АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ГЛОССАРИЙ 5 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

4. Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясатының негізгі мәселелері

5. Қазақстан Республикасындағы бюджет-салық саясатының негізгі құралдары,олардың әрекет ету механизмі.

6. Игіліктер мен ақша нарығындағы тепе- теңдіктің ерекшеліктері.

7. IS-LM моделіне монетарлық және фискальді саясаттарының ықпалы.

 

Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру

 

Тақырып 7. Ашық экономика

Сарамандық сабақ сұрақтары

 

1. Валюта нарығы, валюта жүйесі және валюталық саясат

2. Төлем теңгерімі,құрылымы және оны реттеу

3. Ашық экономикадағы бюджеттік-салықтық және ақша-несиелік саясат

4. ҚР –ның валюта бағамының динамикасын талдау

 

Cабақ мақсаты: Валюта нарығының, валюта сұранымы мен ұсынымының, валюталық саясаттың мәнін ашу. Валюта жүйесі мен валюта бағамының түрлері және айырмашылықтары.Төлем теңгерімінің мәнін, құрылымын, артықшылық пен тапшылық жағдайын және оны ҰБ реттеу ерекшеліктерін білу.Ашық нарықтағы валюталық, монетарлық және фискальді саясаттарының өзара әрекетін талдау.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

 

1. Валюта жүйесінің даму кезеңдері

2. Валюта нарығы дегеніміз не?

3. Валюта сұранымы мен ұсынымы

4. Валюта бағамы және оның түрлері

5. Бекітілген және қалқымалы валюта бағамының айырмашылығы

6. Атаулы және ағымдағы валюта бағамының айырмашылығы

7. Сатып алу қабілетінің паритеті дегеніміз не?

8. Валюталық саясат және оның түрлері

9. Төлем теңгерімі дегеніміз не?

10. Төлем теңгерімінің құрылымы қандай?

11. Сауда теңгерімі дегеніміз не?

12. Ағымдағы операциялар шоты дегеніміз не?

13. Капитал қозғалысының шоты нені білдіреді?

14. Төлем теңгерімінің тапшылығы нені білдіреді?

15. Төлем теңгерімінің артықшылығы дегеніміз не?

16. Төлем теңгерімінің дағдарысы нені білдіреді?

17. Төлем теңгерімін реттеуде Ұлттық банк қандай әдістер қолданады?

18. Бюджеттік-салықтық саясаттың валюта бағамына және төлем теңгеріміна әсері

19. Ақша-несиелік саясаттың валюта бағамына және төлем теңгеріміна әсері

20. Төлем теңгерімі мен валюта бағамының өзара байланысы

21. Қазақстан Республикасының валюта бағамының динамикасын талдау

 

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1.ҚР-ның төлем балансының динамикасы мен ерекшеліктері

2.ҚР Ұлттық валютасының қалыптасуы, даму динамикасы.

 

Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру

 

 

Тақырып 8. Экономикалық өсу

Сарамандық сабақ сұрақтары

 

1. Экономика өсудің мәні, факторлары мен қарқыны

2.Экономикалық өсудің үлгілері.Солоу үлгісінің маңызы

3. Дамыған және дамушы елдердің экономикалық өсу ерекшеліктері.

4. Қазіргі кездегі ҚР экономикалық өсудің ерекшеліктері

 

Cабақ мақсаты: Макроэкономикалық өсуді талдау мен оның ерекшелiктерiн анықтау.Фактролардың экономикалық өсуге ықпалын анықтау. Фелпстың алтын ережесінің маңызын ашу.Дамыған және дамушы елдердің экономикалық өсу ерекшеліктерін айқындау. Факторлық өсу үлгісі. Капиталдың қорлануы. Қорлану мөлшері белгілі жағдайда капиталмен қаруланудың деңгейін өндірістік функциямен байланыстырып мәнін ашу.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

 

  1. Экономика өсудің мәні неден көрінеді?
  2. Экстенсивті және интенсивті экономика өсудің айырмашылығы қандай?
  3. Экономикалық өсудің факторлары қандай?
  4. Өндірістік функцияның мәні мен маңызы қандай?
  5. Экономикалық өсудің үлгілеріне салыстырмалы талдау жасаңыздар.
  6. Фелпстың алтын ережесінің маңызы неде?
  7. Экономикалық өсудің қандай стратегиялары бар?
  8. ҚР экономикалық өсудің ұзақ мерзімді тенденциясы қандай?
  9. Қазіргі кездегі ҚР экономикалық өсудің ерекшеліктері.
  10. Дамыған және дамушы елдердің экономикалық өсу ерекшеліктері.

 

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1. Қазақстан Республикасының экономикалық өсудің басты көрсеткіштері бойынша статистикалық мәліметтер жинау.

2. Әлемдік дағдарыстың ҚР экономикалық өсуіне әсері және дағдарысқа қарсы шаралары

 

 

Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру

 

3.2 Практикалық сабақтардың тапсырмалары

1. Макроэкономикалық көрсеткіштер

ЕСЕП

1. Экономикада келесі мәліметтер берілген(млрд. теңге)

 

Трансферттік төлемдер 6,0

Жалпы ішкі инвестициялар 18,4

Бизнеске салынатын жанама салық 9,0

Таза экспорт 2,2

Корпорацияның бөлінбеген пайдасы 4,9

Амортизация 8,9

Жеке тұтыну шығындары 88,2

Корпорацияның пайдасына салынатын салық 2,6

Әлеуметтік сақтандыру салымдары 0,5

Қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу 9,8

Жеке табыс салығы 4,8

Есептеңдер:

a) ЖҰӨ көрсеткіштерін және жеке қолда бар табыстың көрсеткіштерін есептеңдер.

ә) Жеке жинақтардың көлемі қанша?

b) Экономикадағы капитал қорының көлемі қаншаға өсті?

Қолда бар табыс жеке табыстан жеке табысқа салынатын салықты алғанға тең:

ҚТ=98,7- 4,8=93,9

2. Экономика жағдайы келесі көрсеткіштермен берілген:

- Тұтыну шығындары (С) =4600

- Инвестициялар (I)=1400

- Мемлекеттік шығындар (G)=1600

- Мемлекеттік трансферттер (ТR)=200

- Мемлекеттік қарыз бойынша %-ды төлеу (N)=200

- Салықтар (Т) =1900

Есептеңдер:

a) Жеке жинақтар;

ә) Мемлекеттік жинақтар;

б)Мемлекеттік облигациялардың бағасын (құнын) және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін шығарылған қосымша ақша көлемін.

Мына жағдай анық: тапшылық 50%-ға облигация шығарумен қаржыландырылады.

3. Игілік өндіріледі және тұтынылады дейік. Кестеде саны және бағасы (1 бірлікке) 2 кезеңге берілген Ласпейрес индексін, Пааше индексін, Фишер индексін (1992 ж.- базистік кезең) есептеңдер:

Жылдар          
  Бағасы Саны Бағасы Саны
Кітаптар        
Джинсілер        
Теледидарлар        

4. Кестеде берілген мәлімет бойынша мыналарды есептеңдер:

a) Табыстар ағыны бойынша ЖҰӨ көлемін;

ә) Шығындар ағыны бойынша ЖҰӨ көлемін;

б) ТҰӨ көлемін;

в) ҰТ көлемін.

Есепшот Млрд.теңге
1. Несиенің пайызы  
2. Жалпы жеке инвестициялар  
3. Жалақы және еңбекақы  
4. Корпорация пайдасы  
5. Жанама салықтар, салықтық емес міндеттемелер және жеке кәсіпкерлер төлейтін трансферттік төлемдер  
6. Жалға алынатын мүліктің иелеріне төленетін ренталық төлемдер  
7. Корпорация пайдасына салынатын салық  
8. Тауарлар мен қызметтің таза экспорты  
9. Тауар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу  
10. Таза жеке инвестициялар  
11. Жеке меншіктен түсетін табыс  
12. Мемлекеттік кәсіпорынға таза субсидиялар  
13. Халыққа төленетін трансферттік төлемдер  
14. Тұтыну шығындары  

5. Ұлттық өндіріс 2 тауарды қосады дейік: х (тұтыну тауары) және у (өндіріс құрал-жабдығы). Ағымды жылда – 500 бірлік x (1 бірлік бағасы – 2 теңге) және 20 бірлік y (1 бірлік бағасы – 10 теңге) тауар өндірілген. Ағымды жылдың аяғында 50 пайдаланылатын машиналар (y тауар) жаңа тауарлармен ауыстырылуы керек. Есептеңдер:

а) ЖҰӨ көлемін

ә) ТҰӨ көлемін

б) Тұтыну көлемін және жалпы инвестиция көлемін.

в) Тұтыну көлемін және таза инвестиция көлемін.

 

2.Макроэкономикалық тұрақсыздық, экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция.

ЕСЕП

1. Жұмысбастылық пен жұмыс күші тұрғысынан алғанда төмендегі тұлғалардың статусын анықтаңдар, олар былай жіктелген:

- жұмысбастылар (ЖБ)

- жұмыссыздар (ЖС)

- жұмыс күшіне қосылмайтындар (ЖКҚ)

а) Өзінің қалауымен жұмыстан босатылған жұмысшы

ә) Толық емес жұмыс күніне ауыстырылған жұмысшы

б) Өзінің денсаулығына байланысты жұмыс істеуге жарамайтын мұғалім

в) Ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай, оны іздеуді қойған жұмыстан босатылған жұмысшы

г) Күндізгі оқуда оқитын студент

д) Кешкі мезгілде оқитын автокөлік жөндеушісі

е) Үй шаруасындағы адам

ж) Белгілі бір уақытын кітапханашы болып жұмыс істеумен өткізетін үй шаруасындағы адам

2. Төмендегі кестеде белгілі бір кезеңнің 1-ші және 5-ші жылдарындағы еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтылғандықтың көрсеткіштері берілген.

 

    Бірінші жыл   Бесінші жыл  
  Жұмыс күші    
Жұмыспен қамтамасыз етілгендер    
Жұмыссыздар - -
Жұмыссыздық көлемі - -

а) Бірінші және бесінші жылдағы жұмыссыздар саны мен жұмыссыздық көлемін анықтаңдар

ә) Жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар санының бірдей өсуін қалай түсіндіруге болады?

б) Қарастырылып отырған кезеңнің бесінші жылында адамдар толық жұмыспен қамтылған деуге бола ма?

3. Келесідей деректер бар:

Жұмыспен қамтылғандар саны 90 млн адам.

Жұмыссыздар саны 10 млн адам.

Жұмыссыздық көлемін анықтаңдар.

90 млн жұмыспен қамтылған адамдардан бір ай өткеннен кейін 0,5 млн адам жұмыстан шығарылған еді; 1 млн ресми тіркелген жұмыссыздар жұмыс іздеуді тоқтатқан. Мыналарды анықтаңыздар:

а) жұмыспен қамтылғандардың санын;

ә) жұмыссыздар санын;

б) жұмыссыздық көлемін.

4. Нақты табыс қалай өзгереді, егер:

а) атаулы табыс 10 %, баға көлемі 7 % өссе;

ә) атаулы табыс 30 мың долл., ал баға индексі сол жылы 106-ға тең болған.

а) Экономикада x және y тауарлары өндіріледі. Тұтынушылар табысының жартысын x тауарын және қалған жартысын y тауарын сатып алуға жұмсайды. Бір жыл ішінде x тауарының бағасы 5%, ал y тауарының бағасы 15% өсті. Тұтыну тауарларының баға индексін анықтаңдар (өткен жылғы баға индексі =100).

ә) Дәл сондай өндірістік және бағалық шарттарда x тауарын сатып алу үшін тұтынушылар табысының жартысынан көбі жұмсалады. Тұтыну тауарларының баға индексін анықтаңдар.

4.Ұлттық табыс қалыптасу мен бөліну

ЕСЕП

1. Өнім шығару көлемі жоспарланған шығыннан асқан кезде, онда төмендегі тұжырымдарды айтуға болады

а) Өткізілмеген өнім қоры өседі, ал өнім шығару деңгейі төмендейді

ә) Өткізілмеген өнімм қоры өседі және өнім шығару деңгейі де өседі

б) Өткізілмеген өнім қоры төмендейді және өнім шығару деңгейі де төмендейді

в) Өткізілмеген өнім қоры төмендейді, ал өнім шығару деңгейі өседі

2. Жаңа технологиялық құрал енгізгеннен кейін банк жүйесінде ақша айналу жылдамдығы көбейеді. Орталық банк экономикада өнім көлемі және баға деңгейін қалыптастыру үшін ақша ұсынысын өзгертті. Орталық банктің қалыптастыру саясыты қалай болатынын графикте көрсетіңдер.

3. Алғашында экономика өзінің әлуетті (Y*) деңгейінде жұмыс істейді дейік. Кейіннен шок әсерінен әрбір баға деңгейі белгісінде жиынтық сұраныс төмендейді. Бұл қатаң жағдайында тудырады:

а) Жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауын

ә) Экономикадағы капитал қорының азаюын

б) Әлуетті ЖҰӨ төмендеуін

в) Жұмыс айлығының және бағаның жоғарылауын

4. Экономика келесі көрсеткіштермен сипатталады:

Y = C + I + G + Xn

C = 300 + 0,8Yd

I = 200 + 0,2Y

Xn = 100 - 0,04Y

G = 200

t= 0,2

Анықау керек:

а) Табыстың тепе-теңдік деңгейін;

ә) Автономды шығындар мультипликаторының көлемін.

5. Экономика төменгі мәліметтермен өрнектелген.

Нақты табыс Y = 4000 долл. Тұтынудың шекті бейімділігі МРС = 0,8. Тепе- теңдік табыс Y* = 4200 долл.

  1. а) Экономика тепе-теңдік жағдайда болуы үшін (Y* = 4200 долл.) мемлекеттік шығындар қалай өзгеруге тиісті? (Басқа шарттары тұрақты деп жорамалдаймыз.)

ә) Экономика тепе-теңдік жағдайда болуы үшін салық түсімі қалай өзгеруге тиісті?

6. Амемлекетіндегі экономиканы кейнс үлгісі төмендегідей бейнелейді.

( Баға тұрақты деп жорамалдаймыз.)

1) Cd=200 + 0,8 Yd – болжанған тұтыну шығындары.

2) GNP=Yd – ЖҰӨ

3) Id=160 – болжанған инвестиция

4) G=500 млн.долл.

Таза экспорт нөлге тең.

Y=(GNP – 500)+200+0,8 160+500

Табу керек

a) А мемлекеті үшін жиынтық шығындар қисығын салу

ә) ЖҰӨ-нің тепе-теңдік көлемін табу және графикте көрсету

б) Мультипликатордың мәнін анықтау.

7. Төмендегідей мәліметтер берілген:

Cd=1000 + 0,9 Yd

G=600

Id=390

T=400

Yd=Y - T

B=T -C

Nх=0.

a) Мемлекетте жұмыспен толық қамтылған жағдай болу үшін мемлекеттік шығындар қалай өзгеруге тиісті?

8. Экономикада төмендегідей мәліметтер берілген:

Y=5000

C=3200

I=900

G=1000

T=900

a) Мемлекет бюджетінің тапшылығын анықтаңдар.

5. Жалпы макроэкономикалық теңдестік.

ЕСЕП

1. Кестеде жиынтық сұраныстың негізгі құрауыштарының динамикасына әсер ететін бағадан тәуелсіз факторлар көрсетілген. Осы кестені толтырыңдар Екінші бағанада сәйкес келетін жиынтық сұраныстың құрауыштарын, ал үшіншісіне оның өзгерісін (өсу (+), кему (-)) көрсетіңдер.

Факторлар Жиынтық сұраныс құраушы   Өзгеріс    
а) Халықтың өсуі   тұтыну     (+)
ә) Ақшаға ұсыныстың қысқаруы    
б) Жеке салықтардың өсуі    
в) Басқа мемлекеттердегі болжанып отырған рецессия    
г) Тұрғын үйлерге бағаның өсуі    
д) Экономикада болжанып отырған рецессия    

2. Төмендегі суретте жиынтық сұраныстың (Demand) және жиынтық ұсыныстың (Supply) қисықтары берілген. Жиынтық сұраныстың қисығы солға жылжиды.

 

 

       
   
 
 

 


а) Сұраныс қисығының қозғалысы баға деңгейіне қалай әсер етеді?

ә) Сұраныс қисығының қозғалысы баға деңгейіне қалай әсер етеді? Оның көлемі қалай өзгереді.

б) Егер экономикада өнім өндіру 50%-ға қысқарса, жиынтық ұсыныс қисығы қалай өзгереді?

  1. Суретте жиынтық сұраныс қисығы көрсетілген

а) Егер жиынтық ұсыныс қисығы вертикальды сызықта, нақты ЖҰӨ деңгейі 140 млрд. Долларға тең болса онда тепе-теңдік көлемінде бағаның деңгейі нешеге тең болады?

ә) Егер жиынтық ұсыныс қисығы горизонтальды сызық, баға деңгейі 120-ға тең болса, онда тепе-теңдік ЖҰӨ нешеге тең?

б) Егер жиынтық ұсыныс функциясы келесі түрде берілсе: P = - 40+Q (мұндағы; P – баға деңгейі, ал Q – нақты ЖҰӨ көлемі), онда өнімнің нақты көлемі және баға деңгейі неге тең?

         
 
   
 
 
 

 


4. Кестеде жиынтық ұсынысты сипаттайтын мәліметтер берілген

Баға деңгейі Нақты түрдегі өндірілген ЖҰӨ
   
   
   
   
   
   
   
   
   

а) Табу керек:

1) Жиынтық ұсыныс қисығы кейнстік кесіндіде болғанда, нақты ЖҰӨ көлемі қандай арлықта өзгереді?

2) Жиынтық ұсыныс қисығы классикалық кесіндіде болғанда, нақы қандай ЖҰӨ көлемі және баға деңгейі қандай аралықта өзгереді?

3) Жиынтық ұсыныс қисығы аралық кесіндіде болғанда, нақты ЖҰӨ көлемі қандай арлықта өзгереді?

ә) Төмендегі суретті пайдаланып, жиынтық ұсыныстың графигін сыз.

б) Кестеде жиынтық сұраныс функциясының 3 варианты берілген. Төмендегі кестеде берілген 3 вариантқа сәйкес келетін АД1, АД2 және АД3 жиынтық сұраныс қисығын сыз, 3 варианттың әрқайсысына ЖҰӨ тепе-теңдік көлемін және бағаның тепе-теңдік деңгейін анықтаңдар.

Баға деңгейі   Нақты ЖҰӨ көлемі
(1) (2) (3)
       
       
       
       
       
       
       

5. Суретте 6 Жиынтық сұраныс қисығы және жиынтық ұсыныс қисығы берілген.

а) Егер оның сұраныс қисығы АД1-ден АД2-ге; АД3-тен АД-ке; АД5-тен АД-ға орын ауыстыратын болса, онда жиынтық сұраныстың динамикасын анықтаңдар.

AS

 
 

 


АД6

 

АД5

АД4

АД2 АД3

АД1

 

Нақты ЖҰӨ

ә) АД1 қисығының АД2-ге орын ауыстыруы нақты ЖҰӨ мен баға деңгейінің динамикасына қалай әсер етеді?

б) АД3 қисығының АД4-ке орын ауыстыруы нақты ЖҰӨ мен баға деңгейінің динамикасына қалай әсер етеді?

в) АД5 қисығының АД6-ға орын ауыстыруы нақты ЖҰӨ мен баға деңгейінің динамикасына қалай әсер етеді?

г) Егер суреттегі АД қисығы солға жылжыса, жиынтық сұраныс қалай өзгереді?

д) Егер АД солға жылжыса, онда жиынтық сұраныстың өзгеруі ЖҰӨ мен баға деңгейінің динамикасына қалай әсер етеді?

 

6.Тауарлар және ақша нарықтарындағы тепе теңдік.Ақша нарығы.

1. Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша М1, М2, М3 ақша

агрегаттарының көлемін анықтаңдар.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.027 сек.)