генератордан амплитудалы-модульденген сигнал кабельдік жолға, кейін ПТ жолдық трансформаторының біріншілік орамына түседі. ПТ екіншілік орамынан ол 9П және 8П рельстік жолға, кейін 9П релелік соңының ПТ жолдық трансформаторына түседі. Содан кейін сигнал кабельдік жолға, сосын ПП 9/8 жолдық қабылдағышына түседі. ПП 9/8 жолдық қабылдағышы амплитудалы-модульденген сигналды қабылдайды және РТ бос жағдайында 9П жолдық релесін қоздырады. РЦ 10П тональдық рельс тізбегінің жұмысы дәл осылай жүзеге асырылады. Бақылау сұрақтары: 1. Электрлік тартымдағы рельс тізбектерінің түрлері. 2. Тональдық РТ жұмысының ерекшелігі, оларды енгізу қажеттілігі? 3. Тартым тоғынан қорғау үшін айнымалы тоқтағы РТ қандай қорғау қарастырылған?
50 Гц айнымалы тоқтағы дроссель-трансформаторларсыз кодалық рельс тізбектері (сурет 3.10) электр тартымсыз учаскілердегі аралықтарда кейінгі электрлендіруді ескеріп қолданылады немесе электр тартымға көшу қарастырылмаған бірақ негізгі және резервті жолдан 50 Гц айнымалы тоқта электрмен жабдықтаудың сенімді көзі бар кезде қолданылады.
Сурет 3.10 50 Гц айнымалы тоқтағы дроссель-трансформаторларсыз кодалық рельс тізбектері
Қоректендіруші ретінде ПОБС-2А трансформаторы қолданылады, ал Ск =4 мкФ конденсаторы және Rк =47 Ом резисторы Т трансмиттерлік реленің контактілерінде ұшқын сөндіру үшін қолданылады, РОБС-4А типтегі Zo реактор шектеуші болып табылады. ИМВШ-110 импульстік релесін жоғары кедергіні (200 Ом) рельс тізбегінің төмен кіріс кедергісімен үйлестіретін СТ-4 типтегі РТ трансформаторы арқылы қосады. Аппаратураны найзағайлық разрядтарда пайда болуы мүмкін тоқ кернеуінің күшеюінен қорғау үшін, тізбектің екі соңында сызықтық емес вольт-амперлік сипаттамаға ие ВК-10 керамикалық түзейткіштері орнатылады. Рельс тізбектерін жолдық трансформаторда кернеулерді өзгертумен реттейді. Пойызбен кіріс (релелік) соңы шунтталу кезінде оқшаулаудың минималды кедергісінде АЛС тогы 1,2 А кем болмауы керек. Қалыпты режимде жолдық реледе мұндай реттеу Rд резисторында өшетін тоқ кернеуінің күшеюіне әкеледі. Кодалық рельс тізбегін учаскінің бостығы мен бос еместігін бақылау үшін, шектес бағдаршамдар көрсеткіштері мен АЛС жұмысының арасындағы байланысты бақылау үшін пайдаланады. Жолдық бағдаршамдар көрсеткіштері мен АЛС әрекетін басқару КЖ, Ж және 3 кодалық сигналдарының көмегімен орындалады (сурет 9.6).
Сурет 3.11 Кодалық рельс тізбегі жұмысының принципиалды сұлбасы
Рельс тізбегінің қоректендіруші соңынан Т релесінің контактімен бағдаршам 1 көрсеткішіне байланысты КЖ, Ж немесе 3 кодалық сигнал жіберіледі. Бағдаршамның жасыл отында Ж және 3 сигналдық релелері қозады, Т релесі КПТШ трансмиттерінің 3 контактіне қосылады. Ал сары отта – Ж контактіне және КЖ контактіне. Бос рельс тізбегінде кодалық сигналдарды шығысында Ж және З сигналдық релелері қосылған ДЯ дешифраторлық ұяшыққа әсер етуші И импульстік релесі қабылдайды. КЖ кодалық сигналын қабылдау кезінде Ж релесі қозады, ал Ж және З сигналдарын қабылдау кезінде Ж және З сигналдық релелері қозады. Ж және З релелерінің контактілері шектес рельс тізбектеріне жіберілетін жолдық бағдаршам сигналдарын басқарады. Блок-учаскі бос емес болған жағдайда и релесінің импульстік жұмысы тоқтатылып, З және Ж релелері тоқсыз қалады. З бағдаршамында қызыл оттың шамы қосылады. Кодалық сигналдар АЛС қабылдау құрылғыларымен қабылданады (локомотив бірінші дөңгелек жұбының үстінде ілінген қабылдау катушкаларымен). Блок-учаскі пойыздан босағаннан кейін 1 бағдаршамынан КЖ кодалық сигнал жіберіледі, И релесі мен ДЯ дешифратор жұмыс жасап бастайды, Ж сигналдық релесі қозады да, 3 бағдаршамында сары от шамы қосылады. Осылайша, бір кодалық сигналдарды автоблоктау жұмысы үшін (рельс тізбегінің бос кезінде) және АЛС әрекеті үшін (пойыз түскен кезде) қолданылады. Сұлбада қолданылатын ИМВШ-110 түзейткішті бір элементті импульсті реле қабылданатын сигналдың фазасына жауап бермейді. Сондықтан релені шектес тізбек тоғынан қорғау оқшаулағыш түйіспелердің тұйықталуы кезінде мүмкін емес. Яғни И релесі оқшаулағыш түйіспелердің тұйықталуы кезінде шектес тізбек тоғынан жұмыс істейтін болады. Ж және 3 сигналдық релелерінің шектес тізбек тоғынан жалған қозуын болдырмау үшін И релесінің жұмысында дешифраторда сұлбалық қорғауды қолданады. Оның әрекет ету принципі шектес тізбек қоректену көзінен И релесінің жұмысында Ж және З релелерінің қозу тізбегін өшіруге негізделген, мұнда И және 3Т синхронды жұмыс жасай бастайды. Рельс тізбегінің қалыпты жұмысы үшін (бұл И және 3Т релелерінің асинхронды жұмысында қамтамасыз етіледі ) шектес РТ сигналдарын асинхронды жіберуді қамтамасыз ететін шектес тізбектерде кодалық циклдарының ұзақтығы әр түрлі трансмиттерлер (КПТШ-5 және КПТШ-7) қолданылады. Барлық режимдер қамтамасыз етілетін рельс тізбегінің шектік ұзындығы 2600 м құрайды. Шектік ұзындықтағы рельс тізбегімен тұтынатын қуат қалыпты режимде — 150 ВА, қысқа тұйықталу режимінде (қоректендіруші сақинаны шунттау кезінде) 200 В·А дейін өседі.
50 Гц айнымалы тоқтағы кодалық рельс тізбектері дроссель-трансформаторлармен және ИРВ-110 және ИМВШ-110 релелерімен 3.2 кестесі бойынша реттеледі Кесте 3.2
25 Гц айнымалы тоқтағы кодалық рельс тізбектері 3.3 кестесі бойынша реттеледі
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.) |