|
|||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Сурет 4.6 «Кейнс кресі» моделі 3 страницаАқшаға алыпсатарлық сұраныс пайыздық қойылымға тәуелді және оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады (сурет 6.1 ә). Кейнс теориясы бойынша ақшаға жиынтық сұраныс екі өзгермелі функцияны көрсетеді: а) табыс; ә) пайыздық қойылым. Md = M (Y, r)
r r Mdт (Y) Mda (r)
0 М 0 М а) ә) Сурет 6.1 Ақшаға деген трансакциондық және алыпсатарлық сұраныс Сонымен, екі теорияны қорыта келе, ақшаға деген сұранысқа әсер ететін мынадай факторларды атап көрсетуге болады: 1) табыс деңгейі; 2) пайыздық қойылым; 3) ақша айналымының жылдамдығы. Классикалық теория ақшаға сұранысты нақты табыспен байланыстырса, кейнстік теория ақшаға сұраныстың негізгі факторы ретінде пайыздық қойылымды алға тартады. Ақша ұсынысы (Ms) – бұл банктен тыс айналымдағы ақша көлемі. Ол қолма-қол ақшалар (С) мен экономикалық агенттердің талап еткенге дейінгі депозиттерінен (D) құралады немесе ақша ұсынысын M1 ақша агрегаты деп қарастыруға болады: Ms = C + D. Екінші деңгейлі банктер депозиттерінің бір бөлігін ғана резерв түрінде сақтайды, ал қалған бөлігін несиелер түрінде қарыз беру үшін және активті операциялар жүргізу үшін пайдаланады. Басқа қаржылық институттарға қарағанда, банктер ақша ұсынысын өсіре алады. Ақша ұсынысын өсіру банктік немесе несиелік (депозиттік) мультипликаторын іске қосу арқылы жүзеге асырылады. Банктік мультипликатор – екінші деңгейлі банктер жүйесі шеңберіндегі төлем құралдарының эмиссиялық үрдісі. Қосыша ақша ұсынысының жалпы түрі жаңа депозиттің пайда болуы нәтижесінде туындайды: Ms = 1/rr × D, мұндағы, rr – банктің орталық банкте сақтайтын міндетті резервтерінің нормасы; D – алғашқы депозит түріндегі салым: 1/rr – банктік немесе депозиттік мультипликатор. Орталық банк ең алдымен, ақша базасын реттейді. Себебі, елдегі ақша массасы ақша базасының көлеміне байланысты болады. Ақша базасы (МВ) – банк жүйесінен тыс қолма-қол ақшалар (С) мен Орталық банкте коммерциялық банктердің міндетті түрде сақтайтын резервтерінің (R) қосындысы: MВ = С + R. Ақша ұсынысының жалпы үлгісіне ақша мультипликаторы да кіреді. Ақша мультипликаторы (m) – бұл ақша ұсынысының ақша базасына қатынасын сипаттайтын сандық коэффициент: m = Ms / МВ = Ms = m × MB. Ақша мультипликаторы ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді. Ақша мультипликторын депозиттеу коэффициенті (cr) және резервтеу нормасы (rr) арқылы да анықтауға болады: m = Ms / МВ = C + D / C + R, егер, екі өрнектің алымын да бөлімін де D-ға бөлсек, онда: m = cr + 1 / cr + rr, мұнда, cr = C / D; rr = R / D. cr – депозиттеу коэффициенті, оның шамасы халықтың қолма-ақша мен депозитті қандай пропорцияда бөлетініне байланысты болады. rr – Орталық банкте резерв түрінде сақталатын банктік салымдардың үлес салмағы. Оның шамасы Орталық банк тағайындаған міндетті резервтер нормасына және коммерциялық банктердің артық резервтеріне байланысты болады. Осыған орай, ақша ұсынысының формуласын төмендегідей жазуға болады: Ms = cr + 1 / cr + rr × MB, Ms = m × MB. Осыған байланысты, ақша ұсынысына мультипликативті түрде әсер ете алу қасиетіне ие ақша базасын тиімділігі жоғары ақшалар деп атайды. Сонымен, елдегі ақша көлемі мына жағдайларда өседі, егер: · ақша базасы өссе; · міндетті резервтер нормасы төмендесе; · коммерциялық банктердің артық резервтері қысқарса; · халықтың жалпы қаржысындағы қолма-қол ақшалардың үлесі азайса. Ақша нарығындағы тепе-теңдік – бұл ұсынылатын ақша көлемі және жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер қолдарында ұстағысы келетін ақша көлемінің теңесуі. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті Орталық банк реттейді. Ақша ұсынысының қисығы (Мs) тік сызық түрінде болады. Бұл жерде Орталық банк ақша ұсынысын бақылау мақсатында пайыздың өзгерісіне қарамастан, оның көлемін тұрақты деңгейде сақтауға тырысады (сурет 6.2). Ақша нарығындағы тепе-теңдік А нүктесінде R0 M0 деңгейінде орнайды. Пайыз төмендегенде облигациялардың құны төмендейді, ал ақшаға сұраныс өседі. Бұл жағдайда экономикалық агенттер құнды қағаздарын сата бастайды, нәтижесінде облигацияларға сұраныс төмендейді. Ол өз кезегінде пайыз мөлшерлемесінің өсуіне әкеледі. Сөйтіп, қайтадан тепе-теңдік орнайды. r Ms r0 A r1 Md М0 М1 М Сурет 6.2 Ақша нарығындағы тепе-теңдік Табыс өскенде ақшаға сұраныс өседі және ақшаға сұраныс қисығы оңға-жоғарыға жылжиды (сурет 6.3). Ms r
r2 Md (Y2) r1 Md (Y1) М0 М Сурет 6.3 Ақшаға сұраныс қисығының жылжуы Орталық банк ақша ұсынысын қысқартқан жағдайда ақша ұсынысының қисығы солға жылжиды, пайыз мөлшерлемесі өседі (сурет 6.4). Ms r r2 r1 Md М0 М Сурет 6.4 Ақша ұсынысы қисығының жылжуы Ақша нарығындағы тепе-теңдіктің ұзақ уақыт сақталуы бағалы қағаздар нарығы жақсы дамыған жағдайда ғана мүмкін болады.
Қорытынды 1. Ақшалар инфляциялық үрдістерді, циклдік толқуларды, экономиканың тепе-теңдікке жету механизмін, тауар және ақша нарықтарының тиімді жұмыс істеуін талдайтын аса маңызды макроэкономикалық категория ретінде саналады. 2. Ақшаның негізгі қызметтері бар: • құн өлшеу құралы ретінде – тауарлардың бағалар түріндегі құндарын өлшеу және салыстыру үшін қызмет атқарады; • айналым құралы немесе жалпылама айырбастау құралы ретінде – айырбас кезінде делдалдық қызмет атқарады; • жинақтау (құнды сақтау) құралы ретінде – болашақта сатып алушылық қабілетті қамтамасыз ету қызметін атқарады; • төлем құралы ретінде – несиелік төлемдерді қайтару үшін қызмет атқарады; • әлемдік ақшалар ретінде – әлемдік нарыққа қызмет көрсету үшін қолданылады. 3. Ақшаның бағасы ақша нарығында ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысының нәтижесінде қалыптасады. Ақшаға деген сұраныс (Мd) – тұрғындар мен фирмалардың берілген уақыт мезетінде белгілі бір төлем операцияларын жүргізу үшін нақты қара-жаттар көлемін өз қолдарында ұстағысы келетінін білдіретін қалаулары; нарықтың ақша қаражаттарына деген жалпы қажеттіліктері. 4. Ақша ұсынысы (MS) – бұл банктен тыс айналымдағы ақша көлемі. Ол қолма-қол ақшалар (С) мен экономикалық агенттердің талап еткенге дейінгі депозиттерінен (D) құралады немесе ақша ұсынысын M1 ақша агрегаты деп қарастыруға болады. 5. Ақша нарығындағы тепе-теңдік – бұл ұсынылатын ақша көлемі және жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер қолдарында ұстағысы келетін ақша көлемінің теңесуі. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті Орталық банк реттейді.
Дәріске арналған әдістемелік кеңестер: 1. Тақырыпты оқу барысында студент мыналарға міндетті түрде назар аударуы керек: - ақша нарығының макроэкономикалық шеңбер айналымы үлгісіндегі орны мен рөлі туралы; - ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері туралы; - ақша нарығын талдаудың әртүрлі бағыттары туралы; - бағалы қағаздар нарығының түрлері туралы. 2. Студентке мыналарды білу қажет: - ақша массасының құрылымын анықтау; - ақша агрегаттарын есептеу; - ақша мультипликаторын және банктік мультипликаторды есептеу; - тақырыпқа қатысты негізгі мәселелерді графикпен түсіндіре білу. 3. Студент мынадай қабілеттіліктерге ие болуы қажет: - елдегі ақша нарығының жағдайын талдау және ақша нарығының елдің макроэкономикалық жағдайына әсерін анықтау; - бағалы қағаздардың құндылығы мен табыстылығын есептеу; - елдегі бағалы қағаздар нарығының жағдайын талдау. 4. Негізгі әдебиеттер тізіміндегі оқулықтарды зерттеу арқылы тақырыпты меңгеру және бекіту қажет.
7-тақырып. Мәселелі дәріс Банк жүйесі. Ақша-несие саясаты Мақсаты: макроэкономикалық тұрақсыздықтың негізгі белгілерін болдырмауға байланысты экономикадағы мемлекеттің ақша-несие саясатының жүргізілуінің қажеттілігін түсініп, оның мемлекеттік реттеудегі рөлін, түрлерін, жалпы механизмдері мен ерекшеліктерін жан-жақты талдау және олардың тиім-діліктерін анықтау. Осы тақырыпқа мына сұрақтар талқылауға шығарылады. Дәріс жоспары: 1. Банк жүйесі: Орталық банк және коммерциялық банктер. 2. Ақша-несие саясатының мақсаттары мен құралдары. 3. Ақша-несие саясатының түрлері мен типтері. Негізгі түсініктер: банк; банк жүйесі; орталық банк; коммерциялық банктер; ақша-несие (монетарлық) саясаты; міндетті резервтер нормасы; ашық нарықтағы операциялар; есептік мөлшерлемені белгілеу; арзан ақша саясаты; қымбат ақша саясаты; ақша-несие саясатының беріліс механизмі, т.б. Тақырыптың мазмұны. Банк жүйесі – бұл қандай да бір елдің территориясында бір-бірімен өзара байланысқан түрде әрекет жасайтын банктік мекемелердің жиынтығы. Банктік жүйе әдетте, екі деңгейлі болып табылады, бірінші деңгейде әрқа-шанда Орталық банк (эмиссиялық) тұрады және екінші деңгейге коммерциялық банктер (депозиттік) мен арнайы мамандандырылған қаржы-несие мекемелері (инвестициялық, жинақтаушы, ипотекалық, сыртқы саудалық және т.б.) жайға-сады. Банк жүйесі мынадай негізгі қызметтерді атқарады: а) уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру; ә) бос ақша қаражаттарын уақытша пайдалану үшін ұсыну; б) несиелік ақшаларды жасау; в) несиелік реттеу; г) ақша эмисиялау; д) бағалы қағаздарды шығару. Банк жүйесінің маңызды буыны болып Орталық банк табылады. Орталық банк – бұл үкіметтің қарыздық және несиелік операцияларын ұйымдастырудың делдалы, ақша нарығының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін банк жүйесінің басты буыны. Орталық банк ұлттық валютаны айналымға енгізеді, елдің алтын валюта-лық резервтерін сақтайды, банкаралық есептесу орталығы ретінде жұмыс істейді. Орталық банк Үкіметтің қаржылық агенті рөлін атқарады және коммер-циялық банктер үшін кредитор болып табылады. Сонымен қатар, Орталық банк халықаралық ақша нарықтарында сатушы және сатып алушы қызметін атқарады және жеке банктердің шетелдік қызметтерін реттеп отырады. Әлемнің барлық елдерінде Орталық банктер ақша-несие саясатын қалып-тастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің қызметтерін бақы-лайды және реттейді. Орталық банктің, коммерциялық банктердің операциялары және банктік емес сектордың шешімдері нәтижесінде экономикада ақша ұсынысы өзгеріп отырады. Біз білетініміздей, Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасы мен ақша мультипликаторына әсер ету жолымен бақылайды. Ал ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банктердің салымдарды қабылдау және несиелерді беру бойынша операцияларының нәтижесінде қалыптасады. Коммерциялық банктер – әртүрлі операцияларды орындау мен қызмет-терді көрсету арқылы заңды және физикалық тұлғаларға келісім-шарттар негізінде несиелік-есеп-айырысушылық және басқа да банктік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын әмбебап тұрпаттағы несиелік мекемелер. Коммерциялық банктердің негізгі қызметтері болып салымдарды (депо-зиттерді) тарту және несиелерді ұсыну саналады. Осы операциялар арқылы коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтіп қосымша ақшалар жасай алады және олар басқа қаржылық мекемелерден осындай қызметтерімен ерекшеленеді. Банктер сонымен қатар, бағалы қағаздарды сату және сатып алу-мен де айналысады. Коммерциялық банктердің пайдасын маржа деп атайды, ол несиелер бойынша тағайындалған пайыздар (бұл пайыздарды қарыз алушылар төлейді) мен депозиттер бойынша тағайындалған пайыздар (бұл пайыздарды банктер өз салымшыларына төлейді) арасындағы айырма болып табылады. Арнайы мамандандырылған қаржы-несиелік мекемелер – бұл эконо-миканың нақты салалары мен аяларын несиелеумен айналысатын банктік емес ұйымдар. Мұндай ұйымдар келесідей формаларда жұмыс істейді: 1) инвестициялық банктер – бағалы қағаздарды шығару мен орналас-тыру бойынша операцияларды жүргізетін, капиталдарды тартатын, салаларды инвестициялауға өз капиталдарын пайдаланатын ұйымдар; 2) жинақтаушы мекемелер – халықтың жинақтарын жинайтын және тұрғын-үй құрылысына инвестиция салу үшін ақша капиталын пайдаланатын ұйымдар; 3) сақтандыру компаниялары – сақтандыру полистерін сату жолымен ақша қаражаттарын тартатын, өнеркәсіп, сауда және көлік салаларының ірі корпорацияларын қаржыландырумен айналысатын ұйымдар; 4) зейнетақы қорлары – ұзақ мерзімдік міндеттемелерді эмиссиялау жолымен қаржыларды тартатын ұйымдар; 5) инвестициялық компаниялар – акциялары бар ұсақ компаниялардың арасына өз акцияларын орналастыратын және қаржыларды экономиканың әртүрлі салаларындағы бағалы қағаздарды сатып алу үшін пайдаланатын ұйымдар. Кез-келген елдің Орталық банкі макрокономикалық саясаттың негізгі құралы – ақша-несие саясатын жүргізуге жауапты. Ақша-несие саясаты – бұл ақша айналымы мен несие жүйесі саласын-дағы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты бірқатар жалпы экономикалық міндеттерді орындауға бағытталған макроэкономикалық саясат-тың аса маңызды құрамдас бөлігі. Ақша-несие саясаты нақты мақсаттарды көздейді және арнайы құралдар арқылы жүзеге асырылады. Ақша-несие саясатының мақсаттары соңғы және аралық мақсаттар болып бөлінеді. Соңғы мақсаттар: 1) экономикалық өсу; 2) толық жұмысбастылық; 3) бағалардың тұрақтылығы; 4) тұрақты төлем балансы. Соңғы мақсаттар ақша-несие саясатының фискалдық, валюталық, сыртқы сауда саясаттарымен бірге жүзеге асыратын мемлекеттің маңызды бағыттарына жатады. Аралық мақсаттар: 1) ақша массасы; 2) пайыздық қойылым; 3) айырбас бағамы. Ақша-несие саясатының мақсаттарына тікелей және жанама деп бөлінетін нақты құралдар арқылы қол жеткізіледі. Ақша-несие саясатының тікелей құралдары: 1) несиелеу лимиттері; 2) пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу. Ақша-несие саясатының жанама құралдары: 1) міндетті резервтер нормасын өзгерту; 2) есептік мөлшерлемені өзгерту; 3) ашық нарықтағы операциялар. Міндетті резервтер нормасын өзгерту – бұл ақша-несие жүйесін реттеуде қолданылатын қатаң құрал ретінде саналатын банктік резервтердің шамасына әсер ету әдісі. Міндетті резервтер нормасын Орталық банк депозиттердің шамасына қарай пайыздық түрде бекітеді. Оның шамасы біріншіден, салымдардың түрлеріне және екіншіден, банктердің көлеміне (шағын банктерге қарағанда ірі банктер үшін оның шамасы жоғары) байланысты болады. Міндетті резервтер нормасын өзгерту екі негізгі нысанда жүргізіледі: жоғарылату формасында және төмендету формасында. Міндетті резервтер нормасын жоғарылатудың нәтижесінде міндетті резервтердің шамасы артады, коммерциялық банктердің несиелік белсенділігі қысқарады және соңында ақша ұсынысы төмендейді. Міндетті резервтер нормасын төмендетудің нәтижесінде керісінше, несие беру құралдары кеңейеді, коммерциялық банктердің несиелік белсенділігі артады және соңында ақша ұсынысы ұлғаяды. Міндетті резервтер – бұл коммерциялық банктердің Орталық банкте пайызсыз салымдар түрінде сақтайтын депозиттерінің бір бөлігі. Сонымен қатар, коммерциялық банктер өз қарамағында артық резервтерді де ұстай алады. Артық резервтер – бұл күтпеген жағдайлардан сақтану үшін және өтімділігі бар құралдарға қажеттіліктерін өсіру үшін сақтайтын міндетті резервтерден артылып қалған сомалар. Есептік мөлшерлемені өзгерту (қайта қаржыландыру ставкасы) – бұл Орталық банктің коммерциялық банктерге қарызға беретін өз резервтеріне тағайындайтын пайыз мөлшерлемесін өзгертуі. Орталық банк осы құралды пайдалану арқылы дисконттық саясатты іске асырады. Жоғарыдағы сияқты, бұл құрал да жоғарылату немесе төмендету нысанында жүзеге асырылады. Есептік мөлшерлемені жоғарылату нәтижесінде пайыз мөлшерлемесі өседі, орталық банктен қарыз алу шектеледі, соның салдарынан коммерциялық банктердің несиелерді ұсыну бойынша белсенді операциялары қысқарады. Коммерциялық банктер қымбат несиені ала отырып, несие бойынша өздерінің пайыздық мөлшерлемелерін көтереді, соңында жалпы несие қымбаттайды. Есептік мөлшерлемені төмендету керісінше, банктік несиелерді алуды жеңілдетеді, пайыздық қойылым төмендейді, несиелік операциялар кеңейеді, ақша ұсынысы артады. Есептік мөлшерлеме, ереже бойынша, банкаралық нарықтың тағайындай-тын пайыздық мөлшерлемелерінен төмен болып келеді. Ашық нарықтағы операциялар – бұл Орталық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды (облигацияларды) сатып алуы мен сатуы. Орталық банк ашық нарықтағы операциялар арқылы экономикадағы ақша массасының шамасын реттеп отырады. Бағалы қағаздарды сатып ала отырып, коммерциялық банктердің резервтерін арттырады, олардың несиелік мүмкіндіктерін ұлғайтады, ақша ұсынысын кеңейтеді. Және керісінше, бағалы қағаздарды сата отырып, Орталық банк коммерциялық банктердің резервтері мен несиелік мүмкіндіктерін қысқартады, ақша ұсынысын төмендетеді. Ашық нарықтағы операциялар көп жағдайларда, қайта сатып алу келісімі (РЕПО) нысанында жүргізіледі. Оның жүргізілуінің мәні, яғни Орталық банк бағалы қағаздарды белгіленген уақыты біткеннен кейін аса жоғары бағамен міндетті түрде қайтара сатып алу жағдайында сатады. Ақша-несие саясатының негізгі екі типі ажыратылады: ынталандырушы және шектеуші. Ынталандырушы ақша-несие саясаты (несиелік экспансия) – бұл ақша ұсынысын арттыру және ақшаның бағасын (пайыз мөлшерлемесін) төмендету жолымен елдегі экономикалық белсенділікті көтеру мақсатында жүргізілетін саясат. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.025 сек.) |