АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Курс: 1

Читайте также:
  1. AMINOTONIC PLUS (5мл)
  2. Http://witcombe.sbc.edu/ARTHchina.html
  3. I. Пояснительная записка
  4. IV. Порядок представления на конкурс
  5. Mesohyal BIOTIN
  6. Введение
  7. Внешнеторговая политика протекционизма.
  8. Вступление.
  9. географічне зазначення.
  10. Глава 56. ДОГОВІР БАНКІВСЬКОГО РАХУНКА
  11. До всіх тем
  12. до оформлення і подання науково-дослідницьких робіт та тез

Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы

Казақстан тарихы және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасы

 

ДӘРІС

 

 

Тақырыбы: «Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері».

Пән: «Экономикалық теория негіздері»

Мамандығы: «051301-Жалпы медицина», «051302-Стоматология»

 

Курс: 1

Уақыт (ұзақтығы): 100 минут

 

 

· Тақырыбы: «Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері».

· Мақсаты: студенттерді нарықты ұйымдастыру мәселелерімен, нарықтың құрылымы мен түрлері және нарықтың инфрақұрылымы мен экономикалық субъектілерімен таныстыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы нарық реформаларын талқылау.

· Дәріс жоспары:

1. нарықтың мәні мен атқаратын қызметтері.

2. нарықтың түрлері мен олардың жіктелуі.

3. нарықтың құрылымы.

4. нарықтың инфрақұрылымы.

5. нарықтық қатынастардың субъектілері.

 

Дәріс тезистері:

Нарықтық модельге негізделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды былай жүзеге асырады: жеке тұтынушы мен өндірушулер нарық арқылы өзара іс - әрекет жасап, экономикадағы басты үш мәселені шешуді мақсат етеді. Оларға: нені, қалай және кімге өндіруді жүзеге асыру қажеттілігін жатқызамыз. Нені өндіру? Тұтанушы кез-келген тауарды таңдау арқылы өз дегенін жүргізеді. Егер сатып алушы белгілі тауар түрін көптеу алатын болса, онда ол тауарға баға өседі. Нарықтық шаруашылық механизмнің іс-әрекеті автоматты сипат алады, яғни тауарға сұраным өссе, баға көтеріледі және тауар өндіруші өндіріс көлемін ұлғайтады. Қалай өндіру керек? Аз шығын жұмсап, сапалы өнім өндіру. Кімге өндіру керек? Өндірген тауарды пайдаланатын тұтынушыларға өндіру керек.

Нарықтық экономиканы тұтынушы сұраным мен техникалық прогресс деңгейінің дамуын реттеу арқылы нарықтық механизм басқарады. Нарық механизмнің құрамына баға, сұраным, ұсыным және бәсеке кіреді. Нарық -қоғамдық тұтыну мен өндірісті келістірудің тиімді механизмі. Сондықтан ол әлемдік өркениеттің басты жетістігі болып табылады.

«Таң ғажайып» неміс экономикасының авторы, профессор Людвиг Эрхард «Барша жанға әлауқаттылық» (1956ж.) еңбегінде былай деген:«Нарықтық шаруашылықтың кез-келген жоспарлы шаруашылықтан артықшылығы- ол ұлттық өнім мен ұлттық табыстың, сұраным мен ұсынымның арақатынасын дұрыс жолға қойып, тепе- теңдікке келтіреді».

“Нарық– белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субьектілерін байланыстырушы ұйым”.

“Нарық–тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы”.

“Нарық –сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткізу жайлы қатынастар жүйесі”.

“Нарық – өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық элемент пен буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде болады”.

Нарық келесідей қызметтер атқарады:

1) ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамасыз ететін реттеуші;

2) ұсынымның көлемі мен құрылымының жедел өзгеруі және оның сұраным төлем қабілетіне икемделуі;

3) экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;

4) экономиканың жағдайы туралы объективті ақпарат көзі (экономиканың айнасы);

5) тауар мен еңбектің қоғамдық маңызын анықтау және мойындаушы құрал;

6) бәсеке арқылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру, тазалау;

7) құрылымдық тұтыну, тұтынушыны табыс деңгейіне қарай рационалды таңдауға экономикалық мәжбүр ету;

8) өндірістік шығындарды төмендетуге, тауар өндірушілерді экономикалық ынталандыру және оларды өте қажетті қоғам аясына жұмсау;

9) тауар өндірушіні жоғары сапалы және жоғары еңбек өнімділігіне экономикалық тұрғыдан мәжбүр ету.

Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль атқаруы болып табылады.Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың келесі қызметі –– ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен несиенің пайыздық өзгеруі, қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Нарықтық механизмі сауықтыру қызметтін де атқарады. Бәсекенің көмегімен ол қоғамдық өндірісті тиімсіз біріңғай шаруашылықтан тазалап, үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.

Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауардың 50-70% солардың өндірген өнімін құраса, онда кәсіпорын (фирма) қызметі монополияланған болып саналады. Сондықтан нарықтық ортаны қалыпқа келтіру үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи күй-жайы.Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен байланысады және өнімді шығаруға қызыға түсіп, қызметке белсенді кіріседі. Нарық-күрделі экономикалық категория. Ол белгілі және нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүреді және көптеген факторларға тәуелді: меншік түрлерінің көп болуы; нарықтағы шаруашылық субъектілерінің қойылатын экономикалық жауапкершілікке сай және тәуелсіз болуы; тауар өндірушілер мен сауда делдалдарының бәсекестілігі;белгісіз нарыққа өнім шығару; өнімге бағаны қою құқығы; қажетті инфрақұрылымның болуы.

Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан және әртүрлі функционалдық жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды.

 

Ұйымдық тұрғыдағы белгісі Құрылымдылық тұрғыдан бөлу
  Территориялық Базар, биржа, аукцион, жәрмеңке, аймақтық нарық, ішкі нарық, әлемдік нарық
  Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан Монополиялық, олигополиялық, таза монополиялық, еркін, реттеуші
  Тепе-теңдік деңгейі тұрғысынан Баланстанған, баланстанбаған
  Салалық сипаты тұрғысынан Сала аралық, салалық, ішкі салалық
  Тауарды бағыттау тұрғысынан Азық-түлік, азық-түліктік емес, тағамдық немесе тағамдық емес
  Заңдылыққа сай келу тұрғысынан Арнайы ресми, ресми емес (көлеңкелі)
  Жетілу деңгейі тұрғысынан Дамыған нарық, қалыптасушы нарық
  Нарық субъектісі тұрғысынан Сатушы нарығы, тұтынушы нарығы

 

Нарық–күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз: ішкі (ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және ішкі (республикалық, облыстық, облысаралық) нарық, әлемдік нарық. Әлемдік нарық - жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып отырады. Ішкі нарық – түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы:өндіріс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күші нарығы енеді. Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып, сату–сатып алу немесе өндіріс факторы арқылы жүргізіледі. Бұл қатынастар тауар-ақша түрінде байқалып, ішкі нарық қызметінің жағдайын ақша мен тауар айналымының бар болуын көрсетеді. Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен байланыстырып, тереңдеген еңбек бөлісіне қарай топтасқан елден құралған нарығы –– еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық қатынастардың жетілу деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз: дамыған нарық, қалыптасатын нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарығы (монополиялық,олигополиялық, монополиялық бәсеке).

Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз:

Мемлекеттік нарық –– бір субъектінің бағаны анықтаумен сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқа да субъектілер болуы мүмкін.Олардың өндірістегі үлесі аса көп емес, сондықтан монополиялық бағаны өзгертуге шамасы келмейді; Олигополиялық нарықта азғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін; Монополиялық бәсеке нарығы –– (грек сөзі «монос»-бір «поли»-сатамын) көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әр текті өнімді сатуынан құралады.Нарықты ірі тауар топтарына қарай ––азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата, аяқ-киім, телеаппаратура, автомобиль және т.б.) болып жіктеледі.Тауар топтарындағы нарыққа мыналар жатады:нан-бәлішке өндіру нарығы, ұн және тары нарығы, макарон өндіру нарығы және т.б.

Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі инфрақұрылым болып табылады. Инфрақұрылым- бұл институттар (ұйымдар, фирма, мекемелер) жиынтығынан тұрады және оның мән мағынасы нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалаптастырып қызмет көрсетеді.

Нарықтық инфрақұрылымның элементтеріне жатады:

ü Аукциондар, биржа мен брокерлік конторлар

ü Банктер, коммерциялық орталықтар және компаниялар

ü Мемлекеттік резервтік және сақтандыру қорлары

ü Баға мен стандартты бақылаушы мемлекеттік инспекция

ü Мемлекеттік салық инспекциясы

ü Бағалы қағаздарды бақылау инспекциясы

ü Құқық қорғау органдары, тұтынушыны қорғайтын қоғам

ü Лизингтік компаниялар, кеңестік- делдалдық фирмалар

ü Кеден қызметтері

ü Бизнестің коммерциялық орталықтары

ü Сақтандыру және аудиторлық компаниялар

ü Жарнамалық – ақпараттық қызметтер

ü Қоймалық, элеваторлық, тоңазытқыштық және транспорттық шаруашылық

ü Сауда үйлері, жәрмеңкелер, көтерме сауда орталықтары

ü Маркетингтік зерттеу орталықтары, өндірушілердің әртүрлі ассоциациясы

ü Кадрларды дайындау орталықтары

Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығы, фирма және үкімет жатады. Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек және кәсіпкерлік) ресурстарды өткізе отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады. Сұраным мен ұсыныстың өзара іс-әрекеті ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып, ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткізіп, ақшалай табыс алады. Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін қорға жинайды және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды. Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Тауарды нарыққа шығару фирманың ақшалай табысын қалыптастырады.Фирмалар да салық төлейді және инвестицияны тартып жүзеге асырады.

Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады.Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізеді және инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферттік төлемдерді, яғни, мемлекеттік зейнетақы, жұмыссыздарға жәрдемақы, стипендия, табысы төмендерге, мүгедектерге және көпбалалы отбастарына көмекақы төлейді. Құқықтық негізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады.

 

· Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- 2030. Қазақстан халқына Президенттің Жолдауы. Астана, 1997

2. Назарбаев Н.Ә.Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы// Егемен Қазақстан, 19 наурыз 2004 ж.

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 18 ақпан 2005 ж.

4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан, 26 наурыз 2005 ж.

5. Әкімбеков С, Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.

Оқу құралы.- Астана, 2002.- 464 бет.

6. Крымова В.Ж. Экономикалық теория. Алматы,2002. – 118 бет.

7. Аубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы,1998

8. Экономическая теория: Учебник / Под редакцией В.И. Видяпина, А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, Л.С.Тарасевича.- С-П.-2004.- с. 662.

9. Экономическая теория: Учебник / Под редакцией А.И. Добрынина, Л.С.Тарасевича.- С-П.-2001.- с. 542

10. Курс экономической теории / Под общей ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е. А.- М-2004.-С.832.

11. Аубакиров Я.А. Экономическая теория в условиях рыночных преобразований: Учебное пособие.- Алматы.- 2003.- 200 с.

Қосымша:

1. Борисов Е.Ф., Волков Ф.М. Основы экономической теории (в Ж. «Эконом.Науки»).

2. Войтов А.Г. Экономика. Жалпы курс. М.,1995

3. Казаков А.П., Минаева Н.В. Экономика, курс лекций. М., 1998

4. Мамедов О.Ю. Основы экономической теории.

5. Моканелл К., Брю С. Экономикс М., ТТ 1.2. 2000.

6. Куликов Л.М. Экономикалық білім негіздері. М. «Қаржы және статистика».

7. Котлер Ф. Маркетинг негіздері. М.,1999.

8. Казаков А.П., Минаева Н.В. «Экономика». Дәрістер курсы. Жаттығулар. Тесттер. М., ЦИПКК баспасы. 1998.

9. Экономикалық теория курсы. Проф.Чепурина М.Н.,проф. Киселева Е.А. редакциясымен М., «АСА» Баспасы, «Экономика» бөлімі.2000,2001

· Бақылау сұрақтары (кері байланысы):

Нарық ұғымының қандай анықтамалары бар?

Нарық қандай қызмет атқарады?

Нарық механизмі және оның элементтері?

Нарық әртүрлі белгісіне қарай қалай жіктеледі?

Нарықтың инфрақұрылымы және элементтері?

Нарықтың субъектілері арасында қандай байланыс бар?


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.)