|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Сурет 4.6 «Кейнс кресі» моделі 1 страницаА нүктесінде жиынтық шығындар ұлттық табысқа тең болады. Бірінші жағдайда, егер Y1 ұлттық табыс деңгейі тепе-теңдік Y0-ден жоғары болса, онда жиынтық шығындар өндіріс көлемінен аз болады E1 < Y1, бұл жағдайда ТМҚ көлемі артады. Сатып алушылар тауарларды фирмалардың өндіргеніне қарағанда аз тұтынады, яғни AD < AS құбылысы орын алады. Фирмалар осыны болдырмас үшін өндіріс көлемін Y0-ге дейін қысқартуға мәжбүр болады. Екінші жағдайда, егер Y2 ұлттық табыс деңгейі тепе-теңдік Y0-ден төмен болса, онда жиынтық шығындар өндіріс көлемінен көп болады E2 > Y2, бұл жағдайда ТМҚ көлемі кемиді. Сатып алушылар тауарларды сатып алушылардың тұтынғанына қарағанда кем өндіреді, яғни AD > AS құбылысы орын алады. Сәйкесінше, фирмалар жұмысбастылық пен өндіріс көлемін Y0-ге дейін арттыруға мүмкіндік алады. Сонымен, «Кейнс кресі» моделі – бұл бағалардың икемсіздігі мен экономиканың жұмыспен толық қамтылмағандығы жағдайында игіліктер нарығында инвестициялар мен жинақтардың, жоспарланған шығындар мен ұлттық табыстың және сәйкесінше, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыру арқылы тиімді сұранысқа қол жеткізуді қарастыратын кейнстік қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдік. Кейнстік макроэкономикалық талдауда мультипликатор теориясы аса маңызды орын алады. Мультипликатор ұғымы дәлме-дәл аударғанда «көбейткіш» деген мағынаны білдіреді. Мультипликатор әсерінің мәні: жиынтық сұраныстың құрамындағы кез-келген автономды құрауыштың (C, I, G, Xn) бір мәрте өсуіне байланысты экономикадағы ұлттық табыстың бірнеше есе артуы. Немесе, ойымызды басқаша өрбітетін болсақ, суға тасталған тас өзінің айналасында толқындарды туғызатындай, экономикаға «тасталған» автономды шығындар табыс пен жұмысбастылықтың өсуі түріндегі тізбекті реакция әсерін туғызады. Мысалы, жиынтық шығындардың бір құрауышы ретінде автономды тұтынудың ұлттық табысқа әсері арқылы автономды шығындар мультипликаторын зерттеуге болады. Автономды шығындар мультипликаторы дегеніміз – ұлттық табыс немесе тепе-теңдікті ЖІӨ өзгерісінің жиынтық сұраныстағы автономды шығындардың кез-келген құрауышының өзгерісіне қатынасын сипаттайтын сандық коэффициент. Олай болса, бұл қатынас былай жазылады: m = ΔY / ΔА, мұнда, m – автономды шығындар мультипликаторы; ΔY – ұлттық табыстың өзгерісі; ΔА – ұлттық табыстың қарқынына тәуелсіз автономды шығындардың өзгерісі. Жоғарыдағы мысалымызды жалғастырсақ, егер автономды тұтыну белгілі бір ΔСa шамасына өссе, онда бұл жиынтық шығындар мен Y ұлттық табысты сол шамаға арттырады, ал өз кезегінде, тұтынуды екінші мәрте арттырады (табыстың өсуінен), бірақ МРС • ΔСa шамасына өседі. Әріқарай жиынтық шығындар мен табыс МРС • ΔСa шамасына артады және тағы да солай «табыстар-шығындар» айналымының жүйесі бойынша өсе береді. Осыған орай мультипликатор әсерін мына тізбек бойынша көрсетуге болады: ΔСa ↑ → AD ↑ → Y ↑ → C ↑ → AD ↑ → Y ↑ → C ↑ → AD ↑ → Y ↑ және т.с.с. Мультипликатор көрсеткіші тұтынуға шекті бейімділікке тура тәуелділікте және жинақтауға шекті бейімділікке кері тәуелділікте болады: m = 1 / 1 – MPC = 1 / MPS Осы тәуелділік арқылы да мультипликаторлық әсерді сипаттауға болады. Айталық, өндіріске қосымша 1000 доллар инвестиция салудың нәтижесінде табыс (жалақы, рента, пайыз, рента, пайда) өсті. Табыс иелері өз қаржыларын негізгі психологиялық заңға сүйеніп жұмсайды, мәселен, табыс өсімінің 80%-ы немесе 800 доллар (1000•0,8) тұтынуға жұмсалды делік, яғни МРС 0,8-ге және MPS 0,2-ге тең. Нәтижесінде тауар өндіретін салаларда табыс өседі. Енді осы салалардағы табыс иелері, өз кезегінде, МРС шамасына қарай тұтынуға 80%-н немесе 640 долларын (800•0,8) жұмсайды. Бұл сома тауар сатушылардың табысына айналады, олар да тағы табысының 80%-н басқа бір нарықта жұмсайды және т.с.с. Нәтижесінде бұл процесс басқа да жаңа нарықтар мен экономикалық агенттерге тарай береді. Сонда бұл кезде өндіріске тартылған бастапқы инвестициядан туындаған ұлттық табыстың өсімі қанша болды? Ол үшін әр нарықтан алынған сомаларды қосу керек: 1000+800+640+...+долл. Сонда ұлттық табыстың бірнеше реттік өсімі 5000 долларға тең, яғни: m = 1 / 1 – MPC = 1 / 1 – 0,8 = 5. Табыс өсімі мынаған тең: ΔY = ΔI • m = 1000 • 5 = 5000 доллар. Демек, өндіріске салынған инвестиция ұлттық табыстың 5 есе артуына септігін тигізді, бұл жағдайда мультипликатор коэффициенті 5-ке тең. Тұтынуға деген шекті бейімділік неғұрлым жоғары және сәйкесінше, жинақтауға шекті бейімділік неғұрлым төмен болған сайын, соғұрлым m коэффициентінің мәні жоғары болады. Мультипликатор әсерін график арқылы да сипаттауға болады. S,I S
E1 Ia Ia E 0 Y0 Y1 Y
Сурет 4.6 Мультипликатор әсері Графикке сәйкес, ұлттық табыстың бастапқы тепе-теңдік деңгейі Y0-ге тең. Егер инвестициялық дүмпудің нәтижесінде Ia сызығы жоғары (0Ia кесіндісіне тең аралыққа дейін) көтерілсе, онда S пен Ia қисықтарының қиылысуын E1 нүктесінен көре аламыз, ал тепе-теңдік табыс көлемі Y1-ге тең болады. Y0Y1 кесіндісінің аралығы 0Ia кесіндісінің аралығынан артық. Бұл инвестицияның өсуімен салыстырғанда табыстың артығырақ ұлғайғанын білдіреді. Мәселен, экономикаға салынған 10 млрд. долларды құрайтын автономды инвестициялар ұлттық табысты 10 млрд.-қа емес, 50 млрд. долларға арттырды делік. Бұл жерде m=5, яғни ΔY = Δ Ia • m: 50=10•5. Мультипликатор 5-ке тең, себебі алдыңғы мысалда келтіргендей, MPS 0,2-ге тең, яғни m = 1 / MPS = 1 / 0,2 = 5. MPS-тің шамасы неғұрлым жоғарылаған сайын, S сызығы тіктеу және мультипликатордың мәні соғұрлым кіші болады. Алайда, жоспарланған инвестициялар мен жинақтардың арасындағы тепе-теңдіктің жоғалуы экономиканы мынадай екі теріс әсерге әкеліп соқтырады: 1) рецессиялық (дефляциялық) үзіліс және 2) инфляциялық үзіліс. Рецессиялық үзіліс – бұл тепе-теңдік ЖІӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін көтеру үшін жиынтық сұраныстың (жиынтық шығындардың) өсуіне қажетті көлем. Е Y=E Рецессиялық үзіліс B E=C+I+G+Xn A
) 45° Y0 < Y* Y Сурет 4.7 Рецессиялық үзіліс Осы суретке сәйкес, егер өндірістің нақты тепе-теңдік Y0 көлемі потенциалды Y* көлемінен төмен болса, онда жиынтық сұраныс тиімсіз болып, жиынтық шығындар ресурстардың толық қамтылуы үшін жеткіліксіз болып табылады. Жиынтық сұраныстың жеткіліксіздігі экономикаға депрессиялық жағдайды туғызады. Рецессиялық үзілістен құтылу үшін және ресурстарды толық қамту үшін тепе-теңдікті А нүктесінен В нүктесіне қарай жылжытып, жиынтық сұранысты ынталандыру қажет. Бұл жерде жиынтық тепе-теңдік табыстың ΔY-ке артуы былай сипатталады: ΔY = рецессиялық үзілістің көлемі × автономды шығындар мультипликаторының көлемі Инфляциялық үзіліс – бұл тепе-теңдік ЖІӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін қысқарту үшін жиынтық сұраныстың (жиынтық шығындардың) кемуіне қажетті көлем. Е Y=E Инфляциялық үзіліс А Е=С+I+G+Xn
В
) 45° Y* < Y0 Y Сурет 4.8 Инфляциялық үзіліс 4.9-суретке сәйкес, егер егер өндірістің нақты тепе-теңдік Y0 көлемі потенциалды Y* көлемінен көп болса, онда жиынтық шығындар артық. Жиынтық сұраныстың артықшылығы экономикаға инфляциялық дүмпуді алып келеді. Мұндай жағдайда экономикада барлық ресурстар толығымен қамтылғандықтан, фирмалар өсіп жатқан жиынтық сұранысқа өндірісті кеңейту арқылы жауап бере алмайды, тек бағалар деңгейін көтерумен ғана шектеледі. Инфляциялық үзілістен құтылу үшін және «дүрліккен» сұранысты басу үшін тепе-теңдікті А нүктесінен В нүктесіне (ресурстардың толық қамтылуы деңгейіне) қарай жылжытып жиынтық сұранысты шектеу қажет. Бұл жерде жиынтық тепе-теңдік табыстың ΔY-ке қысқаруы былай сипатталады: ΔY = - инфляциялық үзілістің көлемі × автономды шығындар мультипликаторының көлемі
Қорытынды 1. Макроэкономикалық тепе-теңдікті зерттеудің классикалық теориясы Сэй заңымен түсіндіріледі. Сэй заңына сәйкес, экономика тек өндірушілерден тұрады, олардың өндірілген тауарлары мен қызметтері бір уақытта табыстар мен шығындарды қамтамасыз етуі қажет, ешқандай артық өндіру немесе кем өндіру орын алмайды, олай болса, жиынтық ұсыныс жиынтық сұранысты анықтайды. 2. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнстік теориясы негізгі психологиялық факторларға сүйенеді, соған сәйкес тұтыну шекті бейімділік, жинақтауға шеті бейімділік, тұтынуға орташа бейімділік және жинақтауға орташа бейімділік деген ұғымдар қолданылады. Кейнстің идеясы классикалық теорияға мүлдем қарама-қарсы болып табылады. Экономикада керісінше, жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысты тудырады. Экономикалық дағдарыс болғанда да макроэкономикалық тепе-теңдік орын ала береді. Демек, ол дағдарыс жағдайында жиынтық сұранысты мемлекеттік реттеудің қажеттілігін алға тартады. Кейнстің ойынша, жинақтау мен инвестициялаудың себептері әртүрлі болып табылады, олай болса, макроэкономикалық тепе-теңдік өздігінен қалыптаспайды, оған мемлекет араласу қажет. 3. Тұтынудың қарапайым кейнстік функциясынан басқа тұтынудың кейнстік емес функциялары да бар: Фишердің уақытаралық таңдау теориясы. Модильянидің «Өмірлік цикл» теориясы. Фридменнің перманенттік табыс теориясы және тұтынудың неоклассикалық теориясы. 4. Кейнстік психологиялық заңы былай сипатталады, яғни табыс өскен сайын тұтыну да өседі, бірақ тұтынудың өсуі табысқа қарағанда аз өседі. Олай болса, өскен табыстың қалған бөлігі жинақтауға кетеді. Қысқа мерзімде табыс өскенде тұтыну көлемі салыстырмалы түрде азаяды және жинақтау көлемі артады. Ұзақ мерзімде табыс өскенде тұтыну көлемі тұрақтылық жағдайына бейімделеді. 5. Инвестициялар макроэкономикада пайда табу мақсатында жеке және мемлекеттік сектор капиталдарының ұлттық экономикаға немесе шетел экономикасының әртүрлі салаларына ұзақ уақытқа салынуымен түсіндіріледі. Инвестициялардың өндірістік инвестициялар, тауарлы-материалдық қорларға инвестициялар және тұрғын үй құрылысына салынатын инвестициялар деген түрлері бар. 6. Кейнстік теорияда макроэкономикалық тепе-теңдіктің графикалық көрінісі «Кейнс кресі» үлгісімен түсіндіріледі. Бұл үлгі бағалардың икемсіздігі мен экономиканың жұмыспен толық қамтылмағандығы жағдайында игіліктер нарығында инвестициялар мен жинақтардың, жоспарланған шығындар мен ұлттық табыстың және сәйкесінше, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыру арқылы тиімді сұранысқа қол жеткізуді қарастыратын кейнстік қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдікті сипаттайды. 7. Кейнстік макроэкономикалық теорияда мультипликатор ұғымы маңызды түрде орын алады. Мультипликатор – ұлттық табысқа тәуелсіз автономды шығындардың ең болмағанда біреуінің бір мәрте өзгеруі салдарынан ұлттық табыстың бірнеше есе өсуін көрсететін сандық коэффициент. Мультипликатор өз әсерін дағдарыс жағдайында береді, яғни экономикалық құлдырау кезінде жиынтық сұранысты арттыра алады. 8. Кейнстік макроэкономикалық теорияны сипаттайтын үлгі тек қысқа мерзімді экономикалық үдерістерді зерттеуге арналған, бағалардың өзгерісін сипаттамайды, сондықтанда ол жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.
Дәріске арналған әдістемелік кеңестер: 1. Студент тақырыпты оқу барысында мына мәселелерді міндетті түрде білуі керек: - классикалық үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдіктің ерекшеліктері; Сэй заңын түсіну; - кейнстік төңкерістің орын алуы; - тұтыну функциясы және оның түрлері, жинақтау функциясы, жинақтаудың себептері; Кейнстің психологиялық заңын түсіну; - инвестициялар және оның теориялары; инвестициялау факторлары мен себептері; - Іс жүзіндегі және жоспарланған шығындар, Кейнс кресі үлгісін талқылау; - мультипликатор және акселератор үлгісіне талдау; - «AD-AS» үлгісі мен «Кейнс кресі» үлгісі арасындағы өзара байланысты сипаттау. 2. Тақырыпқа қатысты негізгі мәселелерді графиктер арқылы түсіндіре білуі керек. 3. Статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып отандық экономикаға қатысты мәселелерге талдау жасай білу. 4. Тақырыпты оқу кезінде негізгі әдебиеттер тізімінде көрсетілген оқулықтарды терең меңгеріп игеру қажет.
5-тақырып. Мәселелі дәріс Бюджет-салық саясаты Мақсаты: макроэкономикалық тұрақсыздықтың негізгі белгілерін болдырмауға байланысты экономикадағы мемлекеттің бюджет-салық саясатының жүргізілуінің қажеттілігін түсініп, оның мемлекеттік реттеудегі рөлін, түрлерін, жалпы механизмдері мен ерекшеліктерін жан-жақты талдау және олардың тиімділіктерін анықтау. Осы тақырыпқа мына сұрақтар талқылауға шығарылады. Дәріс жоспары: 1. Бюджет-салық (фискалдық) саясатының мақсаттары, құралдары және түрлері. 2. Бюджет (мемлекеттік шығындар) мультипликаторы. Салық мультипликаторы. Баланстанған бюджет мультипликаторы. Хаавельмо теоремасы. 3. Бюджет тапшылығы, оның түрлері және қаржыландыру әдістері. 4. Мемлекеттік қарыз мәселесі және оны жабу жолдары. Негізгі түсініктер: бюджет-салық (фискалық) саясаты; дискрециондық ФС; автоматты тұрақтандырғыштар; мемлекеттік бюджет; бюджет тапшылығы, бюджет артықшылығы; бюджет мультипликаторы, салық мультипликаторы; баланстанған бюджет мультиплика-торы; Хаавельмо теоремасы; мемлекеттік қарыз; Лаффер қисығы; Лаффер әсері; т.б. Тақырыптың мазмұны. Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – бұл макроэкономикалық саясаттың негізгі бір құралы ретінде макроэкономикалық тұрақсыздық пен макроэкономикалық проблемаларды реттеу үшін мемлекеттің шығындар мен салық салу механизмдерін өзгерту арқылы экономиканың іскерлік белсенділік деңгейіне саналы түрде әсер ету шаралары. Бюджет-салық саясаты ұлттық табыс деңгейіне, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейіне және бағаның жалпы деңгейіне әсер ете отырып, жұмыссыздық пен инфляция сияқты макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағытталған. Бюджет-салық саясатының мынадай бірнеше мақсаттары бар: 1. Экономикалық циклдің ауытқуларын қалпына келтіріп отыру. 2. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. 3. Инфляцияның қалыпты жағдайында жұмысбастылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізу. Қалыптастып отырған экономикалық жағдаятқа (коньюнктура) байланысты бюджет-салық саясатын жүргізудің екі түрі бар: 1. Дискрециялық бюджет-салық саясаты. 2. Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты. Дискрециялық бюджет-салық саясаты – бұл үкіметтің арнайы шешімдері бойынша салық салуды, мемлекеттік бюджет сальдосын және мемлекеттік шығындар көлемін мақсатты бағытта өзгерту шараларынан тұратын іс-қимылдар. Саясаттың бұл түрін жүргізу барысында үкімет арнайы заңдар қабылдап, инфляция қарқынын, жұмысбастылық деңгейін, өнім көлемі мен төлем балансы жағдайын мақсатты түрде өзгертіп отырады. Дискрециялық саясат экономикалық құлдырау кезеңінде жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде мемлекеттік шығындарды арттырып, немесе салық салу деңгейін қысқартып, бюджет тапшылығын тудырады және, керісінше, экономикалық өрлеу кезеңдерінде бюджет артықшылығын қалыптастырады. Соған байланысты, дискрециялық бюджет-салық саясатының өзі екіге бөлінеді: 1. Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (экспансиялық саясат немесе қазыналық экспансия) – бұл қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салық салуды төмендету немесе, осылар арқылы біріктірілген құрастырма шаралардан құралған іс-қимылдар кешені. Басқаша, бұл белсенді фискалдық саясат деп аталады. 2. Тежеуші бюджет-салық саясаты (қазыналық шектеу) – бұл экономиканың циклдік дамуын тежеу мақсатында мемлекеттік шығындарды төмендету, салық салуды арттыру немесе біріктірілген құрастырма шаралардан құралған іс-қимылдар кешені. Демек, бұл енжар фискалдық саясат болып саналады. Дискрециялық бюджет-салық саясатының құралдары: · салық мөлшерлемесін өзгерту; · қоғамдық жұмыс жобалары; · халықты жұмыспен қамту. Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты – бұл үкіметтің арнайы шешім қабылдауын талап етпей, автоматты тұрақтандырғыштар арқылы мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының өздігінен реттелуін қамтамасыз ететін еркін іс-шаралар кешені. Автоматты (кіріктірме) тұрақтандырғыштар – үкіметтің саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік ауытқуларын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетіктер жүйесі. Мұндай тұрақтандырғыштарға үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер төлемдер, жұмыссыздықтан сақтандыру, пайданы бөлісу жүйелері жатады. Экономиканың өрлеу кезеңдерінде автоматты тұрақтандырғыштар бюджетке түсетін салықтардың артуына және бюджет артықшылығының орын алуына мүмкіндік береді. Ал экономиканың құлдырау кезеңдерінде бұл үрдітер керісінше жүріп отырады. Экономиканың автоматты тұрақтандырғыштары дискрециялық қазыналық саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімінің ұзақтылығы проблемасын салыстырмалы түрде жұмсартып отырады, өйткені бұл механизмдер парламенттің қатысуынсыз да жұмыс істей береді. Сонымен, дұрыс ойластырылған бюджет-салық саясаты мемлекеттің инвестициялық мүмкіндіктерін арттыруға және кәсіпкерлік белсенділікті көтеруге, азаматтардың әлеуметтік қамтамасыз етілуін арттыруға, ел экономикасының бәсекелік қабілеттілігін нығайтуға және де, елдің халықаралық жағдайларын жақсартуға өз септігін тигізеді. Үкімет дискрециялық бюджет-салық саясатын жүргізу кезінде жиынтық сұранысқа да, жиынтық ұсынысқа да бірдей әсер етеді. Кейнстік бағыт шеңберінде бюджет (мемлекеттік шығындар) мультипликаторы, салық мультипликаторы және баланстанған бюджет мультипликаторы сияқты үшін мультипликатордың іске қосылуы есепке алынады. Ал ұсыныс теориясы шеңберінде «Лаффер әсері» қарастырылады. Бюджет мультипликаторы мемлекеттік шығындар динамикасының өзгеруі нәтижесінде ұлттық өндірісте орын алатын өзгерістерді сипаттайды. Ол мемлекеттік шығындардың бір бірлікке ұлғаюы кезіндегі ұлттық өндіріс көлемінің қанша есеге өсетінін көрсетеді және ол мына формула бойынша анықталады: mg = ∆Y / ∆ G = 1 / 1 – MPC = 1 / MPS, мұнда, ∆Y – өндіріс көлемінің өсімі; ∆G – мемлекеттік шығындар өсімі; MPC – тұтынуға шекті бейімділік; MPS – жинақтауға шекті бейімділік. Сонымен, экономиканы жандандыру және өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында мемлекет ынталандырушы бюджет-салық саясатын жүргізу кезінде өзінің шығындарын арттыруы қажет. Және, керісінше, экономиканың қызып кетуі жағдайында мемлекет тежеушілік шараларды қолдану арқылы өзінің шығындарын қысқартуы қажет. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.) |