|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Лекция 5. Химия дамуының алхимиядан-химия өту кезеңіХимия дамуының алхимиядан-химия өту кезеңі Жоспар: 1. XVI-XVII ғасырда Европада химияның дамуы 2. Флогистон дәуірі Қолданылған әдебиеттер тізімі: Негізгі және қосымша әдебиет
1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж. 2. Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г. 3. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж. 4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж. 5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г. 6. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж 7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж. Лекция мәтіні: Алхимия дәуірінде, әртүрлі уақытта, елде практикаға химиямен айналасушылар болған. Европада ғылым мен өнердің қайта өрлеу дәуірінің әсерінен, химияда XVI-XVIIғ. практикаға бет бұрушылық күшейді. Химияның міндеті- дәрі даярлап, адам емдеу деп Парацельс (Швейцария), Либавий (Германия), Ван-Гельмонт (Голландия) ятрохимия (грекше-ятрос-емдеуші) деген бағыт туғызды. Агрикола (Германия) химиялық білімді металлургияға, Бирингуччио (Италья)-пиротехникаға, Палисси (Франция)-керамикаға, Глаубер (Германия)-химиялық өнеркәсіпте қолдануға талаптанды. Бірақ химиялық практика біраз ілгері басқынменен, алхимиядан басқа теория болмады. Осы кезде, 1661ж. Роберт Бойль (1627-1691, Англия) ескіріп, кедергіге айналған алхимия қағидаларына қарсы шығып, оларды мықтап сынайды. Бойль жаңа теория ұсынбағанымен, химияны ғылыми жолға қо юға тырысады. «Химиялық элемент деген не?» деп сұрақ қойып, оған берген жауабы химиялық элементтің осы уақыттағы анықтамасына жуық келеді. Флогистон дәуірі. XVI ғасырда Батыс Европада феодализм жойылып, оның орнына сауда, әсіресе өнеркәсіптік буржуазия келген кезде, өнеркәсіп, оның ішінде металлургия күшейеді. Металл өндіру технологиясы, жану, тотығу, тотықсыздану сияқты химиялық процестер ашылды. Осыларды іс жүзінде орындау қолдан келгенмен., оны жақсарту, тездету үшін теориялық негізін білу керек болды. Химияда ескірген, әрі жалғандығына жұрттың көзі жеткен алхимия ілімінен басқа еш теория әлі жоқ еді. Неміс химигі Шталь тәжірибелік мәліметтерді қорытып флогистон теориясын ұсынды (1700ж). Бұл теория бойынша барлық жана, тотыға алатын заттардың құрамында флогистон (грекше phlogistos-жанушы) болады. Зат жанғанда, не тотыққанда, ондағы флогистон бөлініп шығады, мысалы, темірді қыздырғанда, флогистон бөлініп шығып қақ түзеді: Темір → темір қағы+флогистон Демек, флогистон теориясы жану не тотығу процесін айырылу реакциясы деп қарайды. Металл-күрделі зат, ал қақ-жай зат. Қақты қайтадан металға айналдыру үшін оған флогистон қосу керек. Көмір таза флогистоннан тұрады деп есептейтін, сонда: Темір қағы + флогистон (көмір) → темір Флогистон теориясының қате екені көрініп ақ тұр, бірақ химияның тарихи даму дәуірінде бұл теорияның бірқатар маңызы болды: біріншіден, тәжірибеден жиналған фактілерді бір жүйеге келтірді, екіншіден химияның алхимия түсініктерінен құтылуына себеп болды. Энгельстің айтуынша «...химия флогистон теориясы арқылы алхимиядан арылды...» Кейін флогистон теориясына қайшы келетін фактілер көбейді, мысалы, темір қаққа айналғанда, оның салмағы флогистон бөлініп шыққандықтан кемудің орнына, өсіп шығады екен. Флогистон теориясы 100 жылдай өмір сүрді, қайшы фактілер көбейгендіктен химияның ендігі дамуына тұсау бола бастады. Флогистон теориясына ғылыми соққы берген М. В. Ломоносов болды. Бұл теорияның терістігін кейін Лавуазье толық дәлелдеді. Химияның ғылыми негізін қалаған орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносов болды. Химия ғылымында жүздеген заң, теория, қағидалар бар, бірақ бұлардыңбарлығы кейін ашылған, ал Ломоносовтың өзі химияның алғашқы заңы, қай жағынан қарағанда да маңызды заңы- материяның сақталу заңын ашқан. Сөйтіп, XVIII ғасырдың ортасында, данышпан ғалым М.В. Ломоносовтың еңбектерінің арқасында химия дәл ғылымдар қатарына қосыла бастады.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.) |