АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Читайте также:
  1. IV. Строение и гистофизиология производных кожи.
  2. V2: Патофизиология белкового обмена
  3. V2: Патофизиология гемостаза
  4. V2: Патофизиология жирового обмена
  5. V2: Патофизиология иммунной системы
  6. V2: Патофизиология клетки. Повреждающее действие факторов внешней среды. Патология наследственности.
  7. V2: Патофизиология лейкоцитов
  8. V2: Патофизиология нервной системы
  9. V2: Патофизиология обмена витаминов
  10. V2: Патофизиология печени
  11. V2: Патофизиология пищеварения
  12. V2: Патофизиология почек

 

№1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

 

Тақырыбы: Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері.

Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері.

 

 

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

 

 

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді.

 

2015 ж. «28» тамыз Хаттама № 1

 

Кафедра меңгерушісі _______________ Хамчиев К.М.

(қолы)

 

 

 

Астана 2015ж

1.Тақырыбы: Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері.

2.Мақсаты: Кәзіргі кезде физиология арнайы медициналық білім жүйесінде ең басты пән. Физиология мазмұның құрастыратын білім, дәрігерлік ойлау қабілетін түзү үшін қажет. Физиологиялық ұрдістерді толығымен түсіну үшін, қызметтің физиологиялық негізі, жасушаның тітіркенгіштігі мен қозғыштығы туралы білім керек.

3.Оқу мақсаты: Қозғыш ұлпалардың әрекетік жағдайы ретінде, қозу ментежелудің негізгі принциптерін ұйымдастыру. «Ритмокардиоэнцефалоскоп» аспабында жүрек пен мидағы электрлік потенциалдың тіркеуге үйрету. Тіркелген ритмокардиоэнцефалограманы талдау.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы.

2. Физиологияның даму тарихы.Физиология дамуындағы отандық және шет елдік ғалымдардың ролі. (И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин, К.В.Судаков, А.П. Полосухин, Н.У. Базанова и т.б.)

3. Тірі ағзалардың жалпы қасиеттері. Тұтас ағзаның қызмет етуінің жалпы принциптері - корреляция, реттелу, рефлекс, өзіндік реттелу.

4. Жүйелік даму. Тіршілік ету процестерінің жүйелік квантталуы.

5. Физиологиялық зерттеу әдістерінің дамуы.Физиологиялық зерттеулердің қазіргі кездегі әдістері

5.Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Физиологиялық тәжірибелерді жүргізу үшін қажетті аспабтармен танысу.

2. Ритмокардиоэнцефалоскоп аспабында жүрек пен мидағы электрлік потенциалды тіркеу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Тақырып бойынша дәріс

2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663

3.Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

6.Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

Қосымша:

1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

7. Бақылау: сөзжұмбақты құрастыру және шешу

 

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

Физиология кафедрасы

№1 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері.

№ 1-жұмыс. Физиологиялық тәжірибелерді жүргізуге қажетті құрал-жабдықтармен танысу. (Руководство к практическим занятиям по физиологии: под ред. Косицкого Г.И. 1988, 8-19 б.).

Физиология - тәжірибелік ғылым, және оның жоғарғы оқу орындарында оқытылуы міндетті түрде студенттермен лабораториялық жұмыстарды орындауымен жүргізіледі. Тәжірибелік жұмыстардың орындалу барысында студенттер дәрісте баяндалған қағидалық негіздерді тікелей дәлелдейтін мәліметтер алады. Ұсынылған есептің негізі - жұмыстарға енгізілген арнайы қызметтік салмақтар бойынша қызметтің статистикасы емес, динамикасында болып табылады.

Тәжірибе және клиникада түрлі құрал-жабдықтарды қолданумен физиологиялық қызметтерді зерттеу кезінде өзіндік жүйелер түзіледі. Оларды екі топқа бөлуге болады:

  1. Өмір әрекетіндегі түрлі көріністерді және табылған нәтижелерді тіркеу жүйесі.
  2. Ағза немесе оның құрылымды-қызметтік бірлігіне әсер еткен әрекеттерге арналған жүйе.

№ 2-жұмыс. Жүрек бұлшық еті мен бас миындағы биоэлектрлік құбылысты тіркеу.

Жүректің биоэлектрлік құбылысы, оның ырғақтық әрекетімен пайда болады. Бұлшық ет немесе жүйке қозғанда, оның тыныштық күйінен айырмашылығы, қозған бөлімі теріс зарядты болып табылады. Бұл заңдылықтар жүрекке тән. Ең алдымен жүрекшелер, артынан қарыншалар жиырылады. Осыған дейін қозу синустық түйінде туады.

Жүректің әрекеттілігінде, ең алдымен синус аймағы теріс зарядты болса, осы кезде тыныштықтағы жүрекшелер мен қарыншалар оң зарядты болып табылады. Қозудың таралуына байланысты, теріс зарядтылық синустан жүрекшелерге, соңынан қарыншаларға тарайды. Қозу жойылғаннан кейін, синус аймағы оң зарядталады. Сонымен, жүректегі қозу үрдісі оның барлық бөлімдерінде бірмезетте пайда болмау салдарынан, потенциалдар айырмашылығы туады.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Бақылау: кроссворд шешу

1. Сыртқы ортаның түрлі өзгерістеріне жауап беретін, өзіндік реттеуші жүйе қалай аталады? - организм

2. Сыртықы орта тітіркендіргіштеріне, организмнің жауапты реакциясы қалай аталады? – рефлекс

3. Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы аталады: - гомеостаз

4. Организмнің жоғарғы жүйке іс-әрекетінің ілімін қалаған: - И.П.Павлов

5. Организмнің тіршілік әрекетінің жиынтығы орыс тілінде қалай аталады? - среда

6. Қысқа уақытқа созылатын, жансыздандырылған жануарлардың мүшелер жұмысын зерттеу үшін, олардың организмін кесіп, жүйкелерін тітіркендірудегі әсерін зерттеу, дәрілік заттарды егу және т.б. жағдайдағы тәжірибе орыс тілінде қалай аталады? - острый

Сабақтың тақырыбы бойынша бақылау: Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері.

О    
Р Г  
Г О  
А М П   О
Н Е А С С
И О В Р Т
З Р С Л Е Р
М Е Т О Д Ы
  Ф А В А Й
Л З  
Е  
К
С

(оқытушыға)

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

№2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

 

Тақырыбы: Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Қозғыштықтың параметрлері.

 

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

 

 

 

Астана 2015ж

 

1.Тақырыбы: Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Қозғыштықтың параметрлері.

2.Мақсаты: Биологиялық құбылыс табиғаты ағзаның сыртқы ортамен өзара байланысы туралы білім, акпараттың таралу үрдісін дүрыс ұғыну үшін қажет.

3.Оқу мақсаты: Қозғыш ұлпалардың биоэлектрлік құбылысының негізгі тегершіктерін ұйымдастыру, классикалық физиологиялық тәжірибелермен таныстыру. Көлбақаның артқы аяқтарынан препарат дайындау үйрету.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Қозғыш ұлпалар. Тітіркендіргіштердің жіктелуі.

2.Қозғыш жасушалардың негізгі қасиеттері (тітіркенгіштік, қозғыштық). Қозу.

3.Қозғыштықтың параметрлері: тітіркендіру табалдырығы, (реобаза), пайдалы уақыт, хронаксия, лабильділік, рефрактерлік. Аккомодация

4.Сөл бөлу.Сөл бөлу қызметтері. Сөл бөлетін жасушалардың биоэлектрлік ерекшеліктері. Сөл бөлудің ерекшеліктері (жүйкелік, гуморальдық).

5.Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Ритмокардиоэнцефалоскоп аспабында жүрек пен мидағы электрлік потенциалды тіркеу.

2. Жүйке бұлшықеттік препарат және қөлбақаның оқшауланған балғыр бұлшықетінен препарат дайындау.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Тақырып бойынша дәріс

2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663

3.Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

6.Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

Қосымша:

1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

7. Бақылау: Билет бойынша жазбаша бақылау.

 

 

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

№2 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Қозғыштықтың көрсеткіштері.

 

№ 1-жұмыс. Жүрек бұлшық еті мен бас миындағы биоэлектрлік құбылысты тіркеу (№ 1- сабаққа арналған әдістемелік нұсқауды қара).

№ 2-жұмыс. Жүйке-бұлшық еттік препаратты және көлбақаның оқшауланған балтыр бұлшық етінен препаратты дайындау (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В. Коробкова, 1983, 149 б.; Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 73-75 б.).

Жұмыс №2 Жүйке- бұлшықет препаратын дайындау және бақаның балтыр бұлшықетінен препарат дайындау

Жүйке-бұлшықет жүйесінің физиологиясын оқу қозғалыс жүйесі мен жүйке жүйесі жайлы маңызды ақпарат алуға мүикіндік береді.Жүйке-бұлшықет физиологиясы (практикалық) тәжірибелік медицинада, жеке дәрігерлік бақылауында, жүйке аурулар клиникасында, ортопедияда және емдік дене шынықтыруда қажет.

Бұлшықет пен жүйкенің физиологиялық қасиетін оқуда жиі жүйке-бұлшықет препараты қолданылады.Оны бақаның артқы аяғынан дайындайды.Классикалық жүйке-бұлшықет препараты болып балтыр бұлшықеті мен (Седалищный нерв) шонданай жүйесі табылады.

Жұмысқа қажетті құралдар: препарат дайындауға қажет құрал-саймандар, бума сүлгі, операция жүргізілетін үстел, Рингер ерітіндісі, бақа

Жұмыс барысы: Бақаны жансыздандырады, содан соң оның артқы құрсағын алып, үлкен құйымшақтың 1 см жоғары проксимальды ұшынан омыртқадан кесіп өтеді.Бақаның артқы аяқтарын ұстап тұрып,қайшвмен теріні, бұлшықетті, ішкі мүшелерін кесіп, құрсақ бөлімінің алдыңғы бөлімін ажыратады.Бақаның артқы табандарынан терісін алып тастайды.Ол үшін 2 дәке сүлгісін алып. Біреуімен омыртқаның қалғанын ұстап тұрады, ал екіншісімен теріні ұстап. Қолдың тез қозғалысы арқылы теріні табанынан ажыратады.Эксперименттерде қолданылатын бақаның артқы аяғының препаратын алады.

Бақаның артқы аяғынан дайындалған препаратты сол қолға қалған омыртқадан ұстайды.Ұстаған кезде құйрық сүйегін (уростиль) жоғары қаратады.Ол үшін қайшымен кесіп өтеді.Көзбен қадағалап препаратты вентральді беткеймен аударады, сегізкөз байламдарының нервтік бағандарын бүлдіріп алмау үшін омыртқаны және мықын өсіндісін 2 бөлікке кесіп, 2 артқы аяқтан препараттар алады.Бұл препаратты Рингер сұйықтығына салса, екіншісін жүйке-бұлшықет препаратын дайындауға жұмсайды.

Балтыр бұлшықетінің препаратын дайындауды өкше тұсынан (ахиллова) бастайды.Сіңірдің астынан ұзына бойы сесамовидный сүйегінің астынан кесіп өтеді.Өкше сіңірінің ұшынан пинцет арқылы ұстап, балтыр бұлшықетін жанына қарай тартып, фациялардан және басқа да оны байланыстыратын тканьдардан ажыратады.

Нервтер препаратын дайындағанда препаратты дорсальды бетімен жоғары қаратады. 2 үлкен саусақпен бел бұлшықетін ажыратып, тереңде орналасқан шонданай жүйкесін жалаңаштандырады.Шыны ілмектер арқылы нервті тізе буындарына дейін бөліп аламыз.Одан кейін омыртқаның бөлігін алып,жамбас сүйегінен бөледі және қайшымен шонданай нервінің барлық бұтағын кеседі.Тізе буынына дейін бөліп алғаннан кейін, ұштарын жоғары және төмен кесіп, жүйке-бұлшықетінен нервті бөледі.

Жұмыс дайындауға ұсыныстар: Жүйке-бұлшықет препаратын салыңдар, бөліктерін көрсетіп, белгілеңдер,ол қандай мақсатта қолданылатынын көрсетіңдер

 

 

№ 3 Жұмыс. Схема сызбасы:

 

 

Құрбақаның қозғалмауы-бас және арқа миының бұзылуы.

Жүйке-бұлшықеттік препараттың дайындау кезеңдері.

 

 

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Бақылау: сканворд шешу

Сабақтың тақырыбы бойынша бақылау: Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері.

 

1. Сыртқы ортаның түрлі өзгерістеріне жауап беретін, өзіндік реттеуші жүйе қалай аталады? - организм

2. Сыртықы орта тітіркендіргіштеріне, организмнің жауапты реакциясы қалай аталады? – рефлекс

3. Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы аталады: - гомеостаз

4. Организмнің жоғарғы жүйке іс-әрекетінің ілімін қалаған: - И.П.Павлов

5. Организмнің тіршілік әрекетінің жиынтығы орыс тілінде қалай аталады? - среда

6. Қысқа уақытқа созылатын, жансыздандырылған жануарлардың мүшелер жұмысын зерттеу үшін, олардың организмін кесіп, жүйкелерін тітіркендірудегі әсерін зерттеу, дәрілік заттарды егу және т.б. жағдайдағы тәжірибе орыс тілінде қалай аталады? - острый

Сабақтың тақырыбы бойынша бақылау: Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері.

 

 

     
     
     
         
         
         
           
           
           
     
   
 
 

 

 

(студенттерге)

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

№3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

 

 

Тақырыбы: Биоэлектрлік құбылыстар. Биопотенциалдардың табиғаты туралы қазіргі кездегі көзқарас.

 

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

 

Астана 2015ж

1.Тақырыбы: Биоэлектрлік құбылыстар. Биопотенциалдардың табиғаты туралы қазіргі кездегі көзқарас.

2.Мақсаты: Биологиялық құбылыстардың табиғатын, ағзаның сыртқы ортамен қатынасын білу ақпаратты өткізу құбылысын түсіну үшін қажет.

3.Оқу мақсаты: Қозғыш тіндерде болатын биоэлектрлік құбылыстардың негізгі механизмдерін қалыптастыру.Классикалық физиологиялық тәжірибелермен таныстыру.Бақаның артқы аяғынан препарат жасауды студенттерге үйрету.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Биоэлектрлік құбылыстар жайындағы ілімнің дамуы. (Гальванидің 1 және 2 тәжірибесі).

2.Мембраналық потенциал, әрекет потенциалы, оларды тіркеу әдістері, пайда болу механизмі.

3.Ұлпаның қозу кезіндегі қозғыштық қасиетінің өзгеруі..

4.Биопотенциалдар пайда болуының теориясы және олардың пайда болуы жайындағы қазіргі кездегі көзқарас. Жасуша тітіркенуі кезіндегі мембраналық және жасушаішілік процестер.

5.Мембрананың иондық каналдары. Биологиялық мембраналар арқылы заттардың активті және пассивті тасымалдануы.

6.Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттері.

7. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру заңдары. (полярлық заң, «бәрі және ештеңе емес» заңы,күш заңы, күш және уақыт заңы, градиент заңы).

5.Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1.Қозғыш тіндердегі биоэлектірлік құбылыстарды көрсетудің биологиялық тәсілі.

2.Сызбанұсқаларды сызу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Тақырып бойынша дәріс

2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663

3.Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

6.Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

Қосымша:

1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

7. Бақылау: ситуациялық есептерді шешу

 

 

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

№3 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: Биоэлектрлік құбылыстар.

№ 1-жұмыс. Қозғыш ұлпалардағы биоэлектрлік құбылысты шерудің биологиялық тәсілі (Гальванидің 1- және 2- тәжірибелері мен К. Маттеучидің тәжірибесі). (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В. Коробкова, 1983, 156 б.; Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 80-83 б.).

«Тірі электрліктің» бар екендігін бәсекелессіз дәлелдейтін Гальванидің 1-тәжірибесінің мәні- жүйке-бұлшықет препаратына биметалдық пинцет әсерінен кейін бұлшық еттің жиырылуы бақыланатындығында.

Гальванидің 1-тәжірибесі:

Жумысқа қажетті құралдар: биметалдық пинцет, препарат жасайтын құралдар жиынтығы, лоток, универсалды штатив, марлі салфеткалары, Рингер ерітіндісі, көлбақа.

Жұмыс барысы: Көлбақаның екі артқы аяғынан препарат жасап, оны штативке іліңіз. Сосын бір браншасы мыста, ал екінші браншасы темірден жасалған пинцетті аламыз. Содан кейін мыстан жасалған браншаны жүйкелік өрімге апарады да екнінші браншасын аяқ бұлшықетіне саламыз. Осының нәтижесінде аяқ бұлшықеттерінің жиырылуын бақылаймыз.

Жумысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жобасын салыңыз, бұлшықеттің жиырылу себебі туралы қорытынды жасаңыз.

Гальванидің 2-тәжірибесінде (металсыз жиырылу)

балтыр бұлшықетінің жарақаттанған бөлігіне жалаңашталған шонданай жүйкесін салғанда көлбақаның артқы аяқтарының бұлшық еті жиырылады. Тыныштықтағы бұлшықеттің сыртқы беткейі мен ішкі беткейіндегі потенциалдар айырмасы, бұлшықет жарақаттанғанда бақыланады. Жарақаттанған және жарақаттанбаған бөлімдер аралығындағы пайда болған потенциал, «жарақат потенциалы» немесе «демаркациялық потенциал» деп аталады. Бұлшықеттің жарақаттанған электрлі-теріс бөліміне жүйкені салғанда, бұлшықеттің жарақаттанбаған деңгейі мен жүйкеге жанасқан жеріндегі оң зарядты полюсі үлкен роль атқаратын, тізбектің қиылысуы жүреді. Сонымен Гальванидің 2-тәжірибесіндегі жүйкенің қозу себебі, ұлпаға тікелей әсер ететін токтың тітіркендіргіш әрекеті болып табылады.

Жұмыс барысы: Көлбақаның артқы аяғынан препарат жасаймыз. Сосын шонданай нервін жақсылап препараттап, ол нервіні омыртқа жанынан кесеміз. Санның төменгі бөлігіндегі бұлшықетті қиып өтіп, әйнек ілгішпен тез арада шонданай нервін алып, тез арада бұлшықеттің үстіне қою керек. Ол жанағы санның жарақаттанған және жарақаттанбаған аймағвн бір уақытта жанау керек.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: тәжірибенің жобасын сызыңыз, қорытындыда артқы аяқтар бұлшық етіннің жиырылу себебін қорытындылаңыз.

Маттеучи тәжірибесі.

Қаңқа бұлшықеті жүйкенің ток күші әсерімен тітіркенуі (2-реттік тетанус). 1840 ж. Маттеучи, жүйке-бұлшықет препараты бұлшықетінің жиырылуын, келесі препараттың жирылған бұлшықетіне жүйкені салса да, тудыруға болатындығын көрсетті. Бұл тәжірибе, басқа препараттың жүйкесіне арналған тітіркендіргіш ретінде қолдануға болатынын, жиырылған бұлшықеттегі токтар мәні жоғары екендігін куәләндандырады. Осы токтар «Ток әрекеті» деген атау алды.

Жумысқа қажетті құралдар: препараттауға арналған құрал-жабдықтар жинағы, лоток, стимулятор, электрод, әйнектен жасалған ілгіш, тығын пластинкасы, Рингер ерітіндісі және көлбақа.

Жұмыс барысы: Көлбақаны жансыздандырамыз да, екі артқы аяғынан препарат жасаймыз. Сосын екі препараттағы шонданай жүйкесін әйнек іггіштің көмегімен тізе буынына дейін препараттайды. Сан сүйегі мен сан бұлшықеттерін түгелдей алып тастап, тек қана сирақ пен табанды қалдырамыз. Бір препарттағы жүйкені омыртқа кесіндісімен қалдырып, ал екіншісінде омыртқа кесіндісін алып тастайды. Екі аяқты да тығын пластикасының үстіне қоямыз. Бір жүйке-бұлшықеттік препараттың жүйкесін әйнек ілгіштің көмегімен электродқа қояды. Ал ол электродтар стимулятормен байланысты. Бұл препараттың бұлшықетіне ұзына бойы екінші препараттың жүйкесін орналастырады. Бірінші жүйке-бұлшықеттік препараттың жүйкесін ретмикалық тітіркенуге апарып соқтырады. Содан кейін аяқтардың титаникалық жиыруларын бақылайды.

Жұмыстың орындалу кезінде жүйкені препараттағанда өте сақ болу керек! Өйткені жұмыс барысында жүйке кеуіп қалуы мүмкін. Әрине тәжірибеден бұрын бірінші жүйке-бұлшықеттік препараттың бұлшықеттік жазықтығын фильтр қағазы көмегімен кептіру керек.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жүргізілу жобасын сызыңыз, екінші реттік титанның пайда болу себебін қорытындылаңыз.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жүргізілу жобасын сызыңыз, қорытындыда ток әрекетінің туу себебін түсіндіріңіз.

№ 2 Жұмыс.Схема сызбасы.

Гальванидің екінші тәжірибиесі(балтыр бұлшық етінің жарақаттанған бөлігіне жалаңашталған шонданай жүйкесін салу).

 

 

Екінші реттік тетанусты алу әдісі (Маттеучи тәжірибиесі)

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Бақылау: ситуациялық есептерді шешу

Сабақтың тақырыбы бойынша бақылау: Биоэлектрлік құбылыстар. Биопотенциалдардың табиғаты туралы қазіргі кездегі көзқарас.

№ 4- ситуациялық есеп.

Тұссыз ортаға салынған жүйке, тітіркендіргіштің кез-келген күшімен қозбайды. Неліктен екендігін түсіндіріңіз.

 

Есепті шешу алгоритмі:

Қозғыштық деген не? Мембраналық потенциал, мембрана арқылы иондардың сылбыр және белсенді өтілуіне оның тәуелділігі. Құбылыстың қызметтік тәуелділігі: мембраналық потенциал- қоздырғыш- қозу және олардың жасушадан тыс ортаның тұздық құрамымен байланысы.

№ 5- ситуациялық есеп.

Бұлшық еттің минимальді тітіркендіру табалдырығы 0,1 мА құрайды. Бұлшық етті 0,2 мА күшпен тітіркендіргенде, неліктен және қандай жағдайларда бұлшық ет жиырылмайды?

 

Есепті шешу алгоритмі:

Тітіркендіргіш күшінің негізгі көрсеткіштері, әсер ету уақыты, токтың (тұрақты ток үшін) таралу жылдамдығы. Осы көрсеткіштерді ретімен қарастырғанда, есепті шешуге жауап табуға болады.

№ 9- ситуациялық есеп.

Жасуша ішінде калий ионының концентрациясын жоғарылатса, мембраналық потенциал шамасы қалай және неліктен өзгереді?

 

Есепті шешу алгоритмі:

Мембраналық потенциалдың түзілу тегершігі және калий ионының ролі қарастырылады. Потенциал түсінігі және потенциалдар айырмасы қарастырылады.

 

№ 29- ситуациялық есеп.

Жасушаны қоршаған ұлпалық сұйықтықта, натрий ионының концентрациясы артты. Осы жасушалардың табалдырық потенциал шамасына бұл қалай әсер етеді және неліктен?

 

Есепті шешу алгоритмі:

Жасуша мембранасының электрохимиялық айырымының түзілу тегершігі, көбіне, баяу деполяризация кезеңіндегі МП және ӘП түзілуіндегі натрийдің ролі, қалыптағы табалдырық потенциалы және деполяризацияның сынама деңгейі, және жасушадан тыс сұйықтықта натрий ионының гиперконцентрациясы қарастырылады.

 

(студенттер үшін)

 

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

№4 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

 

 

Тақырыбы: Еттердің физиологиялық қасиеттері. Бұлшық ет жиырылуының түрлері.

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

 

Астана 2015ж

 

1.Тақырыбы: Еттердің физиологиялық қасиеттері. Бұлшық ет жиырылуының түрлері.

2.Мақсаты: Барлық тірі жасушалар мен ұлпалар түрлі әсерлерге жауап беруге және сыртқы орта әсері мен өз қызметтік белсенділігін өзгертуге қабілетті. Ондай ұлпаның бірі бұлшықеттік болып табылады. Әсер етуші фактор және бұлшықет арасындағы өзара әрекеттіліктің жалпы заңдылығы туралы білім, біртұтас ағза мен жүйке құрылымдарының қозғалыс белсенділігінің негізіні түсінуге, материал алуға мүмкіндік береді.

3.Оқу мақсаты: Студентті бұлшықеттің қозу табалдырығын анықтауға, динамометрия жүргізуге үйрету, бұлшықеттік жиырылудың негізгі тегершіктерін ұйымдастыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қаңқа бұлшық етінің физиологиясы, олардың қызметтері. Еттердің негізгі қасиеттері.

2. Еттің күші және жұмысы. Еттің қажуы, тұтас ағза және жекелеген еттер қажуының теориялары. Орташа жүктеме заңы.

3. Қозғалтқыш бірліктер және әртүрлі еттердегі олардың ерекшеліктері.Бұлшық ет жиырылуның құрылыстық - қызметтік негізі. Қозу мен жиырылудың бірдейлігі. Еттің босаңсуы.

4. Еттер жиырылуының тәртіптері. Жеке дара жиырылу. Тетанустық жиырылу, оның түрлері. Қаңқа бұлшық етінің жұмысының түрлері. (изотоникалық, изометриялық, ауксотоникалы).

5. Бірыңғай салалы еттер физиологиясы, олардың қызметтері, физиологиялық қасиеттері, іс-әрекетінің реттелуі.

6. Бірыңғай салалы еттер мен қаңқа бұлшық еттерінің физиологиялық қасиеттерінің негізгі айырмашылықтары.

7. Электромиография, динамометрия, медицинадағы маңызы.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Тікелей және тікелей емес тітіркендіргенде қозу табалдырығын анықтау.

2. Жеке бұлшық еттік жиырылу қисығын тіркеу тәсілі.

3. Динамометрия.

4. Электромиография.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Тақырып бойынша дәріс

2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663

3.Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

6.Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

Қосымша:

1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

7. Бақылау: Тақырып бойынша – тестілеу.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

№4 сабаққа таратылатын материал

 

Сабақ тақырыбы: Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері. Бұлшықеттің жиырылу түрлері.

 

№1 –жұмыс.Тікелей және тікелей емес тітіркендіргенде қозу табалдырығын анықтау (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В.Коробкова,1983,150-151 б.;Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И.Косицкого,1988,75-77 б.)

Тәжірибелік жағдайларда бұлшықеттің жиырылуын өзін тікелей тітіркендіргенде (тікелей тітіркендіру) және нақты бұлшықетті жүйкелендіретін қозғалыс жүйкесін тітіркендіргенде(тікелей емес тітіркендіру) тудыруға болады.Жүйкелік, бұлшықеттік және бездік тіндер әр түрлі қоздырғыш қасиеттерге ие. Қозғыштық өлшемі ретінде қозу тудыра алатын қозу күшінің минималды мәні - қозу табалдырығы болып табылады.Бұлшықеттегі қозудың көрінісі оның жиырылуы болып табылады.Егер қозғыштық бұлшықетке әсер етсе (тікелей тітіркендіру), онда оның минималды күші бұлшықет қозуын сипаттайды, ал егер бұлшықеттің тітіркенуі оның қимыл жүйкесінің (тікелей емес тітіркендіру) әсері нәтижесінде болса, онда минималды жиырылуға алып келетін электр тогының мәні жүйкенің қозуын сипаттайды.

Құрал-жабдықтар: кимограф, тік миографты әмбебап штатив, қоздырғыш электродтар, оқу электростимуляторы (УЭС-1 немесе т.б.), қоздырғышты ауыстыратын кілт, сия, қағаз,су, Рингер ерітіндісі.Жұмыс бақаға жасалынады.

Жұмыс барысы: Аспапты жинаңдар.Дайындалған жүйке-бұлшықеттік препаратты табан сіңірі арқылы төмен және тізе буыны арқылы жоғары етіп, тік бағытта орнатыңдар(фиксациялаңдар).Шонданай жүйкесін қоздырғыш электродтармен жанасатын етіп көлденең бағытта орналастырып, оған Рингер ерітіндісіне батырылған дымқыл мақтаны қойыңдар.Стимуляторды қосыңдар.Ток күшін реттеуші тетікті «0» мәніне дейін, ал ауыстыру жиілігін «1» мәніне келтіріңдер. Кілтті «жүйке» қалпына келтіріп, ток күшін реттеуші тетікті ақырын қозғай отырып, бұлшықеттің минималды жиырылуын қамтамасыз ететін минималды күшін(қоздыру табалдырығын) анықтаңдар. Кимограф таспасына сия толтырылған қаламдыжақындатып, бұлшықет жиырылуының тікелей емес тітіркену кезіндегі мәнін жазыңдар.Содан соң кілтті «бұлшықет» қалпына келтіріп және жоғарыдағыдай бұлшықеттің тікелей тітіркену кезіндегі қозу табалдырығын анықтаңдар. Әрбір стимуляциядан соң тетікті қолмен айналдыра отырып жазбаны тоқтатылған кимограф таспасында көрсетіңдер.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Бұлшықетті тікелей және тікелей емес тітіркендіруге арналған жобаны салыңыз. (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В.Коробкова,1983,150-152 б. 79- және 80-суреттер), тәжірибенің нәтижесін жазыңыз.

 

 

№2 –жұмыс.Жеке бұлшықеттік жиырылу қисығын тіркеу тәсілі. (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В.Коробкова,1983,152-154 б.)

Жеке бұлшықеттік жиырылу – бұл бұлшықеттің жеке табалдырықтық немесе табалдырықтан жоғарғы әсерге жауап беру реакциясы.Жеке жиырылу кезінде бұлшықетке келесі тітіркендіргіш әсер етсе,онда пайда болған жиырылулар жинақталады.Егер 2-тітіркендіргіш бұлшықеттің босаңсу кезеңінде әсер етсе, онда жинақталу толық емес, ал жиырылу кезеңінде әсер етсе, онда жинақталу толық деп аталады.

Жүйкесіз m.gastrocnemii препаратын дайындалады.Препаратты тізе буынының қапшығы және ахиллов сіңірі арқылы миографқа бектеді. Дайыншынылы раманы оңға жылжытып, ілмекпен бекітеді. Раманың осындай қалпында миограф перосы сол жағынан 0,5см және төменнен 1см қашықтықта закопченный пластинаға жанасу керек.

Ток көзінің кілтін және фаль-аппарат контактын тұйықтайды. Фаль-аппараттың контактын қолмен босатып, бұлшықеттің жиырылу күшінің жеткіліктігін тексереді. Егер жиырылу әлсіз болса, онда катцушкаларды жақындатады.

Қозғалыстағы пластинка жанасуды тоқтатқан және бұлшықетті тітіркендірген кездегі уақытты орнату үшін оны ұстап тұрған ілмекті босатады; рамканы қолмен ұстай отырып, жанасуға босатылған штифтті баяу жақындату қажет және осы қалыпта кілтті босатады: бұлшықет жиырылады. Дайын шыныға жанасу тоқтаған кездегі бұлшықеттің тітіркену уақытының мәнін тік сызықпен бейнелейді.

Миографтың перосын абайлап тартады және раманы алғашқы орнына қойып,ілмекті босатып, кілтті тұйықтап, тек содан кейін ғана пероны жібереді. Ол бұрынғы қалпында: пластинаның сол жағынан 0,5см және төменнен 1см қашықтықта болу керек.

Ілмекті көтеріп, раманы қозғалысқа келтіреді,бұлшықет жиырылады, миограф перосы әйнекте жиырылған жеке бұлшықеттің теріс қаратылған қисығын сызады.

Миографты жылжытып, уақытты белгілейді.Бұл үшін рама мен пластинканы тағы да оңға жылжытып, ілмекті жібереді.Пластинканың сол жағынан 0,5см жоғарыда алынған жазбаға электрокамертонның төменгі аяғына пероны орналастырады. Кілтті тұйықтайды. Камертон теңселе бастайды да, перо таспада тік сызықтар бейнелейді.Раманы қозғалысқа келтіре отырып, ілмекті көтереді.Жеке жиырылудың қисығы негізінде камертон синусоиданы жазады, әрбір тісшесі 1/100 секундқа тең.

Латентті периодта неше тісше, қысқарту периодында қанша тісше және босаңсу периодында қанша тісше бар екенін есептейді.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Сурет дәптеріңізге жеке бұлшықеттік жиырылу, толық және толық емес жинақталу қисығын салыңыз.Жеке бұлшықеттік амплитудасын, толық және толық емес амплитудасымен салыстырыңыз.

 

№3 –жұмыс.Динамометрия (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В.Коробкова,1983,175 б.)

Динамометрия – максимальді бұлшықеттік жиырылу күшін және қол бұлшықетінің күштік төзімділігін зерттеу тәсілі.

Құрал-жабдықтар: кистевой динамометр,секундомер.Зерттеу адамға жүргізіледі.

Жұмыс барысы: зерттелушіден тұруды өтініңіз,қолын алдыға созып және динамометрді ұстатыңыз, ал екінші қолын босаңсытып және еркін кеуде бойына жіберу керек.

1. Бұлшықет күшін бағалау.

Ең максималды күшпен динамометрді екі рет қысыңыз.Бұлшықет күшін бағалауға болатын ең жоғары нәтижені белгілеңіз.

2. Бұлшықеттің жұмыс істеу қабілетін зерттеу

Зерттелушіні максималды мүмкін күші мен жиілігі 5 с 1 рет болатындай динамометрді 10 рет қысуды өтініңіз. Әр қысқан сайын көрсеткішті жазып отырыңыз.Жұмыс істеу қабілетін мына формуламен анықтаңыз: Р= s w:space="720"/></w:sectPr></w:body></w:wordDocument>">

Мұндағы Р- жұмыс істеу қабілеті, f1- f 2 бұлшықеттің соңғы шартындағы динамометр көрсеткіші, n – динамометрдің қысу саны.

 

3. Бұлшықеттің қажуын зерттеу.

2 жұмыста алынған нәтижелерді бұлшықеттің жұмыс істеу қабілетін төмендеуін есептеуге қолданылатын формулаға салып есептеңдер:

S=

S- анықталатын көрсеткіш,f1- бұлшықет күшейтуінің бірінші шамасы, f min және fmax - максималды және минималды күшейтудің сәйкестігі.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар:

1. Анықталатын көрсеткіштерді есептеп,протоколға енгізіңдер.

2. График сызыңыз, оның абсцисса осінде жиырылудың бағаналық нөмірін, ал ордината осінде әрбір жиырылудан кейінгі динамометр көрсеткішін көрсетіңіз.

3. Алынған нәтижелерді бағалаңыз. Әр түрлі зерттелінген конституциялық типтердің нәтижелерін салыстырыңдар.

 

№4 –жұмыс.Электромиография

Электромиография – бұлшықеттің электрлік белсенділігін тіркеу тәсілі.

Жұмыс барысы: Қондырғыны электр тогына қосамыз.Миографпен жұмыс істеу үшін оны 10 минут қыздырамыз.Содан соң сезімталдығын ауыстырып, қосқышын «калибровка» жағдайына келтіреміз.Сүзгіш ұстағышын, күшейткіштің 15 және 0,05 Гц жағдайына келтіреді.

Тіркеу электродының штекерін каналдардың біреуінің кіре берісіне қосамыз.Қоздыру электродының штекерін реттеушінің стимулятор шыға берісіне қосу керек.Реттеу блогының «Селектор» тұтқасын «Ручная» жағдайына келтіреміз.Стимуляцияның шыға беріс деңгейінің ауыстырғышын х10 дқалпына келтіреміз. «Длительность серии» тұтқасын 200 қалпына келтіреміз, ал «Длительность импульса» ауыстырғышын 0,1 немесе 0,2 мсек қалпына келтіреміз.Терідегі электродтар қойылатын нүктелерді спирт немесе эфирмен залалсыздандыру қажет, кейін физиологиялық ерітіндімен ылғалдап алу керек. Содан соң тіркегіш және стимуляциялық электродтарды қоямыз.Олардың арасына жермен тіркелген электрод қойылады.

М-жауапты тіркеу. Шеткі жүйкені электрлік тітіркендіргіш әсер еткенде ортодромдық қозу таралу әсерінен М-жауап туады(дистальді бағытта). Бұл жауапты әдетте жиынтықтық моторлық потенциал деп атайды, себебі осы потенциал қимыл-қозғалыс бірлігінің қосындысын қорытындылайды.

«Ручной пуск» кнопкасын баса отырып, максималды амплитуда стимулын блок стимуляциясына тереді, яғни максималды импульс интенсивтілігінің 30-50% көтереді. Амплитудадағы басым М-жауап туады. М-жауаптың жасырын кезеңін анықтау үшін тітіркендіргіш импульсі 0,1мс ретінде қолданылады. Қалыпты жағдайда екі кезеңдік ауытқуға жақын шамада болатын М-жауаптың амплитудасы мен формасы бағаланады.Тітіркендіргіш табалдырығын анықтау үшін М-жауаптың толық жоғалып кетуіне дейін серпіліс амплитудасын азайтады. Содан соң қайта көбейтеді. Тыныш күйдегі тітіркендіргіштің минимальді күшінде бұлшықет потенциалы пайда болады және ол М-жауаптың табалдырығы болып табылады. Бұлшықет табалдырығының жауабын анықтауда импульс ұзақтығы өте үлкен болуы керек(1-2мс). М-жауап қажетті тітіркендіргіш уақытымен анықталады.Қозғыштығы жоғары қозғалыс бірлігінің потенциалын табу үшін М-жауапты тұрақтандыру кезіндегі сезімталдықты тіркеуде М-жауаптың табалдырығы 20-30 мкВ болу қажет.Тітіркену импульсінің қарқындылығын жоғарылатып максималды М-жауабын аламыз және токтың әрі қарай көбеюі потенциал жиынтығы амплитудасының жоғарылатуына әкеп соқтырмайды.Сосын вольтажды супермаксималдыға (30-50%) дейін көтереміз.

М-жауабының практикада қолданылуы мен диагностикалық маңызы. М-жауапты жүйке бұлшықет аппараты жарақатын (полиневрит, жарақаттық және токсикалық невропатия, миастания) анықтау үшін қолданылады. Бұл жағдайда М-жауаптың амплитудасы мен формасы, сонымен қатар жасырын кезеңі өзгереді.Осы кезде ауруға шалдығу дәрежесі мен деңгейі де анықталуы мүмкін.Бұл мәліметтер операция жасар алдында, сонымен қатар осы мәліметтерге сүйене отырып, оперативтік және консервативтік емдеу тактикасын анықтау үшін керек.

5жұмыс. Схема мен кестені бейнелеу:

.

Бұлшық еттік талшықтардың(1)және миофибрильдердің құрылымы:А-анизотроптық дискілер,I-изотроптық дискілер,H.Z-пластинкалар.

Қанқа, жүрек пен тегіс салалы бұлшықет құрылысының салыстырмалы сипаттамасы:

Көрсеткіштер Қаңқалық бұлшық ет Жүрек бұлшық еті Тегіс бұлшық ет
Хронаксия,мс Рефрактерлік кезеңнің ұзақтығы,с Қозуды өткізудің жылдамдығы,мс Жеке қозудың ұзақтығы,с 0,08-0,4 0,005-0,01   6-11 0,05-0,1 2-3 0,3-0,4   1-4 0,5-0,8 20-40 10-дық секундтарда   0,5-1 10-дық секунд

Жеке жиырылу(А),суммация (Б),тетанус (В): 1-тітіркенудің 1-ші әсері, 2-тітіркенудің 2-ші әсері.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

№5 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

 

 

Тақырыбы: Жүйке талшығы бойымен қозу өткізу заңдары. Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері.

Сағат саны: 4

 

Курс: 2

 

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

 

 

 

Астана 2015ж

 

1. Тақырыбы: Жүйке талшығы бойымен қозу өткізу заңдары. Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері.

2. Мақсаты: Жүйкелік талшықтар, шеткі жүйкелер мен ОЖЖ-өткізгішижолдарны түзе отырып, ағзаның түрлі құрылымдарының жағдайы туралы ақпараттың жылдам тасымалдануын қамтамасыз етеді. Жүйкелік серпіністің таралу заңдылығын оқыту, қозғалыс белсенділігінің негізін түсіну үшін қажет.ті материалды алуға мұқтаж етеді.

3. Оқу мақсаты: Медиаторлардың әсер етуін, олардың түзілуін, бөлінуін, синапстық саңылауға өтуін, постсинапстық мембрананың рецепторларымен өзара әрекеттесу принциптерін ұйымдастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жүйке талшықтарының жіктелуі (миелинді, миелинсіз).

2. Жүйке талшықтарының қасиеттері. Жүйке талшықтары бойымен қозу өткізу. Тұтас жүйке бойымен қозу өткізу заңдары.

3. Введенскийдің парабиозы, оның кезеңдері, медицина теориясы мен практикасы үшін маңызы. Өткізгіш жолдардың жүйелік ұйымдасуы.

4. Синапс - бұл нейрондар мен нейрондар арасында, нейронмен эффекторлық клеткалар арасындағы ұйымдасқан қызметтік байланыс ретінде. Синапстардың жіктелуі.

5. Синапс арқылы қозу берілуінің кезеңдері мен механизмдері. Медиатордың синтезделуі. Медиатордың бөлінуі. Постсинапстық мембрана рецепторларымен медиатордың өзара әрекеттесуі.

6. Қозу берілуінің электрлік теориясы. Синапстардың қасиеттері.

7. Синапс арқылы қозу берілуінің реттелу жолдары. Мидағы синапстық қозу берілуі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Жүйке бойымен қозудың екі жақты таралуы.

2. Жүйкенің физиологиялық бүтіндік заңы.

3. Парабиоз.

4. Жүйке-бұлшық ет препаратында қажу орны.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Тақырып бойынша дәріс

2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663

3.Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

6.Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

Қосымша:

1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

2.Руководство к практическим занятиям п


1 | 2 | 3 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.093 сек.)