АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии. М.: 1981 г. (ескісі) 56-59 беттер

Читайте также:
  1. I этап Подготовка к развитию грудобрюшного типа дыхания по традиционной методике
  2. III МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ БИОЛОГИИ
  3. III. Практикум по преодолению стрессов
  4. VI. Практикум на знание нормативно-правовой базы
  5. Анализ психических состояний у занимающихся йогой по методике Айзенка
  6. Вступ до лабораторного практикуму з загальної екології
  7. Глава 1 ОБЩЕСТВЕННОЕ ЗДОРОВЬЕ И ЗДРАВООХРАНЕНИЕ КАК НАУКА И ПРЕДМЕТ ПРЕПОДАВАНИЯ
  8. Задачи преподавания дисциплины
  9. Заработная плата, подлежащая выплате на руки с учетом обязательных удержаний (пенсионный фонд и подоходный налог) по типовой методике.
  10. Значение полученных данных по методике САН.
  11. Ключ к методике выявления установок «свобода — власть», «труд — деньги».

СӨЖ мазмұны: Химия мектепте 2004 жыл номері 1санындағы Сарамандық жұмыстардың жаңа бағыттары мақаласымен танысу.

Әдебиеттер: «Химия мектепте» журналы 2004 жыл номері

Апта

1 кредит сағат

Дәріс № 11

Тақырыбы: Химиялық экспериментті ұйымдастыру.

Дәріс мазмұны: Химиялық экспериментке оқытушының даярлығы.Химиялық экспериментке оқушының даярлығы.

Әдебиеттер:

1.Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж. (интернет көзі)

2.И.Нұғманұлы «Химияны оқыту әдістемесі 47-48бет

3Т.С.Назарова А.А.Грабецкий т.б Организация работы лаборанта в школьном кабинете химий. М,Просвищение

ОЖСӨЖ мазмұны: 10-сыныптағы химиялық эксперимент.

Әдебиеттер

1.10- сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2004

2.10-сынып оқулығы

СӨЖ мазмұны:

Әдебиеттер:

2 кредит сағат

№ 11лабораториялық сабақ

Лабораториялық сабақ тақырыбы: 10 -сынып. Маңызды s-элементтер жəне олардың қосылыстары және маңызды d-элементтер жəне олардың қосылыстары.

Лабораториялық сабақ мазмұны: 10-сыныпта Маңызды s-элементтер жəне олардың қосылыстары және маңызды d-элементтер жəне олардың қосылыстары тақырыбындағы көрсетілім және зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесімен танысу.

Әдебиеттер:

1.8-9 сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2004

2.9-сынып оқулығы 97-104, 129-131 бет.

3 А.Мырзабай-ұлы. Химияны оқыту әдістемесінің практикумы. Алматы.: “Рауан”1997 ж.139-159 беттер.

4 Т.С.Назарова «Химический эксперимент в школе»Москва, Просвещение 1987

ОЖСӨЖ мазмұны: « Негізгі топша металдары» тақырыбына эксперименттік есептер шешу» №2 Сарамандық жұмысты жүргізу әдістемесі

Әдебиеттер:

1. 8-9 сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2004

2. 9-сынып оқулығы 97-104, 129-131 бет.

СӨЖ мазмұны: «Металдардың химиялық активтілігін салыстыру»зертханалық тәжірибелерді өткізу әдістемесі.

Апта

1 кредит сағат

Дәріс №12

Тақырыбы: Химиялық экспериментті ұйымдастыру.

Дәріс мазмұны: Химиялық экспериментке зертханашының даярлығы. Лаборанттың біліктілік сипаттамасы. Зертханашының қажет біліктер мен дағдылар. Зертханашының сабаққа даярлығы. Лабораториялық шаруашылықты жүргізу.

Әдебиеттер:

1.Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж. (интернет көзі)

2.И.Нұғманұлы «Химияны оқыту әдістемесі 47-48бет

3.Т.С.Назарова А.А.Грабецкий т.б Организация работы лаборанта в школьном кабинете химий. М,Просвищение

4. Что длжен знать и уметь лаборант школьного химического кабинете мақаласын Химия в школе журналы 1991 №3 оқы.

 

ОЖСӨЖ мазмұны: Мектептегі химия кабинетіндегі оқытушы мен окушының жүмыс орны.

Әдебиеттер:

1.А.Мырзабайұлы. «Химияны оқыту әдістемесі практикумы» - Алматы Рауан, 1997. 5-41 бет.

2.А.А.Грабецкий., Т.С.Назаров. «Кабинет химии» - Москва, Просвещение. 1983.

3.Т.С.Назаров и другие. «Организация работы лаборанта в школьном кабинете химии» - Москва, Просвещение. 1984.

4.К.Әбсалыққызы және т.б. «Химиядан өткізілетін сарамандық жұмыстар» - Алматы Рауан

СӨЖ мазмұны: Химия кабинетінің негізгі жабдықтары

Әдебиеттер:

1.А.Мырзабайұлы. «Химияны оқыту әдістемесі практикумы» - Алматы Рауан, 1997. 5-41 бет.

2.А.А.Грабецкий., Т.С.Назаров. «Кабинет химии» - Москва, Просвещение. 1983.

2 кредит сағат

№ 12 лабораториялық сабақ

Лабораториялық сабақ тақырыбы: 10 - сынып. Маңызды p-элементтер жəне олардың қосылыстары. «Маңызды p-элементтер жəне олардың қосылыстары» тақырыбындағы көрсетілім және зертханалық жұмыстар.

Лабораториялық сабақ мазмұны: 10 - сыныпта «Маңызды p-элементтер жəне олардың қосылыстары» тақырыбындағы көрсетілім және зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесімен танысу.

Әдебиеттер:

1. 10 сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2014

2. 10-cынып. Химия.Н.Нұрахметов,Қ.Бекішев,Н.Заграничная.Алматы«Мектеп» 2010

3.А.Мырзабай-ұлы. Химияны оқыту әдістемесінің практикумы. Алматы.:“Рауан” 1997 ж.139 159 беттер.

4.Т.С.Назарова «Химический эксперимент в школе» Москва, Просвещение 1987

ОЖСӨЖ мазмұны: 10 - сынып. Маңызды p-элементтер жəне олардың қосылыстары тақырыбы бойынша сарамандық жұмыстар.

Әдебиеттер:

10- сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2014

1. 10 cынып. Химия.Н.Нұрахметов,Қ.Бекішев, Н.Заграничная.Алматы «Мектеп» 2010

2. А.Мырзабай-ұлы. Химияны оқыту әдістемесінің практикумы. Алматы.: “Рауан” 1997 ж.

3. В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии. М.:1989 г

4. В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии. М.:1989

Апта

1 кредит сағат

Дәріс № 13

Тақырыбы: Орта мектептің химия кабинеті және оның орны

Дәріс мазмұны: Химия кабинетінің оқу тәрбиелік маңызы.Кабинетке қойылатын талаптар. Химия кабинетінің оқу құралдары жүйесі.Табиғи нысандар. Табиғи нысандардың кескіндері,заттарды және құбылыстарды шартты түрде сипаттау.

Әдебиеттер:

1.А.Мырзабайұлы. «Химияны оқыту әдістемесі практикумы» - Алматы Рауан, 1997. 5-41 бет.

2.А.А.Грабецкий., Т.С.Назаров. «Кабинет химии» - Москва, Просвещение. 1983.

ОЖСӨЖ мазмұны: 11 - сынып «Жаратылыстану-математика» бағытта оқитын оқушылар жасайтын лабораториялық және практикалық жұмыстар.

Әдебиеттер

1.11 сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2014

2.Химия 11-сынып.Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов Алматы «Мектеп» 2012

 

СӨЖ мазмұны: Оқушыларда қалыптасуға және тексеруге тиісті біліктер мен дағдылардың үш тобы

Әдебиет: И.Нұғманұлы «ХОӘ» 95 бет

2 кредит сағат

№ 13лабораториялық сабақ

Лабораториялық сабақ тақырыбы: 11 сыныпта «Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері» тарауындағы эксперимент

Лабораториялық сабақ мазмұны: 11 сыныпта «Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері» тарауындағы экспериментті жүргізу әдістемесі.

Әдебиеттер:

1.11 сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2014

2.Химия 11-сынып. Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов Алматы «Мектеп» 2012

3.А.Мырзабай-ұлы. Химияны оқыту әдістемесінің практикумы. Алматы.: “Рауан” 1997 ж. 62-65 беттер.

В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии. М.: 1989

 

ОЖСӨЖ мазмұны: 11 сынып «Қоғамдық – гуманитарлық» бағытында оқитын оқушылар жасайтын химиялық эксперимент.

Әдебиеттер

1 11 сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2004

2 11сынып оқулығы

3 В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии. М.: 1989

4 А.Мырзабай-ұлы. Химияны оқыту әдістемесінің практикумы. Алматы.: 173- 177 беттер

5 В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии. М.11 сыныпта

СӨЖ мазмұны: Химиялық экспериментті орындауға қойылатын талапттар

Әдебиет:

1.8-11сынып бағдарламасы, ескісі

2.11-сынып оқулығы

Апта

1 кредит сағат

Дәріс № 14

Тақырыбы: Эксперименттік білікті және дағды. Эксперименттік білік пен дағдының классификациясы. Эксперименттік білік дағдыларды қалыптастыру әдістемесі.

Дәріс мазмұны: Эксперименттік білік, дағдының жіктелуі. Эксперименттік білік, дағды деңгейлері, оларға сипаттама. Эксперименттік білік дағдыларды қалыптастыру әдістемесі. Эксперименттік білік дағдыны бақылау және есепке алу

Әдебиеттер:

1.Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж. (интернет көзі)

ОЖСӨЖ мазмұны: Оттекті органикалық қосылыстар тарауындағы лабораториялық тәжірибені жүргізу.

Әдебиеттер:

1.11 сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2014

2.Химия 11-сынып.Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов Алматы «Мектеп» 20112

3.А.Мырзабай-ұлы. Химияны оқыту әдістемесінің практикумы. Алматы.: “Рауан” 1997 ж. 62-65 беттер.

В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии. М.: 1989

 

 

СӨЖ мазмұны: 10 сынып бағдарламасы мен 10-сынып оқулығы мазмұнымен танысу.

Әдебиеттер:

1.А.Мырзабайұлы. «Химияны оқыту әдістемесі практикумы» - Алматы Рауан, 1997. 5-41 бет.

2.А.А.Грабецкий., Т.С.Назаров. «Кабинет химии» - Москва, Просвещение. 1983.

2 кредит сағат

№ 14 лабораториялық сабақ

Лабораториялық сабақ тақырыбы: 11 сыныпта «Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару бойынша №4 -практикалық жұмыс.

Лабораториялық сабақ мазмұны: 11 сыныпта «Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару» тақырыбы бойынша №4 -практикалық жұмыс жүргізу әдістемесі.

Әдебиеттер:

1.11 сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2014

2.Химия 11-сынып.Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов Алматы «Мектеп» 2012

3. В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии. М.: 1981 г153 б

 

ОЖСӨЖ мазмұны 11 сыныпта «Сірке жəне фосфор қышқылдарының химиялық қасиеттерін салыстыру. Крахмалдың коллоидтық ерітіндісін əзірлеу жəне оның қасиеттерін зерттеу, тамақ өнімдеріндегі крахмалды анықтау»№4зертханалық тәжірибелерді жүргізу әдістемесі.

Әдебиеттер: «Химия мектепте»журналы 2008 жыл номері 2

Апта

1 кредит сағат

Дәріс № 15

Тақырыбы: Аз мөлшердегі реактивтермен жұмыс істеу әдістемесі.

Дәріс мазмұны: Аз мөлшердегі реактивтермен жұмыс істеудің артықшылығы және ерекшелігі. Аз мөлшердегі реактивтермен жұмыс істеу үшін қажет құрал-жабдықтар. Аз мөлшердегі реактивтермен жұмыс істеудің әдістемесі.

Әдебиеттер:

1.Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж. (интернет көзі)

2. Чертков Назарова Химический зксперимент с малыми количествами реактивов

ОЖСӨЖ мазмұны: 11 сынып «Қоғамдық гуманитарлық» бағытта оқитын оқушылар жасайтын лабораториялық және практикалық жұмыстар.

Әдебиеттер:

1.11 сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2004

2 Химия 11-сынып. Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов Алматы «Мектеп» 2011

СӨЖ мазмұны: 11 сынып бағдарламасы мен 11-сынып оқулығы мазмұнымен танысу.

Әдебиеттер:

1.11 сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2014

2.Химия 11-сынып. Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов Алматы «Мектеп» 2012

2 кредит сағат

№ 15 лабораториялық сабақ

Лабораториялық сабақ тақырыбы:11 сынып. «Белоктардың физикалық, химиялық қасиеттері» тақырыбындағы зертханалық тәжірибелер.

Лабораториялық сабақ мазмұны:11 сыныпта«Белоктардың физикалық, химиялық қасиеттері» тақырыбындағы зертханалық тәжірибелерді жүргізу әдістемесі.

«Белоктың түсті реакциялары» Ксантопротеин реакциясы. Биурет реакциясы. «Мақта жəне жібек жіптің жануы»;

Әдебиеттер:

1.10-11 сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2014

2 11-сынып. Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов Алматы «Мектеп» 2011

3 В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии. М.: 1981 г153 б

ОЖСӨЖ мазмұны: Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар тақырыбындағы эксперимент

Әдебиеттер:

1.11-сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2014

2.Химия 11-сынып.Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов Алматы «Мектеп» 2011

 

СӨЖ мазмұны:

Әдебиеттер:

1.11-сынып бағдарламасы, «Бағдарламалар» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы, 2014

2.Химия 11-сынып.Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов Алматы «Мектеп» 20112

Негізгі және қосымша әдебиет тізімі.

Негізгі әдебиеттер

1. Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж. (интернет көзі)

2. Т.С.Назарова «Химический эксперимент в школе» Москва, Просвещение 1987 125-126 бет.

3. Нұғыманұлы И.Н. Химияны оқыту әдістемесі – Алматы; Рауан. 1993. -320 б

4.Чернобельская Г.М. Методика обучения химии в средней школе М., Владос., 2000., 355 с

5 Н.Н.Нұрахметов және т.б. Химия 8-11 сынып оқулықтары, Алматы, Мектеп, 2004 208-209 беттер.

Қосымша әдебиеттер

1. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы,

Білім, 2004.

2. Грабецкий А.А., Назаров Т.С. Кабинет химии. М.: 1983 г.

3. М.С.Пак. диактика химии, Москва, 2004 ж.

4 Зайцев О.С. Методика обучения химии. Теоретические и прикладные аспекты. М.: Центр Владов, 1999., 384 с.

5 И.Нұғыманов, Р. Жұмаділова, Р. Қаржасбай Химия 9, Әдістемелік нұсқау.

А, «Мектеп», 2005 ж

6 В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии.

3.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

№ п/п Жұмыс түрі Тапсырманың мақсаты мен мазмұны Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы Балл Бақылау түрі  
  Дәріске қатысуы   Дәріске қатысуы     Әр апта сайын   100%    
  ОЖСӨЖ орындалуы, тапсырылуы Студенттің теориялық даярлығы, жұмыс қабілетін дамыту   Әр апта сайын СОӨЖ тақырыбы бойынша кестеге сәйкес   әңгіме, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру  
  Лабораториялық жұмысты орындауы,тапсыруы белсендігі Жұмыс істеу творчестволық қабілеті Әр апта сайын лабораториялық жұмыс тақырыбы бойынша   Ауызша сұрау, сұрақ –жауап, эксперимент  
  Бақылау жұмысы Өтілген материалдар бойынша теориялық даярлығы, білімін тексеру 7.14 Апта   Вариант бойынша жазба жұмыс  
    Жеке тапсырманы орындуы     Студенттің творчестволық жұмысысын тексеру     8. 15 Апта         100%     Жоба қорғау  
  Емтихан Білімді кешенді тексер     Тест    

4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.

 

  Әдебиет атауы   Барлығы   Ескерту
  Кітапханада   Кафедрада Студенттердің қамтылу пайызы (%) Электронды түрі
             
1. Нұғыманұлы И.Н. Химияны оқыту әдістемесі – Алматы; Рауан. 1993. -320 б.       1ОО    
2. Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж.         интернет көзі  
3... Т.С.Назарова «Химический эксперимент в школе» Москва, Просвещение 1987   4.Чернобельская Г.М. Методика обучения химии в средней школе М., Владос., 2000., 355 с 5 Н.Н.Нұрахметов және т.б. Химия 8-11 сынып оқулықтары, Алматы, Мектеп, 2004 208-209 беттер.   . Грабецкий А.А., Назаров Т.С. Кабинет химии. М.: 1983 г. 3. М.С.Пак. диактика химии, Москва, 2004 ж. Зайцев О.С. Методика обучения химии. Теоретические и прикладные аспекты. М.: Центр Владов, 1999., 384 с. И.Нұғыманов, Р. Жұмаділова, Р. Қаржасбай Химия 9, Әдістемелік нұсқау. А, «Мектеп», 2005 ж              

5. Дәрістік кешен:

Дәріс № 1

Тақырыбы: Химиялық эксперименттің химияны оқытудағы ролі.

Дәрістің мақсаты: Химиялық эксперименттің-заттар мен құбылыстарды танып білу құралы екендігін түсіндіру. Танымдағы эксперименттің ролін көрсету.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Эксперименттің заттар мен құбылыстарды танып білудегі маңызы.

2. Химиялық эксперименттің танымдағы ролі.

3. Эксперимент-тәрбие құралы.

4. Химиялық эксперименттің негізгі белгілері.

Дәріс мазмұны:

Химияны оқытуда химиялық эксперимент оқу процесінің құрам бөлігі болып табылады.Химиялық эксперимент- заттар мен химиялық реакцияларды танып білудің негізгі құралы. Ол арқылы оқушылар заттардың құрылысы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті заттардың генетикалық байланысын, химиялық құбылыстардың мәнін түсінеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алады.

Химиялық эксперимент-оқушылардың ақыл-ой белсенділігін, ойлауын дамытады.

Эксперименттің тәрбиелік ролі өте зор. Дұрыс ұйымдастырылған эксперимент оқушыларды тәртіпке баулуды, шығармашылық инициативасын дамытып, қоғам мүлкіне дұрыс көзқарас қалыптастырады. Оқушылардың таным іс әрекеті, яғни оқу барысы тұрғысынан алғанда оқушылардың эксперименті мынадай кезеңдерде жүзеге асады:

1. Тәжірибенің мақсатын түсіну

2. Заттарды зерттеу

3. Құрал құрастыру,немесе дайын күйінде берілген құралдарды пайдалану

4. Тәжірибені орындау

5. Тәжірибені бақылау,нәтиежесін талдау және қорытынды жасау

6. Алынған нәтиежені түсіндіру және реакция теңдеулерін жазу

7. Жазбаша есеп беру Ол білімді нақтылыққа айналдыру жолымен анықталған, теорияны практикаға айналдыру жолында басты әдіс болып табылады.

Оқу үрдісіндегі химиялық эксперименттің ортақ компоненттері:

  1. химиялық обьектілерді оқып – үйрену (заттар мен химиялық реакция)....
  2. эксперименттің мақсаты мен міндетін анықтау
  3. оқушылардың эксперименттік іс-әрекеті
  4. химиялық эксперименттің техникасын меңгеру

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1. Химиялық эксперимент-заттар мен құбылыстарды танып білу құралы дегенді қалай түсінесің?

2. Химиялық эксперимент оқушылардың ақыл-ойын қалай дамытады?

3. Эксперименттің тәрбиелік мәні неде? Химиялық эксперименттің негізгі белгілерін ата.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Виворский В.Я. «Методика химического эксперимента в школе», М., 1983ж. (интернет көзі) 1.1

2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы,

Дәріс № 2

Тақырыбы: Химиялық эксперимент функциялары

Дәрістің мақсаты: Химиялық эксперименттің негізгі компоненттері мен өзіне тән функциялармен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.. Химиялық эксперименттің негізгі белгілері.

2. Химиялық эксперименттің арнайы функциялары;

Дәріс мазмұны:

Бұл жалпы компоненттер негізінде оқу үрдісіндегі химиялық эксперимент – химия обьектілерін танып – білу және оқылған білімді дамыту бағытындағы арнайы оқу процесі болып табылады.

Химиялық эксперимент мынадай маңызды функцияларды атқарады: білім беру, тәрбиелеу (еңбек, эстетикалық, экономикалық, адамгершілік, рухани) және даму (ақыл-ойы, есте сақтау, ерік, эмоция, мотив,т.б.)

Химиялық эксперимент кейбір келесі жеке функцияларды да орындайды:

  1. Ақпараттық функция.
  2. Тапқырлық функциясы. (эврестикалық) тек факт
  3. Критерилік функция.

4. Түзету функциясы.

5 Зерттеу функциясы.

6 Қорытындылау функциясы.

7. Дүниетанымдық функциясы.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1.Химиялық эксперименттің қандай арнайы функцияларын білесің?

2.«Катализатор» ұғымын оқушыларға қандай тәжірибелер көмегімен түсіндіруге болады?

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Виворский В.Я. «Методика химического эксперимента в школе», М., 1983ж. (интернет көзі) 1.1

2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы,

 

 

Дәріс № 3

Тақырыбы: Химиялық эксперимент түрлері. Химияны оқыту жүйесіндегі демонстрациялық эксперимент.

Дәрістің мақсаты: Химиялық эксперимент түрлерімен, олардың мақсаты мен ерекшелігін атау.Экспериментке қойылатын талаптар.технологиясымен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар: Химиялық эксперимент түрлері. Демонстрациялық эксперимент. Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар.

Дәріс мазмұны:

Негізінен оқытушымен демонстрациялық үстелде орындалатын демонстрациялық эксперимент және оқушы эксперименті деп бөлінеді.

Мұнда оқушылар практикалық жұмыстарды, зертханалық тәжірибелерді және эксперименттік есептерді орындарында орындайды.

Демонстрациялық эксперимент ең алдымен, оқушыларда заттар, химиялық құбылыстар және процсстер туралы нақты түсінік, ал содан кейін химиялық ұғымдарды қалыптастыруда, жаңа тақырыпты талқылау кезінде жүргізіледі. Ол аз уақыт ішінде химия саласындағы маңызды қорытындыларды түсінуге, зертханалық тәжірибелерді және жеке жұмыстарды орындап үйретуге мүмкіндік береді

Демонмтрциялық эксперимент келесі жағдайларда жүрігізіледі:

- оқушылардың қолдануына қажетті құрал-жабдықтар жетпеген жағдайда;

- тәжірибе күрделі, оқушылар өздері өткізе алмағанда;

- тәжірибені өткізуде оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдысы жеткіліксіз жағдайда

- аз мөлшерлі реактивтер нәтиже бермегенде;

- эксперимент қауіпті болғанда (сілтілік металдармен, электр тогын қолданатын жұмыстар);

- уақытты үнемдеу мақсатында.

Әрбір демонстрациялық тәжірибе зерттелетін құбылыс сипатына және нақты оқу-тәрбиелік жұмыстың мақсатына қарай өзіндік ерекшеліктері болады. Дегенмен, химиялық демонстрациялық эксперимент келесі талаптарға сай болуы тиіс

- Көрнекілік. Көрнекі көрсеті зерзаты оқушылардың барлығына көрініп тұруы тиіс.

- Қарапайымдылық. Өткізілу техникасы бойынша қарапайым және түсінуге оңай.

- Сенімділік.

- Мазмұнын түсіну үшін алдын ала мұғаліммен дайындалуы тиі.

- Қауіпсіздік. Көрнекі көрсету тәжірибесі оқушылар үшін қауіпсіз болуы тиіс

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Демонстрациялық эксперимент қай уақытта жүргізіледі?
  2. Демонстрациялық экспериментке қандай талаптар қойылады?
  3. Оқушы эксперименті дегеніміз не?
  4. Оқушы экспериментін өткізу формаларын ата.
  5. Оқушы экспериментінің қандай түрлерін білесің?

6. Демонстрациялық экспериментке қандай талаптар қойылады?

Пайдаланатын әдебиеттер:

1 Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж. (интернет көзі)

2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 46-47 бет

Дәріс № 4

Тақырыбы: Демонстрациялық эксперимент әдістемесі.

Дәрістің мақсаты: Демонстрациялық экспериментке даярлану: материалды техникалық және әдістемелік. Мектеп химия курсы бағдарламасында қарастырылғандемонстрациялық эксперимент. Демонстрациялық тәжірибені жүргізу әдістемесі

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Демонстрациялық экспериментке даярлану: материалды техникалық

және әдістемелік.

2. Демонстрациялық тәжірибені жүргізу әдістемесі

Дәріс мазмұны:

Демонстрациялық эксперименттің әдістемесі.

Демонстрациялық эксперименттің педагогикалық нәтижесі, білімге және эксперименттік ептілік пен дағдыға әсері экспермиент техникасына байланысты.

Мұғалім кабинеттегі барлық жабдықтарды және әрбір құралдарды жеке зерттеу керек, яғни демонмтрциялау техникасын жетілдіруі тиіс. Демонстрациялау техникасы бұл демонстрцияны дайндау және өткізу кезінде қажетті құрал-жабдықтар мен аппараттарды қолдана білу тәсілдері. Демонстрациялау әдісі – демонстрацияның әсерлілігін көсететін тәсілдер жиынтығы. Демонстрацияның әдісі мен техникасы бір-бірімен тығыз байланысты. Сол себепті оларды көрнекі көрсету экспериментінің технологиясы деп атауға болады.

Демонстрациялық тәжірибені жүргізу кезінде әрбір тәжірибенің орындалу техникасын, реакивтер сапасын, құрал-жабдықтардың және құбылыстың оқушыларға жақсы көрінуін, қауіпсіздігін алдын ала тексеру өте маңызды болып табылады.

Кейде демонстрациялық үстелге екі жабдықты қойған дұрыс: біреуі – толық құрастырлыған және тәжірибе орындауға дайын күйінде, ал екіншісі - бөлшектенген түрінде, қолдану барысында оның құрылысын түсіедіру мақсатында, мысалы Кипп аппараты, тоңазытқыштар және т.б.

Дидактикалық есептерді шешу әдістеріне байланысты демонстрациялық тәжіребелерді мынандай топтарға бөлуге болады.

а) заттардың қасиеттерін зерттеу

б) заттарды алу

в) химиялық түсініктерге, заңдылықтарға, теорияларға негіздеп құбылыстарды зеттеу

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1.Демонстрациялық экспериментке материалдық, техникалық даярлануды түсіндір.

2.Демонстрациялық экспериментке әдістемелік даярлануды түсіндір.

3.Демонстрациялық эксперимент жүргізу әдістемесін талда.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1 Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж. (интернет көзі)

2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 46-47 бет

Дәріс № 5

Тақырыбы: Оқушы эксперименті, оны ұйымдастыру формалары.

Дәрістің мақсаты: Оқушы эксперименті - лабораториялық және практикалық жұмыс әдістерін түсіндіру

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Химиялық эксперимент түрлері.

2.Химиялық эксперимент түрлері- лабораториялық және практикалық жұмыстар.

Дәріс мазмұны:

Зертханалық жұмыстар -мақсаты жаңа білім алу, өтілетін оқу материалын саналы түрде игеру, сондықтан олар жаңа материалды оқып-үйрену сабақтарында жасалады.

Зертханалық тәжірибелер – тақырыпты меңгеруге және нақты білім алу мақсатында сабақтың кез-келген кезеңінде орындалатын химиялық экспримент сипаттайтын өздік жұмыс түрі. Сондай-ақ зерханалық тәжірибелер кезінде оқушылардың жеке жұмыстануына байланысты, эксперименттік ептілік пен дағды дамиды.

Практикалық жұмыстар – тақырыпты немесе таруды аяқтағаннан кейін белгілі бір сабақта оқушылардың өз бетінше орындайтын химиялық тәжірибелер. Сарамандық сабақтың мақсаты- химиялық эксперимент жасау, химиялық реактивтерді қолдана білу арқылы оқушылардың іскерлік дағдыларын жетілдіре түсу, пысықтай түсу және алған дағдыларын тексеру. Практикалық жұмыс алынған білімді бекітуге және дамытуға, сонымен қатар эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыруға және дамыта түсуге көмектеседі.

Мектеп бағдарламасында жеке тақырыптар бойынша міндетті сарамандық сабақ өткізу қарастырылған, олар оқулықтың соңында берілген.Сарамандық жұмыстар 8-кластан бастап жүйелі түрде жүргіледі. Олардың тізбесі бағдарламада жеке тақырыптар бойынша берілген.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

3. Оқушы эксперименті дегеніміз не? Оқушы экспериментінің қандай түрлерін білесің

4. Оқушы экспериментін өткізу формаларын ата.

  1. Лабораториялық жұмыстардың мақсаты.
  2. Практикалық сабақтар мақсаты.
  3. Қай уақытта эксперименттік есептер шығарылады?

Пайдаланатын әдебиеттер:

1 Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993 46-47 бет

2.А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004

3Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж.

 

Дәріс № 6

Тақырыбы: Оқушы эксперименті.Зертханалық тәжірибелер

Дәріс мазмұны: Орта мектепте химиядан зертханалық тәжірибелерді жүргізудің ерекшеліктері.Мектеп химия курсы бағдарламасында қарастырылған зертханалық тәжірибелерді жүргізудің әдістемесі

Көрсетілімді тәжірибелер қаншама түсінікті көрнекі болғанымен, оқушылардың өздері жасаған тәжірибесіне жетпейді. Зертханалық жұмысты оқушылар сабақ үстінде мұғалімнің нұсқауы бойынша оқулықтағы тәжірибе сипаттамасына сәйкес немесе ауызша түсіндіру, жазбаша нұсқауды пайдалана отырып орындайды. Сондықтан да оқушылар өздері жасайтын тәжірибені мақсатын анық білулері керек.

Химия курсын алғаш бастап жатқан кезде лабораториялық тәжірибелердің маңызы зор. Соның нәтежиесінде оқушының химияға деген ынтасы, қызығушылығы артып, химияға жауапкершілікпен қарайды. Бұл әсіресе сабақта үлгермеушілігі бар оқушыларға тәжірибені дұрыс таңдау теориялық материялдарды толық меңгеруге мүмкіндік береді

Негізінен тәжірибелерді алғашқы сабақтан бастап жүргізу қажет. Себебі, алғашқы сабақатан бастап оқушы өз бетінше парафин түйіршігін тигелде балқытып, мыс сымын қыздыру кезінде қандай құбылыстарға жататынын айтып беру қажет. Бұл жұмыстарды орындай отырып, оқушы қыздыру приборлармен, тигель ұстағышпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, бақылау мен сәйкесінше қорытынды жасауға үйренеді. Кейін оқушыларға алған білімі бойынша өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі.

Лабораториялық тәжірибелер демонстрация сияқты, оқу материалының мұғалімнің баяндауымен жүзеге асады. Зертханалық тәжірибелердің міндеті – оқушыларда белгілі бір құбылылспен (затпен) тездетіп таныстыру.

Зертаханалық тәжірибелер көбінесе заттардың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу үшін жүргізіледі. Сонымен қатар, теориялық түсініктер мен ережелерді нақтылау үшін – жаңа білім қалыптастыру үшін қолднады. Жаңа білімді қалыптастыру мақсатында жүргізілетін тәжірибелер барысында оқушыларға белгілі бір танымдық тапсырма (мәселе) беріледі, ал олар оны экспериментті түрде шешулері тиіс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттыратын – зерттеушілік қабілетті қалыптастырады.Тапсырма бойынша, я кітап бойынша емес, мұғалімнің сөзімен жұмыс жасалынады.

Зертханалық жұмыстарғы дайындық кезеңі мұқияттылықты талап етеді, өйткені аз ғана қателіктің жіберілуі, бүкіл класс тәртібіне әсер етуі мүмкін.

Зертханалық жұмыстарды әрбір оқушының жеке орындағаны дұрыс. Құрал-жабдықтың жеткіліксіздігінен, бір құрал-жабдық жиынтығының екі оқушыға қолдануына рұқсат етіледі. Бұл оқушылардың жақсы ұйымдасу мен белсенділігіне, сонымен қатар зертханалық тәжірибенің мақсатына жетуіне әсер етеді.

Тәжірибені орындаған соң, олардың қорытындысы және жасалған жұмыстың қысқаша мазмұны жазылуы керек.

Оқушылардың таным іс әрекеті, яғни оқу барысы тұрғысынан алғанда оқушылардың эксперименті мынадай кезеңдерде жүзеге асады:

1. Тәжірибенің мақсатын түсіну

2. Заттарды зерттеу

3. Құрал құрастыру,немесе дайын күйінде берілген құралдарды пайдалану

4. Тәжірибені орындау

5. Тәжірибені бақылау,нәтиежесін талдау және қорытынды жасау

6. Алынған нәтиежені түсіндіру және реакция теңдеулерін жазу

7. Жазбаша есеп беру

Көрсетілімді тәжірибе ретінде көрсетілген бірқатар жұмыстарды да мұғалім зертханалық тәжірибе ретінде өткізе алады. Зертханалық жұмыстарда сыныптың ауасын ластайтын жұмыстар болмауы керек, әрдайым техника қауіпсіздігіне көңіл аударып отырылады.

Лабораториялық тәжірибелерде практикалық сабақтарға қарағанда аз мәлімет беріледі себебі, оқушылар өздігінен аз ғана жұмыс істегеннен кейін, қайтадан мұғалімнің түсіндіруіне көңіл аудару керек.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1 Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993 46-47 бет

2.А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004

3Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж.

Дәріс №7

Тақырыбы: Оқушы эксперименті. Сарамандық сабақтар

Дәрістің мақсаты: Орта мектепте химиядан сарамандық сабақтарды жүргізудің ерекшіліктері. Мектеп химия курсы бағдарламасында қарастырылғансарамандық сабақтарды жүргізудің әдістемесімен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Орта мектепте химиядан сарамандық сабақтарды жүргізудің ерекшіліктері.

2.Мектеп химия курсы бағдарламасында қарастырылғансарамандық сабақтарды жүргізудің әдістемесі.

Мектеп бағдарламасында жеке тақырыптар бойынша міндетті сарамандық сабақ өткізу қарастырылған, олар оқулықтың соңында берілген.Сарамандық жұмыстардың тақырыбы және өткізу мерзімі тақырыптық жоспарда анықталады.

Әрбір сарамандық сабақтың мазмұнын жоспарлағанда мұғалім бағдарламаға сәйкес оқушыларға берілетін сынақ тәжірибелік дағдылардың түрлерін еске алуы керек және оқушылар қандай жаңа білім алатынын, сол сабақта қандай сарамандық дағдылар үйретіліп, жетілдіре түсетінін алдын ала белгілеуі қажет. Сарамандық сабақ бағдарламасын ойдағыдай орындауы үшін оқушылар реактивтердің, ыдыстар мен көмекші құрал-жабдықтардың қажетті түрлерімен қамтамасыз етілуі керек.

Сарамандық сабақты жақсы өткізудің негізгі шарты оған алдын ала дайындық жасау. Мұғалім бір сабақ бұрын оқушыларды сарамандық жұмыстағы құралдардың құрлысымен және қауіпсіздік техникасымен таныстырып, жұмыстың мақсаты мен мазмұнын талдайды, нұсқаулармен қалаай танысу керегін түсіндіреді, қандай сұрақтарға жауап беріп келетінін айтады.

Сарамандық жұмыс басталар алдында мұғалім үй тапсырмасын тексеріп, әңгімелеседі.

Мұғалім сақтық шараларды еске түсіріп, әзірліктің толық екеніне көзі жеткен соң, өз бетінше тәжірибелерді жасауға рұқсат береді, ал мұғалім олардың орындалуының сапасын бақылайды, қиналған оқушыларға көмек береді. Егер химия кабинеті экспериментке қажет заттармен толық жабдықталса, онда әрбір оқушы сарамандық жұмыстарды өз бетімен орындайды. Егер бұл шарттар орындалмаса, онда сарамандық жұмыс екі оқушымен кезектесіп орындалады. Әрбір екі оқушы белгіленген тәжірибелерді сабақ жұптары бойынша орындалса, істелген жұмыс туралы әрбір оқушы бөлек есеп береді. Бұл жұмыстың мақсатын білуді, бақылауды және қорытынды жасауды талап етеді.

Оқушылардың іс - әрекеті сарамандық жұмыс бойынша берген есеп және бақылаулар қорытындылары негізінде бағаланады.

Жұмыс кезінде оқушылардың алдын - ала белгіленген сарамандық біліктері мен дағдыларын қадағалап, әр білікке «+» дұрыс. «-» дұрыс емес, «0» - білмейді деген белгі қояды.

Жұмыс нәтижесін жазып, үйге қалдыруға болмайды, себебі ол оқушының сабаққа немқұрайлы қарауларына әкеледі, бақылау кезінде алынған қорытындылар тез ұмытылады, бір - бірінен көшіріп алу,а әкеледі.

Сарамандық жұмыс есебін беруге жазуға оқушылардың арнаулы дәптері болады, оған мұғалім сабақтан кейін тексеріп баға қояды, кемшіліктері көрсетіледі. Оның мынадай үлгіде жасауға болады.

 

Тәжірибенің типі, № Қандай зат алынады Не істелді, бақылау Не байқалды (тұнба, газ) жылу, т.б. Қорытынды түсінік, реакция теңдеулері
         

 

 

Тәжірибенің орындалу реті Құралдың суреті, бақылау Қорытынды, реакция теңдеуі

 

 

Не істелді Не байқалды Қорытынды, реакция теңдеуі

 

Сарамандық жұмысты бағалаған кезде мына критерийлерді ескеруі тиіс:

 

  1. Тәжірибенің қатесіз, ұқыпты орындалуы
  2. Реактивтер мен зертханалық құрал – жабдықтарды орынды қолдана білуі, тәжірибені орындау икемділігі
  3. Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтай білетіндігі, тәртіпті сақтауы
  4. Байқаған құбылысты, жұмыс қорытындысын,реакция теңдеуін дұрыс жаза білу қабілеттілігі.

Тәжірибелерді орындағанда кеткен қателерді келесі сабақта талқылау керек. Кейбір оқушыларға демонстрациялық үстелде сарамандық жұмыстың тәжірибелерін қайта орындау тапсырылады. Оның қорытындысын бүкіл сынып болып талқылайды.

Әдебиеттер:

1 Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж. (интернет көзі)

2 И.Нұғманұлы «Химияны оқыту әдістемесі 47-48бет

Дәріс № 8

Тақырыбы Эксперимент есептері

Дәрістің мақсаты: Эксперимент есептеріЭксперимент есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы мен типтерімнен танысу

Қарастырылатын сұрақтар:

1 Эксперимент есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы

2 Эксперимент есептерінің типтері

Дәріс мазмұны:

Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге бөлінеді. Сапа есептерін эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда эксперимент есептерінің маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйретеді. Олар химиялық құрал-жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп, машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзімен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді.

Химияның жаңа бағдарламасы мен оқулықтарында эксперимент есептеріне бұрынғыдан гөрі көбірек көңіл бөлінген. Оларда жеке тақырыптар бойынша сарамандық сабақтар, негізінен, экспермент есептері түрінде берілген..

Эксперимент есептері оқушылардың таным әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге бөлінеді. Сапалық және сынақ-тәжірибелік есептердің типтері:

Сынақ-тәжірибелік есептердің негізгі типтері мынадай:

1. Химиялық құбылыстарды байқау және оны түсіндіру;

2. Заттарды алу;

3. Химиялық заттарды бірінен-бірін ажырата білу;

4. Берілген заттарда қоспаның бар екенін анықтау және затты қоспадан тазарту;

5. Заттар мен құбылыстарды типтерге және жеке кластарға жатқыза білу;

6. Берілген мөлшердегі ерітінділерді даярлау;

7. Сынақ-тәжірибелік сан есептері;

8. Химиялық аспаптарды пайдалана отырып, шығарылатын есептер.

9. Заттардың өздеріне тән реакцияларын жасау арқылы олардың қасиеті мен құрамын анықтау.

Солардың мектепте іс жүзінде жиі қолданылатындары: химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру; заттың сапалық құрамын анықтау; затты тани білу; заттарды алу; заттарды жіктелу белгілерін табу; қоспаның құрамын анықтау және бөлу; құралдар құрастыру.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1 Эксперимент есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы

2 Эксперимент есептері қандай типтерге жіктеледі?

3 Заттарды алу есептеріне мысал келтір.

4 Заттарды бір-бірінен ажыратып, тану есептеріне мысал келтір

Пайдаланатын әдебиеттер:

Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж. (интернет көзі)

И.Нұғманұлы «Химияны оқыту әдістемесі 50-59 бет

Дәріс № 9

Тақырыбы: Химиялық эксперименттің әдістемесі. Эксперименттікесептерді шешу әдістемесі

Дәрістің мақсаты: Эксперименттік есептердің орны мен шығару әдістем таныстыру

Қарастырылатын сұрақтар: Эксперимент есептерін шешу тәсілдері. Эксперименттік есептердің орны мен шығару әдістемесі.

Дәріс мазмұны:

Эксперимент есептерінің орны және шығарту әдістемесі

Эксперимент есептерін шешу үшін сынау және қателесу, есте қалғаны бойынша шығару, жорамал жасау, анализ және синтез тәсілдері қолданылады. Сынау және қателесу тәсілі оқушының білімі жеткіліксіз болғанда пайдаланылады. Тиісті нәтиже алғанға дейін тәжірибені қайталап жасай береді. Есептер берілген мәліметтер оқушыға бұрыннан таныс болса, есте сақталғаны бойынша шығарылады. Берілген мәліметтер толық болмаса, оқушы алдымен жорамал жасайды, содан соң тәжірибе арқылы оның дұрыс-бұрыстығын тексереді. Эксперимент есептерін шығарудың ең тиімді кең тараған тәсілі – анализ және синтез. Оқушы есептің шартын нақтылы талду арқылы шешу жоспарын жасайды да, соған сәйкес іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Химияның бағдарламасы мен оқулықтарында эксперимент есептерінің типерін енгізу реті көрсетілмеген. Оны мұғалімнің өзі анықтайды.

Озат мұғалімдердің тәжірибесінде эксперимент есептерін енгізу оттегі тақырыбынан басталады. Алғашқыда оттегін алу, оттегін жинайтын құрал құрастыру, оттегін анықтауға байланысты қарапайым есептер шығарылады.

Сутегі тақырыбын өткенде есептердің мазмұны кеңейіп, жаңадан затқа тән реакцияны жасау, тұз алу, қоспаның құрамын анықтау және бөлу есептері қосылады.

Заттар мен байланысты эксперимент есептерін шығарудың мысалдары

Заттарды алу есептері. Эксперимент есептерінің ең жиі кездесетін типі. Мазмұнына қарай бірнеше түрлі болады:

а) берілген бастапқы заттардан бір зат алу, мысалы: «Мыс (ІІ) оксиді, су, мыс сульфаты және натрий гидроксиді берілген. Мыс гидроксидін алып, қоспадан бөліңдер»;

ә) бастапқы заттары көрсетілмеген жағдайда заттарды алу, мысалы: «Мырыш хлоридін мүмкін болған тәсілдермен алыңдар»;

б) заттарды аралық өнім арқылы жанама жолмен алу, мысалы: «Темір (ІІІ) хлоридінен темір (ІІІ) оксидін алыңдар».

Заттың сапалық құрамын анықтау. Бұл заттың құрамына кіретін элементтердің атомдары және атомдар тобын табу үшін шығарылады. Әр атомды және ионды ашып табатын кілті – химия тілімен айтқанда реактиві. Заттың сапалық құрамы қосылыстағы металл атомдары жалынның түсін бояу немесе тұнбаға түсіру арқылы анықталады.

Мысалы Қаттызаттар салынып, нөмірленге пробиркалардың қайсысында натрий хлориді, натрий иодиді, натрий бромиді және натрий карбонаты бар екенін анықтаңдар.

Шешуі: Оқушы бұл есепті мына ретпен шығара алады:

  1. Берілген заттардың химиялық формулаларын жазу;
  2. Формулаларына қарағанда заттар тұздар класына жатады, катиондары бірдей, қышқыл қалдықтарын анықтау керек;
  3. Қышқыл қалдықтарының реактивтері: СІ- – AgNO3, Br- -, J- - хлор суы немесе бром суы, СО32- - қышқыл.
  4. Тұздар мен реактивтердің арасында жүруі мүмкін реакцияларды кестеге жазу:
Берілген заттар Реактивтері
AgNO3 НСІ хлор суы бром суы
NaCl NaBr NaJ Na2CO3 Ақ тұнба Сары тұнба Сары тұнба Ақ тұнба   - - - газ - Сарғыш түс Қызыл қоңыр түс     Қызыл қоңыр түс

 

5 Кестеге қарап анализдің ретін анықтау. Сынауды алдымен күміс нитратымен жүргізсе, төрт пробиркада тұнда түседі, әр пробиркада не бар екені нақтылы анықталмайды. Сондықтан сынақты басқа реактивтен, мәселен, тұз қышқылынан бастаған дұрыс. Газ бөлінген пробиркада карбонат болғаны.

Na2CO3 + 2HCl → 2NaCl +Н2О +СО2

Екінші сынауды бром суымен жүргізген тиімді, иодиді бар пробиркада иодтың қызыл қоңыр түсі білінеді, оны крахмал арқылы анықтайды.

2NaІ + Br2 → 2NaBr + J2

Үшінші сынау хлор суымен жасалады. Қалған екі пробиркада бромидтің бар екені ерітінді түсінің өзгеруінен байқалады:

2NaBr+ СІ2 → 2NaСІ+ Br2

Бірінші сынау хлор суы немесе бром суымен басталуы мүмкін. Онда келесі сынаулар басқаша жүзеге асады.

Ажыратып тану есептерін шығарғанда салыстыру, қарама-қарсы қою, анализ және синтез, индукция және дедукция, ойлау әрекеттері жүзеге асады, оқушының логикалық ойлауын дамытуға жәрдемдеседі.

Қоспаның құрамын анықтау және бөлу. Заттар таза күйінде сирек кездеседі. Оларды қоспаның құрамын тауып, тазартуға тура келеді. Мысалы: «Техникалық ас тұзында сульфаттың қосымшасы болатынын қалай анықтайды?», «Мырыш хлоридін мыс (ІІ) хлориді мен қорғасын (ІІ) хлоридінің қосымшаларынан қалай тазартады?».

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Эксперимент есептері қандай типтерге жіктеледі?
  2. Заттарды алу есептеріне мысал келтір.
  3. Заттарды бір-бірінен ажыратып, тану есептеріне мысал келтір.
  4. Эксперимент есептерін шешу және қорытындысын шығару қалай жүзеге асады?
  5. Эксперимент есептерін шешуге байланысты қалыптасатын біліктер мен дағдыларды санап шығыңдар.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1 Вивюрский В.Г. Методика химического эксперимента в школе. Москва, 1983 ж. (интернет көзі)

2 И.Нұғманұлы «Химияны оқыту әдістемесі 50-59 бет

Дәріс № 10

Тақырыбы: Проблемалық оқытудағы химиялық эксперимент. Химиялық эксперименттің әдістемесі. Ойша эксперимент.

Дәрістің мақсаты: Проблемалық эксперимент туралы мағлұмат беру және оларды өткізу туралы әдістемесімен түсіндіру. Ойша эксперимент туралы мағлұмат беру және оны өткізу туралы әдістемесімен түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар: Проблемалық эксперимент әдістемесі. Проблемалық экспериментке қойылатын талаптар. Ойша эксперимент. Ойша эксперимент жүргізу әдістемесі.

Дәріс мазмұны:

Химияны оқытқанда тез мұғалім әр-түрлі оқу-тәрбие жұмысына қолы жете


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.087 сек.)