АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Унгымаларды бургылау кезіндегі геологиялык, геофизикалык, геохимиялык

Читайте также:
  1. Жер койнауы мунайгаздылыгынын геохимиялык жане гидрогеохимиялык корсеткіштері
  2. МГ багалау жане іздеу-барлау жумыстарындагы геохимиялык зерттеулер

Зерттеу жумыстары

Ұңғыманы бұрғылау процесіндегі геологиялық зерттеулер.Литологиялық, коллекторлық қасиеттері, ашылатын қабаттың қанығу сипаттамасы туралы ақпаратты тау жыныстардың үлгілерін (керн) алып зерттеу арқылы жүргізіледі. Өнімді горизонттардан керн арнайы қабылдау құбырымен сусыз ерітіндімен бұрғылау арқылы алынады. Жер бетіне шығарғаннан кейін құбырлар 50-70 см сегменттерге кесіліп, берік бітеп, лабораторияға жіберіледі. Берік бітеу (герметизация) кернде судың, мұнайдың сақталуы үшін қажет. Мұнаймен қаныққан үлгітастар парафинмен берік бітеуленеді. Кернді нөмірлеу және тізімге тіркеу ұқыпты жүргізілу қажет. Керн ұзындығы 1м, ені 0,6 м арнайы жәшіктерге рет-ретімен салынады. Бұзылып, талқанданған керн қапшықтарға салынып этикеткамен жабдықтанады.

Кернді, шламды және грунттарды сақтау.Керн бұрғылау қондырғысында арнайы керн қоймасында сақталады, бұрғылау жұмыстары аяқталғаннан кейін орта-керн қоймасына жеткізіледі. Тіректік, параметрлік ұңғымалардың керні түгелдей орталық қоймада сақталады. Барлау ұңғымаларының керні қор есептеуін бекіткенге дейін сақталады.

Кернді жою әр ұңғыма бойынша арнайы актімен жүргізіледі.

Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу (ГИС).Ұңғымаларды кәсіптік-геофизикалық зерттеу жұмыстарының мақсаттары:

- қабаттарды литологиялық құрамына қарай бөлшектеу. Олардың қалыңдығын және жатыс тереңдігін анықтау;

- мұнайгазбен қаныққан қабаттарды белгілеу, олардың фильтрациялық сыйымдылық қасиеттерін анықтау;

- ұңғыманың техникалық жағдайын бақылау;

- кенорнын пайдалану (өндіру) жағдайын бақылау.

Бұл жұмыстарды жүргізу үшін әртүрлі каротаж тәсілдерін қолданады. Электрлік, радиоактивтік, акустикалық, газдық каротаж. Сонымен бірге ұңғыманың диаметрі, профилі, еңкіштігі анықталады.

Геологиялық, геофизикалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде геологиялық-геофизикалық қима құрастырылады, бұрғылау мәліметтері бойынша құрылымдық карта жасалады.

Геофизикалық зерттеулердің кешені ұңғыманы құру жобасында белгіленеді. Қиманың геологиялық сипаттамасын айқындау үшін міндетті кешен әдістері жүргізіледі.

КК (КС)- кедергі каротажы, тау жыныстың элетрлік кедергі мөлшері каротаждық зонд көмегімен анықталады.

ПК (ПС)- өздігінен полюстену потенциалдарының каротажы. Бұл әдіс электрлік каротаждың басты әдістерінің бірі.

ҰД (ДС, каверномер)- ұңғыманың диаметрі. Нашар цементтелген (саздар, сазды алевролиттер) жыныстарда ұңғыма диаметрі кеңейеді, кеуекті жыныстарда су қайтарымдылықтың әсерінен тарланады.

ГК- гамма каротаж. Шөгінді тау жыныстарында лайлы, сазды бөлшектердің көбеюімен оның радиоактивтігі көбейеді. Тау жыныстардың саздану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

НГК- нейтрондық гамма каротаж екінші гамма сәулелерді өлшеуге негізделген. Олардың қарқындылығы тау жыныстардағы сутектің мөлшеріне тәуелді. Сумен қаныққан саздар, өте кеуекті және өткізгіштігі жоғары құмтастар, карбонатты жыныстар НГК сызығында минимуммен белгіленеді.

КК, ПК, ДС, ГК, НГК – стандартты каротаж, ұңғыманың сағасынан түбіне дейін 1:500 масштабта жүргізіледі.

Арнайы геофизикалық зерттеулер.

АК- акустикалық каротаж, тау жыныстар арқылы өтетін серпінді толқын сипаттамаларын зерттеуге негізделген. Бұл әдіс қиманы литологиялық бөлшектеу, коллекторларды белгілеу, кеуектілікті, жарықшақтықты бағалау үшін қолданылады.

ДК- диэлектрлік каротаж электромагниттік өріс сипаттамаларын өлшеуге негізделген. Мұнайлы және сулы қабаттарды белгілеу үшін қолданылады.

ЯДР – ядролы-магниттік каротаж, мұнайлы және сулы қабаттарды белгілеу үшін қолданылады.

МКЗ – микрозондтармен каротаждау, шағын мөлшерлі каротаж зондын пайдаланып жүргізілетін кедергі каротажының жекелеген түрі.

Инклинометрия – бұрғылау ұңғымасы өсінің кеңістіктегі жағдайын бақылау әдісі. Ұңғыманың тік бағыттан қисаю бұрышын және азимутын өлшейді. Әрбір 100 метр сайын анықталады.

Газдық каротаж – сазды ерітіндіге тау жыныстардан өтетін көмірсутекті газ мөлшерін өлшеу арқылы газды және мұнайлы қабаттарды белгілеу үшін қолданылады.

Термокаротаж - ұңғымадағы тау жыныстардың температурасын, геотермиялық градиентті анықтау үшін жүргізіледі.

Қосымша зерттеулер.

РК – радиоактивтік каротаж, тау жыныстардың табиғи немесе жасанды радиоактивтілігін өлшеуге негізделген.

ГГК – гамма-гамма каротаж.

ННК – нейтрон- нейтрондық каротаж.

РРК – рентгендік- радиометрлік каротаж.

КНК (МНК) – көпзондылы нейтрондық каротаж.

ТГГК (ПГГК) – тығыздық гамма каротаж.

Геофизикалық зерттеулердің кешені ұңғыманы құру жобасында белгіленеді.

Ұңғыманы геофизикалық зерттеулерге (ҰГЗ) дайындау кезінде жүргізілетін геологиялық қызметтің міндеттері:

Ұңғыманың оқпанын дұрыстау;

Бұрғылау ерітіндісінің параметрлерін геологиялық- техникалық құжаттың талаптарына сәйкестендіру;

Ұңғымада бұрғылау ерітіндісінің біркелкі болуы үшін кем дегенде циркуляцияның екі циклін жүргізу.

38Аймақтық геофизикалық әдістер

Геофизикалық барлау әдістерінің бірнеше түрі бар,олардың негізгілері сейсмикалық және электрлік әдіс.

Сейсмикалық барлау әдісі. Мұнай барлау тау жыныстарының,қабаттарының жарылған оқ дәрілер арқылы пайда болатын серпінді толқындарды өз бойларынан өткізуі, я болмаса кейін серпуі арқылы алынатын көрсеткіштер арқылы зерттеледі. Жер қойнауындағы қабаттардың қайсыбірінде серпінді толқындар жылдам, ал қайсыбірінде жәй тарайтыны белгілі. Сейсмикалаық барлау жұмысын жүргізу үшін белгілі бір қашықтықта щұңқырлар өазылып, олардың ішіне токтың әсерімен жарылатын дәрі салынады(1-14сурет). Оқ дәрінің жарылуына байланысты жер қыртыстарына тараған толқындар тау жыныстарының әр қабаттарынан түрліше жылдамдықпен өткенін жер үстіндегі сейсмограф таспаға жазып тұрады. Қатты тау жыныстарынан құралған қабаттардан толқын жылдамырақ өтеді де,ол жұмсақ жыныстардан тұратын қабаттардан толқын баяулау өтеді. Алынған көрсеткіштер арқылы жер қабаттарының тереңдігі өлшеніп, карталары тұрғызылады [2].

Бұл әдіс мұнай және газ кендерін барлау жұмыстарына кеңінен пайдаланылады. Сейсмикалық барлау әдістерін алғашқы рет Г.А. Гамбурцев ойлап шығарған.

Электрлік барлау әдісі тау жыныстарының өз бойынан электр тогын өткізуге байланысты жүргізіледі. Мысалы, кейбір тау жыныстары (гранит, әктас, бойына тұзды су сіңген құмтастар) өз бойларынан электр тогын жақсы, ал басқалары (саз, мұнай сіңген құм, құмтастар) нашар өткізетіні белгілі. Осымен байланысты бойынан электр тогын өткізбейтін тау жыныстарының электрлік кедергісінің мағынасы көп болады. Әр түрлі тау жыныстарының электрлік кедергісінің өзгеруі, олардың табиғи орналасу тәртіптерін зерттеп білуге мүмкіндік туады.

Электрлік барлау жумыстарын жүргізгенде әр жерге қысқа темір қазықтар қағып, олар арқылы электр тоғын жібереді. Әрбір қазықтың арасында тау жыныстары арқылы электр тоғының қандай жылдамдықпен жүретінін өлшеп тұратын құралдар орнатылған. Құралдардағы көрсеткіштерден жер қабаттарының пішіндерін немесе құрама қатарларының кескіні түсіріледі.

Электрлік зерттеу әдістері қазылып өткен ұнғымалардың тілмелерін тексеругеде кеңінен қолданылып келеді. Ол үшін ұнғыманың ішіне үш электродтан тұратын әдейі қабық жіберіледі де, ал төртінші электродты ұнғыманың бетіне жақын жерге орналастырады (қондырылады). Одан соң сол электродтар арқылы тоқ жіберіледі.

Әдейі аспаптар (приборлар) көрсеткіштері бойынша құбыр бойындағы тау жыныстарының потенциалдық айырмашылықтары және кедергілері таспаға жазылады.

Бұл жағдайда әктас мұнай сіңген құмтастардың электрлік кедергілерінің мәні жоғары, ал саз бен сулы құмтастар кедергілерінің мәні төмнн болады. Кедергі мәндерін салыстыра отырып, мұнай-газ горизонттарының қай аралықта орналасқанын болжауға болады [3].

Далалық геофизикалық әдістерге гравитациялық, магниттік барлау және ұңғымаларды зерттеу әдістері жатады.

Гравитациялық барлау әдісі тау жыныстарының тартылу күші мен тығыздығын өлшеуге қолданылады. Жер қабаттарын құрайтын әр түрлі тау жыныстарының тығыздығы бірдей болмайтындығы белгілі.

Құрамында темір, гранит кездесетін тау жыныстарының тығыздығы мұнайлы және сулы құмтастардан әлдеқайда жоғары. Заттың тығыздығы төменде көрсетілген тәртіп бойынша өлшенеді. Заттың бір бөлімшесін алып таразы арқылы салмағын өлшейді де оның көлемін табады. Содан соң грамдық салмағын, текше сантиметрмен алынған көлеміне бөледі. Далада барлау жұмыстарын жүргізген кезде тығыздықты өлшеудің қиындығы бар, бұл көп уақыт алады. Сондықтан айналмалы таразы қолданылады. Бұл таразы құрылысының негізгі бөлшегі иін ағаш. Иін ағаштың бір ұшына жіпке ілінген салмағы бар зат байланған. Бұл иін ағаштың екінші ұшындағы сондай салмақпен тепе –тең тұрады.

Жіңішке жіп арқылы салмағы бар зат байланған. Бұл салмақ иін ағаштың екінші ұшына ілінген сондай салмақпен тепе-теңдесіп тұрады. Егер де жер қабатындағы тау жыныстарының тығыздықтары бңрдей болса, салмақты зат бұзылмайды да, оған ілінген жіп өзгеріссіз өозғалмай тұрады. Ал барлаушының жүруімен байланысты, оның алдынан тығыздығы аз өабаттар кездессе, жаңағы ілінген салмақты зат кейін шегінеді, жер де ауыр салмақты тау жыныстарының бағытына қарай ауытқи бастайды, басқаша айтқанда қабат ілінген салмақты өзіне тартады. Таразыға ілінген салмақты өзгеруі таспаға жазыла береді. Бұл жазулар арқылы гравитациялық карталар жасалып, олар болашақ барлау жұмыстарын жүргізуде есепке алынады. Күрделі гравиметрия аспаптарын жасап шығарғандығы үшін П.п.Лукавченко және В.в.Федьянский деген геофизиктер мезгілінде мемлекеттік сыйлықтарға ие болды.

Магниттік барлау жұмыстары тау жыныстарымен кен орындарының магниттік қасиеттерін зерттеу арқылы жүргізіледі. Әр түрлі денелер магнит стрелкасының қозғалуына әсер етеді: кейбіреулері оны өзіне тартады, ал бірқатары стрелканы тартпайды, яғни әсер етпейді немесе оны өзінен алшақтатады. Барлаушылар өте сезгіш сагниттік таразыларды пайдаланады. Жүрумен байланысты магниттік таразы стрелкасының жағдайы өне бойы жазылып отырады. Бұл көрсеткіштер арқылы магниттік карталар тұрғызылады.

1934 жылы орыс оқымыстысы А.А.Логачев самолет арқылы шапшаң жазылатын магниттік аспап ойлап шығарды. Осымен байланысты магниттік аэросъемкалар жасалып келеді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)