|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Монографиялар
1. Сейткасимов Г.С. Макроэкономические проблемы современной экономики Казахстана: Монография. – Астана: Изд. КазУЭФМТ, 2010. – 350 c. 2. Курганбаева Г.А. Экономика Казахстана в ХХІ веке: монография. – Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК, 2009. – 144 с. Ғылыми журналдан мақалалар 1. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының материалдары, Экономикалық сериясы. 2007, 2008, 2009, 2010. № 1,2,3,4, 2011. № 1,2,3,4 2. Н.Ә. Назарбаев. «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» мақаласы. 2012. Internet дереккөздері 1. www.stat.kz 2. www.goverment.kz 3. www.mf.minfin.kz 4. www.mit.kz 5. www.min.plan.kz 6. www.enbek.kz 7. www.minagri.kz Нормативті құжаттар 1. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты». Елбасының халыққа Жолдауы, 2012. 2. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». Елбасының халыққа Жолдауы, 2011. 3. «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». Елбасының халыққа Жолдауы, 2010. 5. Семинар, практикалық және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары Әдістемелік кеңестер. Семинар, практикалық және/немесе зертханалық сабақтарды «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікір-талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.
1-тақырып. Макроэкономикаға кіріспе. Макроэкономиканың пәні және әдісі
Мақсаты: пәннің кіріспе бөлімімен танысу. Курстың негізгі зерттеу пәнін және мәселелерін талқылай отырып, бұл пәнді не үшін оқу керектігін түсіну және оның қазіргі экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтау. Ол тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
1. Макроэкономиканың зерттеу пәні, мақсаттары мен мәселелері. Макроэкономикалық саясат. 2. Макроэкономиканың негізгі зерттеу әдістері: агрегаттау, макроэкономикалық үлгілеу. 3. Макроэкономикалық зерттеулердің және макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Макроэкономиканың ғылым болып қалыптасуындағы негізгі бағыттар қандай? 2. Макроэкономиканың зерттеу пәні болып не табылады? 3. Макроэкономиканың негізгі мақсаттары қандай? 4. Макроэкономикалық талдау кезінде қандай әдістер қолданылады? 5. Қор және ағын көрсеткіштері қалай сипатталады? 6. Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері қандай? 7. Экономика макродеңгейде қандай секторлар мен нарықтарға бөлінеді? 8. Макроэкономикалық саясаттың негізгі жүргізілу құралдары қандай?
Мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс: 1) Ex ante макроэкономикалық талдау елдің макроэкономикалық жағдайын өткен кезеңдерде анықтайды. 2) Макроэкономикалық агрегаттау тек макроэкономикалық субъектілерге таралады. 3) Кәсіпкерлік сектор отандық және шетелдік фирмалардың жиынтығынан құралады. 4) Еңбек нарығы макродеңгейдегі агрегатталған нарықтардың бірі болып табылады. 5) Экономиканың жабық үлгісі сыртқы орта секторын есепке алады. 6) Экзогенді айнымалылар бастапқы ақпараттан құралады. 7) Қор айнымалылары экономикалық зерттеу объектісінің жағдайын уақыттың белгілі бір мезетінде қарастырады. 8) Инвестициялар қор болып табылады. 9) Макроэкономика ғаламдық экономикалық мәселелерді зерттеумен айналыспайды. 10) Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігіне шекті талдау әдісі жатады.
2-тақырып. Ұлттық есеп-шоттар жүйесі. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
Мақсаты: ұлттық-есеп шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді және олардың түрлерін, есептеу жолдарын қарастыру, бағалар индекстерін және дефляторды анықтау, мемлекет шеңберіндегі айналым үлгісінің мәнін түсіну және оның негізгі түрлеріне жалпы сипаттама беру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
1. Макроэкономикадағы шеңбер айналым үлгісі және оның түрлері. 2. Ұлттық есеп-шоттар жүйесіндегі макроэкономикалық көрсеткіштер. ЖҰӨ және оны есептеу әдістері. 3. Атаулы және нақты ЖҰӨ. Тұтыну бағаларының индекстері. 4. ЖҰӨ-ді есептеудің күрделілігі. Халықтың әл-ауқатын бағалау мәселелері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Ұлттық-есеп шот жүйесі қандай мақсаттар үшін қолданылады? 2. Жалпы ішкі өнімнің жалпы ұлттық өнімнен айырмашылығы қандай? 3. Жалпы аймақтық өнім дегеніміз не? 4. Жалпы ішкі өнімді есептеудің қандай әдістері қолданылады? 5. Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық қандай? 6. Жалпы ішкі өнім дефляторы дегеніміз не? 7. Бағалар индексінің қандай түрлері бар? 8. Ұлттық есеп-шот жүйесіндегі негізгі макрокономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыстар қандай? 9. Негізгі макроэкономикалық теңдестіктің түрлері қандай? 10. Макроэкономикадағы шеңберлі айналым үлгісінің түрлері қалай құрылады? 11. «Жылыстау» және «қуат беру» көрсеткіштеріне не жатады? 12. Таза экономикалық әл-ауқат көрсеткішін есептеудің қажеттілігі неден туындайды? 13. Елдің ұлттық байлық көрсеткіштеріне не жатады?
Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар: 1.Төмендегі берілген мәліметтерді пайдалана отырып есептеңіз (ақша бірлікпен): а) ТҰӨ -ді; б) ҰТ – ты; в) жеке табысты; г) қолда бар табысты. - ЖҰӨ - 7800. - Амортизациялық аударымдар – 500. - Корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 300. - Әлеуметтік сақтандыру жарналары – 350. - Мемлекеттің жеке тұлғаларға төлетін трансферттік төлемдері – 530. - Корпорацияның пайдасына салық салу – 140. - Азаматтардан алынатын табыс салығы – 650. - Бизнеске деген жанама салықтар – 490. 2.- Шикізат өндіру (мақта) – 100. - Шикізатты өңдеуге жеткізу – 160. - Шикізатты өңдеу (мата) – 300. - Өңделген шикізатты дайындаушыға жеткізу (тігін фабрикасына) жеткізу – 370. - соңғы өнімді шығару (көйлек) – 550. - соңғы өнімді көтерме сатушыға жеткізу – 610. - соңғы өнімді бөлшек сатушының сатуы – 710. Осы мәліметтерді пайдалана отырып сатудың жалпы құнын және қосылған құнды анықтаңыз (ақша бірлікпен). 3. Экономикада 3 игілік өндіріледі және тұтынылады дейік. Кестеде саны және бағасы (1 бірлікке) 2 кезеңге берілген Ласпейрес, Пааше, Фишер индекстерін (1992 ж. базистік кезең) есептеңдер:
4.Кестені толтырыңыз:
5. Мына берілгендер бойынша а) ЖҰӨ-ді (шығындар бойынша және табыстар бойынша), б) ТҰӨ-ді, в) ҰТ-ты есептеңіздер. Берілгендер (млрд. тг.): - несиеге деген пайыз – 12, - жалпы жеке инвестициялар – 55, - жалақы – 218, - корпорацияның пайдасы – 113, - жанама салықтар, салықтық емес төлемдер – 22, - ренталық төлемдер – 20, - корпорацияның пайдасына деген салықтар – 50, - таза экспорт – 9, - мемлекеттік сатып алымдар – 90, - таза жеке инвестициялар – 45, - меншіктен түсетін табыстар – 21, - мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялар беру – 2, - тұрғындарға берілетін трансферттік төлемдер – 23, - тұтыну шығындары – 260. 6.Ұлттық өндіріс мынадай 2 тауардан тұрады делік: Х (тұтыну тауарлары), У (өндіріс құрал-жабдықтары). Ағымдағы жылы Х өнімінің 500 мөлшері өндірілді, әрқайсысының бағасы 2 теңге, ал У тауарының 20 мөлшері өндірілді, олардың әрқайсысының бағасы 10 теңгеге тең. Жыл аяғына қарай пайдаланудағы 5 машина жаңартылды. Табу керек: а) ЖҰӨ - ді, б) ТҰӨ - ді, в) Тұтыну көлемін және инвестиция көлемін, г) Таза инвестициялар көлемін. 7. Келесі макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесін қолдана отырып мемлекеттік жинақтар көлемін және үй шаруашылықтарының жинақтау көлемін есептеңіз: 1. Нақты ұлттық табыстың тепе-теңдік көлемі – 8500. 2. Экспорт – 160. 3. Импорт – 80. 4. Тұрғындардың төлейтін табыс салықтары – 630. 5. Мемлекеттік бюджеттен трансферттер формасында төленетін төлемдер – 280. 6. Инвестициялар көлемі – 1480. 7. Экономикадағы шеңбер айналымын қамтамасыз ететін үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары – 6200.
3-тақырып. Экономикадағы жалпы тепе-теңдік. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың базалық үлгісі Мақсаты: жиынтық сұранысқа және оның құрауыштарына сипаттама беру, жиынтық ұсыныстың теорияларына тоқталу, сілкіністердің табиғатын зерттеу, сонымен қатар, мемлекеттің тұрақтандыру саясатының мәселелерін талқылау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
1. Жиынтық сұраныс және оған әсер етуші факторлар. 2. Жиынтық ұсыныс, оның кейнстік және классикалық үлгілері. 3. АD-АS үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Жиынтық сұраныс дегеніміз не және оның құрауыштары қандай? 2. Жиынтық сұраныстың бағалық және бағалық емес факторларына не жатады? 3. Баға деңгейінің тұтынуға, инвестицияға және таза экспортқа әсері қандай? 4. Жиынтық ұсыныстың классикалық және кейнстік үлгілерінің ерекшеліктері қандай? 5. Классикалық дихотомия (жұптастық) ұғымы нені білдіреді? 6. Әлеуетті жалпы ішкі өнім дегеніміз не? 7. Қысқа мерзімнен ұзақ мерзімдік макроэкономикалық тепе-теңдікке өту қалай сипатталады? 8. «Тегеріш» (храповик) әсерінің мәні неде? 9. Сұраныс және ұсыныс сілкіністері қалай орын алады? 10. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру саясаты қалай жүргізіледі? Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар: 1. Кестеде жиынтық ұсынысты сипаттайтын мәліметтер берілген:
а) Жиынтық ұсыныстың кейнстік кесіндісіне сәйкес баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі қандай деңгейде өзгереді? б) Жиынтық ұсыныстың классикалық кесіндісіне сәйкес баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі қандай деңгейде өзгереді? в) Жиынтық ұсыныстың аралық кесіндісіне сәйкес баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі қандай деңгейде өзгереді? г) Жиынтық ұсыныстың графигін салыңыз. 2. Кестеде экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың параметрлері берілген:
Кестенің мәліметтері негізінде «АD - АS» үлгісін құрыңыз және мынадай сұрақтарға жауап беріңіз: а) бағаның қандай деңгейінде тепе-теңдік орнайды? б) өндірудің немесе тұтынудың қандай өзгерістері бағаның 150 және 250 деңгейінде тепе-теңдікке алып келеді? Графиктік сипаттама беріңіз. 3. Берілгендер: C = 10-5P; I = 20; G = 15; AS = 5+P. Табу керек: а) экономикадағы бағаның тепе-теңдік деңгейін және өндірістің тепе-теңдік деңгейін; б) егер мемлекеттік шығындар 25-ке дейін өссе, онда мұндай жағдайда өндіріс көлемі мен баға деңгейі қалай өзгереді? в) егер жиынтық ұсыныс AS = 10 тең болса, онда сіздің жауабыңыз а) және б) пункттеріне қалай өзгереді? 4. Кестеде жиынтық ұсынысты және жиынтық сұраныс функциясының үш нұсқасын сипаттайтын мәліметтер берілген. Жиынтық сұраныс пен ұсыныстың қисықтарын салыңыз. Әрбір үш нұсқа үшін ЖҰӨ-нің тепе-теңдік көлемін және бағаның тепе-теңдік деңгейін анықтаңыз.
4-тақырып. Игіліктер нарығы. Кейнсшілдік макроэкономикалық теорияның негізі
Мақсаты: классикалық және кейнстік теорияларға сәйкес макроэкономикалық тепе-теңдікке жетудің негізгі заңдылықтарын қарастыру. Кейнстің психологиялық заңының мәні тұрғысынан «Кейнс кресі» үлгісіне кеңірек тоқталу. Тұтыну, жинақтау және инвестиция функцияларының графиктерін салу, сонымен қатар мультипликатор теориясының мәнін түсіну. Осы мақсатқа жету үшін тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек: 1. Классикалық мектептің негізгі көзқарастары. Классикалық үлгідегі жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік. 2. Кейнстік төңкеріс. Кейнстік үлгідегі жалпы макроэкономикалық тепе-теңдіктің ерекшеліктері. 3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі және ресурстардың толық қамтылуы. Тұтыну және жинақтау функциясы, инвестициялар. 4. Нақты және жоспарланған шығындар. Кейнс кресі. Өндірістің тепе- теңдік көлеміне жету механизмі. 5. Автономды шығындар мультипликаторы. Рецессиялық және инфляциялық үзілістер. Акселератор. 6. Үнемділік оғаштылығы. Кейнс кресі мен AD-AS үлгісінің өзара байланысы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Сэй заңы дегеніміз не? 2. Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдіктің мәні неде? 3. Кейнстік төңкеріс қалай орын алды? 4. Кейнстік үлгінің басты идеялары қандай? 5. Кейнстің психологиялық заңын қалай түсінуге болады? 6. «Кейнс кресі» үлгісі макроэкономикалық тепе-теңдік қалай сипатталады? 7. Тұтыну мен жинақтау функциялары қалай сипатталады? 8. Тұтыну фунциясының қандай теориялары бар? 9. Бейімділіктің түрлері қандай? 10. Инвестициялар дегеніміз не? 11. Автономды көрсеткіштерге не жатады? 12. Автономды шығындар мультипликатор қалай есептеледі? 13. Акселератор қалай есептеледі? 14. Үнемділік оғаштығы қалай орын алады? 15. «Кейнс кресі» мен «AD-AS» үлгілерінің арасында қандай байланыс бар? Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар: 1. Төменде келтірілген мәліметтер бойынша табу керек: тұтыну, тұтынудың орташа бейімділігін, жинақтауға орташа бейімділігін, тұтынудың шекті бейімділігін, жинақтауға шекті бейімділігін, тұтыну және жинақтау графиктерін құрыңдар:
2. Ұлттық өндірістің тепе-теңдік деңгейі 1200 млрд. теңге. Ал автономды тұтыну – 0. Бұл жағдайда тұтынуға деген шекті бейімділік 0,05-ке өсті. Анықтау керек: А) өндірістің тепе-теңдік көлемі қалай өзгереді; Б) жинақтаудың тепе-теңдік деңгейі қалай өзгереді; В) тұтыну функциясы: С=300+0,75Y. Үкімет 30 млрд. теңге мемлекеттік тапсырысты салықты көбейту арқылы орналастыруды шешті. Тепе-тең ЖҰӨ өзгеріссіз қалу үшін, бюджеттік түсім қандай сомаға көбеюі тиіс. 3. Тұтыну шығындарының тепе-тең көлемі 20000 а.б. және тұтынуға деген шекті бейімділік 0,8. Анықтау керек: А) инвестициялар көлемін; Б) мультипликатор көлемін; В) тұтынуға деген шекті бейімділіктің 0,6-ға дейін төмендеуі тепе-тең ұлттық табысқа қалай әсер етеді? 4. Төмендегі мәліметтерді пайдаланып тұтынуды, тұтынуға деген орташа бейімділікті, тұтынуға деген шекті бейімділікті, жинақтауға деген орташа бейімділікті, жинақтауға деген шекті бейімділікті анықтап, тұтыну мен жинақтаудың сызбаларын құрыңыз.
5-тақырып. Бюджет-салық саясаты
Мақсаты: макроэкономиканың негізгі мәселелерін шешудегі және реттеудегі мемлекеттің бюджет-салық саясатының мән мағынасын түсініп олардың негізгі бағыттары мен тиімділіктерін жан-жақты ортаға салып талқылау, соны-мен қатар, Қазақстандағы және шет елдердердегі осы макроэкономикалық саясаттардың жүргізілу механизмдеріне де тоқталып өту. Осы мақсатқа жету үшін семинар сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек: 1. Бюджет-салық саясатының мәні, түрлері, мақсаттары, құралдары. 2. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы, салық мультипликаторы және баланстанған бюджет мультипликаторы. Хаавельмо теоремасы. 3. Мемлекеттік бюджет, бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз мәселелері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Бюджет-салық саясатының қандай түрлері бар? 2. Елдің бюджет жүйесінің құрылымы қандай? 3. Елдің бюджет табыстарының көздері қандай? 4. Елдің бюджет шығыстарының баптары қалай жүзеге асырылады? 5. Дискрециялық фискалдық саясат қалай мақсаттарға бағытталады? 6. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы қалай есептеледі? 7. Салық мультипликаторы қандай мақсаттар үшін есептеледі? 8. Баланстанған бюджет мультипликаторы қалай анықталады? 9. Автоматты тұрақтандырғыштар қандай жағдайларда іске қосылады? 10. Лаффер қисығы нені сипаттайды? 11. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың көздері қандай? 12. Мемлекеттік қарызды жабудың қандай әдістері бар? Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар: 1. Айталық, тепе-теңдік ұлттық өнім 400 млрд. теңгені құрайды. Үкімет мемлекеттік шығындарды 15 млрд. теңгеге арттырды делік. Бюджет мультипликаторының коэффициенті 4-ке тең. Жаңа тепе-теңдік ұлттық өнімнің қандай шамаға өзгергенін анықтаңыз. 2. Мына анықтамалар мен ұғымдардың сәйкес жұптарын табыңыз:
6-тақырып. Ақша нарығы
Мақсаты: ақша нарығындағы тепе-теңдікті талдау, ақша агрегаттары мен ақшаның массасын қарастыру, ақшаға сұраныс теорияларына, соның ішінде Баумоль-Тобин үлгісіне тоқталу, ақша ұсынысының үлгісін сипаттау. Бағалы қағаздар нарығын талдау. Осы мақсатқа жету үшін семинар сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек: 1. Ақша: түсінігі, қызметтері, агрегаттары. 2. Ақша деген сұраныс теориялары. (Классикалық, Кейнстік, Баумоль-Тобин үлгілері). 3. Ақша ұсынысының үлгісі, ақша мультипликаторы, ақша нарығындағы тепе-теңдік. 4. Бағалы қағаздар нарығы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Ақша айналымы дегеніміз не? 2. Ақша жиынының құрылымы қандай? 3. Айналымдағы ақша санын анықтаудың қандай бағыттары бар? 4. Ақша ұсынысына қандай факторлар әсер етеді? 5. Банктік мультипликатор қалай есептеледі? 6. Ақша мультипликаторының макроэкономикалық маңызы неде? 7. Бағалы қағаздар нарығы қандай қызметтер атқарады? 8. Бағалы қағаздардың түрлері қандай? 9. Бағалы қағаздардың нарықтық құны қалай анықталады? 10. Қор индекстерінің түрлері қандай? Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар: 1. Келесідей мәліметтер берілген: cr = 20%, rr = 12%, С = 200 000, мұнда cr – халықтағы қолма-қол ақшаның депозит шамасына үйлесімі; rr – міндетті резервтер нормасы; С – айналыстағы қолма-қол ақша. Табу керек: а) ақша мультипликаторын; ә) ақша ұсынысын. 2. Депозиттерді резервтеудің нормасы 0,25-ке тең. Ал депозиттеу коэффициенті 0,4-ке тең. Ақша мультипликаторының шамасын анықтаңыз. 3. Банкте 10 млн.теңгеге депозит сақтаулы. Міндетті резервтер нормасы 25%-ды құрайды. Алдымен, 1 банктің, содан соң барлық банктік жүйенің ақша ұсынысын ұлғайта алу шамасын анықтаңыздар. 4. Айталық, фирма Алтын деген қызметкеріне ай сайын оның шотына 200 мың теңге аударады. Банкке 1 рет барудың шығындары 60 теңгеге тең. Ал пайыздық қойылым 20%-ға тең. Баумоль-Тобин үлгісін қолдана отырып мыналарды анықтаңыз: а) банкке барудың оңтайлы санын; ә) 1 айдағы қолма-қол ақшаның орташа шамасын. 5. Ақшаға трансакциондық сұраныстың шамасы 200 млрд.теңгені құрайды. Пайыз мөлшерлемесінің 10, 9, 8 деңгейлері кезінде активтер тарапынан ақшаға сұраныс (спекулятивтік сұраныс) көлемі сәйкесінше, 50, 70, 90 млрд.теңгеге тең. Ақша ұсынысы 290 млрд.теңгеге тең болғандағы пайыздың тепе-теңдік мөлшерлемесінің қаншаға тең болатындығын анықтаңыз. Жауабыңызды график арқылы түсіндіріңіз. 6. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:
7. Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша М1, M2, M3 ақша агрегаттарының көлемін анықтаңыздар:
7-тақырып. Банк жүйесі. Ақша-несие саясаты
Мақсаты: макроэкономиканың негізгі мәселелерін шешудегі және реттеудегі мемлекеттің ақша-несие саясатының мән-мағынасын түсініп олардың негізгі бағыттары мен тиімділіктерін жан-жақты ортаға салып талқылау, сонымен қатар, Қазақстандағы және шет елдердердегі осы макроэкономикалық саясаттардың жүргізілу механизмдеріне де тоқталып өту. 1. Экономикадағы банктер және олардың рөлі. 2. Банк жүйесі: Орталық банк және коммерциялық банктер. 3. Орталық банктің ақша-несие саясаты, мақсаттары, құралдары, мәселелері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Банктік жүйенің құрылымы қандай? 2. Коммерциялық банктердің атқаратын операциялары қандай? 3. Ақша-несие саясатының қандай нысандарда жүргізіледі? 4. Елдің Ұлттық банкі ақша базасына және ақша ұсынысына қандай құралдары арқылы әсер етеді? 5. Ақша-несие саясатының беріліс механизмі қандай буындарды қамтиды? 6. Ақша-несиелік реттеудегі монетаристік бағыттың мәні неде?
Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар: 1.Коммерциялық банктің жиынтық резервтері 220 млн.теңгені құрайды. Депозиттер 950 млн.теңгеге тең. Осы депозиттерді міндетті резервтеудің нормасы 20%-ға тең. Егер банк қарыз беру үшін өзінің барлық артық резервтерін қолданса, онда ақша ұсынысы қалай өзгереді? 2. Міндетті резервтер нормасы 20%-ға тең. Коммерциялық банк депозиттер сомасының 5%-н артық резервтер ретінде сақтайды. Ал депозиттер сомасы 10 000 мың теңгеге тең. Мұндай жағдайда банк несие беру үшін максималды түрде қанша соманы қолдана алады? 3. Орталық банк коммерциялық банктен 100 млн.теңгеге мемлекеттік облигацияларын сатып алды деп ұйғарайық. Егер коммерциялық банк 10%-дық міндетті резервтер нормасы жағдайында өзінің несиелік мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алса, онда ақша ұсыныс қандай шамаға өзгереді?
8-тақырып. Игіліктер нарығы мен ақша нарығының біріктірілген тепе-теңдігі. IS-LM үлгісі Мақсаты: осы тақырыпта қарастырылатын негізгі үлгі арқылы мемлекеттің жүргізетін екі негізгі саясатының ұлттық табысқа қалай әсер ететіндігіне көз жеткізе отырып олардың жүзеге асырылуының салыстырмалы тиімділіктеріне баға беру. Осы мақсатқа жету үшін практика сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек: 1. AD-AS және IS-LM үлгілерінің өзара байланысы. 2. IS-LM қисықтарын құру, олардың қозғалыстары. IS-LM үлгісіндегі тепе-теңдік. 3. Бюджет-салық саясатының және ақша-несие саясатының салыстырмалы тиімділігі. Ығыстыру әсері. 4. Бағалар деңгейінің өзгерісіне сәйкес AD-AS және IS-LM үлгілеріндегі экономикалық саясат. 5. IS-LM үлгісі және қазақстандық экономиканың мәселелері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. IS-LM үлгісі қандай нарықтардың экономикалық жағдайларын сипаттайды? 2. IS қисығы қандай экономикалық көрсеткіштердің арасындағы өзара байланысты сипаттайды? 3. LM қисығы нені анықтайды? 4. IS-LM қисығының өзгерістеріне қандай факторларына әсер етеді? 5. Ығыстыру әсері қалай орын алады? 6. Экономика қай уақытта өтімділік тұзағына тап болады? 7. Инвестициялық тұзақ дегеніміз не? 8. Тиімді сұранысқа қай уақытқа қол жеткізіледі? Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар:
1. Мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс? а) Ақша-несие саясатының шараларын жүргізу нәтижесінде IS және LM қисықтары бір уақытта өзгереді. б) Ақша ұсынысының ұлғаюы және мемлекеттік сатып алымдардың өсуі ЖІӨ динамикасына бірдей әсер етеді. в) Ақша ұсынысының ұлғаюы және салық ставкаларының төмендеуі нарықтық пайыз мөлшерлемесіне бірдей әсер етеді. г) Ақша ұсынысының қысқаруы және салық ставкаларының төмендеуі жиынтық сұраныс қисығына бірдей әсер етеді. д) Егер баға деңгейі төмендесе, онда жиынтық сұраныс қисығы оңға жылжиды, ал LM қисығы солға жылжиды. 2. IS-LM үлгісіне сәйкес пайыз мөлшерлемесі, табыс деңгейі, тұтыну мен инвестиция көлемі қалай өзгереді? Егер: а) Орталық банк ақша ұсынысын қысқартса. б) Мемлекет тауарлар мен қызметтерді сатып алуды төмендетсе. в) Мемлекет салықтарды қысқартса. г) Мемлекет сатып алымдарды және салықтарды бірдей мөлшерде төмендетсе. 3. Айталық, үкімет мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту үшін және инфляция деңгейін төмендету үшін салықтарды өсірді. IS-LM үлгісін пайдалана отырып Орталық банк өндіріс көлемінің деңгейін өзгертпеу үшін қандай іс-шараларды жүргізу керек. График арқылы көрсетіңіз. 4. Егер Орталық банк инфляция деңгейін төмендету мақсатында қатаң ақша-несие саясатын жүргізсе, онда қысқа мерзімде мынадай жағдайлар орын алады: а) жиынтық сұраныс қисығы оңға жылжиды, жоспарланған шығындар қисығы жоғары жылжиды, ал LM қисығы солға жылжиды; б) жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды, жоспарланған шығындар қисығы төмен жылжиды, ал LM қисығы оңға жылжиды; в) жиынтық сұраныс қисығы өзгеріссіз қалады, жоспарланған шығындар қисығы төмен жылжиды, ал LM қисығы солға жылжиды; г) жиынтық сұраныс қисығы солға төмен жылжиды, LM қисығы солға жоғары жылжиды, ал жоспарланған шығындар қисығы төмен жылжиды.
9-тақырып. Еңбек нарығы. Жұмыссыздық мәселесі
Мақсаты: жұмыссыздықты макроэкономикалық мәселе ретінде қарастыра отырып оны еңбек нарығы арқылы реттеуге дейін толығымен сипаттама беру, жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптарын жоюдың жолдарын ұсыну, еліміздегі бұл мәселенің ерекшеліктеріне тоқталып мемлекет тарапынан тиімді шаралар іздестіруге ортақ пікірлерді талқылап өту, сонымен қатар, кедейшілік мәселесін шолып өту. Ол үшін мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек: 1. Еңбек нарығының түсінігі және жұмыс күші. 2. Жұмыссыздық және оның түрлері. 3. Жұмыссыздықты азайту мәселесі және Қазақстандық тәжірибе. 4. Оукен заңы. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік. 5. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Еңбек нарығы дегеніміз не және ол қандай қызметтерді орындайды? 2. Еңбек нарығында сұраныс пен ұсынысқа қандай факторлар әсер етеді? 3. Еңбек нарығының көрсеткіштері қалай жіктеледі? 4. Толық жұмысбастылық ұғымы экономиканың қандай жағдайын сипаттайды және оған табиғи жұмыссыздықтың қандай деңгейі тән? 5. Халықаралық Еңбек Ұйымының стандарттары бойынша халықтың қандай топтары «жұмыссыздар» қатарына жатқызылады? 6. Макродеңгейде жұмыссыздық деңгейі қалай анықталады? 7. Жұмыссыздықтың қандай түрлері бар? 8. Оукен заңы қандай экономикалық көрсеткіштер арасындағы байланысты көрсетеді? 9. Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары қандай? 10. Жұмыссыздықтың экономикалық зардаптары қандай? 11. Қазіргі уақытта еңбек биржалары немен айналысады? 12. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары қандай? Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар: 1. Берілген мәліметтер (мың адам) бойынша жұмыссыздық деңгейін және жалпы ішкі өнімнің алынбай қалған көлемін (%) есептеңіз. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 2%-ға тең.
2. Төмендегі кестеде берілген мәліметтерді пайдалана отырып жұмыссыздық деңгейін және жалпы ішкі өнімнің алынбай қалған көлемін (%) есептеңіз. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 5%-ға тең.
3. Белгілі бір елде халық саны – 8 млн., олардың ішінде 5 млн. адам - балалар мен зейнеткерлер. Ағымдағы жылы 120 мың адам жұмыстарын ауыстыруына байланысты 3 ай жұмыссыздар қатарында болды, 100 мың адам өз біліктіліктерін көтеру мақсатында 6 ай жұмыссыз жүрді, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты 200 мың адам өз жұмыстарын жоғалтты, бірақ олардың 60 мыңы жұмыспен қамтылды (4 айдан кейін). Сол елдің жұмыссыздық деңгейін анықтаңыздар. 4. Табиғи жұмыссыздық – 8 %. Балалар мен жұмысқа жарамсыздар – 80 млн. Егер фрикциондық жұмыссыздық мөлшері – 3 млн., құрылымдық жұмыссыз-дық мөлшері – 2 млн. және мәжбүрлі жұмыссыздық мөлшері – 4 млн. адам бол-са, онда елдегі халық саны қанша? 5. Экономикадағы табиғи жұмыссыздық деңгейін анықтаңыздар, егер ағымдағы жылы 4 млн. адам жұмыс орнын ауыстыруға байланысты жұмыссыз болса, ал 5 млн. адам өз біліктіліктерін жоғарылату арқылы жұмысқа орналасты. Экономикалық құлдырауға байланысты 7 млн. адам жұмысын жоғалтты. Халық саны – 280 млн. адам, олардың 130 млн. – ы балалар мен жұмысқа жарамсыздар болып табылады. 6. Мәжбүрлі жұмыссыздық мөлшерін анықтаңыздар, елдің халық саны 30 млн. адам, олардың 10 млн.-ы – жұмысқа қабілетсіздер мен балалар. Жұмыссыздық деңгейі 7 %, ал табиғи жұмыссыздық – 5 %. 7. Келесідей деректер бар: Жұмыспен қамтылғандар саны 90 млн. адам, жұмыссыздар саны 10 млн. адам. Жұмыссыздық деңгейін анықтаңыздар. 90 млн. жұмыспен қамтылған адамдардан бір ай өткеннен кейін 0,5 млн. адам жұмыстан шығарылған еді, 1 млн. адам ресми тіркелген жұмыссыздар жұмыс іздеуді тоқтатқан. Мыналарды анықтаңыз: а) жұмыспен қамтылғандардың санын; б) жұмыссыздар санын; в) жұмыссыздық көлемін. 8. NAIRU немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 6%, ал нақты деңгейі 10%. Егер Оукен коэффициенті 2-ге тең болса, онда: а) ЖІӨ-нің нақты деңгейі әлеуетті деңгейінен қанша пайызға ауытқиды; ә) егер ЖІӨ-нің нақты деңгейі ағымдағы жылы 6 трлн.тг. болса, онда абсолюттік шамада ЖІӨ-нің жоғалтулары қандай? 9. Елдегі халық саны – 10,5 млн. адам, фрикциондық жұмыссыздық мөлшері – 100 мың, құрылымдық жұмыссыздық – 200 мың адам және мәжбүрлі жұмыссыздық – 300 мың адамды құрайды. Табиғи жұмыссыздық деңгейі - 5%. Елдегі еңбекке қабілетті адамдардың санын анықтаңыз. 10. Мына орын алған жағдайлардың жұмыссыздықтың қандай түріне (фрикциондыққа, құрылымдыққа немесе циклдікке) жататынын анықтаңыз: - Жалпы экономикалық құлдыраумен байланысты орын алған қолайсыз нарықтық жағдай автомобиль рыногында жүздеген жұмысшылардың жұмыстан шығуына мәжбүрлейді. - Маңызды ресурс ретінде көмір отынына деген сұраныстың төмендеуі және уран ресурсына деген сұраныстың өсуі салдарынан шахтерлердің арасында жұмыссыздықтың өсуіне алып келді. - Мектеп директоры көп жағдайда қақтығыстық проблемалар туындатады, осының салдарынан бірқатар оқытушылар жұмыстан шығуға мәжбүр болады және басқа мектептерден жұмыс іздеуге тура келеді. - 1998 жылы болған қаржылық дағдарыс салдарынан көптеген туристік компаниялардың әрекеттері тоқтай бастады және олар өз қызметкерлерін амалсыздан жұмыстан шығарды және демалысқа жіберуге мәжбүрлі болды. - Жоғарғы оқу орнын бітірген студент бұрынғы үлкен электронды есептеу машинасында жұмыс істеу білімін игерген қабілеті нарықтық сұранысқа ие болмай қалды, осының салдарынан ол жаңа электронды технологияларды оқуды қолға ала бастады. - Жаңадан тұрмысқа шыққан жас әйел жолдасының үйіне көшкеннен кейін бұрынғы жұмыс орнынан шықты және бұрынғы мамандығы бойынша жаңа мекен – жайына сәйкес жұмыс орнын іздеуде.
10-тақырып. Инфляция және оның теориялары
Мақсаты: бұл тақырыпқа сәйкес инфляцияның себептерін, түрлерін, зардаптарын жан жақты талқылау, Филлипс қисығының теориясын және қазіргі жаңа мүмкіндіктерін түсіндіру, шетелдік тәжірибе бойынша антиинфляциялық саясаттың формаларын, сонымен қатар, Қазақстандағы инфляцияға қарсы шаралардың іске асуын сипаттау және ресми дерек көздерін пайдалану. Осы мақсатқа жету үшін семинар сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтар-дың мәнін ашу керек: 1. Инфляция, оның пайда болу себептері және түрлері. 2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары. 3. Филлипс қисығы. Қысқа және ұзақ мерзімдегі инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. 4. Инфляцияға қарсы саясат.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Экономикада инфляциялық үдерістерді қандай көрсеткіштердің көмегімен бағалауға болады? 2. «70 ережесі шамасы» дегеніміз не? 3. Бағалардың жалпы құлауын сипаттайтын экономикалық үдерісті қалай атайды? 4. Инфляцияның себептері қандай? 5. Инфляцияның қандай формалары мен түрлері бар? 6. Инфляциялық шиыршық (спираль) дегеніміз не? 7. Инфляцияның қоғамға тигізетін әлеуметтік-экономикалық салдарлары қандай? 8. Антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаттары мен әдістері қандай? 9. Филлипс қисығы қандай экономикалық байланыстарды көрсетеді? 10. Филлипс қисығын ұзақ мерзімдік кезеңде түсіндіруде қандай бағыттар қолданылады? 11. Инфляциялық салық дегеніміз не? 12. Оливер-Танзи әсері нені сипаттайды? Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар: 1. Егер бағалар: а) 2 есе өсе; ә) 5 %-ға өссе; б) 30 %-ға өссе, онда ақшаның сатып алу қабілеті қалай өзгереді? Егер ақшаның сатып алу қабілеті 40 %-ға төмендесе, онда бағалар қанша пайызға өсті? 2. Белгілі бір елде инфляция қарқыны 4 пайызға тең. Бұл елдегі бағалардың өсуі қанша жылдың ішінде екі еселенеді? А) 17 жылда В) 17,5 жылда С) 66 жылда D) 74 жылда Е) 11 жылда 3. Номиналды пайыз мөлшерлемесі R және инфляция қарқыны π берілген. Фишердің дәлдік және жуықтық формуласы бойынша нақты пайыз мөлшерле-месін r табу керек: а) R = 5 %, π = 2%. ә) R = 50 %, π = 20%. б) R = 500 %, π = 200%. Фишердің дәлдік формуласы: r = R – π / 1 + π; Фишердің жуықтық формуласы: r ≈ R – π. 4. Егер: а) номиналды табыс 10% - ға өссе, ал баға деңгейі 7% - ға өссе; ә) номиналды табыс 30 мың теңгеге тең болса, ал осы жылы бағалар индексі 106% - ға тең болса, онда нақты табыс мөлшері қалай өзгереді? 5. Экономикада Х және У тауарлары өндіріледі. Тұтынушылар өз табыстарының жартысын Х тауарын сатып алуға, ал қалған жартысын У тауарын сатып алуға жұмсайды. Бір жылдың ішінде Х тауарының бағасы 5 % - ға, ал У тауарының бағасы 15% - ға өсті. Тұтыну тауарлары бағаларының индексін есептеңіз (өткен жылғы бағалар индексі 100 – ге тең). 6. Дұрыс / дұрыс емес: - Әлеуетті және нақты ЖҰӨ көлемдері тең болған жағдайда, жиынтық шығындардың өсуі инфляцияға алып келеді, бұл жерде өндірістің әріқарай мүмкін болмайды. - Егер бағалар мен жалақы абсолютті түрде қатаң болмаса, онда экономикада рецессияның орын алмауы мүмкін. - Инфляция – бұл өндірістің жалпы өсуі. - Күтілетін және күтілмейтін инфляция табыстардың қайта бөлінуіне бірдей әсер етеді. - Жыл сайынғы бағалардың 5% - дық төмендеуі кезінде тұрақты табыс алатын жанұялардың нақты табысы жылына 5% - ға өседі. - Жыл сайынғы бағалардың 10% - дық өсуі кезінде, олардың деңгейі әрбір он жылда екі еселеніп отырады. - Жер, өнер туындылары, акциялар, облигациялар, тұрғын үйлер - инфляция уақытында қаржы активтерінің құнсыздану қаупін төмендету қажеттілігіне мүмкіндік беретін инвестициялаудың дәстүрлі объектілері. - Инфляция барлық тұрғындардың нақты табыстарының төмендеуіне алып келеді. 7. Кестеде жылдар бойынша бағалар индексі берілген:
11-тақырып. Экономикалық цикл және оның теориялары Мақсаты: бұл тақырыпты макроэкономикалық тұрақсыздықтың бір себебі ретінде есепке ала отырып экономиканың циклділігінің және оның циклдік дамуының мәнін ашу, циклге байланысты барлық теориялық мәселелерді ортаға салып талқылау, ең бастысы отандық экономиканың циклдік дамуының заңдылықтарының себебіне тоқталып өту. Осы мақсатқа жету үшін практика сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек: 1. Экономикалық цикл: мәні, түрлері, көрсеткіштері, фазалары, себептері, факторлары. 2. Экономикалық циклдің ұзақтылығы: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді циклдер (Н. Кондратьевтің «ұзын толқындары»). 3. Қазақстандағы антициклдік саясат
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Экономикалық цикл қандай фазалардан өтеді? 2. Әлеуетті ЖІӨ көлемімен салыстырғанда нақты ЖІӨ көлемінің ауытқулары қандай көрсеткіштермен сипатталады? 3. Циклдік толқулардың себептері қандай? 4. Экономикалық циклдің типтері қандай? 5. Экономикалық дағдарыстардың қандай түрлері орын алады? 6. Экономикалық циклдің қазіргі заманғы үлгілері қандай? 7. Мультипликатор-акселератор әсері қалай іске қосылады? 8. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру бағдарламларының мәні неде? 9. Мемлекеттің циклдерге қарсы саясатының негізгі бағыттары қандай? Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар: 1. Экономистердің болжауынша, келесі жылы ел ішіндегі экономикалық жағ-дай мына мәліметтермен сипатталды: C = 10 + 0,7Y I = 50 млрд. тг. G = 100 млрд. тг. Осыған сәйкес, келесі жылы ЖҰӨ-нің болжанбалы деңгейінің қанша көлемде болатындығын есептеңіз. 2. Белгілі бір елде тұтыну шығындары мен инвестициялар көлемі мына теңдіктермен беріледі: C = 8 + 0,6Y I = 0,1Y Экономистердің бағалауынша, келесі жылы мемлекеттік шығындар көлемі 50 млрд. теңгені, ал таза экспорт 5 млрд. теңгені құрайды. Онда келесі жылы ЖҰӨ-нің Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.093 сек.) |