|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Миокард гипертрофиясыЖүректің көлемі және салмағы біршама ұлғайған: сол жақ қарынша қабырғасы және емізікше бұлшықеттер күрт қалындаған.Ақыры: декомпенсация фазасында - жүрек жетіспеушілігі 26. Жүрек тампонадасы Жүректің сол қарыншасының алдыңғы бөлігі қарыншалар арасындағы перде немесе басқа бөліктер жарылған. Жүрек қабына қан жиналған. Себебі: созылмалы жүрек, өкпе аурулары. Ақыры: қолайсыз – миомаляция, қан ұйып перикардитқа тіреліп жүректі қысады, өлім. Қолайлы - тыртықтану. 27. Аорта атеросклерозы Препаратта қолқаның қабырғасы берілген. Интимасы қалындаған, саңылауы тарылған. Интимада шоғырланған кальций тұздары көрінеді, олар қанық түске боялған сия тәрізді.Себебі: белок-май алмасуының бұзылысы әкелуші факторлар, қан қысымның жоғары болуы, нейро-эндокринді бұзылыстар және т.б.Ақыры: атероматоз, тромбоэмболия, аневризма, қолқаның қабырғасына интрамуральды қан құйылу, атероматозды массалармен эмболия, аневризма. 28. «Киім ілмегі» немесе «балық ауызы» түріндегі жүрек ақаулары Митральды тесік күрт тарылған, шынашық саусақтың үшін әрен жібереді. Сол жақ жүрекшенің қабырғасы гипертрофияланған.Себебі: қайталамалы ревматизм, эндокардит (митралды стеноз). Ақыры: жүрек жетіспеушілігі. 29. Қарыншааралық және жүрекшеаралық перделердің бітелмеуі түріндегі жүрек ақаулары Асқорыту жүйесі 30. Асқазанның созылмалы жарасы Асқазанның кіші иінінің кілегей қабатында, қалтқы аймағының алдынғы қабырғасына жақынрақ дөңгелек пішінді ақау анықталады, диаметрі 3,5 см. Жараның түбі тығыз, сүйелденген, ойық жараның өнеш жақтағы жиегі ұңғыланып тереңдеген, ал қалтқыға қараған жиегі жайпақ келеді. Кесіндіде жара бұрыс пішінді, воронка тәрізді. Жараның түбі бұлшықетті қабат болып табылады. Себебі: стрестік жағдайлар, жалпы факторлар асқазан, және 12-елі ішек кілегей қабаттарының кілегейлі барьерінің және морфологиялық өзгерістері. Ақыры және асқынуы: жаралы-деструктивті (тесілу, қан кету, пенетрация); жаралы-тыртықты асқыну (деформация, кірер және шығар саңылауларының стенозы); қабынулық сипатта (гастрит, перигастрит, дуоденит, периодуоденит); малигнизация. 31. Флегмонозды аппендицит Құрт тәрізді өсінді көлемі ұлғайған, қанық-қызыл түсті, сыр қабықшасы жылтыр-сұр түсті фибринозды жабындымен жабылған. Кесіндісінде қабырғасы қалындаған, ткані қанға толған, кілегей қабаты ісініңкі, қанды-ірінді массалармен жабылған.Себебі: қабыну, өсіндінің қайырылуына, өсінді перистальтикасына, тас түзілуіне, тамыр бұзылыстарына байланысты ішек құрылысының іркілуі.Ақыры және асқынуы: өсінді эмпиемасы, периаппендицит, перитонит, өздігінің бөлінуі (самоампутация), бауырдың пилефлебитикалық абсцесі.
32. Бауырдың биллиарлы циррозы Консистенциясы тығыз, сырты майда түйінді, ұлғайған, кедір бұдырлы, кесіндісінің түсі жасыл, арасында ақшыл сары түсті дәнекер тіні өскені байқалады. Кеңіген өт өзекшелерінде өт жиналған. Ол аралық балауыз тәрізді. Себебі: өт тасы айналасындағы тканнің ісіктері, өт жолы тастары. Ақыры: бауыр шамасыздығы. 33. Тасты холецистит Өт қабының тастары. Өт қабының көлемі ұлғайған, қабырғасы гипертрофияланған. Кілегей қабатында қан қуйылған ошақтары байқалады. Өт қабы қуысында көптеген тегіс бір-біріне жаңасқан қоныр-жасыл түсті тастар анықталады. Себебі: Жалпы факторлар – жалпы семіру, атеросклероз. Жергілікті - өт өзегінің өткізгіштігінің бұзылуы, өт қабының дискинезиясы, қабыну. Ақыры: өт қабы қабырғасының тесілуі (перфорация), өт перитониті, механикалық сарғаю, холецистит, жабысқақтар, жыланкөз, бауыр циррозы, бауырдың жетіспеушілігі.
Несеп жыныс жүйесі 34. Екіншілік бүріскен бүйрек Бұйрек көлемі кішірейген, тығыз консистенциялы, беткейі ұсақ түйіршікті немесе ірі түйіршікті, ол атрофия және склероз аймақтарының гипертрофияланған нефрондар аймақтарымен ауыстуруына негізделген. Кесіндісінде бүйрек тканінің қабаты жұқа, әсіресе қыртысты заты қажыраған, ткань сұрғылт түсті. Себебі: шұмақтарының, өзекшелерінің стромаларының қабынулық және дистрофиялық өзгерістерінің фоныңда бүйрек тамырларының склерозы (атеросклероз, гипертония ауруы), (гломерулонефрит, пиелонефрит, амилоидоз, бүйрек-тас ауруы, туберкулез, диабеттік гломерулосклероз және т.б.)Ақыры: созылмалы бүйрек жетіспеушілігі 35. Үлкен шұбар бүйрек Бүйрек амилоидозы Бүйрек ептеп ұлғайған, ісінген. Бүйректің пирамидалары қанмен толып, қып қызыл болып, ал қыртыс қабаты бозғылт сұр түсті. Үсті мен кесіндісінің бетінде қызыл дақтар және бозғылт түсті көмескі нүктелер байқалады. Себебі: аутоиммунды ауру жедел гломерулонефрит (стрептокок). Ақыры: қайтымды, қайтымсыз – созылмалы гломерулонефритке ұласады.
Эндокрин жүйесі
36. Түйінді коллоидты жемсау Қалқанша бездерінің бөліктерінің ұлғаюымен ерекшеленеді, олардың беткейі бұдыр, консистенциясы тығыз. Кесіндіде дәнекер ткань қабатшаларымен ажыраған қоңыр-сары түсті аймақтар көрінеді. Себебі: физикалық және психикалық жарақаттар, алкоголизм, балалар инфекциялары (скарлатина, коклюш), ревматизм, сүзектер, энцефалиттер, менингоэнцефалиттер, бас ми жарақаттары, туберкулез, созылмалы тонзиллит, тұмау, парагрипп, тұқым қуалауға бейімділік. Ақыры және асқынуы: тиреотоксикалық жүрек, тиреотоксикалық гепатит, ақыры цирроз, “тиреотоксикалық энцефалит”, айыршық без гиперплазиясы, лимфоидты ткандер, бүйрек үсті безі қыртысты қабатының атрофиясы.
37. Қалқанша безінің қатерлі ісігі
Қан жасау жүйесі
38. Жедел миелобласты лейкоз кезіндегі ағза комплексі Тоқ ішек: ткані сұрғылт-қара түсті, жара түзілу мен, ыдырау күйінде. Жүрек: эпикард астында қызғылт-сары түсті көптеген нүкте тәрізді және ұсақ дақты фокустар көрінеді. Лимфа түйіндері: үлкейген, кесіндісінде сұр түсті. Сүйек кемігі: сұрғылт-жасыл реңді қызыл түсті /пиоидты сүйек кемігі/. Бүйректе геморрагиялар байқалады. Ақыры: «лейкозды пневмонит», «лейкозды менингит», асқынулары мен ішектің жаралы некрозды зақымдануы, қан кету, қан қуйылу, сепсис.
39. Созылмалы лейкоз кезіндегі талақ
Жүйке жүйесі 40. Бас миы затына қан құйылу Ми тканінің кесіндісінде қоныр-қызыл түсті аймақ байқалады, гомогенді түрде, бұрыс дөнгелек пішінді 3,5х 2,0 см. Зақымдалған аймақта ми ткані бұзылған, ұйыған қанмен жұмсарған ми тканімен толған қуыс түзіледі. Себебі: гипертония ауруы, атеросклероз, жарақат нәтижесінен тамыр қабырғасының бүтіндігінің бұзылуы. Ақыры: киста, организация, іріңді инкапсуляция.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.) |