АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ГЛОССАРИЙ 3 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

ΔYd – қолда бар табыстың өсімшесі

APC = C/Yd

APC – тұтынудың орташа бейімділігі

C – тұтыну шығындарының көлемі

Yd – қолда бар табыстың көлемі

Қор жинағының қарапайым функциясы.

S = -a + (1 – b) (Y – T)

S – жеке меншік сектордағы қор жинағы

(1 – b) – тұтынудың шекті бейімділігі функциясы

MPS = ΔS/ΔYd

MPS – қор жинағының шекті нормасы

ΔS – қор жинағының өсімшесі

APS = S/Yd

APS – қор жинағының орташа бейімділігі

S – қор жинағының көлемі

Yd – қолда бар табыс

Қысқа мерзімді кезеңде ағымдағы қолда бар табыс өскен сайын АРС кемиді, ал APS өседі, яғни отбасы табысының өсуімен тұтынуға кеткен шығын бөлігі салыстырмалы қысқарады және қор жинағы салыстырмалы өседі. Бірақ ұзақ мерзімді кезеңде тұтынудың орташа бейімділігі тұрақтанады, өйткені тұтыну шығындарының көлеміне ағымдағы қолда бар табыс көлемі ғана емес, сонымен қатар отбасының жалпы өмір сүру деңгейі және күтіп отырған тұрақты табыс көлемі де әсерін тигізеді.

Мемлекеттік қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесін төлеуге, әлеуметтік трансферттердің өсуі немесе мемлекеттік шығындарды осы жоғарыда айтылған қаржылар арқылы қаржыландыруға кедергі болатын жағдайлар пайда болады. Циклдік бюджет артықшылығының өсуі экономиканың өрлеу кезеңдерінде болатындықтан, бұл жағдай инфляцияның күшеюіне әкелетіндіктен, онда қаржылардыц бір бөлігін халыққа төлемақы ретінде беруі (облигацияларды өтеу, әл-ауқаты нашар отбасыларға жәрдемақының өсіру) жиынтық шығындардың және сұраныс инфляциясының өсуіне әсер етеді. Керісінше, бюджет артықшылығын "тыйым салу" артық жиынтық сұранысты шектейді және экономикадағы инфляциялық дүрлігісті ұстап тұрады.

Бюджет тапшылығының тұрақтандыру деңгейіне әсері қаржыландыру тәсілдеріне байланысты. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:

1) ақша-несие эмиссиясы (тиын шығару)

2) займ шығару

3) мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.

Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж — ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы.

Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарылауы арқылы мемлекетке түсіп отырады.Инфляция деңгейінің жоғарылауы жагдайында Оливер-Танзи әсері пайда болады.

Өсіп келе жатқан инфляциялық қиындықтар салдарынан экономикалық ынта пайда болады, ол салықты уақтылы төлемеу, өйткені өткен уақытта ақша құнсызданады, бұдан салық төлеушілер ұтады. Мұның салдарынан мемлекеттегі тапшылық және қаржы жүйесінің жалпы тұрақсыздығы өседі.

Мемлекеттік тапшылықты жою үшін ақша шығару қолда бар қаржыны эмиссиялаумен бірдей жүрмеуі мүмкін, ол басқа түрде жүзеге асырылады. Мысалы, Орталық банктің мемлекеттік кәсіпорындарға жеңілдетілген пайыз мөлшерімен несие беруді кеңейту арқылы немесе төлем уақытын созу арқылы жүзеге асырылады.

Дәрісті өздігінен қайталау сұрақтары:

1. Ресурстар нарығында өндіріс факторларына бағаның қалыптасу ерекшелігі.

2. Тұтынуға және қор жинауға орташа бейімділік дегеніміз не?

3. Инвестицияға әсер ететін факторлар

5. тақырып. Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс. AD-AS үлгісі

1.Жиынтық сұраным және оның факторлары.

2. Жиынтық ұсыным, оның классикалық және кенсиандық

үлгілері

3. Макроэкономикалық тепе-теңдік: қысқа және ұзақ мерзімдегі

тепе-теңдік, тұрақтандырушы саясат.

Жиынтық сұраныс қисығы баға деңгейі мен өнім өндірісіндегі тауарлар нарығы мен активтер нарығының тепе-теңдігін көрсетеді. Жиынтық сұраныс қисығының кез-келген нүктесінде, мәселен графикте көріп отырғанымыздай В нүктесінде тауарлар нарығы мен активтер нарығы тепе-тең.

Біз енді жиынтық сұраныс қисығының неліктен қарама-қайшы икемді екендігін түсіндіре аламыз. Мәселен, тауарлар және активтер нарығы осы берілген баға деңгейіне Рв өндіріс көлемі деңгейіне Үв тепе-теңдікте болады. Еңді баға деңгейі төмендеді делік. Берілген номиналды ақша ұсынысында баға деңгейінің түсуі нақты баланстық өсуіне әкеледі. Нақты баланстардың ұлғаюына процент ставкасын азайтатындығын, инвестициялық сұранысты арттыратындығын, сәйкесінше жиынтық шығындарды ұлғайтатындығын еске түсірейік. Баға деңгейі төмендегенде шығындардың теңдік деңгейі өседі, сондықтан АD қисығы қарама-қайшы иіледі. Төменде мұны толығырақ қарастырамыз.

 

Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара әсері.

Баға деңгейі Баға деңгейі AS

Р AS Р

Р1 Е1

Р1 Е1

Е

Р0 АD1 Р0 Е AD1

AD AD Y0 Y1 Y0 Y1

Өндіріс, кіріс (а) Өндіріс, кіріс (б)

График. Жиынтық сұраныс қисығының АD-АD1 орын ауыстыруы жиынтық ұсыныс қисығының иілуіне байланысты. (а) графигінде жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы өнім өндірісінің ұлғаюына әкелсе, (б) графигінде керісінше баға деңгейінің өсуіне, ал өндіріс көлемінің сәл ғана өсуіне әкеледі.

Жиынтық сұраныс қисығын анықтау арқылы алдыңғы бөлімдерге талдау жасаудың маңызын түсінеміз. Жиынтық сұраныс қисығы тауарлар және активтер нарығының өзара тепе-теңдігін көрсетеді.

Жиынтық сұраныс қисығы баға деңгейі мен өндіріс көлемі арасындағы байланысты көрсетеді. Мәселен, графикте Рс баға деңгейінде фирма Үс тең өндіріс көлемін қамтамасыз етуге дайын, өндіріс көлемінің деңгейі фирмалардың өздерінің тауарларының, еңбекке төлейтін саласының, т.б. бағасына тәуелді. Сәйкесінше жиынтық сұраныс қисығы өндіріс факторлары нарығының талаптарын, әсіресе тауарлар нарығы сияқты еңбек нарығының талаптарын бейнелейді.

Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтарын анықтау.

Баға деңгейі

P

Өндіріс көлемі, кіріс

Дәрісті өздігінен қайталау сұрақтары:

1. Жиынтық сұраныс қисығының теріс көлбеуі немен түсіндіріледі?

2. Тұрақтандырушы саясаттың мақсаты қандай?

6- тақырып. Тауар және ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік.

IS-LM үлгісі.

1. Кейнс кресті. Мемлекеттік шығындар және салық мультипликаторы.Игіліктер нарығы

2.Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. LM қисығы

3.Орталық банктің реттеуші рольі: ақша мультипликаторы

4.IS – LM үлгісіндегі тепе-теңдік.AD және IS-LM үлгідерінің өзара әрекеті. IS-LM үлгідеріндегі қазынашылық және монетарлық саясат.

Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі

бар. Бірінші – кейде ол макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады – баға нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады. Мұнда «баға» деп тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме, нақты еңбек ақы қарастырылады. Осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне ықпалын тигізбейді. Екінші – белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж.Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады.

Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда кейбір баға аз өзгермелі (белгілі бір уақыт аралығында) дегенге жол беріледі. Бұл жағдайда тепе-теңдік айырбасталатын көлем – тауарлар мен қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.

Бұл көзқарастар түбегейлі әртүрлі қорытындыларға әкелуіне қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделді. Соңғысын талдаудың екі графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша нарығының өзара әрекеттесуін көрсететін IS-LM үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-әрекетін сипаттайтын сұраныс – үлгісімен.

Алдымен кең анықталған тауар нарығын қарастырайық, яғни, тауарларды ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді де қамтитын нарықты қарастырайық. Талдаудың бастапқы нүктесі – тұтыну және инвестициялық игіліктерге сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа мерзімді кезеңге аударылады.

Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Марк “жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді” деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:

Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады.

Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады.

Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі.

Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:

М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноттар, тиындар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;

М2 – оған М1 агрегаты және мерзімді төрт жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;

М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;

L – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.

Ақша сұранысын талқылағанда екі тұжырымға сүйенеді:

- монетарлық;

- кейнстік.

Классиктер ақша сұранысын мына теңдеу арқылы түсіндіреді:

 

МV=PY

 

M – айналымдағы ақша көлемі

V – ақша айналымының жылдамдығы

P- баға деңгейі

Y - өнім шығару көлемі

Сандық теориясы тұрғысынан ақшаға сұраныс екі мотивке негізделеді. Бірінші мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны төлем құралы ретінде қажет етеді.

Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі:

- тауар жиынының көлемі;

- баға;

- жиынтық табыс;

- ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады.

Экономика секторының (тауар нарығының) және ақша нарығының өзара әсерінің тереңдетілген талдауын көрсету. Тауар нарығы түсінігінде қызмет көрсету мен тұтыну тауарлары нарығы да қарастырылады, олардың тұтыну игілігінен өзгешелігі жоқ деп айтуға болады. Бұл тауарлар санаттары арасында кейбір ерекшеліктер бар, дегенмен олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарларға деген сұраныстың болуы түрлі айнымалы шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табыспен байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланысты болады. Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарастырылған, өйткені тұтыну мен инвестицияланғанң тауарлардың нарығын бір-бірінен шектеу үшін, оларды салыстырмалы бағаларын білу керек.

Кейнс үлгісінше бұл жасалмаған, сондықтан да экономистер тауар нарығының барлық түрлерін бір нарық деп қарастырады.

Ақша нарығы — бұл қысқа мерзімдік несиелік құралдарды, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды алып-сату тетігі. Бұл нарықты облигация нарығынан ажыратып қарастыру керек. Облигация берілгсн ақшаның салыстырмалы бағасы — бұл облигациялардың пайыздық мөлшерлемесі.

Біздің міндетіміз осы нарықтардың құрылымын тура анықтау, бұл жердегі маңызды мәселе олардың арасындағы өзара байланысын табу. АD-AS үлгісін қарастырғанда бұл өзара байланыс болжанған өйткені тауар мен қызмет көрсету бағаларының өзгеруі тікелей ақша сұранысына әсер етеді.

Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменің ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етеді. IS—LМ үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс «кресі») 1937 жылы ұсынған.

А. Хансеннің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды, содан кейін ол Хикс-Хансен үлгісі деп атальш кетті.

IS—LМ үлгісі (инвестиция — қор жинағы, ұнамды өтімділік — ақша) — жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдік қалыптасу үшін, қажетті табыс көлемі Ү пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R-дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді.

Сондықтан да, IS-LМ үлгісі АD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.

Инвестициялар пайыз мөлшерлемесінің теріс функциясы, ал тұтыну — нақты табыстың оң функциясы екенін білеміз, демек жиынтық сұраныс теңдеуі төмендегідей:

АD = С (Ү) + I (R)

Ал ұсыныс, Кейнстің айтуынша, мынадай болады. AS = С (Ү) + S (Ү)

Тауар нарығындағы тепе-теңдік жағдайы келесі теңдікті орындағанда ғана орын алады.

I (R) = S (Ү)

Берілген теңдеуді Дж. Кейнс анықтаған, ол тауар нарығындағы классикалық тепе-теңдік жагдайы үлгісінен басқаша.

I (R) = S (R)

Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы тепе-тендікті көрсетеді. Бұл тендеулердің айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде.

IS-LМ үлгісінің негізгі теңдеулері:

1) Ү = С + I + G + Хn - негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік. Мұндағы:

2) С = а + Ь (Ү-Т) - тұтыну функциясы.

3) I = е - d • R - инвестиция функциясы.

4) Хn =g - m/ *Ү – n*R - таза экспорт функциясы.

5) М/Р = к • Ү - һ • R - ақшаға сұраныс функциясы.

Үлгінің ішкі айнымалылары:

Ү (табыс), С (тұтыну), I (инвестиция), Хn (таза экспор), R (пайыздық мөлшерлеме).

Үлгінің сыртқы айнымалылары:

G (мемлекеттік шығындар), Мs (ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).

Эмпирикалық коэффициентер:

(а, Ь, е, d, g, m', n, k, һ) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.

Қысқа мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылмаған жағдайында болады. (Ү≠Ү*), баға деңгейі Р тұрақты (анықталған), ал пайыз мөлшерлемесі R және жиынтық табыс Ү өзгермелі. Р = соnst тұрақты өйткені барлық айнымалылар атаулы және нақты мәндері сәйкес келеді.

Ұзақ мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылған жағдайында болады.

(Ү=Ү*), баға деңғейі Р өзгермелі. Бұл жағдайда айнымалы Мs (ақша ұсынысы) атаулы шама болады, ал үлгідегі басқа айнымалылар - нақты шама болады.

IS қисығы тауар нарығындағы тепе-тецдікті керсетсді.

IS қисығы басқа факторлар тұрақты болған кездегі (G,Т) пайыз мөлшерлемесі (R) мен жиынтық табыс арасындағы байланысты көрсетеді.

IS қисығының қарапайым түрі инвестициялар мен қор жинағы функцияларымен тығыз байланысты. IS қисығының бойындағы кез келген нүктеде қор жинағы меи инвестицияның тең екендігі көрінеді.

А-суреттс қор жинағы функциясы бейнеленген. Табыстың (өнім көлемінің) Ү1-ден Y2-ге өсуіне байланысты қор жинағы S1-ден S2-ге өседі.

 

Қор жинағы Пайыздық мөлшерлеме

Табыс, өнім көлемі Инвестиция

А-сурет Ә-сурет

 

Пайыздық мөлшерлеме

Табыс, өнім көлемі

Б-сурет

Ә-суретте инвестиция функциясы бейнеленген, қор жинағының өсуі пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-ге азайтады, ал инвестиция І1-дсн І2-ге өседі. Бұл жагдайда I1=S1, ал I2=S2 болады.

Б-суретте IS қисығы бейнеленген, пайыз мөлшерлемесі төмен болған сайын, табыс деңгейі (немесе жиынтық сұраныс) соғұрлым жоғары болады. Егер пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, онда табыс деңгейі (немесе жиынтық сұраныс) соғұрлым төмен болады. Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа факторлар IS қисығын не жоғары немесе төмен қозғалтады. Мысалы, егер кез келген пайыз мөлшерлемесінде мемлекеттік шығындар өсетін болса, онда жиынтық сұраныстың өсуіне алып келеді. Мұндай жағдай IS қисығын оңға қарай өсіреді. Керісінше,

берілген пайыз мөлшерлемесінде салық мөлшері мен қолда бар табыстың төмендеуін күту жиынтық сұранысты төмендетеді, IS қисығы солға қарай қозғалады.

LM қисығы ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. LM қисығының графигі – ақша ұсынысының

s) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың арасындағы байланысты көрсетеді.

 

LM қисығының графигі

А. Ақша нарығының нақты қоры Ә. LM қисығы

R R

Ms LM

 
 


R2 R2

 

R1 R1

M/D

MD


M/P Y1 Y2 Y

Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

1. Кейнстің психологиялық заңы нені білдіреді?

  1. Ұлттық банк ақша массасын қалай бақылайды?
  2. Ақша агрегаттарына сипаттама беріңіз.
  3. Фишер теңдеуі нені сипаттайды?
  4. Ақша-несие саясатының негізгі құралдары қандай?
  5. Қолма - қол ақша депозиттер қатынасына әсер ететін факторларды атаңыз.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.036 сек.)