|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Сурет 4.6 «Кейнс кресі» моделі 4 страницаШектеуші ақша-несие саясаты (несиелік рестрикция) – экономиканың инфляциялық өсуін тежеуге, ақша ұсынысының көлемін қысқартуға және ақшаның бағасын өсіруге бағытталған саясат. Экономиканың циклдік ауытқулары мен толқуларын жұмсарту және қалпына келтіру мақсатында Орталық банк ынталандырушы немесе шектеуші ақша-несие саясатын жүргізу барысында өз қарамағында жоғарыда аталып өткен құралдар кешенін қолданады. Өндірістің құлдыруы мен жұмыссыздықтың өсуі жағдайында Орталық банк «жұмсақ» ынталандырушы саясатты жүргізеді, мұны басқаша, «арзан ақшалар» саясаты деп атайды. Бұл саясат мынадай іс-шаралар арқылы жүргізіледі: • есептік мөлшерлемені (қайта қаржыландыру мөлшерлемесін) төмен-дету; • міндетті резервтер нормасын төмендету; • халықтан және коммерциялық банктерден бағалы қағаздарды (қысқа мерзімдік мемлекеттік облигацияларды) сатып алу. Осындай шараларды атқарудың нәтижесінде коммерциялық банктердің артық резервтері көбейеді, олардың несиелік мүмкіндіктері кеңейеді, жалпы алғанда елде ақша ұсынысы өседі. Ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесін төмендетеді, ал соңында инвестициялардың өсуі орын алып, ұлттық өндірістің көлемі артады. Экономиканың қызып кетуі жағдайында, яғни экономика артық шығындар мен инфляцияға тап болғанда Орталық банк «қатаң» ақша-несие саясатын іске асырады, мұны басқаша, «қымбат ақшалар» саясаты деп атайды. Бұл саясат мынадай іс-шаралар арқылы жүргізіледі: • есептік мөлшерлемені (қайта қаржыландыру мөлшерлемесін) жоғары-лату; • міндетті резервтер нормасын арттыру; • халықтан және коммерциялық банктерден бағалы қағаздарды (қысқа мерзімдік мемлекеттік облигацияларды) сату. Осындай саясатты жүргізудің нәтижесінде коммерциялық банктердің қарыз берулері шектеледі, ақша ұсынысы қысқарады, пайыз қойылымы өседі, ал соңында инвестициялар қысқарады, жиынтық шығындар төмендейді және инфляция басылады. Сөйтіп соңында, ақша-несие саясатының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деген түрлерін бөліп көрсетуге болады. Олар өзінің нәтижелері бойынша ерекшеленеді. Қысқа мерзімде ақша-несие саясаты ұлттық өндіріс көлеміне үлкен дәрежеде әсер етеді және бағалар деңгейіне соншалықты әсер етпейді. Ұзақ мерзімде керісінше, ақша-несие саясаты бағалар деңгейіне айтарлықтай әсер етеді және ұлттық өндірістің көлеміне соншалықты әсер ете алмайды.
Қорытынды 1. Банк жүйесі қандай да бір елдің территориясында бір-бірімен өзара байланысқан түрде әрекет жасайтын банктік мекемелердің жиынтығынан тұрады. Банктік жүйе екі деңгейлі болып табылады, бірінші деңгейде әрқашанда Орталық банк (эмиссиялық) тұрады және екінші деңгейге коммерциялық банктер (депозиттік) мен арнайы мамандандырылған қаржы-несие мекемелері (инвестициялық, жинақтаушы, ипотекалық, сыртқы саудалық және т.б.) жайғасады. 2. Банк жүйесі экономикада уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру; бос ақша қаражаттарын уақытша пайдалану үшін ұсыну; несиелік ақшаларды жасау; несиелік реттеу; ақша эмисиялау; бағалы қағаздарды шығару сияқты қызметтерді атқарады. 3. Ақша-несие саясаты ақша айналымы мен несие жүйесі саласындағы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты бірқатар жалпы экономикалық міндеттерді орындауға бағытталған макроэкономикалық саясатты білдіреді. Ақша-несие саясатының мақсаттары соңғы және аралық мақсаттар болып бөлінеді. Соңғы мақсаттар: 1) экономикалық өсу; 2) толық жұмысбастылық; 3) бағалардың тұрақтылығы; 4) тұрақты төлем балансы. Аралық мақсаттар: 1) ақша массасы; 2) пайыздық қойылым; 3) айырбас бағамы. Ақша-несие саясатының мақсаттарына тікелей және жанама деп бөлінетін нақты құралдар арқылы қол жеткізіледі. Ақша-несие саясатының тікелей құралдары: 1) несиелеу лимиттері; 2) пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу. Ақша-несие саясатының жанама құралдары: 1) міндетті резервтер нормасын өзгерту; 2) есептік мөлшерлемені өзгерту; 3) ашық нарықтағы операциялар. 4. Ақша-несие саясатының негізгі екі типі ажыратылады: ынталандырушы және шектеуші. Ынталандырушы ақша-несие саясаты (несиелік экспансия) – бұл ақша ұсынысын арттыру және ақшаның бағасын (пайыз мөлшерлемесін) төмендету жолымен елдегі экономикалық белсенділікті көтеру мақсатында жүргізілетін саясат. Шектеуші ақша-несие саясаты (несиелік рестрикция) – экономиканың инфляциялық өсуін тежеуге, ақша ұсынысының көлемін қысқартуға және ақшаның бағасын өсіруге бағытталған саясат. Дәріске арналған әдістемелік кеңестер: 1. Тақырыпты оқу барысында студент мыналарға міндетті түрде назар аударуы керек: - банктік жүйенің құрылымына - ақша-несие саясатының мәніне және түрлеріне; - ақша-несие саясатының құралдарына. 2. Студентке мыналарды білу қажет: - ақша-несие саясатының тиімділігін анықтау; - Орталық банктің ақша-несиелік реттеудің құралдарын қолданудың салдарын анықтау. 3. Студент мынадай қабілеттіліктерге ие болуы қажет: - елдегі банктік жүйенің жағдайын талдау; - елдегі екінші деңгейлі банктердің қызметтеріне талдау; - қатаң және икемді монетарлық саясат шеңберінде жүргізілетін іс-шараларға баға беру. 4. Негізгі әдебиеттер тізіміндегі оқулықтарды зерттеу арқылы тақырыпты меңгеру және бекіту қажет.
8-тақырып. Жалпы шолу дәрісі Игіліктер нарығы мен ақша нарығының біріктірілген тепе-теңдігі. IS-LM үлгісі Мақсаты: IS-LM үлгісінің теориялық мәнін қарастыру, үлгідегі тиімді сұранысты анықтау және жиынтық сұраныс қисығын салу, IS-LM үлгісі арқылы ақша-несие және бюджет-салық саясаттарының тәжірибелік тұрғыдан тиімді-ліктерін анықтау. Ол үшін дәріс сабағына мына сұрақтар шығарылады. Дәріс жоспары: 1. Біріктірілген тепе-теңдіктің мәні. 2. IS қисығын құру. 3. LM қисығын құру. IS-LM үлгісіндегі тепе-теңдік. 4. Икемді баға деңгейіндегі IS-LM үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру. 5. IS-LM үлгісіндегі ақша-несие және фискалдық саясат. Негізгі түсініктер: IS қисығы; LM қисығы; IS-LM үлгісі; тиімді сұраныс; тұрақты бағалар бойынша IS-LM үлгісі; өзгермелі бағалар бойынша IS-LM үлгісі; инвестициялық тұзақ; өтімділік тұзағы; ақша-несие саясатының салдар-дары; бюджет-салық саясатының салдарлары; ығыстыру әсері; т.б. Тақырыптың мазмұны. AD-AS үлгісі мен Кейнс кресінде пайыз мөлшерлемесі сыртқы (экзогендік) айнымалы болып табылады және тауар нарығының тепе-теңдігіне тәуелсіз бола отырып ақша нарығында өздігінен орнайды. IS-LM үлгісі арқылы экономиканы зерттеудің мақсаты осы ақша нарығы мен тауар нарығын бір жүйеге келтіру. Соның нәтижесінде нарықтық пайыз мөлшерлемесі ішкі (эндогендік) айнымалыға айналады және оның шамасы тек ақша нарығындағы үрдістерді ғана емес, сондай-ақ тауар нарығындағы жағдайларды да сипаттайды. Біріктірілген қос тепе-теңдік үлгісін, яғни тауар нарығы мен ақша нарығында бір мезгілде орнайтын тепе-теңдікті алғаш рет кейнстік мектептің өкілі Дж. Хикс 1937 жылы «Мистер Кейнс және классиктер» деген еңбегінде ұсынды. Ал 1949 жылы Э. Хансеннің «Ақша теориясы және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке тарады, соған байланысты Хикс-Хансен үлгісі деген атқа ие болды. IS-LM үлгісі (инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – экономиканың нақты және ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер нарығы мен қаржылық активтер нарығының экономикалық тепе-теңдігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдіктің орнауы үшін қажетті табыс көлемі (Y) мен нарықтық пайыз мөлшерлемесі (R) арасындағы үйлесімділікті табуға мүмкіндік береді. Сондықтанда IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады. Үлгінің ішкі айнымалылары – Y (табыс), С (тұтыну), І (инвестиция), n (таза экспорт), R (пайыз мөлшерлемесі). Үлгінің сыртқы айнымалылары – G (мемлекеттік шығындар), МS (ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі). Қысқа мерзімді кезеңде бағаның атаулы және нақты шамалары сәйкес келеді, жиынтық табыс (Y) пен пайыз мөлшерлемесі (R) айнымалы болып табылады. Ұзақ мерзімді кезеңде баға деңгейі өзгермелі, МS (ақша ұсынысы) өзгермелі шама, ал үлгідегі басқа да айнымалылар нақты шама болып табылады. IS қисығы (инвестициялар-жинақтар) игіліктер нарығының тепе-теңдігін сипаттайды және сол игіліктер нарығында туындайтын нарықтық пайыз мөлшерлемесінің R және табыс деңгейі Y арасындағы өзара қатынасты бейнелейді. IS қисығын құру үшін: 1. жиынтық шығындар үлгісі; 2. автономдық жоспарланған шығындардың пайыз мөлшерлемесіне деген тәуелділік функциясы негіз болып табылады. IS қисығын инвестиция мен жинақтау функциялары арқылы құруға болады. IS қисығының бойындағы кез-келген нүкте жинақтау мен инвестицияның тепе-теңдігін көрсетеді. 8.1-суретінде жинақтау функциясы бейнеленген, табыстың (өндіріс көлемінің) Y1-ден Y2-ге көбеюіне байланысты жинақтар S1-ден S2-ге өседі. 8.2-суретінде инвестиция функциясы бейнеленген, жинақтау функциясының өсуі пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-ге азайтады, ал инвестиция I1-ден I2-ге өседі. Бұл жағдайда I1=S1 I2=S2 болады.
S жинақтау S2
S1
Y1 Y2 Y 8.1-сурет. Жинақтау функциясы R пайыз мөлшерлемесі R
R1 R1
R2 R2 I1 I2 I Y1 Y2 Y 8.2-сурет. Инвестиция функциясы 8.3-сурет. IS қисығы
8.3-суретте IS қисығы берілген, пайыз мөлшерлемесі төмендеген сайын, табыс деңгейі (жиынтық сұраныс) жоғары болады және керісінше. IS қисығының бойымен жылжу игіліктер нарығында тепе-теңдіктің сақталуы үшін пайыз мөлшерлемесі өзгергендегі ұлттық табыстың қалай өзгеретіндігін көрсетеді. Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа да факторлар (G, Т) әсер еткенде IS қисығы оңға немесе солға жылжиды. Мысалы, егер кез-келген пайыз мөлшерлемесінің деңгейінде мемлекеттік шығындар өсетін болса, онда жиынтық сұраныс көбейеді. Мұндай жағдайда IS қисығы оңға қарай жылжиды, керісінше, берілген пайыз мөлшерлемесі кезінде қолда бар табыстың төмендеуі жиынтық сұранысты төмендетеді, ал IS қисығы солға қарай жылжиды. IS қисығын Кейнс кресінің үлгісі арқылы да көрсетуге болады. 8.4-суретте инвестиция функциясы көрсетілген. Пайыз мөлшерлемесінің R1-ден R2-ге өсуі жоспарланған инвестицияны І(R1)-ден І(R2)-ге азайтады. 8.5-суретте Кейнс кресі көрсетілген. Жоспарланған инвестицияның І(R1)-ден І(R2)-ге азаюы ұлттық табыс деңгейін Y1-ден Y2-ге қысқартады. 8.6-суретте IS қисығы пайыз мөлшерлемесі мен ұлттық табыс арасындағы өзара байланыс нәтижесі түрінде берілген.
E жоспарланған шығындар E=C(Y-T)+I(R1)+G+Xn E=C(Y-T)+I(R2)+G+Xn
Y1 Y2 Y 8.4-сурет. Кейнс кресі R пайыз мөлшерлемесі R
R1 R1
R2 R2 I1 I2 I Y1 Y2 Y 8.5-сурет. Инвестиция функциясы 8.6-сурет. IS қисығы
LM қисығы (өтімділік-ақшалар) ақша нарығының тепе-теңдігін сипаттайды, яғни ол ақшаға деген сұраныс (алдымен қолма-қол ақшалардың абсолюттік өтімділігінің белгілерімен шартталған) пен ақша ұсынысының теңдігі болып табылады. LM қисығының графигі ақша ұсынысының (MS) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың (ұлттық табыстың) арасындағы байланысты көрсетеді. LM қисығының бойындағы кез-келген нүктеде ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысы тең болады. 8.7-суретте ақша нарығының нақты қоры бейнеленген. Ұлттық табыстың Y1-ден Y2-ге дейін өсуі ақшаға деген сұранысты арттырады. Мұндай жағдайда пайыз мөлшерлемесі R1-ден R2-ге өседі. Ақшаға деген сұраныс қисығы оңға жылжиды. 8.8-суретте LM қисығы көрсетілген. Ұлттық табыс неғұрлым өскен сайын пайыз мөлшерлемесі де соғұрлым жоғары болады. IS (игіліктер рыногының тепе-теңдігі) және LM (ақша рыногының тепе-теңдігі) қисықтарының қиылысуы осы екі рыноктарда бір уақытта тепе-теңдіктің орын алуын қамтамасыз ететін пайыз мөлшерлемесінің R (пайыздың тепе-теңдік мөлшерлемесі) және табыс деңгейінің Y (табыстың тепе-теңдік деңгейі) ортақ мәндерін анықтайды. R MS R LM R2 R2
R1 R1 MD(R2Y2)
MD(R1Y1) M/Р M/Р Y1 Y2 Y 8.7-сурет. Ақша нарығы 8.8-сурет. LM қисығы Ақша ұсынысының (MS) ұлғаюы немесе баға деңгейінің төмендеуі LM қисығын оңға қарай жылжытады. Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік жағдайы IS және LM қисықтарының қиылысқан нүктесінде (R0 Y0) орнайды. R
R0
Y0 Y 8.9-сурет. IS-LM қисығы
Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік деңгейіне сәйкес келетін жиынтық сұраныс көлемі тиімді сұраныс деп аталады.
Жиынтық сұраныс қисығын IS-LM үлгісі негізінде құруға болады. Ақша ұсынысы тұрақты, ал баға деңгейі өсті деп есептейік. Онда нақты ақша қалдықтары кемиді, LM қисығы LM(P1)-ден LM(P2)-ге жылжиды. Y-P графигіне екі Y1P1 және Y2P2 тепе-теңдік нүктелерін түсіру арқылы AD қисығын орнатуға болады (8.12-сурет). Баға деңгейінің P1-ден P2-ге көтерілуі нақты ақша қалдықтарының көлемін азайтады. Бұл жағдай LM қисығын солға жылжытады. Нақты ақша қалдықтарының қысқаруы пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-ге көтерілуіне әкеледі. Соған байланысты инвестиция көлемі азайып, салыстырмалы түрде таза экспорт (Xn) қысқарады. Нәтижесінде өнім көлемі Y1-ден Y2-ге азаяды.
R A) IS-LM қисығы LM(P2)
R2 LM(P2)
R1 IS Y2 Y1 Y P Ә) Жиынтық сұраныс қисығы P2
P1 AD
Y2 Y1 Y 8.10-сурет. IS-LM үлгісі арқылы жиынтық сұраныс қисығын алу
Мемлекеттік шығындардың молаюы, салық деңгейінің төмендеуі немесе ақша ұсынысының өсуі жиынтық сұраныс қисығын оңға жылжытады. AD қисығының өзгерісі IS және LM қисықтарына әртүрлі әсер етеді. Бұл жағдай ынталандырушы ақша-несие және бюджет-салық саясаттарын сипаттайды. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.029 сек.) |