АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Атриовентрикулярлы блокадалар

Читайте также:
  1. E) эритремияда
  2. III тип (тип III Мобитц)
  3. Алматы, 2014
  4. БИОХИМ.МАРКЕРЛЕРЫ:
  5. Диагностикасы
  6. М-холиномиметиктер: пилокарпин, ацеклидин.
  7. ОБЩАЯ ХИРУРГИЯ 7 страница
  8. Пароксизмалді емес тахикардия
  9. Студент___________________________ Топ ________ 5 курс ЖМФ
  10. ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР
  11. Фосфодиэстераза ингибиторлары: амринон, милринон.

I дәрежелі АВ-блокаданың критерийіне PQ аралығының 0,21 с артық кеңейгені жатады. Самойлов-Венкебах кезеңдігі (Мобитц I) бар II дәрежелі АВ-блокадада QRS комплексінің түсіп қалуы болатын PQ аралығының үдемелі ұзаруы болады. II дәрежелі АВ-блокадада (Мобитц II) PQ аралығы тұрақты болса да QRS комплексінің кенеттен түсіп қалуы байқалады. III дәрежелі АВ-блокадада (толық АВ-блокада) – ЭКГ-да жүрекшелер мен қарыншалардың бір-біріне қатыссыз жиырылулары анықталады.

 

Толық АВ-блокадасының диагностикасы

III дәрежелі АВ-блокаданың (толық көлденең блокада) белгілері – синус түйінінен қарыншаларға импульстердің мүлдем өтпеуі. Клиникалық көрісінің айқындылығы қарыншалар импульсінің қоздырғыш ошағының орналасу деңгейіне сәйкес болады. Проксималды типтегі блокадада жүректің қалыпты ырғағы кезіндегі брадикардия, әлсіздік, бас айналуы, көз қарауытуы, жүрегінің ауыруы байқалады; дисталды типінде – Моргань–Адамс –Стокс ұстамасы мен асистолияның дамуына дейін байқалады.

ЭКГ-да:

· жүрекшелік қалыпты комплекстер (60 – 90 в мин);

· жүрекшелік пен қарыншалық комплекстер арасындағы байланыстың жоғалуы;

· баяулаған ретті қарыншалық ырғақ (минутына 40 сирек);

· Р – Р аралығы R – R аралығынан қысқа;

· Р тісшесі QRS компексімен қабаттасады да оны деформацияға ұшыратады.

 

Жедел жәрдем

Самойлов-Венкебах кезеңдігі мен қанайналымы бұзылысының айқын белгілері бар АВ-блокаданың I және II дәрежелерінде –атропин 0,5 мг (0,1% 0,5 мл). Қажеті болса – жалпы дозасы тәулігіне 1,5–2 мг (1,5–2 мл/тәул) қайталауға болады. Тиімсіз болғанда – уақытша ЭКС имплантация жасау.

Самойлов-Венкебах кезеңдігі жоқ II дәрежелі немесе III дәрежелі АВ-блокадаларында – уақытша ЭКС имплантация жасау.

 

ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ КРИЗ

 

Гипертониялық криз (ГК) – клиникалық симптомдарының күшеюлерімен жүретін және нысаналы ағзалар зақымдануларын болдырмау немесе оларды шектеу үшін АҚ тез және қадағалап түсіруді қажет ететін АҚ өте айқын көтерілуінің дерттік жағдайы.

ГК асқынулары: ми қанайналымының нашарлауы немесе вегетациялық айқын симптоматиканың дамуы (эмболия, ишемия, тромбоз, инфаркт, мидың транзиторлы ишемиясы, «мылқау» инсульт); жүрек-қантамыр жүйесі бойынша – сол қарыншалық жіті жетіспеушілігінің дамуы (өкпе шемені), стенокардияның өршуі, миокард инфаркты, қолқаның зақымдануы, қолқаның жіті жыртылуы; несеп жүйесі – жіті бүйректік жетіспеушіліктің дамуы.

АҚ кенеттен көтерілуі нервтік-психикалық жарақаттанулардан, алкоголь ішуден, атмосфералық қысымның күрт өзгерулерінен, гипотензиялық емді тоқтатудан және т.б. әсерлерден болады.

Сондықтан, ГК дамуында екі негізгі патогенездік механизм жетекші орын алады:

· тамырлық — артериолалар тонустарының вазомоторлық (нейро-гуморалық әсерлерден) және базалдық (натрийдің жиналуынан) артулары салдарынан тамырлардың жалпылай перифериялық қарсыластығының артуы;

· кардиялық — жүрек соғысы жиілігінің артуынан, айналымдағы қан көлемінің артуынан, миокардтың жиырылғыштық күшінің артуынан жүректің қанды лақтыру қабілетінің артуы.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)