|
|||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Тапсырма 6. Оқушы столындағы жәшіктер құрылысы
Оқушы столындағы жәшіктер құрылысы. Әдістемелік нұсқау: Жоғарыдағы тапсырмаларды орында. Пайдаланатын әдебиет: 1.А.Мырзабайұлы. «Химияны оқыту әдістемесі практикумы» - Алматы Рауан, 1997. 5-41 бет. 2.А.А.Грабецкий., Т.С.Назаров. «Кабинет химии» - Москва, Просвещение. 1983. 3.Т.С.Назаров и другие. «Организация работы лаборанта в школьном кабинете химии» - Москва, Просвещение. 1984. 4. К.Әбсалыққызы және т.б. «Химиядан өткізілетін сарамандық жұмыстар» - Алматы Рауан Мұғалімнің жұмыс орны Көрнекі көрсету үстелі - сыныптың алдыңғы жағында, оқушылар үстеліне қарама-қарсы бағытта 15-20 см биіктікте орналасады. Универсалды көрнекі көрсету үстелі екі бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігінде мұғалім сабақ барысында табиғи обьектілерді, макеттерді, жинақтамаларды көрсетумен қатар, әр түрлі тәжірибелерді көрсетеді. Оң жақ бөлігі – мұғалімнің үстелі. Көрнекі көрсету үстелінде мұғалім сабақ барысында табиғи обьектілерді, макеттерді, жинақтамаларды көрсетумен қатар, әр түрлі тәжірибелерді де орындайды. Ол сыныптың алдыңғы жағында, оқушылар үстеліне қарама-қарсы бағытта 15-20 см биіктікте орналастырады. Оның маңында тартпа шкаф, су құбыры, заттар салатын шкаф, сөрелер, электр жүйесі, қондырғылар, реактивтер сақтайтын шкафтар болады, сондай-ақ бұл жерде сынып тақтасы, химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесінің кестесі, техникалық оқыту құралдарының экраны мен басқару пульті орналасады. Осылардың бәрі мұғалімнің жұмыс орны деп аталады. Ескеретін жай: Мектеп тақтасы мен демонстрациялық үстел арасындағы қашықтық – 1м, ал демонстрациялық үстел мен бірінші партаның арақашықтығы -0,8 м. Көрнекі көрсету үстелінің бір жағында екі көтермелі жақтауы бар тартпа шкаф орналастырылады. Оқушының жұмыс орны Химия кабинетінде 8,9,10,11 сынып оқушылары оқитындықтан, бұл кабинет В.Г.Д. топтарындағы жиһаздармен жабдықталады.
Химия кабинетінде 30% В, 60% Г, 10% Д топтарындағы жиһаз болады. Әр түрлі үстел астында белгілеу болу керек. Мыс: В 145-160 Егер қатарлас кластар көп болса, басқаша шешілуі мүмкін. Кабинетте арқалығы жоқ орындықтар қолдануға болмайтынын есте сақтау қажет. Зертханашының дайындық бөлмесі химия кабинетінің бірден-бір бөлімі болып табылады. Мұнда зертханалық жабдықтардың біраз бөлігі, реактивтер, техникалық құралдар, көрнекі құралдар сақталады. Сонымен қатар мұнда мұғалім сабаққа әзірленеді, ал зертханашы сабаққа қажетті жабдықтарды, реактивтерді даярлау жұмысын жүргізеді. Зертханашының дайындық бөлмесінде сабаққа қажетті қосалқы жабдықтар да болады: қыздыру, кептіру, сүзу, жуу аспаптары тұратын арнайы орындар және мұғалімнің сабаққа дайындалатын жазу үстелі. Суды тазартатын, әр түрлі жабдықтарды жөндейтін үстел, көрнекіліктерді сақтайтын шкаф, әдістемелік қосымша әдебиеттерді, дидактикалық материалдарды сақтайтын кітапханалық бұрыш болуы керек. Препараторлық үстелдің асты мен үстіңгі бөліктерінде реактивтер, кішкентай шыны сауыттар, басқа да құрал-жабдықтарды сақтайтын орындар болады. Препаратор үстелінің үстіңгі бөлігі бірнеше бөліктерден тұрады. Үстелдің ең жоғары бөлігінде көрнекі көрсету тәжірибелерінде көбірек пайдаланылатын реактивтер ретімен қойылады. Сөренің сол жағына мырыш, темір, мыс тұздарының ерітіндісі құйылған кішкентай шыны сауыттар, ал оң жағында сапалық реакцияларға қажетті реактивтер мен индикаторлар ерітіндісі, төменгі ортаңғы бөлігінде қышқылдар, оның төменгі сол жақ бөлігінде натрий, калий тұздары, ал оң жағына аммоний, кальций, магний, алюфиний, орта шеніне сілтілердің ерітінділері қойылады. Сөредегі ыдыстар түсіп кетпес үшін қалқандық жалпақ тақтай қағылады. Ерітінді құйылған кішкентай шыны сауыттардың затбелгісіне заттың формуласын, концентрациясы жазылады. Затбелгілердің сыртына лак жалатылады. Сөрелердің кемеріне қағылған қалқандарда реактивтердің орны көрсетіледі. Препаратор үстелінде әр түрлі тәжірибелер сыналып, қажетті реактивтердің әр түрлі концентрациясы дайындалады, құралдар құрастырылады, көрнекіліктер әзірленеді, т.б. Зертханашының дайындық бөлмесінде шағын кітапхана мен нормативті құжаттарды сақтайтын шкаф болады. Кітапханада әдістемелік әдебиеттер, анықтамалықтар, оқулықтар, әр түрлі картотекалар т.б. қиындылар болады. Осы бөлімде реактивтер мен құралдарды пайдаланудың, оларды есептен шығарудың құжаттары да сақталады. Еңбекті қорғаудың жағдайына арналған журнал, түрлі қауіпсіздік ережелері оқу бөлімдерінің нұсқаулары т.б. болады. 13жұма Тақырыбы: 11-сыныптағы эксперимент. Мақсаты: 11-сыныпта өткізілетін эксперимент мазмұны мен өткізу әдістемесімен танысу. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.) |