|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Лекция 4. Химия дамуының алхимия кезеңіХимия дамуының алхимия кезеңі Жоспар: 1. Химияның даму кезеңдері 2. Алхимия дәуірі Қолданылған әдебиеттер тізімі: Негізгі және қосымша әдебиет
1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж. 2. Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г. 3. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж. 4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж. 5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г. 6. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж 7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж. Лекция мәтіні: Химиялық алғашқы мәліметтер, жеке химиялық процестерді жасай білу ерте заманнан бері белгілі. Химия да, басқа ғылымдар сияқты адам қоғамының материалдық мұқтажын өтеуден өсті. Мұнда да, басқа ғылымдардағыдай, практикалық білім теориядан бұрын туды. Іс жүзінде керекті жеке бір химиялық процестерді ашып, керегіне пайдалану алғашқы қауым кезінде ақ болған, мысалы, біздің жыл санауымыздан 3000 жыл бұрын Месопатамияда кеннен темір, мыс, күміс, қорғасын алған, ал 1200 жыл бұрын Қытайда түрлі химиялық заттарды алып отырған Үнді мен Египетте де сол кездерде жеке химиялық өндірістер болған. Әрине, осы химиялық білімдер химия ғылым болуынан бірнеше мың жылдар бұрын шыққан. Беріректегі құл иеленуші мемлекеттерде, тұрмысқа керекті химиялық білім өсе берген. Әсіресе, ертедегі Египетте көп Химиялық білімдер жинақталған. ХVIII ғасырдың ортасына дейін химия ғылым деп есептелмеген, оған дейін химия кәсіп, шеберлік ретінде ғана болған. Мысалы, біздің жыл санауымыздан үш ғасыр бұрын ерте замандағы мәдениетті ел-Египеттің Александрия дейтін қаласында Ғылым академиясы болған, онда «құдай өнері» - химияға арнаулы Серапис сарайы беріліпті- міс, бірақ сонда да, химияны нағыз ғылым деп есептемеген. Бергі заманда да кеннен металл алуды, шыны жасауды, кейбір қышқылдарды, тұздарды басқа да химиялық заттарды ала білген, бірақ мұнда қандай процестер жүретінін, оларды меңгеруді білмеген, өйткені ол кезде бұл химиялық процестердің ғылыми негіздері белгісіз еді. Алхимия дәуірі. Химияның өзінде қалыптасқан теория болмағандықтан, ол жалпы ғылымдағы теорияның ықпалында болған. Ерте кезде Аристотель (біздің жыл санауымыздан бұрынғы 384-322 жылдар) ілімі үстем болған. Аристотель ілімі мәні затта емес, оның қасиеттерінде, заттың қасиетін өзгертсе, зат өзі өзгереді дейтін. Аристотельдің ілімін шіркеу қолдап, құдай сөзіндей деп танытты. Ертедегі Египетте, Қытайда, Үндістанда және Месопатамияда құнды заттардың бағасын шағатын өлшеуіш-алтын болды. Қолында алтыны бар адам басқа зат ұстаушыға да, зат істеушігеде үстем болды. Сол заманда Александрияда, Аристотель ілімінің әсерінен жай маталарды алтынға ауыстыруға болады деген ағым туды. Ол үшін квинтэссенцияның бір түрі – «философия тасын» табу керек болды. «Философия тасы» алтын жасағаннан басқа кәріні жасартады, ауруды суықтырады деп ойлады. Ол кездегі химияны кәсіп етушілердің барлығының мақсаты «философия тасын» іздеу болды. Египетті және басқа шығыс елдерін арабтар жеңіп алғаннан кейін (641ж.) олардағы химиялық білімнің біразы арабтарға көшті. Арабтар ол кездегі химиялық білімді біраз байытты- азот қышқылын, бірнеше тұздарды, басқа жаңа заттарды ашты, Гебер Джафар Ибн Хайан (721-815ж), Әбубәкір Мұхаммед Әл-Рази (866-925ж), Әбуәлі Ибн Сина (980-1037) сияқты атақты ғалымдары болды. Арабтар химия деген сөзге жұрнақ қосып алхимия деп өзгертті. Арабтар Испанияны басып алғаннан кейін алхимиялық білімдер, әсіресе, философия тасын іздеу идеясы, Европа елдеріне тарады. Орта ғасырларда Европа елдерінің химиктері осы алхимияның шырмауында болды. Химия тарихында алхимия дәуірі ұзақ уақытқа (1500 жылға) созылады. Қорытып айтсақ алхимия дәуірінен қалған пайдалы істер де бар: 1. Алхимиктер, көп тәжірибе жасау нәтижесінде, химиялық хұмыс істеудің толып жатқан тәсілдерін тапты. (химиялық реакциялардың үш түрін, қоспаларды (сұйық) ажырату әдістерін); 2. Жаңа заттар ашылды: қышқылдар (НСІ, Н2SО4, НNО3, патша сұйығы), сілтілер (NаОН, Са(ОН)2), түрлі тұздар және мышьяк, сурьма, висмут және фосфор сияқты элементтер. Мұнымен қатар алхимия дәуірі ғылымның дауына кедергі жасады. 1. Теориялық негізі Аристотельдің жалған ілімі болғандықтан, алхимия ғылымға айнала алмады. Әсіресе Европадағы алхимия ғылымға қарсы ағым болып, діни көзқарасты қолдады. 2. Философия тасына өзі ие болып, баюдан келіп туған құпиялық, зиянды әсерін тигізді. Әрбір алхимик жаңа бірдеңе тапса, оны халыққа басқа ғалымдарға жарияламауға тырысатын. Құпияларын әкесі баласына ғана айтып кететін болған. Россияда алхимия пікірлері тарамаған. Россиядағы жеке химиялық білімдер, практикалық химия, Батыс Европаның әсерісіз, өздігінше дамып жатты. Қайта Таяу Шығыс елдерімен химиялық білшім жайында қатынас, айырбас болып тұрды.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.) |