|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Рельс тізбектерін реттеуБарлық режимдерде үздіксіз жұмыс қамтамасыз етілетін кернеуді жолдық реледе алу үшін рельс тізбектері реттеледі. Дұрыс реттелген рельс тізбегі кез келген ауа райында жыл бойына тұрақты жұмыс жасауы керек. Рельс тізбектерінің әр түрі үшін қалып болады, онда кестелік түрде аралықтар мен бекеттердегі рельс тізбектердің қоректендіруші соңдарында және жолдық релелерде кернеулердің рұқсат етілген шамалары келтіріледі. Реттеудің мәні – үйлестіруші трансформаторлар мен дроссель – трансформаторлардың берілген трансформациялау коэфициенттерінде және соңдарында номиналды шектеуші кедергілер кезінде, сұлба мен реттеу кестесіне сәйкес қажет кернеуді орнату. Рельс тізбегінің электрлік параметрлерін, ұзындығын, қоректену көзінен нақты кернеуі мен балласт жағдайын ескеру керек. Жолдық реледе және әр рельс тізбегінің қоректендіруші соңындағы кернеу қалпын бір рет орнатады және қалып бойынша анықтайды (құрылғыларды эксплуатацияға енгізуде немесе бақылау реттеу тексерістерде). Аралықтық рельс тізбектері үшін реттеу кестелері қоректену көзінің номиналды кернеуіне сәйкес келеді. ИР1-0,3 және ИМШ-0,3 релелі тұрақты тоқтағы импульстік рельс тізбектері батарея кернеуі 2,2 В болғанда 3.1 кестесі бойынша реттеледі. Кесте 3.1
Рельс тізбектерінің барлық түрлерінде жолдық реледегі тербелістер балласт жағдайына байланысты неғұрлым ұзындығы үлкен болса, соғұрлым үлкен болады. Тұрақты тоқтағы импульстік рельс тізбектерінде эксплуатацияның барлық шарттарында реледегі кернеу 0,084 В кем болмауы және 0,32 В аспауы керек. Осылайша, балласт жағдайына байланысты импульстік тізбек жолдық релесінде кернеу 3,8 рет өзгеруі мүмкін. Реттеу кестесінде жолдық батарея және реле кернеуінен басқа, қоректендіруші және релелік соңдардағы кедергілердің мәндері көрсетіледі. 50 Гц айнымалы тоқтағы кодалық тізбектер үшін реттеу кестелерінде қоректену соңының ПТ трансформаторының екіншілік орамындағы, релелік соң рельстеріндегі, ЗБФ-1 фильтірінің кірісіндегі және реледегі кернеулердің мәндері көрсетіледі (3.2 кестесін қараңыз). 25 Гц айнымалы тоқтағы кодалық рельс тізбектері үшін реттеу кестелерінде қоректендіруші соңның ПЧ 50/25 түрлендіргішінің шығысындағы кернеу көрсетіледі (3.3 кестесін қараңыз). Релелік соң рельстеріндегі, фильтрдегі және реледегі кернеулер мәндері балласттың екі жағдайы үшін келтірілген: қатып қалған (жоғарғы) және дымқыл (төменгі). Егер өлшеу барысында жолдық реледегі кернеу қалыптан жоғары болса, оны қалыпқа дейін реттеу керек. Егер, реледегі кернеу қалыптан төмен болса, ал қоректендіруші трансформатордағы кернеу жоғарғы шекке сәйкес болса, рельс тізбегінің жағдайын мұқият тексеру керек: түйіспелік қосқыштардың ақаусыздығын, балласт жағдайын, оқшаулағыш түйіспелердің жағдайын, оқшаулаудың басқа элементтерінің жағдайын, жерлестірудің, ауыстырып қосқыштардың, ұшқындық аралықтардың ақаусыздығын және рельс тізбегінің басқа да элементтері мен сырттан қосылатын құрылғылардың ақаусыздығын тексеру керек. ДСШ-12 (ДСР-12) релелі айнымалы тоқтағы тізбектерде ұзындыққа және балласт жағдайына байланысты кернеулер жолдық орамда 14,2 - 46,2 В аралығында орнатылады. Реттеу кестелерінде бұл рельс тізбектері үшін жолдық элемент тоғы мен жергілікті элементтер кернеуінің арасында фазалық бұрыш көрсетіледі. Тұрақты тоқтағы дроссель-трансформаторлы электр тартымды учаскілерде жолдық орамдағы кернеуді өзгерту шектері әлдеқанша төмен, себебі дроссель-трансформаторлармен тізбектің тұрақтылығы біршама жоғары және оқшаулау кедергісінің өзгеруі жолдық орам кернеуіне аз әсер етеді. Дроссель-трансформаторлы және ДСШ-12 релелі рельс тізбектерінде кернеуді ұзындық және балласт жағдайына байланысты 14 - 21 В аралығында орнатады. Ал бір дроссель-трансформаторлы рельс тізбектерінде (қоректендіруші соңында) — 14 ден 25,7 В дейін. ДСШ-12 релелі біржіпті рельс тізбектерінде жолдық орамдағы кернеу 14 - 48 В болуы керек. Айнымалы тоқ электр тартымды учаскілерде бекеттік екі дроссель-трансформаторлы рельс тізбектерінде ДСШ-13 релесінің жолдық орамындағы кернеу 15,3-19,4 В аралығында орнатылады, ал бір дроссель-трансформаторлы рельс тізбектерінде 15,3-23,2 В, біржіптілерде — 15,0 - 25,2 В. Релелік соңдағы кернеу қоректендіруші соңдағы кернеуге пропорционалды өзгеретіндігін ескеру керек. Егер, мысалы, реледе кернеуді 10 % өсіру керек болса, онда ол үшін қоректендіруші соңдағы кернеуді 10 % өсіру керек. Реттеу кестелері әр нақты рельс тізбегінің барлық ерекшеліктерін ескере алмайды, сондықтан кестелерде ұсынылатын кернеулердің мәндері белгілі бір деңгейде шамалас болады. Алайда кернеудің жоғарғы шегін аспау керек, себебі жолдық реледегі жоғары кернеу қалыпты режимдегі сенімді жұмысты қамтамасыз ете отырып рельс тізбегінің шунттық сезімталдығын төмендетеді. Жолдық реледегі кернеудің күрт өзгеруі кезінде рельс тізбегі барлық элементтерінің ақаусыздығын тексеру керек және ең алдымен оқшаулағыш түйіспелердің. Жоғарыда қарастырылған реттеу кестелері 1 Ом·км рельс жолының оқшаулау кедергісінің минимальді нормативті мәнін ескеріп жасалған. Эксплуатациялаудың нақты шарттарында жеке учаскілерде оқшаулау кедергісі орнатылған қалыптардан төмен. Қызметтегі рельс тізбектері оқшаулау кедергісінің белгілі бір төмендеуінде тізбектің жұмыс қабілеттігін қамтамасыз ететін эксплуатациялық қорларға ие. Бұл жағдайда қоректену көзінің кернеуін жоғарылату арқылы жолдық реледегі минимальді жұмыстық кернеуге қол жеткізілуі мүмкін. Алайда оқшаулау кедергісінің кейінгі өсуі кезінде жолдық реледегі кернеу реттеу кестелері анықтайтын қалыптан жоғары болуы мүмкін, бұған жол берілмейді. Жаңа реттеу кестелеріне ауысу орындалады, онда рельс тізбегі жұмысының барлық режимдері қамтамасыз етілетін, қоректену көздерінің номинальдық (rи =1 Ом·км болғанда) және шектік (rи < 1 Ом·км) мәндері анықталған. Бұл рельс тізбектеріне оқшаулау кедергісінің (балласттың) номинальді және төмендетілген мәнінде қызмет етуге мүмкіншілік береді. Мысал ретінде 50 Гц айнымалы тоқтағы қоректендіруші және релелік соңдарында ДТ-0,6 және ДТ-0,2 сәйкесінше дроссель-трансформаторлары бар аралықтық кодалық рельс тізбектері үшін реттеу кестесі келтірілген. (кесте 3.4). Бұл кестеде тізбек ұзындығына байланысты 1 Ом·км оқшаулау салыстырмалы кедергісінің нормативті мәніне сәйкес, Uт трансформаторы кернеуінің номинальді мәні келтірілген. Және де шунттық және бақылау режимдерін қамтамасыз ету шарттарынан анықталған Uт пр трансформаторының шектік кернеуі (рұқсат етілген шама) анықталған. Дәл осы графада жақшада оқшаулаудың шектік кедергісі көрсетілген. Релелік соң үшін 3.4 кестеде Uк рельстеріндегі кернеу мен Uр релесіндегі кернеу (айнымалы) көрсетілген. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.) |