АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Курылымлык карта, мазмуны, курастыру адістері

Читайте также:
  1. AKM Работа с цепочками событий
  2. Cogito ergo sum
  3. I. ПОИСК ФУНДАМЕНТА ВСЕГО ЗНАНИЯ И ВСЕГО СУЩЕГО
  4. INTERNATIONAL WORDS
  5. Wanderer Карта сновиденного мира из детства
  6. X. ОТКРЫТИЕ Я КАК ПРИНЦИПА. -МОЖЕТ ЛИ Я БЫТЬ ARCHE?
  7. XIII. ИЗМЕНЕНИЕ ПОНЯТИЯ СУБСТАНЦИИ
  8. XVIII ВЕК — ВЕК ПРОСВЕЩЕНИЯ
  9. XX. ЯЗЫК КАК ПУТЕВОДНАЯ НИТЬ ФИЛОСОФИИ
  10. А) Процесс, деятельность как основной способ существования психического
  11. А. Квалификация лица как иностранного гражданина и установление его личности
  12. АБСТРАКЦИЯ АКТУАЛЬНОЙ БЕСКОНЕЧНОСТИ, 12 страница

Құрылымдық карта — тектоникалық пішіндердің тұрқы мен түрін бейнелейді. Құрылымдық картада көлбеу қабаттар, қатпарлы интрузивтік денелер, пайдалы қазынды қабаттары, стратигриялық горизонттардың бірдей биіктік сызықтары (горизонталь, стратоизогипс, изогипс) көмегімен тіректі беттердің (жабыны мен табаны) гипсометриялық қалпы көрсетіледі. Құрылымдық карта масштабы әр түрлі. Көбіне ірі масштабты карталар жиі құрастырылады. Кен орындардың кенді, мұнай-газды денелеріне, бөліктеріне жасалатын ірі масштабты (1:50000 не одан ірілеу) Құрылымдық карта барлау жұмыстарын жобалауға, пайдалы қазбалар қорын есептеуге және кенді өндірудің, пайдаланудың тиімді жолдарын таңдауға мүмкіндік береді. Бұл картаны жасауда құрылымдық түсірулердің, іздеу мен барлау ұңғымалары мен геофизикалық зерттеулердің материалдары негізге алынады.

Жер қыртысының аумақты бөліктерінің тектоникалық құрылымдарын көрсететін ұсақ масштабты Құрылымдық карта, негізінен, аймақтық геофизикалық зерттеулер мен жекеленген терең тіректі ұңғымалар мәліметтеріне сүйеніп құрастырылады. Құрылымдық картада зерттелетін қабат бетінің пішіндері, олар орналасқан тереңдіктердің абсолют биіктіктері стратоизогипстер арқылы көрсетіледі. Мұнымен бірге картада аймақтың геол. құрылысы, тау жыныстарының жату элементтері мен қалыңдықтарының өзгеру заңдылықтары, тектоник. жарылымдар, т.б. деректер де ескеріледі.

Құрылымдық картаны құрастыру әдісі жер бедері горизонтальдар көмегімен берілетін топографиялық карта жасау әдісімен өте ұқсас. Құрылымдық картаны жасаудың ең сенімді әдісі — бұрғылау ұңғымалары мәліметтерін пайдалануға негізделген. ұңғымалар тіректі горизонттық биіктік мәндерін дәл анықтауға көмектеседі. Бұл мақсатта геофизикалық мәліметтер мен геологиялық қималар да пайдаланылады. Егер тіректі горизонт жер бетіне ішінара шығып жатса, Құрылымдық карта жасау үшін оның жер бетіндегі биіктік нүктелерінің маңыздылығы зор. Құрылымдық карта жасауда үшбұрыштық немесе геометриялық (платформалық көтерілімдер мен тіректі беттері сәл көлбеулі қатпарлы облыстарды бейнелеуге), қималық (күрделі қатпарланған, жарылымдармен тілімделген күрделі тектоникалық облыстарға) және үйлестіру (тектоникасы күрделі емес, бірақ стратигиялық. үйлесімсіздіктері бар аудандарда) әдістері қолданылады.

Бұлардың алғашқы екеуі бір тірек қабатының (горизонтының), соңғысы екі горизонттың (жабыны мен табанының) Құрылымдық картасын жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Қазақстандағы көптеген көмірлі, мұнай-газды, фосфоритті аудандардың түрлі масштабты Құрылымдық карталары жасалған

35 Іздеу және барлау жұмыстары - жер койнауында мұнай-газ кендерінің барлығын анықтау, ашу, олардың қорларының санын есептеу және кен орындарының игеру жобаларының жасау мақсатында жүргізіледі. Кешенді іздестіру-барлау жұмыстарына алаңды геологиялық,геофизикалық және геохимиялық тұрғыдан зерттеу жатады, одан әрі кен орындарын түгелдей барлап,кемерлеу үшін ұңғыларды қазу әдістері белгіленеді.

Бірінші кезеңде- жер бедерінің жалпы геологиялық көрініс картасы жасалады. Осымен байланысты табиғи қалыптасқан тау жыныстарының ашылуына дейін жер бедері тазартылады да оның геологиялық бет-бедерлерінің мүсіндері корсетіледі.

Екінші кезеңде-зерттелетін алаңның геологиялық құрылысын,негізгі қабаттардың тұрпаты мен пішінін көрсету мақсатында тереңдігі 20м-ден 300м-ге дейін картировтық және құрылымдық ұңғылар қазылады. Алынған мағлұматтар бойынша шартты белгілерді пайдалана отырып,жер қабаттарының көнелігі мен аумағы көрсетілген геологиялықкарта сызылады. Бұл карта ұңғымалардың тілмесі,геологиялық пішіндерарқылы толықтырылып жазылады.

Құрастырылған стратиграфиялық тілмеде жер қойнауының қазылып өтілген тау жыныстарының сипаттамалары колонка арқылы көрсетіледі. Геологиялық пішіндер қабаттың көтеріңкі бағытына қарама-қарсы бағытта масштаб бойынша тік жазықтыққа түсіріледі [1].

Табылған кен орнының пішінін толық дәлелдеу мақсатында геологиялық картаға қосымша материал ретінде, қазылған ұңғымалардың көрсеткіштері бойынша,құрылым картасы жасалады. Құрылым картасында зерттелетін қабаттың бет-бедері (ойлықырлығы)жарма сызықтар арқылы көрсетіледі. Зерттелетін құрылымының А және В сызықтары арқылы оңашаланған қабаттарын теңіз деңгейінен бастап, аралық шама бойынша әрбір 100м қашықтықта орналасқан жазықтық арқылы кесіп өтеді. Горизонталь сызықтардың қабаттың бетімен кездескен жеріндегі нүктелерін масштаб бойынша планға түсіреді. Теңіз деңгейінен төмен орналасқан тереңдігін көрсететін жарма сызықтар цифрларын қосу (+) белгісімен, ал теңіз деңгейінен жоғары орналасқан жармаларды алу (-) белгісімен көрсетеді. Сөйтіп, құрылым картасы шығарылады.

Мұнай-газ кендерінің құрылымдарын жете көрсету, ондағы қордың мөлшері, ұңғымаларды қазу керектігін дәлелдеп көрсету мақсатында іздестірудің екінші кезеңіндегі геофизикалық және геохимиялық зерттеулер жасалады.

Жоспарланған жұмыстар орындалып болғаннан кейін үшінші кезеңдік – ұңғымаларды тереңдеп қазу басталады. Алғашқы қазылған ұңғыма тілмесінде мұнай-газ белгісі пайда болып, өнім алынған жағдайда кен орындарын нақтылы барлау әдісі жүргізіледі. Құнарлы алаңдарда кемерлеу ұңғымалары қазылып, кен орнының аумағы, қалыңдығы, мұнай-су шекаралықтары анықталады. Одан кейін бағалау, тергеу егжей-тегжейлі тексеру мақсатында т.б. категориялар скважиналар тағайындалып, қазыла бастайды.

Кен орнының көлемі мен қоры сияқты қажетті мағлұматтар анықталып біткеннен кейін, барлау жұмыстары аяқталып, енді мұнай мен газды игеру жұмыстары басталады, яғни бұл өндіру ұңғымаларын қазуға ұштасады. Мұндай ұңғымаларды арнайы, рет бойынша кен орындарына орналастырып қазып, олардан өнім алу мақсатында ғылыми-зерттеу институттарында немесе жергілікті ғылыми лабораторияларда игеру проектілері (жобалары) жасалады.

Мұнай-газ кен орындарын іздеу-барлау жұмыстарының табысты болуы бастапқы кезеңде неофизикалық және геохимиялық зерттеу әдістерінің ең нәтижелі бағыттарын іріктеп, таңдап алып, оларды іске асырумен тығыз байланысты.

 

36 Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу Ұңғыма дегеніміз жер қабығының тау жыныстарын бұрғылау аспаптарымен қазылып диаметрі ұзындығынан айтарлықтай кіші цилиндр пішінді тау қазындысы. Ұңғыманың басталған жері сағасы, цилиндрлі беті қабырғасы немесе оқпаны, ең төменгі шегі түбі деп аталады. Мұнайгаз бұрғылау ұңғымасының бастапқы диаметрі әдетте 760 мм-ден аспайды, соңғы 93 мм. Арнайы ұңғымалардың диаметрі 5 м-ге жетеді. Ұңғымаларды тік, көлбеу және горизонталь бұрғылайды. Міндеттеріне сәйкес ұңғымалар бірнеше түрлерге бөлінеді, олар тіректік, параметрлік, құрылымдық, іздеу, барлау, пайдалану (өндіру) және арнайы.

Ұңғымалардың жіктемесі.

Тіректік ұңғымалар – ірі аймақтардың геологиялық құрылысын зерттеу, мұнай және газ жиналатын шөгінді тау жыныстары кешендерінің таралу заңдылықтарын анықтау үшін қазылады. Осының нәтижесінде мұнай-газды іздеу-барлау жұмыстардың перспективті бағыты таңдалады.

Тіректік ұңғымаларды бұрғылау нәтижесінде шөгінді тыстың стратиграфиялық қимасын құрастырады, ашылған қиманың геологиялық-геофизикалық сипаттамасын зерттейді, қимада мұнайгазды перспективті қабаттарды белгілейді.

Параметрлік ұңғымалар үлкен тереңдіктердегі тау жыныстарының геологиялық құрылысын зерттеу, қиманың геологиялық-геофизикалық сипатын айқындау, ауданның мұнайгазды перспективасын бағалау және дәлдік іздеу жұмыстарын жүргізетін перспективті аудандарды белгілеу үшін қазылады. Болжау қоры дәләлденеді, мүмкіншілігіне байланысты С2 категеориясы қоры есептеледі. Стратиграфиялық шектерде, мұнайгазды перспективті горизонттардан 20% -ға дейін керн алынады. Бұл интервалдарда шлам 1-5 м сайын алынады.

Құрылымдық ұңғымалар перспективті алаңдарды белгілеу және оларды іздеу бұрғылау жұмыстарына дайындау үшін қазылады. Құрылымдық бұрғылау және геофизикалық зерттеу нәтижелері тау жыныстарының орналасу ерекшеліктерін, физикалық қасиеттерін анықтау үшін және құрылымдық картасын тұрғызу үшін қолданылады.. Бұрғылау нысаналы горизонттарға дейін жүргізіліп, солар бойынша құрылымдық карталар жасалады. Егер құрылым айқындалса, іздеу бұрғылауы жүргізіледі. Керн стратиграфиялық бөлімшелердің шектерінен, мұнайгазды горизонттарынан түгелдей алынады, барлығы 10-12%. Шлам мұнайгаз перспективті горизонттарынан 1-5 м сайын алынады. Геофизикалық зерттеулер жүргізіледі, бұрғылау нәтижесі бойынша қиманың мұнайгаздылығы бағаланады.

Іздеу ұңғымалары геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін дайындалған алаңдарда жаңа мұнай мен газды кенорындарын ашу үшін, немесе ашылған кенорындардың шегінде жаңа мұнай мен газ шоғырларын іздеу мақсатымен қазылады. Іздеу ұңғымаларын бұрғылау барысында тау жыныстары үлгілерін, су, газ, мұнай сынамаларын алу арқылы кен орнының қимасы мұқият зерттеледі.

Бағалау ұңғымалары мұнайгаз қорын бағалау үшін ақпарат алу және барлау жұмыстарын жүргізудің лайықтылығын дәлелдеу мақсатымен бұрғыланады. Бағалау ұңғымалары қабат жұмысы режимін, кен орнын игерудің технологиясын анықтау үшін қазылады. Бағалау ұңғымаларын бұрғыланғаннан кейін шоғырдың қорын С1 және С2 категориялары бойынша бағалау үшін геологиялық, технологиялық, геохимиялық және кәсіптік-геофизикалық зерттеулер жүргізіледі.

Барлау ұңғымалары өндірістік мұнай мен газ кен орны анықталған алаңдарда оның қорын есептеу, кен орнын пайдалануға дайындау мақсатымен қазылады.

Барлау ұңғымаларында жүргізілетін зерттеу кешені. Керн мұнайгазбен қаныққан қабаттардан алынады; кәсіптік-геофизикалық зерттеулер, бұрғылау процесінде сынамалар алу және арнайы аспаптармен сынау, мұнай, газ, су сынамаларын алу, өнімді горизонттарды сынау, тереңдік және беткей флюидтерді сынамалау, ұңғымада арнайы зерттеулер жүргізу, өнімді қабаттарда өндіру, пайдалану жұмыстарын жүргізу, бұрын есептелген қорды дәлелдеу, С2 категориясының қорын С1–ге өткізу. Ұңғымалар мақсатты горизонтқа дейін бұрғыланады.

Пайдалану ұңғымалары толық барланған және пайдалануға дайындалған кен орындарында мұнай мен газды өндіру үшін қазылады. Бұл ұңғымалар қатарына бағалау, бақылау, қабатқа сұйық, газ айдаушы ұңғымалар жатады.

Бақылау ұңғымаларын кен орнының игеру режимін үзбей қадағалап отыру үшін қолданады.

Айдау ұңғымалары өнімді қабат қысымын түсірмей, қабатқа су, газ айдап белгілі бір шамада ұстап тұру үшін қолданылады.

Арнайы ұңғымалар өндірістік су қалдықтарын жинау, жер асты газ қоймаларын дайындау, мұнай және газ ашық фонтандарын тоқтатып жою, техникалық су қорларын барлау және пайдалану үшін қазылады.

Теңізде ұңғымаларды бұрғылау жасанды табан (іргетас), эстакада, қозғалмалы жүзгіш кеме және арнайы қалқыма платформалардан жүргізіледі.

Бұталы бұрғылау- бір алаңнан (үйінді тасбөгет) тік және бірнеше еңіс бағытталған ұңғыма оқпандарын бір немесе бірнеше өнімді горизонттарды рет-ретімен бұрғылау.

Горизонталь бағытта бұрғылау ұзындығы 3000-4000 м-ге жетеді. Оның бағасы тік ұңғымамен салыстырғанда бірнеше есе қымбат, бірақ жоғары өнімділігімен ақталып шығады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)