АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Контрацепцияны пайдалану 2 страница

Читайте также:
  1. E. Реєстрації змін вологості повітря. 1 страница
  2. E. Реєстрації змін вологості повітря. 10 страница
  3. E. Реєстрації змін вологості повітря. 11 страница
  4. E. Реєстрації змін вологості повітря. 12 страница
  5. E. Реєстрації змін вологості повітря. 13 страница
  6. E. Реєстрації змін вологості повітря. 14 страница
  7. E. Реєстрації змін вологості повітря. 15 страница
  8. E. Реєстрації змін вологості повітря. 16 страница
  9. E. Реєстрації змін вологості повітря. 17 страница
  10. E. Реєстрації змін вологості повітря. 18 страница
  11. E. Реєстрації змін вологості повітря. 19 страница
  12. E. Реєстрації змін вологості повітря. 2 страница

37) денсаулық сақтау жүйесі - қызметі азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;

38) денсаулық сақтау саласындағы медициналық сараптама (бұдан әрі - денсаулық сақтау саласындағы сараптама) - денсаулық сақтау қызметінің әртүрлі аяларындағы құралдардың, әдістердің, технологиялардың, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы;

39) денсаулық сақтау саласындағы стандарт (бұдан әрі - стандарт) - медициналық, фармацевтикалық қызмет, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қағидаларды, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

40) денсаулық сақтау саласындағы стандарттау (бұдан әрі - стандарттау) - стандарттарды, талаптарды, нормаларды, нұсқаулықтарды, қағидаларды әзірлеу, енгізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету арқылы процестердің, медициналық технологиялар мен көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларын ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;

41) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

42) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған, денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде ядролық медицина саласындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

43) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды

43-1) детоксикация - адам организмінен алкогольді шығаруға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені;

44) диагностика - аурудың болу немесе болмау фактісін белгілеуге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

45) диагностикалық реагенттер - пациентке диагноз қою немесе оның физиологиялық жай-күйін бағалау мақсатында адам организмінен алынған сынамаларды зерттеуге арналған және олардың параметрлері туралы мәліметтер беруге қызмет ететін реагенттер, реагенттердің жиынтықтары;

46) динамикалық байқау - халық денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

47) донор - донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (оның ішінде шәует, жыныс жасушалары, аналық жасуша) алу жүргізілетін, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;

48) емдеу - ауыруды жоюға, оның бетін қайтаруға және (немесе) барысын жеңілдетуге, сондай-ақ оның асқынуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

49) ерікті емделу - науқастың немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылатын емдеу;

50) жалған дәрілік зат - құрамы, қасиеттері және басқа да сипаттамалары бойынша өндірушінің бірегей немесе қайта өндірілген дәрілік затына (генерикке) сәйкес келмейтін, құқыққа қайшы және әдейі түрде қолдан жасалған этикеткамен жабдықталған дәрілік зат;

51) жеке медициналық кітапша - жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері енгізілетін, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін жеке құжат;

52) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) - адамның иммун жүйесінің АИТВ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы;

53) инвазиялық әдістер - адам организмнің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностикалау мен емдеу әдістері;

54) инновациялық медициналық технологиялар - медицина (биомедицина) саласына, фармацияға және денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруға енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және (немесе) әлеуметтік мәні бар болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің әдістері мен құралдарының жиынтығы;

55) инфекциялық және паразиттік аурулар - мекендеу ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуі және аурудың науқас адамнан, жануардан сау адамға берілу мүмкіндігі әсерінен болатын және таралатын адам аурулары;

56) йод тапшылығы аурулары - организмге йодтың жеткіліксіз түсуіне және онда жеткіліксіз қорытылуына байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын организмнің патологиялық процесі;

57) кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;

58) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу - адамның денсаулығына ерекше әсер етуін және (немесе) қауіпсіздігін зерделеу мақсатында сыналатын затты немесе физикалық әсерді, аурулар профилактикасының, оларды диагностикалау мен емдеудің құралдарын, әдістері мен технологияларын зерделеу жөніндегі химиялық, физикалық, биологиялық, микробиологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық және басқа да эксперименттік ғылыми зерттеулер немесе зерттеулер сериясы;

59) клиникалық зерттеу - субъект ретінде адамды қатыстыра отырып, аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау мен емдеу құралдарының, әдістері мен технологияларының қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау немесе растау үшін жүргізілетін зерттеу;

60) консилиум - кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;

61) контрацепция - қаламаған жүктіліктің алдын алу әдістері мен құралдары;

62) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы - дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін нормалайтын мемлекеттік стандарттар мен ережелердің жинағы;

63) қоғамдық денсаулық - азаматтардың дұрыс тамақтануын қоса алғанда, салауатты өмір сүруіне, аурулар мен жарақаттардың профилактикасына, сондай-ақ мекендеу ортасының қолайсыз факторларының әсерін болғызбауға қоғамның күш-жігер жұмсауын көрсететін, халықтың психикалық, тәни және әлеуметтік салауаттылығының кешенді сипаттамасы;

64) құпия медициналық зерттеп-қарау - дәрігерлік құпияның және тексерілетін адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;

65) маман сертификаты - жеке тұлғаға нақты мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін, белгіленген үлгідегі құжат;

66) мәжбүрлеп емдеу - сот шешімінің негізінде жүзеге асырылатын, науқасты емдеу;

67) медицина қызметкерлері - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

68) медициналық-әлеуметтік оңалту - жұмысқа араластыруға, отбасылық және қоғамдық өмірге қатыстыруға арналған медициналық, әлеуметтік және еңбек іс-шараларын кешенді пайдалану арқылы науқастар мен мүгедектердің денсаулығын қалпына келтіру;

69) медициналық иммундық-биологиялық препараттар - инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға арналған, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін қан (алу тәсіліне қарамастан) препараттары;

70) медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсетудің дәрілік көмекті қамтитын кешені;

71) медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің уәкілетті орган бекіткен және медициналық ғылым мен технологияның қазіргі заманғы даму деңгейі негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік деңгейі;

72) медициналық куәландыру - жеке тұлғаны онда ауруының болу немесе болмау фактісін анықтау немесе растау, оның денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздығын, кәсіптік және өзге де жарамдылығын айқындау мақсатында зерттеп-қарау;

73) медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі;

74) медициналық қызметтер көрсету - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылы;

75) медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығындық, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;

76) медициналық оңалту - науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

77) медициналық оптика бұйымдары - көздің көру қабілетін түзеу және жарықпен емдеу үшін медицинада және фармацевтикалық қызметте пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар;

78) медициналық техника - аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін медициналық мақсатта жеке түрде, кешеннің немесе жүйенің құрамында қолданылатын аппараттар, аспаптар мен жабдықтар;

79) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

80) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын, мекендеу ортасын және өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу жөніндегі қызметі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау;

81) никотин - темекі жапырақтары мен темекі түтінінде болатын алкалоид;

82) нутрицевтиктер - құрамында эссенциалдық (ауыстырылмайтын) тағам компоненттерінің (кейбір амин-қышқылдар, витаминдер, минералдық заттар мен микроэлементтер, жартылай қанықтырылған май қышқылдары, дисахаридтер мен тағам талшықтары) ұсынылған тәуліктік тұтынудан аспайтын әртүрлі берілген үйлесімі бар биологиялық активті қоспалар;

83) орфандық препараттар - орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеуге және диагностикалауға арналған препараттар;

84) орфандық (сирек кездесетін) аурулар - адамның өміріне қауіп төндіретін немесе мүгедектікке әкеп соғатын, болу жиілігі ресми айқындалған деңгейден аспайтын, сирек кездесетін ауыр аурулар;

85) парафармацевтиктер - фармакологиялық әсері бар және аурулардың профилактикасына, көмекші терапияға, ағзалар мен жүйелердің функционалдық активтілігін реттеуге бағытталған табиғи жолмен алынатын, емдік мөлшерлемедегі биологиялық активті қоспалар немесе олардың синтетикалық баламалары;

86) патенттелген дәрілік заттар - Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасына сәйкес құқықтық қорғалатын дәрілік заттар;

87) пациент - медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

88) профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;

89) психикаға белсенді әсер ететін заттар - бір рет қабылдағанда адамның психикалық және дене функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт қабылдаған кезде психикалық және тәни тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғаттан алынатын заттар;

90) психиканың бұзылуы (ауру) - адамның бас миы жұмысының бұзылуына байланысты психикалық қызметінің бұзылуы;

91) реципиент - донорлық қан немесе одан бөлінген компоненттер және (немесе) препараттар құйылатын, еркектің немесе әйелдің донорлық материалы (шәует немесе аналық жасуша) енгізілетін не донордан алынған тіндерді және (немесе) ағзаны (ағзаның бөліктерін) транспланттау жасалатын пациент;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 92) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

92) санитариялық-карантиндік бақылау - адамдар мен жүктердің кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі кезінде ел аумағына инфекциялық және паразиттік ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына әлеуетті қауіпті заттар мен өнімді кіргізуге жол бермеу мақсатында өткізілетін, жүктердің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін және адам денсаулының жай-күйін бақылау;

93) санитариялық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы жайлар мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;

94) санитариялық-эпидемиологиялық жағдай - белгілі бір аумақтағы халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының белгілі бір уақыттағы жай-күйі;

95) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс- шаралар - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 95-1) тармақшамен толықтырылды

95-1) спорттық медицина - спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін және спорттағы дәрігерлік және функционалдық бақылауды, спортшыларды функционалдық және медициналық оңалтуды, спорттық жұмыс қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық ауруларының терапиясын, спорттық травматологияны, спорттағы жедел жәрдемді және спорт гигиенасын қамтитын медицина мен денсаулық сақтау саласы;

96) тамақ өнімін байыту (фортификациялау) - тамақ өнімін өндіру немесе қайта өңдеу процесінде оған витаминдерді, минералдарды және басқа да заттарды тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ адамда олардың тапшы болуына байланысты аурулардың профилактикасы мақсатында енгізу;

тәуекелді бағалау - инфекциялық және паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағдайына кері әсеріне және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларға ғылыми негізделген баға беру;

98) тәуелсіз сарапшы - денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке тұлға;

99) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі;

100) темекі - темекі бұйымдарын өндіру үшін пайдаланылатын никотині бар өсімдік;

101) темекі бұйымы - никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, құрамында темекі бар кез келген бұйым;

102) темекі бұйымының ингредиенті - темекіден, судан немесе темекі жапырағынан басқа, өндіріс процесінде не темекіге, не темекі бұйымдарының темекі емес компоненттеріне қосылатын кез келген зат;

103) темекі бұйымының қаптамасы - темекі бұйымының белгілі бір қорап санын қамтитын топтап тұтыну ыдысының бірлігі;

104) темекі бұйымының қорабы - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекі бұйымының белгілі бір санын қамтитын тұтыну ыдысының бірлігі;

105) темекі шегушілік - темекі шегуші организмінің никотинге тәуелденуін тудыратын, оның денсаулығына, сондай-ақ темекі шекпейтіндердің денсаулығына кері әсер ететін және қоршаған ортаны ластайтын темекі бұйымын тұтыну процесі;

106) транспланттау - тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу, сіңістіру;

107) туберкулездің жұқпалы түрі - науқас адамның сыртқы ортаға туберкулез бактерияларын бөліп шығаруына байланысты айналадағы адамдарға қауіп төндіретін ауру;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 107-1) тармақшамен толықтырылды

107-1) уақытша бейімдеу - адамды масаң күйінен шығару және оны қоршаған орта жағдайларына бейімдеу жөніндегі процесс;

108) улану - мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының адамға қатты (бірмезгілді) немесе созылмалы (ұзақ) әсер етуі кезінде туындайтын ауру (жай-күй);

109) ұрпақты болу денсаулығы - адамның толымды ұрпақты өмірге келтіру қабілетін көрсететін денсаулығы;

110) фармакологиялық зат - белгіленген фармакологиялық активтілігі мен уыттылығы бар, клиникалық сынақ объектісі және әлеуетті дәрілік зат болып табылатын зат немесе заттардың қоспасы;

111) фармацевтика қызметкерлері - фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

112) фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау (медициналық техникадан басқасын), көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға (алуға), сақтауға, әкелуге, әкетуге, сапасын бақылауға, ресімдеуге, таратуға, пайдалануға және жоюға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз етуге байланысты қызмет;

113) халықтың денсаулығына қауіп төндіретін өнім - уәкілетті орган белгілеген, қолданылуы немесе тұтынылуы кезінде адамның денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін өнім түрлері;

114) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсері болмайтын және оның тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының жай-күйі;

115) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, гигиеналық оқытуды, санитариялық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, тәуекелді бағалауды, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы қамтитын қызметі;

116) хирургиялық стерилизациялау - нәтижесінде әйел немесе еркек ұрпақты болу қабілетін жоғалтатын хирургиялық операция;

117) шарананың тірі тууы немесе өлі тууы - жаңа туған баланың (шарананың) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тірі туу мен өлі туудың тиісті халықаралық критерийлері бойынша айқындалатын жай-күйі;

118) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин - инфекциялық аурулардың таралуын болғызбауға бағытталған әрі кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шаралар;

119) эвтаназия - аурудың беті бері қарамайтын жағдайларда дауасыз науқастың өз өлімін жеделдету туралы өтінішін қандай да бір іс-әрекетпен немесе құралдармен, оның ішінде дәрілік немесе өзге де заттарды енгізу арқылы, сондай-ақ оның өміріне дем беріп тұрған жасанды шараларды тоқтату арқылы қанағаттандыру;

120) эпидемия - инфекциялық аурулардың әдетте тіркелетін науқастану деңгейінен айтарлықтай жоғары деңгейде жаппай таралуы;

121) эпидемиологиялық мәні бар объектілер - өндіретін өнімі және (немесе) қызметі Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде халық арасында тағамнан уланудың және инфекциялық аурулар таралуының белең алуына әкеп соғуы мүмкін объектілер;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 122) тармақшамен толықтырылды


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.)