|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Кіріспе
Автоматика және телемеханика деп өндірістік процесстерді басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін техника саласы аталады. Теміржол автоматика және телемеханикасы еңбек өнімділігі мен өткізу қабілетін жоғарылатуға, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, теміржолшылар еңбегінің шарттары мен мәдениетін жоғарылатуға, жолаушыларға қызмет ету тәсілдерін жетілдіруге көмектеседі. Бұл құрылғылар эксплуатациялық, техникалық және экономикалық эффективтіліктің жоғары көрсеткіштерін иемденіп, теміржол көлігі техникалық құрылғыларының толық комплексін тиімдірек қолдануға мүмкіндік береді. Теміржол көлігінде өндірістік процесстерді, ең алдымен пойыздар қозғалысын басқару процесстерін автоматтандыру және телемеханикаландару кең қолданылады. Теміржол автоматикасының механикалық түрдегі бірінші жүйелері XIX ғасырдың ортасында пайда болды. XX ғасырда олардың орнына электрлік релелі-контактілік жүйелер келді. Қазіргі уақытта көлікте контактісіз техниканы енгізу процессі жүріп жатыр. Теміржол автоматика және телемеханикасы құрылғыларының ішінде бекеттерде объектілерді басқару жүйелері маңызды рөл атқарады. Телемеханика жүйелерін пайдалану қашықтатылған объектілердің көп санын бір орталық пункттен байланыс каналдарының аз санын (көбінесе біреуін) қолданып басқару мен бақылауға мүмкіндік береді. Автоматика және телемеханика жүйелерінің арасындағы айырмашылықтар шартты. Іс жүзінде көп жағдайларда автоматика және телемеханика жүйелерін нақты дара айтуға болмайды. Көбінесе автоматика және телемеханика бірнеше жүйелерінен тұратын құрылғылар жиынтығы қолданылады. Теміржол автоматика және телемеханикасы жүйелерінің жұмысы пойыздар қозғалысының жоғары жылдамдықтары мен үлкен интенсивтілігімен және жиі ауыр климаттық шарттармен анықталатын күрделі эксплуатациялық шарттарда өтеді. Бұл жүйелер жұмысының спецификалық шарттарына олардың пойыздар қозғалысын қамтамасыз етіп, байланыс каналдары ретінде рельс тізбектерін қолдануы және электрлік тартым тоқтарынан кедергілердің үлкен деңгейінің әсер етуі және т.б жатады. Осылайша, жүйелер жұмысының сенімділігінен тасымалдау ырғағы мен негізі рельс тізбектері болып табылатын пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі тәуелді болады. Рельс тізбектері қозғалмалы құрамның орналасуы туралы ақпараттың датчиктері қызметін атқарады және жолдық құрылғылар мен жолдық және пойыздық құрылғылар арасындағы ақпарат жіберуге арналған телемеханикалық каналдар ретінде де қолданылады. Осы оқу-методикалық құралда автоматтық басқару теориясымен қатар, теміржол автоматика құрылғыларын электр қамтамасыз етуді жетілдірудің бірқатар мәселелері шешілетін электр қоректендіру құрылғыларына көңіл бөлінген. Электр қоректендіру аппаратурасы теміржол автоматика ілгері жүйелерінің талаптарына жауап береді, көліктің өткізу қабілетін жоғарылатуда және пойыздар қозғалысын қамтамасыз етудегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
1 БӨЛІМ. ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІНДЕГІ СОБ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІ 1.1 Теміржол автоматика жүйелерінің элементтері
Теміржол көлігінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өткізу қабілетін жоғарылату мақсатында сигналдандыру орталықтандыру және блоктау(СОБ) құрылғыларының қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін автоматика және телемеханиканың келесідей негізгі жүйелері қолданылады. Автоматты блоктау (автоблоктау) – көрсеткіштері пойыздар қозғалысының әсерінен өзгеретін жолдық бағдаршамдардың көмегімен аралықтарда пойыздар қозғалысын интервалды реттеу жүйесі. Автоблоктауда бекетаралық аралықтарды әр қайсысы өтпе бағдаршамдармен қоршалған блок учаскілерге бөледі.Блок учаскі пойыздың болу болмауы туралы ақпарат беретін датчик ретінде пайдаланылатын рельс тізбектерімен жабдықталады.Бағдаршамдар сигналдық көрсеткіштері арқылы алдыда жатқан блок учаскілердің жағдайы туралы ақпарат береді.Осы ақпараттарды қабылдап, қозғалыстағы пойыздардың машинистері бағдаршамдар көрсеткіштеріне сәйкес пойыздар жылдамдығын реттейді. Автоматты локомотивтік сигналдандыру (АЛС) - пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін жоғарлатуға және локомотивтік бригадалар жұмысының шарттарын жақсартуға арналған құрылғылар.АЛС құрылғылары пойыз жақындап келе жатқан жолдық бағдаршам көрсеткіштеріне сәйкес келетін сигналдарды жолдан автоматты жіберу мен локомотивте қабылдауды қамтамасыз етеді. Шешілетін эксплуатациялық мәселелердің жетілдірілуі мен деңгейіне байланысты АЛС қырағылықты жылдамдықты бақылау және жылдамдықты автореттеу жүйелерінің бар болуына байланысты түрленеді. Қырағылықты бақылау кезінде пойыз автоматты түрде тоқтайды,егер сигнал тыйым салушы сигналға ауысуы туралы ескертуден кейін (мысалы дыбыстық сигнал) немесе бақылау уақытының аяқталуы кезінде машинист қырағылық тетігін баспаса. Қырағылықты бақылау бірнеше рет қайталануы немесе периодты болуы мүмкін. Жылдамдықты бақылауы бар АЛС жүйесі техникалық сипаттары бойынша автоматты реттеудің ажыратылған жүйелеріне жатады. Жылдамдықты АЛС сигналы анықтайтын мәнге дейін машинист төмендетеді.Егер машинист жылдамдықты берілген бағдарламамен төмендетпесе, автоматты тежеу орын алады. Автоматты реттеудің тұйықталған жүйесіне жататын, жылдамдықты автореттеуі бар АЛС жүйесі ең жетілдірілген болып табылады. Реттеу объектіне пойыз жылдамдығы жатады. Қозғалыстың берілген жылдамдығы АЛС сигналымен (берілген орган) анықталады, ал қозғалыстың нақты жылдамдығы локомотив дөңгелегімен байланысқан жылдамдық өлшеуішпен (датчикпен) бақыланады. Қозғалыстың берілген және нақты жылдамдықтары туралы ақпарат салыстыру органында салыстырылады. Егер нақты жылдамдық берілгеннен жоғары болса, пойыз тежегіштерімен байланысқан орындаушы органға әсер пайда болады; тежеу басталып жылдамдық берілген мәнге дейін төмендетіледі, кейін тежеу тоқтатылады. Нақты жылдамдық жылдамдық өлшеуішпен (датчикпен) тіркеледі. Осылайша жылдамдықты автоматты реттеу жүйесі жылдамдықтың берілген мәнге дейін автоматты төмендеуін қамтамасыз етеді. Жартылай автоматты блокировка – қарқынсыз қозғалысты жолдардағы пойыздар қозғалысын реттеу жүйесі. Мұнда бекеттің рұқсат етуші шығыс сигналы пойыздың аралыққа кіруіне рұқсат береді. Бекет немесе блокпост бойынша кезекші сигналды ашады, ал жабылуы автоматты түрде қозғалыстағы пойыздың әсерінен орындалады.Пойыздың толық құраммен келуін және аралықтың босауын бекет бойынша кезекші растайды. Автоматты диспетчерлік бақылау учаскіде пойыздардың орналасуы туралы, аралық бекеттердегі жолдардың бостығы, сигналдардың жағдайлары мен басқа да ақпарат тұралы телесигналдандыру жүйесі болып табылады. Автоматтық переездік сигналдандыру мен автоматтық шлагбаумдар – переезге пойыздардың жақындауы кезінде шлагбаумдардың автоматты жабылуын және автокөлік үшін бағдаршамдар сигналдандырылуының автоматты қосылуын қамтамасыз ететін қоршау құрылғылары. Бұл құрылғылар теміржолдардың автокөлік жолдарымен бір деңгейде өтуі кезінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Пойыз переезді босатқаннан кейін переездік сигналдандыру қосылып, шлагбаум ашылады. Бұрмалар мен сигналдарды электрлік орталықтандыру – бір пункттен (ЭО постынан) тұтас бекеттің (немесе оның жеке бөлігінің) сигналдары мен бұрмаларын басқаруға мүмкіншілік беретін автоматика және телемеханика бекеттік құрылғыларының жиынтығы. Электрлік орталықтандырудың барлық түрлерінде бұрмаларды ауыстыру үшін электр жетектері қолданылып, қабылдау – жөнелту жолдары мен бұрмалық учаскілерді рельс тізбектерімен жабдықталады. Сигналдар ретінде бағдаршамдар қолданылады. Электрлік орталықтандыру түріне байланысты бұрмаларды басқару бөлек немесе маршрутты болуы мүмкін. Бөлек басқару кезінде маршрутқа кіретін әр бұрманы пернені басу немесе бұрмалық қол тетікті бұру арқылы маршрут орнатып, кейін сигналдық пернені басу арқылы сигнал ашылады. Маршруттық басқару кезінде басқару пультінде екі немесе бірнеше пернелерді басу арқылы бұрмаларды бұрып, сигналды ашады. Диспетчерлік орталықтандыру – құрамына бекеттердегі электрлік орталықтандыру құрылғылары, аралықтардағы автоблоктау мен орталық пункттен басқару бұйрықтарын жіберу үшін және басқару пунктіне бақыланатын объектілерден хабарламаларды жіберу үшін телебасқару (ТБ) және телесигналдандыру (ТС) кодалық жүйелері кіретін құрылғылар жиынтығы. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғылары ауқымы 300 км дейін диспетчерлік учаскі көлемінде бұрмалар мен сигналдарды бір пункттен басқаруға мүмкіндік береді. Сұрыптау дөңестерін автоматтандыру – сұрыптау горкаларының өндіру қабілеттілігін жоғарлатуға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылғылар жиынтығы. Келесілерден тұрады: ағытулар маршруттары бойынша бұрмаларды автоматты бұруға арналған горкалық автоматты орталықтандыру (ГАО); отцептер аралығындағы қажет интервалдарды қолдауға арналған интервалды және арнайы тежеуді қамтамасыз ететін отцептердің түсу жылдамдығын автоматты реттеу жүйелері (ЖАР); горканың өндіру қабілетін жоғарылату мақсатында айнымалы жылдамдықпен жіберуді қамтамасыз ететін жіберу жылдамдығын автоматты орнату жүйесі (ЖЖАО); машинист қатысуысыз горкаға құрамды әкелу жылдамдығын автоматты реттеуге арналған горкалық локомотивті телебасқару жүйесі (ГЛТ); сұрыптау горкасында отцептерді жіберудің ең тиімді тәртібін алуға мүмкіндік беретін бағдарламалық – орнатушы құрылғылардың жүйесі (ГБОҚ). Автоматика және телемеханиканың жоғарыда қарастырылған заманауи жүйелерінен басқа, теміржол көлігінде келесідей қарапайым және азырақ жетілдірілген жүйелер қолданылады: аз әрекетті учаскілерде (негізінен біржолды аралықтарда) пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі үшін электржезлдік жүйе; иілмелі тартым көмегімен бекеттерде бұрмалар мен сигналдарды орталықтандырылған басқару үшін бұрмалар мен сигналдарды механикалық орталықтандыру; бекет немесе пост бұрмалары мен сигналдары аралығындағы ең қарапайым түрдегі өзара тәуелділікті қамтамасыз ететін негізгі тәуелділік. Бұл жүйелер шектеулі пайдаланылып, жетілдірілген түрлерімен үнемі ауыстырлып тұрады. СОБ құрылғылары және теміржол көлігінің басқа да құрылғылары үшін негізгі қалыптар мен жұмыс тәртібі техникалық эксплуатациялау ережелерімен (ТЭЕ) орнатылады. Оларды нақты орындау қозғалыс қауіпсіздігі мен теміржолдардың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. ТЭЕ талаптарына сәйкес пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыстарды нақты ұйымдастыру үшін және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сигналдар қызмет етеді. Сигнал бұйрық болып табылады және бұлжытпай орындалуы керек. Теміржолда тек қана жол қатынастары министрімен бекітілген сигналдар қолданылады. Тұрақты сигналдар ретінде бағдаршамдар қолданылады. Бағдаршамда зақымдалу кезінде қызыл ол автоматты жануы керек, ал ескертуші бағдаршамда байланысқан негізгі бағдаршамның тиым салушы көрсеткішіне сәйкес от жануы керек. Автоматика және телемеханиканың кез - келген жүйесі жеке элементтерден тұрады. Жүйе қасиеттері оның құрылымынан яғни элементтердің өзара байланысу тәсілінен, сонымен бірге элементтерінің өзіндік қасиеттеріне де тәуелді. Жүйенің әр элементі алдыңғы элементтен қабылданған әсерлерді сандық немесе сапалық автоматты түрлендіруді және осы әсерді келесіге жіберуді орындайды. Кез келген автоматика және телемеханика жүйесінің сипаттамалары құрамына кіретін элементтердің қасиеттерімен және олардың өзара әсерімен анықталады. Теміржол автоматика және телемеханика элементтеріне датчиктер, электрлік фильтрлер, реле, трансмиттерлер, түзейткіштер,күшейткіштер, қозғалтқыштар, таратқыштар, трансформаторлар,түрлендіргіштер және т.б жатады. Датчик бақыланатын немесе реттелетін кіріс шаманы жүйенің келесі элементіне әсер етуге ыңғайлы басқа физикалық шамаға түрлендіруге арналған. Электрлік фильтр бір жиіліктердің электрлік сигналдарын өткізіп, келесі жиіліктердің электрлік тербелістерін ұстайды. Реле деп бір электрлік тізбекте (орамда) тоқтың өзгеруі кезінде басқа электрлік тізбектің жұмысын басқаратын контактілері тұйықталатын немесе ажыратылатын элетромеханикалық құрылғыны айтады.Реледе кіріс мәнінің баяу өзгеруі кезінде шығыс мәні күрт өзгереді. Трансмиттер автоматика және телемеханика жүйелерінде қолданылатын кодалық комбинацияларды шығаруға арналған. Түзейткіш кейбір кіріс электрлік мәндерінің өзгеруінде шығыс электрлік мәннің өзгеріссіз қалуын қадағалайды. Күшейткіш сигналдарды күшейтуге, яғни кіріс мәнді сандық түрлендіруге арналған. Күшейткіштің кіріс және шығыс мәндері бірдей өлшемге ие. Қозғалтқыш деп қандай да бір энергияны механикалық қозғалысқа түрлендіруге қызмет ететін элементті айтады. Таратқыш деп бір кірісті және шығыстар саны берілген көппозиционды элементті айтады. Трансформаторларды кернеуді жоғарлату немесе төмендетуге қолданылады. Түрлендіргіштер көп жағдайларда тоқтың бір түрін басқа түріне түрлендіруге арналған. Теміржол автоматика және телемеханика жүйелерінде жоғарыда қарастырылған қарапайым элементтердің бірнеше түрінен құралатын күрделі элементтер де қолданылады. Күрделі элементтерге мысалы, трансмиттер, фильтр, күшейткіш, реле және т.б элементтерден тұратын рельстік тізбек жатады.
Сурет 1.1 Автоматика элементінің сұлбасы
Кіріс және шығыс мәндер электрлік (тоқ, кернеу, өткізгіштік) және электрлік емес болуы мүмкін (қысым, орын ауыстыру, температура, жылдамдық және т.б). Автоматика және телемеханика жүйелерінде әдетте электрлік элементтерді яғни екі мәні де немесе екеуінің біреуі (кіріс немесе шығыс) электрлік болып табылатын элементтерді қолданады. Бұл элементтер кең қолданысқа ие болды, себебі электр энергиясын алу, өлшеу және кез келген ара-қашықтаққа жіберу әлдеқайда жеңіл. Энергияны сапалы түрлендіретін элементтерде кіріс мәні x және шығыс мәні y әр түрлі мәнге ие (мысалы, кіріс мәні – жылдамдық, шығыс мәні – кернеу). Энергияның сандық түрлендірілуін орындайтын элементтер кірісі мен шығысында бірдей физикалық мән мен өлшемге ие. Мұнда кейбір элементтерде у мәнінің энергиясы толығымен х кіріс мәнінің энергиясынан алынады (сурет 1.1,а); басқаларда у шығыс мәнінің энергиясы Z көмекші қорек көзінен түседі (сурет 1.1, б). Бұл жағдайда х мәні Z қорек көзінен у шығыс мәніне түсетін энергияны тек қана басқарады. Қорек көзінің бар болуы кезінде көп жағдайда х кіші кіріс мәні күшееді (улкен у шығыс мәнін алу). Автоматика және телемеханика элементтері қызмет ету принциптерімен, параметрлерімен, құрылымымен және т.б ерекшеленеді. Алайда олардың қасиеттерін барлық элементтер немесе жеке топтарға тән жалпы сипаттамалармен анықтауға болады. Элементтердің жалпы сипаттамасы болып беріліс коэффициенті табылады:
K=y/x. Беріліс коэффициентінің өлшемі кіріс және шығыс мәндерінің өлшемдерімен анықталады. Негізінен, х кіріс мәнінің энергиясын у шығысмәніне сандық түрлендіру кезінде к коэффициенті өлшемсіз мәнді білдіреді. Электрлік күшейткіштер үшін кернеу, тоқ және қуат бойынша беріліс коэффициентері болады.
Бақылау сұрақтары: 1. Автоматика және телемеханика жүйелері 2. Теміржол автоматика және телемеханиканың негізгі элементтері
1.2 Датчиктер
1.2.1 Тағайындалуы, түрлері және колдану орындары
Датчик бақыланатын немесе реттелетін кіріс шаманы жүйенің келесі элементіне әсер етуге ыңғайлы басқа физикалық шамаға түрлендіруге арналған. Датчик әсерлерді сапалы түрлендіреді. Автоматика және телемеханика жүйелерінде датчиктердің кең және жан – жақты колданылуы олардың алуан түрлілігін түсіндіреді. Әрекет ету принципі бойынша датчиктер электромеханикалық, термоэлектрлік, оптикалық, радиоизотопты және т.б болып бөлінеді. Кіріс мәннің өзгеруін электрлік параметрдің өзгеруіне түрлендіретін (кедергі,индуктивтілік, сиымдылық) датчиктерді параметрлік деп атайды. Олар қорек көзін қажет ететін пассивтік элементтерге жатады. Пассивтік датчиктерге фоторезисторлар, көмірлік микрофондар жатады. Кіріс мәнді шығысында электрлік энергияға түрлендіруші датчиктер генераторлық датчиктер деп аталады. Бұл датчиктер қосымша қорек көзін қажет етпейді. Генераторлық датчиктерге шығысындағы кернеу айналу жиілігіне пропорционалды болатын тахогенераторлар, әр түрлі өткізгіштердің байланысу нүктелеріндегі температуралар айырымына ЭҚК пропорционалды болатын термопаралар, шығысындағы ЭҚК қысымға пропорционалды болатын пъезодатчиктер және т.б жатады. Теміржолда қозғалмалы құрамның жүріп өтуін бақылау үшін датчиктерді жартылай автоматты блоктау және автоматтық переездік сигналдандыру жүйелерінде, осьтерді санау жүйелерінде, сұрыптау дөңестерінде, қозғалмалы құрам жылдамдығын өлшеу құрылғыларында, букстардың қызуын анықтау мен дөңгелектерде ползундардың болуын анықтау жүйелерінде, жолдың анықталған нүктелерін өтуді бақылау үшін автомашинст жүйесінде және т.б жүйелерде қолданылады. Электромеханикалық датчиктер көп жағдайда механикалық шамаларды (орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, қысым, вибрация) электрлік шамаларға (ЭҚК, кедергі, индуктивтілік, сиымдылық) түрлендіру үшін қызмет етеді. Кейде электромеханикалық датчиктерді кері түрлендіру үшін, яғни электрлік шамаларды механикалық шамаларға түрлендіру үшін қолданады. Теміржол автоматика және телемеханика жүйелерінде рельстік педальдар аталатын қозғалмалы құрам өту датчиктері кең қолданысқа ие. Түйіспесіз магниттік педаль ПБМ – 56 қызмет ету принципі бойынша түйіспесіз индуктивті датчик болып табылады және магниттік тізбегі ажыратылған тұрақты магнитпен сердечникке және сердечникке оралған орамға ие (сурет 1.2). Педальді рельс головкасының деңгейінен колеяның ішкі жағынан 15 мм төмен бекітеді. Қозғалмалы құрамның жақындауы кезінде педальде магниттік тізбектің ауа саңылауы кішірейеді (шунтталады), нәтижесінде сердечниктегі магниттік ағын өзгереді (өседі). Сонымен бірге орамда ЭҚК, амплитудасы және ұзақтығы дөңгелек пен датчик арақашықтығына, датчиктің үстінен қозғалмалы құрамның өту жылдамдығына тәуелді ЭҚК импульсі индуцияланады.
Сурет 1.2 ПБМ – 56 түйіспесіз магниттік педалінің сұлбасы
Вагон дөңгелегі педальдан ажырағанда тағы да магниттік ағын өзгереді (азаяды) және орамда полярлығы басқа ЭҚК импульсі пайда болады. ПБМ – 56 датчигінің шығысында пайда болатын ЭҚК импульстері сезімтал тез әрекет етуші поляризацияланған РП релесінің жұмысын басқара алады. Алайда релеге тек 1 -30 км/сағ жылдамдықтарда пайда болатын импульстар әсер етеді. Себебі 1 км/сағ төмен жылдамдықтарда импульс амплитудасы реле қосылуы үшін жеткіліксіз, ал 30 км/сағ асатын жылдамдықтарда импульс ұзақтығы реле қосылу уақытынан аз. 200 км/сағ дейін қозғалыс жылдамдықтарында қозғалмалы құрам өтуін сенімді тіркеуді қамтамасыз ету үшін ПБМ – 56 датчигінің шығысында күшейткіш жартылай өткізгіш приставканы қосады. Оған НМШ типті реле қосылады (сұлбада көрсетілмеген). ПБМ – 56 педалі негізінен ПОНАБ қыздырылған букстарды анықтау жүйелері мен дөңестік автоматика құрылғыларында қолданылады. Трансформаторлы – компенсациялық педаль ТКП автоматика жүйелері мен сұрыптау дөңестерінде жұмыс жасау үшін арналған. Оның негізгі элементі болып S типтес өзегі бар дифференциалды өлшеуіш трансформатор табылады. Оған 220 В, 50 Гц айнымалы тоқ көзімен байланысқан 3 қоректендіруші орам, 2 сигналдық орам және сигналдыққа қарсы қосылған компенсациялық орам 4 бекітілген. ТКП педалін Педальдің қызмет ету аймағында дөңгелек болмаған жағдайда қоректенлддіруші орам 3 тудыратын айнымалы магниттік ағын сигналдық және компенсациялық орамдарда бірдей ЭҚК индуциялайды. Педаль шығысында ЭҚК болмайды, себебі бұл орамдар қарсы қосылған. Дөңгелек педальдің қасында өткенде сигналдық орамдағы магниттік ағын мен ЭҚК өседі, әуе тесігінің кішіреуі салдарынан, ал компенсациялық орамда магниттік ағын мен ЭҚК біршама азаяды, педальдің шығысында кернеу пайда болып, қабылдаушы құрылғы іске қосылады.
Педаль ТКП устанавливают внутри колеи так, чтобы стержень тор магнитопровода с сигнальной обмоткой 2 был обращен к рельсу Сурет 1.3 ТКП трансформаторлы – компенсациялық педальдің сұлбасы
Көп жағдайда қабылдағыш ретінде В түзейткіші мен С түзейтуші конденсаторы бар Р релесі қолданылады. ТКП педалі электронды – релелі қабылдағышпен бірге жұмыс жасай алады. ТКП педалі мен қабылдағыш арасындағы қабельдердің максимальді рұқсат етілген ұзындығы 10 км. Дифференциалды жүйені қолдану салдарынан датчикті сыртқы электромагниттік өрістердің әсерінен сенімді қорғау қамтамасыз етіледі. Магнитті – электронды датчик (МЭД) 0-200 км/сағ жылдамдықтар диапазонында жұмыс істей алады. Бұл датчик осьтерді санау жүйелері мен басқа да теміржол автоматика және телемеханика құрылғыларында қозғалмалы құрамдардың бағытталуын, жылдамдығын және үдеуін анықтаушы құрылғыларда қолданылуы мүмкін. Датчикті рельстің ішкі жағында орнатады. Датчиктің қызмет ету принципі дөңгелектің өтуі кезінде автогенератор тербелістерінің үзілуіне негізделген. Қозғалыстың бағытын, жылдамдығын, үдеуін анықтау үшін және осьтерді санау жүйелерінде екі автогенератор қолданылады. Салмақ өлшеуіштің жолдық датчигі (сурет 1.4) сұрыптау дөңестерінде ағытуларды түсіру кезінде вагон осінің салмақтық категориясын (жеңіл, жеңіл-орташа, орташа және ауыр) анықтау үшін АРС жүйесінде қолданылады. Рельстік үстемеде 2 бекітілген қоспалы болаттан жасалған пружиналы көпірде 1 вагон дөңгелегі қозғалған кезде, тестолиттік шылбыр 8 және контактілермен 3 байланысқан рычагты жіберуі орнатылған 4 осьті 6 сағат тілімен бұратын саусақ 5 түсіріледі. Қозғалмалы құрамның салмағына байланысты датчик контактілері тұйықталады. Контактілер саңылаулары m1<m2<m3<m4 етіп орнатылған. Сондықтан пружиналы көпірде жеңіл қозғалмалы құрам жүріп өтуі кезінде, тіреу және контактілік пружиналар арасында ең кіші саңылауға ие I контакті ғана тұйықталады. Жеңіл-орташа қозғалмалы бірлік жүріп өтуі кезінде I және II контактілері, орташада - I, II және III және ауыр қозғалмалы бірлікте - I, II, III и IV контактілері тұйықталады.
Сурет 1.4 Салмақ өлшеуіштің кинематикалық сұлбасы
Осы контактілер арқылы импульстар генераторынан орташа салмақтық категорияны есептеу ұяшығына электрлік импульстар түседі. 7 пружинасы қозғалмалы бірлік жүріп өткеннен кейін контактілік жүйені бастапқы жағдайға қайтаруға арналған. Бұрыштық жылдамдықтың электрлік датчиктері ретіндері өндірісте және көлікте тахогенераторлар кең қолданылады. Тұрақты тоқ тахогенераторларында ЭҚК айналу жиілігіне w пропорционал:
E=kw Айнымалы тоқ тахогенераторларында айналу жылдамдығының өзгеруі кезінде шығыс кернеудің амплитудасы Е және жилігі f өзгереді: E=k1w; f=k2w, мұнда k1 және k2— датчик құрылымын анықтайтын коэффициенттер. ВНИИЖТ и КБ ЦШ МПС шығарылған жылдамдықты автореттеуі бар АЛС жүйелерінде метрополитен жолдары мен жоғары жылдамдықты жолдар ушін ЖД жылдамдық датчигін қолданады. Пойыз қозғалысының жылдамдығы бұрыштық жылдамдыққа пропорционалды болғандықтан (дөңгелек айналу жиілігіне), D дөңгелек диаметрін біле отырып, сызықтық жылдамдықты анықтауға болады (пойыз қозғалысының жылдамдығын):
v=pDw Осылайша, датчик шығысындағы жиілік пен кернеу пойыз қозғалысының жылдамдығына пропорционалды E=k3v; f=k4v, мұнда k3 және k4 — ЖД датчигінің құрылымымен, дөңгелек диаметрімен және датчик роторының тістер санымен анықталатын коэффициенттер. АРС жүйесінде сұрыптау дөңестерінде қолданылатын жылдамдықтардың радиолокациондық өлшеуішінде жылдамдық датчигінің әрекеті Допплер эффектін қолдануға негізделген. Бұл эффект қозғалмалы объекттен электромагниттік толқын түріндегі сигнал жиілігін объект қозғалысының жылдамдығына пропорционал өзгертуіне негізделген. Осылайша, механикалық шама - орын ауыстыру электрлік сигнал жиілігінің өзгеруіне түрленеді. Сұрыптау дөңесінде ағыту жылдамдығын анықтау үшін жоғары жиілікті тербелістер жіберушісін орнатады (толқын ұзындығы бірнеше сантиметр немесе миллиметр). Арнайы антенна көмегімен осы электромагниттік тербелістерді қозғалыстағы ағыту соңынан өткір түйін ретінде бығыттайды. Шағылысқан сәуле қабылдаушы антеннамен қабылданады. Ағыту қозғалысының жылдамдығына пропорционал Df мәніне жіберілетін мәннен шағылысқан сигналдың жиілігі ерекшеленеді. Қабылданатын және жіберілетін сигналдардың Df жиіліктерінің айырымы бойынша ағыту қозғалысының жылдамдығын анықтайды. Бақылау сұрақтары:
1. Датчиктер қандай қызмет атқарады? 2. Әрекет ету принципі бойынша датчиктер қалай бөлінеді? 3. Түйіспесіз магниттік педальдің әрекет ету принципі 4. ПБМ-56 және ТКП салыстырмалы сипаттаманы жүргізу 1.3 Бағдаршамдар
1.3.1 Тағайындалуы, түрлері, орнату орындары, нөмірленуі
Бағдаршам теміржол көлігінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен маневрлік жұмыстарды нақты ұйымдастыру үшін қызмет ететін негізгі сигналдардың бірі болып табылады. Сигнал бұйрық берілетін шартты белгі болып табылады. Сигналдардың талаптары міндетті түрде орындалуы керек. Теміржол көлігінің қызметкерлері барлық мүмкін құрылғыларымен сигналдар талаптарын орындауға міндетті. Теміржол көлігінде жолдар қатынасы министрімен бекітілген сигналдар ғана қолданылады. Сигналдық приборлар МПС бекітілген түріне сәйкес келіп, түсі де орнатылған стандарттар мен үлгілерге қатаң сәйкес келуі керек. Сигналдар көрсеткіштері жеңіл қабылданып, күндіз де түнде де, кез келген климаттық жағдайда тез әрі нақты анықталуы керек. Бағдаршам тәулік бойы қызмет ететін сигналдарға жатады.Светофор относится к круглосуточным сигналам. Тәулік бойы қызмет ететін сигналдар тәуліктің жарық та қараңғы да уақытында беріледі. Орнату сипаты бойынша бағдаршамдар тұрақты сигналдар болып табылады. Тұрақты сигналдар теміржолдың белгілі бір нүктесінде немесе локомотив кабинасында орнатылуымен сипатталады. Бағдаршам жарық сигналдарының көмегімен пойыздар қозғалысын реттеуге және белгілі бір түсті сигнал оттарының көмегімен арақашықтыққа бұйрықтар жіберуге қызмет етеді. Пойыздық бағдаршамдарды сигналдандыруға қабылданған негізгі түстер - қызыл, сары және жасыл. Жасыл түс орнатылған жылдамдықпен қозғалысқа рұқсат береді; сары түс қозғалысқа рұқсат береді және жылдамдық төмендетуді талап етеді; қызыл түс тоқтауды талап етеді. Бекетте маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру үшін келесідей сигналдық түстерді қолданады: ақ түс маневрлік қозғалысқа рұқсат береді, көк түс маневрларға тиым салады. Бағдаршам сигналдық оттары түстерінің шартты белгіленуі мен жану режимдері 1.5 суретте көрсетілген.немесе Бағдаршамдар тағайындалуы бойынша кіріс, шығыс, маршруттық, өтпе, жабын ескертуші, қоршау, қайталауыш, маневрлік, локомотивтік және дөңестік болып бөлінеді. Тыйым салушы көрсеткіштің мәні бойынша бағдаршамдар келесідей болып бөлінеді: • абсолюттік, тыйым салушы көрсеткіште оларды жүріп өтуге болмайды (кіріс, шығыс, маршруттық, дөңестік, жабын, автоматтық блоктау кезіндегі өтпе бағдаршамдар); • орнатушы-рұқсат етуші, тыйым салушы көрсеткіште және түсініксіз немесе өшулі сигналдық отта жүріп өтуге рұқсат етіледі, тек қана бағдаршам алдында пойыз міндетті тоқтауды орындаса. Кейінгі қозғалыс аса қырағылықпен және кедергі пайда болған жағдайда тоқтауға дайын (АБ ескертуші және өтпе бағдарщшамдар), 20 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүргізіледі;
Сурет 1.5 Пойыздық және маневрлық бағдаршамдар мен олардың бекеттегі орналасуы
• шартты-рұқсат етуші, олардың рұқсат етуші көрсеткіші пойыздардың бір категориясының тоқтауын талап етсе, келесі категория пойыздарына жүруге рұқсат береді (ұзаққа созылған өрлерде орнатылған автоблоктау өтпе бағдаршамдары және маневрлік бағдаршамдар. Барлық бағдаршамдар әріптік және сандық немесе тек қана әріптік түріндегі белгілеуге ие. Кіріс бағдаршамдарды қозғалыс бағытына байланысты Ч немесе Н (тақ немесе жұп) белгілеп; шығыс бағдаршамдарды қозғалыс бағытына байланысты Ч немесе Н белгілеп, жөнелту жолының санын тіркейді (НЗ, Н5, ЧП, Ч3 және т.б.). Маневрлік бағдаршамдарды М әріпімен және бекет алқымында пойыздарды қабылдау бағытына байланысты реттік тақ немесе жұп нөмірмен белгілейді (М2, М4 және т.б — жұп; Ml, МЗ, М5 және т.б — тақ). Маршруттық бағдаршамдар қозғалыс бағытына байланысты НМ немесе ЧМ болып белгіленеді. Автоблоктаудың өтпе бағдаршамдары қозғалыс бағытына байланысты тақ (2, 4, 6 және т.б.) немесе жұп (1, 3, 5, 7 және т.б.) сандармен нөмірленеді. Кіріс бағдаршамдар Н және Ч бекетті аралықтардан қоршайды және пойызға аралықтан бекетке кіруге рұқсат береді немесе тыйым салады. Кіріс бағдаршамдарында сигналдық оттардың келесідей түстерін қолданады: жасыл, сары, қызыл, ай түстес ақ (шақырушы) және жасыл жолақ. Қосымша кіріс бағдаршамдар НД, ЧД (сурет 1.5) екі жолды аралықтың бір жолы капиталды жөндеуде болғанда пойыздардың қозғалысы бір жолда екі бағыт бойынша жүргізілген кезде, пойызға аралықтан бекетке бұрыс жолмен жүруге рұқсат береді. Қосымша кіріс НД, ЧД бағдаршамдарында қызыл және екі сары сигналдық оттар қолданылады. Шығыс бағдаршамдар HI, НЗ, Н5, ЧП пойызға бекеттен аралыққа жөнелтілуге рұқсат береді немесе тыйым салады және әр жөнелтілу жолында орналасады. Олар сигналдық оттардың келесідей түстерін қолданады: жасыл, сары, қызыл. Маршруттық бағдаршамдар НМ (сурет 1.5) пойызға бекеттің бір ауданынан екіншісіне өтуге рұқсат беріп немесе тыйым салып, кіріс бағдаршамдарын да сигналдандырады Өтпе бағдаршамдар 7, 8 (сурет 1.6, а) пойызға бір блок учаскіден екіншісінежүріп өтуге рұқсат береді немесе тыйым салады. Өтпе бағдаршамдарының сигналдандырылуында сигналдық оттардың келесідей түстері қолданылады: жасыл, сары және қызыл. Ауыр салмақты пойыз тоқтағаннан кейін қозғала алмайтын, ұзаққа созылған өрлерде орналасқан автоблоктаудың өтпе бағдаршамдарында Т әріпі түріндегі мөлдір ақ түсті қосымша сигнал беруші шағылыстырушы щит орнатылады. Мұндай өтпе бағдаршамды тыйым салушы көрсеткіште тоқтаусыз өту тек қана белгілі бір жүк категориялы пойыздарға аса қырағылықпен және кейінгі қозғалыста кедергі кездессе тоқтауға дайындықпен, 20 км/сағ жылдамдықпен рұқсат етіледі.
Сурет 1.6 Бағдаршамдар түрлері мен орнату орындары
Жабын бағдаршамдар 12...15 пойыздар қозғалысына қауіпті жерлерді қоршауға аз әрекетті жолдар мен кіріс жолдарда қолданылады. Олар темір жолдарының бір деңгейде басқа темір жолдарымен, трамвай жолдарымен, троллейбус жолдарымен, ажыратылмалы көпірлер және өткізгішпен өтетін жерлермен қиылысатын орындарды қоршайды. Жабын бағдаршамдары қоршау орнынан 50 м қашықтықта орнатылады және қызыл және жасыл оттармен сигналдандырылады. Ескертуші бағдаршамдар ПН, ПЧ (сурет 1.5) кіріс, өтпе (автоблоктауда әр өтпе бағдаршамдар келесі бағдаршамға қатысты ескертуші болып табылады) және жабын бағдаршамдарының көрсеткіштері туралы алдын ала хабарлайды (тежеу жолынан кем болмайтын ара қашақтақта). Қоршау бағдаршамдары 31 и 32 (сурет 1.6., а) переездерде, ірі жасанды құрылғыларда, опырылып құлау мүмкін орындарда қозғалыс үшін қауіп пайда болған кезде және бекеттерде вагондарды қарау және жөндеу үшін құрамдарды қоршау үшін пойыздардың толық тоқтауын талап етеді. Оларды қоршалатын орыннан 50 м кем емес ара қашықтықта жолдың екі жағынан орнатады. Қалыпты қоршау бағдаршамы өшулі, ал пойыздар қозғалысы үшін қауіп пайда болған кезде қолдан қызыл от қосылады. Қайталауыш бағдаршамдар ПНI (рис. 1.6, б) жергілікті шарттар бойынша негізгі бағдаршамның қажет анықтылығы қамтамасыз етілмесе шығыс, маршруттық немесе дөңес бағдаршамдардың көрсеткіштері туралы сигналдандырады. Қайталаушы бағдаршамда жасыл оттың жануы кіріс немесе маршруттық бағдаршам ашық екендігін білдіреді. Қайталауыш бағдаршамдардың сигналдық оттары қалыпты жанбайды және осы жағдайда сигналдық мәні жоқ. Қайталауыш бағдаршам щитінің ромб типтес пішіні оның жылдамдықты мәні жоқ екендігін білдіреді және жолдық бағдаршамдардан кез келген ара-қашықтықта орнатылады, машинист оны ескертуші бағдаршам ретінде ескермейді Маневрлік бағдаршамдар М1, МЗ, М5, М7, М2, М4 (сурет 1.5) бекеттің маршрутталған маневрларға бұрмалық аймақтарында орнатылады. Бұл сигналдар маневрлік қозғалыстарға рұқсат береді немесе тыйым салады. Маневрлік бағдаршамдар көк немесе ақ отпен сигналдандырылады: көк от маневрлар жүргізуге тыйым салады; ақ от рұқсат береді. Маневрлік бағдаршамдаршартты-рұқсат етушілерге жатады, себебі олардың тыйым салушы оты (көк) маневрлік құрамға жүріп өтуге тыйым салады, бірақ магистральді және қала маңына қатынайтын пойыздар үшін тыйым салушы болмайды. Қабылдап – жөнелту жолдарының, тұйықтардың маневрлік бағдаршамдарында қозғалыс қауіпсіздігін жоғарлату үшін тыйым салушы от ретінде қызыл қолданылуы (М5, М7 сурет 1.5). Локомотивтік бағдаршам, машинист кабинасында орнатылады, пойыздың аралықпен бір блок-учаскіден екіншісіне жүріп өтуге рұқсат береді немесе тыйым салады және пойыз жақындап келе жатқан жолдық бағдаршам көрсеткіші туралы сигналдандырады. АБ және АЛС жабдықталған учаскілерде немесе АЛС жеке сигналдандыру құрылғысы ретінде қолданылатын учаскілерде локомотивтік бағдаршамдар келесі сигналдық оттарды: жасыл, сары, қызыл мен сары, қызыл және ақ. Дөңестік бағдаршамдар сұрыптау бекеттер мен дөңестерде дөңестен құрамды жіберуге рұқсат етуге немесе тыйым салуға қолданылады және жасыл, қызыл, сары сигналдық оттарға ие. Бағдаршамдарды пойыздар қозғаласының бағыты бойынша оң жақтан немесе жақын құрылыстардың көлемдерін ескеріп жолдың осімен орнатады. Оларды орнату орындары пойызға берілетін сигналдарды қосылған жолдарға қатысты сигналдармен шатыстырмайтындай таңдалуы керек. Бағдаршамдарды орнату орындарын анықтау кезінде сигналдардың айқындалу қашықтығы ескерілуі керек. Ол өлшемімен, қалпымен, атмосфера мөлдірлігімен және адамның берілген сигналды қабылдауымен анықталады. Ең жақсы айқындалатын түстер болып қызыл, сары, жасыл және көк табылды. Ай түстес ақ және көк түстерді тек қана маневрлік пен шақырушы сигналдарға қолданады Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі үшін жолдың тегіс учаскілеріндегі кіріс, өтпе, қоршау және жабын бағдаршамдарының қызыл, сары және жасыл оттары келе жатқан пойыздан 1000 м кем емес қашықтықтан локомотив кабинасынан күндіз де түнде анықталуы керек. Қисық учаскілерде осы бағдаршамдардың көрсеткіштері 400 м кем емес ара-қашықтықта анықталуы керек. Қатты қисық жерлерде (таулар, терең қазбалар) аталған сигналдардың көрінуі 400 м кем қашықтықта рұқсат етіледі, бірақ 200 м кем емес. Шығыс және маршруттық бағдаршамдардың сигналдық көрсеткіштері басты жолдардан 400 м кем емес ара-қашықтықтан көрінуі керек, ал бүйір жолдарының көрсеткіштері мен маневрлік бағдаршамдардың шақырушы сигналдары мен көрсеткіштері 200 м кем емес ара-қашықтықтан көрінуі керек Входные светофоры устанавливаются на расстоянии не менее 50 м от остряка противошерстного или предельного столбика пошерстного первого входного стрелочного перевода в створе с изолирующим стыком. Темір жолдардың электрленген учаскілерінде кіріс бағдаршамдарын бекет контактілік жүйесінен аралық контактілік жүйесін ажырататын әуе аралығынан 300 м қашықтықта орнатады Шығыс, маршруттық, қайталауыш бағдаршамдарды жөнелтілетін пойыз локомотивінің тұрағына арналған орнының алдына орнатады. Блок-учаскілердің шегі болып табылатын АБ бағдаршамдарының орнатылу орындарын тартымдық есептеулерге сәйкес анықтайды. Дөңес бағдаршамдары арнайы профильді дөңестерде орнатылады. Мұнда құрамдарды жіберу вагондар ауырлық күшінің әсерінен оларды итеру арқылы орныдалады. Бақылау сұрақтары:
1. Бағдаршамдардың қандай түрлерін білесіз, олардың тағайындалуы 2. Машинист қандай қашықтықта бағдаршамдар көрсеткіштерін көруі тиіс? 3. Бағдаршамдардың негізгі көрсеткіштері қанда есеппен таңдалаған?
1.3.2 Бекеттің сигналдандыру жүйесін құру принципі
Темір жол көлігіндегі бағдаршамдық сигналдандыру жылдамдықтық принцип бойынша құрылады, пойыз машинистіне әр сигналдық көрсеткішпен тек қана тыйым салу немесе рұқсат ету туралы ғана емес, жүріп өту жылдамдығының өлшемі туралы бұйрық береді. Мұнда әр рұқсат етуші көрсеткіш бір уақытта екі бұйрық береді: негізгі — берілген бағдаршамды жүріп өтудің рұқсат етілген жылдамдығы туралы және ескертуші — келесі бағдаршам жылдамдығы туралы. Қозғалыста қолданылатын жылдамдықтардың диапазоны деңгейлерге бөлінген: максимальді (орнатылған) жылдамдық Vорн, нөлдік (тоқтау) V0, пойыздар қозғалысының бұрма ауыстыруы бойынша бүйір жолға ауытқуына негізделген аралықтық: төмен V1 (40...50 км/сағ) 1/9, 1/11 марка крестовиналы бұрмалармен жүру кезінде; жоғары V2 (60...80 км/сағ) — при 1/18 марка крестовиналы бұрмалармен жүру кезінде. Сигналдандыру және оның ең сипатты жағдайлары үшін жылдамдықтық шамалар 1.7 және 1.8 суреттерінде көрсетілген. Қозғалыстың рұқсат етілген жылдамдықтары туралы бұйрықтардың қажет санын жіберу бағдаршам оттарының түсі, саны, жану режиміне (жанып сөнуші немесе жанып сөнбейтін) және қосымша жанушы жасыл жолақтардың санына байланысты. Мұнда бағдаршамның бір отының немесе екі бір уақытта жанған оттардың жоғарғысының түсі мен жану режимі келесі бағдаршам сигналының талабын көрсетеді. Мысалы, жасыл от келесі бағдаршам ашық, осы және келесі бағдаршамды орнатылған жылдамдықпен өту керек екендігін білдіреді; жасыл жанып сөнуші – бұл бағдаршамды орнатылған жылдамдықпен жүріп өтуге болады, келесі бағдаршам ашық және азайтылған жылдамдықпен өту талап етіледі (80 км/сағ аспайтын); сары жанып сөнуші — бұл бағдаршамды орнатылған жылдамдықпен жүріп өтуге болады, келесі бағдаршам ашық және азайтылған жылдамдықпен өту талап етіледі (50 км/сағ аспайтын); сары — тоқтауға дайындықпен жүріп өту рұқсат етіледі, келесі бағдаршам жабық. Кіріс бағдаршамына жақындау кезінде жылдамдықты төмендету талаптары екі бір уақытта жанып турған оттармен жіберіледі, оның ішінде төменгісі үнемі сары әрі жанып сөнбейтін. Кіріс бағдаршамын өту рұқсат етілетін аралықтық жылдамдық жасыл жанушы жолақтың бар немесе жоқтығымен нақтыланады; төмендетілген жылдамдық (50 км/сағ аспайтын— бағдаршамда екі от жанғанда жасыл жолақтың болмауы), жоғарылатылған (60—80 км/сағ аспайтын) — бағдаршамда екі от жанғанда жасыл жолақтың болуы. Тоқтау сигналы — бір қызыл — ескертусіз, тек қана қозғалысқа тыйым салады. 1.9 а суретте автоблоктаумен жабдықталған учаскіде орналасқан 1/9, 1/11 марка крестовиналы бұрма ауыстырулары бар бекет үшін кіріс және шығыс бағдаршамдарының сигналдандырылуы көрсетілген. Н кіріс бағдаршамында қызыл от жанған кезде немесе бір уақытта қызыл және шақырушы оттардың жануы кезінде немесе ескертуші бағдаршамда бір шақырушы оттың жануы кезінде / сары от жанады. Шақырушы сигнал — жанып сөнуші ай түстес ақ отты Н кіріс бағдаршамында бекет бойынша кезекші қосады, егер автоматика және телемеханика құрылғыларының істен шығуы кезінде бағдаршамды рұқсат етуші отпен ашу мүмкін болмаса. Шақырушы сигнал Н кіріс бағдаршамын қызыл отпен немесе бағдаршам істен шыққан кезде 20 км/сағ аспайтын жылдамдықпен және кедергі кездессе тоқтауға дайындықпен жүріп өтуге рұқсат береді. Шығыс бағдаршамдарындағы шақырушы сигнал автоблоктаумен жабдықталған екі жолды жолдардың тек қана дұрыс жолмен пойыздарды жөнелту үшін қолданылады. Учаскілік және басқа да пойыздар қозғалысы интенсивті ірі бекеттерде пойыздардың тоқтаусыз өтуі жүргізілетін негізгі және бүйір жолдардың кіріс және маршруттық бағдаршамдарында шақырушы сигнал қолданыла алады. Учаскінің пойыздар қозғалысы интенсивті аралықтық бекеттерде шақырушы сигнал тек қана басты жолдардың шығыс бағдаршамдарында қолданыла алады. Аралыққа шақырушы от қызыл отпен бір уақытта немесе қызыл отсыз жанады (сурет 1.5, бағдаршам HI). 1П басты жолға тоқтаумен пойызды қабылдау Н кіріс бағдаршамында бір сары оттың жануымен, ал тоқтаусыз – жасыл оттың жануымен рұқсат етіледі. Егер Н кіріс бағдаршамында сары жанып сөнуші от жанса, Н1 шығыс бағдаршамында екі сары от жанады (жөнелтудің орнатылған нұсқалық маршруты).
Сурет 1.7 Аралықтық бағдаршамдардың сигналдандырылуы мен жылдамдықтық мәндері
Бұл жағдайда пойызға орнатылған жылдамдықпен бекетке жүруге рұқсат етіледі, бірақ Н1 кіріс бағдаршамын төмендетілген жылдамдықпен өту керек Пойызды 3П бүйір жолына қабылдау кезінде Н кіріс бағдаршамында екі сары от жанады, Н3 жабық бағдаршамының алдында тоқтауға дайындақпен қозғалыс рұқсат етіледі. Мұнда ескертуші бағдаршамда пойыздың бүйір жолмен жүретіндігін білдіретін сары жанып сөнуші от қосылады. Жоғарғысы жанып сөнуші болып табылатын екі сары оттың жануы кезінде, 3П бүйір жолымен тоқтаусыз төмендетілген жылдамдықпен жүріп өтуге рұқсат етіледі. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.036 сек.) |