|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Студент ____________________________Aktobe Regional State University Named after K.Zhubanov The Practical Course of English Part 2 Aktobe Мамандық _________________________ Курс ________ Академиялық топ: __________________ Студент ____________________________ Оқытушы: _________________________ Пән ағылшын тілі (__ кредит)
ОСӨЖ уақыты___________________________________________________ КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТЫ: Жоғары оқу орнында ағылшын тілін оқыту өзіндік мән-мазмұны, құрылымы бар толық аяқталған курс болып табылады. «Қазіргі заман тілдері: тіл үйрету,оқыту,бағалау» сәуір айындағы 1997 ж.Европа одағы қолдаған жалпы еуропалық біліктілік стандартына қол жеткізу бағытталған. Ағылшын тілі курсының жұмыс бағдарламасы жалпы білім беретін цикл бойынша міндетті түрде оқытылатын «Шетел тілі» пәні Типтік оқу бағдарламалары талаптарының негіздері бойынша әзірленген (Алматы, 2005). «Шет ел тілі» курсының құрылымы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес барлық жаратылыстану–гуманитарлық саласындағы мамандықтардың бәріне бірдей 6 кредит белгіленген. Ағылшын тілін үйрету «Жалғастырушы»(А варианты) бойынша жүргізіледі. КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ: - Студенттерді күнделікті өмірде, тұрмыста кездесетін тілдік формалар, ауызекі сөйлесу тілі және белгілі бір мамандық саласында күнделікті өмірде,кәсіби қарым-қатынас жасағанда шет ел тілін белсенді қолдана білуге үйрету. - тілдік білімдерді оқыту, бағдарламамен алдын ала ескерілгендерін, білімдерге және кәсіпшілік, ұлттық-мәдениеттілік және жалпы адамдық хабарға тарту. КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: Ағылшын тілі бағыты оқуының алдында студент әліпби, оқу негізгі ережелері тиісті білу; сөздікпен жұмыс істеуге тиісті білу.
КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: Берілген курсты сәтті аяқтағаннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгеру керек: - Фонетика: дыбыстардың оқылу ережелері және алфавиттегі әріптерді сөз тіркесінде, әріп тіркестерінде, сөйленімдерде,дұрыс айту; - орфография: белгілі бір дыбыстарға сәйкес келетін әріптер мен әріп тіркестерін жаза білу,негізгі тілдік қолданыста жиі кездесетін белгілерінің орфография жағынан дұрыстығы, сәйкестігі. - лексика; сөзжасам үлгілері, көп мағыналы сөздердің контекстегі мағынасы, оқытылатын мамандыққа байланысты терминдер мен лексикалық құрылымдар; - грамматика: негізгі жаратылыстану-гуманитарлық мамандықтары саласында жиі кездесетін грамматикалық құбылыстар.
Шетел тілі курсын аяқтау мерзімінде студенттер білу керек: - оқү: мәтіндерді сөздікпен және сөздіксіз оқү, мәтіннен қажетті ақпаратты табу; оқыған мәтіннің мағынысын түсіну және есте сақтау; - жазу: іс-қағаздарын толтыру, оқытылатын шет ел тілінің тілдік нормасына сәйкес жеке адам тынан немесе ресми қысқаша хат жазу; - аудару: аударма ережелерін сәйкес сөздікті қолданып, шет ел тіліндегі мәтінді ана тіліне мәтіндерді аудару; - тыңдап түсіну (аудирование): шет ел тіліндегі айтылған сөйлемдерді тыңдап түсіну; - сөйлеу: сөйлеу ережелеріне сәйкес өз ойын,пікірін шет ел тілінде қалыптасқан тілдік нормаға сай жеткізу,сұрақ қою,сұраққа жауап беру,оқытылған тақырып бойынша шет ел тілінде әңгімелесе білу. Өзі оқыған,тыңдаған мәтін мазмұнын айтып беру. (А2-В1дәрежелер бойынша шет тілінен сөйлеу жалпы еуропалық біліктілік стандартына сәйкес) ОҚЫТУ ӘДІСІ: Ағылшын тілінің курсы коммуникативтік бағытталған әдістемеге сүйенеді (Е.И.Пассов). Шет тілінде оқыту аудиториялық практикалық сабақ түрінде жүргізіледі. Студенттерге тақырыптар тізімі беріледі. Әр тақырыпта өзінің лексикалық минимумы, грамматикалық ережелері және оған қоса мәтіндер арнаулы тапсырмалармен беріледі. Сабакта лексиканы презентациялау, грамматиканың семантизациясы, әнгімелесу әдістері қолданылады. Практикалық әдіске байланысты жаттығулар, тренингтер және көрнекті қуралдар мен іздену әдістемелері қолданылады. Әр сабақта негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу мен аталған түсініктерді конспект түрінде жазып отыру әр студентке міндетті. Оқытушы материалды әр студентке жеке бермейтіндіктен, материал болмаған жағдайда басқа студенттен көшіріп алу қажет. Студент әр сабаққа дайындалуы тиіс. Аудиториялық сабақта студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары ұсынылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады. Егер студентке өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады. БІЛІМДІ БАҒАЛАУ: Ағымдық бақылау: курс барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау әдістері қолданылады: жазбаша бақылау жұмысы, үй тапсырмасы (жазбаша тапсырмалар т.с.с.), ауызша сұрау, тест тапсырмалары, іздену жұмыстары (мәнжазба, презентация), т.с.с. Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, тапсырмаларды қамтып, меңгерген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалауға мүмкіндік береді. Аудиториялық жұмыс: жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындау (лексикалық және грамматикалық тақырыптар, мәтінмен жұмыс жасау) Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар тапсырмаларын, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды орындау, ситуацияларды талдау, күнделікті ақпараттық материалдарды пайдалану ескеріледі. Үй тапсырмасы: Ү й тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі. Бақылау жұмыстары: оқытылған тақырыптарды қосымша сұрақтар арқылы студенттердің білімін бақылау, өткен тақырыпты қайталау. Шығармашылық талаптарға арналған тапсырмалар: студенттерге белгілі бір тақырыпқа байланысты тапсырма беріледі. Олар елтану тақырыбына қатысты реферат, альбомдар, буклеттер, схемалар және кестелер түрінде беріледі. Студенттер өз ана тілінде әлде оқып жатқан шет тілінде дайындауы тиіс. Тапсырмалар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды. Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тест семестрде екі рет 7 және 15 апталарда өткізіледі. Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік немесе бланк тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша тапсырмалар берілмейді. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді. Қорытынды баға: семестр соңында студенттер барлық пәндер бойынша 100 балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады. КУРСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ:
БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:
СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДА ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕСІ: Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында кіруге міндетті. Қатысым семестр бойына тексеріледі. Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады. Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Мысалы: ылғи келіспей отыру, өзге студенттердің сөзін бөлу, теріс пікір білдіру, сонымен қатар қорқыту, күш көрсету, мезгілсіз телефонды пайдалану, біреудің арына тиісу, тапсырманы орындаудан бас тарту т.б. · Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. Кешіккен жағдайда, оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеу құқы бар. · Аудиториямен жұмыс уақытында сабаққа кедергісін келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндіріп қою қажет. · Кейбір материалдар практикалық сабақ барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын пайдаланулары тиіс.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.) |