|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Лекция 8,9Химия өнеркәсібінің даму кезеңінің тарихы Жоспар: 1. 1000 жылдық тарихы бар өндіріс орындары 2. Химия ғылымының дамуы 3. Қазақстан химия өнеркәсібі Қолданылған әдебиеттер тізімі: Негізгі және қосымша әдебиет
1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж. 2. Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г. 3. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж. 4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж. 5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г. 6. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж 7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.
Лекция мәтіні: Россияда осыдан 1000 жыл бұрын химиялық өндірістің кейбір түрлері болған, ол тұз қайнату, минерал бояуларын жасау. ХІV ғасырда Россияда мылтық дәрісі шығарылған. Кейінде ашылған жаңалықтардың маңыздыларын атап кетейік: І Петрдің уақытында химия, металлургия өндірістері біраз өркендейді, бояулар, азот қышқылы, күкірт, ашудастар өндіріледі. Петрдің өзі кендердің химиялық анализін жасайды. 1742ж. Россия ғылым академиясы ашылды. 1748ж. М.В. Ломоносов химияның негізгі заңы-материя сақталу заңын ашты. 1748ж. М.В. Ломоносов бірінші химиялық лоборатория ұйымдастырып, зерттеу, әрі оқыту жұмыстарын бастады. 1755ж Москвада бірінші университет ашылды. 1764ж. Россия академигі Лаксман сода алуды жолға қойды. 1801ж. В.В. Петров электр доғасын ашты. 1805ж. Камералы әдіспен күкірт қышқылын алу заводы істей бастады. 1807ж. Двигубскийдің тұңғыш химия оқулығы шықты. 1811ж. Хром тұздарының бірінші заводы ашылды. 1840ж. Россия академигі Г.И. Гесс жылу эффектілері тұрақтылығы заңын ашты 1842ж. Н.Н. Зинин нитробензолды тотықсыздандыру арқылы аналин алудың жолын тапты. ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Россияда химиялық өндіріс ұйымдастырылды деп саналады. 1852ж. А.М. Бутлеров Органикалық қосылыстар құрылысының теориясын ұсынды. 1865ж. Москвада жарық газы заводы іске қосылды 1869ж. Д.И. Менделеев периодтық заңды ашты 1881ж. М.Г. Кучеров сірке альдегидін синтездеді. 1884ж. Петербургта Тентелев заводында күкірт қышқылын контакт әдісімен ала бастады. 1885ж. А.А.Летний және В.Г.Шухов әдістері бойынша мұнай крекингленді. 1888ж. Д.И. Менделеев көмірді жер астында газға айналдыруды ұсынды. 1889ж. Д.И. Менделеев пен В.В. Марковников мұнайды химиялық жолмен басмқа заттарға айналдыру жолдарын зерттеу үшін Бакуге барды. 1891ж. Д.И. Менделеев түтінсіз мылтық дәрісі-пироколлодийді ашты 1906ж. Е.И. Орлов көмірсутектерді контакт жолымен тотықтыруды ұсынды. 1915ж. Н.Д. Зелинский газтұтқыш жасады. 1916ж. И.Н. Андреев Ұсынысы бойынша аммиакты тотықтыру арқылы азот қышқылы алады. Россияда бір жағынан бүкіл дүние жүзіне әйгілі, жалпы химияның дамуына ірі үлес болып қосылатын химияның ғылыми табыстары болса, екінші жағынан мешеу өнеркәсіп болған. Бірінші дүниежүзілік соғыс алдында, 1913жылы Россияда ірісі бар, орташасы бар небары 70 химиялық өндіріс болған, сонымен қатар жоғары білімі бар мыңдай ғана химиктер болған. Кейінен химия өнеркәсібінің тапшылығына көздері жеткен басшылар, алдымен химия өнеркәсібіне керекті шикізат қоры ұйымдастырылды. Сонан кейін техникалық жағынан күрделі заводтар салынды. Азот байланыстыру, алюминий, магний, фосфор, кальций карбиді, калий, мышьяк, темір тұздары, синтетикалық каучук, пластмасса, жасанды торқалар, органикалық синтез, фармацевтика препараттары, химиялық таза реактивтер, мұнайды басқа заттарға айналдыру, орман химиясы, гидролиз, түрлі тыңайтқыштар өндірістері, осының барлығы жаңадан ұйымдастырылды. Сол кезде химия ғылымында да бір қатар жаңалықтар ашылды. 1926ж. Н.Д. Зелинский мұнай құрамындағы көмірсутектерін ароматтандырып одан изомерлеу жолдарын тапты. 1929ж. В.Г. Шухов пен М.А. Керелюшникова мұнайды крекинглеудің жаңа әдісін ұсынды. 1923ж. С.В. Лебедев каучукты синтездеудің әдісін тапты. 1932ж. М.Д. Иваненко атомдық ядроның протон-нейтрон теориясын ұсынды. 1939ж. болған ХVІІІ съезд химияға өте ерекше көңіл бөліп, «Химия өнеркәсібі жалпы өнеркәсіптің жетекші саласының біреуіне айналдырылсын... Үшінші бесжылдық-химия бесжылдығы» деген болатын. Қазақстанның химия өнеркәсібі Октябрь револбциясына дейін айтарлықтай болған жоқ. Шымкентте кішкене сантонин заводы ғана болған. Химия ғылымы, химия өнеркәсібі болмағанмен, халық кейбір химиялық процестерді тауып, біліп керегіне жаратқан. Бүгінде Қазақстанда қалыптасқан химия өнеркәсібі бүкіл советтер Одағы бойынша жетекші орындардың біріне ие болып отыр. Мысалы біздің республикамызда бүкіл елімізде өндірілетін сары фосфордың 90%-тен астамы, кальций карбидінің 70%, хром қосылыстарының 45%, фосфор тыңайтқыштарының 14%-тейі шығарылады.Мұнымен қатар кір алғыш заттар, жемдік фосфаттар, күрделі азот тыңайтқыштары, күкірт қышқылы, ацетилен, каучуктер, химиялық талшықтар, пластмассалар, хлор, сода, бор тұздары, ас тұзы, натрий сульфаты мен сульфиді, жанармайлар мен жағармайлар, сульфокөмір, этил спирті, өсімдік қорғайтын химиялық бұйымдар, дәрі-дәрмектер және басқа да 100-ден астам атаумен химиялық өнімдер шығарылады. Қазақстанның химия өнеркәсібіне сай ғылымы мен білімі де дамып келеді. Қазақ ССР Ғылым Академиясының 5 ғылыми зерттеу институттары: Алматыдағы Химия ғылымдары институты, Органикалық катализ және электрохимия институты, Органикалық және көмір химия институты, Гурьевтегі Мұнай химия және табиғи тұздар институты осы заманғы теориялық және практикалық мәселелермен айналысып отырса, Қазақ ССР Халыққа білім беру минстрлігінің 3 жоғары оқу орны: Қазақ мемлекеттік университеті мен Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақ-Химия технология институты маман-кадрлар дайындаумен шұғылданады.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.) |