АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ГЛОССАРИЙ 6 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница
  млрд.долл.
Аз көлемді қысқа мерзімді салымдар Көп көлемді қысқа мерзімді салымдар Чектік салымдар Чексіз жинақтық салымдар Қолда бар ақша  

2. a) Айталық, шарт жасасуға арналған әр теңге орта есеппен жылына 6 рет айналады және соңғы тауар немесе қызмет көрсетуді сатып алуға бағытталады. ЖҰӨ атаулы көлемі 2400 млрд.тг. Шарт жасасуға арналған ақшаға деген сұраныс көлемін табыңдар.

ә) Кестеде активтерден әр түрлі пайыз мөлшері бойынша ақшаға деген сұраныс мөлшері көрсетілген.

а) Мәліметтерді қолданып, ақшаға деген жалпы сұранысты көрсетіңдер.

б) Ақша ұсынысы 480 млрд. тг. болды. Тепе- теңдік пайыздық қойылымды анықтаңдар.

 

Пайыздық қойылым (%) Ақшаға сұраныс көлемі
активтер бойынша жалпы
     
     
     
     
     
     
     

 

3. Айталық.Сіз қолда ұстағыңыз келген ақша сомасы 150 мың тг. тең.

Сіз оны 50 мыңға дейін қысқартып, қалған 100 мың теңге банктегі ағымдағы шотыңызға салдыңыз.

Ақша базасы қалай өзгереді? Банк резервінің жалпы сомасы қалай

өзгереді? Сіздің ісіңіз алғашқыда және соңында М ақша агрегаты көлемінің өзгеруіне қалай әсер етеді?

4. Коммерциялық банктің резерв сомасы 230 млн. теңге, ал депозиттер көлемі 800 млн. теңге. Депозиттегі міндетті резерв нормасы 25%. Егер банк өзінің барлық артық резервтеріне несие беретін болса, ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?

Шешуі:

20%-дық резервтеу нормасында міндетті резервтер Rr= 800 * 0,25 = 200 млн. теңге;

Бұдан шығатын артық резервтер мынаған тең:

Re = 230 – 200 = 30

Егер олардың барлығы несие беруге жұмсалса, онда қосымша ақша ұсынысы келесідей болады:

ΔМ = 30* (1/0,25) = 120 млн. теңге

Бұл жағдайда біз тек банктік мультипликаторды ғана (1/rr) қолдана аламыз.Себебі бізде ақша базасы және қолма-қол ақшаның депозиттерге қатынасы туралы мәліметтер жоқ. Алынған сома ақша ұсынысының ең жоғары шегі қаншаға артуы мүмкін екенін көрсетеді.

5. Міндетті резервтер нормасы 15%. Коммерциялық банк депозиттер көлемінің 5% -ын артық резерв ретінде сақтап отыр. Егер депозиттер көлемі 9000 теңге болса, банк несие беру үшін қандай ең жоғары шекті соманы қолдана алады.

6. Орталық банк коммерциялық банктерден 150 млн. теңгеге мемлекеттік облигацияларды сатып алды. Егер коммерциялық банктер өздерінің барлық несиелік мүмкіндіктерін қолданса, депозиттердегі резерв нормасы 15 % болған жағдайда ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?

7. Кестеде берілген мәліметтер бойынша: а) М1; ә) М2; б) М3 табыңыз.

 

  Млн. теңге
Шағын жедел салымдар  
Ірі жедел салымдар  
Чексіз салымдар  
Қолма-қол ақшалар  
Чексіз жинақ салымдары  

8. Мәмілеге арналған әр доллар жылына 5 рет айналып,аяғында соңғы тұтынуға арналған тауарды сатып алуға жұмсалады делік. ЖҰӨ атаулы көлемі 2500 млрд. теңгені құрайды.

а) Мәмілеге арналған ақша сұранысының мөлшері қанша?

ә) (а) сұрағына жауапты пайдалана отырып, кестедегі әрбір пайыз мөлшерлемесіне сәйкес жалпы сұраныс көлемін табыңдар:

Пайыз мөлшерлемесі(%) Ақша сұраныс көлемі (млрд. теңге)
Активтер тарапынан Жалпы сұраныс
     
     
     
     
     
     
     

б) Егер ақша ұсынысы 620 млрд. теңге болса пайыздық тепе-теңдік мөлшері қандай?

 

Пайыз мөлшерлемесі(%)   Ақшаға сұраныс көлемі (млрд. теңге)
Активтер тарапынан Жалпы сұраныс
     
     
     
     
     
     
     

 

9.Мемлекет бюджетінің тапшылығын қысқарту және инфляция деңгейін төмендету үшін үкімет салықты өсіреді. IS-LM үлгісін қолдана отырып графигін көрсетіңдер және пайыз мөлшерін өзгертпес үшін Ұлттық банк қандай шаралар қолданады?

 

 

R

LM`

 
 


LM

Rо P

A IS

 

IS`

 

Y

Y2 Y1

10. Мемлекеттік сатып алу 500, салық функциясы T = 0,4Y, трансферт функциясы F = 0,2Y, баға деңгейі: P = 1. Пайыз мөлшерлемесі R = 0,1 болғандағы қарыз D = 1000. Нақты өндіріс көлемі 2000, ал әлуетті өндіріс көлемі 2500-ге тең.

а) Мемлекеттік бюджет сальдосы оң мән бе, әлде теріс мән бе?

ә) Мемлекеттік бюджеттің циклдік тапшылығы қанша?

3. Экономика келесідей мәліметтермен берілген.

C = 20 + 0,8 (Y – T + F) (тұтыну)

I = 60 (инвестиция)

T = 40 (салықтар)

F = 10 (трансферттер)

G = 30 (мемлекеттік шығын)

а) Тепе-теңдік кіріс деңгейін есептеңдер.

ә) Мемлекет салық деңгейін 40-тан 50-ге дейін жоғарылатты (мемлекеттік шығындар G = 30).

7.Ашық экономика

Есеп

  1. Экономика төмендегідей мәліметтермен сипатталған:

1) Тауардың экспорты 24780 долл.

2) Тауардың импорты 26857 долл.

3) Мемлекет азаматтары шетелден келген пайыз түріндегі шетелдік инвестициялардан 4122 долл. мөлшерінде табыс табады.

4) Мемлекет шетелдік инвесторларға пайыз түрінде 1708 долл. мөлшерінде табыс төлейді.

5) Берілген мемлекет азаматтарының туризмге шығындары 1818 долл.

6) Берілген мемлекеттің туризмнен алатын табысы 1670 долл.

7) Мемлекеттің біржақты трансферттері 2472 долл. Тең.

8) Мемлекеттен капиталдың кетуі 4282 долл.

9) Мемлекеттен капиталдың түсімі 6565 долл.

а) Осы мәліметтерді қолданып, ағымдағы шоттың айырмасын, мемлекеттің қаржылық шотын және төлем балансын есептеңдер;

ә) Мемлекеттің ресми валюталық резервтер мөлшерінің өзгерісі қандай?

2.Экономика келесі мәліметтермен берілген:

Ағымдағы операциялар теңгерімі = 200

Капитал шотының теңгерімі = -240

Ресми резервтер = +40

а) Төлем теңгерімі бұл жағдайда активті ме әлде пассивті бола ма?

б) Валюта резервтерімен жүргізілетін операциялар осы елдің экономикасына

қалай әсер етеді?

3.Шағын ашық экономикада өндіріс көлемі өндірістік функциямен берілген деңгейде қалыптасқан. Тұтыну қолдағы табыстан оң шамада тәуелді және C=80+0,8(Y-T) құрайды. Автономды таза салықтар 150, инвестициялар- 100, мемлекеттік шығындар-200. Таза экспорт NX=20+30eP*/P=80. Мемлекеттік шығындар 30 ұлғайғанда ұлттық валюта қаншалықты нақты құнсызданады және таза экспорт мөлшері қандай?

4.Төменде фунт стерлинг нарығында сұраным мен ұсыным картасы берілген:

 

Фунттың бағасы (доллармен) 2,00 2,10 2,20 2,30 2,40 2,50
Фунт ұсынысының мөлшері (млн.)            
Фунт сұранысының мөлшері (млн.)            

 

а) АҚШ Федеральді Резервтік Жүйесі валюта бағамын 1 фунт стерлинг = 2,10 доллар деңгейінде бекітеді. Бұл жағдайда ФРЖ фунт сатып алып-сатуына бола ма? Егер болса, қандай мөлшерде?

 

 

8. Экономикалық өсу

 

1. Елдің экономикасы Y=A*K*L түріндегі өндірістік функциямен сипатталған. Егер капитал өсімінің қарқыны жылына 3%, ал жұмыспен қамтылғандар саны жылына 2%, жалпы факторлардың өнімділігі жылына 1,5% өскені белгілі болса, онда өндіріс көлемі қалай өзгереді?

 

Шешуі:

Y=A*K*L=∆A/A+ Ө* ∆K/K +(1-Ө) *∆L/ L =1.5%+0,4*3%+0,6%*2%=3,9%

 

2. Өндірістік функция Y=2K*L түрінде берілген. Елдің тұрғындары санының өсуі жылына 1% құраған. Мемлекет жыл сайын өндіріс көлемінің 10% жинақтайды. Ығысу нормасы жылына 3% тең. Технологиялық прогресстің қарқыны жылына 2% құрады. Осы жағдайда бір жұмыспен қамтылған түрғынға шаққандағы тұтынудың тұрақты деңгейі нешеге тең?

 

4. КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

4.1.Макроэкономика пәні бойынша курстық жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар

Жазбаша жұмыстардың ұсынылатын тақырыптары оқылатын пәннің маңызды және барынша өзекті мәселелеріне негізделген. Курстық жұмыстарды жазу студенттердің макроэкономика курсы пәнін оқу процессінде алған практикалық білімдерін тереңдетіп, бекітуге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың тақырыптары студенттердің сынақ кітапшасының соңғы 2 цифрымен анықталады, мысалы 22, 35. Ал 45-тен кейінгі номерлердің тақырыптары. сынақ кітапшасының соңғы цифрымен анықталады, мысалы сынақ кітапшасының номері 47 немесе 52 болса..7,..2 тақырып таңдалады..

Курстық жұмыстарды дайындау кезінде сәйкес тақырыптарға байланысты қарастырылатын сұрақтарды нақтылау үшін оқулықты пайдаланып, университет кітапханасының базасында бар барлық әдебиеттер тізімін қарастырып, барлық қолда бар басылымдарды және басқа да ақпарат көздерін қолдану қажет.

Курстық жұмыстардың тақырыптары бітіру жұмыстарының тақырыптарын таңдауға негіз бола алады, ал бітіру жұмыстарының тақырыптары ғылыми жетекшімен бірігіп, студенттердің алдағы жұмыс орнына және оның бұрын орындаған реферат немесе курстық жұмыстарының тақырыптарына байланысты анықталады.

Курстық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Курстық жұмыс өз еркімен таңдап алған тақырыпқа және құрылған жоспарға сәйкес өз бетімен орындалады.

- Зерттеу жұмысының міндетті шарты статистикалық мәліметтер, газет,журналдардың және басқа да мерзімдік басылымдардың мақалаларын, INTERNET- желінің мәліметтерін қолдану болып табылады.

- Кіріспеде (көлемі – 1-2 бет) мәселе қойылады, оның мәні, мәселенің мақсаттары мен міндеттері, зерттеу әдістемесі анықталады. Бірінші бөлім (көлемі шамамен-8-10 бет) теориялық бөлім және таңдалынған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу арқылы зерттеуді негіздеу болып табылады. Теориялық сұрақтарды мазмұндау қарастырылған әдебиеттерге қысқаша шолу түрінде болу керек. Екінші бөлім (көлемі шамамен-10-12 бет) мәні, мазмұны және көлемі жағынан негізгі бөлім. Екінші бөлімде қолданылған статистикалық мәліметтер негізінде зерттелетін мәселеге талдау жүргізіп, (SWOT-талдау әдісін қолданған дұрыс) іс жүзінде мысалдар келтіру қажет. Үшінші бөлім (көлемі шамамен-10-12 бет) –нұсқау түрінде, зерттеу жүргізген тақырып мәліметтері арқылы қортынды мен ұсыныстардан тұрады, Қазақстандағы нақты жағдайларды есепке алып, шетел тәжірибелерін қолданудың мүкіндіктерін қарастырады. Қортынды (көлемі – 1-2 бет) – зерттеудің барлық теориялық және практикалық нәтижелерін жалпылап, анықталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар жасайды.

- Зерттеу жұмысының жалпы көлемі компьютермен тергенде (14 шрифт, жол арасы 1,5) және кесте, графиктер және қосымшаларды қосқанда 30-35 беттен аспауы керек. Жұмыс жеке беттерде (шеттері: жоғарғы жағы -2 см, төменгі жағы-2 см, оң жағы-1 см, сол жағы-2.5 см) орындалады.

- Жұмыста келтірілген цитаталар мен сандық мәліметтерге әдебиеттер тізімі бойынша қолданылған әдебиеттің реттік санын және бетін көрсетіп міндетті түрде сілтеме жасалады., мысалы: «…………» (5, бет 321). Жол аяғындағы ескертуде келтірілетін сілтеме араб цифрымен белгіленіп, әдебиеттер тізіміндегідей рәсімделеді: автордың аты-жөні, тегі, жұмыстың толық атауы, шыққан жері, баспасы, шыққан жылы мен беті көрсетіледі. Берілген әдебиетті қайтадан қолданғанда шыққан жері, баспасы, шыққан жылы жазылмайды.

- Қосымша ретінде схемалар, графиктер, суреттер мен фотолар қолданылуы мүмкін.

- Зерттеу жұмысы қолжазба түрінде орындалуы мүмкін. Қолжазба түріндегі жұмыс көлемі-30-35 бет.Жұмыс сауатты, таза жазылып, бөлімдер міндетті түрде бөлек көрсетіліп, беттері белгіленеді. Қабылданған сөздерден (США, ҚР және т.б).басқа сөздер қысқартылмай толық жазылады.

- Жұмыстың аяғында міндетті түрде библиографиялық рәсімдеу ережелерін сақтай отырып қолданылған әдебиетер тізімін (15 әдеби көзден кем емес) келтіру керек. Жұмыс оқу алдын-ала қорғаудан өтеді. Көрсетілген мерзімнен кейін тапсырылған жұмыстың бағасы 5 % төмендейді.

- Әрбір тыңдаушы курстық жұмысын оқудың соңғы жұмасында таныстырады. Жұмысты таныстыруға 5-7 минут және 5 минут талдауға беріледі.

- Курстық жұмысының құрылымы келесідей элементтерден тұруы тиіс:

• Сыртқы беті

• мазмұны

• кіріспе

• 1 бөлім

• 2 бөлім

• 3 бөлім

• қортынды

• қолданылған әдебиеттер тізімі

• қосымшалар

(үлгі)

ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

 

«Микро және макроэкономика» кафедрасы

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

 

Орындаған студент: ________________________________________________

топ: ____________ мамандығы______________________________________

 

 

Жетекші:

оқытушы ________Габдуллина Л.Б.

 

Күні: __________________

Бағасы: __________________

 

 

Семей қаласы 2009 ж.

4.2. Курстық жұмыстардың тақырыптары:

  1. Макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың Қазақстан Республикасы бойынша динамикасы
  2. Еңбек нарығы және оның ҚР-ғы ерекшеліктері.
  3. AD-AS модель және ҚР-ғы тұрақтандыру саясаты
  4. Инвестиция және ҚР-ғы инвестициялық саясат.
  5. Тұтыну және қор жинау, олардың ҚР-ғы көрінісінің ерекшеліктері.
  6. ҚР-ғы еңбекақы жүйесі,нақты табыстар мен орташа жалақының динамикасы.
  7. Жұмыссыздық: макроэкономикалық теориясы және ҚР-ғы мәселелері мен жою жолдары.
  8. Инфляция: макроэкономикалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат.
  9. ҚР-ғы инфляция мәселелері және оны реттеу.
  10. ҚР-ғы монетарлық саясат.
  11. Ақшаның қазіргі заманғы және сандық теориясы.
  12. ҚР-ғы фискальді саясат.
  13. ҚР-ның ақша агрегаттары мен ақша базасын талдау.
  14. ҚР-ғы ақша нарығы.
  15. IS модельі, фискальді саясаттың ықпалы, мемлекеттік шығындар мультипликаторы.
  16. Салық жүйесі мен салық мультипликаторы.
  17. LM модельі; монетарлық саясаттың ықпалы, ақша мультипликаторы.
  18. Игіліктер нарығы: макроэкономикалық теориясы, ҚР-ғы ұтыну нарығының ерекшеліктері.
  19. IS –LM модельін талдау, оған экономикалық саясаттың әсері.
  20. Қор нарығы, оның ҚР-ғы даму ерекшеліктері.
  21. Экономикалық өсудің факторлық модельі және қазіргі заманғы теориялары.
  22. Экономикалық өсуге технологиялық прогресстің ықпалы.
  23. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің ерекшеліктері.
  24. Қр-ғы экономикалық өсу.
  25. Дамушы елдердегі экономикалық өсудің ерекшеліктері.
  26. Төлем балансы және ҚР-ның өлем балансының сипаттамасы.
  27. Ашық экономика үшін AD-AS модель. Сауда балансы.
  28. Халықаралық валюта жүйесінің қалыптасу мен даму кезеңдері
  29. Валюта курсының қазіргі заманғы режимдері.
  30. Ұлттық қорлану (қор жинау)- инвестицияның қайнар көзі.
  31. Ұлттық валютаның айырбас бағамының1998-2008 жж динамкасын талдау.
  32. Ұлттық резервтер, олардың тұрақтандырушы рольі.
  33. ҚР-ның БСҰ ену мәселелері мен тиімділігі.
  34. ҚР-ғы мемлекеттік қарыз және бюджет тапшылығы.
  35. Өмір сүру деңгейі және оның көрсеткіштері.
  36. Ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігі және жаһандану мәселесі.
  37. Экономика саласындағы Нобель сыйлығының лареаттарының макроэкономикалық зерттеулері
  38. АҚШ пен ЕО: макроэкономикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы.
  39. Макроэкономикалық тұрақсыздық.
  40. ҚР-ның Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын талдау.
  41. Кедейшілік және онымен күресу жолдары
  42. ҚР-ның валюта нарығы.
  43. Қазіргі кезеңдегі ҚР-ның экономикалық дамуының ерекшеліктері.

44. Жұмыссыздық пен инфляцияның өзара байланысы.

45. ҚР-ғы сыртқы сауда саясатының ерекшелігі

 

 

4.3. Макроэкономика пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар

Тақырып – бақылау жұмыстының жай ғана атауы емес. Тақырып – нақты ғылыми міндетті шешуден туған құбылыс. Сондықтан алдымен, шешпек болып отырған мәселені анықтап алу керек. Мәселе дегеніміз белгілі бір ғылым саласындағы неғайбыл жағдай, яғни мәселенің ықтимал және нақты күйі арасындағы айырмашылық. Курстық жұмыс үшін мәселе осы неғайбылдықты барынша айқын дәлелдейтін объективтік әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен сипатталған болуы керек. Зерттеудің объектісі мен пәнін анықтаңыз. Объект– қандай бір мәселенің әлеуметтік-экономикалық жүйесі. Пән – дегеніміз объектінің тиісті саласы.

Бақылау жұмысы студенттің кафедраның белгілі бір пәні бойынша өзі таңдап алған тақырыпты тереңдетіп оқу мүмкіндігін тексеруге бағытталған. Ол қажетті кесте, сызба, диаграммалар, әдебиеттер тізімін қосқанда он екі беттік дәптер көлемінде орындауы қажет. Тақырыбы кафедра бекіткен бақылау жұмыстарының тақырыптарына сәйкес келуі керек. Жұмыс жоспары қажет. Жұмыс мазмұны мен қолданылған әдебиеттер тізімі жасалған жоспарға сәйкес болуы қажет.

Студент бақылау жұмысын орындау сұрақтары бойынша берілген пәнді жүргізетін оқытушыдан кеңес алуға құқығы бар, бірақ жоспарын, мазмұнын және барлық сұрақтарға жауап беруді талап ете алмайды. Барлық тақырыптар берілген пәннің типтік және жұмыс бағдарламасының құрылымын көрсетеді.

Әдебиеттер ретінде оқулықтар, экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша оқу-әдістемелік құралдар ғана емес, сондай-ақ мезгілді әдебиеттерден журнал мақалалары да пайдаланылады. Мысалы: «Қаржы-қаражат», «Саясат», «Аль Пари», «Транзитная экономика», «Ақиқат» және т.б.

Әдебиет таңдағанда студентке «Макроэкономика» «Экономикалық теория», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Әлемдік экономика» пәндерінің жұмыс бағдарламаларындағы әдебиеттер тізімі көмектеседі. Сондай ақ, кафедрада оқу процессін кітаппен қамтамасыз ету журналы бар.

Әдебиетпен жұмыс істеп отырып мыналарға назар аударыңыз:

· сіздің зерттеу салаңыздың жалпы сипаттамасына, маңыздылығына және міндеттердің көкейкестілігіне;

· бұл саладағы негізгі зерттеу бағыттарының жіктелуіне, тәжірибеде қолданылатын нәтижелерге, мәселені шешудегі түрлі көзқарастарға;

· зерттеудің әр бөлімі бойынша қажетті ғылыми нәтижелерге;

Бақылау жұмысын бағалағанда студенттің өз бетінше экономикалық талдау мен қортындылар жасауға экономикалық концепцияларды нақты мысалдармен негіздеуге, сонымен қатар жұмыс мәтінің, сызба, кесте және т.б.ұқыпты орындауға тырысуы есепке алынады.

Басты назарды тақырыптың теориялық негіздеріне аудару керек; бұл уақытта теориялық ережелерді мүмкіндігінше кесте, сызба, графикпен белінелеу қажет. Мысалы, графиктер мынадай теориялық бағыттарға қажет: экономиканы мемлекеттік реттеуге көзқарастардың дамуы, еңбек нарығы (еңбекке сұраным мен оның ұсынымының қисығы), ақша нарығы, салық және салық саясаты (Лаффер қисығы), мемлекеттік әлеуметтік реттеу (Лоренц қисығы), жалақы мен жұмыссыздық (Филлипс қисығы)

Макроэкономика пәнінің тақырыптарының бақылау жұмысының мазмұнын нақты практикалық мысалдармен бекіту керек және көбінесе Қазақстан Республикасы бойынша материалдарды белсенді қолдану ұсынылады. Мысалы: республиканың бюджеттік, салықтық, әлеуметтік, инфляцияға қарсы және сыртқы экономикалық саясатындағы қазіргі заманғы жетістіктері мен кемшіліктері. Жұмысты орындау кезінде негізгі теориялық тапсырмалар мен аналитикалық қорытындыны ауылшаруашылық тәжірибесі және экономикалық саясатқа негіздеу керек. Экономиканың ұлттық моделімен салыстыру, халықаралық тәжірибеде әлеуметтік-экономикалық мәселені шешу, салыстыра талдау бақылау жұмысының маңыздылығын арттырудың тиімді әдісі болып табылады. Әлеуметтік экономикалық дамудың әртүрлі салаларын мемлекеттік реттеуге дамыған және дамушы елдер бойынша салыстырмалы талдау жасаған дұрыс.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.019 сек.)