АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ІА,ІІА, ША, 1УА топша элементтері

Читайте также:
  1. Комбинаторика элементтері
  2. Корпоративті мадениет элементтері

Сабақтың мақсаты: ІА- ІУА топша элементтерінің қасиеттерін зерттеу

№1 Тәжрибе. Натрий мен калийдің ауада тотығуы.Пинцетпен керосиннің астындағы металдың (калий немесе натрий) аз мөлшерін банкадан алып, фильтр қағазына қойып, пышақпен кесіңдер (металдарды қолдарыңмен ұстамаңдар). Металдың кесілген жері неліктен тез жылтырынан айрылды? Теңдеу жазыңдар.

№2 Тәжрибе. Натрий карбонаты мен гидрокарбонатының гидролизі.

Үш пробиркаға 6-7 см3 дистильденген су құйыңдар. Әрқайсысына 1-2 тамшыдан лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға бірнеше натрий карбонатының кристалдарын, екіншісіне осынша натрий гидрокарбонатын салыңдар. Үшінші пробирканы салыстыруға қалдырыңдар. Пробиркалардағы ерітінділерді араластырғаннан кейін үшінші пробиркадағы ерітінді түсімен салыстырыңдар. Реакция теңдеулерін иондық және молекулалық түрде жазыңдар. Неге пробиркалардағы (№1 және №2) ерітінділер түсі әртүрлі? Сұйытылған азот қышқылымен алюминий әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Сұйытылған күкірт, тұз қышқылымен әрекеттескенде ше? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қыздырған кезде концентрлі азот қышқылы азот диоксидіне дейін, концентрлі күкірт қышқылы бос күкіртке дейін (қыздырғанда) суық күйінде күкіртті газға дейін тотықсызданады. Тұз қышқылының концентрациясы оның алюминиймен әрекеттесуіне әсері бар ма?

№7 Тәжрибе. Алюминийдің сулы ерітіндіде еруі.

Алюминий фольгасын пробиркаға салып, үстіне 3-4 см3 су құйыңдар. Пробирканы су моншасында қыздырыңдар. Сутегі бөліне ме? Пробиркаға 4-5 см3 2 н натрий гидроксидін құйыңдар: Сутегі жақсы бөлінеді. Реакция мына кесте бойынша жүреді: Al2O3+NaOH + H2O → Na3[Al(OH)6]

Al + H2O → Al(OH)3 + H2

АІ(OH)3 + NaOH → Na3[Al(OH)6]

Бұл реакциялардағы коэффициенттерді қойыңдар.

№8 Тәжрибе. Алюминий гидроксиді,оны алу,қасиеттері.

Екі пробиркаға 2-3 см3 алюминий тұзының ерітіндісін құйып, оған 2-3 см3 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тұнба түскенге дейін құйыңдар. Бір пробиркадағы тұнбаға 3-4 см3 2 н тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар, екіншісіне сонша 2н натрий гидроксидін құйыңдар.

Екі пробиркадан да нені байқадыңдар? Алюминий гидроксидінің қасиеті туралы қорытынды жасаңдар. Алюминий гидроксидін алу реакциясының және оның тұз қышқылы мен натрий гидроксидімен әрекетесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Al(OH)6]3- комплекс анионы түзіледі. Алюминий гидроксидінің диссоциациясының тепе-теңдігінің кестесін жазыңдар. Al3+ және [Al(OH)6]3- иондарының концентрациясы қышқыл құйғаннан, сілті құйғаннан қалай өзгереді?

№9 Тәжрибе. Қалайының қышқылдармен әрекеттесуі.

Алты пробиркаға қалайының кішкене бөлшектерін салыңдар. Үш пробиркаға 4-5 см3 2н тұз қышқылын, азот және күкірт қышқылдарының ерітіндісін құйыңдар, ал үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылдарының ерітінділерін құйыңдар. Реакциялар суық күйінде қалай жүреді? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Қыздырған кезде реакциялар қалай жүреді?

Қалайы сұйытылған азот қышқылымен әрекеттескенде NO газы бөлінді, ал қалайы Sn2+ ионына айналады. Қалайы сұйытылған тұз қышқылымен, күкірт қышқылымен әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Қалайы концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде Sn4+ ионына дейін тотығады, ал күкірт қышқылы SO2 газға дейін тотықсызданады. Қалайы концентрлі азот қышқылымен әрекеттескенде ақ тұнба β-қалайы қышқылын түзеді /хSnO2yH2O/, ал азот қышқылы NO2 газына дейін тотықсызданады. Реакция теңдеулерін жазыңдар.

№ 10 Тәжрибе. Қалайы мен қорғасынның гидроксидтері және олардың қасиеттері. Екі пробиркаға 2-4 см3 қалайы (ІІ) хлоридінің ерітінділерін, екі пробиркаға азот қышқыл қорғасын тұзын құйыңдар. Бұл пробиркаға тұнбалар түзілгенге дейін 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тамшылатыңдар. Алынған гидроксидтердің қасиеттерін зерттеңдер: қалайы гидроксиді мен қорғасын гидроксиді тұнбаларына 2н натрий гидроксидін құйып, тұнбаны ерітіңдер. Келесі екі пробиркаға, яғни қорғасын гидроксидіне сұйытылған азот қышқылын құйыңдар /неге тұз қышқылы не күкірт қышқылын құюға болмайды/ қалайы гидроксидіне сұйытылған тұз қышқылын құйыңдар. Тұнбаларды ерітіңдер. Тәжірибелер нәтижесінен бұл гидроксидтердің қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар. Гидроксидтер диссоциациясын жазыңдар, олардың сілтіде, қышқылдарда еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Sn(OH)4]2- және [Pb(OH)6]4- комплекс иондар түзіледі. № 11. Тәжрибе. Қорғасының (ІІ) тұздарының гидролизі.

Пробиркаға 2-3 кристалл қорғасын нитратын салып, 4-5 см3 су құйыңдар. Кристалдарды толық ерітіп, лакмус ерітіндісін тамшылатыңдар. Нені байқадыңдар? Қорғасын нитраты ерітіндісінің реакция ортасы қандай? Ерітіндіні аздап қыздырып, оған натрий карбонаты ерітіндісін 4-5 см3 қосыңдар да, тағы қыздырыңдар. Мынандай қосылысқа сәйкес келетін 2PbCO3∙Pb(OH)2 тұнба түзіледі. Алынған тұзды қандай қышқылда ерітуге болады? Қорғасын нитраты гидролизінің бірінші сатысын жазыңдар. Натрий карбонаты бұл процеске қалай әсер етеді?

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар(ША және ІУА топша элементтері):

1.Алюминийдің, қорғасынның және қалайының ықтырғышты көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?

2.Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.

3.Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.

4.Алюминий, қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.

5.Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді?

 

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар (ІА және ІІА топша элементтері):

1.Кальций мен магнийдің қандай қосылыстары суды кермектендіреді? Су кермектігін қалай жоюға болады?

1. Бірдей жағдайда мына тұздардың Ве(NO3)2, Mg(NO3)2 қайсысы гидролизге көбірек ұшырайды? Тұздардың гидролиздерінің иондық теңдеулерін жазыңдар

2. Be – Mg – Ca – Sr – Ba қатарындағы элементтердің химиялық активтігі оттегіне, фторға және азотқа қалай өзгереді? Теңдеулерін жазыңдар.

3. Кальций мен магнийді оксидтерінен тотықсыздандыру арқылы алу үшін қандай жағдайлар керек?

4. Өндірісте кальций мен магнийді қалай алады?

5. Кальцийді оның оксидінен алюминий арқылы тотықсыздандырып алуға бола ма? Реакцияны Гиббс энергиясын есептеу арқылы дәлелдеңдер.

6. Магний ауада жанғанда қандай заттар пайда болады? Бұл заттардың сумен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар.

7. Магнийдің көміртегі диоксидінде жануының ∆G298 есептеңдер. Реакция өздігінен жүре ала ма?

8. ІІ топтың негізгі топшасының элементтерінің валенттілігі І не ІІ көп болатын қосылыс түзе ала ма?

9. Са, Sr, Ba элементтері неге сілтілік жер металдары деп аталады?

500кг СаО өшіргенде қанша жылу бөлінеді? СаО гидратациялану энтальпиясы ∆Н=-66,6Дж/моль.Жауабы:594,6∙103кДж

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ № 12

ҮА ТОПШАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ (азот және фосфор)

Сабақтың мақсаты: УА топша элементтерінің қасиеттерін оқу,зерттеу

Фосфор тұздары ағзада сүйекті қалыптастыруға қатысады. Фосфордың органикалық қосылыстары биологиялық қышқылдану барысында босайтын энергияның аккумуляторы болып табылады. Фосфордың ең жақсы көздері – сыр, сүзбе, ет.Азот ағзада органикалық қосылыстардың құрамында кездеседі. Оның негізгі атқаратын ролі зат алмасу – метаболизм – процесіне қатысады.

№1 ТӘЖІРИБЕ: АММИАКТЫҢ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ҚАСИЕТІ

Үш пробиркаға мына заттардың ерітінділерін 3-4 см3 құйыңдар: а)бром суын; б)калий перманганатын; в)калий дихроматын. Әр пробиркаға 3-5 см3 концентрлі аммиак ерітіндісін қосыңдар. Барлық пробиркадағы ерітінділердің түрлері өзгергенге дейін аздап қыздырыңдар. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Аммиак молекулалық азотқа айналады. KMnO4 MnO2-ге дейін, ал K2Cr2O7 Cr2O3-ге дейін тотықсызданады. Ерітінділер түсі қалай өзгереді?

№2 ТӘЖІРИБЕ: АММОНИЙ ТҰЗДАРЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ

Үш пробиркаға 5-6 см3 лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға аммоний хлоридінің, екіншісіне – аммоний нитратының, үшіншісіне – аммоний ацетатының 2-3 кристалдарын салыңдар. Әр ерітіндіні шайқаңдар. Барлық жағдайда лакмус түсі қалай өзгереді? Гидролиз реакцияларының теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

№3 ТӘЖІРИБЕ: НИТРИТТЕРДІҢ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ЖӘНЕ ТОТЫҚТЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ

Үш пробиркаға 3-4 см3-тен мына ерітінділерді құйыңдар: біріншісіне – калий иодидін, екіншісіне – калий перманганатын, үшіншісіне – калий дихроматын. Барлық пробиркаға 2-3 см3 күкірт қышқылының ерітіндісін және 4-5 см3 калий нитритінің ерітіндісін құйыңдар. Әр жағдайдағы ерітінді түсінің өзгергенін байқаңыз. Пробиркаларда өткен реакциялар теңдеулерін жазыңдар: бірінші пробиркада калий нитриті NO-ға дейін тотықсызданады, екіншісіне калий перманганаты марганец (ІІ) сульфатына өтеді, үшіншісіне – калий бихроматы хром (ІІІ) сульфатына өтеді. Екінші және үшінші пробиркаларда калий нитриті қандай қосылысқа айналады? Нитрит қай жағдайда тотықтырғыш, қай жағдайда тотықсыздандырғыш болды? Неге нитриттер осындай қасиеттер көрсете алады?

№4 ТӘЖІРИБЕ: ФОСФОР ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ

Үш пробиркаға 5-6 тамшы лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір пробирканы салыстыруға қойыңдар. Екінші пробиркаға 3-4 натрий фосфатының кристалын, үшінші пробиркаға сонша натрий дигидрофосфатын салыңдар да жақсылап араластырыңдар. Тұздарды ерітіңдер. Лакмустың түрлерін салыстырыңдар. Натрий фосфатының гидролизінің І сатысының молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. Кдисс НРО42- =4,5×10-12 К Н3 РО4 =7,9×10-3

№5 ТӘЖІРИБЕ: МЕТАЛДАРДЫҢ ОРТОФОСФАТТАРЫ

а)Кальцийдің гидрофосфатын алу. Пробиркаға 4-5 тамшыдан кальций хлориді мен натрий гидрофосфатының (Na2HPO4) ерітінділерін тамызыңдар. Қандай түсті тұнба түзілді? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

б)Темір (ІІІ) мен алюминийдің фосфаттарын натрий ацетаты қатысуымен тұнбаға түсіру. Екі пробиркаға 3-4 тамшыдан мына ерітінділерді құйыңдар: бірінші пробиркаға- темір (ІІІ) хлоридін, екінші пробиркаға алюминий хлоридін не сульфатын. Әр пробиркаға 2-3 тамшы натрий ацетатын және натрий гидрофосфатының (Na2HPO4) ерітінділерін құйыңдар. Тұнбалар түсі қандай? Натрий ацетаты буферлік орта жасайды, сондықтан бұл металдардың ортофосфаттары тұнбаға түседі. Бұл тұнбалар сірке қышқылында ерімейді.

Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар....

Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтары

  1. Азот молекуласының химиялық инерттілігін түсіндіріңдер.
  2. Азот табиғатта бос күйінде және қосылыста кездеседі, ал фосфор тек қосылыстарда ғана кездеседі. Неге?
  3. Өте таза азотты натрий азидін қыздырғанда оның айрылу реакциясы арқылы алады, онша таза емес азотты аммоний нитратының айрылу реакциясы арқылы алады: а)осы процесстердің ΔН0 298 және ΔS0 298 есептеңдер; б)бұл процестер қайтымды ма, әлде қайтымсыз процестер ме?
  4. Азот оттегінде тотыққанда қай оксиді түзіледі. Неге?
  5. Зертханада аммиакті алу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
  6. Сұйық аммиактың өздігінен ионизациялануының теңдеуін жазыңдар.
  7. а)азотқа; б)аммоний тұзына; в)азот қышқылына; г)алюминий нитридіне қандай затпен әрекеттестіріп, аммиак алуға болады? Осы реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
  8. Аммиак молекуласында, аммоний ионында неше байланыс бар және олар қандай типке (ковалентті ме, ионды ма, донорлы-акцепторлы ма) жатады? Аммиак пен хлорлы сутектен аммоний хлоридінің түзілуін түсіндіріңдер.
  9. а)Концентрлі азот қышқылының күміспен, фосформен әрекеттесу реакциясының; б)сұйытылған азот қышқылының мыспен, магниймен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.
  10. 1 кг гидразин жанғанда қанша жылу бөлінетін есептеңдер.
  11. Азот пен фосфордың тыңайтқыш ретінде қолданылатын қосылыстарын атаңдар.
  12. 1,5 г фосфор тотыққанда 3,43 г оксид түзілсе, фосфор оксидінің формуласы қандай болады? Фосфор оксидінің буының сутегі бойынша тығыздығы 142,1. Жауабы: Р4О10
  13. К2НРО4 ерітіндісінің гидролиздену дәрежесін есептеңдер. С=0,06 моль/л.
  14. К2НРО4 гидролизі реакциясының теңдеуін жазыңдар. Ерітінді ортасын көрсетіңдер.
  15. Табиғи кальций фосфатынан фосфорды алғанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазыңдар.
  16. Мына қышқылдардың эмпириялық және графикалық формулаларын жазыңдар: а)фосфор қышқылы; б)дифосфор қышқылының. Фосфордың тотығу дәрежесін анықтаңдар.

 

Зертханалық сабақтың тақырыбы № 13

VIA(оттегі, күкірт) және VIIA(хлор, йод) топша элементтері

Сабақтың мақсаты: УІА-УІІА топша элементтерінің қасиеттерін оқу,зерттеу

№1 ТӘЖІРИБЕ: СУЛЬФИДТЕРДІҢ АЛЫНУЫ ЖӘНЕ ЕРІГІШТІГІ

Мына заттардың K+, Fe2+, Zn2+, Cd2+, Pb2+, Cu2+ тұздарының ерітіндісі бар пробиркаларға күкіртті сутек ерітіндісін құйыңдар. Қай пробиркаларда тұнба түзіледі? Күкіртті сутек ерітіндісін құйғанда тұнба түзілмеген пробиркаларға (NH4)2S ерітіндісін құйыңдар. Бұл жағдайда қай пробиркаларда тұнба түзіледі? Қандай сульфидтер суда ериді?

№2 ТӘЖІРИБЕ: СУЛЬФИДТЕРДІҢ ТОЛЫҚ ГИДРОЛИЗІ

Al3+ ионы бар ерітіндіге аммоний сульфиді (NH4)2S ерітіндісін құйыңдар. Қандай заттың тұнбасы түзілгенін тәжірибе жасап, дәлелдеңдер.

№3 ТӘЖІРИБЕ: СУЛЬФИТ-ИОНЫНЫҢ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ҚАСИЕТІ

Пробиркаға 3-4 см3 калий перманганаты ерітіндісін және 2-3 см3 2н тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар. Енді бұл пробиркаға бірнеше натрий сульфитінің кристалдарын салыңдар. Ерітіндінің түссізденгенін байқаңдар, яғни MnO4- ионы Mn2+ -ге айналады. Натрий сульфиті қандай қосылысқа айналады? Барий сульфиті (BaSO3) азот қышқылында еритіндігін, ал барий сульфаты BaSO4 бұл қышқылда ерімейтіндігін пайдаланып, SO32- ионының SO42- ионына айналғанын көріңдер. Ол үшін ерітіндіге 1-2 см3 2н азот қышқылын құйып, сонша барий хлоридін құйып, қандай зат тұнбаға түскенін көріңдер. Барлық жүрген реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

№4 ТӘЖІРИБЕ: НАТРИЙ ТИОСУЛЬФАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

а)Тиосульфаттың қышқыл ортада тұрақсыздығы. Пробиркаға 5-6 см3 натрий тиосульфаты ерітіндісін (Na2S2O3) құйыңдар да оған 3-4 см3 күкірт қышқылын құйыңдар. Қандай газ бөлінді? Натрий тиосульфатының графикалық формуласын келтіріңдер. Тиосульфаттың күкірт қышқылымен әрекеттескен реакциясының теңдеуін жазып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер. б)Натрий тиосульфатының тотықсыздандырғыш қасиеттері.

Бір пробиркаға 5-6 см3 бром суын, бір пробиркаға иод суын құйыңдар. Екі пробиркаға да ерітінділердің түссізденгеніне дейін натрий тиосульфатын тамызыңдар. Бром тиосульфатты сульфатқа дейін тотықтырады, реакцияда су қатысады (күкірт қосымша реакция нәтижесінде түзіледі). Иод тиосульфатты тетратионатқа (Na2S4O6) дейін тотықтырады. Бұл реакцияларда бром мен иод қандай тотығу дәрежесіне дейін өтеді? Натрий тиосульфатын хлорлы су тотықтыра ала ма? Реакциялар теңдеуін жазыңдар.

 

Периодтық жүйедегі VІІ А топшасының элементтері (хлор, иод)

Барлық омыртқалылар, адамды қоса, иодсыз тіршілік жасай алмайды. Иод қалқанша безінде жиналады, ол иоды бар гормондар түзеді. Бұл гормондар ағзадағы заттардың алмасуын жүргізеді.Егер ағзада иод болмаса, зоб ауруымен ауырады, сондықтан ас тұзына иод қосылады. Фтор ағзаға судан түседі, фтор шайда көп. Егер фтор жетіспесе, тіс ауруына әкеледі.

№1 ТӘЖІРИБЕ: ГАЛОГЕНДЕРДІҢ ТОТЫҚТЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ

а)ҮІІІ пробиркаға 3-5 тамшыдан хлорлы, бромды, иодты суды құйыңдар: Хлорлы суға ерітінді лайланғанға дейін бірнеше тамшы күкіртті сутек ерітіндісін құйыңдар: бромды және иодты суға магний не алюминий ұнтақтарын салыңдар. Ерітінділерді жақсылап шайқаңдар. Ерітінділер түссізденеді. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Галогендер қандай қасиет көрсетеді? б)Екі пробиркаға 3-5 тамшы бромды және иодты құйыңдар. Екі пробиркаға да 1-2 кристалл темір (ІІ) сульфатын (Мор тұзы- (NH4)2SO4×FeSO4×6H2O) салыңдар. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай жағдайда Fe2+ -тотықпады? Неге? Хлорлы су Fe2+ тотықтыра ала ма? Е0Cl2/2Cl-, Е0Br2/2Br-, E0I2/2I- салыстырыңдар.

№2 ТӘЖІРИБЕ: ГАЛОГЕНИДТЕРДІҢ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ

Үш пробиркаға 2-4 мл калий дихроматын құйыңдар, оған 2-3 тамшы күкірт қышқылын (2н) тамызыңдар. Бірінші пробиркаға 2-3 тамшы калий иодидін, екінші пробиркаға калий бромидін, үшінші пробиркаға натрий хлоридін құйыңдар. Ерітінділерді араластырыңдар. Қай жағдайда дихромат тотықсызданбады? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Калий дихроматы хром (ІІІ) сульфатына айналады.

№3 ТӘЖІРИБЕ ГАЛОГЕНИД-ИОНДАРЫНА ТӘН РЕАКЦИЯЛАР

AgCl, AgBr, AgI тұнбалары түзілуі – галоген-иондарына реакциялар. Алмасу реакциялары арқылы бұл тұнбаларды алыңдар. Керек ерітінділерден 4-5 тамшы алыңдар. Әр пробиркаға 2-3 тамшыдан 2 н азот қышқылын құйыңдар. Азот қышқылының әсерін көрсетіңдер.

Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтары

1. Элементтердің (оттегі мен күкірттің) электрондық конфигурациясын келтіріңдер. Қай электрондар валентті болып саналады?

1. Орбитальдардың энергетикалық диаграммасын құрыңдар. Молекуласының негізгі күйі (О2) мен молекулалық иондардың О2+, О2-, О22- электрондық конфигурациясын келтіріңдер.

2. Мына молекулалардың KClO3, KMnO4, KNO3 термиялық айрылу реакциялары тотығу-тотықсыздану реакциясының қай типіне жатады?

3. Негіздік, қышқылдық және амфотерлі оксидтерді сипаттайтын оларға тән реакцияларға мысалдар келтіріңдер.

4. Стандартты потенциал Е0298 мәніне сүйеніп, мына заттардың О3, О2, Н2О2 тотықтырғыш қасиеттерін салыстырыңдар:

О3 + 2Н+ + 2ē → О2 + Н2О Е0 = +2,07В

Н2О2 + 2Н+ + 2ē = 2 Н2О Е0 = +0,68В

О2 + 2Н+ + 2ē → Н2О2 Е0 = +1,78В

5. Күкірт тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алатын реакцияларға мысалдар келтіріңдер.

6. а)суда еритін; б)суда ерімейтін, бірақ сұйытылған қышқылда еритін; в)қышқылда ерімейтін сульфидтерді келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.

7. Күкіртті сутек қышқылының сатылап жүретін диссоциациясын жазыңдар. а)хлорлы сутек қышқылын; б)қорғасын (ІІ) нитратын; в)сілті құйса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?

8. Олеум деген не? Су мен концентрлі күкірт қышқылын қалай араластыру керек? Неге?

9. Сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылдарымен мырыш әрекеттескенде қандай заттар түзіледі? Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.

10. Атом құрлысы теориясы тұрғысынан оттегі күкіртке қарағанда күштірек тотықтырғыш екенін түсіндіріңдер.

11. Күкірт атомының тотығу дәрежесі неге жұп сан болады? Неге оттегінің валенттілігі тұрақты, ал күкірттікі – айнымалы.

13.ҮІІ топтың негізгі топшасының элементтер атомдарының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Бұл элементтердің валенттіліктерін көрсетіңдер.

14.Галогендердің зертханада және өндірісте алу жолдарын көрсетіңдер.

15.НГ қышқылының ішінде неге НҒ ең әлсіз қышқыл?

16.Г- анионын ерітіндіден табу үшін қандай катион қолданылады?

17.HClO, HClO4, HClO3, HClO4 қышқылдары үшін олардың беріктіліктері, тотықтырғыш қасиеттері және қышқылдық күші қалай өзгереді? Бұл сұраққа жауап беру үшін қандай мәндер керек?

18.Галогендерді қай жерде қолданады?

19.Иод қай тотығу дәрежесінде тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді. Бұл қосылыстардың формуласын жазыңдар.

20.Хлордың +1, +3, +5, +7 тотығу дәрежесіне сәйкес келетін оксидтері мен қышқылдарының формулаларын жазыңдар. Оларды атаңдар.

21.Хлорлы сутек қышқылы қай металдармен әрекеттеседі? Қышқылдың концентрациясы әсер ете ме?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ № 14

Периодтық жүйедегі ҮІІІ В және УІІ В топшаларының элементтері (темір, кобальт,никель және марганец)

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚҚА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Fe, Co, Ni – микроэлементтерге жатады. Тәулігіне адам ағзасына 5-25 мг темір қажет. Темірдің көп мөлшері сүтте, сырда, етте, алмада болады. Қан гемоглобинінің негізгі бөлігі темір. Кобальт В12 витаминінің құрамына кіреді, зат алмасуын жақсартады. Егер ағзада кобальт жетпесе, адам анемияға ұшырауы мүмкін. Никельдің биологиялық ролі әлі онша зерттелген жоқ.

ТӘЖІРИБЕ №1. Ғе2+ және Ғе3+ иондарына тән реакциялар

Пробиркаға 3-4 см3 темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін құйып, оған бір тамшы 0,1 н аммоний (не калий) роданидінің ерітіндісін тамызыңдар. Осындай тәжірибені Мор тұзының ерітіндісімен де жасаңдар. Реакция теңдеуін жазып, бұл реакция тек темір (ІІІ) тұзына ғана тән екенін көріңдер.

ТӘЖІРИБЕ №2. Темір (ІІ) қосылысының тотықсыздандырғыш қасиеті

Екі пробиркаға 3-4 см3 Мор тұзының ерітіндісін құйыңдар. Біреуіне бір тамшы концентрлі азот қышқылын тамызыңдар, газ бөлінуін тоқтатқанша ерітіндіні қыздырыңдар. Ерітінді суыған соң, екі пробиркаға да бір тамшыдан 0,1 н аммоний (не калий) роданидін тамызыңдар. Қай пробиркада ерітінді өзгереді. Неге? Реакция теңдеуін жазыңдар. Азот қышқылы азот (ІІ) оксидіне дейін тотықсызданады.

ТӘЖІРИБЕ №3. Темір (ІІІ) қосылысының тотықтырғыш қасиеттері

Пробиркаға 3-4 см3 темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы калий иодидінің ерітіндісін тамызыңдар. Ерітінді түсі неге өзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар.

ТӘЖІРИБЕ №4. Темір тұздарының гидролизі

а)Пробиркаға 3-4 см3 лакмус ерітіндісін құйып, оған Мор тұзының ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндісін шайқап, оның түсінің өзгергеніне қарай, реакция ортасын айтыңдар. Темір (ІІ) сульфаты ерітіндісінің гидролизінің теңдеуін жазыңдар. б)Екі пробиркаға 3-4 см3 лакмус ерітіндісін құйыңдар да бір-екі темір (ІІІ) хлоридінің кристалын салыңдар. Ерітіндінің түсі арқылы реакция ортасын анықтаңдар? Бір пробирканы қыздырыңдар. Енді не байқадыңдар. Бұл тұздың гидролиз дәрежесін қалай азайтуға болады? Темір (ІІ) хлориді ме әлде темір (ІІІ) хлориді көбірек гидролизге ұшырай ма?

ТӘЖІРИБЕ №5. Кобальт (ІІ) және никель (ІІ) гидроксидтері. Гидроксидтерді алу және олардың тотығуы

а)Екі пробиркаға 2-3 см3 кобальт (ІІ) тұздарын құйыңдар. Бір-екі тамшы сілті ерітіндісін тамызыңдар. Алғашында көк түсті негіздік тұз тұнбасы түзіледі, біраздан кейін ол қызғылттанады, яғни кобальт (ІІ) гидроксиді түзіледі. Бір пробиркадағы тұнбаны қалдырып екінші пробиркаға 2-3 тамшы 3% сутегі пероксидін қосыңдар, қай пробиркада кобальт (ІІ) гидроксиді тотығады?

б)Үш пробиркаға 3-4 см3 никель (ІІ) тұзының ерітіндісін құйыңдар да сілті ерітіндісін құйып, никель (ІІ) гидроксидінің тұнбасын алыңдар.

Бірінші пробиркадағы тұнбаны жақсылап араластырыңдар, екінші пробиркаға 2-3 тамшы 3% сутегі пероксидінің ерітіндісін құйыңдар. Тұнба түсі өзгерді ме? Ауаның оттегісімен не сутегі пероксидімен никель (ІІ) гидроксиді тотыға ма? Үшінші пробиркаға бір тамшы бром суын құйыңдар. Не байқадыңдар? Реакция теңдеуін жазыңдар. Темір (ІІ), кобальт (ІІ) және никель (ІІ) гидроксидтерінің тотықсыздандырғыш қасиеттерін тәжірибелер нәтижесі арқылы және тотығу-тотықсыздану потенциалын пайдаланып, салыстырыңдар.

ТӘЖІРИБЕ №6. КОБАЛЬТТІҢ КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ

а) 3-4 см3 кобальт (ІІ) тұзының ерітіндісіне тамшылатып концентрлі аммиак ерітіндісін кобальт (ІІ) гидроксидінің тұнбасы түскенше, сосын тұнбаның комплекс қосылыс түзілуінің нәтижесінде ерігенге дейін құйыңдар. Кобальттың координациялық саны 6-ға тең. Алынған ерітіндіні екіге бөліңдер. Бір пробиркадағы ерітіндіні түсі өзгергенге дейін жақсылап шайқаңдар. Кобальт (ІІ) комплексі кобальт (ІІІ) комплексіне айналады. Екінші пробиркаға 2-3 тамшы 3% сутегі пероксидінің ерітіндісін құйыңдар. Неге ерітінді түсі өзгерді? Енді осы екі пробиркаға да аммоний сульфидінің ерітіндісін құйыңдар. Неге тұнба түсті? Мына реакциялар теңдеулерін жазыңдар: а)кобальттің (ІІ) аминокомплексінің түзілуінің; б)оның ауадағы оттегі мен сутегі гидроксидімен тотығып, кобальт (ІІІ) аминокомплексінің түзілуін; в)алынған комплекс қосылыстарының диссоциациясын; г)комплекс иондарының диссоциациясын; д)кобальт (ІІІ) аминокомплексінің аммоний сульфидімен әрекеттесуін.

б)пробиркаға 3-4 см3 су құйып, 2-3 тамшы никель тұзының ерітіндісін және бір тамшы диметилглиоксим ерітіндісін құйыңдар. Никель диметилглиоксимат комплексінің тұнбасы түзіледі.

ТӘЖІРИБЕ №7 МАРГАНЕЦ (ІІ) ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Пробиркаға 5-6 см3 марганец (ІІ) сульфатын құйып, оған сонша натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Тұнба түсін байқаңдар. Бұл тұнбаны үшке бөліңдер. Бір пробирканы солай қойыңдар, екінші пробиркаға тұз қышқылы ерітіндісін, үшінші пробиркаға натрий гидроксидін құйыңдар. Ауада тұнба түсі қалай өзгергенін бірінші пробиркадан байқаңдар. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

ТӘЖІРИБЕ №8 МАРГАНЕЦ (ІІ) ҚОСЫЛЫСЫНЫҢ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ҚАСИЕТІ

Пробиркаға 2-3 см3 марганец (ІІ) сульфатын құйыңдар да оған 2-3 тамшы 2 н натрий гидроксидінің ерітіндісін тамызыңдар. Алынған марганец гидроксидінің тұнбасына 5-6 тамшы бром суын құйыңдар. Тұнбаның түсінің өзгеруі марганец (ІҮ) қосылысының пайда болуынан. Реакция теңдеуін жазыңдар.

ТӘЖІРИБЕ №9 МАРГАНЕЦ (ҮІІ) ҚОСЫЛЫСЫНЫҢ ТОТЫҚТЫРҒЫШ ҚАСИЕТІ

Үш пробиркаға 3-4 см3 калий перманганатының ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға 2-3 тамшы 2 н күкірт қышқылын, екіншісіне 2-3 тамшы су, үшінші пробиркаға 3-4 тамшы 2 н сілті құйыңдар. Барлық пробиркаға натрий сульфитінің бір-екі кристалын салыңдар. Әр пробиркада калий перманганатының түсінің әртүрлі өзгергенін байқаңдар. Неге? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

ТӘЖІРИБЕ № 10 МАРГАНЕЦ (ІІ) ТҰЗДАРЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ

Су құйылған пробиркаға бірнеше марганец (ІІ) хлоридінің не сульфатының кристалын салыңдар. Лакмус ерітіндісін тамызыңдар. Индикатор түсі қалай өзгереді? Гидролиз реакциясының теңдеуін жазыңдар.

Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтары 1. Бұл элементтердің тотығу дәрежелері әр түрлі. Мына элементтердің темір (ІІІ), кобальт (ІІ), никель (ІІ) иондарының электрондық конфигурациясын көрсетіңдер.

2.Темірдің адам ағазсындағы ролін айтыңдар.

3.Темір (ІІ) қосылысының тотығу-тотықсыздану қасиеттерін сипаттаңдар: а)темір (ІІ) қосылыстарының ерітіндісі ауада неге өзгереді? Темір (ІІ) гидроксидінің оттегімен тотығуының реакциясының теңдеуін жазыңдар. б)мына заттардың ерітінділерін 1)FeSO4 және KMnO4 2)FeSO4 және K2Cr2O7 бір-біріне қосқанда жүретін реакциялар теңдеуін жазыңдар. Тотығу потенциалының мәндерін қолданыңдар.

3.Екі реакция теңдеуі арқылы темір ерітіндісінде тотығу дәрежелері +2 және +3 сәйкес келетін темір бар екенін дәлелдеңдер.

4.Темір тұздарының ерітіндісін дайындағанда қышқыл құяды. Неге?

5.Сұйытылған және концентрлі тұз қышқылымен әрекеттескенде, сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде, сұйытылған азот қышқылымен әрекеттескенде темір қай тотығу дәрежесіне дейін тотығады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

6.Кобальтты қандай әдіс арқылы алады? Кобальт (ІІ) сульфатының ерітіндісі электролизге түскенде графит электродтарында қандай процестер жүреді?

7.Кобальт (ІІ) гидроксидінің оттегімен кобальт (ІІІ) гидроксидіне дейін тотығатынын ΔG0298 есептеп, дәлелдеңдер.

8.Мына қатарда Ni(OH)2 – Co(OH)2 – Fe(OH)2 тотығу процесі қалай өзгереді? Қай гидроксид жеңіл тотығады?

9.Кобальт (ІІІ) гидроксидінің концентрлі хлорлы сутек қышқылымен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңдар. Қандай газ бөлінеді?

10.Мына комплекс тұзының [Ni(NH3)6]Cl2 ерітіндісіне а) натрий гидроксидінің ерітіндісін; б)күкіртті сутек суының ерітіндісін қосқанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Түзілген никель қосылысының ерігіштік көбейтіндісін пайдаланып, қай ерітінді комплекс ионды толығырақ бұзатынын көрсетіңіздер.

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТҚЫРЫБЫ № 15

ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ І В, ІІ В, УІВ ТОПШАЛАРЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ (МЫС, МЫРЫШ, КАДМИЙ, ХРОМ, МОЛИБДЕН)

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚҚА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

Мыс қан түзілуіне қатысады, оның тәуліктік қажеттілігі 2-3 мг. Мыс сары майда (0,8 мг/кг), етте (0,8-1,5 мг/кг), сүтте (0,7 мг/кг) көп болады. Бірақ мыстың артық мөлшері ревматоидтық артрит деген ауруға әкелуі мүмкін. Мырыш ағзада қанттың алмасуын реттейді. Оның көп мөлшері етте, сүтте болады. Егер мырыш концентрациясы ағзада 1,5 еседен асып кетсе, ол рак ауруына диагноз қоюға көмектеседі. Кадмийдің ағзадағы ролі әлі зерттелмеген.

ТӘЖІРИБЕ №1: МЫСТЫҢ СҰЙЫТЫЛҒАН ЖӘНЕ КОНЦЕНТРЛІ ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ

Үш пробиркаға мыс түйірін салып, 5-6 см3 мына 2 н қышқылдарды құйыңдар: HCl, H2SO4, HNO3. Тағы үш пробиркаға мыс салып, концентрлі қышқылдар құйыңдар. Нені байқадыңдар? Мыс туралы қорытынды жасаңдар.

ТӘЖІРИБЕ №2 МЫСТЫҢ (ІІ) АЗ ЕРИТІН ТҰЗДАРЫН АЛУ

Екі пробиркаға 3-4 см3 мыс (ІІ) хлоридінің не сульфатының ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға күкіртті сутек суын, екінші пробиркаға соды ерітіндісін (Na2CO3) қосыңдар. Тұнбалар түсін байқаңдар. Тұнбалар түсу реакцияларының иондық және молекулалық теңдеулерін жазыңдар. Мыс тұзы содымен әрекеттескенде мыс гидрокарбонаты (CuOH)2CO3 түзіледі. Неге мыс карбонаты CuCO3 түзілмейді?

ТӘЖІРИБЕ №3 МЫСТЫҢ КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ

Пробиркаға 3-4 см3 мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған 2 н аммиак ерітіндісін тамшылатыңдар. Алғашқы тамшы құйылғанда негіздік тұнба (СuOH)2SO4 түзіледі, ол аммиак тамшысы артқан сайын ери бастайды. Мына реакциялар теңдеулерін жазыңдар: а)мыс сульфатының аммиакпен негіздік сульфат түзілуінің; б)аммиактың артық мөлшерінде негіздік сульфат тұнбасының еріп, комплекс қосылыс түзілуінің. Мыс (ІІ) ионының координациялық саны 4. в)мыс комплекс қосылысының диссоциациясын. Қай негіз күшті: мыс гидроксиді ме, әлде тетраамин мыс гидроксиді [Cu(NH3)4](OH)2 ме?

ТӘЖІРИБЕ №4 МЫРЫШ ПЕН КАДМИЙ ГИДРОКСИДТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Екі пробиркаға 3-4 см3 мырыш тұзының ерітіндісін, екі пробиркаға 3-4 см3 кадмий тұзының ерітіндісін құйыңдар. Әр пробиркаға 2 н сілті ерітіндісін тамшылатып құйыңдар. Ақ түсті гидроксидтер тұнбалары пайда болады. Алынған тұнбалардың қышқылдармен, негіздермен қалай әсерлесетінін байқаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Гидроксидтер қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар.

ТӘЖІРИБЕ №5 МЫРЫШ ЖӘНЕ КАДМИЙ ТҰЗДАРЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ

Бір пробиркаға бірнеше кристалл мырыш тұзын, екінші пробиркаға бірнеше кристалл кадмий тұзын салып, суда ерітіңдер. Әр пробиркаға 2-3 тамшы лакмус құйып, пробиркаларды аздап қыздырыңдар. Лакмус түсінің өзгеруі арқылы реакция ортасын анықтаңдар. Гидролиз теңдеулерін молекулалық және иондық түрінде жазыңдар.

Марганец және молибден – микроэлементтер. Mn адамның өсуіне, қан түзілуіне әсер етеді, алмасу процесіне қатысады. Mn көп мөлшерде күріште, қара нанда, шайда, жемістерде болады. Молибден ферменттің жұмыс істеуіне әсер етеді.

ТӘЖІРИБЕ №6 ХРОМ (ІІІ) ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Пробиркаға 5-6 см3 хром (ІІІ) тұзын құйыңдар. Тұнба пайда болғанға дейін тамшылатып сілті ерітіндісін құйыңдар. Тұнба түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар. Пробиркадағы затты екіге бөліңдер, бір бөлігіне күкірт қышқылының ерітіндісін, бір бөлігіне тұнба ерігенге дейін сілті ерітіндісін құйыңдар. Алынған ерітінділердің түсін салыстырыңдар. Сілтінің артық мөлшерін құйғанда [Cr(OH)6]3- анионы түзіледі. Бұл реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Хром (ІІІ) гидроксиді туралы қорытынды жасаңдар.

ТӘЖІРИБЕ №7 ХРОМ (ІІІ) ТҰЗЫНЫҢ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ

Пробиркаға 2-3 см3 хром (ІІІ) тұзының ерітіндісін құйыңдар да оған тұнба ерігенге дейін сілті ерітіндісін құйыңдар. Алынған хромит ерітіндісін үш пробиркаға бөліңдер. Бір пробиркаға хлор суын, екінші пробиркаға бром суын, үшінші пробиркаға сутек пероксидін құйыңдар. Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Ерітінділер түсінің өзгергенін байқаңдар. Хромиттің хроматқа өтуінің (сілтілік ортада) реакция теңдеулерін жазыңдар.

ТӘЖІРИБЕ №8 ХРОМАТТАР МЕН ДИХРОМАТТАР

а)Пробиркаға 3-4 тамшы калий хроматы мен 3-4 тамшы күкірт қышқылы ерітіндісін құйыңдар. Ерітінді түсінің өзгергенін байқаңдар. Реакция теңдеуін иондық түрде жазыңдар. б)Пробиркаға 3-4 тамшы дихромат ерітіндісін құйып оған бір-екі тамшы сілті ерітіндісін тамызыңдар. Ерітінді түсінің өзгергенін байқаңдар. Реакция теңдеуін иондық түрде жазыңдар.

ТӘЖІРИБЕ №9 АЗ ЕРИТІН ХРОМАТТАР АЛУ

Үш пробиркаға 3-4 см3 калий хроматы ерітіндісін құйып, оған 2-3 тамшы ерітінділерді тамызыңдар: біріншісіне- барий хлоридін, екіншісіне- қорғасын нитратын, үшіншісіне- күміс нитратын. Тұнбалар түсін байқаңдар. Реакциялар теңдеуін иондық және молекулалық түрде жазыңдар.

ТӘЖІРИБЕ №10 ХРОМАТТАРДЫҢ ТОТЫҚТЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ

4-5 см3 калий дихроматы ерітіндісіне бір-екі тамшы күкірт қышқылын тамызып, оған 3-4 тамшы калий иодиді ерітіндісін құйыңдар. Ерітінді түсі өзгергенін байқаңдар. Пробиркаға бір тамшы крахмал тамызып, иодтың пайда болғанын дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.

15.2 Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтары

1. Элементтер иондарының Cu(I), Cu(II), Zn(II), Cd(II) электрондық конфигурациясын көрсетіңдер.

Мына комплексті қосылыстардағы K2[ZnCl4], [Zn(H2O)4]Cl2, K2[Zn(OH)4], [Cu(NH3)4]+. а)ішкі және сыртқы сфераларды, комплекс-түзгіштерді, лигандаларды атаңдар; б)комплекстің зарядын, комплекс түзгіштің тотығу дәрежесін және координациялық санын анықтаңдар; в)қай қосылыс катионды комплекс, қайсысы аниондық комплекс. г)комплекс қосылыстарды атаңдар. 2. Мыс (ІІ) сульфатының, мырыш хлоридінің ерітінділері электролизге ұшырағанда электродтарда қандай процестер жүреді?

Сусыз мыс (ІІ) сульфаты ақ түсті кристалл зат, егер оны суда ерітсе, ерітінді көгереді. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? 3. Мырыш азот қышқыл тұзының, мыс (ІІ) хлоридінің гидролизін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

4.Мыстың, мырыштың, кадмийдің мына қышқылдармен а)сұйытылған және концентрлі тұз қышқылымен; б)сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылымен; в)сұйытылған және концентрлі азот қышқылымен әрекеттесуінің теңдеулерін жазыңдар.

5.Мырыш гидроксидінің тұнба-ерітінді жүйесінің тепе-теңдігінің схемасын жазыңдар. Тепе-теңдік қышқыл не сілті құйғанда қалай ығысады?

6.Мырыш оксидінің көміртегі монооксидімен тотықсыздануының стандартты энтальпиясын есептеңдер (кесте пайдаланыңыздар).

 

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

 

№ I,2 ЖАЗБАША ҮЙГЕ ТАПСЫРМА. СТУДЕНТ 3,4 ЖҰМАДА ОРЫНДАУЫ КЕРЕК

№ 1

1. 5,00г металл жанғанда 9,44г металл оксиді түзілген. Металдың эквивалент массасын анықтау керек. Жауабы 9,0г/моль.

2. 6,3г мыс оттегімен әрекеттескенде қанша мыс(II) оксиді түзіледі?

Жауабы 7,9г.

3. 2,8дм3 газда қ.ж. қанша моль және қанша молекула бар?

Жауабы: 0,125 моль; 7,52.1022 молекула.

4. Мына қосылыстардағы PH3, H2O, HBr фосфордың, оттегінің, бромның эквиваленттерін және эквивалент массаларын анықтаңдар.

5. Реттік номері 9 және 28 болатын элементтердің электрондық формулаларын жазып, олардың электрондарын квант ұяшықтарына орналастырыңдар.

6. Иондану энергиясы деген не? Оның өлшем бірлігі қандай? Периодтық жүйедегі s- және р- элементтерінің топ бойынша реттік номері өскен сайын тотықсыздандырғыш қасиеттері қалай өзгереді?

7. Мына орбитальдардың қайсысына электрондар бұрын орналасады: 4s-ке ме, әлде 3d-ға ма; 5s-ке ме, әлде 4р-ға ма? Неге?

8. Атом дегеніміз не? Молекула дегеніміз не?

№ 2

1. Заттың молі дегеніміз не? Авогадро саны нені көрсетеді?

2. Атом орбиталының формасын (пішінін) қай квант саны көрсетеді?

s-, p-, d- орбиталдарының формаларын (пішінін) көрсетіңдер.

3. Мына реакциялардағы күкірт қышқылының эквивалентін және эквивалент массасын анықтандар:

H2SO4 + NaОН = NaHSO4 + H2O

H2SO4(сұй.) + Zn = ZnSO4 + H2

4.Бір заттың молекуласының массасы 1,2×10-25кг. Ол заттың салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар Жауабы: 72,24.

5. Электрон тартқыштық деген не? Мына қатардағы элементтердің азот, оттегі, фтор тотықтырғыштық қасиеттері қалай өзгереді?

6. Оттегінің 1 эквивалентіне сәйкес массасы қандай көлем алады (қ.ж.)?

7. Марганец тотығу дәрежелері +2, +3, +4, +5, +7 болатын қосылыстар түзеді, оның оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазып, марганец(IV) гидроксидінің амфотерлі қасиетін көрсететін реакциялар тендеулерін жазыңдар.

8. Реттік номері 25 және 34 элемент атомдарының электрондық формулаларын жазындар.

№ 3

1. Металдың белгілі бір мөлшері 0,2 г оттегімен және 3,17 г галогеннің бірімен қосылыс бере алады. Галогеннің эквивалент массасын анықтаңдар. Жауабы: 127 г/моль.

2. Химиялық элементтің эквиваленті тұрақты шама ма, әлде элементтің валенттілігіне байланысты ма?

3. Күкірт диоксидінің бір молекуласының массасы қанша?Жауабы: 1,06.10-22г.

4. 200 мл ацетиленнің массасы (қ.ж.) 0,232 г болса, оның молекулалық массасы қанша?Жауабы 26 г.

5. Мына қышқылдарға сәйкес келетін ангидридтердің формуласын жазыңдар: H2SO4,H3BO3, HOCl, HMnO4

6. Бас квант саны n = 4 болатын атомдағы максимал электрон саны қанша? Жауабы 32.

7. Электртерістік дегеніміз не? р - элементтердің реттік номері өскен сайын периодта, топтарда олардың электртерістігі қалай өзгереді? Неге?

8. Реттік номері 16 және 26 элемент атомдарының электрондық формуласын жазыңдар. Бұл атомдардың электрондарын квант ұяшықтарына орналастырыңдар.

№ 4

1.Егер 3,24 г металл 3,48 г оксид және 3,72 г сульфид түзетін болса, металл мен күкірттің эквивалент массалары нешеге тең болады.

Жауабы:108г/моль, 18 г/моль.

2.Мына формуланың қайсысы эквивалент занына сәйкес келеді?

а. m1 / m2= э21 б.m1э2=m2э1

3.1 г аммиакта және 1 г азотта қанша молекула болады? Қайсысында молекула саны көп және неше есе?

4.Егер бір газдың 600 мл-нің массасы(қ.ж.) I,714 г болса, оның молекулалық массасы нешеге тең. Жауабы: 64 г/моль.

5.Мына гидроксидтерге сәйкес келетін оксидтердің формулаларын жазыңдар: H2SiO3, Cu(OH)2, H3ASO4, H2ClO4, Fe(OH) 3

6. Мына орьбиталдардың 4d- не 5s-; 6s- не 5р- қайсысы электрондармен бұрын толтырылады. Неге? Реттік номері 43 элементтінің электрондық формуласын жазындар.

7. Изотоп дегеніміз не? Периодтық жүйедегі көптеген элементтердің атомдық массалары бөлшек санға тең. Неге?

8. Авогадро заңы мен оның салдарлары.

№ 5

1. Хлордың эквивалент массасы 35,5 г/моль, мыс атомының молярлық массасы 63,5 г /моль. Мыс хлоридінің эквивалент массасы 99,5 г/моль. Сонда мыс хлоридінің формуласы қандай?

2. Фосфор құрамы әртүрлі екі хлорид қосылысын береді, бұл қосылыстарда хлордың ба, әлде фосфордың ба эквиваленті тұрақты болады?

3. а. 0,001 кг H2 және 0,001кг О2 – де; б.1мольH2 және 1мольО2-де; в.1моль H2 және 1моль O2-де бірдей жағдайда молекулалар сандары бірдей бола ма?

4. Мына өзгерістерді іске асыратын реакциялар тендеулерін жазыңдар:

Ba→BaO→BaCl2→Ba(NO3)2→BaSO4

Mg→MgSO4→Mg(OH)2→MgO→MgCl2

5. Реттік номерлері 25 және 34 элементтердің атомдарының электрондық формулаларын жазындар.

6. IV- периодтағы – марганец пен бром элементтерінің қайсысының металдық қасиеті көбірек, неге?

7. Реттік номері 33 элемент қай топта орналасқан? Осы элементтің электрондық формуласына, периодтық жүйедегі орнына байланысты қасиеттерін сипаттандар.

8. Масса және энергия сақтау заңына анықтама беріп, мысалдар арқылы

түсіндіріндер.

№ 6

1. Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың, оксидтердің эквивалент массаларын қалай анықтайды? Мысалдар келтіріңдер.

2. Менделеев – Клапейрон тендеуін қолданып, заттардың молекулалық массаларын қалай анықтайды? Бұл әдісті барлық заттар үшін қолдануға бола ма?

3. а.0,486 г магнийде; б.34,2 г алюминий сульфатында қанша моль магний және қанша моль алюминий сульфаты бар? Жауабы: а.0,02 моль, б.0,1 моль.

4.Бір валентті хлормен байланысқан мына элементтердің валентілігін анықтаңдар: CaCl2, NCl3, HCl, PCl,AlCl3.Азоттың максимал валенттілігі қанша

5. Кальций фосфатының Са3(PO4)2 салыстырмалы молекулалық массасын, молярлық массасын есептеңдер. Оның 0,5 моліне сәйкес келетін массасын табыңдар.

6. Реттік номері 14 элементтің электрондық формуласын жазыңдар. Электрондарды квант ұяшықтарына орналастырыңдар. Соңғы энергетикалық деңгейде қанша жалқы электрон бар

7. 0,001 м3 газдың қ.ж. массасы 0,002 г. Газдың молярлық массасын және оның ауа бойынша тығыздығын анықтандар.

8. Екінші периодтағы элементтердің литийден азотқа дейінгі бірінші ионизациялық потенциялы неге бірқалыпты өспейді?

№ 7

1. Электртерістік деген не? Период және топ бойынша электртерістіктің мәні қалай өзгереді? Мысал келтіріңдер.

2. Қорғасын, никель, радон, вольфрам атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар. Электрондық формулаларына байланысты олардың периодтық жүйедегі орындарын көрсетіңдер.

3. Азоттың, күкірттің және хлордың эквивалентін және эквивалент массаларын анықтандар.

4. Кальций карбонатының а.2моль; б.0,25 моль; в.1,5 молінің массасын есептеңдер.

5. Газдың ауа бойынша тығыздығы 1,17. Газдың молекулалық массасын анықтандар. Жауабы: 33,9 г

6. 2,24 л газдың массасы 2,8 г. Газдың молекулалық массасы нешеге тең? Жауабы: 28 г.

7. Квант сандары деген не? Олар қандай мәндерге ие болады?

8. Мышьяк, күкірт және бромның жоғарғы және төменгі тотығу дәрежелеріне сәйкес келетін қосылыстардың формулаларын жазыңдар.

№ 8

1. СО2 6,02х1021 молекулалардың; б. оттегінің 1,2×1024 атомдарының молдік (молярлық) массалары қаншаға тең?

2. Эквивалент массасы 12,16 г/моль болатын металдың неше грамы 310 мл оттегімен (қ.ж.) әрекеттеседі. Жауабы: 0,673 г.

3. Мына тендеулерге қатысатын күкірт қышқылы мен алюминий гидроксидінің эквиваленттерін және эквивалент массаларын есептеңдер:

H2SO4 + KOH = KHSO4 + H2O

H2SO4 + Mg = MgSO4 +H2

Al(OH)3 + HCl =Al(OH)2Cl + H2O

Al(OH)3 + 3HNO3 = Al(NO3) 3+ 3H2O

4. Егер 0,824 г газдың көлемі 0,260 л болса, оның молекулалық массасы (қ.ж.) қанша?Жауабы: 71.

5. 1 м3 ауаның 170С және 83,2 кПа қысымдағы массасы қанша? Ауаның молярлық массасы 29 г/моль. Жауабы: 1 кг.

6. Орбиталь квант саны нені сипаттайды? Егер бас квант саны 3-ке тең болса, орбиталь квант саны қандай мәндерге тең болады?

7. Реттік номері 19 элементінің электрондық формуласын жазыңдар. Химиялық реакцияға қанша электрон қатысады?

8. Атом құрылысына сүйеніп, көміртегі мен күкірт қандай валенттік көрсететінін табыңдар. Мысал келтіріңдер.

№ 9

1. Германий изотобының 4332Ge ядросында неше протон және нейтрон бар? Нeон (атомдық массасы 20,2) мына изотоптардан 20Ne және 22Ne тұрады. Бұл изотоптардың проценттік үлесін есептеңдер.

2. Электрон бұлтының формасын (пішінін) қай квант саны сипаттайды? s – деңгейшесіндегі орбиталь квант санының мәні нешеге тең? Реттік номері 26–ға тең элементтің электрондық формуласын құрыңдар. Соңғы электрондық деңгейшеде қанша электрон бар?


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.072 сек.)