|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Метиламин диметиламин ацетамид анилин
ә) органикалық заттардың молекулалары – бір – бірімен байланысуы қалай екенін белгісіз атомдар жүйесі; заттың қасиетін анықтайтын молекуланы құрап тұрған барлық атомдардың әсерлерінің жиынтығы; б) заттардың формуласы олардың құрылысын емес, осы заттың химиялық реакцияға қатысуын көрсетті. Типтер теориясы да бір кездегі радикалдар теориясы сияқты органикалық химияның дамуында көрнекті роль атқарды. Атап айтқанда: - бұл теория үстемдік еткен кезде (сол уақыт үшін) органикалық заттардың жүйелі түрдегі жіктелуі пайда болды. Сонымен қатар: бұл теория заттар туралы ғылыми болжаулар жасауға, әлі белгісіз көптеген жаңа қосылыстардың формулаларын синтездік жолмен алуға итеруші күш сияқты әсер етті. Заттардың химиялық түр өзгерістерге ұшырауын жан – жақты зерттеп, нәтижесінде олардың қасиеттерінтерең түсінуге мүмкіндік жасады. Сол кездерде жаңа – жаңа естіліп келе жатқан в а л е н т т і л і к іліміне игі ықпалын тигізді. Органикалық заттар молекуласының стереохимиясы (кеңістікте орналасуы) туралы ілімнің шығуына, дамуына себепкер болды. Типтер теориясының кемшіліктері де көп болды: 1) көптеген заттар үшін бір типтің ішінде екі, тіпті одан да көп формула жазуға тура келді. Мысалы сутегі типтес этан: С2Н5 СН3 Н немесе СН3 деп жазылуы керек еді; 2) аралас функциялы заттарды әртүрлі типтерге жатқызып қарастырды. Мысалы, хлорсірке қышқылын бірде су типіне жатқызып, оны С2Н2СІО Н деп жазса, енді бірде хлорсутек типіне жатқызып, формуласын С2Н3О СІ деп жазу керек болды. Сол сияқты сірке қышқылын да үш түрлі формуламен жазуға болатын еді: О О /// С2Н3 О; С(СН3); (С2Н3) О2 Н ОН Н
3) заттың құрылысын түсініп білуге болмайды деді; 4) изомерлерге мүлде түсінік бере алмай, ақырында көмірсутектерде изомерияның болу мүмкіндігіне күмән тудырды; 5) барлық органикалық заттардың табиғатта бейорганикалық аналогы бар деп көрсетті; 6) радикалдар теориясының жетістіктерін пайдаланудан бас тартып, тіпті «радикал» деген ұғымның орнына «қалдық» деген ұғымды енгізді; Ендігі жерде осы көрсетілген кемшіліктерді ескерген жаңа теорияның шығуы органикалық дамуындағы тарихи қажеттілік еді.
Лекция 25 Химиялық құрылыс теориясы
Жоспар: 1. Құрылыс теориясының алғы шарты. 2. А.М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы. Қолданылған әдебиеттер тізімі: Негізгі және қосымша әдебиет
1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж. 2. Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г. 3. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж. 4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж. 5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г. 6. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж 7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж. Лекция мәтіні: ХІХ ғасырдың 40 – 50 жылдарында бүкіл химия ғылымы тарихи үлкен дағдарысқа ұшырады – ғылым дамуын өте тежеуілдетіп алды. Оған себеп болған сол кездегі химия ғылымындағы өзара түсініспеушілік, бір нәрсеге әртүрлі көзқараспен қарау еді. Мұның қырсығы органиканың да дамуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Бір формуламен бірнеше затты өрнектеуге тура келді, көптеген қарама – қайшылығы мол сұрақтарға жауап беретін бірде – бір ғылыми теория болмады. Тіпті ертеден келе жатқан атом, молекула, эквивалент, атомдық және молекулалық салмақ деген сияқты ұғымдарын өзін әртүрлі талдап жүрді. Сонымен қатар бұл кезде «теорияның» шығуына игі ықпалын тигізген факторлар да жоқ емес еді. Атап айтсақ: А.Кеккуле типтер теориясы кезінде көмірсутектерінің молекулаларын өрнектеу үшін жаңа тип метан типін ұсынды: Н СН3 Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.) |