|
||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Кесте 2
Миокард инфарктының биомаркерлері (тромболизистік дәрілерді қолданбаған кездегі миокард инфарктына ғана сәйкес келеді)
ЖКС-ның морфологиялық субстратына коронарлық тамырдың дисталды бөліктерінде ұсақ фрагменттерінің қайталанбалы эмболиясы бар қабырғалық тромбтың (окклюзиясыз) дамуымен (көбінесе ST сегментінің көтерілуінсіз инфаркты дамиды) немесе зақымдалған коронар артериясының окклюзиялы тромбысымен (көбінесе ST сегментінің көтерілуі бар миокард инфаркты дамиды) асқынған атеросклероздық қатпа жатады. Жедел жәрдем · Физикалық және эмоциялық тыныштық, таза ауамен тыныстану. · Нитроглицерин (0,5 – 0,4 мг тіл астына 3 ретке дейін қайталауға болады), АҚ қадағалау қажет. · Ацетилсалицил қышқылы 0,250 – 0,325 г ұсақтап шайнау және (немесе) клопидогрел 300 мг. · Морфин 1%–1 мл не промедол 1%–1 мл – ауырсыну толық басылғанша. · Ауру басталуының алғашқы 6 – 12 сағат арасында - тромболизистік терапия – стрептокиназа 1500000 МЕ 100 мл физиологиялық NaCl ерітіндісінде венаға 30–60 мин ішінде тамшылатып егу; немесе альтеплаза–15 мг венаға, одан соң 0,75 мг/кг/мин (50 мг дейін) 30 минут арасында, содан кейін 0,5 мг/кг/мин (35 мг дейін) 60 минут арасында (қосарланған дозасы 100 мг дейін). · Тромболизистік емді қолдануға болмағанда - гепарин 60 ед/кг (4000 ед дейін) венаға егу, одан кейін тек тамшылатып егу 12 ед/кг/сағ (1000 ед/сағ дейін 1–2 тәулікте) немесе төменгімолекулярлы гепариндер (эноксапорин–клексан 30 мг) венаға егу. · β-адреноблокаторлар (метопролол 5 мг венаға әрбір 5 минут сайын 3 рет, қосарланған дозасы 15 мг дейін, АҚ қадағалануы тиіс; пропранолол; эсмолол).
Госпитализацияға қажеттілік және тасымалдануы ST сегментінің көтерілуі бар ЖКС науқас адамдар кешіктірмейтін реперфузиялық емді (тромболитиктер, алғашқы ангиопластика). ЭКГ-да ST сегментінің жылжулары, Т тісшесінің өзгерулері бар, ауырсыну симптомы қайталанған немесе оның ұзақтығы 20 минуттан асқан, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақсыз (АҚ, пульс) және, сол сияқты, синкопалық есінен танулары бар ЖКС науқас адамдар міндетті ауруханаға жатқызылуы тиіс. Кеудесіндегі ауырсынудың ишемиялық сипатқа аздаған болса да ұқсастығы бар адамдар, тіпті тән ЭКГ белгілері анықталмаса да, реанимациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, ЭКГ-лық динамикалық қадағалау мүмкіншілігі бар және миокард инфаркты биомаркерлерін анықтай алатын емдеу мекемесіне міндетті түрді жеткізілуі және оған жатқызылуы тиіс. ЖКС бар адамдарды тасымалдайтын жедел медициналық жәрдем көліктері дефибриллятормен, қажетті реанимациялық құрал-жабдықтармен, оттегімен тыныстандыра алатын және қажетті дәрілік заттардың жиынтығымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.) |