|
||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Сурет 4.6 «Кейнс кресі» моделі 6 страница- білім беру, медицина, коммуналдық шаруашылық, қоғамдық ғимараттарды тұрғызу сияқты мемлекеттік сектор салаларында жұмыс орындарын ұйымдастыру. Енжар саясат кезінде мемлекет еңбек нарығында жұмыссыз қалғандарды мемлекеттік қолдау және оларды әлеуметтік қорғау шараларын жасайды. Мұндай жағдайда жұмыссыз азаматтарға келесідей кепілдемелер беріледі: - материалдық көмек, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер түрінде әлеуметтік қолдауды іске асыру; - тегін медициналық қызмет көрсету. Дамыған едерде жұмыссыздарға қаржылай көмек беру жұмыссыздық бойынша сақтандыру жүйесі негізінде жүзеге асырылады және сол арқылы жұмыссыздардың өмірлік ең төменгі шығындарын қамтамасыз етеді. Жоғарыда аталып өткендей, еңбек нарығын реттеуде маңызды орынды еңбек биржалары алады. Осыған да жеке тоқталып кетуге болады. Еңбек биржасы – бұл жұмыс күшін сату және сатып алуды жүзеге асыратын жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасында делдалдық қызметтер көрсететін ұйымдар болып табылады. Бұлар жұмыссыздықты түгел жоя алмаса да, жұмысқа орналастыру және жұмыскерлерді жалдау үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуына және тиімді жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Қорытынды 1. Макроэкономикада, еңбек нарығы - бұл ерекше тауар – жұмыс күшін сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы; еңбекті жалақыға айырбастау механизмі орындалатын нарық. 2. Еңбек нарығында жұмыс күшіне және еңбек қызметтеріне сұраныс пен ұсыныс және оған деген баға қалыптасады. Еңбек нарығының негізгі субъектілері ретінде кәсіпкерлер-ірі монополистер, шағын және орта бизнесмендер, мемлекет, жекелеген жұмыскерлер және олардың ассоциациялары (кәсіподақтар) қарастырылады. Еңбек нарығында қалыптасатын бағалар жұмыс күшінің ақшалай нысандағы құны болып табылатын жалақы мөлшерлемелері ретінде сипатталады. Еңбек нарығының динамикасы оның негізгі екі элементінің арақатынасына, яғни: жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныс пен жұмыс күшінің нарықтық ұсынысына тәуелді болып табылады. 3. Еңбек нарығының экономикалық және әлеуметтік деген екі негізгі қызметі бар. Экономикалық қызметі еңбекке қабілетті халықтың ұдайы өндірісінің тиімді үрдістерін қамтамасыз етуден көрінеді, ал әлеуметтік қызметі жұмыскерлердің және олардың отбасыларының өмір сүру сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етумен сипатталады. 4. Жұмыс күші – адамның еңбекке деген қабілеттілігі; адамдардың игіліктерді өндіру үрдісіндегі физикалық және ой қабілеттіліктерінің жиынты-ғы; елдегі жұмыскерлердің жалпы саны; жұмыспен қамтылған мен жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздар) халықтың бір бөлігі. 5. Жұмыссыздық – еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе жұмыспен қамтылмауы. Еңбек нарығында тепе-теңдік орын алғанда экономикада толық жұмысбастылық қалыптасады. Бірақ ақпараттың жетілмегендігінен еңбекке қабілетті халықтың белгілі бір бөлігі жұмыс таппай қалады. 6. Толық жұмысбастылық – жұмыс күшінің жалпы санында 5,5% және 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың үлесін сақтап тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын алады. Бұл көрсеткіштер әр елде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ толық жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға болмайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – әлеуетті ЖІӨ-ге сәйкес келетін толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздықтың табиғи (теңгерімді) деңгейі фрикицондық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең. 7. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің мынадай бағыттарын атауға болады: еңбек ресурстарын жұмыспен қамтудың санын арттыруды ынталандыру және мемлекеттік секторда жұмыс орындарының санын ұлғайту бойынша бағдарламалар; жұмыскерлерді даярлау және қайта даярлау бойынша бағдарламалар; жұмыскерлерді жалдауға қолдау көрсету бойынша бағдарламалар; жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бойынша бағдарламалар (жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар). Дәріске арналған әдістемелік кеңестер: 1. Тақырыпты оқығаннан кейін студент мыналарды міндетті түрде білуі қажет: - еңбек нарығындағы негізгі экономикалық категорияларды; - еңбек нарығының қызметтерін; - еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу ерекшеліктерін; - жұмыссыздықтың түрлерін, жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдарларын; - еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарын. 2. Студент тақырыпқа қатысты мына қабілеттіліктерді меңгеруі тиіс: - елдегі еңбек нарығының қазіргі жағдайына талдау жасау; - еңбек нарығының елдегі қазіргі макроэкономикалық жағдаймен өзара байланысын анықтау; - елдегі еңбек нарығының негізгі көрсеткіштеріне талдау жасау; - елдегі жұмыссыздықтың деңгейін бағалау, - елдегі жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптарына баға беру; - елдегі еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарын анықтау. 10-тақырып. Мәселелі дәріс Инфляция және оның теориялары Мақсаты: инфляция құбылысын басты макроэкономикалық мәселе ретінде қарастыра отырып оның теорияларын жан-жақты талқылау және негізгі себептерін, түрлерін, зардаптарын анықтау, инфляцияның басқа макроэко-номикалық мәселелермен өзара байланысын сипаттау және әсіресе, отандық экономикадағы инфляцияның басты себептерін анықтап оған қарсы тиімді саясаттың қазіргі уақыттағы қолданылуына баға беру. Осыларды қарастыру үшін мына сұрақтар талқыға түседі. Дәріс жоспары: 1. Инфляцияның мәні, пайда болу себептері, зардаптары және түрлері. 2. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы. 3. Инфляцияға қарсы саясат. Негізгі түсініктер: инфляция; дефляция; дезинфляция; жасырын инфляция; ашық инфляция; баяу инфляция; өршімелі инфляция; гиперин-фляция; инфляциялық сілкініс; сұраныс инфляциясы; ұсыныс инфляциясы; сеньораж; инфляциялық салық; Оливер-Танзи әсері; инфляциялық шиыршық; импортталған инфляция; Филлипс қисығы; стагфляция; слампфляция; естен тандыру терапиясы; инфляциялық инерция; инфляциялық күтім; «жоғалту» коэффициенті; Фишер әсері; «кедейшілік» индексі; антиинфляциялық саясат. Тақырыптың мазмұны. Инфляция – көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәрежесінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның өсуінің бәсендеуі дезинфляция деп атайды. Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың орташа деңгейінің өсу қар-қыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді. Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық және монетарлық емес болып бөлінеді. Монетарлық емес себептер: - экономикадағы диспропорциялар; - әскери-өнеркәсіптік кешеннің дамуына шектен тыс ақшаның бөлінуі; - тым күшті импорттық тәуелділікте болу кезінде экспорттық сектордың әлсіз дамуы; - ЖІӨ көлемінің құлдырауы; - халықтың инфляциялық күтулері. Монетарлық себептер: - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы; - ақша массасы көлемінің инфляция қарқынына әсері. Орталық банк активтерінің ұлғаюы барлық жағдайларда ақша массасының өсіп отыруына алып келеді, бұл төлем қабілеттілігі бар сұраныстың артуын білдіреді. Нәтижесінде игіліктерге жалпы баға деңгейі өседі; - ақша айналымы жылдамдығының артуы. Инфляцияның әртүрлі жіктелу критерийлеріне байланысты көпте-ген түрлерін ажыратуға болады: 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің «тереңдігіне», инфляцияға қарсы саясаттың инструментарийлеріне байланысты, инфляция айқын (ашық) және басылған-бүркемеленген (жабық) түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айқын немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта курсының төмендеуі арқылы көрінеді. Бағалардың еркін құбылуы жағдайларында орын алатын ашық инфляция-ның деңгейін келесі формуламен анықтауға болады: π = Р – Р-1 / Р-1 × 100%. мұнда, Р – ағымдағы жылғы бағалардың орташа деңгейі; Р-1 – өткен жылғы бағалардың орташа деңгейі. 2. Зерттеу объектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы құрайды. 3. Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін инфляциялық импульстарға байланысты, импортталған және экспортталған инфляция болады. 4. Бағаның өсу қарқынына байланысты, инфляциянын мынадай түрлері болады: жылына 10%-ке дейін болса баяу, немесе, жылжымалы инфляция, жылына 200% болғанда – өршімелі, немесе, «латындық», 200%-дан (Самуэльсон бойынша) артқанда – гиперинфляция (американдық экономист Ф. Кэган бойынша – айына 50%-тен артық болса). 5. Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байла-нысты, инфляция баланстанған (теңдестірілген) және баланстандырылмаған (теңдестірілмеген) болып бөлінеді. 6. Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді. 7. ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады. 8. Бағаның болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты, болжауға болатын және болжауға келмейтін инфляция болып бөлінеді. 9. Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты «сұраныс» инфляциясы және «шығындар» инф-ляциясы болады. «Сұраныс» инфляциясы – бұл өндірістің нақты көлеміне қарағанда жиынтық сұраныстың артықшылығынан туындайтын және сатып алушылар тарапынан болатын инфляцияның бір түрі. Инфляцияның бұл түрі алғаш рет кейнстік талдау шеңберінде зерттелген болатын. Жиынтық сұраныстың артуының инфляцияға деген әсері қазіргі экономиканың AS қисығының қай кесіндісінде тұрғандығына байланысты (сурет 10.1): · экономиканың толық емес жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін көлденең (кейнстік) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келмейді, тек жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемін арттырады (өндірістің кеңеюі қолданылмаған өндіріс қуаттарын іске қосу есебінен жүзеге асырылады); · аралық (өспелі) кесіндіде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуін және өндіріс көлемінің артуын туындатады; · экономиканың толық жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін тік (классикалық) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келеді, ал жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемі өзгермейді. P AS
P1
P0 AD1
AD0 Y0 Y1 Y Сурет 10.1 Сұраныс инфляциясы «Шығындар» немесе «ұсыныс» инфляциясы – бұл өндіріс шығын-дарының және ресурстар бағаларының күрт өсуіне байланысты орын алатын дайын өнімге деген бағаның өсуі мен өндіріс көлемінің қысқаруын білдіретін сатушылар тарапынан болатын инфляцияның түрі. Инфляцияның бұл түрінің тәжірибе жүзінде пайда болуының себебі кейнстік бағыттың инфляция тек толық жұмысбастылық жағдайында ғана орын алады деген қағидасының дұрыс болмағанымен тығыз байланысты болып табылады. Әлемнің көптеген елдерінде инфляцияның көріністері жұмыссыздықпен және өндірістің құлдырауымен ұштастырылды. Ұсыныс инфляциясы кезінде жиынтық ұсыныс қисығы қысқа мерзімде солға жылжиды (сурет 10.2). Мұндай жылжу кезінде инфляцияны жылдамдататын жалақының өсуі орын алады. Бағалар мен өндіріс көлемі қарама-қарсы бағытта өзгереді: бағалар P0-ден P1-ге өседі, ал өндіріс көлемі Y0-ден Y1-ге дейін қысқарады. Ұсыныс инфляциясы сұраныс инфляциясына қарағанда аса қауіпті және ол стагфляция құбылысын туындатады, яғни, стагфляция – бұл өндірістің құлдырауы жағдайында жұмыссыздық пен инфляцияның қатар орын алуы. Ал слампфляция – бұл өндірістің құлдырауы жағдайында инфляция мен жұмыссыздық қарқындарының қатар өсуімен жүретін экономиканың ең ауыр жағдайы. P AS1 AS0
P1 P0 AD Y1 Y0 Y Сурет 10.2 Ұсыныс инфляциясы
Соңғы өнімге бағалардың өсуі мен ресурстарға деген бағалардың өсуінің өзара әрекеттесуі инфляциялық шиыршыққа (инфляционная спираль) ұласады. Инфляциялық шиыршық (орама) – бұл сұраныс инфляциясын және ұсыны-сын инфляциясын туындататын факторлардың өзара байланысы мен әрекетте-суінің механизмі, яғни экономикада сұраныс инфляциясының да, ұсыныс инф-ляциясының да қатар орын алуы. Инфляциялық ораманың айналуы үрдісінде экономикалық субъектілердің инфляциялық күтімдері маңызды рөл ойнайды. Инфляциялық шиыршықтың осындай бұралымы 10.3-суретте көрсетілген. Айталық, E0 нүктесінде экономика толық жұмысбастылық кезіндегі тепе-теңдік жағдайда тұр. Осы кезде мемлекеттің бюджет-салық немесе ақша-несие саясаттарының көмегімен экономиканы ынталандыруы жиынтық сұраныс қисығын AD2 жағдайына жылжытып, тепе-теңдік E1 нүктесіне орналасады. Баға деңгейінің өсуі ннфляциялық күтімдерді туындатып халықтың экономикалық тәртіптері соған байланысты өзгере бастайды. Жалдамалы жұмысшылардың талаптары бойынша жалақының мөлшерлемесі көтеріліп фирмалардың орташа шығындары өсе бастайды. Ал AS қисығы солға-жоғарыға жылжып, жаңа тепе-теңдік E2 нүктесі жағдайында болады. Бұл үдеріс инфляцияны одан әрі үдетіп жалғаса беруі мүмкін. Сөйтіп, экономика осындай «шырша тәріздес» мәселені бастан кешеді.
Р
E4 E3 E2 AS3 AD3 E1
AS2 E0 AD2
AS1 AD1 0 Y* Y Сурет 10.3 Инфляциялық шиыршық Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары: 1. Инфляция халықтың, кәсіпорындардың және мемлекеттің ақшалай табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді. Бұл атаулы және нақты табыс-тарының арасындағы айырмашылықпен анықталады. Мұндай жағдайда әдетте, тұрақты (тіркелген) табыс табатын адамдар инфляция кезеңдерінде көп зардап шегеді, яғни «табан тоздыру» шығындары орын алады. 2. Инфляция байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып келеді. Демек, қарыз алғандар өздерінің кредиторлары арқылы баийды. Дебиторлар барлық деңгейде ұтады, яғни қарыз ақшаның белгілі бір сатып алушылық қабілетінде берілгендіктен ол белгілі бір уақыттан кейін кредиторға құнсызданып барып қайтарылады. Бұл жерде үлкен мемлекеттік қарызға батқан үкімет те ұтады. Инфляция төлем мерзімін кейінге қалдырған адамдардың пайдасына ақшаны қарызға берген адамдардың есебінен табыс пен байлықты қайта бөледі. Инфляция жылжымайтын мүліктің құнын арттырады. 3. Инфляция кезеңдерінде нарықта сұранысқа ие тауарлы-материалдық қорларға деген бағалар өседі. Сондықтан тұрғындар мен кәсіпорындар өздерінің тез құнсызданып кетуі мүмкін ақшалай қаражаттарын мүмкіндігінше тез арада қорларға айналдыруға тырысады. Бұл экономикалық агенттердің қолында ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне алып келеді. Тауарларды дүрлікпе (ажиотаж) сатып алуға тырысудың нәтижесі сұраныс инфляциясының күшеюіне алып келеді. 4. Инфляция ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндіктерін төмен-детеді. 5. Инфляция фирмалардың амортизациялық қорларын құнсызандырады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі бұзылады және үдерісі қиындайды. Инфляция жинақ түрлерінің (салымдардың, облигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты құнын төмендетеді. Адамдар мұндай жағдайда ақша жинамауға тырысады, ал фирмалар болса өздерінің тапқан табыстарын ағымдық тұтынуға бағыттайды, соның салдарынан қоғамның қаржылық ресурстары қысқарады. 6. Инфляция тұрғындар мен кәсіпорындардың ақша қаражаттарын салықтар арқылы жасырын тәркілеуге алып келеді. Бұл салық төлеушілердің атаулы табыстарының өсуінен салық салудың аса жоғары тобына автоматты түрде өтуінен орын алады. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Көптеген экономистер инфляция қарқынының жұмыссыздықтың деңгейімен өзара байланысын зерттеген. Бұл байланыс Лондон экономикалық мектебінің профессоры Албан Филлипстің (1914-1975) үлгісінде терең зерттелді. Ол 1861 мен 1957 жылдар аралығындағы кезеңде Ұлыбритания экономикасының статистикалық деректерін талдаудың нәтижесінде мынадай қорытындыға келген, яғни егер жұмыссыздық 3%-дық деңгейден асса, онда бағалар мен атаулы жалақының өсу қарқыны төмендей бастайды. Олай болса, жұмыссыздық пен атаулы жалақының қарқыны (кейіннен, инфляция қарқыны) арасындағы өзара байланыстың графикалық кескіні Филлипс қисығы деп аталады. Кейіннен, Пол Самуэльсон мен Роберт Солоу Филлипстің моделіне өзгеріс енгізді: жалақының өсу қарқыны деген көрсеткішті инфляция көрсеткіші деп өзгертті. Филлипс қисығы қысқа мерзімді кезеңде жұмыссыздық пен инфляцияның арасындағы өзара байланысты көрсетеді (сурет 10.3) және Самуэльсонның пікірінше, тиімді саясатты жүргізу арқылы жұмыссыздық пен инфляция арасындағы «компромисс» нүктесін табуға көмектеседі. Бұл компромисстің шарты Филлипс қисығының көлбеулігімен анықталады. Қысқа мерзімді кезеңде бағалар мен жалақы мөлшерлемелерінің инфляциялық сипатта өсуі еңбек ұсынысын ынталандырып өндірісті арттырады. Ал инфляциялық үдерістерді басу жұмыссыздықтың өсуін туындатады. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.) |