АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР

Читайте также:
  1. Айналым. Тест тапсырмалары.
  2. Айналым. Тест тапсырмалары.
  3. Айналым. Тест тапсырмалары.
  4. айналым. Тест тапсырмалары.
  5. Интерактивті тапсырмалар
  6. ТАПСЫРМАЛАР
  7. Тапсырмаларды орында.
  8. Тест тапсырмалары
  9. Тест тапсырмалары
  10. Тест тапсырмалары
  11. Тест тапсырмалары
  12. Тест тапсырмалары

 

1. Мына симптомокомплекс қандай клиникалық жағдайға сәйкес болады: висцериялық плевраның дефекті тыныс алғанда ашылады да тыныс шығарғанда жабылады, сондықтан ауа тыныс алғанда плевра қуысына енеді де тыныс шығарғанда шықпайды. Сондықтан әрбір тыныс алған сайын плевра қуысындағы ауа көлемі көбейе түседі де плевраішілік қысым артады және ол медиастинум ағзаларының сау жаққа қарай ығыстырады.

А) ашық пневмоторакс

В) жабық пневмоторакс

С) респираторлық дистресс-синдром

D) клапанды пневмоторакс

Е) демікпелік статус

 

2. К. деген адам,39 жаста: ауа жетпеу сезіміне, демігуге және қақырығы түспейтін жөтелге шағымданады. Жағдайы ауыр халде, ортопноэ, өңі бозарған, тахипноэ, жанында тыңдаусыз-ақ ысқырықты сырылдар естіледі және бронхолитиктерге төзімділік анықталады. Диагнозы?

А) жіті тыныстық жетіспеушілігі бар ошақты пневмония

В) клапанды пневмоторакс

С) жіті респираторлық дистресс-синдром

D) өкпе артериясы ірі тармақтарының тромбоэмболиясы

Е) бронх демікпесі, демікпелік статус I кезеңі

 

3. 55 жастағы миокард инфарктымен науқас ер адам реанимация бөліміне жеткізілген. Өңі суық термен жабылған, цианоз, пульсі әлсіз. АҚ с/б б-ша 60/40 мм. Тәуліктік несеп көлемі 150 мл. Қандай асқыну дамыған?

А) өкпе шемені

В) кардиогенді шок

С) экссудациялық перикардит

D) қарыншалар фибрилляциясы

Е) Дресслер синдромы

 

4. 40 жасар әйел адам отбасылық дәрігерде бронх демікпесі бойынша диспансерлык қадағалауда тұрады. Ұстамалары аптасына 1-2 рет, демікпенің түнгі белгілері айына 2 реттен жиі мазалайды. Фенотеролды үнемі қолданады. Дұрыс диагнозы?

А) персистенциялы бронх демікпесі, ауыр ағымы

В) сүлелі обструкциялық бронхиттің өршуі

С) персистенциялы бронх демікпесі, орташа ауырлық

D) интермиттирлеуші бронх демікпесі

Е) персистенциялы бронх демікпесі, жеңіл ағымы

 

5. 57 жастағы ер адам 2 жыл бойы бронх демікпесімен сырқат. БД ұстамасы сальбутамолдың ингаляциясынан кейін басылған және аздап жағдайы жеңілдеген. Алайда ентігуі мен ысқырықты сырылдары сақталған. Тағы қандай дәріне қолдану қажет?

A. интал

B. алупент

C. теофиллин

D. преднизолон

E. тербуталин

 

6. 54 жастағы Г. деген ер адам тынысының қиындағанына шағым айтады. 9 жыл бойы бронх демікпесімен сырқат. Беротек ингаляциясын қабылдайды. Ұстамалары айына 3-4 рет ұстайды. Жағдайының соңғы рет нашарлауы 1 сағат бұрын болған, беротек инналяциясы көмек бермеген. Объективті: есі түзу, цианоз, экспираторлы ентігуі бар. Өкпесінде қатаң тыныс пен ысқырықты сырылдар естіледі. ТЖ минутына 21 рет, ЖСЖ минутына 92 рет. АҚ – с/б б-шы 130/90 мм, ТшПЖ (ПСВ)– тиісті деңгейдің 80% құрайды. Болжама диагноз:

A. бронх демікпесі, интермиттирлеуші, орташа ауырлықтағы өршуі

B. бронх демікпесі, персистенциялы, жеңіл ағымы, орташа ауырлықтағы өршуі

C. бронх демікпесі, персистенциялы, орташа ауырлықтағы ағымы, жеңіл өршуі

D. бронх демікпесі, персистенциялы, жеңіл ағымы, жеңіл өршуі

E. бронх демікпесі, интермиттирлеуші, ауыр дәрежедегі өршуі

 

7. 40 жастағы ер адам беротектен кейін 3 сағатқа басылатын жиі қайталанатын демікпе ұстамаларына, тыныш кездегі ентігуге, кілегеілі қақырықтың қиын түсуіне және әлсіздікке шағымданады. БД ауырғанына 15 жыл, дерт үнемі ауыр да жиі болатын өршулерімен сипатталады. Объективті: ортопноэ, цианоз, гипергидроз, қозған. ТЖ минутына 40 рет, әлсіреген везикулярлы тыныс пен төменгі бөліктерде «мылқау өкпе» естіледі, АҚ с/б б-ша 160/90 мм, PS минутына 130 рет, жүрек тондары тұйық. ТшПЖ (ПСВ) – тиісті деңгейдің 42% құрайды, SatO 2 90% төмен. Жіктеуге сәйкес дұрыс диагнозын қойыңыз:

A. Бронх демікпесі, интермиттирлеуші ағымы, орташа ауырлықтағы өршуі

B. Бронх демікпесі, персистенциялы, жеңіл ағымы, орташа ауырлықтағы өршуі

C. Бронх демікпесі, персистенциялы, орташа ауырлық дәрежесі, жеңіл өршуі

D. Бронх демікпесі, персистенциялы, жеңіл ағымы, жеңіл өршуі

E. Бронх демікпесі, персистенциялы, ауыр дәрежесі, ауыр өршуі

 

8. 45 жастағы ер адам 10 жыл бойы бронх демікпесімен сырқат, соңғы аптада ұстамалары күндіз де, түнде де жиілеген, ингаляциялық дәрілерден (серетид, вентолин) көмек жоқ. ТЖ минутына 44 рет, пульсі минутына 115 рет, ортопноэ, цианоз, «мылқау өкпе» бар. Ең тиімді емін таңдаңыз:

A. сальбутамол, ипратропиума бромид, преднизолон

B. серетид, супрастин,муколитики

C. сальбутамол, димедрол, сульфат магния

D. салметерол,тавегил,препараты кальция

E. сальбутамол гемисукцинат, супрастин, теопек

9. 32 жастағы әйел адам соңғы 4 күн бойы демікпе ұстамасының күндіз де, түнде де жиілегенін, қиын түсетін қою қақырықты жөтелді, тыныш кездегі ентігуді, ауа жетпеу сезімін, жүрегінің қатты және жиі қағатынын айтады. Сальбутамол, беротек қолданады, көмек жоқ. Тыныс алуы беткейлі, тыныс шулары алыстан естілсе де аускультация кезінде «мылқау өкпе» белгілері мен өкпедегі сырылдар көлемі мен адам жағдайының сәйкес емес екені байқалады. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ минутына 55 рет, АҚ с/б б-ша 90/60 мм. Жедел жәрдем алгоритмін таңдаңыз:

A. ингаляциялық қысқа әсерлі β 2 -агонисттер, теофиллин

B. ингаляциялық қысқа әсерлі β 2 -агонисттер, ипратропия бромид

C. ингаляциялық ұзақ әсерлі β 2 -агонисттер, теофиллин, оттегі

D. оттегі, ингаляциялық қысқа әсерлі β 2 -агонисттер, ипратропия бромид, глюкокортикостероидтар

E. ингаляциялық қысқа әсерлі β 2 -агонисттер, антигистаминдер

 

10. Моргань– Адамс–Стокс синдромына қай белгі тән:

A. клоникалық тартылулар

B. тахикардия

C. қан аралас құсу

D. 1 сағаттан асқан ауырсыну синдромы

E. тахипноэ

 

11. 45 жастағы ер адам демігу ұстамасы мен қиын түсетін қою қақырықты жөтелге шағымданады. Сальбутамолды бірнеше рет және теофиллин дәрісін қолданғанмен жағдайы жақсармаған. ЖСЖ минутына 100 рет, АҚ с/б б-ша 130/90 мм. Осы кезде қай дәрі қажет?

А. β -адреноблокатор

B. антибиотик

C. кортикостероид

D. метилксантин

E. муколитик

 

12. Қан қақырумен жүретін қандай ауруда антикоаглянтты ем қажет?

А. қолқаның жыртылмалы аневризмасы

B. өкпе инфаркты

C. өкпе абсцессі

D. бронхоэктаздар

E. өкпе өсіндісі

 

13. Цемент толған қапты көтерген ер адамда кенеттен жауырын ортасында қатты ауырсыну мен көп мөлшерде алқызыл қан қақырған. Жедел жәрдем дәрігері ауырсынуды басатын және гемостатиктер беріп алғашқы көмек жасаған. Дәрігердің келесі тактикасы қандай?

A. амбулаторлық жағдайда тексерілу мен емделу

B. хиургияға экстренді госпитализация

C. кардиологияға экстренді госпитализация

D. пульмонологияға жоспарлы түрдегі госпитализация

E. кардиологияға жоспарлы түрдегі госпитализация

 

14. 42 жастағы Э. деген ер адам 14 жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған, соңғы айларда қан қақыру, жүдеулік, жәй күштемеде ентігу пайда болған. Оң өкпенің рентгенограммасында: кавернозды туберкулез анықталған. Осы адамға қандай физикалды белгілер сай келеді?

A. өкпе дыбысының тұйықталуы, тыныстың әлсіреуі

B. тимпанит пен амфоралық тыныс

C. босқорапты дыбыс пен қатаң тыныс

D. ашық өкпелік дыбыс пен везикулярлы тыныс

E. өкпе дыбысының тұйықталуы, бронхтық тыныс

 

15. 52 жастағы Р. деген ер адам қан қақыруға, кеудесінің ауырсынуына, тыныш кездегі ентігуге шағымданады. Анамнезінде АГ мен аяқ тамырларының варикозды ауруы бар. Объективті: цианоз, слева сол өкпенің төменгі бөлігінде дауыс дірілінің күшейгені мен өкпе дыбысының тұйықталуы және әлсіреген везикулярлы тыныс пен ылғалды сырылдар анықталады. Қан қақырудың себебі қандай?

A. жүрек демікпесі

B. өкпе шемені

C. ӨАТЭ

D. тоқыраулық пневмония

E. тамырлар өткізгіштігінің бұзылуы

 

16. 54 жастағы А. деген ер адам ЖИА, күш түсу стенокардиясының II ФК ауырады. 150-200 метр жүргенде байқалатын және тәулігіне 5-6 ретке дейін жиілеген төс артындағы ауырсынулар ұстамасына шағымданады. Нитроглицериннің бұрынғы дозасы көмек бермейтін болған. Қаралған күнгі ЭКГ мен оны динамикада салыстырғанда өзгерістер жоқ. Классификация бойынша дұрыс диагнозы қандай:

A. ЖИА. Тұрақты күш түсу стенокардиясы II ФК.

B. ЖИА. Тұрақты күш түсу стенокардиясы III ФК.

C. ЖИА. Тұрақты күш түсу стенокардиясы IY ФК.

D. ЖИА. Спонтанды стенокардия.

E. ЖИА. Тұрақсыз стенокардия.

 

17. 38 жастағы Т. деген ер адам ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілгенде таңғы сағат 5-те басталған төс артындағы қарқынды ауырсынуға шағымданады. Соңғы 3 ай бойы түнде, көбінесе таңғы уақыттарда, 15-20 минутқа созылатын жүрек тұсында қарқынды ауырсынулар мазалайды, ал күндіз байқалмайды. Ұстама кезінде ЭКГ түсіргенде II,III,AVF тіркемелерінде ST сегментінің 2 мм дейін көтерілгені анықталған. АҚ с/б б-ша 120/70 мм. ЖСЖ минутына 60 рет. Қайта түсірген ЭКГ-да өзгерістер болмаған. Дұрыс диагнозы қандай?

A. ЖИА. Алғаш рет пайда болған стенокардия.

B. ЖИА. Миокардтың жіті инфаркты.

C. ЖИА. Спонтанды стенокардия.

D. ЖИА. Күш түсу стенокардиясы, IV ФК.

E. ЖИА. Үдемелі стенокардия.

 

18. «Жедел жәрдем» бекетіне 45 жасар М. деген ер адам қатты күштемелерде алғаш рет пайда болған төс артындағы қысқа мерзімді күйдіріп және батып ауырсынуларға шағымданады. Обьективті: жүрек тондары тұйықталған, АҚ с/б б-ша 120/80 мм, пульсі минутына 76 рет. ЭКГ-да: ST сегментінің депрессиясы анықталған. Сіздің келесі іс-шараңыз қандай?

A. ауырсынуды басу, отбасылық дәрігерге адамды тапсыру

B. аспирин беру, ауырсынуды басу, гепарин егу, үйде төсектік режим тағайындау

C. аспирин беру, ауырсынуды басу, кардиологқа жіберу

D. ауырсынуды басу, стационардың қабылдау бөліміне жеткізу

E. аспирин, нитроглицерин, ауырсынуды басу, гепарин егу, стационардың қабылдау бөліміне жеткізу

 

19. Митралды ақауы бар ер адамда ентігуі күшейген, демігуі мен қан араласқан көпіршікті қақырықты жөтел бар. Қажетті жедел жәрдем көлемі қандай:

А. антикоагулянттар, гемостатиктер, диуретиктер

B. жүрек гликозиді, перифериялық вазодилататор, диуретиктер

C. гемостатиктер, жөтелге қарсы дәрілер, диуретиктер

D. жаңадан қатырылған плазма, гликозидтер, диуретиктер

E. гемостатиктер, плазма алмастырғыштар, вазодилататорлар

 

20. 42 жастағы Ю. деген ер адам 20 минуттан артық төс артындағы қарқынды күйдіріп ауырсынуды сезген. Анамнезінде стенокардия бар, дәрігерге тиянақты қаралмайды. Жағдайының нашарлағанын эмоциялық стресспен байланыстырады. ЭКГ-да: ST сегментінің депрессиясы анықталған. Болжам диагнозыңыз?

A. ЖИА. Алғаш дамыған стенокардия. ЖЖ I.

B. ЖИА. Спонтанды стенокардия. ЖЖ I.

C. ST сегментінің көтерілуінсіз жіті коронарлық синдром.

D. ЖИА. Миокардтың ұсақ ошақты инфаркты, жіті кезеңі. ЖЖ0.

E. ST сегментінің көтерілуі бар жіті коронарлық синдром.

 

21. 58 жастағы С. деген ер адам көп жыл бойы ЖИА сырқат. Нитроглицеринмен басылмайтын және ұзақтығы 30 минуттан асатын төс артындағы батып ауырсынуға шағымданады. ЭКГ-да: Гисс шоғырының сол аяқшасында жаңадан блокада пайда болыпты. Болжама диагнозыңыз?

A. ST сегментінің көтерілуінсіз жіті коронарлық синдром

B. ЖИА. Ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылыстары. ЖЖ I.

C. ЖИА. Спонтанды стенокардия. ЖЖ I.

D. ЖИА. Миокардтың ұсақ ошақты инфаркты, жіті кезеңі. ЖЖ0.

E. ST сегментінің көтерілуі бар жіті коронарлық синдром.

 

22. Артериялық гипертензиямен сырқат ер адамды жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілгенде бас ауыруына, бас айналуына, ентігуге, қызғылт түсті көпіршікті қақырықты жөтелге шағымданады. Жағдайы ауыр халде. Өңі бозарған, цианоз, тынысы шулы, бүлкілдеп шығады, аузынан қызғылт көпіршікті қақырық байқалады, ТЖ минутына 35 рет. Жүрек тондары тұйық, пульсі минутына 120 рет, АҚ с/б б-ша 210/110 мм. Тиімді емі қандай?

A. нитраттар, диуретиктер, көбікті басатын оксигенотерапия

B. β-блокатор, Са+2 антагонисті, оксигенотерапия с пеногасителем

C. α-адреноблокаторы, β-блокаторы, көбікті басатын оксигенотерапия

D. нейролептоанальгезия, көбікті басатын оксигенотерапия

E. α-адреноблокатор, көбікті басатын оксигенотерапия

 

23. 63 жастағы П. деген әйел адам басының қатты ауыруына, әлсіздікке, бас айналуына, танауының қанауына шағымданады. Көп жыл бойы АГ сырқат. Соңғы 2 апта бойы жағдайы нашарлаған. Емді дұрыс қабылдамайды. Объективті: ауыр халде, ТЖ минутына 20 рет, пульсі минутына 68 рет, АҚ с/б б-ша 240/120 мм. Қандай дәрілер өте тиімді болар еді?

A. дилтиазем, бисопролол

B. обзидан, верапамил

C. клофеллин, этамзилат

D. фентанил, эуфиллин

E. диакарб, эналаприлат

 

24. 63 жастағы К. деген ер адам 10 жыл бойы АГ сырқат, емді тұрақты қабылдамайды, ұзақтығы 30 минуттан асқан төс артындағы кенеттен басталған батып және күйдіріп, тіпті жыртылу сезіміне ұқсас, ауырсыну ұстамаларына байланысты жедел жәрдем шақырған. Нитроглицериннен көмек болмаған. ЭКГ-да: подъем сегмента ST сегментінің көтерілуі мен оның теріс Т тісшесіне ауысуы анықталады. АҚ с/б б-ша 240/110 мм. Тиімді емі қандай?

A. фуросемид, промедол, гепарин

B. нифедипин, морфин, гепарин

C. морфин, эналаприлат, гепарин

D. нифедипин, аспирин, гепарин

E. фуросемид, энам, гепарин

 

25. 57 жастағы ер адамына жедел жәрдем шақырылған. Анамнезінде 10 жыл бойы АГ бар. Ортопноэ, өте айқын инспираторлы ентігуі мен цианозы бар. Өкпесінде екі жағынан да ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. АҚ с/б б-ша 260/100 мм. Ең тиімді емі қандай?

A. эналаприлат, фуросемид

B. верапамил, арфонад

C. верапамил, пропранолол

D. пропранолол, вискен

E. фентанил, диакарб

 

26. Тұрақты кардиостимуляцияға қажеттілік қайсысы?

A. Моргань–Адамс–Стокс ұстамалары бар АВ-блокадасы

B. 2- типтің II дәрежелі АВ-блокадасы (Мобитц-2)

C. гемодинамикалық бұзылыстары жоқ ЖСЖ минутына 40 болатын АВ-блокада

D. АВ-блокада, I дәреже

E. Жиілеген қарыншалық экстрасистолалар

 

27. Ер адамда демігу мен қан қақыратын жөтел бар. Өкпесінде әлсіреген везикулярлы тыныс пен көптеген ылғалды сырылдар естіледі. Жедел жәрдем дәрісі қандай?

А. этамзилат

B. гепарин

C. кодеин

D. строфантин

E. викасол

 

28. 62 жастағы ер адамның ЭКГ-да: жіті трансмуралды инфаркт пен П дәрежелі АВ блокадасы, Мобитц П анықталған. Кенеттен тартылулар дамып есінен айрылған. Көз қарашықтары тарылған. Ұйқы артериясындағы пульсі минутына 12 рет. Қандай асқыну дамыған?

A. қарыншалар фибрилляциясы

B. Моргань-Адамс-Стокс ұстамасы

C. қарыншалардың тыпырлауы

D. қарыншалардың жыпылықтауы

E. идиовентрикулярлы ырғақ

 

29. ЭКГ-да теріс Р тісшесі өзгермеген, бірақ ерте шыққан QRS комплексінен кейін орналасқан. Қандай аритмия?

A. атриовентрикулярлы экстрасистола

B. жүрекшелік экстрасистола

C. қарыншалық экстрасистола

D. жүрекшелер фибрилляциясы

E. коронар синусының ырғағы

 

30. ЭКГ-да QRS комплексі бұзылған қарыншалық ырғақ пен Р тісшесінің жоғалуы нені мегзейді?

A. жүрекшелер фибрилляциясын

B. қарыншалық экстрасистолияны

C. жүрекшелік экстрасистолияны

D. қарыншалық тахикардияны

E. жүрекшелік тахикардияны

 


ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАРҒА ЖАУАП ЭТАЛОНДАРЫ

 

  D   C   E
  E   B   A
  B   B   C
  C   B   C
  D   C   A
  C   E   A
  E   B   D
  A   E   B
  D   B   A
  A   C   A

 


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Клинические рекомендации. Пульмонология / под ред. А. Г. Чучалина – М.: ГЭОТАР-Медия, 2005 – 240 с.

2. Латфуллин И. А. Неотложная кардиология: Учебное пособие / И. А. Латфуллин, З. Ф. Ким, Р. И. Ахмерова. – 3-е изд., перараб. и доп. – М.: МЕДпресс – информ, 2010 – 112 с.

3. Тополянский А. В. Неотложная кардиология. Справочник / А. В. Тополянский, О. Б. Талибов, под общей ред. проф. А. Л. Верткина. – М.: МЕДпресс-информ, 2010 – 352с.

4. Джанашия П. Х., Шевченко Н. М., Олишевко С. В. Неотложная кардиология. М.: Издательство БИНОМ, 2010 – 288 с.

5. Клинические рекомендации. Кардиология (под ред. Ю.Н. Беленкова, Р. Г. Оганова. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007 – 640 с.

6. Руководство по скорой медицинской помощи / под ред. С. Ф. Багненко, А. А. Верткина, А. Г. Мирошниченко, М. Ш. Хубутии. – М.: ГЭОТАР-Медия, 2010. – 816 с.

 


Жұмаділова Зәуреш Кенжехан қызы

Қапанова Гүлжаһан Қабылқадыр қызы

Хайбуллина Әсия Иван қызы

Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.021 сек.)