АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жер койнауы мунайгаздылыгынын геохимиялык жане гидрогеохимиялык корсеткіштері

Читайте также:
  1. МГ багалау жане іздеу-барлау жумыстарындагы геохимиялык зерттеулер
  2. МГ жер койнауында таралуы
  3. Унгымаларды бургылау кезіндегі геологиялык, геофизикалык, геохимиялык

Мұнайгазды қабаттарының геохимиялық зерттеулерінің міндеті мұнайгазды горизонттарды табу. Бұл зерттеулер газды каротажды станциялардың көмегімен жүргізіледі.

Гидрохимиялық мұнайгазды іздеу көрсеткіштері. Шоғырлардағы мұнай мен газ және оларды қоршаған жер асты суларымен әрдайым қарым-қатынаста болады, сондықтан жерасты суларында белгілі бір компоненттердің мөлшері көбееді немесе кемиді. Қазіргі кезеңде нақтылы әр жақты толық гидрохимиялық іздеу көрсеткіштерді белгілеудің мүмкіншілігі жоқ деуге болады. Егер бір мұнайлы ауданда айқындалған көрсеткіш сенімді болса, басқа ауданда болмауы немесе іздеу маңыздылығын жоғалтуы мүмкін. Мұнайгаздылықты белгілеудің және мұнайгазды шоғырлардың жерасты суларымен қарым-қатынасын олардың химиялық құрамының қалыптасуының, тұзды және газды компоненттердің және тірі заттың таралуының теориялық негізі.

В.И.Вернадский формуласы: «қатты дене - су- газ-тірі зат». Сондықтан іздеу белгілері төрт топқа бөлінеді: 1) қатты дене-жыныстар; 2) гидрохимиялық; 3) газдық; 4) микробиологиялық көрсеткіштер. Гидрохимиялық белгілер мұнайгазды іздеу көрсеткіштері ретінде горизонталь және тік бағыттағы белдемділік белгіленген аймақтарда тиімді болады.

Тікелей және жанама іздеу көрсеткіштері. Жанама көрсеткіштерге зерттеушілер келесі компоненттерді жатқызады: хлор (Cl), бром (Br), натрий (Na), барий (Ba), хлордың бромға (Cl/Br), натрийдің кальцийге (Na/Ca) қатынас коэффициенттері, судың хлор-кальцийлі типі, жоғары минералдану, сульфатсыздық.. Бұл көрсеткіштер кез-келген артезиан бассейнге тән, өңірдің болашағын аймақтық-фондық бағалауда қолданылады. Алюминий, йод, дайтерий, радий элементтері, бензол, пропан, гелий және басқалары мұнай шоғырларына жақындаған сайын олардың қабаттағы мөлшері көбееді, ал алыстағанда кемиді. Бұл компоненттер мұнайгаздылықта іздеу белгілерінің тікелей көрсеткіштері ретінде саналады. Сонымен, мұнайгазды белгілерді жанама және тікелей түрлерге бөлуді іздеу компонентінің мұнай және газ шоғырларымен қарым-қатынасы, ұстанымы бойынша жүргізу қажет. Осы ұстанымға сәйкес тікелей белгілерге көмірсутектерді, әсіресе ауыр, нафтен, фенол, бензол, толуол және т.б. жатқызу керек. Жиірек бір жекеленген учаскелерде бір компоненттер, ал басқа учаскелерде басқа компоненттер кездесуі мүмкін. Мұндай іздеу көрсеткіштер жергілікті немесе жергілікті айрықша деп аталынады.

Аймақтық және жергілікті гидрохимиялық көрсеткіштер. Аймақтық және жергілікті белгілер мұнайгаздылықтың тікелей және жанама іздеу көрсеткіштері болады.

Йод (I)- мұнайлықтың аймақтық және жергілікті белгілері түрінде қарастырылады. Кейбір зерттеушілер пікірі бойынша, егер суда йодтың мөлшері 5 мл/л –ден көбірек болса, бұл жағдайда шоғырдың жақындығын көрсетеді. Йод мұнайгаздылықтың жанама көрсеткіші. Судағы йодтың мөлшері 2,5 мг/л геохимиялық фон ретінде қарастырылады, 2,5-5 мг/л – мұнайгаздылықтың белгісі, ал 25-30 мг/л мұнайгазды іздеудің сенімді көрсеткіші.

Аммоний (NH4) 50-60 мг/л –бос құрылымдарға тән, 70-80 мг/л – мұнайгаздылықтың белгісі, 100 мг/л судың сульфиттылығының азаюы немесе судың гидрокарбонаттынатрий

типі, тұздылық 20 г/л-ден азырақ болғанда және жоғары сілтілік PH-8 жағдайында сенімді мұнайгазды іздеу көрсеткіші (жанама) болады. Бор (B) сілтілі суларда оның мөлшері көбееді, өте минералданған суларда кемиді. Мұнайгаздылықтың контурына жақындағанда жерасты суларында бордың мөлшері көбейіп, әдетте 100 мг/л-ге жетеді. Бор жанама белгілерге жатады.

Фенолдар мұнайгаздылықтың тікелей көрсеткіштері. Бос құрылымдарда олардың мөлшері 0,15 мг/л-ден аспайды, ал мұнайгазды құрылымдардың сілтілі суларында 10-20 мг/л жетеді. Сілтілігі төмен суларда фенолдың мөлшері 1 мг/л.

Бензол және оның гомологтары (толуол) өнімді құрылымдардың суларында тікелей көрсеткіштер болады, олардың мөлшері мұнай шоғырының қашықтығына байланысты ондық бөліктен 2-5 мг/л-ге жетеді. Конденсатты шоғырларда олардың мөлшері жоғарылайды.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)