АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ГЛОССАРИЙ 4 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

7-тақырып. Ашық экономика

1. Ашық экономика ұғымы. Төлем теңгерімінің мәні және құрылымы

2. Халықаралық валюта жүйесі, валюта нарығы және валюта бағамын есептеу.

3. Макроэкономикалық саясаттың нақты валюта бағамына және төлем теңгеріміне әсері

4. Қазақстан Республикасындағы валюта саясатының ерекшелігі

Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың пегізін сыртқы сауда құрайды. Бұл жерде сыртқы сауданың өнім деңгейіне, жұмысбастылыққа, баға және басқа айнымалыларға әсері макроэкономика тұрғысынан және халықаралық саудада үлесі бар жеке тауарлардың, экономикалық агенттердің пайдасы мен шығынын бағалау тұрғысынан микроталдаулар бір-бірімен тығыз байланысты. Макроэкономикалық талдау барысында ашық экономика проблемаларының кейбіреуін қарастырдық. Өйткені экспорт пен импорттың көлемі ЖҰӨ деңгейіне, жұмысбастылыққа тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіштер жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке әсерін тигізеді.

Экспорттық салалардағы өндірістің өсуі шет мемлекеттерде қарастырылып отырған мемлекеттің тауарларына сұраныстың өсуін көрсетеді, бұл қарастырылып отырған мемлекеттің ЖҰӨ көлемін өсіреді. Керісінше, импорттың өсуі шет мемлекеттердің тауарына сұранысты өсіреді, бұл жағдай ЖҰӨ көлемін кемітеді. Кейнс үлгісіне сәйкес таза экспорттың экономикадағы жалпы табысқа әсері мультипликатор әсері арқылы өлшенеді.

Д. Рикардоныц салыстырмалы артықшылық теориясы. Халықаралық сауда теориясы XIX ғасырдың басында Давид Рикардо айтып өткен салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы негізіндс құрылды. Д.Рикардодан бұрын бұл проблемаларды А.Смит зерттеген еді. А.Смит халықаралық сауданың пайда болуын түсіндірді жәпе әр түрлі мемлекеттерде тауар өндіруге кететін абсолютті шығындарының айырмашылығы арқылы пайда табу жолдарын көрсетті. Халықаралық еңбекті бөлісу және мамандыққа бөлу тиімді деп есептеледі. Өйткені әр түрлі мемлекеттерде ресурстар көлемі мен еңбек жағдайлары әр түрлі, бұл ерекшеліктер мемлекеттер арасындағы артықшылықты туғызады. Мысалы, белгілі бір тауарды аз шығынмен өндіру. А.Смиттің абсолюттік артықшылық теориясы, шаруашылықпеп айналысатын субъектілердің іс-әрекеттері принципі халықаралық сауда теориясьша да таралады.

Егер де шет мемлекеттерден тауарды өз мемлекетіне қарағанда төмен бағаға сатып алуға болса, онда сол тауарды арзан өпдіретін мемлекеттен сатып алган жөн.

Еңбекті бөлісу және мемлекеттердің тауар өндіруге мамандануы, өндірісте абсолюттік артықшылыққа ие бола алатындығы - ішкі тұтынуды қанағаттандырғаннан соң, бұл тауарларды экспортқа шығарып, басқа тауарлармен айырбастауга болады - мұның барлығы жалпы үнемдеуге мүмкіндік өсіреді. Д.Рикардоның теориясы халықаралық саудаға тағы бір қадам жасады. Бұл теорияның негізінде салыстырмалы артықшылық принципі жатыр.

Халықаралық сауда көмегімен мемлекеттер мамандануды дамытатындығын, өзінің ресурстарын

тиімді пайдалана алатындығын, жалпы тауар көлемін өсіре алатынын көреміз. Жеке мемлекеттер салыстырмалы артықшылыкпен өндірілетін гауарларға мамандану арқылы ұтады.

Мемлекеттер неге сауда жасайды деген сұраққа төмендегідей жауап бсруге болады:

1. Экономикалық ресурстар (табиги, еңбек, капитал) әр мемлекеттерде әр түрлі. Бір ел капиталсыйымды болса, екішпі ел еңбексыйымды болады.

2. Әр түрлі тауарды тиімді өндіру әр түрлі технология мен ресурстарды кажет етеді.

Валюта багамы деп бір елдің валютасы екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасын атаймыз.

Мысалы: 153 тг = 1$, 70 тг = 1DM, 4тг= 1RR.

Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:

1) валютаның еркін айналымдағы бағамы;

2) тағайындалатын валюта бағам әдісі.

Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады.Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Олар:

Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, америкалық машиналардың беделі артса, онда тұтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.

Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық табысына қарағанда өсімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.

Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.

Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелерінің өзгеруі. Мынандай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «Қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нәтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімді елге айналды, ал ол инвесторларды (елдің экономикасы тұрақты болған жағдайда) теңгені алуға итермелейді.

Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жағдайда теңгесі бартұлғалар қолындағы теңгені

басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады.

Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

1. Халықаралық валюталық жүйенің қалыптасу және даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз.

2. Қандай жағдайда валюталық интервенция мен девальвация саясаты жүргізіледі?

3. Валюталардың айырбас бағамы қалай есептелінеді?

4. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз мәселелерін шешу үшін тұрақтандыру саясатының қандай шаралары бар?

5. Төлем балансы дағдарысы және оны жою әдістері қалай айқындалады?

 

8-тақырып. Экономикалық өсу.

1.Экономикалық өсу және оның қарқынын есептеу

2.Экономикалық өсудің факторлық үлгісі. Солоу үлгісі.

3.Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің динамикасы және дағдарысқа қарсы шаралар.

Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі треңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шақкандағы табыстың өсуі - бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар.

1) Макроэкономикалық көрсеткіштердіц мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).

2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудіц бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап отуге болады.

- неокейнстік

- неоклассикалық

- тарихи-әлеуметтік.

Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа түтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектелуінің, ахуалын шешуді жеңілдетеді.

Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келгеп мемлекеттің өсуі негізгі алты фактордан тәуелді. Олар:

1) Табиги ресурстардың сапасы мен көлемі

2) Еңбек ресурстарының сапасы мен саны

3) Негізгі капитал қорының көлемі

4) Технология

Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыны факторлары деп айтуға болады. Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ, олар:

1) Сұраныс факторы

2) Бөлу, тарату факторы

Өндіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сатуда маңызды. Экопомикамың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір-бірімен тыгыз байланысты.

Дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

 

  1. Қор жинау мен инвестиция экономикалық өсуге қалай әсер етеді?
  2. Экономикалық өсуді қалай есептейді?
  3. Экономикалық өсудің Солоу үлгісінің ерекшелігі.

 

 

3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР

3.1.Сарамандық сабақ құрылымы:

Тақырып 1. Макроэкономика пәніне кіріспе.

Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Макроэкономикалық теорияның даму кезеңдері, қазiргi макроэкономика пәнi және мiндеттерi

2.Макроэкономикалық үлгілер, айнымалылар мен агенттер.

3. Макроэкономикалық ағымдар айналымын.

 

Cабақ мақсаты: Макро э кономикалық теория пәнін, құрылымын зерттеу. Экономикалық саясаттың мәні мен түрлерін танып білу.Нормативті және позитивті экономика, макроэкономикалық үлгілер, ағындар, қорлар, айнымалылар, ашық және жабық экономика, көрсеткіштер ұғымдарымен танысу.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы қандай?

2. Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелеріне не жатады?

3. Экономикалық саясат дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

4. Макроэкономиканың мақсаттары мен міндеттеріне нелер жатады?

5. Нормативті және позитивті экономика дегеніміз не?

6. Макроэкономикалық үлгілер мен айнымалылар нені білдіреді?

7. Макроэкономикалық үлгілердің қандай түрлері бар?

8. Экономикалық агенттер дегеніміз кімдер?

9. Ағымдар мен қорлардың айырмашылығы қандай?

10. Абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштердің айырмашылығы?

11. Ашық және жабық экономиканың айырмашылығы қандай?

12. Макроэкономикалық ағымдар айналымын сипаттаңыз.

13. Макроэкономикалық теорияның қандай мектептері бар?

 

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1.Қазіргі макроэкономикалық ойдың дамуының негізгі бағыттары.

2.ҚР-ның макроэкономикалық саясатының ерекшеліктері.

 

Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру

 

Тақырып 2. Макроэкономикалық өлшемдер

Сарамандық сабақ сұрақтары

  1. Ұлттық есептеу жүйесі. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
  2. ЖҰӨ есептеу әдістері.
  3. Баға индекстерінің түрлері мен айырмашылығы.
  4. Негізгі макроэкономикалық теңдіктер

 

Cабақ мақсаты: ЖҰӨ және ЖІӨ ұғымдарының мәнін ашу, ұқсастығы мен айырмашылығын білу.ТҰӨ, ҰТ, ЖТ,ҚЖТ, ұғымдарынның мәнін ашу. ЖҰӨ есептеудің әдістерін білу. Баға индекстерінің түрлері мен айырмашылығын айқындау.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Ұлттық есептеу жүйесіне сипаттама беріңіз.

2. ҚР табиғи, материалдық, қаржылық, өндірістік және еңбек ресурстары мен потенциалын сипаттаңыз.

3. ЖҰӨ және ЖІӨ ұғымдарының ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

4. ЖҰӨ және ЖІӨ басқа қандай көрсеткіштер ұлттық экономиканың дамуын сипаттайды?

5. 2000-2009 жж. Қазақстанның ЖІӨ даму динамикасын қалай бағалар едіңіз?

6. ЖҰӨ есептеудің әдістеріне тоқталыңыз.

7. ЖҰӨ түрлерінің айырмашылығы қандай?

8. Баға индексі не үшін қолданылады және оның қандай түрлері бар?

9. Қандай негізгі макроэкономикалық теңдіктерді білесіз?

 

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1.ҚР-ның экономикасына сипаттама.

2.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасын талдау.

Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру

 

Тақырып 3. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Инфляция және жұмыссыздық..

Сарамандық сабақ сұрақтары

  1. Экономикалық цикл ұғымы мен фазалары.
  2. Жұмыспен қамту мен жұмыссыздық
  3. Инфляция мәні,түрлері және оны есептеу.
  4. ҚР-ғы жұмыссыздық пен инфляцияға қарсы саясат

 

Cабақ мақсаты: Экономикалықцикл оның түрлері мен фазаларын анықтауЖұмыссыздықтың әлеуметтiк және экономикалық мәнi және түрлерi.Жұмыссыздықты мемлекеттiк реттеу және жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау. Инфляция дегеніміз не және оның түрлерін анықтау..Инфляцияға қарсы шаралар:мен оның бағыттары. Филлипс қисығын талдау.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Экономикалық цикл ұғымы және оның түрлері

  1. Экономикалық цикл фазаларының сипаттамасы

3. Жұмысшы күші құрамына кімдер кірмейді?

4. Жұмысшы күші және жұмыспен қамту дегеніміз не?

5. Жұмыссыздықтың түрлері қандай?

6. Табиғи жұмыссыздық қандай жұмыссыздықтан тұрады?

7. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейлері қалай есептеледі?

8. Қазақстандағы жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелерінің ерекшеліктері қандай?

9. Оукен заңы қандай байланысты көрсетеді?

10. Инфляция деген не?

11. Инфляцияның негізгі себептері қандай?

12. Инфляцияға қарсы саясаттың екі нұсқасының мәні қандай?

13. 20 ғ. 90 ж. бастап 21 ғ. басына дейінгі ҚР-ғы инфляцияның өзгеру динамикасын қысқаша сипаттаңдар.

14. Филипс қисығының мәнін түсіндіріңіз.

15. Адаптивті және рациональді күту теорияларын түсіндіріңіз.

16. Еңбек нарығында нақты жалақы қалай анықталады?

 

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1- Қазақстандағы жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелерінің ерекшеліктері

2- ҚР-ғы инфляцияның өзгеру динамикасын талдау

3- Әлемдік экономикалық циклдарды талдау.

 

Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру

 

Тақырып 4. Ұлттық табыс: өндіріс, бөлу және тұтыну

Сарамандық сабақ сұрақтары

1. Ұлттық табыстың қалыптасуы мен бөліну

2. Тұтыну мен қор жинау мән мен функциялары

3. Инвестиция ұғымы және функциясы, мультипликаторы.

 

Cабақ мақсаты: Өндірістік функция, оның ерекшелігін айқындау.Ұлттық табыстың қалыптасуы мен бөлінуін қарастыру.Тұтыну, қор жинау мен инвестицияның мәнін ашу, функцияларын,факторларын анықтау. Тұтыну мен қор жинауға орташа және шекті бейімділікті анықтау. Инвестиция мультипликаторының әсерін талдау.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

4. Өндірістік функция, оның ерекшелігін

5. Экономикада ұлттық табыс қалай бөлінеді?

6. Игіліктер нарығы дегеніміз не?

7. Тұтыну мен қор жинау дегеніміз не?

8. Тұтыну функциясы мен қор жинау функциясы нені білдіреді?

9. Тұтыну мен қор жинау динамикасының факторлары қандай?

10. Тұтынуға және қор жинауға шекті бейімділік дегеніміз не?

11. Кейнстің психологиялық заңының мәні қандай?

12. Инвестиция ұғымы және оның түрлері.

13. Инвестиция мультипликаторының маңызы қандай?

14. Инвестиция функциясы қандай түрде болады?

 

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1. ҚР –ның ұлттық табыстың қалыптасуы мен бөліну ерекшелігі.

2. ҚР-ғы инвестициялық саясаттың негізгі мәселелері.

3. ҚР-ның индустриялды-инновациялық даму стратегиясы.

 

Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру

 

Тақырып 5. Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс. AD-AS үлгісі.

Сарамандық сабақ сұрақтары

1.Жиынтық сұраныстың мәнi,жиынтық сұранысқа әсер ететiн бағалы емес факторлар

2.Жиынтық ұсыныс мәнi, ұсынысқа әсер етушi бағалық емес факторлар.Жиынтық ұсыныстың үлгілері.

3. Жалпы макроэкономикалық қысқа және ұзақмерзімді тепе-теңдік.

4.Тұрақтандырушы саясат.

 

 

Cабақ мақсаты: Жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным ұғымы. Макроэкономикалық тепе-теңдік.Нарықтық тепе-теңдікті зерттеу. Жиынтық сұраным мен жиынтық ұсынымның талықсытпалары. Қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе – теңдігін талдау.

 

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

2. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс ұғымдарына анықтама беріңіз.

3. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларына сипаттама беріңіз.

4. Жиынтық ұсынысқа бағалық факторлардың әсерін талдаңыз.

5. Жиынтық ұсыныстың классикалық үлгісінің ерекшеліктерін талдаңыз.

6. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық үлгісінің ерекшеліктерін талдаңыз.

7. Қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі жиынтық сұраныс пен жиынтық

ұсыныстың тепе - теңдігін талдаңыз.

 

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1. ҚР-ғы жиынтық сұранысты ынталандыру саясаты мен әдістері.

2. ҚР-ғы жиынтық ұсыныстың факторлары, олардың өзара әсері.

 

Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру

Тақырып 6. Тауар және ақша нарығындағы макроэкономика-лық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі.

Сарамандық сабақ сұрақтары

 

1. Кейнс кресті. Жиынтық сұранысқа мемлекеттік шығындардың әсері. Кейнстің психологялық заңы.

2. Игіліктер нарығы. IS қисығын шығару.

3. Ақша нарығы. LM қисығын тұрғызу.

4. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты мен құралдары.

5. IS-LM моделін талдау, және монетарлық, фискальды саясаттарының ықпалын талдау.

Cабақ мақсаты: Жиынтық сұранысқа мемлекеттік шығындар мен салық мультипликаторының әсерін қарастыру.Кейнстің психологиялық заңының, үнемділік оғаштығының мәнін түсіну. Игіліктер нарығын талдау. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті талдау. Ақша-несие және бюджет-салық саясаттарының құралдарын анықтау. IS-LM моделін шығару. Өтімділік қақпаны мен ығыстыру әсерін талдау.

 

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

7. Жиынтық сұранысқа мемлекеттік шығындардың әсері қандай?

8. Мемлекеттік шығындар және салық мультипликаторының әсерін көрсетіңіз

9. Салық функциясы нені білдіреді?

10. Үнемділік парадоксы дегеніміз не?

11. Игіліктер нарығындағы тепе - теңдік қандай жағдайда орнайды?

12. IS қисығын тұрғызыңыз

13. IS қисығына қазынашылық саясат қалай әсер етеді?

  1. Қандай жағдайда және шарттарда ақша-несие және бюджеттік-салықтық саясат бір-біріне қарама-қайшы болады, ал қандай жағдайда бір бағытта қолданылады?
  2. Ақша-несие саясатының құралдарын қандай себептерге байланысты таңдайды?
  3. LM қисығын тұрғызып, түсіндіріңіз
  4. Нақты ақша қалдықтарына сұраныс неге тәуелді?
  5. Ақша ұсынысы немен сипатталады?
  6. Резервтер депозиттер қатынасына қандай факторлар ықпал етеді?
  7. Ақша сұранысының мотивтері қандай?
  8. Ақша мультипликаторының әсерін түсіндіріңіз.
  9. Боумоль Тобин үлгіінің ерекшелігі қандай?
  10. Арзан ақша саясаты қандай жағдайда қолданылады?
  11. Қымбат ақша саясаты қандай жағдайда қолданылады?
  12. Тауар және ақша нарығындағы тепе-теңдік қандай жағдайда орын алады?
  13. IS-LM моделін тұрғызыңыз.
  14. Өтімділік қақпаны дегеніміз қандай құбылыс?
  15. Ығыстыру әсері қандай жағдайда қалыптасады?
  16. IS-LM моделіндегі қазынашылық саясатты талдаңыз.
  17. IS-LM моделіне монетарлық саясаттың ықпалын талдаңыз.
  18. IS-LM қисықтарының орналасу ерекшеліктері қандай?

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.029 сек.)