АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Лекция 7

Читайте также:
  1. Занятие № (Лекция)
  2. Иллюстрированная семейная энциклопедия. Коллекция Аргументы и Факты. Том 1. М. Астрель 2008г. 62 с.ил. твердый переплет, энциклопедический формат.
  3. Классическая евгеника как селекция человека. Ее история, принципы, достижения, недостатки.
  4. Коллекция ароматов
  5. Коллекция ароматов
  6. Концепция невроза в гештальт-терапии (лекция)
  7. ЛЕКЦИЯ . МЕТОДЫ НАУЧНОГО ИССЛЕДОВАНИЯ
  8. ЛЕКЦИЯ . УСЛУГИ В МЕЖДУНАРОДНОЙ ТОРГОВЛЕ.
  9. ЛЕКЦИЯ 1
  10. Лекция 1
  11. Лекция 1
  12. Лекция 1 ( Урбан Валентина Георгиевна)

Конгресстер оқиғалық туризмнің объектісі ретінде

Шаруашылық және мәдени өмірдің интернационализациялануы түрлі саладағы мамандар мен көптеген конгресстер, съездтер, симпозиумдар, конференциялар арасындағы байланысты кеңейтуде көрінеді. ХХ ғ. 30-ж.ж әлемде жылына шамамен 200 халықаралық конференциялар өткізіліп отырған. Қазіргі кезде осындай іс-шаралардың саны 8 мыңнан асып жығылады, ал қатысушылардың саны — 10 млн (шамамен әлемдік туристік ағымның 1,5 %-ы). Халықарлық конгресстер, конференциялардың ең көп қатысушылары дамыған, ғылымы, техникасы, бизнесі ілгері елдерге тиесілі. Бірақ та қазір конгресстік орталықтар географиясы кеңеюде. Конгресстік туризмнің орталығы болып мына талаптарға жауап беретін қалалар саналады: тиімді географиялық орын, жайлы транспорттық қатынас, қонақжайлылық индустриясының жоғары сапасы, жиындарға қажетті бөлмелердің болуы, белгілі бір саладағы көшбасшылық (ғылым, мәдениет, бизнес және т.б), архитектуралық тартымдылық, сол қаладағы немесе қала маңындағы экскурсиялық объектілердің болуы. Әдетте, мұндай талаптарға ірі қалалар (көбіне астаналар) жауап береді, сондықтан да осы қалалар конгресстік туризмнің маңызды орталықтарына айналды. Конгресстерді көбінесе ғылыми, университеттік, мәдени және индустриалдық орталықтарда, курорттарда өткізеді. Халықаралық кездесулер отельдерде, театрларда, концерттік залдарда өтеді. 80-жылдары, конгрестік және көрмелік жиындардың жақындасу тенденциясы байқалған кезде, жиын орталықтарының американдық үлгісі пайда болып, кең тарады. Бұл — көрмелер өткізуге және конференция қатысушыларын қабылдай алатын үлкен залдардан тұратын арнайы ғимараттар. Соңғы жылдарда халықаралық іс-шаралар тарихи орындарда, қамалдарда жиірек өткізіліп жатыр. Конгресстік шаралардың 80 %-ы Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдеріне келеді. Алғашқы үштікте АҚШ, Франция және Ұлыбритания бар. Конгресстік туризмнің ірі орталықтары: Амстердам, Брюссель, Вашингтон, Вена, Женева, Копенгаген, Лондон, Мадрид, Париж, Давос (экономикалық форум, Швейцария).

Азия және Тынық мұхиты аймағының экономикалық дамуы халықаралық кездесулерді Гонконгте, Сингапурде, Бангкокте өткізуге себеп болды. Сонғы жылдары халықаралық эксперттердің бағасы бойынша конгресстік іс-шараларға ең ыңғайлы орын деп Сидней (Австралия) танылуда.

Конгресстік туризмге, әдетте, қалтасы қалың азаматтар қатысады, сол себепті бір туристтен түсетін табыс орташа статистикалық туристтен 2-3 есе жоғары, ал жалпы табыс әлемдік туризмнен түсетін табыстың 5-6 %-ын құрайды.

Большое значение Конгресстік туризм белгілі бір оқиғаға, арнайы жиындарға, конференцияларға байланысты болады. Олардың 1/5-і қыркүйек айына келеді. Конгресстік туристік ағымдарды ұйымдастыру жалпы туризмнен оңайға туседі, себебі түрлі конференциялар жайлы ақпарат бірнеше ай бұрын тарайды.

 

Лекция 8. Карнавал оқиғалы туризм объектісі ретінде

Карнавал түсінігін сараптауға келетін болсақ біз оның тарихының аяғына дейін анықталмағанын және сөздің этимологиясы анық емес екенін ескергеніміз жөн. Көптеген зерттеушілер ежелгі пракарнавал маусым ауысымы кезінде болып, аграрлық мейрам болғанын айтады. Көптеген нұсқалардың бірі бойынша, «карнавал» сөзі латын сөзінен шыққан, carrus navalis – Еуропада қола дәуірінде мейрам күндері пұтқа табынушыларды таситын салт-дәстүрлік кеме-арбы болып табылады. Басқа нұсқа бойынша, «карнавал» сөзі латынның екі түбірінен carno(ет) және vale(қош бол) тұрады. Бұл мейрам ежелден-ақ құмар аптаға 40 күн қалғанда атап өтіліп, Ұлы ораза алдындағы ерекше межесі болды.

Қазіргі карнавалдардың басты ерекшелігі еделгі римдіктердің сабантойлары болып табылады. Егістік пен құнарлық Сатурн құдайына арналған күндері римдіктер жалпыға бірдей теңдік пен өркендеудің алтын ғасырын жандандыратын мейрамды атап өтетін. Мейрам уақытындағы құл мен мырзаның айырмашылығы – құлдар ерікті, азат адамдармен бір үстел үстінде тамақтанып, мейрамды тойласа, ал мырзалар оларға қызмет көрсетті. Мереке күндері жалған патша сайланып, сабантой соңында ол өз-өзіне қол жұмсап немесе пышақ, от және ілгек көмегімен өлуге тиіс еді.

Христиандық сабантойдың келеуімен көптеген пұтқа табынушылық рәсімдердің өткізілуіне тыйым салынатын, бірақ мейрамның басты идеясы – барлық қатысушыларды теңестіру – Венеция отаны болып табылатын еуропа карнавалдарында пайда болды. Көптеген католиктік мемлекеттерде карнавал Ұлы Ораза алдында болатын, бұл туралы «Брокгауз және Ефрон Сөздігінде» карнавал сөзіне берілген анықтама арқылы білуге болады: «Карнавал – католиктік елдерде Шоқыну мерекесінен(6 қаңтар) бастап Ұлы оразаның алғашқы сәрсенбісіне дейінгі уақыт аралығы,бірақ әдетте карнавал деп роман елдерінде ұлттық шерулер, маскарадтар мен басқа ойын-сауықтармен атап өтілетін Таза сәрсенбі алдындағы 7-10 күнді ғана атайды». Көптеген сөздіктер мен энциклопедияларда карнавал іс жүзінде ашық аспан астында, би, театрлық ойындар, маскарад және шерулермен атап өтілетін ұлттық мейрам ретінде қарастырылады.(«Үлкен энциклопедия сөздігі»[3], «Шетелдік сөздер сөздігі»[26], Ожегов түсіндірме сөздігі[22] және т.б.

«Карнавал» және «маскарад» жиі синонимдес сөздер ретінде қолданылады. «Маскарад» сөзі итальян «mascherata» - бал, маска киген адамдар жиыны мағынасын білдерітен сөзден шыққан. Карнавал анықтамасына қарағанда маскарад оның бөліге болып табылады, карнавал түсінігі маскарад сөзіне қарағанда кең мағынада қолданылады. Сондықтан, карнавалды мына негізгі элементтерден: би, театрлық ойындар, маскарад, шерулер және т.б. тұратын ұлттық мейрам ретінде қарастыруға болады.

В.П.Рудневтің айтуынша, крнавал адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады: «Карнавал – халықтың екінші өмірі,... ол оның мерекелік өмірі. Мейрам (барлығы) – адамзат мәдениетінің ең маңызды бастапқы формасы. Оны қоғамдық еңбектің тәжірибелік міндеттері мен мақсаттарына бөліп қарастыруға болмайды. Мейрам әрдайым маңызды және кең мағыналы түсінік болып табылады». М.М.Бахтиннің пайымдауынша, карнавалдық мәдениет әмбебаптықты қамтитын кең өмірлік философия болып табылады. Егер ресми мерекелер тұрақтылық, бірқалыптылық және бейбітшіліктің мәңгілігін білдіретін салтанатты қамтыса, ал карнавал сол әдеттегі ресмилікті уақытша тоқтату іс-әрекетімен сипатталады.

Карнавал кезінде барлық адамдар басқаша киініп(жаңа киімдер алып, өздерінің әлеуметтік деңгейін ауыстырып), сайланып, содан кейін жай күндері бас иіп, қызмет көрсететін патшалар мен мырзаларды сайық-мазаққа айналдырып, ұрып-соғып, оларды төмендетті, әдептілік нормаларынан жойды. Бұл сәт өте кең мағынаны қамтыды: халықтың қазіргіден жақсы болашақты аңсайтынын, әделетті әлеуметтік-экономикалық басқаруды, жаңа шындықты қалайтынын білдірді. Сонымен, карнавал бұрын да, қазіргі де қоғамдық ортадағы проблемаларды, шиеленісуді шешетін, әлеуметтік, эконокикалық және саясатқа деген халық ызасын білдіретін құрал ретінде қолдануға болады.

Эстетикалық тұрғыдан қарасақ, карнавал мәдениеті ерекше тұжырымдама болып табылады. М.М.Бахтиннің айтуынша, карнавал мағынасында «дене бүтіндігі туралы айрықша сипаттама мен осы бүтіндік шекаралары» жатыр.Ал карнавалда барлығы басқаша болғандықтан, бұл дене бүтіндігін жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

Сонымен, карнавал психотерапевтік құбылыс ретінде өте маңызды болып табылады. Бұл құбылыс арқылы адамзат нақты бір бейнені(маска немесе костюм) қабылдап, стресстан құтылуға және жеке проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін өз эмоцияларын еркін білдіру құқығын иеленеді. Карнавалды «мереке арқылы сауығу процедурасы» деп айтуға болады.

Осы сөзге дәлел ретінде А.Макаревич сөздерін келтіруге болады: «Менінһң ойымша, дәл қазіргі кезде карнавал адам денсаулығы үшін теңдесіз болып келеді. Денсаулық физикалық, психикалық және жандық кеі мағынада қаралады». Осы автордың карнавал туралы көптеген тезистері келтірілген:

Карнавал бұл жұрт алдында еш бөгетсіз шағрмашылық өзін-өзі көрсету. Тәжірибе бойынша, карнавалдағы ең ұялшақ адам да жұрта алдында шығуға ұмтылады.

Карнавал әлеуметтік коммуникативтік құрал ретінде. Әлеуметтік жағдайына қарамастан әбрбір деңгей өкілдерінің коммуникациялық мүмкіндігі. Әлеуметтік жағдайы ең жоғары адам үшін карнавал уақытша және қауіпсіз оырн ауыстыру және өз жағдайындағы жетіспейтін қарым-қатынас бөлігін алу мүмкіндігі болып табылады.

Карнавал катарсис(тазару) ретінде. Мысалы, агрессия жою факторы ретіндегі боқ-ауыз сөздер немесе тазару ықпалы бар күлкі.

Карнавал психотерапиясы. Карнавал әлеметтік мәселелер мен стресстерден еш зиянсыз уақытша құтылу мүмкіндігі ретінде. Жеке тұлғаның уақытша асоциализациясы.

Қорыта келгенде, А.Макаревич карнавализация маңызды педагогтік мағына беретінін тұжырымдайды. Карнавал мәдениеті арқылы қазіргі адамзат қоғамдық және саясат мәселелерінен екпе алады.

Карнавал жеке адам үшін маңызды болуымен қатар, жеке бір аймақ немесе ел ішіндегі мәдениет туризмінің дамуына зор септігін тигізеді. Карнавал сол елдегі мәдениет туризмінің имиджін қалыптастырудың эффективті құралы болып табылады. Мысал ретінде автор Е.Ключников фестивальдер мен карнавалдардың ел туризміне әсері туралы мақаласын келтіруге болады. Мақалада провинциалдық Зальцбург қаласына фестиваль дамыған инфрақұрылымды атақты мәдениет орталығы статусын иеленуге мүмкіндік берді. Бұған Моцарттың осы қалада тууына байланысты режиссер Макс Рейнхард пен композитор Рихард Штраус 1920 жылы негізін қалаған музыкалы-театрлық фестиваль әсер етті. Фестиваль арқасында Зальцбург қаласы Еропаның ең атақты туристік орталықтары болып табылады.

Қазіргі заманғы мәдениет менеджерлері проектті жүзеге асыруды бірінші орынға қойып, ал мәдениет туризмінің дамуын ұзақ мерзімдегі перспективалар қатарына қояды. Сондықтан, карнавал туризм объектісі теніде ерекше имидж акциясы бола алады. Бұл акция жергілікті аймақта туризм дамуына ықпа етеді, ол өз кезегінде аймақтың барлық инфрақұралымына әсер етеді.

Карнавал функциялары мен міндеттері:

Біріншіден, карнавал адам қарым-қатынас жасау қажеттілігін қанағаттандыратын, әлеуметтік, саясат мәселелерін шешуге бағытталған қоғамдық орта ретінде бола алады.

Екіншіден, карнавал өткізелетін аймақтаға имидж, брендтің қалыптасуына әсер етеді және сол аймақтағы туризм дамуына ықпал жасайды.

Үшіншіден, карнавал туризмі туристік нарықтағы табысты, пайдалы бағыт болып табылады, бұл бағыт туристік фирма тәжірибесінде перпективті бола алады.

9 лекция. Әлемдегі оқиғалы туризмнің нысаны ретінде карнавалдың негізгі даму үрдістері

 

Бүгінде карнавалдық қозғалыс әлемде нағыз ренессансты бастан кешуде: карнавалдар, тіпті карнавалдық емес елдерде пайда болуда, мысалы Жапония және Финляндия. Замануи карнавалдар 2түрлі тарихи бағытта дамуда- еуропалық (Еуропаның ескі карнавалдарының дәстүрлері) және карибтік (еуропалық негіздегі карнавалдар бірақ африкалық негрлер мәдениетінің ықпалынан пайд болған)

Еуропалық карнавал римдік және германдық салттардың қосындысынан туған. Ақырындап карнавалдар өзінің шыққан түбірлерін ұмытып, көктемнің келуіне байланысты дәстүрлі мейрамға айналды.

Орта ғасырларда аскетизм рухының қысымымен карнавалдық дәстүрлер жарқын болашақпен дамыды. Уақыт өте еуропалықтар әлемге таралғанда, өздері келген континенттерге карнавалдарды ала келді, жергілікті тұрғындар бұл дәстүрді қуана қарсы алды.

Еуропалық карнавалдың отаны Италия. Көптеген жүзжылдықтарда карнавал ашық аспан астындағы халық мейрамы, көптеген маскарадтар, театрлық ойындар, мерекелік көше салтанаттары итальяндықтардың дәстүрі болып табылады.

Венециядағы карнавал әлемдегі ең атақты карнавалдардың бірі болып табылады. Жыл сайын мұнда 500000 астам венециалық мейрамның табынушылары келеді. Басқа жердегілермен салыстырғанда венециалық карнавал бүкіл қаланы қамтиды. 1296 ж Венеция Республиканың Сенаты мерекелік күн деп Ұлы аштық күннен бір күн бұрынғы күнді белгілейді.

Венециалық карнавалдар 18 ғ шарықтау шегіне жетті. Ол кезде олар жылдың ең басты оқиғасына, сонымен қоса тіршіліктің негізіне айналды. Карнавал ешнарсе де аса ұят, аса батыл енмесе аса бұзық көрінбеді. Революция басталған соң карнавалдар ұмытыла бастады. 200 жылдай Венеция карнавалсыз өмір сүрді, 1980 ж бастап қайта қалпына келе бастады.

Қазіргі кезде ол 2 аптадай тойланады. Қалалық алаңдарда тарихи концерттер қойылып, фейерверктер атылды. Бұл күндері концертті көруге келген толы адамдар мен қайталанбас костюмдер мен маскаларды тамашалауға болады. Музыка және әуендер теңіздей ағылады. Театрларда карнавал тақырыбында спектакльдер қойылады. Ескі алаңдарда элиталық халық үшін бал-маскарадтар қойылады. Виареджодағы карнавал венециалық карнавалдан кем түспейді, бұл карнавал көркемділігімен, күлкілілігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар Флоренция мен Веронада мерекелік оқиғалар- бұл карнавалдық поезд, бал –маскарад, концерттер мен театрлық шоулар болып тұрады. Бүгінде итальяндық карнавалдарда туристер байқаушы болып қалғанды дұрыс көреді.

«Айрықша карнавалдық дүниесезім оның бүкілхалықтығы, именбеушілігі, келешекке серпінділігі жай мейрамдық көңіл күйге айнала бастайды» М.М.Бахтиннің айтуы бойынша.

Мүмкін толығымен көңіл көтеруге Венецияның келешегі алаңдатты, Себебі оның ғимараттары, бағаналардан тұрғызылған теңіз маңында орналасуында. Карнавалдардың қайта қалпына келуіне Венеция экс-мэр Антонио Казеллати қосқан үлесі мол болды. Оның қатысуы бойынша 20 жыл бұрынғы дәстүрдің қайта тірілуіне амалдар карнавалдық заңдар негізінде еркіндік пен батылдық әрекет қыла бастады. Бұл амалдар табыс әкелді және одан әрі созылуда.

Нәтижесінде бүкіл католикалық Еуропаға тарады, Францияға, Испанияға, Португалияға келді. Тұңғыш рет француздық карнавал 1924 ж Прованс Шарль Анжуйскийдің лептеуін еске түсіреді: «Эх, Ницца карнавалдарының бақытты күндері»

Бірнеше ғасырлар бойы карнавалдар стихиялық түрде болды, 1873 ж Ницца тұрғыны Andriot Saetone Мейрамдық комитет құруға тілек білдірмеді. Мейрамдар муниципалитеттердің басқармасымен өтіп отырды. Andriot Saetone ның қабілеттілігінің арқасында содан бері карнавалдардың жеке тақырыптары болады. Мысалы, 1953 ж мейрам «Цирк королі», ал 57ж Гастрономия королі, 64 ж Би королі, 90 ж Күлкі королі, 97 ж спорт королі деп аталды.

Карнавалдар ақпан, наурыз айларында өтеді, оның қонақтары миллиондаған туристер. Фестиваль салтанатты түрде король мен королеваның келуінен басталады, бұл іс шаралар дәстүрлі түрде карнавалдың ашылуы. Бұл нағыз ортағасырлық костюмдермен, ат жарақтармен, салт аттылармен, қасқырлармен және азулы құстармен көрініс табады. Мейрамның айрықша салтанаты Гүлдерді тамашалау, әрбір карнавал күндері Англия жағалауынан тамашалауға болады.

Европадағы ең ірі карнавалдардың бірі болып Германиядағы Кельн карнавалы болып табылады. Кельн бұл аумағы бойынша Германиядағы 4 – ші қала және ең көне қалалардың ішіндегі ең үлкені болып табылады. Оның аты латын сөзінен «колония, отар» сөзінен шыққан. 2000 жыл бұрын бұл жерде Римдіктер, Рейн өзенінің жағалауында «Colonia Romana» қаласын салған болатын. Римдіктер қазіргі Кельн қаласына өздерінің көптеген салт-дәстүрлерін үйреткен болатын. Бірақта бұл салт-дәстүрлер христиан дінімен сәйкес келмегендіктен орта ғасырда карнавалды ұйымдастыруға рұқсат болмаған. Тек қана 1800 жылы ғана карнавалды өткізуге деген тыйым алынып тасталынған болатын.Осы уақыттан бастап Германияда карнавал өткізілетін болды. Карнавал тек қана екінші дүние жүзілік соғыс кезінде ғана өткізілмей қалған болатын. Кельн тұрғындары өздерінің карнавалдарын жылдың ең қызықты карнавалы деп санайды. Жыл сайын 1 миллиондай турист келеді және 2 апта тойланады. Кельн карнавалы өтерде барлығы әр түрлі костюмдермен сәнденіп карнавалға қатысады, тек қана дәрігерлермен полицейлерден басқасы. Карнавал өтетін күндері халықтың барлығы алаңдарда немесе кабактарда болады. Мейрамханалармен кабактарда карнавал өтетін 2 апта ішінде Кельн тұрғындары мен қонақтары жыл сайын 40 миллион марок және карнавал костюмдары үшін 60 миллион марк жұмсайды екен. Кельн тұрғындары карнавал өтуге 3 ай қалғанда дайындалады екен. Кельн қаласындағы Немәс экономика институтының қызметкерлерінің есептеуі бойынша карнавал уақытысында немістер 3 пен 5 миллиард евро қаржыларын жұмсайды екен. Карнавалдың өтуінен еңбек нарыңында ұтады екен. Мамандардың есептуі бойынша осы уақытта Германияда 40 пен 50 мың шамасында қосымша жұмыс орындары ашылады екен. Немістек карнавалға жыл сайын 3 миллион костюм, 900 мың парик, 500 мың маскі, 2 миллион шляпі сатып алынады. Осы өнімдерді сатып алғандағы өнім айналымы 295 миллион евро құраған. Германиядағы карнавалда «әйелдер бейсенбесінен» басталады. Көне алаңда – көптеген әйелдер жиналады. Барлығы сағаттың 11 сағат 11 минут болғанын күтеді. Уақыт болғанда карнавал қатысушылар қалалық ратушаны бағындырады. Осы уақыт карнавалдың басталғанын білдіреді. «Әйелдер бейсенбісінде әйелдерге барлығы рұқсат. Сондықтан олар еркектердің галстугін кесіп өздерінің қожайын екенін көрсетеді. Ал жұма, сенбі күндері карнавал мейрамханалар мен сыраханаларда тыныш өтеді.Бұл күндері алаңдарда «карнавал әуендері айтылады жәнесусындарғы жеңілдіктер болады». Ал сенбі күні аруақтарды еске алады. Кез- келген қалаған адам аруақтардың костюмімен алаңдағы карнавалға қатысса болады. Жексенбі күні балалар күні болады. Дүйсенбі күні «қызғылт дүйсенбі» болады. Оған Кельн орталық алаңында 1,5 миллиондай көрермендер жиналады. Келесі күні «майда көк гүл күні». Ал сәрсенбі күні барлығы бір – біріне кресттің суреттерін салады және мейрамханалар мен сыраханаларда балық тағамдары ұсынылады. Кельн карнавалына ұқсас Дания мемлекетіндегі Festelavn «тәтті бөшке». Бұл карнавал Ақпанның аяғы мен наурыздың басында өтеді. Бұл күні қалалар мен ауылдарда балалар бірінші тұрып ата- аналарын мерекелік әуенмен оятады. Кейін олар әдемі мерекелік костюмдерін, маскілерін киіп орталық алаңға шығады.

Лондонда өтетін – Кариб карнавалы. 60 жылдың басында Наттинг- Хиллде Индиядан келген тұрғындар жаулап алған болатын. Индиядан келген тұрғындар жұмыстың, үйдің жоқтығынан үйлеріне қайтуды аңсайтын.Осыны сезбес үшін олар Лондонның алаңдарында «өзге елде деген» мереке ұйымдастыруға тырысады. Бұл карнавалдың европада пайда болуына «темір бактегі барабаншылар» әсер еткен болатын. Бұл стиль екінші дүние жүзілік соғыста американдық теңізшілер Тринидад- Табаго жағалауына бос майдың бактерін лақтырғаннан басталған болатын. Тұрғылықты тұрғындар бұл темір бактерден әуендер шығаратын болған. «Темір бак» Тринидад –Табагоның ұлттық музыкалық аспабына айналған болатын. Қазір Наттинг – Хилл қаласы ең қалталы адамдар тұратын қала болып табылады. Карнавал тамыздың соңғы жексенбісінде басталады. Бұл күні карнавал балалар үшін болады. Ал дүйсенбі күні алаңдарға улкенгдер ұлттық әуендерді тыңдау үшін келеді. Мұнда әр турлі стилдегі рок, хип-хоп, джаз, фанк т.б. әуендер шырқалады. Кариб карнавалы енді дамып келе жатқан жас карнавал болып табылады. Әлемдегі ең керемет карнавал бұл – Бразилия карнавалы. Католик храмы өзінің күнтізбесінен бұл карнавалға күн белгіленген болатын. Осыдан бастап Пасха күніне 7 апта қалғанда басталатын болған. Карнавал бұл әрбір бразилиялық тұрғынға негізгі оқиға болып табылады.Әлемге ең әйгілі карнавал Рио-де – Жанейро қаласындағы ең қызық, әлемдегі көпшілікке арналған ең қымбат карнавал болып табылады. Халықтық мейрамдар туристік орталықтардан алыс орналасқан – Салвадорға, Ресифи- Лезе қалаларында болады. Бұл жақта тарихи оқиғалар қойылады. Карнавал қала мэрінің қаланың кілтін «карнавалдың короліне» беруден басталады. 4 күн бойы карнавал королі қаланың қожайыны аталады және кез- келген өзгертуге құқығы болады.Бұл күннің негізгі заңы барлығына мерекені тойлау болып табылады. Басында карнавал португал халқының әуенімен басталса кейін сло кездің сәнді әуенднрі польшаның,италияндық әуендермен басталған болатын. 1870жылдан бастап бразилиялық стиль maxixe стилінде басталатын болған. Кейін рончос болса, кейін самба биімен басталатын болды. Бұл би басында Африканың «семба» биінен шыққан болатын.1916 жылы карнавал үшін алғашқы самба жазылған болатын. 1928 жылы алғашқы самбабиін үйрететін мектеп ашылған болатын. самба мектебі Бразилиядағы негізгі институт болып табылады. Карнавал фабрикасы жыл боцы жұмыс атқарады. Карнавал жыл сайын атақты самба мектептерінің өткізуімен белгілі бір тақырып бойынша өткізіледі. Соған байланысты мектеп жыл бойы карнавалға арнап костюмдер, сахналарды, өздерінің самба биін жазады. Мұның барлығын 700 метрлік самбадромнан барлығынан да артық жүріп шығуы үшін істейді. Әрбір мектептен 3 пен 5 мың адамнан шығады. Олардың ішінде әйгілі спортшылар және әртістерде қатысады. 1984 жылы бастап карнавалдық кеш осы карнавалға арнайы салынған алаңда өткізіледі. Самбадромға 70 мыңнан астам халық сыяды және 40 мың орын орындықтармен жабдықталған. Карнавалдың ең қызықты кезеңі жексенбі, дүйсенбі күніне сәйкес келеді бұл күні 1-ші категориядағы самба мектептері өтеді. Карнавал маршы «қанаттарын жазу» мен басталады. Бұны арнайы мерекеге 1899 жылы Искинья Гонзага жазып берген болатын. Әрбір мектептің жүріп өтуі 1,5 сағатты алады. Алғашқы қатарды бастап атақты бишілер шығады, сосын мектеп қызметкерлері және атақты адамдар карнавал костюмдарымен лардың артынан мыңдаған бишілер және жүздіген әншілер шығады және бұлардың арасында 600 доллар төлеп кез- келген адамдар шыға алады. Жоғарғы лиганығ 14 бишілер мектебі 2 күн бойы шығады. Олар тек қана көрермендердің көңілінен емес төрешілердіңде көңілінен шығу керек. Төрешілер барлығын есептейді әуенді оның сөзін биді дұрыс орындалуын барлығын есепке алады. Бұл карнавалды көру үшін әрбір турист 250 доллар, креслода отыру үшін – 450 доллар, ал vip орындарға 100 доллар төлейді. Карнавалдық туризм 21 ғасырдың феномені болып табылады.


1 | 2 | 3 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)